2- «Б» сынып Дүние тану Тақырып: Адам, өсімдіктер, жануарлар. С/ж: Худайбергенова З



Дата24.04.2017
өлшемі86,04 Kb.
#14733
Х. Әлімжан атындағы №85 жалпы орта мектеп

2- «Б» сынып

Дүние тану

Тақырып: Адам, өсімдіктер, жануарлар.

С/ж: Худайбергенова З.

2012-2013 оқу жылы



Пәні: Дүниетану Сыныбы:2-«Б»

Сабақтың тақырыбы: Адам, өсімдіктер, жануарлар.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру, талқылау арқылы, олардың ойлау, пікірлеу, іздену қабілеттерін дамыта алатындай орта құру.

А) Оқушылардың бір – бірімен ой – пікір алмасуына мүмкіндік беру.

Б) Оқушыларға адам, өсімдіктер, жануарлар бір – бірімен тығыз байланысты екендігін түсіндіру.

В) Жұпта, топта бір – бірінен үйренуге дағдыландыру.

Г) Оқушылардың бойында бір – біріне деген сыйластық, мәдениеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

А) Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеру арқылы тірі және өлі табиғаттың өзара байланыстылығын түсінеді.

Б) Қоршаған ортаны қорғау керектігін аңғарады.

В) Жеке жұпта, топта бір – біріне сенімділік білдіріп, ұйымшыл болып, білгендерін бір – біріне үйретеді.

Г) Топ болып жұмыс істеу барысында өзара сыйластықты үйренеді.

Бағалау: Оқушылар топтағы белсенділігі, сұрақтарға берген дұрыс жауабы үшін бағаланады, өзіндік бағалау парағынан пайдаланады.

Көрнекті құралдар: плакаттар, өсімдіктер, үйлестірме қағаздар.

Әдістер: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.

Топқа бөлу: Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді:

1 топ – үш бұрыш

2 топ – төрт бұрыш

3 топ – бес бұрыш

I Қызығушылықты ояту сатысы:

Мұғалімнің сұрағы: Адам, өсімдік, жануарлар және олардың бір – бірімен үнемі байланыста болатындығы туралы қандай мәліметтерді білесіз?



Мұғалім нұсқауы: Қазір осы сұрақ бойынша жеке түрде бар білгендеріңізді жазыңыздар. Кейін, жиналған мәліметтерді жұпта, одан кейін топта талқылап ұжымға жариалауға дайындаласыздар.

1 топ.Табиғат 2 түрге бөлінеді. Олар өлі және тірі табиғат.

Адам, өсімдіктер және жануарлар -- тірі табиғаттың негізгі бөлігі есептеледі. Олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.



жұлдыз

адам күн
Тірі табиғат

өлі табиғат


топрақ

ай

өсімдік жануар су жер
2 топ.

Жануарлар өмір сүруі үшін су, ауа, азық, күн сәулесі тағы басқалар қажет. Жануарлар 2 түрге бөлінеді: Олар үй жануарлары және жабайы аңдар.



Бұзау Сиыр Қоян Қасқыр
Үй жануарлары

Жабайы аңдар

Қой

Аю

жылқы Маймыл Түлкі




Түйе


3 топ.

Өсімдіктердің адамзат өмірінде атқаратын қызметі мен маңызы зор. Өсімдіктер бірнеше бөліктерден тұрады:



Тамыры гүлі
Өсімдіктер


жапырағы тұқымы


II Мағынаны тану сатысы.



Аузекі ғылыми жұмыс. «Егер мен ... болсам»

Мұғалімнің нұсқауы : Ғылыми жұмыста әр бір топ өздерін «жер, су, ауа» ның орнында болып қалған жағдайда адамдар үшін қандай пайда әкелетіндігін айтып береді.

1топ. «Егер мен су болсам» Бүкіл әлемге өзімнің таза суымды беретін едім. Завод және әр түрлі кәсіпорындардан шығатын лас суларды жоғалтып, таза судың мөлшерін көбейтер едім.

2топ. «Егер мен ауа болсам» Адамдардың денсаулығы мықты болып, ұзақ өмір көруі үшін, ауаның ластауына жол бермей, таза ауа болатын едім.

3топ. «Егер мен жер болсам» Адамдар үшін қызмет етер едім. Өнімді жерлерімді өсімдіктердің саналуан түрлерін көбейткен болар едім.

Тынығу сәті. Өз – өзімен (реалаксация) әуенмен.

Табиғат адамды қуанышқа бөлеп, жақсы көңіл күй сыйлайды. Табиғат аясында тыныққан әрбір жан өзін жақсы сезінеді.

Барлығымыз денемізді бос қойып, көздерімізді жұмамыз. Өзімізді көкімтір, тынық, таза, дертке ем болатын су қайнап шығатын бұлақ жағасындамыз деп есптейік. Бұлақ айналасында құстар сайрап, гүлдерден – гүлдерге қонып, көбелектер ұшып түр. Алыстан әр түрлі жануарлардың дауысы естіліп жатыр.

Енді барлығымыз иіліп дертке ем болатын бұлақ суынан бір уыс алайық. Бұлақ суы бізге бір нәрселер айтпақшы сияқты.

Алақанымыздағы суды бір тамшысында төкпестен орнымыздан тұрып, алдыңғы қалпымызға оралып көзімізді ашайық.

Мұғалім нұсқауы:

Енді айтыңдаршы бұл су бізге не айтпақшы болды және сіз бұл судан қандай мақсатта пайдаланған болар едіңіз?

Сусыз тіршілік өмір сүре алмайды. Мен бұл суды бүкіл әлемге тарататын едім.

Су табиғаттың бізге берген сыйлығы болғандықтан мен бұл суды ата – анамға, аға – інілеріме бөліп берген болар едім.



Жаңа тақырыпты жеке оқу және топта талқылап дәптерге түртіп алу.

III Ой толғаныс сатысы.

Табиғатты аялауымыз және оның жойылып кетпеуі үшін бар күшімізді салуымыз керек.

Мен сіздерге заманауий тақырыпқа сай табиғат туралы «Алтын балық және балықшы» ертегісін айтып беремін.

«Алтын балық және балықшы»

Бұрынғы өткен заманда бір адам өмір сүріпті. Оның үйі кішкентайғана болып, айналасы ағаш, гүлдермен қоршалған екен. Үйінің қасынан суы таза теңіз ағып өтеді екен. Адам сол теңізден балық аулап, теңіз суында шомылып, өмір суреді екен. Ол ертеден кешке дейін табиғат құбылыстарын күзетуді ұнатады екен. Қызығы, бұл адам өмірінде бір рет болсада дертке шалдықпаған екен.

Бір күні бұл адам теңізден балық ауламақшы болып қармағын теңізге тастапты, қараса қармағына алтын балық ілініпті.

Бұл адам асыға:

Сен кімсің? – депті.

Мен алтын балықпын. Тіле тілегіңді орындаймын, бірақ мені қайтып суға жіберші депті.

Маған үлкен зәулім сарай керек, кішкене үйде турудан жалықтым депті.

Балық бір сөз демей суға сүнгіпті.

Адам үйіне келсе, бұрынғы үйінің орнында үлкен зәулім сарай тұр екен, тек төрт-бес ағаштар жұлынып тасталған екен.

Арадан бірқанша уақыт өтіп, адам тағыда алтын балықтың қасына келіп маған машина керек депті. Көз ашып жұмғанша үйінің алдында улкен, әдемі машина пайда болып қалыпты. Бірақ үй айналасындағы гулдердің орнына машина үшін жол салыныпты.

Сол күннен бастап үй айналасы жанармай иісінен уланып, ағаштар, құстар, гүлдер, азая бастапты.

Адам ол балыққа енді менің бай болғым келеді, маған мынау орманды да, жасыл өсімдіктердің де мүлде қажеті жоқ. Менің соңғы тілегім, маған үлкен завод салып бер депті.

Балық адамдың тілегін орындапты. Орманның орнына үлкен завод салынып, жұмыс бастапты.

Бұл заводтан шығатын қара түтіндер көм – көк аспанды қарайтырыпты. Завоттан шығатын лас сулар теңізді улапты.

Адамдың тыныс алуы қиындап, дертке шалдығыпты.

Адам жүгіріп алтын балыққа барыпты, бірақ кеш еді, теңізде тірі жан қалмаған еді.

Сол кезде ғана адам өз қатесін түсініпті, бірақ кеш еді. Ол бүкіл табиғаттың адамға берген сыйлығын жоғалтқанын сезіпті..,



Мұғалімнің нұсқауы: Ертегі кейіпкері негізінде «кейіпкермен сұхбат» өткізіледі. Мұнда бір оқушы кейіпкер, қалғандары ертегі негізінде сұрақтар қояды.

Сұрақ: Сіз не үшін зәулім сарай салдырдыңыз?

Жауап: Мен үлкен, әдемі, зәулім ғимараттарда түрғанды ұнатамын.

Сұрақ: Сіз не себепті үлкен завод салдырдыңыз?

Жауап: Бай болып өмір сүргім келді.

Сұрақ: Сіз алтын балыққа тағыда жолығып қалсаңыз нені сұраған болар едіңіз?

Жауап: Мен алтын балықтан тағыда, кездесіп қалсам жасыл даламды, ормандарымды, сан алуан гүлдерімді қайтарып беруін сұраған болар едім.

Үйге тапсырма: «Кейіпкерге хат» жазасыздар. Мұнда ертек кейіпкеріне «не айтқыңыз, қандай насихат бергіңіз келеді, нені дұрыс істеді» - деген сұрақтарға жауап жазасыз.

Аты-

жөні


Диалог

Топтың жұмыстағы белсенділігі

№1


Топтың жұмыстағы белсенділігі

№2


Эссе Көркемділігі Өзіндік пікірінің болуы

Жалпы ұпай

Баға

Ұпай

деңгейі


4 6 8

4 6 8

4 6 8

4 6 8




























28-32 ұпай – «5»

21-27 ұпай – «4»

14-20 ұпай – «3»
Бастауыш сынып мұғалімі: Худойбергенова З.С

Х.Әлімжан атындағы ?85 жалпы орта мектеп

Пікір

Мен бастауыш сынып оқытушысы Худойбаергенова Зухра 2-«Б» сыныбында дүниетану пәнінен «Адам, өсімдіктер, жануарлар» тақырыбында ашық сабақ өттім.

Бұл сабақта «Сын тұрғысынан ойлауды» дамыту педагогикалық технологияны пайдаландым. Қызығушылықты ояту сатысында «топтау» әдісінен, мағынаны тану сатысында «жұпта талқылау», «еркін жазу» әдістерінен, ой толғаныс сатысында «кейіпкермен сұхбат» әдісін пайдаландым.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясын үйрету үшін , оқушыларға ойларын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялармен пікірлерді қабылдау, оқушылардың белсенді іс әрекетін қолдау, сабақтағы белсенділіктерін бағалау керек.

Бұл сабақта менің рөлім, «үйрену процесінде» оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз пікірлерін айтуға қолдау көрсетіп отыру.

Бұл сабақта оқушылардың оқуға деген ынта- ықыласы артты, басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренді.



Еркін сөйлеп, дұрыс сұрақ қоюды үйренді.
Каталог: materialy -> bastaysh1
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Кыдыралиева Урила Мырзакаримовна Сыныбы-3 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Сапарова Улжанар Нұрхановна Сыныбы-4 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Тулепова Сарсенкул Сыныбы-2 Пәні: Ана тілі
bastaysh1 -> Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласының «№18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектеп» коммуналдық мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақ Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы А. С. Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Нурмаханова Бибигуль Толегенова Сыныбы-1 Пәні: Қазақ тілі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр. Сабақтың мақсаты
bastaysh1 -> Түлкібас ауданы, Састөбе ауылы Макаренко атындағы жалпы орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем Сабақтың мақсаты: Білімділігі
bastaysh1 -> Сабақтың тақырыбы: Сын есім Сабақтың мақсаттары : Білімділік: Оқушыларға сын есім жөніндегі білімді жете меңгерту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет