1.«Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы»



Дата14.01.2020
өлшемі19,16 Kb.
#55848
Байланысты:
Инклюзив
маржан, маржан, Адам және әлем, Inf kabPasword (1), 1234696, Жасыл-сары-қызыл кесте есебі, docx1581060230, docx1581060230, docx1581060230, Жасанды интеллект, 2017анықтамалар, 00004841-ecff99a3
125- кесте - Инклюзивті білім беру шеңберіндегі нормативтік құқықтық актілер Халықаралық құжаттар

1.«Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы» БҰҰ Конвенциясы (1960 ж.) Негізгі идея: білім берудің жалпыға қол жетімділігіне және оқыту сапасына қатысты тең жағдайларға құқық.

2. 2016 жылғы қаңтарда ҚР Үкіметі бекіткен. «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясы (1989 ж.) Негізгі идея: қандай да бір кемсітусіз тегін және міндетті білім алу құқығы.

3. 1994 жылғы маусымда ҚР Үкіметі бекіткен. «Барлығы үшін білім беру» Декларациясы (1990 ж.) Негізгі идея: барлық адамдарға – балаларға, жастарға, ересектерге-олардың базалық білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған білім алуға мүмкіндік беріледі.



4. «Ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың білім беру саласындағы ұстанымдары, саясаты және практикалық ісәрекеттері туралы» Саламанка декларациясы. Саламанка, Испания, 1994 ж Негізгі идеялар: білім беру саласында ерекше қажеттілігі бар тұлғалар педагогикалық әдістер негізінде оларға жағдай жасауы тиіс, кәдімгі мектептерде оқуға қол жеткізуі тиіс.

5. Мүгедектердің құқықтары туралы конвенция (2006 ж.) Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттамаға қол қою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 желтоқсандағы N 711 Жарлығы 24-баптың негізгі идеялары: 1. Қатысушы мемлекеттер мүгедектердің білім алуға құқықтарын таниды. Осы құқықтарды кемсітусіз және мүмкіндіктерінің теңдігі негізінде жүзеге асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейлерде инклюзивті білім беруді және өмір бойы оқытуды қамтамасыз етеді, бұл ретте: а) адами әлеуетін, сондай-ақ қадір-қасиеті мен өзін-өзі құрметтеу сезімдерін толық дамытуға және адам құқықтарын, негізгі бостандықтарын және адами алуан түрлілікті құрметтеуді күшейтуге; b) мүгедектердің жеке тұлғасын, талантын және шығармашылығын, сондай-ақ олардың ақыл-ой мен дене қабілеттерін толық көлемде дамытуға; 365 с) мүгедектерге еркін қоғам өміріне тиімді қатысу мүмкіндігін беруге ұмтылады. 2. Бұл құқықты жүзеге асыру кезінде мемлекеттер: а) мүгедектердің жалпы білім беру жүйесінен, ал мүгедек балалар – тегін және міндетті бастауыш және орта білім беру жүйесінен мүгедектігі себепті шығып қалмауын; b) мүгедектердің өздерінің тұратын жерлерінде инклюзивті, сапалы әрі тегін бастауыш және орта білім беруге басқалармен теңдей дәрежеде қол жеткізуін; c) жеке қажеттіліктерді ескеретін ақылға қонымды құрылғымен қамтамасыз етілуін; d) мүгедектерді тиімді оқытуды жеңілдету үшін оларды жалпы білім беру жүйесінің ішінде қажетті қолдауға ие болуын; e) білімді игеру мен әлеуметтік дамуға барынша жағдай жасайтын ахуалда, соған сай толық қамту мақсатындағы жеке қолдауды ұйымдастыру жөніндегі тиімді шаралар қабылдануын қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметі 2015 жылы бекіткен 126- кесте -Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасының Конституциясы (Республикалық референдумда қабылданды 30.08.1995 ж.) 30-бап Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

6. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы 15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы 1.Әрбiр баланың бiлiм алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасының бiлiм туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім және конкурстық негiзде тегiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 3. Арнаулы педагогикалық тәрбиенi қажет ететiн кемтар балаларға мемлекеттiк бюджеттен белгiленген стандарттар деңгейiнде олардың бiлiм алуына кепiлдiк беретiн қосымша қаражат бередi.

7. «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналықпедагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі N 343 Заңы 15-бап. Кемтар балалардың құқықтары 5)психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес арнаулы бiлiм беру ұйымдарында немесе мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында тегiн мектепалды және жалпы орта бiлiм алуға;

8. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан 29-бап. Мүгедектерге бiлiм алуы және мектепке дейiнгi тәрбие алуы үшiн жағдайларды қамтамасыз ету 1. Мүгедектерге тегiн бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 366 Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі N 39 Заңы. бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 2. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен мүгедек балалар үшiн техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға оқуға түсу кезiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде қабылдау квотасы көзделедi. 3. Мемлекеттiк бiлiм беру гранттарын бюджеттiк қаржыландыру арқылы тегiн мемлекеттiк бiлiм алуға арналған конкурсқа қатысқан кезде көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда медициналық қорытындыға сәйкес тиiстi бiлiм беру ұйымдарында оқуына болатын бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң, бала кезiнен мүгедектердiң, мүгедек балалардың басым құқығы бар.

9. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы. Заң өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. Арнаулы әлеуметтік қызметтер - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені; 1. Адам (отбасы) мынадай негіздер бойынша өмірлік қиын жағдайда жүр деп танылуы мүмкін: 1) жетімдік; 2) ата-ана қамқорлығының болмауы; 3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девиантты мінез-құлық; 4) кәмелетке толмағандардың арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы; 5) туғаннан бастап үш жасқа дейінгі балалардың ерте психофизикалық даму мүмкіндіктерінің шектелуі; 6) дене бітімі және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы; 7) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі; 8) жасының егде тартуына байланысты, бұрынғы ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмауы; 9) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікпен қарау; 10) баспанасыздық (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

10. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы (01.01.2019 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың (балалардың) 367 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар; 19-3) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар; 8-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер 2. Мемлекет Қазақстан Республикасы азаматтарының тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім алуын, техникалық және кәсіптік білім алуын... Мемлекет инклюзивті білім берудің мақсатын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейінде даму мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 49-бап. Ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері 1. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің: 1) баланың тілегін, жеке бейімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға; 4) өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға; 5) балаларының шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығы 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім берудің 30%-ы, орта білім берудің 70%-ы және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 40%-ы инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау, сондай-ақ арнайы ұйымдар желісін кеңейту (ПМПК, ППТК) жоспарланған. Брайль қарпімен (көрмейтіндер үшін) және үлкейтілген қаріппен (нашар көретіндер үшін) басылған оқулықтарды әзірлеуге қаражат көзделген. Электронды оқыту жүйесін қолдану үшін оқу үрдісінде сурдоаудармамен бейне-сабақтар порталы құрылды (http://mediakurs.kz) оның ішінде 80 танымдық, 20 оқу- 368 танымдық, 12 анимациялық фильмдер орналастырылған.

12. «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысы. Білім беру ұйымдарының барлық түрлері бойынша, барлық білім беру ұйымдары үшін ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің Штаттары көзделген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Нормативтік-құқықтық құжаттары «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығы. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидалары; 5. Жеке тұлғаның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу бағдарламаларының мазмұнына, білім алудың қолжетімділігіне жағдайлар жасалуына қарай барлық деңгейлерде оқыту күндізгі, сырттай, кешкі, экстернат және ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысандарында жүзеге асырылады 6. Мемлекет инклюзивті білім беру мақсаттарын іске асыра отырып, білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттілігі бар азаматтарға олардың білім алуына, дамуындағы ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне арнайы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді. 7. Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт білім беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде немесе тиісті үлгілік оқу жоспарларына сәйкес стационарлық көмек көрсететін, сондай-ақ қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту ұйымдарында тегін жеке оқыту ұйымдастырылады. 25. Білім беру ұйымдарында білім алушылардың заңды өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларды инклюзивтік білім беру жағдайларында оқыту (бір сыныпта білім алуға ерекше қажеттілігі бар кемінде екі баланың оқуына рұқсат етіледі) және (немесе) дамудағы бұзылулардың түрлері бойынша арнайы сыныптарды ашу көзделген. Инклюзивті білім беру жағдайларында білім алатын білім алуға ерекше қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы және ұсынымдары 369 бойынша үлгілік оқу немесе жеке оқу бағдарламасы бойынша оқиды. Инклюзивті білім беру жағдайларында және (немесе) арнайы сыныптарда білім алатын білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін түзету сабақтарын арнайы педагогтар (дефектолог олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед) жүргізеді. «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым минстрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №70 бұйрығы Осы бұйрыққа сәйкес білім беру ұйымдарының барлық санаттағы балалар (ЕБҚ) үшін білім беру ұйымдарында түзету-дамыту ортасын құру үшін жабдықтармен және жиһазбен қамтамасыз етіледі. Компьютерлік түзету-дамыту ойындары мен бағдарламалары дамуында кемістігі бар балалардың даму ерекшеліктерін ескеруі және осындай балаларға қажетті арнайы қадамдық дамытушы оқытуға бағытталуы тиіс. Олар бір немесе бірнеше мақсаттарды ойын процесінде жетістікті біріктіруі керек: көру қабілетін түзету; есту қабылдауын дамыту; оқушының қабылдауын, зейінін, есте қалуын түзету; ойлау операцияларын дамыту; ауызша және жазбаша сөйлеудің әртүрлі жақтарын түзету және дамыту; оқу жетістіктерін бекіту, әлеуметтік дағдыларды дамыту. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы Білім алушылардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын меңгеруін бақылау мақсатында білім беру ұйымдары ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және қорытынды аттестаттауды жүзеге асырады «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 Бұйрығы Білім беру ұйымдары осы бұйрықтың негізінде педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының бекітілген үлгілік біліктілік сипаттамаларын ескере отырып, педагог кадрларға қажеттілікті қанағаттандырады. Олар білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан мыналарға негіз болады: құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер жасау; қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен 370 жауапкершіліктерін белгілейтін лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу; кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу; білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу. "Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығы. Балалардың ПМПК-ға жіберілуі ата-аналарының (заңды өкілдерінің), білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының бастамасымен ата-анасының (заңды өкілдерінің) келісімі арқылы жүзеге асырылады. Бірінші тексеруге анамнез жинау, дәрігерлердің (сурдолог, офтальмолог, невропатолог, психиатр), педагогтердің (әлеуметтік педагог, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед), психологтың тексеруі, баланың психофизикалық жағдайын бағалау, ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беру кіреді. Бірінші тексеру бір немесе төрт қабылдау барысында жүргізіледі. Қабылдаудың ұзақтығы бір сағат, баланың шаршауы жоғары болғанда 20-30 минут. Қайта тексеру ПМПК-ның жалпы қорытындысын нақтылау немесе өзгерту мақсатында жүргiзiледi, ең алдымен диагностикалық топтарда, диагностикалық оқутүзеу сабақтарынан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы, орта бiлiм беру ұйымдарындағы сынама оқытудан кейiн зияткерлік немесе тілдік даму кемiстiгiнің деңгейiн нақтылау қажеттiгi болған жағдайда жүргізіледі. Тексерулер нәтижелері негізінде ПМПК-ның жалпы қорытындысы қабылданады, баланың жеке психофизикалық ерекшеліктеріне қарай түзете-дамыта оқыту барысындағы білім беру бағдарламасының түрі туралы алқалық шешім қабылданады. Қажет болған жағдайда медициналық, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ұсынымдарды қарастыратын жеке түзете-дамыту бағдарламасы жасалады, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация беру жүзеге асырылады. "Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) сәйкес үйде оқитын мерзімі көрсетіле отырып, дәрігерлік-консультациялық комиссияның бала денсаулығының жағдайы туралы қорытындысы үйде жеке тегін оқуға негіз болып 371 табылады. "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығы. Осы "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялықэпидемиологиялық талаптар" Объект салынатын жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға, пайдалануға, сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, ауаны баптауға, жөндеуге және күтіп-ұстауға, тұру, тамақтану, оқыту жағдайларына және өндірістік практикаға, өндірістік бақылауға, персоналдың еңбек және қызмет көрсету жағдайларына, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет