2. 2 Дәрістік сабақтар тезистері Дәріс №1 Атыс негіздері



бет1/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,6 Mb.
#10042
  1   2   3
2.2 Дәрістік сабақтар тезистері

Дәріс №1 Атыс негіздері

Ату — дәрілі зарядтың жануы негізінде пайда болған газ қысымымен ұңғы арнасынан оқтардың (снарядтар-дың, гранаттардың) шығуы.

Ату өте аз уақыт ішінде жүзеге асады (0,001—0,06 с). Патрон капсюлінің күш түсетін құрамына соққыдан дәрілі зарядты тұтандыра-тын жалын пайда болады. Дәрілі заряд жанған кезде ұңғы арнасында жоғары қысым тудыратын қатты қызған газдың көп көлемі пайда бола-ды. Газдың кысымымен оқ орнынан қозғалады да, кертікке соғылады, бірте-бірте үздіксіз артқан жылдамдықпен ұңғы арнасынан қозғалады да, ұңғы арнасының осі бойымен сыртқа шығарылады. Оқ соңынан ұң-ғы арнасынан қызған газ шығады, ауаға кезіккенде ату кезіндегі дыбыс болып табылатын жалын жөне күшті толқын жасайды.

Ұңғы ішіндегі кертік бұранда сияқты орындалатындықтан, оқ ұңғы-мен келе жатқанда айналмалы қозғалыста болады.

Атыс төрт кезеңнен тұрады.

Бастапқы кезең дәрілі зарядтың жаңа бастауынан оқ қабының ұң-ғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Осы кезеңде ұңғы арнасын-да оқты орнынан козғайтындай жөне оны ұңғы кертігінде оның қабы-ғының кедергі жасауын болдырмайтындай 2500-5000 Н/см2 (250-500 кгс/см2) қысым пайда болады. Бірінші немесе негізгі кезең оқтың қозғала бастауынан дәрілі зарядтың толық жануына дейін созылады.

Бұл кезеңнің басында, оқтың 4-6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік (оқ түбі мен оқсауыт түбінің аралығы) көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез ұлғайып, едәуір мөлшерге көтеріледі (ең жоғарғы қысым), атап айтқанда, 1943 ж. үлгідегі атыс қаруының оғының артына түсіретін салмағы - 27450 Н/см2 (2800 кгс/см2).

Екінші кезең — дәрілі зарядтың толық жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі тоқтаса да, қат-ты қысылған және қызған газ кеңейіп, оқты қысып, оның жылдамдығын тездетеді. Қысым тез төмендеп, әр түрлі үлгідегі қарудың ұңғы аузын-да ол 3000-9000 Н/см2 (300-900 кг/см2-ге) жетеді.

Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең — ұңғы арнасына оқтың шығуы сәтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сәтіне дейін созы-лады. Ұңғы арнасынан шығатын дәрілі газ ұңғының аузынан бірнеше ондық сантиметр бойына окқа әсер етуін жалғастыра береді де, оның жылдамдығы оқ түбіндегі дәрілі газ қысымы ауа кедергісімен теңеспейінше өсе береді. Одан әрі оқтың ауада ұшуы инерцияға байланысты жалғаса береді және ол белгілі дәрежеде оның бастапқы жылдамдығына байланысты болады.

Оқтың бастапқы жылдамдығы — оқ ұңғы арнасынан шыққаннан кейінгі оқтың ұшу нүктесіндегі қозғалыс жылдамдығы болып табылады. Ол v0 таңбасымен белгіленіп, м/с-мен өлшенеді.

Оқтың бастапқы жылдамдығы қарудың маңызды ұрыстық қасиеті-нің бірі болып табылады. Бастапқы жылдамдығының артуы оқтың алысқа ұшу қашықтығын арттырады, сыртқы жағдайлардың оның ұшуына кедергі жасауын төмендетеді.

Оқтың бастапқы жылдамдығының шамасы ұңғының ұзындығына, оқтың салмағына, дәрілі зарядтың салмағы мен басқа факторларға байланысты. Ұңғы ұзын болған сайын (белгіленген шамада) дәрілі газ оққа ұзағырақ әсер етеді және оның бастапкы жылдамдығы да тезірек болады. Ұнғының тұрақты ұзындығы мен дәрілі зарядтың тұрақты салмағына байланысты оқ салмағы аз болған сайын, бастапқы жылдамдық тезірек артады.

Қарудың серпуі (кері соғуы). Ұңғы арнасында газ қысымы барлық жаққа бірдей әсер ететін болғандықтан, ату кезінде ол оқты алға жылжытып қана коймай, каруды артқа жібереді. Ату кезінде қарудың артқа қозғалуы — серпу (кері серпу) деп аталады. Атыс каруының серпуі иыкка, қолға немесе жерге ұрғанда сезіледі. Қолмен ату қаруы серпуінің күші, әдетте, 2 кг-дан артпайды да, ол атушыға ауыртпалықсыз әсер етеді.

Оқ серпуді тудыратын дәрілі газдың қысым күші мен серпу кедергі-сінің күші бір тік осьте орналаспаған және қарама-қарсы жақтарға бағытталған.

Олар карудың ауыз бөлігінің жоғары жаққа ауытқуының әсер ете-тін күштер жұбын түзеді (29-сурет) Ауытқу көбірек болған сайын күш-тер жұбының иыққа тебуі де үлкен болады. Оның нәтижесінде оқ ұңғы арнасынан атуға дейін берілгені бойынша ұңғы арнасының осы бағы-тымен емес, одан атылған сәттегі ұңғының арнасының осы орна-ласқан бағытпен ұшады. Атуға дейінгі үңғы арнасы осі бағытында және ұңғы арнасынан оқтың ұшу сәтіндегі бағыты бойынша түзілген бұрыш — ұшу бұрышы деп аталады. Бұл бұрыштың көлемі нақты мәнге ие және атқыштың даярлығына байланысты болады. Ұшу бұрышын тұрақты көлемде сақтау үшін үшін, атқыш даярланудың барлық элементтерін түгел орындау керек.

Оқтың ауада ұшуы. Бұрандалы кертігі бар үңғы арнасынан атқан кезде дәрілі газдар окка тек кана үшу қозғалысын емес, айналдыру козғалысын да береді. Мүнда оған екі күш әсер етеді: ауырлық күші және ауаның қарсылық күші. Ауырльщ күші окты лақтыру сызығынан бірте-бірте бірте көбірек ауытқыта береді. Ауаның қарсылық күші оқ қозғалысын бәсевдете береді, бағытынан оны тайдыруға тырысып, окты айналу жағына қарай ауытқытады. Осы екі күштің әсерінен оқ ауада ұңғы арнасынан лақтырған кездегі тік бағыт бойынша емес (лақ-тыру бүрышы) лақтыру сызығынан төмен орналасқан біркелкі емес иілген сызық көлбеуі бағыты бойынша ұшады (ЗО-сурет).

Ауада ұшу кезіндегі оқ ауырлығы орталығын сипаттайтын көлбеу сызық - траектория деп аталады.

Ұшу кезінде оқтың лақтыру сызығы арқылы өтіп, оның айналуы жағына қарай ауытқуы - деривация деп аталады.

Түзу ату және оның практикалық маңызы.

Түзу ату дегеніміз - оқтың (снарядтың) ұшу траекториясы өзінің бар ұзына бойында нысанадан жоғары көздеу сызығынан көтерілмей-тін атыс.

Түзу атудың практикалық мәні сонда ұрыстың шиеленісті жағдай-ында атыс көздеуішті қоймай-ақ жүргізілуі мүмкін. Бұл нысананы жою жеделдетіп, қарсыластың жауап атысының алдын алуға мүмкіндік береді.

Дәріс№2 Автоматтың (пулеметтің) бөліктер мен механизмдерінің ату кезіндегі жұмысы. Бөліктер мен механизмдердің автоматты ату кезіндегі жұмысы

Ауыстырғышты автоматты атуға қойғанда ауыстырғыш секторы ағытқыш ілмектің тік бүрыш шығыңкысын босатады да, жекелей ату дөңесінің ойығында қалады. Ағытқыш ілмек өз осінің айналасында бұрылуға мүмкіндік алады, жекелей ату дөңесі ағытқыш ілмек пен бірге ауыстырғыш сектормен бұрылудан ұстап тұрылады.

Ағытқыш ілмектің құйрықшасын басқан кезде оның фигуралы шығ-ыңқысы шүріппенің; ұрыстық қайырмасымен іліністен шығады. Шүріп-пе ұрыстық серіппе әсерінен өз осінде айналып соққышқа қатты соғы-лады. Соққыш бұзғыш пен патронның капсюлін қиратады. Патронның капсюлі тұтанады, дәрілі зарядын жандырады да, атыс жүзеге асады.

Оқ дәрілі газдардың әсерінен ұңғы арнасының бойымен козғала-ды, ол газ бөлетін тесіктен өтісімен, газдың бір бөлігі осы тесік арқылы газ каморасына өтеді, газ поршеніне қысым түсіріп, бекітпе жақтауын кері итереді.

Бекітпе жақтауы кері кете отырып, оны тұтқасынан ұстап, кері шегергендегідей фигуралы ойықтың алдыңғы қимасы арқылы ось бойымен айналдырады да, ұңғы қорабының ұрыстық тіреуінен оны ұрыстық шығыңқы шығарады - бекітпе ашылады, ұңғы арнасы ашы-лып, ол серіппенің әсерінен баяу жоғары көтеріледі, ал автоағыткыш дөңесі шүріппенің алдыңғы қуысына тақайды. Осы кезде ұңғы арнасынан оқ ұшып шығады.

Автоматтың ұңғы арнасынан шыққан дәрілі газдар ұңғылық теже-уіш компенсатордың артқы каморасына түседі, кеңейеді де, компенса-циялық саңылау арқылы өтіп, реактивті күш жасайды, ол автоматтың ұңғы бөлігін саңылау орналасуына қарсы жаққа (солға төмен) бұрады. Дәрілік газдардың бір белігі алдыңғы және артқы камораның алдыңғы қабырғасына соғыла отырып, кері соғуды азайтады. Артқы камора саңылауынан шыққан газдардың алдыңғы камораның алдыңғы қабыр-ғасына шағылысқан газдармен түйісуі атыста дыбысын бәсеңдетеді.

Жекелеп атыс жүргізу үшін ауыстырғышты жекелей атысқа (ЖА) қойып, ағытқыш ілмекті басу керек.

Ауыстырғышты "сақтандырғыштағы" жағдайынан "жекелей атыс" жағдайына қойған кезде ауыстырғыш секторы ағыткыш ілмектің тік бұрышты шығыңқысын босатады (ағытқыш ілмек ашылады), ол "жеке-лей атыс септегішінің ойығынан толық шығады да, атыс кезінде соққ-ыш-ағыткыш механизмінің жұмысына қатыспайды.

Ағытқыш ілмектің құйрығын басқан кезде оның фигуралы шығың-қысы шүріппенің ұрыстық кайырмасымен іліністен шығады. Шүріппе ұрыстық серіппенің әсерінен өзінің осінде айналып соққышқа қатты соғылады. Атыс болады. Бірінші атыстан кейін бөліктер мен механизм-дер сол автоматтық атыс кезіндегідей жұмыс атқарады, бірақ келесі атыс болмайды, өйткені ағытқыш ілмекпен бірге жекелей атыстың септегіші алға бұрылып, оның бүртігі шүріппенің ұрыстық қайырма-сының козғалыс жолына тұрады. Қосымша шүріппенің ұрыстық қайыр-масы жекелеп ату дөңесінен асып түседі, ал шүріппе артқы жағдайда қалады.

Келесі атысты жүргізу үшін ағытқыш ілмекті түсіріп, оны қайта басу керек. Ағытқыш ілмек түскен кезде ұрыстық серіппенің әсерінен жеке ату дөңесімен бірге айналады, жекелеп ату дөңесі шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, шүріппені босатады. Ұрыстық шүріппенің әсерінен шүріппе айналады, алдымен баяулаткыш ілгеше-гіне, содан соң оның ортаңғы шығыңқысына соғылады да, ұрыстық қайырмаға тұрады. Ағытқыш ілмекті басу кезінде онын фигуралы шығыңқысы шүріппенің ұрыстық қайырмасымен бірге ілгіштен шығып, бөліктер мен механизмдер жұмысы қайталанады. Кезекті атыс болады.

Бастапқы кезең дәрілі зарядтың жаңа бастауынан оқ қабының ұң-ғы кертігіне толық енуіне дейін созылады. Осы кезеңде ұңғы арнасын-да оқты орнынан козғайтындай жөне оны ұңғы кертігінде оның қабы-ғының кедергі жасауын болдырмайтындай 2500-5000 Н/см2 (250-500 кгс/см2) қысым пайда болады. Бірінші немесе негізгі кезең оқтың қозғала бастауынан дәрілі зарядтың толық жануына дейін созылады.

Бұл кезеңнің басында, оқтың 4-6 см жолдан өткен кезінде оның артындағы кеңістік (оқ түбі мен оқсауыт түбінің аралығы) көлеміне қарағанда, газдар саны жылдамырақ өседі, газ қысымы тез ұлғайып, едәуір мөлшерге көтеріледі (ең жоғарғы қысым), атап айтқанда, 1943 ж. үлгідегі атыс қаруының оғының артына түсіретін салмағы - 27450 Н/см2 (2800 кгс/см2).

Сосын оқ қозғалысының үлкен жылдамдығы әсерінен оқ артын-дағы кеңістік көлемі жаңа газдар ағынына қарағанда тез өседі де, ал қысымы төмендейді.

Екінші кезең — дәрілі зарядтың толық жануы сәтінен ұңғы арнасынан шығу сәтіне дейін созылады. Газдың келуі тоқтаса да, қат-ты қысылған және қызған газ кеңейіп, оқты қысып, оның жылдамдығын тездетеді. Қысым тез төмендеп, әр түрлі үлгідегі қарудың ұңғы аузын-да ол 3000-9000 Н/см2 (300-900 кг/см2-ге) жетеді.

Үшінші кезең немесе газ әсерінен кейінгі кезең — ұңғы арнасына оқтың шығуы сәтінен оқ жылдамдығы өсуінің тоқтау сәтіне дейін созы-лады. Ұңғы арнасынан шығатын дәрілі газ ұңғының аузынан бірнеше ондық сантиметр бойына окқа әсер етуін жалғастыра береді де, оның жылдамдығы оқ түбіндегі дәрілі газ қысымы ауа кедергісімен теңеспейінше өсе береді. Одан әрі оқтың ауада ұшуы инерцияға байланысты жалғаса береді және ол белгілі

Дәріс№3. Қарудан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.

Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастыруымен, атыс алаңында немесе тирде белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігі-мен қамтамасыз етіледі.

Атыс алаңында немесе тирде атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдыр-мау мақсатында:

— атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргі-зуге;

— атыс басшысының пәрменінсіз (рұқсатынсыз) каруды алуға және оқтауға;

— тіпті оқталмаған автоматтың өзін жан-жаққа адамдар немесе жануарларға, сондай-ақ оны нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар немесе жануарлар бар болатын болса, бағыттауға немесе кезеуге;

— оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;

— атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамға беруге неме-се оны қай жерде болсын қалдыруға;

— "Ат!" пәрменінен (сигналынан) "Тоқтат!" пәрменіне (сигналына) дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тыйым салынады.

Атқыш каруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60 градустан асырмай жоғары қарата ату бағытында ғана ұңғының ауыз жағымен атыс шегіне ұстап түруға міндетті. Қаруды калдырып кету немесе басқа адамға беру тек кана атыс басшылығынын пәрмені бойынша орындала-ды. Бұл жағдайда алдын ала қарудын оғын алып, онда патрондардын қалма-ғанына көз жеткізу керек. Атыс аймағында адам немесе жануар көрінген сәтте атыс дереу тоқтатылады.

Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері. Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға тұрақты дағдыларды жаттықтыру кажет. Винтовкадан ату төсілдері атысқа оңтайлану, көздеу және шүріппені басудан тұрады.

Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану атыс дәлдігіне шешуші әсер ететін винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Атуға ең ыңғайлы жағдай - жатып ату, өйткені ол атқыш пен винтовка-ның ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жатып атуға оңтайлануға ату үшін ыңғайлану, оқтау мен винтовканы орнықтыру енеді.

Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қара-тып, оң қолда ұстап түрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық ад-ым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне тұрады. Сосын, сол қолымен жерге тіреліп, сол аяқтың жанбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25-30° болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салынады.

Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң қолмен жүргізіледі, Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып, патронды бас және сұқ саусақтармен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.

Кіші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіл алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі. Сосын оң колмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусактын бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі.

Атысқа оңтайланып болған соң, орыналасу жағдайының дұрыстығына көз жеткізуі керек. Ол былайша жүргізіледі:

Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын бірне-ше секундқа екі көзін жұмады да, оң не сол көзін ашып (егер атқыш сол қолмен ататын болса), қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағыт-талғанын қарайды.

Жалпы ережелер

Автомат (пулемет) ұрыс жағдайында жарақталған оқжатарымен қоса тасымалданады. Қол пулеметі патрондарымен жарақталған оқжатарының бір бөлігін бөлімше автоматшылары (атқыштары) қолдануы мүмкін.

Автоматтан ату қарсыластың көрінуі күтілетін нысана мен жер учаскесі көрінетіндей кез келген жерден және әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін.

Жаяу тәртіпте орыннан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін түрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды (жергілікті жер жағдайы мен карсылас атысына байланысты). Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.

Ұрыс жағдайында ату орны командир бұйрығымен таңдалынып, жаб-дықталады. Жағдайға байланысты ату үшін орын ретінде ор, оқпана, жыра, сондай-ак тас, ағаш арты не өз бетінше таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалуы да мүмкін. Атыс орнын көзге көрнекті жергілікті заттардан, сон-дай-ақ тау жоталарына таяу жерден таңдамау керек.

Атыс орнын күні бұрын дайындау кезінде берілген секторда немесе бағытта атыс жүргізу мүмкіндігін, яки автомат (пулемет) әр түрлі жергілікті заттарға кезекпен бағыттала алатындай етіп тексеріп алу керек. Автоматтан (пулеметтен) атыс жүргізу ыңғайлы болу үшін және атыс тиімділігін арттыру үшін сағақ астына тіреу дайындау қажет, Егер пулемет сирағы жоғары не төмен қойылса, көздеу кезінде дүмді алға не артқа жылжытып, көтеруге не түсіруге болмайды, бұл мүмкін болмаған жағдайда шынтақ астына тіреу не шұңқыр дайындау керек.

Атуға белгіленген орынды иемдену үшін шамамен мынадай пәрмен беріледі: "Ахметовке (автоматшы немесе пулеметшіге) ату орны сонда — ұрысқа!" Автоматшы бұл пәрмен бойынша ату орнына орналасады да, атуға оңтайланады.

Ату орнын ауыстыру үшін: "Ахметов (автоматшы немесе пулемет-шіге), анау жерге жүгіріп өт - алға!" — деген пәрмен беріледі. Автоматшы (пулеметші) бұл пәрмен бойынша жаңа орынға жылжу жолын, аялдама үшін тасалау жерлерді және жылжу әдісін белгілеп алады. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріл, шапшаңда-тылған адыммен жүгіре өтуімен немесе жер бауырлай жылжиды. Жылжу алдында автоматты (пулеметті) сақтандырғышка қояды.

Жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жылжуда және жүгіріп өтуде авто-мат (пулемет) бір немесе екі қолмен ұсталынады. Пулеметтің тіреу сирақ-тары бұл кезде бөлек болуы тиіс.

Жер бауырлап жылжығанда автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе қүндықтан ұсталынады. Бұл кезде пулеметтің тіреу сирақтары қапталып, ілмекпен бекітілуі тиіс.

Автоматшы (пулеметші) атыс тапсырмаларын табысты орындау үшін автоматтан (пулеметтен) ату тәсілдерін жетік меңгеруі тиіс.

Әрбір автоматшы (пулеметші) ату тәсілдерін орындаудың жалпы ереже-лерін басшылыққа және өзінің жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып, ату үшін мейлінше ыңғайлы және тұрақты орын алып, басы, қол-аяғы мен денесі үшін бірыңғай жағдай жасауы кажет. Автоматшының (пулеметшшің) дене ерекшеліктеріне байланысты атысты сол иықтан жүргізуге және ашық көз-дерімен көздеуге рүқсат беріледі.

Автоматшы (пулеметші) атысқа пәрмен бойынша немесе өздігінен дайындалады. Жаттығу сабақтарында атыска оңтайлану үшін пәрмен бөлек берілуі мүмкін, Мысалы: "Ұрыс шебіне атуға - адым бас!" содан кейін: "Оқта!" Ал егер керек болған жағдайда: "Оқта!" пәрменінің алдында атыс үшін орын көрсетіледі.

Атысқа оңтайлану атыс жүргізетін жерге орналасу мен автоматты (пуле-метті) оқтауды қамтиды.

1) "Белдікке" жағдайындағы автомат үшін - оң қолды белдіктің бойы-мен біршама жоғары көтеріп, автоматты иықтан алады да, оны сол қолмен ағытқыш жақтауы мен ұңғы қорабынан ұстайды, бұдан кейін автоматты оң қолмен ұңғы бастырмасынан және ұңғы жақ құндағынан алға қаратып ұстай-ды. Сонымен бір уақытта оң аяғымен алға толық қадам жасап, сәл оңға жыл-жиды. Алға еңкейіп, өзінің алдына, жерге қояды. Бұдан кейін біртіндеп сол аяғының санына және сол колының иығына сүйеніп, сол жақ қырынан жат-ып, тез етпетінен жатады да, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады; бұл ретте автомат құндағымен сол колдың алақанында ұсталады

2) Автоматты "кеудеге" жағдайында ұстау үшін - сол қолмен құндағы-ның астынан және ұңғы бастырмасынан алып, оны біраз алға, жоғары қарай көтеріңкірейді де, оң қолды автомат бауының астынан шығарады, содан соң бауды бастан асыра тастайды да, оң қолға автоматты ұңғы бастырмасынан және құндақтан алады.

3) Жатып ату автоматты "белдікке" жағдайындағыдай жүргізіледі. Егер пуле-мет "белдікке" жағдайында болса, онда оң қолды белдік бойымен біраз жоғары көтеріп, пулеметті иықтан түсіреді де, оны сол қолмен ағытқыш доғасы мен ұңғы қорабынан ұстайды; содан соң оң қолға пулеметті ұңғы бастырмасы мен құндағынан алып, сол қолмен оның тіреу сирақтарын ажыратады. Осымен бір уақытта оң (сол) аяқпен алға карай толық адым жасайды және алға карай еңкейе ату бағытына қаратып, пулеметті тіреу сирақтарына қояды; сол жағдайда тұрып екі қолымен жер тірейді, аяқты арт-қа жібереді де, етпетінен жатады.

4) Егер пулеметші жер бауырлап жылжыса, онда көтерілмей тұрып пуле-меттің тіреу сирақтарын ажыратады да, пулеметті тіреу сирақтарына қояды, етбетінен жатады да, екі аяғының ұшын екі жаққа жібереді.

Тізерлеп тұрып атуға орналасу үшін автоматты (пулеметті) ұңғы бас-тырмасынан және аузы алдыңғы жаққа қаратылған құндағынан ұстап, осы-мен бір уақытта оң аяқты артқа жібереді де, оң жақ тіземен тізерлеп өкшеге отырады; осы кезде сол аяқтың балтыры тік күйінде қалып, жанбас тура бұрышқа шамалас жақьш болу керек, автоматты құндағымен сол қолға ауыс-тырып, нысанаға қарай бағыттайды.

Автоматтан (пулеметтен) ату пәрмен бойынша немесе қойылған тапсырма мен жағдайға байланысты немесе өздігінен жүргізіледі.

Оқ атуға арналған пәрменде: кімге ату керек, нысана, көздеуіш және көздеу нүктесі көрсетіледі.



3.1-сурет. Көздеуішті кою 3.2-сурет. Нысана көздеуішін кою

Мысалы: "Мынадай автоматшыға немесе (пулеметшіге), төрт бақылау-шы бойымен, нысана түбіне-ат!", "Бөлімше, бес лекпен, беліне—ат!"

400 метрге дейінгі қашықтықтағы нысаналарды ату кезінде көздеуіш пен көздеу нүктесі көрсетілмеуі мүмкін. Мысалы: "Автоматшы (пулеметші), шабуылдаушы жаяу әскерді-ат!". Бұл пәрменде автоматшы (пулеметші) 4 немесе "П" көздеуішімен атады, ал көздеу нүктесін өздігінен тандайды.

Атысты жүргізу (ату) мыналарды қамтиды: көздеуіш пен ауыстыр-ғышты қою, көздеу, шүріішені босату және атыс кезінде автоматты ұстап тұру.

Көздеуішті қою үшін автоматты өзіне жақындатып, оң қолдың бас және сұқ саусақтарымен қамытшаның бекіткішін қысып, қамытшаны көздеуіш тақтасының бойындағы санға оның алдыңғы кырын кажет бөлікпен үйлес-кенше жылжытады (93-сурет). Пулеметте көздеуішті қою көздеуіш тақтасы-ның ішкі жағындағы шкала бойынша жүргізіледі.

Ауыстырғышты талап етілетін атыс түріне қою үшін оң қолдың бас бармағымен ауыстырғыштың шығыңқысын басып, ауыстырғышты автомат-ты атыс жүргізу үшін, бірінші шертпеге дейін - автоматты түрде атыс жүргізу үшін, екінші шертпеге дейін - жекелей атыс жүргізу үшін, төмен бұрады.

Жағдайға байланысты атысты тоқтату уақытша және толық болуы мүмкін. Атысты уақытша тоқтату үшін "Тоқтат!", ол жалғасу жағдайында: "Атысты тоқтат!" пәрмендері беріледі. Бұл пәрмендер бойынша автомат-шы (пулеметші) ағытқыш ілмекті басуын тоқтатып, автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қояды, қажет болса, оқ-жатарды ауыстырады.

Оқжатарды ауыстыру үшін:

— автоматтан (пулеметтен) оқжатарды алу;

— жарақталған оқжатарды қосу керек.

Егер оқжатардағы барлық патрондар шығындалмаған болса, оқталған оқжатарды автоматқа (пулеметке) қосқаннан кейін, автомат сақтандырғыш-тан босатылады, бекітпе жақтауы шегіне дейін кері шегеріліп жіберіледі де, автомат қайтадан сақтандырғышқа койылады.

Атысты толық тоқтату үшін: "Тоқтат!" пәрменінен кейін бұған қоса: "Оғын ал!" пәрмені беріледі. Бұл пәрмен бойынша автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа көздеуішін "П"-ға, ал пулеметте көздеуішті 1-ге және 0-ге қойылып, оғы алынады. Жатып ату кезінде дүм жерге түсіріледі, ал автомат-тың ауыз жағы сол жақ иыққа салынып, сарбаз жағдайға сәйкес әрекет жасайды.

Оқпанадан атыс жүргізу кезінде оғы алынған соң, автомат оқпананың топырақ қалқасына бекітпе жақтаудың тұтқасымен төмен қарай қойылуы мүмкін.

Автоматтың (пулеметтің) оғын алу үшін:

— оқжатарды алу;

— автоматты (пулеметті) сақтандырғыштан түсіру;

— бекітпе жақтауын тұтқасынан ұстап кері қарай апарып, патронды оқтық-тан шығарып, бекітпе жақтауын босату;

— ағытқыш ілмекті басу;

— автоматты (пулеметті) сақтандырғышка қою, егер ату тұрған жағдайда жүргізілсе, оны "белдікке" алу немесе егер ату жатып жүргізілсе, жерге кою;

— патрондарды оқжатардан шығару және оқжатарды автоматқа (пулеметке) қосу;

— оқтықтан шығарылған патрондарды жинап алу керек.

Оқжатардан патрондарды алу үшін оқжатардың өңешін жоғары ұс-тап, тірек шығыңқысын өзіне қаратып, сол қолға алынады, оң қолмен патрон көмегімен патрондарды бір-бірлеп оқжатардан сыртқа қарай шығарады, бұдан кейін оқжатарды автоматқа қайта косып, жұмсалмаған патрондарды жинап алады.

Тұру үшін екі қолын кеудеге тартып, автоматты оң қолмен құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап түрып, сонымен бірге екі аяқты бірге косып, долды дереу түзете, кеудені жерден кетеріп, оң (сол) аяқты алға карай апарады, тез тұрады да, әрекет жасайды.

Оғын алғаннан кейін, егер қажет болса, автомат: "Қаруды — қарауға!" пәрмені бойынша қаралады.

Бұл пәрмен бойынша:

— жатып ату жағдайында: оқ-жатар алынып, оны автоматтың жанына өңе-шін өзіне қаратып кояды, автоматты (пулеметті) сақтандырғыштан босатып, бекітпе жактауын артқа тартып, автоматты біршама солға бүрады;

— түрегеп түру ату жағдайында: автоматты (пулеметті) сол қолмен астынан құндағынан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатарды ажыратып алады, оны дөңес жағымен сыртқа қаратып, бергішін жоғары беріп, сол қолға ауыстырады, сол қол саусақтарымен оқжатарды автоматтың кұндағына қысып, автоматты сақтандырғыштан босатады; бекітпе жақтауын кері тартып автоматты бірша-ма солға бұрады. Командир оқтық пен оқжатарды қарағаннан соң бекітпе жақтауын алға жібереді, шүріппе ұрыстық қайырмадан босатылады және автомат (пулемет) сақтандырғышка қойылады; одан кейін оқжатары қосы-лып, автомат "белдікке" жағдайына алынады.

Тіреуден және тасалар артынан ату тәсілдері

Автоматшы (пулеметші) ату үшін тіреу немесе таса биіктігіне байланыс-ты жатып ату, тізерлеп жөне түрегеп тұрып ату жағдайларында орналасады.

Тіреуден ату үшін автоматты құндағымен тіреуге тіреп қойып, оны сол қолмен оқжатарынан немесе құндағынан, ал оң қолмен тапаншалық тұтқа-сынан ұстап түрады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет