17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Астана» Сыныбы: 5 «Б» Сынып жетекшісі: Сиражиев Е. Н. Тараз қаласы



Дата02.07.2018
өлшемі18,71 Kb.
#46095
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғани Мұратбаев атындағы

17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі




«Астана»

Сыныбы: 5 «Б»
Сынып жетекшісі: Сиражиев Е.Н.


Тараз қаласы



2016 жыл

Күні: 25.10.15

Тәрбие сағатының тақырыбы: Астана.

Мақсаты: Астана қаласы туралы білетін өлең, әндерін айтқыза отырып, жаңа мәліметтер беру. Эстетикалық, патриоттық тәрбие беру. Өз елін сүю, мақтаныш сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: Концерттік бағдарлама.

Көрнекілігі: Қабырға газеті, слаид, шарлар, Астана – фото суреттер.

Сабақтың барысы:

Мұғалім:

Астана қаласы – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасы. Оның іргетасы 1824 жылы Ақмола бекінісі ретінде қаланды. 1882 жылы ресми түрде Ақмола қаласы ретінде бекітілген. 1961 жылы 20 наурызда Целиноград қаласы болып өзгертілді. 1992 жылы 6 шілдеде бұрынғы атауы қалпына келтіріліп, Ақмола болып белгіленді.

1997 жылғы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Ақмола қаласы елдің Астанасы болып жарияланды. Ал Елбасының 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен қала атауы Астана болып өзгертілді. Елордада Алматы және Сарыарқа адандары құрылды. Сол жылы 2 мамырда Астананың тұсау кесер тойы құрметіне «Астана» ескерткіш медалі тағайындалды.10 маусымда халықаралық ресми тұсау кесері өткізілді. Жас елордаға ЮНЕСКО-ның «Бейбітшілік қаласы» құрметті атағы берілді.

Есіл өзенінің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік – шаруашылық ғимараттарын жедел қарқынмен тұрғызу мақсатында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Ол бүгінгі күнде ертегілер еліндегі қаланы көз алдыңа келтіріп, көңілге елестететін құрылыс кешенін тұрғызып үлгерді. Осы өңірде ұлт азаттық көтерілістің көк байрағын көтерген қазақтың соңғы ханы Кенесарыға орнатылған, Есіл өзені жағасындағы, Республика даңғылындағы ұлт данасы Абайдың, атақты ақын, қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллин ескерткіштері, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен «Орбита» ықшам ауданындағы алаңда тұрғызылған «Отан-Ана» және сол жағалаудағы «Бәйтерек» монументтері, Есіл өзеніндегі көмек көпірінде орналастырылған «Азия Барысы», орталық алаңдағы «Көк бөрі» композициялары ұлттық рухымызды бейнелейтін әрі биіктете түсетін бірегей өнер туындылары.


Бәйтерек

Ұмыт қалған жазылмай,

Есте жоқ ескі тағдырдай

Әлем әлі көрген жоқ Бәйтеректі дәл мұндай. Тудырған қайта бұл заман,

Ғимарат алып... Нұрланған. Жұмақтай елге – Жарылмай Жұмыртқа-тірлік тұр аман!

Нұр сыйлап қала көркіне,

Тағзым етіп Жер, Күнге, Тұр ғажайып ғимарат – Зор бәйтерек кейпінде.
Зымырандай ғимарат

Жақын келіп тұсына, Көр көзіңмен, Қысылма! Зымырандай бір үй бар,

Дайын тұрған ұшуға. Алыстан көз тартады, Әлемге аян атағы. 155метр... Биік ол, Бұлттан да әрі асады.
Қабат, қабат...

Тамсантар,

Жалығарсың шаршап сәл.

Үш қайыра бүккенмен,

Қолдағы жетпес саусақтар.

Қиюласып тастар нақ,

Кеткен шырқап аспандап:

34 қабат,

Үй емес,

Көкке бастар баспалдақ.


Күміс бауыр ұшақтай

Күміс бауыр еңселі,

Ұшақтардай ол тегі.

«Қазақстан» атанған –

Зәулім спорт кешені.

Үні жарып құлақты,

Өткеріп бар сынақты:

Алып ұшақ –

Жерге кеп,

Қона қалған сияқты.


Астана алғашында бекініс ретінде бой көтерген, ХІХ ғасырдың басында Ресей Орта жүз қазақтарының жеріне кіріп билік жүргізе бастады.Жаңа жерлерді бағындырып ұстаудың басты амалы бекініс шептерін құру еді. 1830 жылы орыс әскерлері Нұра өзенінің бойында Ақмола деген жерге келіп тоқтайды. Бірақ бұл жер елді мекен салуға қолайлы болмай шықты, өйткені тап осы жерде Нұра мен Есіл өзендері бір-біріне жақындап келгендіктен көктемде екі өзеннің тасыған суы маңайды телегей-теңіз етіп басып өткен. Сондықтан бекініс орны Есілдің оң жағалауына, Қараөткел деген жерге ауыстырылды. Бірақ бекініс бұрынғы атымен Ақмола деп аталатын болды.Бір жарым ғасырдан астам мерзімде ондағы тұрғындардың саны 280 мыңға жетті. Астана мәртебесі берілуге байланысты жоғары қарқынмен өсіп, 5 жылда 500 мыңға жетті.

Астана – аса ірі оқу-ағарту орталығы. Елордада халық шаруашылығының сан саласында еңбек ететін жоғары және арнайы орта білімді мамандар даярланады. Қалада бірнеше университеттер және институттар бар. Опера театры, қазақ және орыс драма театрлары, кинотеатрлар, бірнеше мәдениет сарайлары халыққа мәдени қызмет көрсетеді.



Біздің Отанымыз – Қазақстан! Ал Қазақстанның жүрегі – Астана!
Сабақты бекіту:

  1. Әсем қаламыз Астана биыл неше жасқа толды?

  2. Біздің президентіміз кім?

  3. Қай жылы Ақмола Астана қаласы болды?

  4. Қазақстан Респуликасы тәуелсіздігін қашан алды?

Каталог: uploads -> doc -> 1123
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1123 -> Сабақ №55 Химия Күні: Тақырыбы: Қанықпаған көмірсутектер. Этилен Оқу мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет