2. Бейметалдық қасиеті басым элемент: а s б se с si д sc 3



Дата23.12.2021
өлшемі19 Kb.
#128217
Байланысты:
sabaq-kz attachment himiya-10-synyp-test-sratary-2-nsa....


1. Химиялық элементтің атомдық нөмірінің физикалық мағынасы оның мыналарды:

А) периодтық жүйедегі элементтің орналасуын Б) атом ядросындағы протондар санын

С) энергетикалық деңгейлер санын Д) атомдағы нейтрондар санын анықтайтындығында.

2.Бейметалдық қасиеті басым элемент: А) S Б) Se С) Si Д) Sc

3.Химиялық элементтердің металдық қасиеттері химия тұрғысынан:

А) атомның электрон беру қабілетіне Б) бейметалдармен әрекеттесу қабілетіне

С) электртерістік шамасына Д) кристалдық тор құрылысына негізделген.

4.Негізгі топшаның химиялық элементтерінің химиялық қасиеттері ұқсас болады, себебі:

А) бір топқа жатады Б) элементтердің табиғи тобын түзеді

С) бірдей валенттік көрсетеді Д) бұл элементтер атомындағы сыртқы энергетикалық деңгейінің электрондық формуласы бірдей болады.

5.3919К нуклиді атомының ядросындағы нейтрондар санын көрсет: А) 39 Б) 19 С) 20 Д) 58

6.Үшінші энергетикалық деңгейде барлық орбиталь саны: А) 5 Б) 2 С) 3 Д) 9

7.Екі электрон қабылдай отырып, оттек атомы:

А) оттектің изотоптарының біріне Б) азот атомына

С) фтор атомына Д) неонның электрондық қауызымен оттек ионына айналады.

8.Қалыпты жағдайда хром атомының соңғысының алдындағы энергетикалық деңгейіндегі электрондар саны: А) 2 Б) 1 С) 13 Д) 12

9.Асыл газдарға сәйкес келетін (n – басты квант саны) электрондық конфигурациялардың саны:

А) ns2np4 Б) ns2 С) ns2np6 Д) ns2np5



10.Электрондық конфигурациясы 1s22s22p63s23p1болатын элемент атомы:

А) натрий Б) магний С) кальций Д) алюминий



11.Қалыпты жағдайдағы Со атомының валенттік электрондарының конфигурациясын көрсет:

А) … 3d34s1 Б) …. 3d104s2 С) …. 4s24d7 Д) …. 3d74s2



12.Сыртқы энергетикалық деңгейінде екі электрон болатын элемент атомы:

А) кальций Б) күкірт С) хлор Д) калий



13.16О атомы мен 16О2- ионының бір-бірінен айырмашылығы қандай:

А) протондар санында Б) электрондар санында



С) нейтрондар санында Д) ядро зарядында

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет