122 мектепке дейінгі гимназия ағылшын тілі маманы Д. М. Ульмесекова Экологиялық тәрбиенің көкейкесті мәселелері



Дата29.01.2018
өлшемі43,72 Kb.
#35735
122 мектепке дейінгі гимназия ағылшын тілі маманы

Д.М.Ульмесекова

Экологиялық тәрбиенің көкейкесті мәселелері
Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік саяси өзгерістер барысында экологиялық тәрбие ең негізгі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Қазіргі кездегі табиғат құбылыстарының, табиғат заңдылықтарының бұзылуы, табиғат апаттарының көбеюі, климаттың өзгеруі. Оған себеп- табиғаттың, қоршаған ортаның заңдылықтарымен адамзаттың санаспау салдарынан туған қарама-қайшылықтарға байланысты болып отыр.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына Жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық мәселелерді шешу қажеттігі жайында айтылған. Ол өзінің жолдауында: Экологиялық нашар ахуал бүгінгі адам өлімінің 28 % не себеп болып отырғанын атап отыр. 1992 жылғы «ҚР білім беру туралы» заңында және 1996 жылғы «ҚР экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» бүгінгі күні жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бірден- бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі атап көрсетілген.

Осындай аса жауапты міндеттердің баянды болуы жас республиканың ертеңгі қажетін өтерлік, елін, туған жерінің табиғатын сүйетін, оны қадірлеп, қорғайтын білімді, саналы азамат өсіру бала дүниеге келген шақтан басталады. Себебі егеменді еліміздің ертеңі жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен өлшенеді.

Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отыр. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні- табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоңыстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек, осы кезде ғана адамзат қоғамның дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттың, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдырысыз дамиды. Бірақ, бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Әрине, әрбір қоғамның даму сатысында өзі мекендеген ортасын аялау, 1.қорғау мақсатында жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесін көтеру өз жалғасын тауып келеді.

Табиғаттың әсем көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін, табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері: Ш. Уалиханов, А. Құананбаев, Ы.Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. еңбектерінде көңіл бөлінген.

Оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінетіні белгілі. Сондықтан да балабақшадан бастап жас ұрппақа экологиялық білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымын дамытып жан-жақты етіп тәрбиелеу.

Еліміздің елдігін әлемге танытатын, оны жетілдіретін, дамытатын да жас ұрпақ. Сондықтан да, еліміздің болашағы осы жас жеткіншектердің білім дәрежесінің тереңдігімен айқындалады. Ал балаларға бұл күнде әр саладанжан-жақты білім беру жүйелері жеткілікті. Олардың ішінде қоршаған орта, табиғаттану әлеміненберілетін білімнің орны ерекше. Себебі, бала дүниеге келген күннен бастап ана-анасынан кейін өмірден байқап көретіні және танитыны осы қоршаған орта мен табиғат, оның заттары мен құбылыстары.

Балабақша экологиялық тәрбие беруге байланысты төмендегідей жұмыс түрлерін ұсынамыз:


  1. Экологиялық сөздік жүргізу

  2. Экобасылымдар жасау

  3. Экокарточкалар жасау

  4. экологиялық нұсқаулар ұйымдастыру

  5. Экокарта сызу

  6. Экологиялық ертегілер қою

  1. Экологиялық сөздік жүргізу-бұл тәрбиешінің сабақта жүргізетін терминмен жұмысы. Мысалы: балаларға экологиялық сөздердің мағынасын ашып, мәнін түсіндіру арқылы экологиялық сауаттылығы мен мәдениеттілігін, тіл байлығын дамыту. Сөздерге түсініктеме, терминдерге қазақша баламасы берілген. Мысалы: АПАТ (авария)- зауыттарда станок сынғанда, ұшақтың двигателі істен шыққанда т.б

  2. Экобасылымдар- альбом, газет, кітапшалар т.б шығару. Мысалы: «Қазақстан қорықтары» кітапшалар, «Өскен өлкем» альбом, «Табиғатта жүру ережелері» шығару.

  3. Экокарточкалар-бұл табиғатта өзін ұстай білу, жүру ережелері негізінде құрылған, табиғатты қорғау, қызықтау мақсатында салынғн мазмұнды суреттер. Екі түрге бөлуге болады:

А) тыйым салынатын экокарточкалар, сурет қою қызыл бояумен сызылады. «Құс ұясын бұзба» «Өзен суын ластама» «Орманда шулама».

Б) насихаттайтын экокарточкалар: «табиғат әсемдігін сақта!» «кұс әніне құлақ сал!» «Құстарды аяла!»

4. Экологиялық нұсқаулар-

Нұсқау №1 «Табиғаттың шағым кітабы»

Мақсаты: табиғаттан түскен шағымдарды қарастырып, жауабын табу.

Нұсқау №2 «Тамшылар»

Мақсаты: таза судың дұрыс қолданылуын, үнемделуін қадағалау.


  1. Экокарта-бұл тұрған жердің ластану көздерін анықтап, қоқыстар, өзен суы уланған жерлерді көрсете отырып, сол жердің картасын сызу. Тақырыпқа арналған карталар да сызуға болады.

Мақсаты: маусымдық өзгерістерді бақылау арқылы экокарта сызуға үйрету. Шартты белгілерді оқи білу қабілеттерін дамыту.

  1. Экологиялық ертегілер-өсімдік, жануарлар тіршілігіне қорғау, аялау, сақтау мақсатындағы көзқараспен қарап, адамзаттың табиғатқа тигізетін әсерін көрсету.

Қазіргі уақытта экологиялық мәселелерді шешу жолдарын әрбір ғылым саласы әр қырынан қарастыруда. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы- педагогикалық аспекті. Педагогика ғылымы экологиялық білім мен тәрбиені жеке- жеке зерттеп, әдіснамалық және теориялық маңызын айқндап тұжырымдама жасалды. Онда: « Экологиялық оқу материалдарын бір жүйелікпен үздіксіз оқыту» «экологиялық оқу материалдарына әлемдік, ұлттық және өлкелік өзіндік мәселелер айқындалып, олардың өзара байаныстылығы түсіндірілуі қажет»- деп көрсетілген.

Қорта айтқанда қазіргі қоғамдық- әлеуметтік, рухани өмір талаптарынан туындап отырғанындай, оқу процесінде этномәдениет негіздерін, ұлттық ерекшеліктерді баланың санасына сіңіру-адыңғы кезектегі мәселе барып отыр.



Экологиялық тәрбие отбасынан, балабақшадан, бастауыш сынып жасынан басталады. Себебі, олардың бойында айналадағы өзін қоршаған, ортаға табиғатқа деген сүйіспеншілігі, бүлдіршін жасынан қалыптасады.

Сондықтан туған табиғатты, туған ел мен жерді құрметтеуге жастарды бүлдіршін жастан баулыған дұрыс.
Каталог: files -> blog
blog -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blog -> Программа по предмету «Русский язык»
blog -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blog -> 14 ақпан «Демалыс күн» клубында қазақтың әйгілі күйшісі, композиторы Дина Нұрпейісованың (1861-1955) 155 жылдығына арналған тарихи-танымдық сағат өтті
blog -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blog -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blog -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blog -> Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мектепішілік көркемсөз сайысы Мақсаты
blog -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blog -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет