151. ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз



Дата12.03.2018
өлшемі177,03 Kb.
#39081
151. «ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.

A) Хабарлы сөйлем.

B) Бұйрықты сөйлем.

C) Лепті сөйлем.

D) Жай сөйлем.

E) Сұраулы сөйлем.

152. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.

A) Хабарлы сөйлем.

B) Бұйрықты сөйлем.

C) Лепті сөйлем.

D) Жай сөйлем.

E) Сұраулы сөйлем.

153. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.

A) Ол жығылып қалды.

B) Табиғат – біздің досымыз.

C) Марат күліп жіберді.

D) Еңбек етсең, есейерсің.

E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.

154. Бастауыш қызметін атқарып тұрған етістікті көрсетіңіз.

A) Бұл – Еркебұлан сөзі.

B) Кешікпей Абайлар да аттанды.

C) Келгендер – осы ауылдың адамдары.

D) Орамалың бар ма?

E) “Тұр орныңнан,” – деп әмір етті.

155. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Атың әдемі екен.

B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.

C) Көп ұзамай жауын басылды.

D) Өңі алабұрта күрең тартқан.

E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.

156. Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.

Eсті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.

A) Есті.

B) Адамдарда.

C) Бар.

D) Қасиет.



E) Уайым жеу.

157. Тұрақты тіркестен болған нақ осы шақты табыңыз

A) Бізге күнде сабақ болып жатыр

B) Ол сабаққа мойынын бұрмай жүр

C) Ол шахматтан жеңіліп қалып жүр

D) Сенің демалғың келіп отыр ма?

E) Мен оған қол ұшын беріп тұрдым

158. Тұрлаулы мүшелері етістіктен болған сөйлемді табыңыз

A) Жалғыз жігіт-жалтақшыл

B) Өнер-өмір өрнегі

C) Ескерген ескісін сақтайды

D) Көшіп келе жатқан-Абай ауылы мен көрші ауылдар

E) Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды

159. Сөйлемнің баяндауышын анықтаңыз. Саналы жан көрмедім сөзді ұғардық.

A) Ұғарлық

B) Саналы

C) Жан

D) Сөзді


E) Көрмедім

160. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті табыңыз.

A) Үлкенге – құрмет, Кішіге – ізет

B) Арақты сатпау керек

C) Темекі шегу денсаулыққа зиян

D) Нанды жерге тастауға болмайды

E) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған

161. Тұйық етістікті тіркесті табыңыз

A) Келер еді

B) Танысыпты

C) Тапсырманы орындамақпын

D) Барғым келеді

E) Адал еңбек ету

162. Күрделі етістіктен жасалған баяндауышты табыңыз

A) Ол інісіне қарай жүрді

B) Ол халыққа жар салды

C) Сағатым жоғалды

D) Оның арманы – демалу

E) Сабақ оқығаннан басқа тірлігі жоқ

163. Тәуелденіп және септеліп қолданылған сөз қайсы?

A) Шашу

B) Баруым



C) Бастауымның

D) Оюлар


E) Сөйлеуде

164. Етістіктен болған күрделі баяндауышты табыңыз

A) Торғай жерге жақындай ұшты.

B) Қазақстан пайдалы қазбаға өте бай.

C) Ол асықты.

D) Ол оған жауап бере алмады.

E) Дала жап – жарық.

165. Дара етістіктен жасалған анықтауышты табыңыз

A) Ұялған қарап тұрмайды.

B) Аузы күйген үріп ішер.

C) Сөз тапқанға қолқа жоқ

D) Тәртіпке бас иген құл болмайды

E) Ойлап сөйлеген адамның қатесі аз

166. Толықтауыш неден жасалған? Жолда қалғанға қол ұшын бер.

A) Көсемше

B) Есімше

C) Тұйық етістік

D) Бұйрық рай

E) Сабақты етістік

167. Сөйлемде баяндауыш қызметін атқарып тұрған үстеуді табыңыз

A) Кешеден тосып жүр

B) Оңашада жылап та алғам

C) Мен жолшыбай соғармын

D) Ол балаша сақ-сақ күлді

E) Мен елімнің ертеңімін

168. Үстеу бастауыш қызметін атқарып тұрған сөйлемді табыңыз

A) Бірі – қартаң, бірі – жас қонақ

B) Қасына қайда отырғызды

C) Тезірек қимылда

D) Ел ертеңі білімді жастар қолында

E) Ары таза болмаған адам бұрын қағады кірпігін

169. Бастауыш қызметіндегі үстеуді табыңыз

A) Ол бүгін келді

B) Ертеңіңді ойлап әрекет жаса

C) Жақсылықтың ерте – кеші жоқ

D) Ол кешелер ойын баласы еді

E) Ол кейінірек барады

170. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті табыңыз

A) Үйінді қарды борт-борт басысып, қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген

B) Сейіт күтпеген сөзге селк етті

C) Су түбінде малта тастар жылтырап, су сылдыр- сылдыр етеді

D) Алаң да алаң, алаң жұрт , ақала ордам қонған жұрт

E) Әлгі адам сәл бөгеліп, тау шыңына қарай көз жіберді

171. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөзді табыңыз. Далада үп еткен жел жоқ.

A) Далада

B) Үп еткен

C) Жел

D) Еткен


E) Жоқ

172. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркесін анықтаңыз

A) Бұлардың жағдайлары

B) Балуанмен күресті

C) Ғалымды көрсеңіз

D) Ғалымнан басқа

E) Асығып сөйлейді

173. Толықтауыштық қатыстағы сөз тіркесін анықтаңыз

A) Пайда ойлама – ар ойла

B) Өзің үшін үйрен

C) Тағы да келді

D) Түс ауа қозғалды

E) Бәрі тыныш аяқталды

174. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз

A) Дарқан дала

B) Ғұмырнама

C) Мұзға отырғызып кету

D) Кедей – кепшік

E) Кешкі жел

175. Есім тіркесті табыңыз

A) Оңға жуық

B) Он шақты

C) Үйге дейін

D) Үлкен үй

E) Жүзге тарта

176. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын табыңыз

A) Ел арасына сыйлы

B) Ұлттық ойын ойнайды

C) Ақылды сөз айтылды

D) Жыл сайын толықты

E) Өмірдің мәнін түсінді

177. Қазақ тілінде сөйлем айтылуы мақсатына қарай неше түрге бөлінді

A) 5

B) 4


C) 6

D) 7


E) 2

178. Атаулы сөйлемді табыңыз

A) Мен бүгін суреттен бес алдым

B) Қайдан?

C) Дала

D) Сәбит ұшақпен кетті



E) Жиналыс басталды

179. Сілтеу есімдігінен жасалған баяндауышты көрсетіңіз

A) Біз үшеуміз мәселені дұрыс шештік деп ойлаймыз

B) Ақ бесті қара қасқадан сытылып шықты

C) Мен өзім де сізден осыны сұрағалы отыр едім

D) Ауылдың маңы – терең сай

E) Сұрап отырғаны – осы

180. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?

Ол...биік,... аласа,... қатал ,... жұмсақ мінезді ,... шешен ,... сараң сөзді еді.

A) Бірақ


B) Және

C) Немесе

D) Да

E) Бірде


181. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз

A) Па, жігіт –ақ екен!

B) Әй, көзіңе қара!

C) А, мен кешіккен екенмін ғой

D) Япырай, - деп ойлады ол ақырында

E) Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.

182. Есімдіктен болып тұрған бастауышты көрсетіңіз

A) Маған сыйлық әкелді

B) Мен еңбекті бағалаймын

C) Ана сүтін ардақта

D) Оның төрттен бірін ал

E) Сыйлық бәріне жетті

183. Еліктеуіш сөзден жасалған қос сөзді табыңыз

A) Ат – мат

B) Әке – шеше

C) Жалт – жұлт

D) Қап – қара

E) Бала – шаға

184. Етістік сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз

A) Қаламсыз

B) Басшы

C) Тарақ


D) Еңбекші

E) Жерлес

185. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз

A) Өсірген

B) Өсіріпті

C) Өсіреміз

D) Өсірмекпіз

E) Өспекші

186. Бұйрық райлы етістікті табыңыз

A) Барды


B) Бар

C) Барған

D) Барар

E) Бармақ

187. Үстеуден жасалып тұрған туынды үстеуді табыңыз

A) Баяулау

B) Бұлбұлдайын

C) Сеніңше

D) Қазақша

E) Соншалық

188. Шақыру одағайын табыңыз

A) Пәлі


B) Ойпырым-ай

C) Шөре – шөре

D) Бәрекелді

E) Қап


189. Тұйық етістікті табыңыз

A) Көру, түсіну

B) Кел, бар

C) Барған, отырған

D) Алар, сатар

E) Отыр, жүр

190. Жіктеу есімдігін табыныз

A) Бұл, сол

B) Мен, сен

C) Бәрі түгел

D) Біреу, кейбіреу

E) Сол


191. Ортақ етіс болып тұрған сөзді табыңыз

A) Санат, отырғыз

B) Табыс, керіс

C) Салысты, берісті

D) Қосылды , түйілді

E) Ашылды , берілді

192. Есімшелі сөзді көрсетіңіз

A) Мойындау керек

B) Оқыған адам

C) Қайтқалы жатыр

D) Мен барамын

E) Мен келемін

193. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз

A) Өзім


B) Әрбір

C) Дәнеңе

D) Бүкіл

E) Ешкім


194. Шылау сөзді табыңыз

A) Бірақ


B) Маңы

C) Ол


D) Шылп

E) Сол


195. Ырықсыз етісті табыңыз

A) Айтқыз

B) Жуынды

C) Орылды

D) Жіберді

E) Айттырды

196. Жатыс септік қосымшасын табыңыз

A) -ға , -ге

B) -мен, -бен

C) -нан, -нен

D) -ды, - ді

E) --да, -де

197. Антоним қай сөз табынан жасалған? Өмірде қуаныш пен реніш қатар жүреді.

A) Сын есім

B) Есімдік

C) Етістік

D) Зат есім

E) Үстеу


198. Тәуелдік жалғауының үшінші жағында тұрған сөзді табыңыз

A) Қалам


B) Арманың

C) Балы


D) Балама

E) Балаңыз

199. Септеулік шылауды табыңыз

A) Қой


B) Ғой

C) Мыс


D) Ба

E) Соң


200. Мына сөздердің ішінен жай сөз тіркесін табыңыз

A) Ашу-ыза

B) Әдемі қыз

C) Ақ-қара

D) Тиын-тебен

E) Жолдас-жора

201. Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз

A) Кеше қар жауды

B) Сен де келесің бе

C) Жайнай бер, туған жер

D) Шіркін, ауыл кеші ерекше-ау

E) Ең төменгі баға алды

202. Орал қаласы – бұл қандай сөйлем?

A) Толымды

B) Жақсыз

C) Жақты


D) Атаулы

E) Толымсыз

203. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз

A) 1942 жыл

B) Бұлтты аспан

C) Мынау қоян жепті ғой

D) Мәдени, демалыс паркі

E) Бәріміз жиналдық

204. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды табыныз

A) Анаға сәлем

B) Кітапты беру

C) Колхоздың малы

D) Қалаға бару

E) Ауылдан келген

205. Мына сөздердің ішінен синонимдерді табыныз

A) Ғалым, ұстаз, алпауыт

B) Алуан, асқар, айшықты

C) Ақылды, ғұлама, кемеңгер

D) Арман, Әсем, зерлі

E) Ойшыл, аруана, асқақ

206. Антонимдік жұпты көрсетініз

A) Ұстау-табу

B) Түшкіру-сауығу

C) Көпшілік-азшылық

D) Ұту-жеңу

E) Көлеңке-ашықтан-ашық

207. Көмектес септегіндегі сөзді табыныз

A) Есік(пен)төр

B) Қаз(бен)үйрек

C) Тіл(мен)жақ

D) Бала(мен)қыз

E) Келін(мен)бірге

208. Тайға таңба басқандай деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасын табыңыз

A) Уақытында

B) Белгілі

C) Жылдам

D) Ашық

E) Анық


209. Синонимдік қатарды көрсетіңіз

A) Шыдам, төзім

B) Бақ, айла, жер

C) Көрік, сөз, әдемі

D) Ер, шырайлы, тез

E) Сұлу, керек, ақ

210. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз

A) Өмірдің мәні

B) Балалық дәурен

C) Жыл сайын толығу

D) Таудан түсу

E) Бір шөкім бұлт

211. Синоним сөздерді көрсетіңіз

A) Ет, май

B) Асыл, асық

C) Есті, ескі

D) Ақшалы, қалталы

E) Жарық, қараңғы

212. Антоним сөздерді табыңыз

A) Некен-саяқ

B) Құда-жекжат

C) Мақтау-жамандау

D) Нәтижелі-жемісті

E) Мешкей-ашқарақ

213. Сілтеу есімдігін көрсетіңіз

A) Түнде, кеште

B) Жүз, оқы

C) Бір, алтау

D) Бұл, сонау

E) Егер, бірге, уақыт

214. Қосымшасыз тұрған түбір сөзді табыңыз

A) Ойсыз


B) Атадан

C) Ауылдас

D) Әкедей

E) Бұрғы


215. Шылауды табыңыз

A) Және, да

B) Жә-жә

C) Ха-ха


D) Қап

E) Ә дегенше

216. Көптік жалғауын көрсетіңіз

A) Асқар

B) Кептер

C) Дәптер

D) Күндер

E) Жүзер


217. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.

A) Еңбек - өмір рахаты.

B) Олар бір-бірлеп келе бастады.

C) Үйде екі-ақ адам отыр.

D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.

E) Ол мәселені шешіп кетті.

218. Бір буынды сөз

A) Сақтан

B) Жазғы

C) Бақталас

D) Қант

E) Жүйрік



219. Етістіктің қалау рай түрінде гі сөзді табыңыз

A) Көмек беру

B) Отыруды қалады

C) Оқытқалы келді

D) Сабақ оқыды

E) Тезірек келгейсің

220. Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсетіңіз

A) Кітап


B) Ақылды

C) Күз


D) Көрікті

E) Қағазды

221. Тәуелдік жалғауынан соң жалғанып тұрған табыс жалғауын табыңыз

A) Әкеміз

B) Әкеме

C) Әкемнің

D) Әкесін

E) Әкені

222. Омоним сөздерді табыңыз

A) Ел үмітін ер ақтар

B) Көңілі бұлақтай таза

C) Баусыз оймақ қолда тұрмас

D) Қара құс- жыртқыш құс

E) Алма, өзіңе керегі затты алма

223. Пысықтауышты табыңыз

A) Әрі-зат есім

B) Әріде болған оқиға

C) Сен әрнемені айтпа

D) Сабақта әрі жаздың, әрі оқыдың

E) Әріде - үш буын

224. Зиялы сөзінің антонимін табыңыз

A) Көреген

B) Маңғаз

C) Елгезек

D) Көзі ашық

E) Надан


225. Етістіктен жасалған зат есімді көрсетіңіз

A) Қуан, қайғыр, ойла

B) Тозық, жатақ, қуаныш

C) Бұрғы, келісім, бұрыл

D) Көрермен, тілек, зуылдақ

E) Тербеліс, тарсыл, күңкіл

226. Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз

A) Мәселесі шешілді

B) Мен шебер бола алар ма екенмін?

C) Ауылға ақындар келді

D) Осы жағдай сенің әр уақытта есіңде болсын

E) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!

227. Келер шақтағы етістікті табыңыз

A) Қанатты ұшады, аяқты жүгіреді

B) Балаңыз оқудан ертең келеді

C) Құс ұшады, адам сөйлейді

D) Жас өседі, жарлы байиды

E) Ол бізге жиі келіп тұрды

228. Екеуі де менен сырын жасырмайды. Бастауыш қай сөз табынан ?

A) Есім


B) Жинақтау сан есім

C) Есімше

D) Есімдік

E) Зат есім

229. Ол сыныпқа кіріп, хабарландыру айтты. Зат есім нешеу?

A) 2


B) 3

C) 1


D) 4

E) 5


230. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді не дейміз?

A) Толымды

B) Толымсыз

C) Жалаң


D) Жай

E) Жайылма

231. «Алыс», «шалғай» сөздерінің мағынасы

A) Заттың мекені

B) Құбылыс бейнесі

C) Заттың саны

D) Істің амалы

E) Істің мекені

232. Зат есімді тіркес

A) Күміс білезік

B) Оқыған менмін

C) Он жеті мың

D) Сағын сындырды

E) Ол жазып отыр

233. Синоним сөздердің тізбегін табыңыз

A) Оң, теріс, дұрыс

B) Ар, ұят, ождан

C) Қалқан, қапқан

D) Терезе, перде

E) Қал, қала, қалау

234. Антонимдік жұпты көрсетіңіз

A) Кемсіну-кемтар

B) Бақытсыз-бақытты

C) Бүгін-биыл

D) Дамылсыз-тоқтаусыз

E) Саяси-көпшілік

235. Тек орыс тілінен енген сөздерде қолданылатын белгілер

A) А, ъ


B) Ъ, ь

C) Ъ,е


D) Е,а

E) Ь,о


236. Күрделі сөз тіркесін табыңыз

A) Көз тігеді

B) Құрт

C) Нұрлы жаз



D) Пештегі отын

E) Отын лаулап жанды

237. Мекен пысықтауышты табыңыз

A) Ол тектек сәби еді

B) Күлдіру үшін айтып отыр

C) Тауға бара жатыр

D) Пысықтығынан тез орындады

E) Кешкілік қайтып келді

238. Күрделі нақ осы шақ табыңыз

A) Айта бер

B) Айтып отыр

C) Айта ғой

D) Айтып қал

E) Айта сал

239. Синтаксис қай елдің сөзі?

A) Латын


B) Қазақ сөзі

C) Грек сөзі

D) Араб сөзі

E) Орыс сөзі

240. Мақсат үстеуді тіркесті көрсетіңіз

A) Ұшқары ойлау

B) Түн бойы көз ілмеу

C) Мүлдем ұмыту

D) Әдейілеп келу

E) Екіншігәрі келме

241. Қай сөздің жазылуында қате бар?

A) Мәжіліс

B) Бөдөне

C) Сарыарқа

D) Өнерпаз

E) Кітап

242. Тұйық етістіктің жұрнағы жалғанғанда соңғы дыбысы өзгеріске ұшырайтын сөзді көрсетіңіз

A) Кел


B) Айт

C) Жүр


D) Бар

E) Тап


243. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.

A) Мен елдің жіберген емшісімін.

B) Ол еш уақытта қуанған емес.

C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.

D) Ораз отыр.

E) Бақыт кеше келді.

244. Бір буынды сөзді табыңыз

A) Сақтан

B) Жазғы

C) Бақталас

D) Қант

E) Жүйрік



245. Септік жалғауы жалғанған сөздерді көрсетіңіз

A) Кітап


B) Ақылды

C) Күз


D) Көрікті

E) Қағазды

246. Етістікті тіркесті табыңыз. Жақсының ашуы шай орамал кепкенше, жаманның ашуы басы жерге жеткенше.

A) Жақсының

B) Басы жеткенше

C) Жаманның ашуы

D) Жаманның басы

E) Шай орамал

247. Бір сыңары болжалдық сан есімнен болған сөз тіркесін табыңыз

A) Қартайған сайын түсінбек

B) Отыздан астам кітабыңыз бар екен

C) Шамдарды сөндірдік

D) Сазгерлік өнер

E) Бала өсіп келеді

248. Сөз тіркесі болу үшін керекті объектіні белгілеңіз

A) Сөйлем

B) Сөз

C) Дыбыс


D) Буын

E) Сөйлем мүшесі

249. Тіркес түрін анықтаңыз. Су жүрек.

A) Есімді тіркес

B) Күрделі сөз

C) Етістікті тіркес

D) Мәтел

E) Тұрақты тіркес

250. Асты сызылған сөз қай табына жатады? Кәрімнің досы өткен жазда Алматыға барыпты.

A) Одағай

B) Үстеу

C) Сын есім

D) Зат есім

E) Етістік

251. Етістіктерден болған синонимдерді көрсетіңіз.

A) Күшті, мықты.

B) Шелдену, қоңдану.

C) Бағалы, құнды.

D) Әлді, қарулы.

E) Қайратты, қажырлы.

252. Қаратпа сөзді табыңыз.

A) Ойпаттар дегдіп, қыраттар кебе бастайды.

B) Керуен басы – Жәнібек!

C) Оған қарағым келмейді.

D) Теңіз толқыны күшейді.

E) Айналайын, шырағым, сенбісің?

253. Термин сөздерді көрсетіңіз

A) Жақсы, жаман.

B) Бастауыш, баяндауыш

C) Сәлемдесу, амандасу.

D) Тез, жылдам.

E) Ажар, көрік.

254. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қарағым, бүгін күн жұма ғой.

B) Қой, не де болса қалмайық енді.

C) Жүрегім, ойбай, соқпай енді.

D) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ.

E) Уа, халқым, құлаш жаздың кең өріске.

255. “Ұ” дыбысы қай сөзде жазылатынын көрсетіңіз.

A) С...мке.

B) ...стаған.

C) Жая...лап.

D) Т...сін.

E) Т...скен.

256. Ашық дауысты дыбысты табыңыз.

A) А, Ә.

B) Ы, І.

C) Ұ, У.


D) Ү, Й.

E) Ы, У.


257. Ашық дауыстылардан құралған сөзді көрсетіңіз.

A) Бейсенәлі.

B) Әлдеқашан.

C) Кінәрат.

D) Ойыншық.

E) Күйзеліс.

258. “Н” дауыссыз дыбысы қай топқа жататынын белгілеңіз.

A) Қатаң дауыссыз дыбыс.

B) Ұяң дауыссыз дыбыс.

C) Жуан сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.

D) Үнді дауыссыз дыбыс.

E) Жіңішке сөзде ғана жазылатын дауыссыз дыбыс.

259. Қай сөзде “П” дыбысы жазылатынын көрсетіңіз.

A) Та...у.

B) Ке...у.

C) Қағы...-соғу.

D) До...ы.

E) Тара...ы.

260. “Ң” дауыссыз дыбысының қандай екенін анықтаңыз.

A) Қатаң дауыссыз дыбыс.

B) Ұяң дауыссыз дыбыс.

C) Үнді дауыссыз дыбыс.

D) Жуан дауыссыз дыбыс.

E) Жіңішке сөзге ғана жазылатын дауыссыз.

261. Төрт буыннан тұратын сөзді көрсетіңіз.

A) Төзімді.

B) Саңырауқұлақ.

C) Шаруашылық.

D) Жақсылық.

E) Орта.


262. Буынға бөлінетін сөздерді анықтаңыз.

A) Дала, бала.

B) Қала, нан.

C) Сарт-сұрт.

D) Қаңқ, қора.

E) Қақ, тарт.

263. Буын құрай алатын дыбыстарды белгілеңіз.

A) Дауысты дыбыстар.

B) Үнді дауыссыз дыбыстар.

C) Дауыссыз дыбыстар.

D) Қатаң дауыссыз дыбыстар.

E) Ұяң дауыссыз дыбыстар.

264. Дұрыс тасымалданған сөзді табыңыз..

A) Қал-алық.

B) Тәу-елді.

C) А.С.-Пушкин.

D) Арық-тау.

E) Таран-ыс.

265. Көп нүктенің қойылатын жерін көрсетіңіз.

A) Бірыңғай мүшелер арасына.

B) Бастауыш пен баяндауыш арасына.

C) Оқиға толық аяқталмай тоқталса.

D) Қысқартылған сөзден кейін.

E) Ой санамалап айтылса.

266. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді табыңыз.

A) Жәйау.

B) Жайау.

C) Жаяу.


D) Жайяу.

E) Жәйәу.

267. Ресми стильге жататын қатарды белгілеңіз.

A) Көркем шығарма.

B) Ғылыми шығарма.

C) Өтініш, сенімхат.

D) Газет-журнал тілі.

E) Қоғамдық-саяси әдебиет.

268. Іс-қағаздар стилін көрсетіңіз.

A) Радио, теледидар арқылы шолу, сұхбат.

B) Суреттеу, ауыспалы мағыналы сөздер.

C) Қарапайым сөздер, кәсіби сөздер.

D) Құжаттар, бұйрықтар, анықтамалар.

E) Ғылыми мақалалар, лекциялар.

269. Көп мағынаға ие болатын сөзді табыңыз.

Өзі бір жүзіктің көзінен өткендей пысық жігіт екен.

A) Жүзіктің.

B) Көзінен.

C) Өткендей.

D) Пысық.

E) Жігіт.

270. Біріккен сөз қатысқан қатарды табыңыз.

A) Аяғымен кезек тебу.

B) Беті ашық шелек.

C) Еламан түршігіп кетті.

D) Қуаныш ұзағынан болсын.

E) Төргі бөлмеде.

271. Құрамында «бет» сөзінің синонимі бар мақал-мәтелді табыңыз.

A) Еңбек - өмір ажары.

B) Жақсы ұл – елдің туы.

C) Айна - айна емес, халық- айна.

D) Көпке күл шашпа.

E) Мал сақтама, ар сақта.

272. Тұрақты тіркесті анықтаңыз.

A) Халық мұнша жиылады деген есте жоқ.

B) Ойын басталмай-ақ жұрт қымызға бас қойып жатыр.

C) Хорымыз жамырап жақсы шықпады.

D) Сауыққа өз әлімізше жақсы даярланғанбыз.

E) Әмірқан шығысымен шапалақ шартылдады.

273. Қайталама қос сөзді табыңыз.

A) Жып-жылы, әке-шеше.

B) Өз-өзінен, жүзбе-жүз.

C) Үгіт-насихат, жап-жаңа.

D) Бақытты-бақытсыз, некен-саяқ.

E) Мәдени-ағарту, ат-мат.

274. Қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.

A) Көкпеңбек, қолма-қол.

B) Шегара, құрбы-құрдас.

C) Қысы-жазы, оқта-текте.

D) Қып-қызыл, түйе-мүйе.

E) Көзбе-көз, жалт-жұлт.

275. Мақалды табыңыз.

A) Бұл жолы Әмірқан басқа әнге салды.

B) Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.

C) Өңім екенін, түсім екенін білмедім.

D) Ғылым таппай мақтанба.

E) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

276. Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын анықтаңыз.

A) 5.

B) 6.


C) 7.

D) 8.


E) 9.

277. Ілік септігінде тұрған зат есімді табыңыз.

A) Маңайда.

B) Клубтан.

C) Көркемөнер.

D) Мектептің.

E) Сөзге.

278. Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.

Әсем сабақты жақсы оқиды.

A) Әсем.


B) Сабақты.

C) Жақсы.

D) Оқиды.

E) Жоқ.


279. Туынды сын есімнен жасалған бастауышты табыңыз.

A) Өнерлі өрге жүзер.

B) Айдар сымбатты болды.

C) Ала жаздай үй салумен болды.

D) Оқу үшін осында келдім.

E) Жігіттің ұйқысы шайдай ашылды.

280. Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.

A) 3.


B) 4.

C) 2.


D) 5.

E) 1.


281. «Қоян» сөзінің құрамында қанша дыбыс, қанша әріп барын анықтаңыз.

A) 5 дыбыс, 4 әріп.

B) 5 дыбыс, 5 әріп.

C) 4 дыбыс, 4 әріп.

D) 4 дыбыс, 5 әріп.

E) 6 дыбыс, 4 әріп.

282. Тұрақты сөз тіркесін белгілеңіз.

A) Мұзды еріту.

B) Мұздай суық.

C) Мұзға отырғызып кету.

D) Мұз айдыны.

E) Мұзда сырғанау.

283. Дауыссыз дыбыстардың анықтамасын белгілеңіз.

A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалған дыбыстар.

B) Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.

C) Үннен ғана тұратын дыбыстар.

D) Езудің кейін қарай тартылуы арқылы жасалған дыбыстар.

E) Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дыбыстар.

284. Қатаң дауыссыздарға берілген анықтаманы белгілеңіз.

A) Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауынан жасалған дауыссыз.

B) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.

C) Салдыр мен үннің қатысуы арқылы жасалған дауыссыздар.

D) Үннен салдыры басым дауыссыздар.

E) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.

285. Ұяң дауыссыздарға берілген анықтаманы көрсетіңіз.

A) Өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, салдыр пайда болады.

B) Салдыр мен үннің қатысы арқылы жасалған, үннен салдыр басым дауыссыз дыбыстар.

C) Үн мен салдырдың қатысынан жасалған дыбыстар.

D) Салдырдан үн басым болатын дауыссыздар.

E) Салдырдан жасалған дауыссыз дыбыстар.

286. Ілгерінді ықпалға жататын сөздерді белгілеңіз.

A) Ашса, кітабы.

B) Тастан, жазға.

C) Теуіп, жабады.

D) Сабағы, көнбеді.

E) Қолғабы, тарағы.

287. Кейінді ықпалға жататын мысалдарды белгілеңіз.

A) Қазақстан, адамнан.

B) Бұрымнан, сұранысқа.

C) Тарағы, жазса.

D) Анаға, табаққа.

E) Мектепке, қаптан.

288. Үндестік заңына бағынбайтын септік жалғауын көрсетіңіз.

A) Барыс септік жалғауы.

B) Шығыс септік жалғауы.

C) Көмектес септік жалғауы.

D) Табыс септік жалғауы

E) Жатыс септік жалғауы.

289. “Еш” сөзінің қай сөзбен бөлек жазылатынын көрсетіңіз.

A) Еш(кім).

B) Еш(нәрсе).

C) Еш(қайда).

D) Еш(қандай).

E) Еш(бір).

290. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буынды анықтаңыз.

A) Ашық буын.

B) Тұйық буын.

C) Бітеу буын.

D) Жалаң буын.

E) Ашық буын мен тұйық буын.

291. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.

A) Таңдамалы шығарма.

B) Білгіш жан.

C) Қызыл тал.

D) Қайыңды өлке.

E) Көшпелі халық.

292. “Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.

A) Еш(нәрсе).

B) Еш(уақыта).

C) Еш(болу).

D) Еш(қашан).

E) Еш(адам).

293. Қатыстық сын есім қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Қызыл тал мен ақ қайыңның бұтақтары жылтырап күнмен шағылысады.

B) Көл ортасында қалың жасыл қамыс.

C) Жаз бойы жасыл шалғыны жапырылмайды.

D) Содан соң қысқы қора маңының лайсаңынан да құтылады.

E) Күздеудің отын әбден тауыспай , мал тұяғын тигізбейді.

294. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.

A) Қолымен істегенді мойнымен көтереді де...

B) Бала-шағаға мойын-сойын да тамақ.

C) Аққудың мойнындай мойын көз алдынан кетер емес.

D) Компьютер алдында көп отырғандықтан, мойным қарысып қалыпты.

E) Күнде-күнде мойнына массаж жасатады.

295. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

A) Құлақ салды.

B) Құлақ етін жеді.

C) Баспасөз – қоғамның құлағы, тілі.

D) Құлағым ауырып жүр.

E) Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетеді.

296. Лепті сөйлемді анықтаңыз.

A) Па! Шіркіннің сөзі

B) Мынау қоян жепті ғой.

C) Не күдігіңіз бар еді

D) Қандай айғақ таптыңыз

E) Ертең қызық болады.

297. Тағысын тағылар, тағы басқалары деген сөздер қысқартылып жазылғанда қойылатын тыныс белгісін көрсетіңіз.

A) Сызықша.

B) Көп нүкте.

C) Үтір.

D) Нүкте.

E) Нүктелі үтір.

298. Толымды сөйлемнің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Бастауышы бар, баяндауышпен қиыса байланысқан сөйлем.

B) Бастауышы жоқ сөйлем.

C) Ойға қатысты сөйлем мүшелері қатынасқан сөйлем.

D) Ойға қатысты сөздің толық берілмеген сөйлем түрі.

E) Тек бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем.

299. Тұрлаусыз мүше қатыспаған жай сөйлемді белгілеңіз.

A) Жақты сөйлем.

B) Жақсыз сөйлем.

C) Толымды сөйлем.

D) Жайылма сөйлем

E) Жалаң сөйлем

300. Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрін белгілеңіз.

A) Қалау рай.

B) Бұйрық рай.

C) Ашық рай.



D) Шартты рай.

E) Қалау рай мен бұйрық рай.
Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет