14 апта. Мал азықтандыруда қолданылатын басқа да( аралас шөптер) өсімдіктер. Олардың сипаттамасы



Дата14.05.2020
өлшемі17,29 Kb.
#68034
Байланысты:
14аптаДаутбаева


14 апта. Мал азықтандыруда қолданылатын басқа да( аралас шөптер) өсімдіктер. Олардың сипаттамасы

Мал азықтық өсімдіктер өздерінің жем-шөптік сапасы және басқадай шаруашылық маңыздылығы бойынша аралас шөптердің де атқаратын қызметі ерекше роль атқарады. Аралас шөптер ботаникалық топтардың біріне жатады.



Аралас шөптер- қалған барлық өсімдік тұқымдастары ( негізінен күрделігүлділер, алабота, қарақұмық, айқышгүлділер, қырыққабат тұқымдастар және т.б.). Бұл топқа жататын өсімдіктер Қазақстанның барлық аймақтарында кездеседі. Шөл және шөлейт аймақтарының өсімдік қауымының 70-80% құрайды.

Табиғи шабындықтар мен жайылымдарға баға бергенде ондағы өсімдіктер топтары мен олардың арақатынасының мәні жоғары, жем шөптік өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктерімен таныса отырып, қазақша, орысша, және латынша атауларын білумен қатар, олардың биологиялық ерекшеліктері, таралған жерлері, экологиялық белгілерді пайдаланудың қолайды әдістері және шаруашылықтық құндылығы жөнінде түсініктер болуға тиісті.

Мал азықтық маңызы бойынша аралас шөптер топтарын 4 түрге бөледі:

- желінетіндер;

- желінбейтіндер немесе нашар желінетіндер;

- зиянды өсімдіктер- малға, онда өндірілетін өнімдерді ( жүнін ластайтын, еттің, сүттің, дәмін, түсін, иісін бұзатын) бұзатын;

- улы өсімдіктер мал организмін улайтын, ауруға шалдықтыратын, одан өлімге соқтыратын.

Қазақстан да аралас шөптер тобына жататын ең негізгі 3-4 тұқымдастар бар. Олар: алабота, күрделігүлділер, айқышгүлділер, қарақұмық тұқымдастары.

Алабота тұқымдастары көбінесе бұталар мен бұташықтар күйреуік, теріскеп, қараматау, шоған, шеркез, сексеуіл. Сора( алабота) тұқымдастарының 500-ге жуық түрлері кездеседі. Жапырақтары кезектесіп қарама-қарсы орналасқан. Қабыршаққа немесе тікенекке айналған да түрлері бар. Гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды, түсі жасыл немесе сары болып келеді. Гүлдері жеке-жеке немесе масақ, шашақ, сыпыртқы тәрізді гүлшоғырына жиналған. 

Күйреуік -көктемде ерте шығып, ерте қурайтын, малға өте жұғымды, көбіне қой жейтін шөп.

Қараматау - мал азықтық шөптер, оны түйеқойешкі жейді.
Марсель қараматауының құрамында 0,2%-ға жуық эфир майы бар, сондықтан оның несеп жүргізетін, тер шығаратын және жарақат жазатын қасиеті бар. Шөбінің тұнбасымен денедегі жараны жуып, ісіктерді булайды.

Шеркез- дәрі жасау үшін күзде шеркездің жемісі мен қалған гүлдерін жинайды. Ал азжапырақты шеркездің көк бұталарын пышақпен кесіп алады. Құрамында сальсолин, сальсолидин деге алкалоидтар, сальсомин бар.

Күрделігүлділер тұқымдастары- гүлді өсімдіктердің ішінде ең көп таралғаны. Ол 800- ден астам туысты және өсімдіктің 15 мыңнан астам түрлерін біріктіреді. Бұл тұқымдастардың жалпы белгілері мынадай: көбінесе шөптесін өсімдіктер, гүлшелері орауышпен қоршалған кәрзеңкеге жиналған. Ол бір қатарлы, қос қатарлы, болып орналасқан және қойнынан гүл шығатын жапырақтардан тұрады. Гүл тұғыры сидам, жұқа немесе түкті. Гүл күлтесі- тұтасып біткен бес гүл жапырақшасынан пайда болады. Тұқымшаның жемістері көбінесе түктердің айдаршығымен қамтылған, ол жемістерді желмен таратуға бейімделген. Көптеген күрделігүлділер сүттіген шырынын бөліп шығарады. Олардың басқа аты- инулин.



Мақсырдың тұқымшаларынан май алынады. Олардың құрамында 25-37% май болады. Мақсыр майы күнбағыс майынан кем түспейді. Оның майы тағамға және техникалық мақсатқа (бояу, эмаль, сабын алуға) пайдаланылады. Мақсырдың тұқымшалары ауыл шаруашылық құстарына жем ретінде беріледі. Ал тұқым ұны ауыл шаруашылық малдарға күнжара түріндегі малазық болып саналады. Мақсырдың балаусалы сабақ жапырақтары сүрлемге салынып, малға беріледі. 

Жер алмұртының 100 граммында 306 ккал бар. Құрамында A, B1, B2, B6, C және E дәрумендері бар. Кұрамында кремний, калий, әк, фосфор, темір және цинкпен қатар фруктоза, пектин өзегі мен аминқышқылдары бар. Жер алмұртын мал азықтық дақыл ретінде Қазақстанның барлық аудандарында өсіріледі.

Қарақұмық – тарандар тұқымдасына жататын бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Қарақұмық - жарма дақылдары ішіндегі маңыздылардың бірі. Оның жармасы диеталық, дәмді тамақдәнінде 9% белок, 70%-дай крахмал және 1,6% май, сондай-ақ дәрумендер (В/1, В/2), минералды тұздар (темірфосфорлы кальций) да болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет