2. 2 Дәрістік сабақтар тезистері Дәріс №1 Атыс негіздері


Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау



бет3/3
Дата18.02.2017
өлшемі0,6 Mb.
#10042
1   2   3

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу - автоматты (пулеметті) тазалау, май-лау және тексеру үшін; толық бөлшектеу - жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлшектенген ретімен қойылады. Олар-ды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққы-ламай жүргізу керек.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қора-бындағы нөмір газ қүбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктеріндегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Ұрыс автоматтарын (пулеметтің) бөлшектеу мен жинақтауға үй-рету ерекше жағдайларда және бөлімдер мен механизмдермен аса сақтықпен қарау жағдайында ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлшектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек. Ол үшін сирақтарын серіппелі имектен босатып және оның аяқтарын бекітілген жағдайда тұрғанда ұңғыдан босату керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік үстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:

1) Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмбінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқ-жатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бүл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны "АА" немесе "ЖА" жағдайына койып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық кайырудан (взводтан) босатылады.

Түнгі көздеуіші бар автоматты (пулеметті) бөлшектеу кезінде оқ-жатарды бөліп алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыс-па құрылғысының тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті артқа жылжытады да, оны автоматтан (пулеметтен) бөлек-теп алады.

2) Жабдықтар пеналын дүмі үясынан шығарып алу.

Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының кақпағын пенал серіппе-нің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.

Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.

3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады (44-сурет). Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қақ-қышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.

4) Автоматтан — ұңғылық тежеуші-компенсаторын, пулеметтен — жалын сөндіргішін бөліп алу.

Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың (жалпы сөндіргіш-тің) орнықтығышы батырылады.

Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің (қақ-қыштың) көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы мехнизмның бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы кақпағынын, артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмбінің мойнынан сол колмен ұстап түрып, оң қолмен қайтармалы меха-низмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап түрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірел-генше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып ұңғы қорабы-нан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жактауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап түрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргі-зеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрап, газ түтігін газ камера-сының келте түтігінен шығарып алады.

Дәріс№8 Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы, арналуы

Ұңғы оқтың ұшуын бағыттауға қызмет етеді. Ұңғының ішінде солдан жоғары карай және оңға қарай иреленген төрт ойықты арна болады. Ойықтар оққа айналмалы қозғалыс беруге кызмет етеді. Ойықтар арасындағы аралықтар өріс, ал екі қарама-қарсы өріс ара-сындағы кашықтық, ұңғы арнасының калибрі деп аталады; автоматта (пулеметте) ол - 5,45 мм-ге тең. Ұңғы арнасының оқталатын бөлігі жылтыр, тегіс және ол оқсауыт формасы іспетті; ұңғы арнасының бұл бөлігі патронды орналастыруға арналған. Ол-оқтык деп аталады, Оқ-тықтан ұңғы арнасының ойықты бөлігіне көшуі оқ кірмесі деп аталады.

Кертікті автоматтың (пулеметтің кертігі ауызғы жағында) ұңғысы-ның сыртқы жағында ауызғы бөлігінде ұңғылық тежеуіш компенсатор-ды (оқшашарда - жалын сөндіргішті) және оқсыз атуға арналған төлкені бұрап қосуға арналған бұрандасы газ бұрғыш саңылау, газ камерасы, косқыш жалғастырғыш, көздеу қалыбы, октау бөлігінің жармасында - лақтырғыш ілмегіне арналған ойық болады. Қарауыл негізі, газ камерасы және көздеу қалыбы ұңғыда штифт көмегімен бекітілген.

Сондай-ак, пулемет ұғысының алдыңғы бөлігінде ұңғыға сирақты қосуға арналған сирақ негізі болады. Онда сүмбі үшін саңылау және сүмбі бекітілуінің сенімділігін арттыруға арналған кұлақшалы сақина болады.

Автоматтың ұңғылық тежеуіш-компенсаторы ату шоғырлану-ын арттыру және кері тебу энергиясын азайту үшін қызмет етеді. Оның алдыңғы және артқы екі камфорасы бар (оларда оқ үшып шығатын дөңгелек тесіктер болады).

Алдыңғы каморада сүңгі-пышақты автоматқа бекіткенде сақина кигізілетін шоғыр, сүңгі-пышақтың; шығыңқысы кіретін тік бұрышты саңылау және дәрілі газ шығуға арналған екі терезесі бар. Артқы каморасының алдында екі саңылауы, екі ортаңғы жағында -дәрілі газдың шығуына арналған үш компенсациялык тесік бар. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор артында қарауыл негізіне бұралып кигізуге арналған ішкі кертік, орнықтырғыш кіретін ойма және сүмбіні шығарып алу мен қайта қоюын жещлдететін шеңбер қиғаш бар.

Пулеметтің жалын сөндіргіші ату кезінде жалын мөлшерін азайтуға арналған. Онда ұңғыға бұрап кигізуге арналған кертік, орнықтырғыш үшін бес ойма және газ шығаруға арналған бес бойлық саңылау бар.

Газ поршенімен қоса бекітпе жақтауының, бекетпенің, қайтарма механизмнің, газ түтігінің арналу мақсаты және кұрылысы.

Газ поршеньді бекітпе жақтауы бекітпені және соққыш-ағытқыш механизмді әрекетке келтіруге арналған.

Бекітпе жақтауында: ішінде - қайтарылмалы механизм мен бекіт-пеге арналған арналар; артында - сақтандырғыш шығыңқы; бүйір-лерінде - бекітпе жақтауының ұңғы қорабының қайырмалары бойымен қозғалуьша арналған саңылаулар; оң жағында - автоатқыш тұтқасын босатуға (бұруға) арналған шығыңқы жөне автоматты (пулеметті) қай-та оқтау тұтқасы; төменде - бекітпенің жетекші шығыңқысы қорабының шағылыстырғыш шығыңқысы өтетін саңылау болады; бекітпе жақтауы-ның алдыңғы белігінде газ поршені бекітілген.

Бекітпе патронды оқтыққа жеткізу үшін, ұңғы арнасын жабу үшін, капсюльді бұзу және оқтықтан оқсауытты (патронды) алу үшін қызмет етеді. Бекітпе негізден, соққыштан, серіппесі мен осі бар лақтырғыш-тан және бұрама сұқпадан тұрады.

Бекітпе негізінде: алдыңғы тілігінде – оқ сауыт түбіне арналған цилиндрлі ойық және лақтырғыш үшін саңылау; бүйірлерінде — бекіт-пе жабылуы кезінде ұңғы қорабының ойығына кіретін екі ұрыстың шығыңқы; үстінде - жабу және ашу кезінде бекітпені бұру үшін жетекші шығыңқы; сол жағында — ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқы өтуіне арналған бойлық саңылау; бекітпе негізінің жуандатылған бөлі-гінде - лақтырғыш пен бұрама сұқпа осьтеріне арналған тесік болады. Бекітпе негізінің ішінде соккышты орналастыру үшін арна болады.

Сокқышта бұзғыш және бұрама соқпаға арналған кертпе бар.

Серіппелі лақтырғыш оқтықтан оқсауытты шығаруға және оны ұңғы қорабының шағылдырғыш шығыңқысымен кеудесіне дейін ұстап тұруға арналған. Лақтырғышта оқсауытты ұстап қалуға арналған ілмек, серіппеге арналған ұя және ось үшін ойық болады.

Бұрама сұқпа соққыш пен лақтырғыш осін бекіту үшін кызмет ете-ді.

Қайтармалы механизм бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алдың-ғы жағдайға қайтару үшін арналған. Ол қайтармалы серіппеден, бағыт-таушы өзектен, жылжымалы өзектен және жалғастырғыштан тұрады.

Бағыттауыш өзектің артқы шетінде серіппеге арналған тірек, ұңғы корабымен қосуға арналған шығыңқысы бар өкшелік жөне ұңғы қорабының қақпағын ұстап тұруға арналған шығыңқы болады.

Жылжымалы өзектің алдыңғы шетінде жалғастырғышты кигізуге арналған бүгіс болады.

Ұңғы бастырмасымен қоса газ түтігі алдыңғы және артқы қос-қыш жалғастырғыштардың газ түтігінен, ұңғы бастырмасынан, металл жартышығыршықтан және тілімшелі серіппеден тұрады.

Газ түтігі газ поршенінің қозғалу бағыты үшін қызмет етеді. Онда бағыттаушы қырлар болады. Газ түтігі алдыңғы ұшымен газ каморасы-ның келте түтігіне кигізделеді.

Ұңғы бастырмасы атыс кезінде автоматшының (пулеметшінің) қолын күюден сақтау үшін кызмет етеді. Автоматта ол ағаштан немесе пластмастан (пулеметте -ағаштан) жасалады.

Ұңғы бастырмасы газ түтігіне алдыңғы және артқы жалғастырғыш арқылы бекітілген; артқы кысқыш жалғастырғышта газ түтігінің түйықтауышы тірелетін шығыңқысы болады; тілімшелі серіппе түтіктің бойлық қозғалуын болдырмауға арналған.

Соққыш-ағытқыш механизмнің,магазиннің және сүнгі пышақтың арналу мақсаты мен құрылысы.

Соққыш-ағытқыш механизм шүріппені ұрыстық қайырмадан не-месе автоағыткыш кайырмасынан босату үшін, соққышқа соққы беру үшін, автоматты жекелей атыс жүргізілуін, атуды тоқтатуды қамтама-сыз ету үшін, бекітпе жабылмаған кезде атысты болдырмау үшін және автоматты (пулеметті) сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді.

Соққыш-ағытқыш механизм ұңғы қорабында орналасады, онда бірін-бірі алмастыратын үш осьпен бекітіледі және соққы серіппелі шүріппеден, серіппесі бар шүріппе баяулатқышынан, ағытқыш ілмек-тен, серіппесі бар жекелей ату дөңесінен, серіппесі бар автоатқыштан, ауыстырғыштан және түтікті осьтен тұрады.

Ұрыстың серіппесімен қоса шүріппе сокқышқа соққы беру үшін қызмет етеді. Шүріппеде ұрыстық қайырма, автоағыткыш қайырмасы, шетмойын және оске арналған тесік болады.

Ұрыстық серіппе шүріппесінің шетмойнына кигізіліл, өз ілмегі арқ-ылы шүріппеге, ал ұштарымен - ағытқыш ілмектің тікбүрышты шығыңқыларына әсер етеді.

Шүріппе баяулатқышы автоматты атыс жүргізу кезінде оқтардың шоғырлана тиюін жақсарту мақсатында шүріппенің алға қозғалуын баяулату үшін әсер етеді. Онда алдыңғы және артқы шығыңқылары ось, серіппе және бекіткішке арналған тесіктері болады.

Ағытқыш ілмек шүріппені ұрыстық кайырмада ұстауға және шү-ріппені ағытуға арналған. Оның фигуралы шығыңқысы, оське арналған тесігі, тік бүрышты шығыңқылары және құйрықшасы болады. Өзінің фигуралы шығыңқысымен ол шүріппені ұрыстық кайырмада ұстап тұрады.

Жекелей атыс дөңесі шүріппені жекелей атыс кезінде ағытқыш ілмек босатылмаған болса, атыстан кейін шеткі артқы жағдайда ұстау үшін қызмет етеді. Ол ағытқыш ілмекпен бір осьте болады. Жекелей атыс дөңесінің серіппесі, оське арналған тесігі және автоматты атыс жүргізу кезінде ауыстырғыш секторы кіретін және дөңесті тоқтататын ойығы болады. Бұдан басқа осы ойық ауыстырғышты сақтандырғышқа қойған кезде сектордың алға бұрылуын шектейді.

Автоағытқыш түйдектете ату кезінде шүріппені автоағытқыш қайырмасынан автоматты түрде босату үпгін, сондай-аң үңғы арнасы мен бекітпе жабылмаған кезде шүріппенің ағытылуына жол бермеу үшін кызмет етеді. Оның шүріппені автоағыткыш қайырмасында үстап түратын дөңесі, бекітпе жақтауы алдыңғы жағдайға келген кезде оның шығьщқысымен автоағытқышты айналдырып түратын иінтірегі және серіппесі болады.

Автоағыткышпен бір осьте оның серіппесі болады. Ол қысқа ұшы-мен автоағытқышпен қосылған, ал оның ұзын ұшы ұңғы қорабының сол қабырғасын бойлай өтеді де, автоағытқыштың, шүріппенің, ағытқыш ілмек осьтерінде шығыршықты ілмектерге кіріп, осьті түсіп кетуден ұстап түрады.

Ауыстырғыш автоматты түрде және жекелей атуға немесе сақтандырғышқа қою үшін қызмет етеді. Оның шетмойыны бар секторы ұңғы қорабының қабырғасындағы тесіктерінде болады. Ауыс-тырғыштың төменгі жағдайы оны жекелей атуға (ЖА), орта жағдайы автоматты атуға (АА) және жоғары жағдайы сақтандырғышқа қоюға сәйкес келеді.

Құндақ автоматпен кимылдау кезінде ыңғайлы болу үшін және қолды күюден сақтау үшін қызмет етеді. Ол автоматта ағаш немесе пластмастан (пулеметте -ағаштан) жасалады. Құндақ ұңғыға астынан қосқыш жалғастырғыш көмегімен жөне ұңғы қорабының ұясына кіретін шығыңкы арқылы ұңғыға бекітіледі. Құндақта сүмбіге арналған тесік болады. Құндақтың артқы жағында ойық пен ойма болады, оған тілім-шелі серіппе орналастырылады. Серіппе құндақтың бойлық козғалы-сын болдырмауға арналған. Құндақ пен ұңғы бастырмасындағы ойық-тар атыс кезінде ұңғы мен газ түтігін суыту үшін терезе жасайды.

Автоматтың (пулеметтің) бөліктері мен механизмдерінің жұмысы.

Бөліктер мен механизмдердің оқтауға дейінгі жағдайы

Газ поршені және бекітпесі бар бекітпе жақтауы қайтармалы меха-низм әсерінен алдыңғы жағдайда болады, газ поршені - газ каморасы-ның келте түтігінде орналасады, ұңғы арнасы бекітпемен жабылады. Бекітпе бойлық ось бойымен оңға карай бұрылып, оның ұрыстық шығыңқылары ұңғы қорабы ойықтарында болады - бекітпе жабылады. Қайтармалы серіппеде ең төменгі қысым болады.

Автоағытқыш тұтқасы бекітпе жақтауы шығыңқысының әсерінен алға және төменге бұрылады.

Шүріппе босатылып, бекітпеге тіреледі. Соққыш шүріппе күшімен алға бекітіледі. Ұрыстық серіппе ең төмен қысымда болып, өз ілмегімен шүріппені бекітпеге қысады, ал берілген ұштарымен ағытқыш ілмектің тікбұрышты шығыңкыларын ұңғы қорабының түбіне қысады. Бұл кезде ағытқыш ілмек құйрықшасы алдыңғы жағдайда болады.

Шүріппе баяулатқышы өз серіппесінің алдынғы шығыңқысы әсері-нен ұңғы корабының түбіне қысылады.

Ауыстырғыш ең биік жағдайда болып ұңғы қорабының қақпағын-дағы сатылы ойықты жабады. Ауыстырғыш тежегішке қойылады; ауыстырғыш секторы жекелей ату дөңесінің ойығына кіріп, ағытқыш ілмектің оң жақтағы тікбұрышты шығынқысының үстінде болады (ағыт-қыш ілмекті жабады).

Оқтау кезіндегі бөліктер мен механизмдердің жұмысы

Автоматты (пулеметті) оқтау үшін оған жарақталған оқжатарды қосып, ауыстырғышты автоматты атуға (АА) немесе жекелей атуға (ЖА) келтіріп, бекітпе жақтауын кері шегіне дейін тартып, қайта жіберу керек, сонда автомат (пулемет) оқталды. Егер дереу оқ ату міндеті туаса, ауыстырғышты сақтандырғышқа қою керек.

Дәріс 9: Атқыштар үйірмелерін ұйымдастыру

ДОСААФ біріншілік ұйымдарында мүшелерінің тілектері және сәйкес мүмкіндіктердің болуы негізінде атқыштар үйірмелері құрылады. Бір үйірмеде оқытылушылардың мөлшері 10-12 адам. Атқыштар үйірмелерінің мақсаты - атуды практикалық түрде үйрету, ДОСААФ мүшелерінің қорғану-массалық жұмысына белсенді араласуын қамтамасыз ету, оларды социалистік Отанына адал болу рухында тәрбиелеу, жастарды әскери қызметке әзірлеу, Кеңес Үкіметінің қорғану қабілеттілігінің қажеттілігін ұғындыру болып табылады.

Минималды материалдық қордың, яғни: 5-метрлік бөлмелік тирдің және ИЖ-38 (ИЖ-22) пневматикалық қаруларының болуы жағдайында алғашқы дайындықтың атқыштар үйірмесін (үйірмелерін) ашуға болады. Оның негізгі міндеті – ату бойынша ГТО нормаларын және «Жас атқыш» бағдарламасы бойынша нормаларды тапсыруға арналған атқыштарды әзірлеу болып табылады.

Жақсы материалдық қордың, яғни: 10-метрлік бөлмелік тирдің және ИЖ-38 (ИЖ-22) пневматикалық қаруларының болуы жағдайында мақсаты бірыңғай кеңестік спорттық классификацияның екінші разрядқа дейінгі ату бойынша разрядтық нормативтерін тапсыруға арналған атқыштарды дайындау болып табылатын жоғарғы типтегі атқыштар үйірмесін (үйірмелерін) құруға болады.

10-метрлік тирдің және жоғарғы сапалы пневматикалық қарулардың болуы жағдайында жоғары спорттық разрядтары бар атқыш-спортсмендерді әзірлеуге арналған атқыштар үйірмесін құруға болады.

Үйірмелердегі сабақтар жұмыс пен оқудан тыс уақытта өткізіледі. Сабақ кестесі әрбір ай немесе жылға құрастырылып, оқытылып жатқандардың барлығына беріледі. Үйірмелердегі сабақтарды өткізу үшін ДОСААФ біріншілік ұйымының комитеті үйірме жетекшісін тағайындайды, ал оқытылып жатқандардың құрамынан үйірме басшылары сайланады.



Атқыштар үйірмесінің сабақ кестесін құрастыру барысында оқытылушылардың жасы мен дайындық деңгейін ескеру қажет. Сондықтан үйірме жетекшісі ең алдымен ол кімді оқытатындығын және қандай сабақтарға қанша уақыт бөлу керектігін анықтауы тиіс.

1-ші кесте. Алғашқы дайындықтың атқыштар үйірмесі сабақтарының жобалық жоспары



Тақырыбы

Құрамы

1

Ату

ҚР-дағы атудың тарихы мен міндеттері, оның маңызы.

2

Теориялық негіздері

Ату. Қарудың қайтарымы. Оқтың ұшу траекториясының элементтері. Оқтың ұшуының тұрақтандырылуы. Оқтардың шашырауы. Оқтың нысанаға тиюінің орташа нүктесін анықтау.

3

ИЖ-38 (ИЖ-22) пневматикалық қаруының құрылымы мен мақсаты.

Жалпы мағлұматтар. Негізгі бөліктерінің құрылымы мен мақсаты. Механизмдер мен бөліктерінің жұмысы. Қаруды сақтау.

4

Ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары және қаруды пайдаланудың ережелері

Атқыштың құқықтары мен міндеттері. Атудың ережелері. Қаруды пайдалану ережелері.

5

Пневматикалық қаруды атуға дайындау

Қаруды зарядтау. Ату үшін үстелге отыру немесе оған тіреліп орналасу. Ашық прицелмен нысанаға келтіру, шүріппені басу, демалу режимі.

6

Алдын ала жүргізілетін жаттығулар – оқсыз ату

1 жаттығу. Нысанаға келтіруді бақылаудың қол указкаларының нысанаға келтіру станоктарын пайдалана отырып, нысанаға келтірудің (оқсыз) біркелкілігін бақылау.

2 жаттығу. Оқсыз атуға дайындық. Қаруды ұстай алуға, нысанаға келтіруге, шүріппені басуға, демалу режимін қадағалауға дайындық.



7

5 метр ара-қашықтықта ИЖ-38 (ИЖ-22) пневматикалық қаруынан ату техникасы

3 жаттығу. Шүріппені ақырын басу шеберлігіне үйрену үшін ақ қағаз бетін ату («Диаболо», «ДЦ», «ДН» оқтары). Ара-қашықтығы 5м., ату саны – 3 м.

4 жаттығу. Ақ қағаз бетіндегі 10х10 см квадратын ату. Ату саны – 3. Тапсырма – квадратқа тигізу.

5 жаттығу. Ақ қағаз бетіндегі 10х10 см квадратын ату. Ату саны – 5. Тапсырма – квадратқа тигізу, 5 тигізілген оқтың орны бойынша тигізудің орташа нүктесін табу және нысанаға тигізу нүктесін шығаруды үйрену, яғни қаруды нысанаға келтуруді дұрыстау.

6 жаттығу. «П» спорттық ату үшін үстелге отыру немесе оған тіреліп орналасу. Ату саны – 8 (3-жай, 4+5-сынақтық). Тапсырма – БГТО нормативін орындау.

7 жаттығу. Тіреусіз тұрып «П» спорттық ату. Ара-қашықтығы 5м. Ату саны – 8 (3-жай, 4+5-сынақтық). Тапсырма – нормативті орындау.

8 жаттығу. (Тек 10-13 жастағы қыздар мен ұлдарға арналған). «П» спорттық ату үшін үстелге отыру немесе оған тіреліп орналасу. Ара-қашықтығы 5м. Ату саны – 8 (3-жай, 5-сынақтық). Тапсырма – «Жас атқыш» нормативін орындау, яғни 50-дің ішінен кемінде 40 ұпайды атып алу.

8

Ату бойынша жарыстар

Жарыстардағы 6-8 жаттығуларды орындау. Тапсырма – дайындықтардағыдан кем түспейтін нәтижелерді көрсету.

1

Атудың теориялық негіздері

Жоғарғы типтегі оқпен ату үйірмесінің жобалық жоспары

Қарудың қайтарымы. Иыққа қару ықпалының бірыңғайлығы. Диоптрикалық нысанаға келтіру.



2

ИЖ-38 (ИЖ-22) пневматикалық қаруының құрылымы

Қару құрылымын және оның бөліктері мен механизмдерінің жұмысын терең оқу

3

Ату кезіндегі қауіпсіздік шаралары және қаруды пайдаланудың ережелері

Атқыштың құқықтары мен міндеттері. Атуды орындаудың ережелері. Қаруды пайдалану ережелері. Ату бойынша жарыстардың ережелері.

4

Қаруды қалыпты жағдайға келтіру

Мылтықтың ату қабілетін тексеру

5

Жоғарғы сапалы пневматикалық қаруының құрылымы

Жалпы мағлұматтар. Негізгі бөліктердің мақсаты мен құрылымы. Бөліктер мен механизмдердің жұмысы. Нысанаға келтіру құралын реттеу, ату кезіндегі түзетулер. Зарядтау.

6

Жоғарғы сапалы ИЖ-38 (ИЖ-22) пневматикалық қаруынан ату техникасы

9, 10, 11 жаттығулар. №8 нысанаға ату үшін үстелге отыру немесе оған тіреліп орналасу. Ара-қашықтығы 10 м. Ату саны – 25 (5-жай, 20-сынақтық). Тапсырма – екінші және үшінші спорттық разрядтарының нормативтерін орындау.

12, 13, 14 жаттығулар. №8 нысанаға тіреусіз тұрып ату. Ара-қашықтығы 10 м. Ату саны – 25 (5-жай, 20-сынақтық). Тапсырма – екінші және үшінші спорттық разрядтарының нормативтерін орындау.

15 жаттығу. №8 нысанаға тізеге тіреліп ату. Ара-қашықтығы 10 м. Ату саны – 13 (3-жай, 10-сынақтық). Тапсырма – кемінде 70 ұпайды атып алу.

16 қиыстырылған жаттығу. №8 нысанаға 2 жағдайда ату: үстелге отыру немесе тіреліп жату және аяғында тұрып ату. Ара-қашықтығы 10 м. Ату саны – 25 (5-жай, әрбір жағдайға 10-сынақтық). Әрбір жаттығуды орындағаннан кейін нысананы көрсету. Мақсаты – жоғарғы разрядты нормативтерді тапсыруға дайындық.

17 қиыстырылған жаттығу. №8 нысанаға 3 жағдайда ату: үстелге отыру, тіреліп жату, тізеге тірелу және тұрып ату. Ара-қашықтығы Юм. Ату саны – 35 (5-жай, әрбір жағдайға 10-сынақтық). Әрбір жаттығуды орындағаннан кейін нысананы көрсету. Мақсаты – жоғарғы разрядты нормативтерді тапсыруға дайындық.

18 жаттығу. Құлап бара жатқан нысаналарға жылдам тұрып ату. Ара-қашықтығы 10(5)м. Ату саны – 8 (уақытты шектемей №8 нысанаға 3 рет жай ату немесе қаруды қалыпты жағдайға келтіру үшін «П» спорттық ату + секундомер бойынша минималды уақытпен құлап бара жатқан нысаналарға 5 рет сынақтық ату). Алғашқы қалып: оқтар және ашық стволды разрядталған мылтық үстелдің үстінде жатыр, ал атқыш үстелдің жанында қолдарын төменге түсіріп тұр. Тапсырма – минималды уақыт ішінде барлық нысаналарды атып шығу. Жаттығудың мақсаты – жылдам атудың қажетті сапаларына машықтану (батылдық, жігерлік). Бұл жаттығудың үлкен қолданбалы маңызы да бар.

19 жаттығу. Екі атқыштың бір уақыт ішінде құлап бара жатқан нысаналарға тұрып жекпе-жек жылдам ату. Ара-қашықтығы 10 (5) м. Ату саны – 8 (уақытты шектемей №8 нысанаға 3 рет жай ату немесе қаруды қалыпты жағдайға келтіру үшін «П» спорттық ату және жекпе-жекке шыққандардың біруі алғашқы болып 5 нысананың барлығын атып шыққанға дейін секундомер бойынша минималды уақытпен құлап бара жатқан нысаналарға 5 рет сынақтық ату). 2 атқыш өз нысаналары бойынша атысты жылдамдыққа өткізеді. Алғашқы қалып: оқтар және ашық стволды разрядталған мылтықтар үстелдің үстінде атқыштардың алдында жатыр. Ал атқыштар үстелдің жанында қолдарын төменге түсіріп тұр. Атыс жетекшінің бұйрығымен басталады. Тапсырма – минималды уақыт ішінде алғашқы болып барлық 5 нысаналарды атып шығу. Жаттығудың мақсаты – жарыстың психологиялық шиеленісуі жағдайында жылдам атудың қажетті сапаларына машықтану.

Атыс бойынша разрядтық нормативтерді тапсыру үшін ішкі классификациялық жарыстарды жоспарлау керек, сонымен қатар атқыштарға өз мектебі, ПТУ үшін аудан біріншілігіне арналған жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін беру қажет.

Атыс бойынша нормаларды тапсыруға теориялық және практикалық дайындықтан өткен атқыштар жіберіледі. Нормаларды орындау квалификациялық немесе басқа жарыстарда көрсетілген нәтижелер бойынша есептеледі. Жарыстар АӘД кафедрасымен ұйымдастырылып, өткізіледі.

Жарыстардың оқу құжатнамасы мен хаттамалары екі жыл уақыт бойы сақталуы тиіс.

Пневматикалық мылтықтар мен оқтар тек қала ұйымдарына ғана сатылады. Пневматикалық мылтықтар мен оқтар бөлек бөлменің шкаф-сейфінде сақталуы тиіс. Сейфтің кілті тек бір адамда – үйірме жетекшісінде ғана болуы тиіс, ол оқпен ату үйірмесін ұйымдастыру жөніндегі арнайы жарлықта жариялануы тиіс. Әдетте оқу мекемелерінде үйірме жетекшісі болып әскери жетекші тағайындалады.



Атқыштар үйірмесінің жария етілуі өте қажет, себебі ол атудың шеберлігіне және жапай дамуына әсерін тигізеді. Атқыштар үйірмесін жария ету және жастарды спорттың осы түріне тарту үшін мектеп қабырғаларында «Мектептің жас снайперлер клубы» стендін, ал кәсіпорындарда «(Кәсіпорынның) ең мықты атқыштары» деген стендті іліп қою қажет, мысалы атудың мынандай төрт (үш) түрін көрсету арқылы:

а) 50-дің ішінен 42 және одан да көп ұпай жинаған атқыштар тіркелетін пневматикалық мылтықтан жату қалпында 5 (10) метр ара-қашықтықта ату;

б) 50-дің ішінен 42 және одан да көп ұпай жинаған атқыштар тіркелетін пневматикалық мылтықтан отырып үстелге тірелу немесе тұрып стойкаға тірелу қалпында 5 (10) метр ара-қашықтықта ату;

в) 50-дің ішінен 40 және одан да көп ұпай жинаған атқыштар тіркелетін пневматикалық мылтықтан тұрып тіреусіз қалыпта 5 (10) метр ара-қашықтықта ату;

г) 50-дің ішінен 42 және одан да көп ұпай жинаған атқыштар тіркелетін пневматикалық мылтықтан тізеге тірелу қалпында 5 (10) метр ара-қашықтықта ату.

Атқыштар үйірмесі жетекшісінің міндеттері

Үйірме жетекшілері сабаққа тиянақты түрде дайындалып, оларды жоғары ұйымдастырушылық және профессионалды деңгейде өткізуі, сынып журналында сабаққа қатысу, үлгеру және өткен тақырыптар есебін жүргізуі тиіс.

Теориялық сабақтарда үйірме жетекшісі оқытылушылардың зейінін белсендендіруі тиіс, яғни сабақты лекция түрінде емес, әңгімелесу және семинарлық сабақ түрінде өткізуі керек. Бұл оқытылушылар көп уақыт бір орында отыра алмайтын жас адамдар болғанда өте маңызды. Белгілі-бір сұрақты оқығаннан кейін үзілістер жасалып отыру керек.

Практикалық сабақтарда жетекші тек бірнеше атқыштармен жұмыс жүргізіп жатқанда қалғандары үйірме басшысының немесе басқа тәжірибелі атқыштардың бақылауында болулары тиіс. Бірнеше атқыш жетекшісімен бірге нысаналарға атып жатқан кезде қалғандары жетекшінің көмекшісімен басқа бөлмеде теориялық мәселелерді оқып немесе практикалық жаттығуларды игерумен шұғылданып жатуы керек. Атқыштар жаттығуларды оқпен қаруланбаған мылтықтармен орындап жатқан кезде әсіресе жасөспірімдерге назар аудару қажет, себебі олар өздерімен бірге мылтықты зарядтап ату үшін оқтар немесе басқа бірдемелерді алып келуі мүмкін. Қауіпсіздік шаралары үнемі, сабақ атусыз болып жатқан кезде де сақталуы тиіс.

Үйірме жетекшісінің ұйымдастырушылық жұмысы келесілерден тұрады:


  1. Атқыштар үйірмесін ұйымдастыру бойынша шаралар жоспарын құру және онда келесі пунктерді ескерту:

а) атуға, мылтықтарды сақтауға, жөндеу және тазалау жұмыстарына арналған бөлмелерді бөліп, оларды жөндеу;

б) тирді жабдықтауға қажетті материалдарды, мылтыққтарды, оқтарды, және оларды сақтауға арналған шкаф-сейфті, нысаналарды, сауыт-саймандарды; қаруды, сабақтарды және атуды есептеуге арналған журналдарды, т.б. алу.



  1. Ату үшін тирді жабдықтау, қажетті қауіпсіздік шараларын қарастыру, шкаф-сейфтің мөлшеріне сәйкестендіріп мылтықтарды сақтауға арналған пирамиданы құру, мылтықтармен жұмыс үшін үстел жабдықтау.

  2. Мылтықтарды жөндеу және эксплуатациялау үшін қажетті құралдарды қарастыру.

  3. Ату сабақтарына арналған оқу құралдарын шығару.

  4. Практикалық ату басталудың алдында барлық мылтықтарды жөндеу және техникалық тексерілуден өткізу, одан кейін мылтықтарды қажеттілігіне қарай тексеру және жөндеу.

  5. Практикалық атудың алдында мылтықтарды қалыпты жағдайға келтіру, одан кейін оларды қажетті жағдайда ғана тексеріп отыру.

Үйірме жетекшісінің оқу-тәрбиелік жұмысы:

  1. Тақырыптар мен қажетті уақытты ескеріп, сабақ жоспарын құру. Бұнымен қоса оқытылушылардың жасы мен дайындық дәрежесін ескеріп отыру қажет; атуды жаңа бастағандарды бөлек топқа жіберу керек.

  2. Кестеге сәйкес жоспарланған теориялық сабақтарды және аз меңгерілген тақырыптар бойынша қосымша сабақтарды өткізу.

  3. Әрбір атқыштың жеке қасиеттеріне сәйкестендіріп, басында дайындық жаттығуларымен, одан кейін ату жаттығуларымен атудың тәсілдері мен ережелеріне үйрету.

  4. Ату элементтерін жақсартуда, жіберіліп жатқан қателіктерді жөндеп, меңгеруде атқыштарға жүйелі түрде көмектесу.

  5. Мылтықтармен жұмыста және ату кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң түрде қадағалау.

  6. Қаруға деген сыйластықты, ату шеберлігіне жету үшін табандылықты тәрбиелеу.

  7. Жалпы және арнайы физикалық дайындық бойынша, ату техникасының, төзімділіктің, қозғалыстарды үйлестірудің дұрыс тәсірдеріне үйрену бойынша атқыштарға жалпы және жеке үй тапсырмаларын беру.

  8. Қаруды жақсарту және атқыштарды жан-жақты даярлау бойынша жүйелі түрде теориялық еңбектерді меңгеру, атудың атақты шеберлерінің және жаттықтырушыларының жұмыс тәжірибесімен сабақта танысып, оларды қолдану.

Атқыштарды даярлау

Үлкен және тұрақты нәтижелерге жету үшін атқыштардың жан-жақты дайындығы болуы тиіс, оның құрамына жалпы және арнайы физикалық, техникалық, теориялық және психологиялық дайындық кіруі керек.

Атқыштың жалпы физикалық дайындығы – бұл атудың болашақ жоғары көрсеткіштірінің негізі. Неғұрлым атқыштың жалпы физикалық көрсеткіші жоғары болса, соғұрлым ол мергендік техникаға тез үйреніп, атудың нақ шеберіне айналады. Сондықтан атқыш өзінің физикалық дайындығын күнделікті таңертеңгі жаттығудан және су процедураларынан бастау керектігін бірінші сабақтан бастап тыңдаушыларға ұғындыру өте маңызды.

Атқыштың жалпы физикалық дайындығының мақсаты – ағзаның функционалдық мүмкіндіктерін көтеру. Бұлшықеттердің әртүрлі топтарына жалпы дамыту жаттығулары ұсынылады. Алғашқысында жай жаттығулардан бастап, одан кейін біртіндеп гантельдерге, эспандерлерге, доптарға және т.б. жаттығуларға көшу керек. Жүгіру, гимнастика, жүзу, коньки, шаңғы, волейбол, баскетбол және басқа да қозғалмалы ойындар, сонымен қатар спорт жарыстарына қатысу ұсынылады. Гимнастикалық жаттығулар мен спорт ойындары атқышқа қажетті қабілеттерді меңгеруге көмектеседі.

Атқыштың арнайы физикалық дайындығы атуда жылдам түрде жоғары жетістіктерге жетуге көмектесетін спецификалық қабілеттердің дамуына қажет.

Атқыштың басты арнайы қабілеттеріне мыналарды жатқызамыз:


  • дене мүшелері қозғалыстарының жоғары дәрежелі нақтылығы мен үйлесімділігі;

  • ұзақ статистикалық жүктемелерге төзімділік;

  • дененің көлденең жағдайдағы тұрақтылығы;

  • шүріппеге қажетті күшпен және біртіндеп басу шеберлігі;

  • өз эмоцияларын басқару шеберлігі.

Дене мүшелері қозғалыстарының жоғары дәрежелі нақтылығы мен үйлесімділігі әртүрлі жылдамдықта қозғалатын және қозғалмайтын нысаналарға әртүрлі ара-қашықтарда снарядтарды лақтыру арқылы дамиды: домалап келе жатқан немесе шайқалып тұрған доп және т.б. Ойындар: волейбол, баскетбол және т.б.

Ұзақ статистикалық жүктемелерге төзімділікті қол, аяқ, дене, іштің жоғары дәрежеде ширығуын қажет ететін жаттығулар қамтамасыз етеді, мысалы уақыттың қажетті ұстамдылығы бар гантельдермен жаттығу, демалу гимнастикасы, жүгіру, сүңгулерді орындап жүзу.

Тұрақтылық басында жерде, одан кейін ағаштың үстінде, доппен, гантельдермен, белгілі-бір уақытқа жабылған көзбен және т.б. қозғалыстар кезіндегі белгілі-бір жағдайларды белгілеу арқылы дамиды.

Шүріппеге қажетті күшпен және біртіндеп басу шеберлігі индикатор бойынша бақылаумен жасалған дайындық арқылы меңгеріледі. Бұнымен қатар шүріппе пружиналарының күштемесін, оның жолының ұзындығын ауыстырып отырады.



Атқыштың техникалық дайындығы техникалық атуды меңгеруден тұрады. Ату техникасы – бұл атудың заңдылықтары мен практикалық әдістері негізінде оқтардың нысанаға тиюін қамтамасыз етуге арналған атқыштың арнайы әрекеттерді дұрыс атқару қабілеті. Ату техникасы келесі элементтерден тұрады: нысанаға келтіру, демалуды тоқтату, шүріппеге басу және барлық қозғалыстардың үйлесімділігі. Атудың жақсы техникасы - атқыштың дене мүшелері мен қаруының бір қалыпты жағдайында ата алатындығын білдіреді. Ұзақ дайындықтардың әсерінен дененің барлық мүшесі, бұлшықеті белгілі-бір орналасу жағдайына үйренеді.

Нысанаға келтіріп ату үйреншікті жағдайға дейін жеткізілген қаруды қатты қозғалыссыз ұстай алу шеберлігімен қамтамасыз етіледі.



Атқыштың теориялық дайындығы дегеніміз – бұл ату кезінде баллистика, қару құрылымы, оның мүмкіндіктері, бұзылған жерлерін қалпына келтіру, әдістері мен қызметінің негізгі заңдылықтарын меңгеру болып табылады. Өз әрекеттерін критикалық бағалау және өз қателіктерін жөндеу шеберлігі.

Атқыштың психологиялық дайындығы дегеніміз – бұл жан-жақта болып жатқан жағдайларды елемей, зейінді өз әрекеттерін орындауға ғана шоғырландыру шеберлігі, қажетті әрекеттерді олардың шын орындалуынан бұрын ойша атқара алу қабілеті.

Ату адамның жүйке жүйесінен нақты және үйлесімді жұмысты, өз эмоцияларын басқара алу қабілеттерін талап етеді. Сондықтан алкоголь мен спорт бір-бірімен үйлесімсіз! Ұзақ уақыт белгілі-бір бұлшықеттердің ғана жаттықтырылуы кезінде біркелкі әрекеттерден жалығу пайда болады. Бұл жалығумен күресу үшін үлкен ерік-жігер, табандылық қажет. Атқыштардың осы қасиеттерін тәрбиелеу керек.

Көптеген атқыштар тұрақты түрде дайындықтарда жоғары нәтижелерді көрсете келіп, жарыстар кезінде немесе жай сынақтарда атуға бөгет жасайтын қобалжудан арыла алмайды. Бұл дегеніміз, атқыштың психологиялық дайындығы жеткіліксіз, жан-жақта болып жатқан жағдайларды елемей, зейінді өз әрекеттерін орындауға ғана шоғырландыру шеберлігі меңгерілмеген дегенді білдіреді.

Әрбір дайындықта атқышқа нақты бір мақсатты қою ұсынылады. Мысалы, белгілі-бір ұпай санын атып шығу немесе барлық атыстарды «жетілік» шеңберіне орындау және т.б. Атқыш өз зейінін тек осы тапсырмаға ғана жұмсау қажет. Тапсырмалар атқыштың дайындық деңгейіне байланысты міндетті түрде индивидуалды болуы керек. Оларды меңгергеннен кейін ауыстырып, атқыштың табандылығы мен күш-қуатын дамыту үшін қиындатып отыру қажет. Бірақ атқыш өз күшіне деген сенімінен арылмауы үшін және ату техникасын меңгеру барысында оның көңіл-күйінің одан әрі көтеріле беруі үшін қойылған тапсырмалар қиындығының мөлшерін де білу қажет.

Өз күшіне деген сенімнің болуы, дайындықтардағы қиындықтардан өте алу қабілеті атқышқа жарыстарда болатын қобалжудан да арылуға көмектеседі.

Атқыштардың шынықтырылуы үлкен дәрежеде суық тию ауруларына физикалық төзімділікті көтереді. Шынықтырылу кезінде денсаулық жағдайын, физикалық дайындықты және басқа да факторларды ескеру қажет. Шынықтыруды жаттығудан кейінгі сүртілуден бастау қажет. Екі жұмадан кейін қызметі күштірек процедураға – үстіге су құюға, одан кейін душқа ауысуға болады. Ағзаға ең күшті әсер ететін қарама-қарсы душ болып табылады. Оны алдыңғы шаралардан кейін қолданады. Барлық су процедураларын уақыты 1...2 мин., шамамен 36ºС температурадан бастау керек.

Шомылу ағзаны одан әрі шынықтырады. Қыста сүртілу, су құю және душтан кейін денсаулық жағдайына байланысты судың 17, 18ºС, ал ауаның шамамен 20ºС температурасында шомылуды бастауға болады.

Пәнді өзбетінше оқу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Ату білімдерін, шеберліктерін және нышандарын жақсарту, қаруды дұрыс пайдалану, өз қаруына сенімділігін арттыру үшін оқытылушылар осы пәнді өзбетінше оқу бойынша уақыт бөлуі тиіс. Бұл үшін қарудың материалды бөлігі, атудың негіздері мен ережелері бойынша алынған білімдерді өз-өзін дайындау сағаттарында бекітеді және де қарулану және ату ережелерін пайдалану кезінде нышандарды іске асыруға болады. Сондықтан жоғарыда көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі тақырыптар мен қосымша әдебиеттерді оқуды ұсынамыз:



  1. Пневматикалық мылтықпен атудың әдістері мен ережелері.

  2. Қаруды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасының шаралары.

  3. Қаруды ұқыпты ұстау және сақтау.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет