1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс



бет2/2
Дата04.02.2020
өлшемі377,22 Kb.
#57168
1   2
Байланысты:
длт


«Балалар кырылғанша, кәрілердің өлгені жақсы, ақ патшаның жарлығын орындамаймыз». Оны Ұ.Самұрықов, С.Қанаев, Қ.Шорманов, Қ.Кұдайбергенов, Қ.Шотаманов және жиналысқа баска да катысушылар колдады. Бүл шешімді Ж.Мәмбетов(суретте) 11 шілдеде пристав Подворков пен урядник Плотниковқа жеткізді; 1916 жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдың батыс жағындағы 40 километр жердегі Үшқоңыр алқабында Вер¬ный уезі Жайылмыш және баска да жақындағы болыстардың өкілдері арнаулы съезге жиналып, патша жарлығына көзкарас туралы мәселені талкылады.

Адамдар берілмесін, таудан жазыққа түспейік, өкімет орындары тарапынан күш колдану шаралары жасалған жағдайда телеграфты қирату, тыл жұмы¬старына шақырылушылардың тізімдерін, болыс баскармаларының кеңселерін өртеуге дейін барып, жойып жіберу жөнінде қимыл жасалсын деген шешім кабылданды.



Шілде айының бас кезінде толкулар Верный уезінің Батыс және оңтүсгік бөліктерін де қамтыды, оларда көтерілісшілерге Бекболат Әшекеев, Тоқаш Бокин, Ақкөз Қосанұлы және басқалар басшылық етті.

  1. Көтеріліс Ақмола және Семей облыстарын қамтыды. С.Сейфуллиннің айтуынша, Ақмола уезінің барлық 48 болысында үкіметке қарсы толқулар орын алған.

1916 жылғы 7 шілдеден 5 қыркүйекке дейінгі уақыт кезеңінде Ақмола және Семей облыстарындағы көтерілісті басып-жаныштау шаралары туралы гене¬рал-лейтенант барон Таубе жасаған анықтамада мынадай деректер келтірілген: «Қазақтардың едәуір тобыры... Зайсан уезінде - әрқайсысында 1000 адамнан асатын бірнеше топ, Семей уезінде - 7000 адамдық топ, Өскемен уезінде -кейбіреулерінде адам саны - 3 мыңға дейін жететін бірнеше топ шоғырланды; Акмола уезінде Қорғалжын көлінің маңында - 30 мыңға дейін жететін қазақ¬тар және Ерейментау тауларында - 5 мыңға дейін, Атбасар уезінде Ұлытау алқабы маңында - 7000-нан астам жөне Қосағаш ауданында 2000-ға дейін қазақ топталды».

Жетісу, Сырдария, Ақмола, Семей облыстарында және Батыс Қазақстанның бірқатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып-жанышталған немесе оны аяусыз басып-жаныштау үрдісі жүріп жатқан кезде, Торғай даласында ол күш алып, күн өткен сайын өрістей түсті. Әбдіғапар Жанбосынов, Амангелді Иманов, Әліби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.



6.Көтерілістің Жетісудағы орталығы

1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілістің аса ірі орталығы Жетісу болды. Жағдайдың шиенілінсуіне байланысты 1916 жылғы 20 шілдеде генерал Куропаткин Түркістан өлкесінің генерал – губернаторы болып тағайындалды. Ол кезде орасан зор аймақты түгелдей халық революциясының от – жалыны шарпыған еді. Мәселен, шілденнің 12 – сінде Верный уезі Қорам болысының 68 жігіті А. Абдурасуловты, ал шілденің 16 – сында көтерілісшілер Құрам болысының болысын өлтірді. Тамыздың 3 – інде Асы өзенінің аңғарында көтерілісшілердің 2 мың адамнан тұратын отряды уезд бастығының көмекшісі Хлыновскийдың отрядына шабуыл жасады . Тамыздың 6 – сында самсы аңғарында Ботбай, Шығыс және Батыс Қастек, Тайторов, Ырғайты болыстарының 5 мың адамдық көтерілісші жігіттері жазалау торядын қоршап алды. Сол күні Самсы станасасы көтерісшілердің қолында болды,тамыздың 8 – нде Ақсу жайлауында қазақ – қырғыз сьезі өтті. Олар Қордай көтерілісшілерін қолдауға, нарындықтарға ұран тастауға, қазақ көтерілісшілері көмекке өздерінің қарулы жігіттерінің жаотысын жіберуге шешім қабылдады. Қазақ және қырғыз еңбекшілері қимылдары патшаәкімшілігін мазасыздандырмай қоймайды.

Генерал Куропаткин «Қандай амалды болса да қолданудан тайынбай, көтерілісшілерді бағындыруға», «Лаң салушыларға қарсы күресу үшін байырғы халықтың рулық немесе тайпалық араздығын» пайдалануға бұйрық берді.

Өз кезеңінде Жетісу болысының генерал – губернаторы М.А. Фольбаум жергілікті казактардан жазалау отрядтарын ұйымдасытру үшін казак станциаларына асығыс түрде винтовкалар мен патрондар жіберді. Мұнымен шектелмей, генерал Куропаткинің тамыздың 12 – сіндегі нұсқауы бойынша қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактары қаруландырылды.

Жазалау отрядтарының жанынан, облыстың уездік қалаларында әскери дала соттары құрылды.

Азғана уақыт ішінде көтеріліс Шу өзені мен Ыстықкөлге жаспарлас жатқан бүкіл аумақты қамтыды. Көтерісшілер Қастек тауы өңіріне, Үлкен және кіші Кебен, Асы, Шілік, Сусамыр өзендерінің аңғарына, Талас өзенінің жоғарғы ағысына топталды. Олар телеграф желілерін қиратып, почта стансаларына, болыс ауылдарына шабуыл жасады.



7. Амангелді Имановтың көзқарастары

көтерілістен көп бұрын-ақ қалыптасқан болатын. 1905 жылғы революция мен Столыпин реакциясы дәуірінде-ақ үкіметке қарсы бас көтеруге-қатысқаны үшін ол ауыл әкімдері мен патша чиновниктері та-рапынан қуғынға ұшырап, Торғай даласының шалғай ауылдарына жасырынып жүруге мәжбүр болған-ды. Ол барлық жерде кедейлерді қорғап, байлардың өшпенділігін туғызып жүрді. Ол талай уақыт түрме қапастарында отыруға мәжбүр болды. Амангелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Ұшы-қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер отрядтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас көмір кен орындарының және Орынбор-Ташкент темір жолының жұмысшылары келіп қосылып жатты. Амангелді Имановты жақтаушылардың қатары күннен-күнге өсе берді. Оған Торғай облысындағы жақын жатқан Қостанай, Ырғыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер октябрьдің бас кезінде Амангелді Има¬новтың отрядында 5 мыңдай адам болса, 15—20 күннен кейін-ақ олардың катары 50 мың адам шамасында болды. Көтерілісшілердің арасында жастар көп болатын. Көтерілісшілер-армиясының штабы Торғай даласының қиыр түкпірінде, Батпаққара маңында болды.

Амангелді Имановтың ставкасына қайсыбір тәртіп дегенді білмейтін ұйымдаспаған бұқара келіп жатты. Сондықтан Амангелді қолданған бірінші шара әскери отрядтарға біріккен ондаған мың сарбаздар арасындағы әскери тәртіпті нығайтып, машықтандыру болды.



Амангелді Сарбаздары (Ә.Қастеев 1970ж.)



III Қорытынды

1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алады. Бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайларында көтерілістің жалпы жұрт таныған басшылары Ә.Жанбосынов, А.Иманов, Ж.Мәмбетов, Ұ.Саурықов, Б.Әшекеев, О.Шолақов, А.Жүнісов, Қ.Көкембаев, И.Құрманов, Т.Орысов, Ж.Кұдайбергенов, С.Қанаев, М.Ұзақбаев, А.Сұлтанбеков жене басқалар, көтерілісшілердің саяси көсемдері Т.Бокин, Т.Рысқұлов, С.Мендешев, Ә.Жангелдин, Б.Алманов жөне басқалар кезінде Сырым Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Жанқожа Нұрмұхамедов, Кеңесары және Наурызбай Касымовтар, Байзақ

Мәмбетов және басқалар жүргізген тәуелсіздік жолындағы күреске халықты көтерді.

Көтеріліс отаршылдыққа қарсы және империализмге қарсы бағытта бол¬ды. Көтерілістің басты міндеті — халықты отаршылдық езгіден ұлттық және саяси жағынан азат ету міндетімен салыстырғанда, таптық мәселе (ауылдың бай үстем топтарына қарсы күрес) екінші кезекте қалды. Біркатар жерлерде және белгілі бір кезеңде көтеріліс халықтық соғысқа ұласты (оның Жетісу және Торғай облыстарындағы жекелеген ошақтарында).



Тарихи маңызы.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Ресей империясындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың одан әрі асқына түсуіне себепші болды. Ол түптеп келгенде 1917 жылғы ақпанда Ресей империясында монархиялық билік жүйесінің құлауын жақындатқан себептердің және жалпы шығыстың отар халықтарының (Қытай, Парсы, Үндістан, т.б.) империалистік езгіге қарсы ХХ ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды.



IV Пайдаланыған әдебиеттер

1. «Қазақ тарихы» 2004ж. №1 87 бет

2. С. Кэреу. Кеңес империясы. Орта Азия түріктері және сталинизм 90 бет.

3. «Қазақ тарихы» 2004ж. №1 92 бет



4.Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 3-том 639,647 беттер

5.Қозыбаев М.Қ. Қаһарлы 1916жыл (Құжаттар мен материалдар жиынтығы) Алматы. «Қазақстан», 1998ж. 163, 148-150 беттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет