2 І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары



бет1/3
Дата10.11.2016
өлшемі0,63 Mb.
#1406
  1   2   3
Кіріспе....................................................................................... 2

І. Құқықтық мемлекеттің жалпы сипаттары....................5

1.1. Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы

туралы идеялар..................................................................... 5

1.2. Мемлекеттердің құқыққа қатысты жіктелуі............. 28

1.3. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері....................... 31

ІІ. Құқықтық мемлекеттің белгілері................................... 39

ІІІ. Қазақстан Республикасында құқықтық

мемлекеттің құрылуы............................................................ 47

Қорытынды.............................................................................. 53

Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі...................................55

КІРІСПЕ

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Ертедегі ғалымдардың ойынша құқықты мойындайтын, сонымен қатар құқықпен тежелген мемлекеттік билік адал мемлекеттік болып саналған. «Заңның күші жоқ жерде, - деп жазды Аристотель,- мемлекеттік құрылымның қандай болмасын нысаны жоқ»1. Цицеронның айтуынша мемлекет – «халықтың ісі», құқықтық араласу және «жалпы құқықтық тәртіп». Ежелгі Грецияның және Римнің мемлекеттік –құқықтық идеялары, институттары құқықтық мемлекет туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізді.

Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын сол кездегі прогрессивті ойшылдар Н.Макиавелли және Ж.Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында өз заманының қажеттілігіне анағұрлым жауап беретін идеяларда мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің мақсатын мүлікті еркін пайдалану мүмкіндігі мен адам қауіпсіздігін қамтамасыз ету деп білді. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және олардың иелігіндегі заттарды құқықтық басқару деп анықтады.

Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар (ойшылдар) маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар.

Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теорияның маманы болды. Оның теориясы бойынша, мемлекеттің мақсаты – көпшіліктің келісімі бойынша әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ететіндігі құқықтық бекітулер арқылы жеке меншікті қорғау.

Спиноза заңдар мен байланысуы салдарынан азаматтардың шынайы құқықтары мен еріктерін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекеттің теорияның негіздемесін жасады. Оның айтуынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, сонымен бірге олардың мүдделерінің қанағаттандырылатынына кепілдік берсе ғана күшті болады. Ол өз заманындағы билеушілерді жеке меншіліктің, қауіпсіздіктің, ар-ұяттың бостандықтың және басқа да игіліктің сақталуы қажеттігін ескертті.

Гоббс қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірқатар прогрессивті еңбектер жазды. Оның еңбектерін кейіннен буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті.

Локк та табиғи, бөлінбейтін құқықтық меншікті, жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдігі туралы айтты.

Монтескье құқықтық мемлекеттің құрылуын азаматтың қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндірді. «Бостандық заңдармен рұқсат етілген әрекеттерді жүзеге асыру. Егер азамат заңдармен тыйым салынған әрекет етсе, оның бостандығы болмайтын еді. Өйткені өзгелерде сондай әрекеттер жасаған болар еді»1. Демек, Монтескьенің көзқарасы бойынша, саяси бостандық – заңдылық пен қауіпсіздікті сақтау.

Осы кезеңде құқықтық мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельвеций, Руссо, Пейн және басқа да көрнекті ойшыларды жатқызуға болады.

Кант құқықтық мемлекет теориясының философияның негізін жан-жақты зерттеген адам. Халықтың үстемдігі Конституция үстемдігі арқылы «көптеген адамдарды құқықтық заңдарға бағынған жиынтығы»2 ретіндегі мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Канттың құқықтық мемлекет туралы философиялық тұжырымдамасы саяси-құқықтық ойдың әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.

Батыс Еуропаның саяси-құқықтық ой иелері құқықтық мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай дамытты. Субъективті бағалауды есепке алмасаң, көптеген авторлардың пікірінше, мемлекеттегі заң шығарушы азаматпен қатар өзі бекіткен заңға бағынса ғана ондай мемлекетті құқықтық мемлекет деп санауға болады.

Құқықтық мемлекет идеялары қазақ саяси-құқықтық ойда да кең орын алды. Олар Ы. Алтынсарин, С. Асфендияров, М. Шоқай т.б. ойшылдардың еңбектерінде келтірілген. Қазан революциясынан кейін құқықтық мемлекет идеясы революцияның құқықтық сана талаптарымен алмастырылды, ал кейін мүлдем алынып тасталды.

Кейінгі жылдары реформалық процестердің нәтижелерінде мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарас пайда болды.

Құқықтық мемлекет туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында да айтылған: «Қазақстан Респубикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметті мемлекет»1 (1б. 1-ші сөйлемі).



І. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТАРЫ

1.1. Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар

Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.

«Құқықтық мемлекет» терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды1.

Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты. Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы, антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.

Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрыңғы тәжірибеге, алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен гуманистік дәстүрлерге сүйенді.

Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының, оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді қамтиды.

Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін) мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын күш көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы идея қалыптасты.

Көптеген ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті адамзаттың қатынастаға күш мен күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң) дәриптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс пен құдай ана Фемиданың (мәңгі табиғи-құдай тәртіптің кейіптік көрнісі) қызы, Эвномия өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның заңдылығының бастамасы, заңдылық пен полистік тәртіптің ішкі байланысының белгісі. Кейіннен «Эвномия» сөзі жақсы әділ заңдарға негізделген полистік басқаруды сипаттау үшін шешуші түсініктердің біріне айналды.

«Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық)» антитезасы тұрғысында Гесиодтың келешек «темір ғасырды» қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша: «Шындықты жұдырық алмастырады… Күш қайда болса, құқықта сонда болады» (Гесиод. Труды и дни, 174-193).

Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі Грецияның «жеті данасының» көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси – құқықтық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон, Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай, заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы Биант қай жерде азаматтар заңнан құдда қатыгез билеушіден қорыққандай қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.

«Заңға бағын», - деп шаққырды спартандық Хилон, «Өзіңді өзің таны» деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын Хилон азаматтары шешендер мен демагогтардан гөрі заңдарын сақтайтын полисті ең үздік деп санаған. «Жеті дананың» бірі – Солон (шамамен б.ғ.б. 638-559 ж.ж.) - әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік қайраткер және заң шығарушы. Аристотельдің бағалауынша, Солонның заң шығаруы реформаларынан Афиныда «демократия басталды»1.

Солонның өзіндік болмысы жағынан конституциясы заңдары күресуші тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті заң арқылы бекіту идеясы және осының арқасында азаматтық келісімге қол жеткізу идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.

Құқықтық заң және құқықтық мемлекет идеялары тұрғысында Солон өз реформаларын күш пен құқықты біріктіріп, «заң билігінің» көмегімен жүргізгені үлкен қызығушылық тудырады. Күш (бұл жерде ресми мемлекеттік күш) пен құқық үйлесімі ретіндегі заң билігінің терең сипатталуымен бірге Солонның ережесінде мемлекеттегі қайта құруды тек заңды жермен, ресми және жалпыға ортақ заң негізінде жүргізу керек деген парасатты ой жатыр.

Бұрыңғы ойшылардың күш пен құқықты біріктіру туралы мемлекеттік құқықтық идеясы күш құқықты туғызады, күштінікі әрқашан дұрыс және т.б. сияқты көзқарастарға қарсы бағытталғаны анық.

Әділдік, құқық, заң ежелгі гректердің ойынша дәстүрлі түрде ғарыштың және жердегі тәртіптің атрибуттары, күштеу, зорлық-зомбылық, тәртіпсіздіктің антиподтары саналды. Бүгінгі уақытта бұрынғылардың заңға бағынушылығын, заң мен заңдылықты қатты сыйлағандығын сөз еткенде бұны күштің диктаты емес, тиісті түрде белгіленген, парасатты, әділ (құқықтық деуге болады) заңдар, қасиетті дәстүрлер салдарыннан болғанын ұмытпауымыз керек.

Заңға деген осындай көзқарас Афиныдың кәмелетке толған (18 жас) жас тұрғындарының азаматтық антында да бар. Бұл антта мынадай сөздер болды: «Мен тұрақты өкіметті тыңдаймын, белгіленген заңдарға, сонымен қатар халықпен белгіленетін кейінгі заңдарға бағынамын. Егер де кім де кім бұл заңдарды жоққа шығарса немесе оларға бағынбаса, мен ондайға бармаймын, бірақ бұл заңдарды өзім де бәрімен бірге де қорғаймын».

Ежелгі гректердің саяси-құқықтық ойларының одан кейінгі дамуында құқық пен мемлекеттің өзара байланысы туралы, саяси-билікке қатынастарын құқықтық реттеу нысандары мен тетіктері (механизмі) туралы зайырлы, теориялық пайымдаулары одан әрі тереңдетіледі.

Б.э.б VI-V ғасырларда қоғамдық және саяси-құқықтық тәріпті философиялық (парасатты) негізде қайта құру қажеттігі идеясын Пифагор мен Пифагоршылар алға тартты.

Бұл терең идея философиялық сана мен шынайы білімнің идеалды құрылым мен жетілдірілген басқаруды орнату үшін анықтаушы ролі туралы кейінгі көзқарастардың негізін қалады. Бұндай көзқарастардың айқын мысалы – белгірлердің басқаруы туралы Сократ ережесі, Платон жасақтаған философтардың басқаруындағы идеалды құрылыс жобасы, Мораль, құқық, мемлекет саласында лауазымдық нормалар туралы философиялық сананың санатты императивтері (Кант), Гегельдің парасаттылық пен шынайылықты анықтау тұжырымдасы. Осындай көзқарастар жаңартылған түрде қазіргі кездегі қоғамдық мемлекеттік және құқықтық өмірді ұйымдастырудың, заң шығару, басқару және басқа да мемлекеттік қызмет нысандарын ғылыми негізде жүзеге асырудың әділ де саналы тәсілінің тұжырымдамаларында кездеседі.

Осындай ойлардың жалпы қатарында тарихи-материалистік философия тұрғысынан алғанда құқық пен мемлекет жөніндегі негативті марксистік философиялық тұжырымы ерекше орын алады. Маркстік философиялық сананың негізгі нәтижесі мен қорытындысы – құқық пен мемлекет саналылығын мойындамау, олар пролетарлық революция және жетілдірілген коммунистік құрылысты салу кезінде негативті феномен ретінде жойылуға жатады.

Пифагоршылар үшін әділ заң үстемдік ететін қала-мемлекет идеал болып табылды.

Қала-мемлекет пен заңдардың бірлігі идеясын Гераклит дамытты. Қала-мемлекеттің саналы және әділ табиғатын, олардың қажетті байланысын ескерген Гераклит: «Халық заң үшін өз қабырғалары үшін күрескендей күресуі керек1»,- деп айтты.

Демокрит мемлекетті полис мүшелерінің «ортақ ісі» ретінде қарастырды. Бұл ретте ел мемлекетті (полисті) басқару өнерін «өнердің алды» деп санады. «Мемлекеттік істі,- деп жазды ол,- басқа істерден әлдеқайда маңызды санау керек; әркім мемелекеттің жайластырылуы үшін жұмыстануы керек, бұл ретте үлкен алғысқа ұмтылмау, ортақ іске пайдалы емес үлкен билікке қол жеткізуге тырыспау лазым. Тура жолмен жүретін мемелекет – үлкен тірек. Мемлекетте игілік болса, бәрінде береке бар, мемлекет күйресе, бәрі де құриды».

Демокрит деспоттық билікті мойындамады және азаматтық бостандыққа негізделген демократиялық полисті жақтады. «Бостандық құлдықтан қалай жақсы болса, демократиядағы кедейлік те аталмыш игіліктен жақсы», - деп айтты ол.

Саяси-құқықтық құбылыстарға деген зайырлы, адамзаттың көзқарас б.э.б. V – IV ғасырларда софистермен негізгі түрде дамытылды (Протагор, Гиппей, Антифонт және басқалар). Олар өздерінен бұрынғы ойшылдарға қарағанда индивидтің саяси өмірдегі орны мен роліне, саясаттағы субъективті бастамаға, адамның полис заңдарымен қатынасындағы табиғи құқықтарына, билік пен заңның әлеуметтік түсінігіне қоғамның түрлі топтарының мүдделерін білдіру нысандары ретінде ерекше көңіл бөлді.

Софист Пифагордың (шамамен б.э.б. 481-411 ж.ж.) «Барлық нәрсенің өлшемі – адам» деген әйгілі қағидасы дүниінің адамзаттың өлшеміне, соның ішінде саяси-құқықтың қатынаста, өмірдің барлық саласында адамзаттың, творчестволық бастаманы игеруге бетбұрыс жасады.

Полистегі заң үстемдігі идеясын Сократ пен Платон дамытты. Платон өзінің «Заңдар» атты соңғы еңбегінде мемлекеттің екі түрін бір-біріне қарсы қояды: біріншісінде бәрі басқарушыларға тәуелді, екіншісінде басқарушылар да заңдарды аттай алмайды. Заңдылық мемлекетін жақтаған Платон былай деп жазды: «Заң өз күшін жоғалтқан және әлдекімнің билігі астында болған мемлекеттің ғұмыры келте екенін көремін. Басқарушыларын заң билеген, басқарушылары заңның құлы болған жерден мемлекеттің құтқарылуын және құдайлардың мемлекетке сыйлай алатын барлық берекені сеземін».

Әрине, Платонның заңдылық мемлекетін құқықтық мемлекетке балау дұрыс болмас. Алайда, олардың арасындағы айырмашылықтармен қатар, ұқсастық та кездеседі: табиғи құқықтық көзқарасы бар Платон міндетті түрде кез келген биліктің орнауын айтып отырған жоқ, тек саналы да әділ, жалпыға ортақ ережелер, «сана анықтамасы» жөнінде айтады. Бұндай заңның және мемлекеттің де негізгі қасиеті, Платонның бағалауы бойынша, ортақ мүддені қорғау болып табылады. Платонның ойына сай, онсыз заң да, мемлекет те, әділдік те болмайды, тек қана күш қолдану, саяси бақталастық шағын топтардың мүдделерінің үстемдігі жағдайында аталмыш түсініктерді өз пайдасына қолдану болады.

«Санаулы адамның мүдделері үшін қызмет ететін заңдар бар жерде мемлекеттік құрылым жөнінде айтуға болмайды, онда тек ішкі бақталастық бар, ал ондағы әділдік дегеннің атына заты сай емес».

Ежелгі философтың осы бір парасатты пікірін құқықтық мемлекет пен құқықтық заңның қазіргі жақтауышысы қолдар еді.

Саналы заңдардың басқару тұжырымдамасын табиғи-құқықтық тұрғыда Аристотель де (б.э.б. 384-322 жылдар) негіздеді. «Сонымен, - деп жазды ол, - кім де кім заңның билік етеуін талап етсе, құдай мен сананың билік етуін талап ететін секілді, ал кім де кім адамның билік етуін талап етсе, өзінің талабын жануар элементіне негіздейді, өйткені құмарлық хайуанатқа тән, ашу-ыза да билеушілердің қаншалықты дұрыс адамдар болғандығына қарамастан, оларды тура жолдан кері бұрады; керісінше заң-теңдестірілген сана» (Аристотель. Политика, III, 11, 4, 128 в 5). «Заң билігі жоқ жерде, - деп айтады, ол мемлекеттік (полистік) құрылымның қандай болмасын нысанына орны жоқ».

Аристотельдің түсіндіруінде саяси (мемлекеттік) құрылымының түрлі нысандар әділдік принципі мен құқық идеясына сәйкес келеді, яғни, басқаша айтқанда құқықтық сипаты бар. «Сонымен, - деп жазды Аристотель (Политика, ІІІ, 4, 7, 1279а 26), - мемлекеттік құрылымның жалпыға ортақ пайдалы ойлайтын нысандары ғана сөзсіз әділдік принципіне сай дұрыс болып табылады; ал тек басқарушылардың жеке игілігін ойлайтын нысандардың бәрі де қате және дұрыстардан ауытқушылықтары бар; олар деспоттық принципке негізделген, ал мемлекет еркін адамдардың қарым-қатынасы болып табылады». Деспотизмге қарсы қойылатын саяси және құқықтық нысандардың осындай принциптік жиынтығы мен заттай-мағыналық бірлігі Аристотельдің ілімінде мемлекеттің құқықтық концепциясы бар деп айтуға негіз болады.

Жалпы алғанда Аристотель мен әзірленген саяси ғылым полистік өмірдегі барлық негізгі мәселелердің табиғи-құқықтық түсінігіне сүйенді. Аристотельдің «адам табиғи болмысынан саяси жан» (Аристотель. Политика І, 1, 9, 1253 а 16) деген әйгілі қағидасының да табиғи-саяси мағынасы бар.

Қазіргі тілмен айтқанда, Аристотельдің ілімінде мемлекеттің саяси құқықтық сипаты бар. Оның саяси ғылыми мемлекет пен заң туралы құқықтық ілім, өзінің бойында құқықтық заң мен құқықтық мемлекеттің бастапқы идеяларын қамтиды.

Бұл тұрғыда ежелгі грек ойшылдарының (Платонның, Аристотельдің, олардан кейін Полибийдің) айтарлықтай жетістігі-мемлекеттің үздік нысаны ретінде аралас басқару туралы ілім.

Аристотельде мемлекеттің ең үздік нысаны болды. Бұл демократия мен олигархия принциптерін тиісті түрде үйлестіру («араластыру»).

Бұл ретте Аристотель көбіне Платонға ерді. Платон өзінің «Заңдар» еңбегінде лайықтылығы бойынша екінші мемлекет ретінде аралас басқаруды суреттеді – «монархиялық және демократиялық құрылымның арасындағы орта: мемлекеттік құрылым әрқашан аралық деңгейде болуы керек» («Заңдар», 757) Аристотель Платонның аралас басқарудың артықшылықтары туралы идеясының өзіне келісе отырып, сонымен қатар жетілген мемлекет туралы платондық тұжырымдамада әңгіме шындығында демократиялық элементті монархиялық емес, олигархиялық элементпен үйлестіру туралы деп ескертеді.

Іс жүзінде аристотельдік полития жалпы билік етудің саяси (сонымен бірге-құқытық) нысанының теориялық конструкциясы болып табылады. Бұл рет ол эмпириялық түрдегі мемлекеттік нысандар үшін эталон ретінде және олардың деспоттығының, құқық пен саяси әділдік нормаларының талаптарынан ауытқушылығының шамасын анықтау үшін критерий ретінде қызымет етеді.

Полития Аристотельдің ойы бойынша оның этикалық және саяси ілімінің негізгілерін ескере отырып құрылады. Полития – мемлекеттің «ортаңғы» нысаны, оңдағы «орташа» элемент барлығында да басым: талғамда жайлылық, мүлікте – орташа күй, билікте – орта тап. «Орташа» адамдардан тұратын мемлекет ең үздік мемлекеттік құрылымға ие болады (Политика, IV, 9, 6, 1295 в18). Аристотельдің ойынша, мемлекет үшін ең үлкен игілік – азаматтарда орташа, бірақ жеткілікті меншіктің болуы.

Аристотельдің пайымдауынша ортаңғы элементтің көптігі халықтың күресуші партияларға бөлінуіне жол бермейді және партиялар арасындағы таластарды әлсіретеді.

Аристотельдің ойынша, политияда ортаңғы элемент шеткі элементтерден күштерек болуы керек. Жоғарғы билік күштірек болуы керек. Жоғарғы билік азшылықтың емес көпшіліктің қолында болуы керек. Ал осы құрылымды жақтаушылар саны ерікті халықтың жалпы санындағы қарсыластардың санынан басым болуы керек. Политияда (олигархияда, демократияда) заң шығарушы мемлекеттік құрылымның сол нысанындағы ортаңғы элементке көңіл болуы керек.

Мүмкін, осы жағдайлардағы мемлекеттік құрылымның үздік ұйымы, Аристотельдің ойынша, оның негізгі үш элементтерін құрудың және олардың қызмет ету тәсілдерінің түрлі шарттарын тиісті түрде үйлестіруде байланысты болар. Аристотель кез келген мемлекеттің үш элементі барын атады: бірінші – заң шығаруға жиналған орган, екінші – магистратура, үшінші – сот органдары. Осы үш элемент, оның бағалауы бойынша, әрбір мемлекеттің негізін құрайды, сондықтан мемлекеттік құрылымның ерекшелігінің өзі осы элементтердің түрлі ұйымдастырылғанына байланысты болады.

Алайда Аристотельдің бұл ойларында құқықтық мемлекет теориясына тән билікті бөлу тұжырымдамасы әлі болмаған. Бұл құқықтық мемлекет теориясы бойынша мемлекетті құрылымның түрлі нысандарының айырмашылықтары ойшыл атаған элементтердің әрқайсысының түрлі ұйымдастырылуына ғана емес, сонымен қатар (дәл құқықтық мемлекет теориясы мен практикасы үшін елеүлі болатын) сол элементтер арасындағы қатынастардың сипатына, олардың өзара байланыстыруының нысанына, олардың өкілеттіліктерін шектеу тәсілдеріне, жалпы мемлкеттің биліктік өкілеттілігінің барлық жиынтығын іске асыруға қатысу шамасына байланысты.

Одан екі ғасыр өткеннен кейін Полибий (б.э.б. 210-128 ж.) дайындаған аралас басқару тұжырымдамасы билікті бөлу теориясы тұрғысынан алғанда әлде-қайда жетілген болды. Спартада, Карфагенде және Римде аралас басқарудың болғанын атай отырып, ол осы нысанның түрлі құрамдас элементтерінің өзара тежелу және бір-біріне қарсы әрекет ету сияқты артықшылығын ерекше атайды. Бұл жалпы алғанда саяси құрылымның тиісті түрдегі тұрақты ұйымдастырылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бұл-билікті бөлу теорясының да маңызды идеаларының бірі.

Полибий «Жалпы тарих» еңбегінде (VI, 4-10) мемлекеттің алты негізгі нысанының (патшалық өкімет, тирания, аристократия, олигархия, демократия және охлократия) пайда болу және ауысу тәртібін «табиғат заңы» бойынша болатын табиғи процесс ретінде сипаттайды.

Полибийге сәйкес, патша үкіметі, аристокрастия және демократияның ерекшеліктері бірігетін басқару нысаны анағұрлым жетілген болып табылады.

Басқарудың осындай аралас нысанының басты айырмашылығын Полибий тирания, олигархия және охлократия сияқты арнайы басқару нысандарына өтуге жол бермейтін мемлекет тұрақтылығын қамтамас етуден көреді.

Полибий пікірінше осыны ең алғашқы болып түсінген және аралас басқаруды ұйымдастырған спартандық заң шығарушы Ликург болды: «оның құрған басқару нысаны қарапайым емес және біркелкі емес, бірақ ол басқарудың үздік нысандарының бірі шектен тыс қатты дамымауы үшін және сол арқылы өзіне жақын теріс нысанға айналмауы үшін, олардың бәрі өздерін өзі тежеу үшін, біріне-бірі қарсы тұруы үшін сол үздік нысандардын барлық артықшылықтарын біріктірді (Полибий. Жалпы тарих, VІ, 10).

Өз заманындағы жағдайларға қарап, Полибий Рим мемлекетінің ең үздік басқару жүгісімен ерекшеленетінін атайды. Онда ол үш билікті атайды: консулдар билігі, сенат билігі және халық билігі. Олар тиісінше патшалық, аристократтық және демократиялық бастауларды білдіреді.

Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей тұрақталған саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл ретте бір биліктің өзіне қатысты сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен беріктігін сақтайды.

Аралас басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен одан кейінгі билікті бөлу теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік – саяси айырмашылықтарға қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ тұстар бар екенін оңай байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе Полибий ілімінде анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және қатар өмір сүреді, тұрақты бүтіндік – мемлекеттік құрылым шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі жағдайда да бір мақсат – басқару тетіктері бір орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.

Мемлекетке деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау).

Рим авторларының шығармашылығында елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.

Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп» ретінде түсіндіретін Цицеронның табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49).

Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13). Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .

Цицерон ойынша азаматтардың құқықтық теңдігіне патшалық басқару, аристократия және демократия элементерінен құралатын мемлекеттің аралас нысанында ғана қол жеткізуге болады. «Өйткені, - дейді ол, - мемлекетке көрнекті де патшалық етуші болуы лазым – биліктің бір бөлігі алдыңғы қатардағы адамдардың беделдісіне беріледі, ал кейбір істер халықтың талқылаумен еркіне ұсынылады (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XV, 69).

Цицерон мемлекеттің аралас нысанының бір бағытына қарай ауытқудың қауіптілігін атайды және олардың арасында «құқықтарды, міндеттерді және өкілеттіктерді тең бөлу» арқылы олардың өзара тепе-теңдігін жақтайды (Цицерон. Мемлекет туралы, I, XXXI II, 57).

Мемлекеттің халық ісі және жалпы құқықтық тәртіп ретінде жүзеге асуы, Цицеронның ойынша, көбінесе бүкіл халықтың (тұрғындардың) саяси және құқықтық белсенділігіне байланысты.

Себебі азаматтың бостандығы – оның құқықтары, яғни жалпы құқықтық тәртіптің, бүкіл мемлекеттің негізгі бөлігі.

Мемлекетке деген құқықтық көзқарастың дамуы мен оның құқықтық сипатын зерттеу үшін Рим заңгерлерінің құқықты жеке және көпшілікке бөлуінің елеулі мәні бар. Мемлекетті жалпы-құқықтық жағынан түсіндіру мемлекет ұғымын заңдастыруға ықпал етті және оның құқытық табиғатының түсінігін тереңдетті.

Ежелгі авторлардың идеялары мен конструкцияларға орта ғасырдағы еуропалық және жаңа дәуір ойшылдарының шығармаларында одан әрі дами түсті.

Құқықтық мемлекеттік идеяларының тарихы тұрғысынан орта ғасыр бос, жоғалған уақыт болған жоқ. Керісінше, ортағасырдың саяси-құқықтық ой (ортағасырлық юриспруденция, саяси ғылым, философия теология) ежелгі дәуір мен жаңа дәуір идеяларының арасында маңызды байланыстырушы роль атқарды.

Бұл ретте ортағасырлық теологияның беделді өкілі Фома Аквинскийдің (1225-1274) саяси-құқықтық көзқарасы танымды болып табылады.

Жаңа жағдайларда ол ежелгі авторлардың ең алдымен Аристотельдің (адамның саяси табиғаты туралы, басқарудың саяси нысаны және т.б.туралы) және Рим заңерлерінің (табиғи-құқықтық әділдік және т.б. туралы) саяси-құқықтық идеяларының бірқатарын христиандық тұрғыда дамытты.

Фома Аквинскийдің ойы бойынша, табиғи заң өзің-өзі сақтауға және ұрпақ қалдыруға, шындық пен шынайы Құдайды іздеуге ұмтылумен қатар, Жаратушы өз бетімен және кейпімен жасаған саналы жан ретіндегі адамның беделін мойындауды жіне сыйлауды талап етеді. Адам беделі туралы Фома Аквинский айтқан қағида христиандық гуманизмнің мызғымас негізгі принципі бола отырып, саяси-құқықтық тұрғыда адамның айырылмас табиғи құқығы идеясының алғашқы пайымдауы болды. Бұдан шығатын қорытынды - мемлекет пен адам (позитивті) заңы адам беделін мойындауға және сыйлауға міндетті. Осыған сәйкес мемлекет жалпы игілікті білдіретін саяси нысан ретінде, Фома Аквинскийдің іліміне сай, адамдар үшін өмір сүруге лайықты жағдайларды, яғни адам беделіне сәйкес болатын жағдайларды қамтамасу етуі керек.

Аристотельдің және басқа да ежелгі ойшылдардың қағидаларын пайдалана отырып, Фома Аквинский шексіз (абсолютті) монархтия мен саяси монархияның арасындағы айырмашылықты анықтайды. Оның пайымдауына сәйкес, саяси монархияның артықшылығы – басқарудың бұл формасы жалпы ігілік адамды сыйлау монархтың өзі де бағынуға міндетті заң негізінде билікті жүзеге асыру талабын анағұрлым жақсы үлгіде білдіреді. Сонымен бірге саяси монархияда монарх билігі өкілетті органмен шектелген.

Ежелгі авторалар секілді Фома Аквинский монархияны (шексіз және саяси) тирандыққа қарсы қояды және халықтық (шіркеудің келісімімен) тирандық өкіметті күшпен құлату құқығын мойындайды. Фома Аквинский мойындаған халықтың тирандыққа қарсы шығұға құқығында халықтың егемендік идеясы бар.

Осы дәуірде Марсилий Падуанский (1275-1343) өзінің мемлекет пен құқық туралы зайырлы ілімінде халықтың егемендікті анағұрлым анық мойындады және қорғады. Оның ойынша халық-барлық биліктің (зайырлы да, рухани да) көзі, егемендікті иеленуші және жоғарғы заң шығарушы. Шындығында ол «халық» деп қоғамның ортақ игілік үшін қам жеген үздік, білімді бөлігін атады.

Саяси ой тарихында Марсилий Падуанский алғашқылардың бірі болып «Дүние қорғаушысы» еңбегінде мемлекетегі заң шығарушы және атқарушы биліктерді заң шығарушы биліктің үстемдігі мен атқарушы биліктің жалпыға міндетті заңмен байланыстылығы негізінде бөлу тұжырымдамасын негіздейді.

Марсилий Падуанский алға тартқан барлық лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік институттардың, соның ішінде монархтың да сайлануы халындағы демократиялық принципке де халықтық егемендік идеясына сүйенеді. Бұл ретте ол сайланатын монархияны ұрпақтан ұрпаққа берілетін монархияға қарағанда басқарудың әлдеқайда жетілген нысаны деп есептеді.

Мемлекет пен қолданылып жатқан позитивтік құқықты (табиғи құқық тұрғысынан) заңды түсінудің және талқылаудың тереңдетуге ортағасырлық заңгерлер (Г. Брэктон, Р. Лулий, Балдус және басқалар) елеулі үлес қосты. Юрист Балдус табиғи құқықтық мемлекет алдындағы басымдығын (үстемдігін) негіздей отырып, табиғи құқық принципаттан, яғни басқарушы билігінен күштірек деп атады.

Феодализмнен капитализмге көшу кезеңінде өңдіріс күшінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардың өзгеруі мемлекетке және оның қоғамдық істерді ұйымдастырудағы ролін түсінуге деген жаңа көзқарастар тудырады. Оларда билікті бір адамның немесе билік органының қолына беруге жол бермейтін, заң алдында бәрінің тең екенін дәлелдейтін, құқық арқылы жеке бостандықты қамтамасыз ететін мемлекеттік өмірдің құқықтық ұйымдастырылуына қатысты мәселелер басты орында тұрады.

Феодализм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларын тарихи тұрғыда сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макиавелли және Ж. Боден айтқан. Макиавелли өзінің теориясында ертегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірибенің негізінде саясатық принципін түсіндірді. Саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді. Мемлекеттің мақсаты заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанын қалады, өйткені тек республика нысаны ғана көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Боден мемлекетті көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің міндеті құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.

Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі құқықтық мемлекет туралы анағұрлым маңызды ғылыми-теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз. Гроций табиғи-құқықтық мектептің алғашқы теориялық маманы болды. Оның теориясы бойынша; табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық бар. Табиғи құқықтық шығатын көзіне адам табиғаты мен адамдық ақыл-ой жатады. Табиғи құқықтық ұйғарымына басқа адамның нәрсесін алмау, өзін-өзі ұстау, уәдеге тұру міндеттілігі кінәлілердің шығынды төлеуі, сонымен қатар адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Мемлекеттен шығатын ерікті белгіленген құқық тұтастай табиғи құқық принциптеріне сәйкес келуі қажет. Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан «ақыл-ой заңдылығына жауып беретін» жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқықпен бекіту арқылы жеке меншікті қорғау, көпшілік келісімі бойынша әр адамға өз мүлкін еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Мемлекеттің кез келген нысанының шығу көзі, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім болып табылады. Сондықтан халық мемлекетті құрғанда кез келген басқару нысанын таңдауға мүмкіндігі бар, бірақ оны сайлағаннан кейін халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.

Спиноза демократиялық мемлекеттің теориялық негіздемесін алғашқылардың бірі болып жасады. Оның айтуы бойынша мемлекет әрбір азаматтың өмірін қорғап қана қоймай, мүдделерін де қанағаттандыруға кепілдік бергенде ғана күшті болатынын айтты. Сонымен бірге басқарушыларды жеке меншілікті, қауіпсіздікті, ар-ұятты, бостандықты және басқа да игіліктерді сақтауға шақырды1.

Гоббс, Англиядағы шексіз (абсолюттік) монархияның қорғаушысы, қоғамдық өмірдегі құқықтық үстемдігі туралы бірнеше прогрессивті еңбектер жазды. Кейіннен оның еңбектерін буржуазиялық революция оқымыстылары жетілдірді, дамытты. Сонымен қатар заң алдындағы формалды теңдікті дәлелдеді және келісімнің тұрақтылығын көрсетті. Гоббс адамның бостандығын заңмен тыйым салынбайтын әрекеттің бәрін жасау құқығы деп түсінді. Соның негізінде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудегі әлдеқайда тиімді қағидалардың теориялық негізін қалады.

Локк Маркстің айтуы бойынша буржуазиялық қоғамның құқықтық ойларын, феодалдық қарама-қойышылықтаға классикалық жеткізушісі болды2. Локктың ойынша, адамның табиғи құқығын қорғау үшін құрылған мемлекет меншікті құруға және ұйымдастыруға заңдар қабылдайды және ол заңдарды арындауға, сырттан басып кіруді болдырмауға қоғамдық күштерді пайдаланады. Ондай мемлекетте табиғи бөлінбейтін құқықтық меншікті. Жеке бостандықты және теңдікті қамтамасыз ететін заң үстемдік етеді.

Құқықтық мемлекеттің жағдайындағы адам бостандығы Лоққтың сөзімен: «заңды өкіметпен белгіленген бәріне ортақ бұлжымайтын ережеде, бостандықта заң тыйым салмайтын барлық жағдайда өз қалағаныңды жасау және әрдайым басқа адамның еркіне тәуелді болмау1.

Монтескье құқытық мемлекеттің құрылуын азаматтық қоғамдағы саяси бостандықтың қажеттілігі деп түсіндіреді. Оның саяси бостаңдық идеясы азаматтық бостандық идеясымен байланысты және мемлекеттің азаматтарының қауіпсіздігіне де қатысты. Қызметін пайдаланатындарды болдырмау үшін барлық адамда заңдарды бұлжытпай орындауы қажет. Саяси бостандық-заңдылықты және қауіпсіздікті сақтау. Оған жету үшін өкіметті заң шығарушы, атқарушы және соттыққа бөлу қажеттігі көрсетілген. Бұл идея оның саяси-құқытық теориясындағы маңыздыларының бірі, кейіннен ол идеяның дұрыстығын іс жүзінде көптеген өркениетті елдердің мемлекеттік құрылымынан көруге мүмкіндік болды.

Дидро мемлекеттік өкіметтің құқықтық бастамасын оның қоғамдық келісіммен құрылған тәуелсіздігі арқылы негіздейді. Мемлекеттік билік, оның ойынша, қоғамдық келісімнің жемісі ретінде пайда болды және ол қоғамға ұыймдасқан түрдегі саяси нысанды береді. Сондықтан мемлекеттік билік халықтың еркіне негізделген. «Тек ұлт қана шын тәуелсіз, шын заң шығарушы халық қана, тек халықтың еркі саяси биліктің шығар көзі». Мемлекеттің басты мақсаты – азаматтардың бөлінбейтін құқығын және олардың бақытын қамтамасыз ету. Дидроның осы идеялары И. Канттың философиялық негіздемесіне ие болып, құқықтық мемлекет теориясының аяқталғанын көрсетеді.

Джефферсон АҚШ- тың тәуелсіздін декларациясының авторы, іс жүзінде Америка аумағына құқықтық мемлекет идеясын таратушы. Қоғамдық келісім және адамдардың бөлінбейтін құқығын жақтай отырып, монархиялық басқару нысанын сынайды және халықтың тәуелсіздік қағидасын қорғайды. Джефферсонның декларациясы бойынша, адамдардың бөліндейтін құқығы бар. Оны қамтамасыз ету үшін мемлекет құрылады. Декларацияға адамның табиғи құқығын кіргізу арқасында жеке адамдардың мемлекетке деген қатынасы олардың субъективтік құқығына айналады. Ресми мемлекеттік доктрина үшін бұл жаңа қағида болды. Себебі бұрын адамдарға құқықты мемлекет береді деген ұғым болатын. Осы кезеңде мемлекеттің негізгі элементтерінің дайындалуына маңызды үлес қосқандарға Вольтер, Гельцеций, Руссо, Пейн және басқа да көрнекті ғалымдарды жатқызуға болады.

Кант құқықтық мемлекет теориясының философиялық негізін жан-жақты зерттеген адам. Көпшілік құқықтық қағидасына, философтың ойынша, халықтың шексіз құқығы жатады, яғни өзінің еркін білдіретін конституция қабылдау арқылы тәртіпті орнату. Халықтың үстемдігі «көптеген адамдардың құқықтық заңға бағынған жиынтығы» ретіндегі мемлекеттегі барлық азаматтардың бостандығын, теңдігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етеді. Конституциялық құқыққа сүйенген мемлекеттің жұмысы халықтың жалпы еркіне сай болады, азаматтардың құқығы – жеке бастарының еркіндігі, адамгершілігі, ойлары.

Құқықтық мемлекетте заңды бұлжытпай орындау жолында күштеуге де баратындай мүмкіншілігі болуы қажет. Құқықтық құрылымның мүмкіндігін Кант билікті парламент жүзеге асыратын заң шығарушы билікке, үкімет атқаратын атқарушы билікке, халық сайлаған сот жүзеге асыратын сот билігіне бөлумен тікелей байланыстырады.

Канттың құқықтық мемлекет туралы тұжырымдамасы саяси-құқықтық ойдаң одан әрі қарай дамуына, өркениетті қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық құрылымның қызметіне маңызды әсер етті.

Гегель мемлекетті өзінің философиялық дүниетанымындағы жалпы жүйенің контексінде қарайды, оның маңызды бөлігі-құқық философиясы. Гегельдің ойынша, мемлекет те құқық болып табылады, бірақ көбірек жетіліп дамыған және мазмұны бай. Өйткені ол өзінің бойында қалған құқықтардың бәрін-жеке адамның, отбасының қоғамның құқықтарын қамтиды. Гегель мемлекетті жеке адам мен қоғамның үстіндегі абсолютке көтеріп, мемлекет дамуының азаматтың қоғам дамуынан бұрын болғанын дәлелдейді. Гегельдің осы ойымен Маркс келіспей, мемлекет туралы тұжырымдамасының қате тұстарын көрсетеді. Шын мәнінде қоғам мемлекеттен бұрын пайда болғандықтан, мемлекет қоғам дамуының жемісі болады.

Гегельдің ойынша мемлекет жетіліп дамыған қоғам өмірінің ұйымы онда бәріде іске асырылған бостандықтың үстемдігін көрсететін құқық негізінде құрылады1. Тек мемлекетте және мемлекет арқылы адамның ең жоғарғы адамгершілігі, бағалылығы іске асырылады, сондықтан ол «адамгершілік идеясының шындығы». Азаматтық қоғам құқықтық мекемелер арқылы жеке адамдардың мүдделерін қамтамасыз етіп, тәртіпті қорғайды. Мемлекетте жеке адамның бостандығы және сыртқы тәртіп біртұтас болады, онда мемлекет өзінің ең жоғарғы құқықтық және моральдық нысанының бірлігіне жетеді. Гегельдің мемлекетке көзқарасында оның функциялары қыстау, күштеу аса маңызды роль атқармайды. Маңыздысы – мемлекеттің қызметіндегі оның әлеуметтік және құқықтық бастамалары, оның терең адамгершілік мазмұны, парасаттылығы және қоғамға, жеке адамға пайдалылығы.

Маркс мемлекет пен құқықты ашық түрде қоғам дамуының таптық теория тұрғысынан қарады. Ол теория бойынша, пролетариат диктатурасының құрылуына байланысты, таптардың жоғалуына байланысты тапсыз қоғамға көшу процесінде мемлекет пен құқық та жоғалады2. Маркс буржуазиялық мемлекеттің құқықтық қатынастарын талдай отырып, заң-нәтиже, таптық қоғамның өндірістік қатынастарының материалдық көрінісі ретінде дәлелдейді. Заң шығару тек экономикалық қатынастардың талабын орындайды Маркс айтқандай, егер заңда көрсетілген әлеуметтік қатынастың тәртібі «қоғамдық өндіріс жолымен гармониялық (үйлесімді) жағдайда болса, заң өзінің күшіне сонда кіреді1.

Маркстың құқықтық мемлекет туралы айтқанына көңіл аударсақ: «Бостандық дегеніміз – қоғамның үстінде тұрған орган, мемлекетті тұтастай сол қоғамға бағынашты органға айналдыру».

Батыс Еуропадағы прогрессивті саяси-құқықтық ойлардың иелері Иеринг, Еллинек, Дюги, Ориу, Паунда, Спенсер және басқалар құқықтық мемлекет теориясының элементтерін өз кезеңдеріндегі көзқарастарға тәжірибелеуге сай дамытты. Иерингтің ойынша егер мемлекеттік өкімет алдын ала өзі бекіткен тәртіпке өзі бағынса, сонда ғана ол ақырғы құқықтық бекітілуге не болады және сол жерде құқықтық мемлекет болады. Тек құқық үстемдік алғанда ұлттың хал-жағдайы гүлденеді, сауда, кәсіпшілік өркендеу, халыққа тән «ақылдылық және адамгершілік» өріс алады2.

Еллинектің тұжырымдамасы бойынша, мемлекет өз халқының мүддесін қорғайтын орган ретінде белгілінеді және адамдардың заңды одағын басқарып, жеке бастарына, ұлттық және жалпыадамдық біріккен мүдделердің қоғам дауымдағы прогрестік жолға бағытталуын қанағаттандырады3.

Құқықтық мемлекет идеялары орыстың саяси-құқықтық ойларында да кең көлемде орын алды. Ондай ойларды Д.Н. Писаревтің, А.И. Герценнің, Н.Г. Чернышевскийдің, А.Н. Радищевтің, П.П. Пестельдің, М.Н. Муравьевтің және басқалардың еңбектерінен көруге болады. Олар көбінесе, феодализмнің заңсыздықтарын шындық негіздерге сай қатты сынға алады.

Құқықтық мемлекет туралы орыс тұжырымдамасының бекігендігін Октябрь революциясына дейінгі кезеңдегі көрнекті заңгерлердің және философтардың еңбектерінен толың көреміз: Н.М. Коркунов, С.Н. Котляровский, П.Н. Новгородцев, С.А. Муровцев, П.М. Гессен, Г.Ф. Шершеневич, Б.Н. Чичерин, Н.А. Бердяев және басқалар. Олардың мемлекеттік-құқықтық зерттеулері негізінен саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәніне арналған. Төменіректе өте қысқа түрде сол тұжырымдардың құқықтық мемлекет туралы маңызды идеялары орыс заңгерлерінің көзқарастарына сай көрсетіледі.

Г.Ф. Шершеневич құқықтық мемлекеттің негізгі өлшемдерімен мынадай құрылу жолдарының нысандарын ұсынады:

1) бассыздықты көрсетеді, біреуінің мүддесі екіншісінен бөлінеді және мемлекет мекешелері де осыған қатысты, осыдан құқықтық басқарудағы үстемдік идеясы туады;

2) егер жеке адамдың ынтасы кеңдікті тілесе, мемлекетке субъективтік құқықтарды қорғаумен шектелу жеткілікті;

3) өкімет органдарының өз қимылдарымен жаңа тәртіптіліктің бұзылмауы үшін олардың міндеттерн қатаң түрде белгілеу қажет және орындаушы өкіметті заң шығарушыдан бөліп, сот билігінің еркіндігін бекітумен қатар, заң шығаруға көмектесетін сайланған қоғамдық элементтерді қатынастыру қажет. Шершеневич құқықтық мемлекеттің мұндай сипаттамасымен келісе отырып, құқықтық мемлекеттің шын мәніндегі кепілдігіне мыналарды жатқызады:

а) жеке адамның бөлінбейтін құқығы;

ә) өкіметті бөлу принципі;

б) өкіметтің өзің-өзі құқықтық шектеуі;

в) мемлекеттің өз үстінде тұрған құқыққа бағынушылығы.

Шын мәнінде ондай кепілдікке ұстамдылық күші бар қоғамдық көзқарас қана ие бола алады.

Өкіметтің «өзің-өзі ұстау» идеясы мемлекеттік емес қоғамдық бірлестіктермен, қоғамдық көзқарастармен, басымдармен, радио-теледидармен мойындалады және қазіргі қоғам өміріне іс жүзінде пайдаланылуымен көрінеді.

Гессен В.М. құқықтық мемлекетті шығыстық саяси-құқықтық орнықты көзқарастарына сүйеніп анықтайды. «Құқықтық мемлекет деп айтатыны – оның ойынша, өз міндеттілігін үкімет ретінде мойындайтынында. Құқықтық мемлекет өзінің қызметінде, өзінің үкіметтік және соттық функцияларын орындау кезінде құқықпен байланысты және шектеледі, құқықтың сыртында емес және жоғарыда емес, одан төмен тұрады».

Сонымен бірге Гессен құқықтық мемлекеттің мазмұндық жағына белгілі түзетулер енгізді. Ол заң шығарудағы тәуелсіздікті жақтап, оның ойынша мемлекет әдет-ғұрыппен және заң шығару құқығымен қатынасы жоқ себебі «мәңгілік» әдет-ғұрып пен заң жоқ деген. Шын мәнінде заң шығарушы билік заң мен шектелмеуі керек. Бұл идеяда принципті іс әрекеттің мәні жатыр- заңдар қоғамның өсу деңгейіне сай болуға міндетті, өзгеру үстіндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да қоғам өмірінің жағдайларын көрсетуі керек, оның дамуындағы объективті қажеттілікке жауап беруі қажет.

Котляревский С.А. Канттың қарым-қатынастың және мемлекет пен жеке адамның бір-бірінің алдындағы екі жақты жауапкершілігі теориясын жақтайды, оның кепілі биліктің бөлінгендігі болып табылады. Қазіргі мемлекеттік құқықтық өмір үшін оның мемлекет пен жеке адамның шынайы екі жақты жауапкершілігін қамтамасу ететін негізгі орган ретіндегі соттың ролі туралы тұжырымның іс жүзіндегі мәні бар. Ондай сот конституцияның негізінде ешкімге тәуелді болмай халықтың сеніміне ие болуы қажет.

Өйткені сенім жоғалса, сот қызметіне нұқсан келеді және құқытық мемлекеттің дамуына кедергі болады.

Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы тоталитаризм кезеңінде құқықтық мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттің таптық тұжырымдамасына қарсы теория деп есептеді.

Құқықтық мемлекеттің көп ғасырлық тәжіребесін, теориясы мен практикасын өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми тұрғыда қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығыстарды туғызады. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің рөлін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, қазіргі өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттіліктің қалыптаусы мен қызмет етуінің іс жүзіндегі тәжирибесін пайдалана отырып, отандық құқытану философияның, экономикалық және саяси ойлар негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет