2 Ағылшын тілдік бейнесіндегі дос пен қас концептілері



бет1/3
Дата19.02.2020
өлшемі130,09 Kb.
#58393
  1   2   3
Байланысты:
Diplom Аiton

Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................................6

1 Қазіргі тіл біліміндегі концепт ұғымы...............................................................

1.1. Концептуалды талдаудың сипаты........................................................

1.2. Дүниенің тілдік бейнесі ұғымы.................................................................

1.3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі Friend/дос және enemy/қас ұғымдары туралы түсінік.............................................................

2 Ағылшын тілдік бейнесіндегі дос пен қас концептілері..................

2.1. Қазақ тіліндегі дос пен қас концептілері........

2.2. Қос тілдегі дос пен қас концептілерінің ерекшеліктері (салыстырмалы талдау)...................

Қорытынды......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Қосымша


Е.Жанұзақов, Ж.Манкеева т.б. ғылыми еңбектерінде этнолингвистикалық бағытта зерделенді [2].

Бүгінде «мәдениет» сөзіне мынадай екі түрлі анықтама беріліп жүр: мәдениет-адамзаттың өзіндік даму тарихында жаратқан барлық рухани және заттық байлығының жиынтығы. Әрине, бұл ұғым бүгінгідей дамыған өркениетті мәдениетті емес, адамзаттың ең ертедегі аңыз ертегілерінен бастап, оның қазіргідей озық ғылыми техникалық жетістіктері мен мәдениеттерін тұтастай қамтиды. Бұл «мәдениет» сөзінің кең мағынадағы анықтамасы, ал мәдениет жөніндегі келесі бір ұғым оны тар көлемде ғана ашады. Мәдениет дегеніміз – қоғам дамуының әрбір басқышы мен кезеңдеріндегі адамдардың идеологиясы және соған сәйкес заңдары, тәртібі мен ұйымдық құрылымы болып табылады [1,27].

ХХІ ғасырда лингвистика тілді тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сол сияқты ұлттың мәдени коды ретінде қарастырып келеді. Мұндай бағыттың фундаментальды негізі В. фон Гумбольдт , А.А. Потебня және т.б. еңбектерінде көрініс тапқан. Мысалы В.Гумбольдт «Менің ұлтымның тілінің шекарасы менің дүниетанымымның шекарасы» деген. Тіл тек ақиқат шындықты білдіріп қоймай, адамның өмір сүру ортасын жасайды, түсіндіреді.Тіл туралы ғылым лингвистика кез-келген гуманитарлық білімдер жүйесінде зор методологиялық ұстанымға ие және мұнсыз мәдениетті зерттеу мүмкін емес. Мәдени ақпаратты тасымалдаушы, тіл мен мәдениетті өзара байланыстырып қолданатын адам болып есептеледі. Тіл мен мәдениетті адам ұстанады. Адам болмаса тіл де, мәдениет те болмайды [2,33].

Тіл - қоғамдық өмірдің сәулесі. Одан қоғамдық өмірдің кез-келген өзгерістері айқын көрініс табады. Әсіресе тілдегі лексика бұл жағында өте сезімтал болып, қоғамның саяси, экономика, мәдениет, ағарту, өнер, идеология, мораль, т.б. жақтарындағы өзгерістер сөз жоқ лексикада бейнеленеді [4]. Тіл қоғаммен бірге өмір сүреді. Қазірде тіл ғылымы өзге қоғамдық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар арасында орны айқындалып бекемделіп, өмірдің барлық саласында маңыздылығын танытып отыр. Адамдар тіл ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып, өзге ғылымдар саласында қөрнекті табыстарға қол жеткізуде. Мұның басты себебі тілдің өзіне тән сәйкестік, жалпылық қасиеттерінен деуге болады. Демек, қазір көпшілік қауым «тіл деген не?» деген сауалына бұрынғыдай «тіл-адамдардың қатынас құралы» деген біржақты ұғымнан гөрі оның нақты, күрделі құбылыс екенін тани бастады. Тіл-мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады.

Ғасырлар тоғысындағы жаһандану дүниежүзі халықтарын ортақ жүйе, ортақ модельге тоғыстыру үрдісі қазіргі заманда өмір сүріп отырған әр этностың ұлттық мәдениеті мен тіл ерекшеліктерін сақтап қалу мәселесін тудырып отыр. Әртүрлі лингвомәдени ортада жұптық (бинарлы) оппозициялар жүйесі аз зерттелген және аталған концептердің ағылшын тіліндегі санасындағы жалпылама да, айрықша да қолданысын атап көрсету қазіргі уақытта өзекті тақырыптар қатарына жатады.

Қарастырылатын концепттің лингвомәдени талдауы ағылшын тіл санасындағы дос пен қас бинарлы концептілерін лигвомәдениеттану шеңберінде айқындауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны: Ағылшын лингвомәдениетіндегі дос пен қас бинарлы концептілері.

Зерттеу пәні: Ағылшын, қазақ тілдеріндегі дос пен қас тілдік концептуализациясы.

Зерттеудің мақсаты: Ағылшын, қазақ тіліндегі дос пен қас бинарлы концептілерінің ерекшеліктерін айқындау.

Зерттеудің міндеттері.

- шетелдік, ресейлік, отандық ғалымдардың тәжірибелерін жалпылай отырып, концепттің дүниенің тілдік бейнесінде алатын орнын айқындау және мәдени концептердің бір түрі ретінде «эмоционалдық концепт ұғымына» анықтама беру;

- ағылшын, қазақ тіліндегі дос пен қас концептілеріне лингвомәдени талдау жүргізу;

- зерттеліп отырған концептердің ағылшын лингвомәдениетіндегі жалпы және ерекше сипаттағы қолданысын ашып көрсету.

Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қарай анықталды. Лингвомәдениеттану ғылымның пәнаралық саласы болғандықтан дипломда зерттеудің кешенді әдістері беріледі. Зерттеу барысында салғастырмалы зерттеу әдісі, сипаттау, этимологиялық, концептуалды, контекстуалды топтастыру, логемеларға бөлу, лексико-семантикалық әдістер негізге алынды.

Зерттеудің теориялық негіздері. Ағылшын, қазақ тілдеріндегі дос пен қас концепттерін жан-жақты зерттеу барысында әлемдік тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде: Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Ә.Қайдар, І.Кеңесбаев, Н.Уәлиев, А.Салқынбай, Б.И.Нұрдәулетова және т.б., шетел тіл білімінде: Ю.Апресян, А.Потебня, Ф.де Соссюр, Э.Сепир, В.Уорф, В.фон Гумбольдт, Н.Арутюнова, С,Аскольдов, А.Вежбицкая, В.Воробьев, С.Воркачев, Е.Кубрякова, В.Карасик, С.Тер-Минасова, А.Кунин, В.З.Демьянков, Н.А.Красавскии, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және т.б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысында ағылшын тіліндегі көркем шығарма, фразеологизмдер мен паремиядағы дос пен қас концептілеріне лингвомәдени талдау жүргізілді. Ағылшын тілінде «friend» пен «enemy» лексемаларымен келетін фразеологиялық бірліктер мен мақал-мәтелдер қарастырылды.

Зерттеудің теориялық маңызы. Дос пен қас бинарлы концептілерін соңғы жылдары ғылымдар тоғысуында пайда болған лингвомәдениеттану шеңберінде қарастыру – жаңаша көзқарастың дәлелі. Бинарлы концептерді туыс емес тілдерде салғастыра зерттеу дүниенің тілдік бейнесінің табиғатын барынша тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, лингвомәдениеттану ғылымының әрі қарай дамуына, жұптық оппозицияларды концептуализациялау теориясына және дос пен қас бинарлы концептілерінің лингвомәдени ерекшелігін анықтайды. Дос пен қас концептілерін талдау ұлттық тілдік сананың ерекше сипаттарын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің практикалық мәні. Зерттеу барысында жинақталған материалдар және зерттеу нәтижелері тіл мамандарының, жалпы тіл үйренуші қауымның лингвомәдениеттану саласынан білім деңгейін көтеруге септігін тигізеді. Зерттеу нәтижелері оқу үдерісінде лингвомәдениеттанудан арнайы курстарда, сондай-ақ баяндама, реферат, презентация тақырыптарын құрастыруда қолдануға болады.

Зерттеудің дереккөздері. Қарастырылып отырған тілдегі көркем шығармалардан алынған мәтіндер мен түрлі сөздіктерден (этимологиялық, түсіндірме, аударма, синонимдік, мағыналас фразеологизмдер , фразеологиялық сөз тіркестер) келтірілген лексикалық, фразеологиялық және паремиологиялық бірліктер, мақал- мәтелдер жинақтары.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

1 Зерттеудің теориялық негіздері





    1. «Концепт» терминінің теориялық негіздері

1.1.1 «Концепт» ұғымы туралы

«Концепт» терминінің теориялық негіздері Д. С. Лихачев, Н. Д. Арутюнова, Е. С. Кубрякова, А. Н. Мороховский, Н. К. Рябцева, В. А. Масловның еңбектерінде әр түрлі қырынан қаралады.

Қазіргі лингвистикада концепт үш түрлі бағытта талданып, қарастырылады: лингвистикалық, когнитивтік, мәдениеттанымдық.

Концептіні лингвистикалық тұрғыда зерттеушілер бір тілді сөйлеушілерге ортақ концептуалдық ойлау жүйесі, «менталдылықтың негізгі бірлігі», «мәдениеттің кілт сөздері», «ұлттық колориті», «ойлау мен қарым – қатынас құралы ретінде» деп қарастырған.

Концептіні когнитивтік бағытта зерттеген өзге де ғалымдар Дж. Лакофф, М. Джонсон, А. Вежбицкая, Ю.С. Степанов концепт мазмұнына түсіндірілетін зат құрылыстың негізгі  ұғымдық белгілерін еңгізеді, яғни концептіні ұғыммен қатар қояды. Концептіні лингвомәдени аспектіде зерттеушілердің Н.Д. Арутюнова, В.В.Колесов, З.Д.Попова, И.А. Стернин, Ю.С. Степанов, В.Н. Теле, Л.О.Чернейко т.б. пайымдауынша, концепт барынша кең ұғым. Оның мазмұнына ұғымдық белгілерден де басқа осы зат-құбылысқа қатысты барлық мәдени-аралық ақпараттар енеді.

Концепт сөз мағынасын емес сөздің сөздікте берілген мағынасы мен адамның өзіндік және халықтық тәжірибелері негізінде қалыптасқан мағыналардың тоғысуынан туған мағыналар нәтижес іболып табылады. Сөз, мағына, концептінің өзара қатынастылығын қарастыра отырып, біз адамды ол қатардан шығарып тастай алмаймыз. Бұл жерде басты нысан – адам, адамның тәжірибесі, танымы, тілдік қабілеті. Концептінің әлеуеті неғұрлым кең және бай болуы үшін адамның мәдени тәжірибесі де, кең, әрі бай болуы қажет. Д.С. Лихачов әрбір адамның өзіндік дара мәдени тәжірибесі, дағдысы мен білім қоры, оның концепт байлығын немесе жұтандығын айқындайтын болады деп көрсетеді.

Сонымен, қазіргі тіл білімінде концепт табиғатына байланысты бірнеше көзқарастар бар: 1) концепт – бұл құбылыстың лингвокогнитивті түсіндірмесі; 2) концепт – лингвомәдениеттанымдық құбылыс; 3) концепт – жан – жақты құбылыс, ол жоғарыда аталған аспектілердің қай – қайсысы арқылы да талданады.



Концепт терминін талдау барысында көптеген зерттеушілер оның мәнін жан-жақты ашатын ұғымдар ретінде  «сөздің ішкі формасы», «прототип» терминдеріне де тоқталады. Мәселен, дүниенің жаратылуы туралы түсінік «мен», мен және олар, мен және қоғам, мен және ғалам ара қатынасынан өрбиді.

ХХ ғасырдың аяғында лингвисттер, тілдік тасымалдауыш - бұл белгілі концептуалдық жүйелердің тасымалдауыштары деген пікір айтады. Қазіргі күні алдыңғы орында менталды немесе концептілер-менталдылықтың мәні болып табылады. Лингвистикада концепт терминінің ескі де жаңа түрі бір мезгілде пайда болған. 1928 жылы С.А.Аскольдов «Концепт және сөз» атты мақаласын жариялаған, бірақ өткен ғасырдың ортасына дейін концепт ұғымы термин ретінде ғылыми әдебиеттерде қабылданбаған. С.А.Аскольдов өзінің мақаласында концептінің шығу тегі туралы немесе жалпы ұғымдары ортағасырлық терминология бойынша ескі-универсалий туралы мәселені қозғады. Ол концептінің ауыстырымдылық функциясын көрсете отырып, оны былай көрсетеді: «Концепт бізге ойлау үдерісінде біртекті заттардың белгісіз көп түрін ауыстыратын ойша құрылым» [5].

Концепт - бұл құрылым, ол қайта жасалмайды, өзінің тілдік бейнесі және тілден тыс білімі арқылы қайта құрастырылады. Концептінің одан басқа мынадай түсініктері бар:

концепт - адамның білімі мен тәжірибесі арқылы көрсетілетін біздің санамыздың және ақпараттық құрылымның менталдық және психикалық ресурстарының бірлігін түсіндіретін термин;

концепт - есте сақтау,менталдық лексикон,концептуалдық жүйе мен ми тілі және адам психикасында көрсетілген дүниенің бүкіл көрінісінің жедел мазмұндық бірлігі;

концепт - тиісті лексикалық-парадигманы құрайтын тілдік қызметін көрсету тұрғысында көрсетілген мәдени бекітілген вербальды мағына; этномәдени ерекшелікпен белгіленген және тілдік түсінігі бар топтық білім бірлігі. Ол референттік жағдаятты білуді қарастырады.

Осылайша,концепт ұғымы философия мен логикадан келді, бірақ соңғы 15 жылда оның маңызы артып, қайта пайымдалу үстінде.

Концептінің әртүрлі анықтамалары оның келесі инварианттық белгілерін көрсетуге мүмкіндік береді:

1) сөздің көмегімен вербалданатын және аялық құрылымы бар, оның мінсіз түсінігіндегі адамның тәжірибесінің ең төменгі бірлігі;

2) бұл-білімді өңдеу, сақтау және таратудың негізгі бірліктері;

3) концептінің қозғалмалы шектері және нақты функциялары болады;

4) концепт әлеуметті, оның ассоциативтік аясы оның прагматикасын туындатады;

5) бұл мәдениеттің негізгі ұяшығы. Соған орай, концептілер концептуалдық жүйе құрай отырып, дүниені адамның ойымен қалыптастырады, ал адам тілінің белгісі осы жүйенің мағынасын сөзбен жүйелейді.

Концепт терминінің Британ энциклопедиясында берілген анықтамасы төмендегідей:



A concept (substantive term: conception) is a cognitive unit of meaning—an abstract idea or a mental symbol sometimes defined as a «unit of knowledge», built from other units which act as a concept's characteristics. A concept is typically associated with a corresponding representation in a language or symbology; however, some concepts do not have a linguistic representation, which can make them more difficult to understand depending on a person's native language, such as a single meaning of a term.

Ағылшын тіліндегі дос пен қас концептілерін жан-жақты зерттеу барысында әлемдік тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде: Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Ә.Қайдар, І.Кеңесбаев, Н.Уәлиев, А.Салқынбай, Б.И.Нұрдәулетова және т.б., шетел тіл білімінде: Ю.Апресян, А.Потебня, Ф.де Соссюр, Э.Сепир, В.Уорф, В.фон Гумбольдт, Н.Арутюнова, С,Аскольдов, А.Вежбицкая, В.Воробьев, С.Воркачев, Е.Кубрякова, В.Карасик, С.Тер-Минасова, А.Кунин, В.З.Демьянков, Н.А.Красавскии, Ю.С.Степанов, И.А.Стернин, В.Н.Телия және т.б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.

Дос пен қас бинарлы концептілерін соңғы жылдары ғылымдар тоғысуында пайда болған лингвомәдениеттану шеңберінде қарастыру – жаңаша көзқарастың дәлелі. Бинарлы концептерді туыс емес тілдерде салғастыра зерттеу дүниенің тілдік бейнесінің табиғатын барынша тереңірек зерттеуге мүмкіндік береді, лингвомәдениеттану ғылымының әрі қарай дамуына өзіндік үлесін қосады. Жұптық (бинарлы) оппозициялар жүйесін концептуализациялау теориясына өзіндік үлес қосады. Дос пен қас концептілерінің лингвомәдени ерекшелігін анықтайды. Дос пен қас концептілерін талдау ұлттық тілдік сананың ерекше сипаттарын ашып көрсетуге мүмкіндік туғызады. Концептілердің тілдік репрезентациясын оқыту әдісінің талдамасын жасауға, жоғарғы оқу орындарында «Тілін оқып жатқан ел әдебиеті», «Америка әдебиетінің тарихы» курстарынан практикалық сабақтарда көркем шығарма мәтіндеріне филологиялық талдау жүргізуде көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Концепттерді тілде зерттеу лингвистикалық ғылымдарда перспективалы бағыттардың бірінен саналады. Концепт мәдениеттану, лингвистикалық, философиялық және т.б. аспектілерде қарастырылып, түрлі интепретация, классификация мен зерттеу тәсілдері ұсынылып жүр. Концепт лингвистикада ментальдық әрі тілдік бірлік ретінде қаралады. Концепттерді зерттеу когнитивті лингвистика, психолингвистика, сондай-ақ дәстүрлі тіл білімі шеңберінде қарастыруға қызығушылық танытып отыр. Осы бағыттардың қай-қайсысында болмасын концепт тілдік заңдылықтарды ашу құралы қызметін атқарады. Тіл ұжымдық және тілдік санада өмір сүре отырып, мәдениетті тасымалдаушы болып табылады. Концепт термині Е.С. Кубрякованың анықтамасы бойынша ой мен таным мәселелерімен айналысатын, ақпаратты сақтап, өңдейтін бірнеше ғылыми бағыттардың пәндік аясын қамтып, шоғырландырып тұратын «қолшатыр» термин болып есептеледі. Когнитивті терминдердің қысқаша сөздігіне сүйенсек, концепт ұғымы адамның ойлау үдерісіне сүйенетін және тәжірибесі мен білімінің мазмұнын бейнелейтін, барлық адам әрекетінің нәтижелері мен қандай да бір «квант» түрінде дүниені тану үдерісінің мазмұнын бейнелейтін ойларды береді.

Отандық лингвокогнитологияда концепт пен сөздің лексикалық мағынасының арақатынасы әлі де өзекті. Бұл екі ұғымның арақатынасы туралы мәселені алғаш рет С.А.Аскольдов 1928 жылы жарық көрген «Концепт и слова» еңбегінде көтерген болатын [5,24]. Ғылым дамуының қазіргі кезеңінде бұл мәселе В.В.Колесов, В.Никитин, М.В.Нименова , В.Д.Стернин, В.Д.Попов т.б. көптеген лингвистердің еңбектерінде зерттелуде. Концепт пен мағынаның басты айырмашылықтарының бірі олардың ішкі мазмұнына байланысты. Концепт пен мағынының арақатысы олардың категориалды статусынан анықталады. Мағына – тілдің семантикалық кеңістігінің бірлігі, яғни нақты тілдің мағыналар жүйесінің реттелген жиынтығының элементі. Мағынаға салыстырмалы түрде белгілі бір қауымдастыққа ғана жалпылама танымал бірнеше ғана семантикалық белгілер тән. Сөздің семантикасы коммуникация процесінде халықтың өзара түсінісуін қамтамасыз етеді. Лексикалық мағына- байқалатын, көрінетін тілдік құрылым. Ал концепт – ойлау процесі көріністерінің басты формасы болып табылады. Ол байқалмайтын күрделі, көпжақты, көпмағыналы тілдік- танымдық конструкт. Мағына – коммуникация мақсатында тілдік белгімен бекітілген концептің бір бөлігі. Концепт пен мағына санада шындықтың с әулеленуі нәтижесін көрсететін ой- танымдық құбылыс.

Концепт (лат. Соnceptus-«понятие») көп мағыналы термин. Концепт терминінің теориялық негіздері Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнова, Е.С.Кубрякова, А.Н.Мороховский, Н.К.Рябцев, В.А.Маслова, А,Я.Гуревич, А.Вежбицкая еңбектерінде әр түрлі қырынан қарастырылды. Концепт сөздердің беретін ұғымын түсіну арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың тіл өрісінің, дүниетаным ерекшеліктері айқындалады. Концептілер рухани мәдениеттің басты-басты ұғымдарын оның элементттері ретінде таңбалай отырып, олардың мән – мағынасын қамтиды. Рухани-мәдени сөздердің лексикалық мағыналарын анықтау жаңа үстеме мағынаның ашылуына септігін тигізеді. Бұл өз кезегінде бұрынғы түсіндірмелерді жаңа қырынан бағалауға әкеледі.

Концепт ұғымы лингвистикада «адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері» (А.Вежбицкая), «концепт – біздің нысан туралы білетініміздің барлық жиынтығы» ( В.Н.Телия), «құдайлық ілімді танудың, сол арқылы , соны ұғыну арқылы халықтың рухын, ұлттың мәдени ментальдығын танудың кілті» (В.фон Гумбольдт) тәрізді анықтамалармен беріліп жүр. Жаңа гуманитарлық білімдер саласына концепт терминін алғашқылардың бірі болып, орыс ойшылы С.А.Аскольдов енгізген болатын [5,25].

Концепт терминінің теориялық негіздерін ғалымдар Д.С.Лихачев, Н.Д.Арутюнов, Е.С.Курбяков, А.Н.Мороховский, Н.К.Репцев, В.В.Колесов, А.П.Бабушкин, В.А.Маслов, А.Л.Туревич, А.Вежбицкая, Ю.А.Степанов т.б. ғалымдардың ізденістерінде өзіндік қырларынан көрінген.Концепт адам санасындағы ұлттық бірліктерді, психикалық ресурстарды, адам білімі мен тәжірибесі арқылы жинақталған ақпараттық құрылымды, менталдық лексиконның, концептуалдық жүйенің адамзат психикасында бейнеленген барлық әлем бейнесінің оперативті мазмұндық бірліктерін түсіндіреді.

Бүгінгі таңда лингвистика ғылымында концепт терминінің қарастырылуы 
лингвистика мен философияның өзара бір-біріне деген әсерінің күшеюіне байланысты туындаған. Логикада “концепт” термині “ұғым, түсінік” терминдерімен тең. Ресей тіл білімінде “концепт” термині алғаш рет ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында пайда болды.

Концепт ұғымы адамзат іс-­әрекеті нәтижесінің мазмұны, тәжірибе мен білім мазмұнын бейнелейтін ұғымдар, әлемді тану үдерісі туралы танымдарға жауап береді. Концепт – латынша "conceptus" көптеген формалардың мазмұнын өзіне жинақтаушы және солардың бастауы дегенді білдіреді. Концепт терминінің мағына ауқымының кеңдігі соншалықты, зерттеуші тарапынан оған берілген анықтамалар әрқилы және сан алуан. Негізінен бәрінің ой­-пікірлері концепт деген ұғымға саяды [6,42].

Ал, «концепт» ұғымы дегеніміз – адам санасына тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда, дүниетаным негізінде белгілі-бір ұрпақтан өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық [7].

Н.Д. Арутюнова мәдени концептілер туралы былай дейді: «Каждое из этих слов обладает своими законами, сочетаемости, своим лексиконам, фразеологией, риторикой и шаблонами, своей областью референции, и поэтому, описывая и анализируя «язык» каждого культурного концепта, мы открываем доступ к соответствующему понятию» [8].

В.В. Колесов концепт ұғымын қазіргі зерттеулерде кездесетін мәдени концепт ұғымымен байланыстыра келе былай деп жазады: «Концепт» ­сөздің мағыналық толығуының негізгі нүктесі әрі дамудың ең соңғы шегі. Мәдени таңба ретіндегі сөз мағыналарының даму нәтижесіндегіалғашқы мағына –соңғы нүкте, яғни қазіргі мәдениеттегі қатары молайған ұғым концепт бола алады. Концептілер ұлттық дүниетаным, мәдениет негізінде қалыптаса отырып, ұлттың ұлт болып айқындалу белгісі ретінде де маңызды және олар тілде де көрініс тапқан, яғни белгілі­-бір концепт төңірегінде тілдік белгілер оның мән-мағынасын ашуда бірден­бір маңызды орын алады. Концептілерге талдау жасағанда, әр тілде мәдени-ерекше концептілер басым болады [9].

Белгілі зерттеуші ғалым Ш. Елемесова:«Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланылатын сөздермен байланыстырушы концептуализация үдерісінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миында бейнеленуі»-деп атайды [10].

Мәдени концептілердің беретін ұғымын, семантикалық қырларына талдау жасау арқылы жеке адамнан бастап, қоғамдық топтардың, бүкіл бір ұлттың, халықтың ой-өрісін, өрісінің, дүниетанымының ерекшеліктерін айқындауға болады.

Мәдени концептілер белгілі­-бір халықтың, ұлттық мәдениетін, салт дәстүрін, дүниетанымын түсінудің кілті. Олар халықтың өзіндік мәдениетін өз ішінен ұғынуға көмектеседі. Мәдени концептілерді талдау арқылы ұлттық мәдениеттің даму қалпын, оның қазіргі өмірдегі жай күйін білеміз. «Мәдени концепт» ретінде танылатын тілдік бірліктің концепт құрудағы өзіндік лексиконы, синонимдік қатары, ассоциациялық байланысы бар және семантикалық өрісі кең атауларды білеміз. Солардың бірі ретінде «Дос» пен «қас» ұғымдарын қарастыруға болады.

Қазіргі таңда тіл біліміндегі зерттеулердің көбі негізгі категория ретінде концепт ұғымын алуда. «Концепт – адам санасының ойлау бірліктері мен психикалық ресурстарын, білім мен тәжірибенің бейнелі көрсеткіштерін құрайтын, хабарлы құрылымдарды түсіндіруге мүмкіндік беретін когнитивті лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі» [11].

Концепт ұғымы, негізінен 1970 ж. ортасынан бастап, ағылшын тіліндегі Шенк, Чейф, Рассел, Карнап сияқты ғалымдардың еңбектерінде кездесіп, аталмыш ұғымды дұрыс аудару мәселесі туындағандықтан алынған. Ол кезде ағылшын тіліндегі concept сөзін «ұғым» деп аудару ұсынылды, алайда қазіргі таңда зерттеушілер «концепт» пен «ұғым» терминдерінің ара-жігін ашуда. Мәселен, Ю.С. Степанов ұғым мен концептің айырмашылығы туралы айтқанда, біріншісін логика мен философиямен байланыстырып, екіншісін математикалық логикаға жатқызса, кейінгі уақытта концепті «мәдениеттің ұйытқысы» ретінде анықтап мәдениеттанумен де байланыстыруда. Ғалымның пікіріне сүйенетін болсақ, концепт адамның менталды дүниесіндегі мәдениеттің негізгі ұясы,ол біріншіден, ұғымның мазмұнын қамтиды және оны мәдени факт ететін – этимология, нақты бір концептінің қысқаша тарихы, заманауи ассоциациялар, бағалар, тәжірибе және т.б. қамтиды [12].

С. Аскольдов концепті ойлау барысында адамға бір-біріне жақын көптеген заттардың орнын алмастыратын ойлау құрылымы деп анықтаған [5,12].

В.А. Маслова концептке келесі анықтаманы береді: «Концепт окружен эмоциональным, экспрессивным, оценочным ореолом; это тот, «пучок» представлений, понятий, знаний, ассоциаций, переживаний, который сопроваждает слово и выражаемое им понятие. Концепты – предмет эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений различных мнений». Ғалым В.А. Маслова концепт табиғатын түсіну жайында ойын былайша өрбітеді: «Любая попытка постичь природу концепта приводит к осознанию факта существования целого ряда смежных понятий и терминов. Прежде всего, это концепт, понятие и значение». Демек концепт, ұғым және мағына концепт жүйесін құратын бір-бірімен тығыз байланысты, ажырамас ұғымдар болып табылады. Ғалым әрі қарай ұғым мен концептті былайша ажыратады: «Если понятие – это совокупность познанных существенных признаков объекта, то концепт – ментальное национально-специфическое образование, планом содержания которого является вся совокупность языковых средств (лексических, фразеологических, паремиологических и др.)» [11, 26-28].

Ю.С. Степанов концептке келесі анықтаманы береді: «Концепт – это как бы сгусток культуры в сознании человека; то, в виде чего культура входит в ментальный мир человека. И, с другой стороны, концепт – это то, посредством чего человек – рядовой, обычный человек, не «творец культурных ценностей» - сам входит в культуру, а в некоторых случаях и влияет на нее [12, 40].

В.З. Демьянков концепт ұғымы қазіргі орыс тілі қолданысы аясында интелектуалды, ғылыми дискурсқа тиесілі деген көзқарасқа тоқталады:   «Употребляют этот термин, когда хотят подчеркнуть самость некоторого понятия, его априорность, чтобы сказать: обсуждая данное понятие, давайте попытаемся, не просто договориться об употреблении терминов, а реконструируем ту сущность ментального мира, которая за этим понятием лежит» [13].

Е.С. Кубрякова болса, концепті халық жадысы, оның тілдік лексиконы, концептуалды жүйесі мен ми тілінің, әлемнің тілдік бейнесінің мазмұнды бірлігі ретіндегі білім кванты деп анықтаған [4, 30].

С.Г. Воркачев концептті математикадағы көбейтумен салыстыра отырып, анықталуы күрделі және интуитивті деңгейде қабылданатын когнитологияның негізгі аксиоматикалық категориясы, түсінік (представления), схема, фрейм, сценарий, гештальттің гиперонимі деген анықтама береді [14].

Р.И. Павиленис концепті заттардың әлемдегі орнының актуалды немесе ықтимал жағдайы жөніндегі ақпарат, яғни адам баласының әлем объектілері жөніндегі білімі және тұжырымдары деп түйіндеген [15].

Э. Сепир концепті өмірдегі әр түрлі жеке дара тәжірибелерді қамтитын  ойдың капсуласы деп есептейді [16].

А.П. Бабушкин концептті бастапқы семиозис үдерісін өткеріп, семантикалық өрістің инвариантты мағынасы ретінде тілдік тұлға танитын, халықтық санада көрініс табатын нақты бір ақпараттық тұтастық деп айқындаған болса В.А. Маслова концепті «мәдениеттің тереңінен бастау алатын», эмотивтілік, коннотация, табиғатына сәйкес аксиологиялық және тіл жүйесінде «аты»/ «атаулары» бар ұғым деп ойын жетілдіре түседі [17].

Ғалымның пайымдауынша, кез-келген ұғым концепт бола бермейді, тек қана кейбір күрделі, нақты бір мәдениетті оларсыз елестету, танып-білу мүмкін емес маңызды ұғымдар ғана концепт ретінде танылады. Концептосфера құрылымы В.А. Маслованың пікірінше, өзек (когнитивті-пропозиционалдық құрылым), өзекке тамырлас аумақ (концептің басқа лексикалық репрезентациялары, синонимдері) және перифериядан  (ассоциативті-бейнелі репрезентациялар) тұрады. Концепт өзегі мен өзекке тамырлас аумақ әмбебап және жалпыхалықтық білімдерді танытса, периферия – индивидуалды, яғни жеке тұрғысынан танытады [18].

Жалпы, концепт философиялық тұрғыда екі бағытта түсініледі: біріншісі – рухани мәдениеттің өзекті сөзі, екіншісі – сөздің пайда болуына дәнекер алғашқы түсінік. Концептің басты белгілерінің бірі – оның мәдени реңкте болуы. Сондықтан ол ұлттық ерекше дүниетанымды түсінуде басты компонент болып саналады [18, 55-56].

Ресейлік ғалым В.И. Карасик концепті когнитивтік және мәдени деп ажыратып, когнитивті концептілерді қоршаған ортадағы шындықты құрылымдап және оны қайта құратын индивидуалды мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар ретінде анықтаса, ал мәдени концептілер сол мәдениеттің өзіндік ерекшеліктерін бекітетін ұжымдық мазмұнды болып келетін менталды құрылымдар деп түйген [19].

Когнитивтік тіл білімінің дамуы, «концепт» ұғымы мен концептілер типологиясын ұғыну арқылы зерттеушілер концептің әр түрлі менталды құбылыстардың әр түрін біріктіріп, адам санасындағы білімді құрылымдау қызметін атқаратын қолшатыр термин екенін түсінді [19, 115 ].

В.И. Карасик мазмұндық тұрғыдан концептілерді параметрлік және параметрлік емес менталды бірліктер деп ажыратады. Параметрлік концептілерге объектілердің әр түрлі шынайы сипаттамаларын салғастыратын классификациялаушы категория ретінде қызмет ететін концептілер жатады (кеңістік, уақыт, сандар, сапа және т.б.). Параметрлік емес менталды бірліктерге заттық мазмұндағы концептілер жатады. Параметрлік емес концептілер регулятивті (мазмұнында басты орын құндылықтық компонент болатын концептілер, мысалы, бақыт, міндет және т.б.) және регулятивті емес  (әр түрлі сипаттағы синкретті менталды бірліктер: саяхат, сыйлық және т.б.).

Ғалымның пікірінше, нақты бір халықтың менталитетінің өзіндік ерекшеліктерін танып-білуде регулятивті концептілердің қосар үлесі зор. Регулятивті концептілер, оларға өзін-өзі ұстауда басты бағдар ретінде сүйеніп маңызды концепт санайтын  тілдік тұлғалардың өрісінің қаншалықты, қандай деңгейде болуына байланысты әр түрлі болып келеді. Мәселен, олар әмбебап (ақиқат, жақсылық, сұлулық) болуы мүмкін, сонымен қатар ұлтқа тән – жан, тағдыр, сағыныш сияқты және әлеуметтік тұрғыдан ерекше маңызға ие – ақылдылық, ар-намыс тәрізді концептілер болса, барша адамзатқа тән құндылықтардың жеке-авторлық модификацияларын да қамтиды [19, 74 ].

З.Д. Попова мен И.А. Стернин концептосфераны белгілі бір халықтың концептілерінің реттелген бір жиынтығы, ойлаудың ақпараттық базасы деп анықтайды [20]. Ғалымдар сонымен қатар топтық концептосфералар жайын да сөз етеді (кәсіби, жас ерекшелік, гендерлік және т.б.).

Отандық тіл білімінде концепт ұғымына қатысты мәселелерді Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Г.Смағұлова, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, А.Ислам, Н.Аитова, Ж.Жампейісова, Э.Оразалиева, Г.Мұратова, Б.Тілеубердиев т.б. ғалымдар өз еңбектерінде жан-жақты қарастырады.

Б. Тілеубердиев концепт сөздерді, олардың мәні мен мағынасын түсіну жеке адамнан бастау алып, қоғамдық таптар мен тұтас бір ұлттың ой-өрісі, дүниетанымы жайында ақпарат беретіндігін баса көрсетеді [12, 88 ].

Қазақстандық ғалым А. Исламның айтуынша, концептілерді талдау барысында төмендегідей бірізділік ұсталынады: сөздіктегі анықтамасы; концептің мағынасы мен оның әр түрлі философиялық және діни жүйелердегі орны; концептің адамның күнделікті санасындағы түсінігі; концептің әмбебап белгілері; концептің фразеологизмдердің түзілуіне немесе қолдануына әсері; белгілі бір концептіге байланысты сюжеттің, немесе образдардың пайда болуы [22].

Концепт құрылымында образдың болуы қазіргі тіл білімінде кеңінен дамыған прототиптік семантикамен дәлелденген. Д. Лаккофтың тұжырымдауынша, прототиптер концепт классын тұтасымен елестетуге мүмкіндік беретін анық,  ашық бейнелер (мысалы: құстар тобы үшін ол шымшық).

Э. Роштың пікірінше, прототип – негізінен берілген топтың басқа бірліктерімен ортақ қасиеттер дәрежесінде көрініс табатын және сол қасиеттерді ашық, толық жүзеге асыратын бірлік.

Сонымен концепт дегеніміз – этномәдени санада сақталатын, белгілі бір ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілетін ықшам, әрі терең мағыналы шындық болмыс, ұлттың мәдени құндылықтары жөніндегі сан ғасырлық түсінігін білдіретін құрылым [22, 56].

Дипломдық жұмыста концепт ұғымының табиғатын ашуға талпыныс жасай отырып, адамзатқа ортақ әмбебап концептілерді әр түрлі мәдениеттер концептосферасы негізінде айқындау, талдау концепт ұғымының күрделі де терең құрылымын ашып қана қоймай, салғастырмалы тіл білімін тың нәтижелермен толықтыратыны сөзсіз екенін айтқымыз келеді.

Сонымен қатар біз дипломдық жұмыста ғалымдардың пікірлерін басшылыққа алдық. Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті лингвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті лингвистикада адамға тән когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады. Сондықтан да оның зерттеу нысанасына концептілер жатады. Ғалым А. Ислам «Лингвомәдени ізденістерде дүниетанымдық концептілердің өзіндік орны бар. Орыс тіл білімінде «понятие» мен «концепт» терминдерінің ара жігін айқындаған ғылыми мақалалар аз емес. Ал қазақ тіл білімінде әзірге бұл термин төңірегінде пікір талас болғанымен, «ұғым» деп те, «концепт» термині түрінде де қалдыруға болады деген ойдамыз. Ал енді «концепт» дегеніміз, ол біздің пайымдауымызша, адам санасында тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы айтқанда дүние таным негізінде белгілі бір ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріссіз беріліп отыратын құндылық. Сөйтіп, олар «концептілер аймағын» құрайды» [22,2]– дейді.

Концептілер қай ұлттың мәдениетінде болмасын, саны жағынан ғалым Ю.С. Степановтың айтуынша, елу шақты [12,55]. Концептілер –ұлттық танымның бір көрінісі сондықтан да ғалымның лингвокогнитивтік моделі болып саналады. Концепт қандайда бір ауқымды идеяның сан алуан күрделі ұғым түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның мазмұндық құрылымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан туындайды. Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі құрылымын мәдени-танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда мәдениет қалдыратын «іздер» – мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады [12, 56]. Белгілі бір концептілердің ұлттық танымдық және мәдени ақпараттық ішкі құрылымының мазмұнын ой елегінен өткізу «зат пен құбылысқа атау берудің тілден тыс себептерін ашып көртсетуді, атауға негіз болған заттың (құбылыстың) негізгі белгі қасиетін анықтауды басты міндет ететін» [23], лингвистика ғылымындағы номинация теориясымен өзара сабақтастықта қарастырылады. Дегенмен, ой-санада жинақталған білімнің уақыт талабының еншісі мен ақпарат құрылымының дамуына байланысты когнитивтік бірлік – концептіні ұғымнан ажырату, оны бір тұжырымға келтіру зерттеуді талап етеді. «Концепт» туралы пікірлер әр түрлі. Олай дейтініміз, жарық көрген материалдарда концепт туралы бір-біріне жуық, бірақ өзіндік ерекшеліктерімен бірнеше көзқарастар, ережелер кездеседі. «Концепт (от лат. соnceptus - мысль, понятия) смысловое значение имени (знака) т.е содержание понятия, объем которого есть предмет (денотат) этого имени (напр., смысловое значение имени луна – истесать. Спутник Земли) [23, 88].

Ал «ұғым» қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: 1. Белгілі бір зат, құбылыс жөніндегі адамның түсінігі, танымы. Қазақ ұғымында жылқы еті ең жеңіл ет (Қасиманов). 2. Мән, мағына, маңыз. Ана тілім-ана сүті, жүрегім, Жүрек тынса, тірлікте не ұғым бар? (Әбілев) [24]. Бұдан, ұғым құрылымына қарағанда концепт құрылымының ауқымы кең екенін көреміз. Осы орайда А. П. Бабушкиннің «Қазіргі таңда тілші ғалымдар «ұғым» терминін классикалық мәнін қолдана бермейді, оның орынына «концепт» деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды жөн көреді» [17, 14] десе, В. А. Маслова концепті «Ментальные сущности, которые имеют имя в языке и отражают культурно-национальные представления человека о мире» [23, 56] дейді. Ал, ғалым Ю. С. Степанов «Концепт не только мыслятся, они переживаются. Они – предмет, эмоций, симпатий и антипатий, а иногда и столкновений» [ 12, 40-41] деген ой түйеді. Ғалым Е. М. Абақан: «Аристотельдің айтып кеткен «әлемнің тілдік бейнесі» туралы ойын бүгінде әркім әрқалай ұғынса да, болмыс пен тіл арасындағы тығыз байланыс бір ауыздан мойындалады. Мұндай байланыс санадағы көрініс тіл білімінде «концепт» немесе «символ» деп те аталып жүр. «Концепт» деген терминді алғаш рет діндар-философ Ансельм (1033-1109 ж.ж.) қолданған екен. Бұл термин латын тілінде conceptio – 1) байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық қабылдау; 5) сөйлем. Кең мағынасында бұл сөз – есімнің (белгінің) ұғымдық мағынасы, яғни «ойдағы ұғым, идея» дегенді білдіреді. Лингвистикада «концепт» термині, көбіне, «грамматикалық немесе семантикалық категория» мағынасында жұмсалып жүр. Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол жалпылаудың (обстракцияның) ең жоғары деңгейін білдіретін ұғымконцепт емес – «оқиға, үдеріс, дерек» туралы ұғым. Сондықтан, «концептуальды талдау» сөздің немесе сөйлемнің контекстке, яғни нақтылы мағынаға қатысы анықталуға тиіс» [25] дей келе, «Абстрактылық концептер өте көне замандарда пайда болып, қазіргі евразиялық тілдердің ажырамай тұрған кезінде белсенді роль атқарған екен. Протоевразиялық тілдердің өзегін құрайтын мұндай концептердің тілдердің өзегін құрайтын мұндай концептердің тілдердің дамуына тікелей әсер болған. Концептерді анықтау протоевразиялық тілдердің даму тарихын, жалпы тілдің табиғатын тануға мүмкіндік береді. Тілдің абстрактылық, символдық табиғаты тілдердің генеалогиялық, типологиялық жүйесін де қайта қарауға негіз бола алады» [20, 50], дегенді алға тартады.



Ғалым Н. Уәли келесі тұжырымдарды келтірген: «Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік - заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі. Концептінің жасалуына ұғым емес, заттық образдар (бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=жал деген (субъект-предикат) ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз болып тұр», -дей келе, «Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса, концепт - мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық, паремеологиялық т.б.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды, ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым» [26] дейді. Демек концептіні жеке тұлғаның санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдан пайда болады деген ғалым Н. Уәлидің пікірі Ю. С. Степанов пікірімен біржақты ұштасады. Тілдік бірліктер құралы фразеология туралы А. Исламда қостайды: «Ұлттық реңкті фразеологизмдер – дүниенің тілдік суретін мейілінше айқын көрсетер тіл қабаты. Фразеологизмдердің образдық негізі ұлт мәдениетінен, оның дүниетанымы туралы ақпарат берер көзі. Фразеологизмдердің мәдени коннотациясы, модустік бағалау реңктерін ашу ұлт өкілдерінің құндылықтар дүниесін айқындауға мүмкіндік береді» [23, 7]. Қазақ тіліндегі концептілерді М. А. Күштаева: «концептіні адам дүние танымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарастыра келе, адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнелеген жеке атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі, концепт терминіне «рухани мәдениеттің тірек сөздер» мағынасында ғана түсінбейміз, себебі тірек сөз концепт сөзіне емес «мәдени концепт» тіркесіне балама ретінде қоланылады» дегенді айтады. В.А. Маслова бұлардан үшінші бір топ «ұлттық мәдени категорияларды» қосымша бөліп шығарады [ 11, 51]. Мәселен қазақтар үшін өмір, өлім, жан, тән, ар, ұят т.б. ұғымдар концептінің ұлттық мәдени танымдық категориялары жатады. Қазақ тіліндегі концептінің мән мағынасын айқындауға ой салатын пікірлеріде баршылық. Мәселен, Г. Смағұлова: «...фразеологизмдердің мағыналас тізбек құрудағы басты қасиеті – жалпы ұғым, түсінікке бағытталған тіркестер болатынын ескере келе, мағыналас фразеологизмдердің синонимдік тізбектерде ұғымды сөзбен жеткізе алмаған жағдайда мағына ортақтығын танытып тұратын жеке мағыналық ой басым түскен тұрақты тіркес сөз доминант қызметін атқаратынын айта келе, семантикалық синтагмалық аясында фразеологизмдер компоненттерінің қосынды мағыналары соңынан тұратын әр сол мағынаның толық жұмысалуына себеп болатын бір сөз тұруы шарт. Біз мұндай сөздерді «сүйемел сөз» деп атаймыз» [27] дегенді айтады. Зерттеуші С. Жапақов: «концепт дегеніміз индивидтің, тілдік ұжымның лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі болып табылады» [28] десе, Ш. Елемесова концептілерге көркем мәтіннің ассоциативті концептілік құрылымы арқылы келе отырып: «Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланатын сөздермен байланыстырушы концептуализация үдерісінің мазмұнды бірлігі ретінде шындықтың адам миына бейнеленуі» [ 10, 85] деп айтады. Ал, С. Жиренов концептіні: «Концепт – ойлау мен таным және мәдени үдерістердің жиынтығы бола келіп, адам ойындағы ғалам бейнесінің өзіндік белгілерінің ассоциациялануның нәтижесі. Концепт – тіл мен таным бірлестігі арқылы дүниені жан-жақты тануға, сонымен қатар ұлттық-танымдық мәдениетті зерделеп ұғынуға ықпал ететін, адам санасында жинақталған аялық білімнің шоғыры тілдік-танымдық бірлік. Концептілік мәнге ие доминатты талдау арқылы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін тануға ұлттық-танымдық-мәдениеттің қалыптасу жолын білуге, сол арқылы бүгінгі тұрмыстағы хал-ахуал жайлы аялық білімде жинақталған ақпаратпен танысуға болады» деп тұжырымдайды. Тілдегі концептілер ұлттың, халықтың мәдениетіне, әдебиетіне, ғылымына, тарихына, тәжірибесіне, дініне тікелей тәуелді. Ол қатып қалған семонтикалық жүйе емес, керісінше, белгілі бір ұлттың мәдениеті негізінде уақыт пен кеңістікте өзгеріп отырады. Концептілер адамға берілген ақпараттың концептуалдану үдерісінде жаңа мағынаға ие болуы арқылы құрылады. Ал концептуалдану – адамның танымдық әрекетінің маңызды үдерістерінің бірі. Ол адамға берілген ақпаратты өңдеп, адам санасында (психикасында) жаңа концептілердің, концептілік құрылымдар мен концептуалдық жүйенің жасалуына жол ашады. Орыс мәдениетінің В.А. Маслова концептілік саласын (концептосферасын) қарастыра келе былай деп жазады: «Все концепты можно разделить на 1) мир –пространство, время, число, родина туманное утро, зимняя ночь; 2)стихии и природа –вода, огогнь дерево, цветы; 3) представления о человеке – новый русский, интеллигент, гений, дурак, юродивый, странник; 4) нравственный концепты – совесть, стыд, грех, правда, истина, искренность; 5) социальный понятия и отношения – свобода, воля, дружба, война и.д.; 6) эмоциональный концепты: счастье, радость; 7) мир артефактов: храм, дом, геральдика, сакрольные, педметы (колокол, свеч и др.); 8) концептосфера научного знания: философия, филология, матиматика и т.д.; 9) концептсфера искусства: архитектура, живопись, музыка, танец и.т.д..» [18, 70]. Осы жіктемеде атап айтқанда, орыс мәдениетіне тән ұлттық және әмбебап концептілер берілген (мәселен, тұманды таң, қысқы түн, жаңа орыс т.б.).

«Концепт» терминін логикалық-философиялық тұрғыдан түсіну, өзіміз байқап тұрғандай лингвистикалық жұмыстарда да орын алған. Бұл әдісте концепт сөз мағынасына теңестіріліп, адамның ментальдік қызметіне жатқызылады. Ал сөздердің мәдени концепті қатарына енуі олардың прагматикалық, семантикалық сипаттарына байланысты. Біз концепт терминінің қазіргі тіл ғылымында қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара сабақтаса байланысының күшейген тұсында өзіндік мәнге ие болады деп түсіндіреміз. Логикада «концепт» термині «ұғым, түсінік» терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сонымен біз концепт ұғымын адамның әлем туралы өз бойына жинақтаған мәдени түсініктерін бейнелейтін ғаламның тілдік бейнесі ретінде танимыз. Жалпы адамзатқа тән концептілерден міндетті түрде ерекше бір ұлттық концептілер көрінетіндігін атап өту қажет, өйткені жалпы адамзат мәдениеті ұлттық мәдениет бояуларынан құралады. Адамның ақиқат дүниеге қатынасы тілдік құралдар арқылы беріліп, соның негізінде ақпарат жүйесі қалыптасады. Бұл ғалам бейнесін бейнелейтін ақпарат жүйесі ақындардың ғалам туралы концептуалды тұжырымдамаларынан көрінеді. Демек, көркем шығармаға тіліне (поэзия тілі болсын немесе проза тіліндегі философиялық этюдтерді) концептілік талдау ғаламның тілдік бейнесі туралы білімді анықтау үшін қажет. Қандай да бір көркем шығарманы тек лингвистикалық талдаумен, яғни шығарманың көркемдік ерекшелігін талдаумен шектеуге болмайды. Мұндайда автор шеберлігі, оның ақиқат дүние туралы таным-түсінігі, көзқарасы айқын көріне бермейді. Осы ретте концептілік талдау автордың ақиқат дүниеге қатынасын айқындап, көркем шығарманы талдаудың екінші бір қырын ашатын бірден бір тілдік құрал ретінде қызмет етеді. Концепт бір сөздің беретін ұғымы мен түсінігі емес, күрделі семантикалық бірлік. Концепт пен ұғым екеуінің аражігі бұл күндері толық ашылған логика лингвистикалық бірліктер болып табылады. Ол тілдік бірліктердің қандайда болса да (сөз, сөз тіркесі, сөйлем, дискурс) белгідей алатын, семантикалық өріс ретінде көрініс беретін мағына. Онсыз ол концепт деңгейіне көтеріле алмайды.

Концепт түрлері: мәдени эмоционалдық концепт, метафизикалық концепт, ұлттық-мәдени концепт. Концепт типтері: фрейм, сценарий, скрипт, схема, ойбейне. Сонымен, когнитивтік тіл білімі әлемді тану негізінде санада қалыптасқан әлем туралы ақпараттарды жинақтау және концептілеу, оларды бір жүйеген топтастыру, әлемнің санада көріністенуі мен оның тілде берілу сипатын анықтау қызметтерін атқарады. Ал тілдік әлем бейнесі концептуалды әлем бейнесінің негізгі элементтерін мазмұндайды, тілдік құралдарымен концептуалдық әлем бейнесін ашады. Демек, концепт - ақиқат дүние әлемі. Концепт - өзіндік тілдік сипатқа ие құрылым. Қорытындылай келе, ғалым С.А. Жиренов «Концепт белгілі бір идея мен сан алуан күрделі ұғым-түсініктердің, сипаттамалардың, бейнелі атаулардың жиынтығы болып табылатын тілдік модельдерден құралады.» [29] деген ойлы тұжырымын алға тарта отырып, әлі де зерттеуді керек ететін бұл ғаламның тілдік бейнесі ғылымда қалай дегенде де өз орынын алатынын үлкен бір дүние дегіміз келеді. Себебі когнитивтік лингвистика танымдық бағыт ұстаса, түрлі концептілерді қарастыру арқылы сол халықтың ұлттық болмыс-тіршілігіне терең бойлауға мүмкіндік алуға әбден болады.

1.1.2 Концептуалды талдаудың сипаты

Ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы оларды когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, кез келген мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері мен дүниетанымы жайлы білеміз.

Осы бағыттағы концепт мәні қазақ тіл білімінде Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева, А.Ислам, Г.Сағидолда, Э.Оразалиева, Г.Снасапова, М.Күштаева, С.Жапақов, Б.Ақбердиева, Б.Тілеубердиев, Ш.Ниятова, Ш.Елемесова, Г.Имашева, Ф.Қожахметова т.б. зерттеушілер еңбектерінде әр қырынан зерттеліп келеді.

Концептуалды талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдени жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз. «Ұлттық өзіндік бейне» дейтін себебіміз әрбір этнос өзін қоршаған әлемді тек «өз көзімен» көріп, өзінің түсінігіне жақын мазмұнмен толтырады. Дүниені бағалаудығы өз ұлттық ерекшелігін белгілейді Тілдік семаның тілдік бірліктер арқылы берілетін рухани және материалдық құндылықтары тілдің барлық деңгейлерінде көрінеді. Бұл құндылықтар халық тарихы мен тұрмысына терең орнығып, оның паремиологиясы мен фразеологиясы, сөздік қоры мен ондағы сөздердің бояу-реңктері арқылы көрініс беріп жатады.

Концептуалды талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.

Ғалым Б.Е.Хұсайынов: «Концептуалды талдау барысында нені ескеру қажет? Алдымен концептінің көп компонентті екенін және білім өрісін, түсінік,ұғым, ассоциациясын, олардың ядролары мен периферияларын ескеру қажет. Мәтіннің концептуалдық кеңістігі концептінің ортақ қасиеттерінің топтасуы, бірігуі, бір-біріне тартылуы дәрежесінде ортақ семантикалық өріс құруынан көрінеді. Ал тірек концепт бір автордың шығармасында байқалатын индивидуальді – авторлық әлемдік бейненің ядросын танытады.Концептуалды талдау барысындағы ең тиімді тәсіл – когнитивті пропозиционалдық құрылымды қолдану»,–дейді.

Р.М.Фрумкина концептуалды талдаудың 4 түрін көрсетеді. Концепт талдау субьектісі ретінде түсіндіріледі: 1. Талдауға алынған материалға әр түрлі шығармадан контекст алынады. Мағынаны түсіндіруде автордың жеке тәжірибесі сол мәдениетті тасымалдаушы, философиялық дәстүрді тасымалдаушы ретінде таратылады. 2. Нысана ретінде пропозицияның модальды шылау, кванторлар предикатты лексиканың кейбір типтері алынады. Лингвистика дәстүріне сай тәсілдер қолданылады, мағына интерпретациясы негізгі назарға алынады. 3. Кез-келген кең контекссіз лексика алынады. Зерттеудің интроспекция тәсілі талдауға қолданылады, формаландырылған семантикалық метатілдегі концептерді түсіндіру жазбасы нәтиже болады. 4. Бағыты жөнінен айырмашылығы бар және мәдени, философиялық, не әлеуметтік жоспардағы жұмысты біріктіреді [30].

Концептуалды талдау сырттай семантикалық талдауға ұқсас болғанымен, өзіндік мақсаттарымен ерекшеленеді. «Семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрылымының айқындалуы, оның деногатты, сигнификанты және коннотатты айырмашылықтарын анықтауды жүзеге асыру; концептуалдыталдау – бір ғана таңбаның аясына жинақталатын жалпы концептілерді тауып, когнитивті құрылымдағы сол таңбаның болмыс – бітімін анықтау». «Концепт» ұғымын біздің дүниетанымымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік ретінде қарауды, ал тілдегі концептілер жүйесін жеке адамның да, тілді қолданушы барша жұрттың да сөздік қорындағы әлеуетті мүмкіндігін ашатындықтан, «концептілік өріс» деп атау жөн.

Концептуалды өріс – мәдениеттің өзгеше бір тілдік ескерткіші. Осы арада концепт тұрақты мөлшерді сақтай ма немесе уақыт ағымымен өзгере ме деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын. Бір жағынан, концепт өзгермейді, ол сөздің тұтас мағынасын сақтайды және сол тілдік бірліктің жалғаса туған туынды мағынасын қамтиды. Ал екінші жағынан концепт адам тәжірибесін бейнелей отырып, толығуға, өзгеруге бейім. Концепт бастапқы және барлық жаңа мағыналарды біріктіреді. Себебі онда сөз семантикасындағы мүмкін болатын барлық өзгерістер бағдарланған.

Концептуалды талдаудың әдіс-тәсілдеріне келетін болсақ, қазіргі таңда тіл білімінде концепт түрлерінің ара-жігі нақты ажыратылмауына байланысты зерттеушілер мазмұндық жағынан әр алуан ұғым-түсініктерді қамтитын ғылыми атауларды ұсынып отыр. Мысалы, Ю.С. Степанов үш түрін ажыратады:

1. «рамалық» түсініктер;

2. «тығыз ядролы» ішкі мазмұны тұтас түсініктер;

3. адам жайлы концептілер [12, 36].

Концептілер жасайтын күрделі қатынастар жүйесіне аса мән бере отырып, А.П. Булатова көңіл-күй, эмоциялар мен физикалық, психикалық жағдайларды суреттейтін көру, есту, иіс және сипап сезу сезімдерімен байланысты концептілерді сенорлық концептілер тобына жатқызса, А.П. Бабушкин концептілерді лексикалық және фразеологиялық деп екіге бөлді. Бұлардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше құрылымдарға жіктеледі [17, 25].

Қаламгердің тілдік тұлғасындағы таным ерекшелігін, семантикалық өрісін ұлттық санадағы шынайы, ақиқат дүниенің құндылықтарын таңбалайтын кейбір концептілерге талдау жасау арқылы когнитивтік лингвистика шеңберінде зерттей отырып, Адам мәніне бойлай аламыз.

Концептілік талдау арқылы нақты бір социумның лингвомәдениеттанымдық жүйесінде жинақталған дүниенің ұлттық сипат, ұлттық ерекшелік иеленген бейнесімен «жүздесуге» мүмкіндік аламыз. «Ұлттық өзіндік бейне» дейтін себебіміз әрбір этнос өзін қоршаған әлемді тек «өз көзімен» көріп, өзінің түсінігіне жақын мазмұнмен толтырады. Дүниені бағалаудағы өз ұлттық ерекшелігін белгілейді Тілдік семаның тілдік бірліктер арқылы берілетін рухани және материалдық құндылықтары тілдің барлық деңгейлерінде көрінеді. Бұл құндылықтар халық тарихы мен тұрмысына терең орнығып, оның паремиологиясы мен фразеологиясы, сөздік қоры мен ондағы сөздердің бояу-реңктері арқылы көрініс беріп жатады.

Концептуалдық талдау мақсаты – концептінің ақпараттық, мәдени, бейнелі маңыздылығын айқындау және оның концептосферасындағы (концептілік орта) бейнеленуін, яғни концептінің ментальді өрісін құрайтын компоненттердің суреттелуін анықтау.

Ресейлік ғалым Д.С.Лихачевтің айтуынша, концепт сөзбен оның қайбір мағынасында сәйкес келеді, В.П.Москвин: “Синонимдердің болуы, ішкі форма мен тіркесімділік тұтастай сөзге емес, оның жекелеген лексика-семантикалық вариантына жатады”.

Белгілі ғалым Э.Сепир пайымдауы бойынша, концепт - өмірдің әрбір эпизодтарын жинақтап тұрған ойдың қабығы. Сонымен қатар концепті латын тілінен аударғанда “ұғым” дегенді білдіреді, алайда қазір олардың арасы ажыратылған. Ұғым – объектілердің мәнді танылған белгілерінің жиынтығы болса, концепт – менталды (ойлау үдерістерінің жиынтығында, әлем бейнесінің ерекше құрылымы қамтылады) ұлттық ерекшелікке ие жасалым, оның мазмұн жоспары анықталған объект туралы барлық білімдердің жиынтығы болып табылады, ал білдіру жоспары – тілдік құралдардың (лексикалық, фразеологиялық, паремиологиялық т.б.) жиынтығы. Ұғымда энциклопедиялық ақпарат беріледі, яғни концепт ұғымнан кең мағынаға ие. “Ұғым” – ғылыми білімнің нәтижесін берсе, “Концепт” сөздіктегі мағынасымен қатар, “алғашқы формасы” (этимологиясы), басты тарихи белгілерін,мазмұн тарихын, қазіргі заман ассоциациясын, бағалау модусын” жинақтаған көп қабатты құрылым. Демек, концепті ұғымдық ақпараттан басқа психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да білдіреді.

Төменде концептіге байланысты терминдерді қарастырдық.

1 Базистік когнитивтік концептілер – тұтас адамзатқа тән, бірыңғай танымдық үдерістер нәтижесінде пайда болған әмбебап когнитивтік концептілер. Қандай-да бір ұлттық тілдерге және олардың арасындағы айырмашылықтарға қатыссыз қарастырылатын базистік когнитивтік концептілер әлемнің жалпытілдік бейнесін сипаттайды.

2 Концепт – өз бойында адамзаттың әлемді тану тұрғысындағы сан ғасырлық білімі мен тәжірибесін жинақтап, жалпыадамзаттық, сондай-ақ жеке ұлттық-этникалық дүниетаныммен бірге психологиялық, этимологиялық, прагматикалық, мәдени ақпараттарды да қамтыған көп қабатты құрылымға ие таным бірлігі. Концепттің әр қабаты адамзаттың немесе ұлттың, я лингвомәдени қауымның, я әлеуметтік топтың, я жеке тұлғаның шындық болмыс және оның бөліктері туралы түрлі дәуірлердегі ұжымдық санасын, таным-білімін, тәжірибесін білдіруіне орай пайда болу мерзімі, семантикасы жағынан әр түрлі болуы мүмкін. К. термині латын тілінен аударғанда «өз бойына жинақтау», «елестету, түйсіну», «жазу, рәсімдеу», «жасау, пайда болу» деген мағыналарды білдіреді.

3 Концептуалдау – әр түрлі танымдық формалар үшін қайсыбір кіші концептуалдық бірліктерден білімнің танылуының түрлі құрылымдарының пайда болуы және білімнің құрылымдану үдерісі, материал мен алғашқы теориялық концептілерден мейлінше дерексіз құрылымдарға қарай жылжуға мүмкіндік беретін ойлау қызметінің ұйымдасу тәсілі, ұғым-түсініктер байланысының сызбасы [16].

Атап өтетін жайт, зерттеушілер концепті лингвомәдени және когнитивтік тұрғыда қарастырған:

Лингвомәдени концепті менталды кешен ретінде мағыналық мазмұннан бөлек, санада бейнеленген сол объектіге байланысты адамның қатынасын, бағасын т.б. қамтиды. Концептілер – кез-келген ұғым емес, бұл тек өте күрделі, маңызды ұғымдар, себебі оларсыз анықталған мәдениетті тану мүмкін емес (мысалы, немістердегі “тәртіп” концептісі).


  • Е.С. Кубрякова: “Концептуалды және семантикалық талдаулардың түйісу нүктелері бар”.

  • Семантикалық талдау – сөздің семантикалық құрылымын ашу (денотативтік, ...).

  • Концептуалдық талдау объектісі – концепті.

  • Концептуалдық талдау мақсаты – концептіде жинақталған білімнің, танымның қалыптасу, даму жолдарын зерттеу, нәтижелерін формалды семантикалық тілде тіркеу.

Белгілі ғалым М.М.Копыленконың анықтамасы бойынша, “концепт” термині “тек ұғымдарды ғана емес, ұғымалды (яғни ұғым болғанға дейінгі) және концептуалдануға дейінгі жасалымдарды да қамтиды. Олар бірігіп біртұтас мәнді құрайды (қалыптастырады). Ал реалийлерді таңбалану (белгілеу) үшін сөздер ғана емес, фразеологиялық тіркестер де қолданылады” [31].

Зерттеуші Е.И.Диброва концептіні “ақиқат болмыстағы құбылыстардың сезімдік, көрнекілік образдары ретіндегі түсініктерге негізделетін айырықша ұғымалды мәнділіктер қатарына” жатқызады (бұл жерде ой түсініктен ұғымға қарай концепт арқылы жылжиды). Сөйтіп осы мәнділіктер біртұтас мәнді (мағына) құрайды [32]. Осы жерде М.В.Никитиннің “концептілер дегеніміз – ең алдымен, ұғымдар мен түсініктер” деген тұжырымын еске түсірген жөн [33]. Осы орайда зерттеуші Б.С.Жұмағұлова: “Концепт ұғымынан анағұрлым кең, ол ұғымның мазмұнын қамтиды, сондай-ақ оның құрылымын “бастапқы формалар” (этимология), мазмұнның негізгі белгілері сығымдалған тарих, қазіргі заманғы ассоциациялық бағалаулар тағы басқа құрайды. Ұғым ғалам туралы ғылыми білімдерге сүйенеді, олар логикалық қатынастар жүйесіне орнығады. Концепт сөздің сөздіктегі мағынасынан бөлек, адамның эмоциялары мен сезімдеріне негізделген жеке тәрбиесіне сүйенеді”, - деп көрсетеді [34]. Жоғарыда келтірілген анықтамалардың бәрінде де концепт ұғымның бүкіл құрылымдық мазмұнымен қоса ұжымдық және индивидуалдық саналарда белгілі бір тілдік түрде орныққан, көп қырлы, мәдени маңызды социо-психикалық жасалымдарды да қамтитыны айтылған.

Қазіргі тіл білімінде концепті зерттеуде “концепт” ұғымын қарастыратын (интерпретациялайтын) екі: семантикалық және логикалық бағыттарды бөліп көрсетуге болады. Бұл бағыттар концепті мен сөзді және концепті мен ұғымды әр түрлі түсіндіруге байланысты қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет