2. ДӘріс тезистері



бет1/24
Дата19.05.2022
өлшемі123,79 Kb.
#144106
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Дәріс тезистері (2)
Әлеуметтану тест, ТЖБ 4 қазақ тілі - Хожаназар Бекарыс, Қазақ тілі (2), Қазақ тілі (2), Биология тест жауаптары, Аскери дайындык жауаптары (1), abzhanova sha et zhne et onimderinin tekhnologiiasy, Ббб, 81369, ҚМЖ үлгі, Острый аппендицит, OVP, 7 тема Маннапов, рубежка задачи биологич





2. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

1



Тақырыбы: Бұлшықет қызметіне бейімделу. Ағзаның функционалді қорлары

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


1.Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиясы пәнінің мақсаты және міндеттері.
2.Дене тәрбиесі және спорт түрлерінің физиологиясының зерттеу әдістері.
3.Ағзаның физиологиялық қоры.
4.Бұлшық ет қызметіне бейімделу.
5.Бұлшық ет қызметіне бейімделудің кезеңдері


Дәрістің қысқаша мазмұны:
Спорт физиологиясы пәні спорттық физиология ретінде көбірек танымал жалпы физиологияның арнайы бөлімі. Ол ағзадағы бұлшық ет (спорттық) қызметі әсерінен болатын өзгерістерді зерттейді және осы қызметтің тиімділігін арттыру бойынша іс жүзіндегі тиімділігін негіздейді.
Қан жүйесі бойынша: қанның құрамдас элементтері (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер), қанның қышқылды-сілтілі күйінің көрсеткіштері (рН, рСО2), қанттың, сүт қышқылының, мочевинаның, гемоглобиннің концентрациялары есепке алынады
Қан айналым жүйесінде: ЖСЖ, АҚҚ, ЭКГ өлшенеді.
Тыныс алу жүйесінде: ТЖ, тыныс алу көлемі, ТМК, ӨТС, оттегінің қолданылуы және көмір қышқылының бөлінуі тіркеледі.
Оттегінің максималды қолданылуының (ОМҚ) қан, қан айналым және тыныс алу сияқты үш жүйенің қызметін сипаттайтын жалпы көрсеткіш ретінде маңызы үлкен.
Жүйке-бұлшық ет жүйесі бойынша бұлшық еттің күші, электрлік белсенділігі және т.б. анықталады.
Ағза қызметінің физиологиялық ерекшеліктерін жаппай дене шынықтыруға және арнайы контингенттерге (әскерилерге, өрт сөндірушілерге, геологтарға студенттерге, оқушыларға), сондай-ақ, жекелей спорт түрлеріне, әсіресе жоғары жетістікті спортқа қатысты ескеріп, бағалау қажет екендігін есте сақтау қажет.
Дене жүктемелеріне бейімделу. Физиологиялық бейімделу – ағзаның қоршаған ортаның өзгерістеріне қалыптасу негізінде жатады және оның ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтылығын – гомеостазды сақтауға бағытталады.
Бейімделу кезеңдері. Ағзаның бұлшық ет қызметіне бейімделуінде үш кезең бар.
Бірінші кезең – жедел бейімделу жұмыс бастала салысымен қалыптасады. Екінші – жеделден ұзақ бейімделуге өтуді қамтамасыз етеін өтпелі кезең. Үшінші – ұзақ бейімделу кезеңі. Бұл кезеңде ұлпалардың бейімделу гормондарына сезімталдығы артады да, мұндай гормондардың бөлінуі азаяды. Қаңқа бұлшық еттерінде бұлшық еттердің миофибриллярлы немесе саркоплазмалық гипертрофиясы дамиды.
Тозу кезеңін шынықтыру, тынығу процестерін дұрыс қоюмен, дұрыс тамақтанумен, жеке бастың денелік және психикалық гармониялық даумымен жоюға болады.
Ағзаның физиологиялық қорлары және олардың дене белсенділігі кезінде қосылуы.
Ағзаның физиологиялық қорлары – мүшелердің, мүшелер жүйесінің және бүтін ағзаның салыстырмалы түрде тыныштық күйдегімен салыстырғанда өзінің жұмысқа қабілеттілігін арттыра алу қабілеті.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет