13 Қаз. Сср-нің 50 жылдығы атындағы жалпы орта мектебінің математика пән мұғалімі Математика сабағында лабораториялық жұмыс өткізу тиімділігі



бет1/2
Дата22.08.2017
өлшемі140,17 Kb.
#24529
  1   2
ОҚО, Сарыағаш ауданы,

Айнабекова Балжан Абдуалиевна

13 Қаз.ССР-нің 50 жылдығы



атындағы жалпы орта мектебінің

математика пән мұғалімі

Математика сабағында лабораториялық жұмыс өткізу тиімділігі

Бүгінгі күнде білім беруді инвестициялаған мемлекеттерде экономиканың дамуы жоғары болатынын әлемдік тәжірбие көрсетіп отыр. Осы орайда оқытудың жаңа жүйесіне 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу- әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындаған мәселе. 12 жылдық білім беру жүйесіндегі басты артықшылықбаланың тек қана білім алып ғана қоймай, бейімі мен икемділігіне, таңдайтын мамандығына қарай алғашқы кәсіби бағдар алып шығуында жатыр, ол оқушылардың алған білімді пайдалана алу қабілеттеріне көңіл аударуға басымдық береді.

12 жылдық білім берудегі басты ерекшеліктердің бірі болып отырған құзіреттілік тәсіл оқушының жеке қасиеттерін кешенді дамытуға білім берудің күтілетін нәтижесі ретінде негізгі құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Білім беру процесінде негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру технологиясы ретінде 5-12 сынып оқушыларының жобалау, зерттеу әрекеттері ұйымдастырылады.

Құзірет -қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды.

12 жылдық білім беру жағдайындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшелігі оқушы құзіреттілігін дамытуға басты назар аудару.

Оқушы құзіреттілігін дамытуға бағытталған сабақтар ретінде математика сабағындағы лабораториялық жұмыстарды атап өту мүмкін. Оқыту тәжірбиесінде физика, химия пәндерінен лабораторялық жұмыстармен қатар геометрия ,алгебрадан да лабораториялық жұмыстар өткізілуге назар аударылып келеді. Лабораториялық жұмыстардың басты мақсаты:

- білімділік: математикалық білімді меңгерту, санау, өлшеу, сызу құралдарын қолдану дағдыларын дамыту,оқушылардың алған білімді өз бетінше практикада қолдана алу қабілетттерін дамыту, практикалық бағытталған есептерді шешу дағдыларын дамыту

-дамытушылық: бақылау, гипотеза ұсыну және тексеру, ұйғарымдарды, қате пікірлерді дәлелдеу немесе қатесін табу қабілеттерін дамыту, ұжымда жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

- тәрбиелік: іздену , зерттеу сипатындағы оқу әрекеттерінің белсенділігін арттыру, мақсат қою, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу. Лабораториялық жұмыстарды математика сабағында жүйелі түрде қолдану математикалық білімнің ғылыми теориялық деңгейінің жоғарылауына, математиканы оқыту процесінің шығармашылық сипатын күшеюіне, тығыз конструктивтік, өлшеу, есептеу дағдыларын,іскерлік машықтарды дамытуға тигізер септігі мол.

Лабораториялық жұмыстарды орындау барысында оқушылар математикалық заңдылықтардың практикадағы мәнін өздері анықтауға мүмкіндік алады, лабораториялық жұмыс ұжыммен орындалатын болғандықтан бір-бірімен бақылау нәтижелерімен, білімдерімен алмасып яғни бірін-бірі оқытып отырады. Топ ішінде тапсырма шарттары талқыланып, әрекеттер алгоритмі түзіледі, нәтиже талданады. Мұғалім оқушылар темпіне қарап, дифференциалды-индивидуалды әрекет жасау мүмкін. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеп, өтілген тақырыптардың өмірде қолданылуына өздері көз жеткізеді.

Практикалық жұмыс пен лабораториялық жұмыстардың басты айырмашылығы лабораториялық жұмыста эксперименталды дағдылар,ал практикалық жұмыстар барысында конструктивтік дағдыларды дамытуға басымдық беріледі.Экспериментальды іскерлік дағдыларға өз бетінше эксперименттің моделін жасау,нәтижелерді өңдеу талдау,нәтиже шығара білуді жатқызу мүмкін. Лабораториялық жұмыстың демонстрациялық тәжірибеден айырмашылығы – демонстрациялық тәжірбиеде мұғалім өзі тәжірибе өткізіп көрсетіп отырады. Лабраториялық жұмыста алдын ала құрылған жоспар бойынша тәжірбие өткізіп, практикалық тапсырмаларды орындап, өтілген материалдың мәнін түсініп, білімді бекітеді.



Лабораториялық жұмысты маңызды дидактикалық функцияларға сай үш топқа бөлуіміз мүмкін.

1. Жұмыс соңында белгілі бір болжамға, гипотезаға алып келетін жұмыстар, мысалы бірнеше рет өлшеу жүргізгеннен кейін үшбұрыштың орта сызығы мен табаны арасындағы байланыс жайлы ойлар, болжамдар айтылып тұжырымдалуы мүмкін.

2. Дербес жағдайларда табылған формуланың дұрыстығын дәлелдеу, тұжырымдалған теореманың дұрыстығын дәлелдеуді қажет ететін лабороториялық жұмыстар, мысалы шеңбердің ұзындығының формуласындағы 2 мәнін анықтау т.б.

3.Физика, химия, география сынды пәндермен байланыса өткізілетін, өлшеулер, қорытулар жүргізілетін лабораториялық жұмыстар, мысалы карта масштабын анықтау т.б.

Төменде 8 сыныптарға арналған лабороториялық жұмыс жоспары келтірілген.

Тақырыбы: Квадраттарды құру дәне бөлу

Мақсаты:

Білімділік: квадраттарды құру және бөлу арқылы Пифагор теоремасы, дәреже қасиеттерінің практикалық қолданылауын үйрену.

Дамытушылық: теория мен практиканы ұштастыра білуге үйрету, жапсырмалалау, қырқу арқылы моторика,зейін аудару, ойлау қабілеттерін дамыту, кинестетик балаларды сабаққа тарту.

Тәрбиелік: танымдық қабілеттерін дамыту, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі: лабороториялық жұмыс

Қажетті құралдар: сызу және өлшеу құралдары жапсырма қағаздар, желім, қайшы, түрлі түсті қағаздар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті


        1. Қауіпсіздік техникасымен таныстырып өту

        2. Таратпа материалдарды үлестіру

І саты

1.Әбу Насыр Әл Фарабидің «Математикалық трактаттары» еңбегімен таныстырып өту

2. Квадрат, квадрат түбір, Пифагор теоремасын , дәреже қасиеттерін қайталау.

ІІ саты

Жұмыстың барысы:

1.Бірлік квадрат дегеніміз не? Оқушылардың өз еркі бойынша бірлік квадраттар қырқу

2.Сандарды квадратты және квадратты емес сандарға ажырату.Мысалы:

8=22+22, 13=32+22 талқылау



Қырқу:

1. 8 квадраттан 1 квадрат құрастыру үшін, бірінші төрт квадраттан тұратын екі квадрат құрастырамыз, соңынан оларды диагональ бойынша қырқамыз, нәтижеде төрт бірдей үшбұрыш аламыз да олардан квадрат құрастырамыз, жапыстырамыз. Сурет №1



Сурет №1


2. 13 квадраттан бір квадрат құрастыру үшін 13=9+4 = 32+22 екенін ескеріп , ұзындығы 3 ені 2 бірлік болатын 6 бірлік квадраттан тұратын тіктөртбұрыш және 1 бірлік квадрат құрастырамыз. Тіктөртбұрышты диагональ бойынша қырқып, төрт үшбұрыш аламыз, бұл үшбұрыштардың катеттері 3 және 2 , гипотенузасы 13 болады.Ортаға бір бірлік квадратты қойып үлкен катеттерімен үшбұрыштарды оған жапсырмалаймыз. Нәтижеде қабырғасы 13 болатын квадрат аламыз.

Сурет №2


Сурет №3


Каталог: materialy -> makala
makala -> С. торайғыров шығармашылығы дуйсебаева Жанар Канатовна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Созақ ауданы, Т. Момбеков атындағы жалпы орта мектебі
makala -> Тарих пәнінен білім берудің сапасын жетілдіруде әр түрлі тапсырмаларды қолданудың маңызы
makala -> Ана тілі пәнінде интербелсенді оқытудың Қолданудың тиімділігі
makala -> Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
makala -> 1. Отан, туған жер туралы
makala -> Бөрібай Ұлбосын Арыс қаласы «Жиделі» жом қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Көркем әдебиеттің өмір танытушылық маңызы
makala -> Нартаева Нилуфар Абдувахабовна
makala -> Кансеитова Алтынай Баглановна Төлеби ауданы, Ақбастау ауылы, Ақбастау жом, бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Әкімбаев Бақытжан Әбдіқадырұлы Игембаева Бибигул Сарсенбиевна білім беру ұйымдарында оқушылардың функционалдық шығармашылығын дамыту


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет