2-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау портфолионың титулдық бетінде мұғалім туралы қысқаша, алайда маңызды



Дата25.08.2017
өлшемі62,33 Kb.
#25885
2-ШІ ДЕҢГЕЙ МҰҒАЛІМІНІҢ ПОРТФОЛИОСЫН БАҒАЛАУ
Портфолионың титулдық бетінде мұғалім туралы қысқаша, алайда маңызды

ақпарат болу керек:

• мұғалім ретіндегі кәсіби тәжірибесі;

қызмет ететін мекемесі;

• қазіргі лауазымы мен қызметі;

• оқытатын оқушыларына қысқаша шолу.

Портфолио тиімді стандарттар мен критерийлерге сәйкес болу үшін төмендегідей құжат-дәлелдемелерді енгізу керек:






Құжаттың атауы

Көлемі

Мерзімі

Портфолионы бағалау критериилер

1

Іс-әрекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп:

Зерттеу тақырыбын негіздеу (Екінші деңгей бағдарламасының жеті модулімен байланысты)

(Бағдарламаның 7 модулінің бірімен байланысты болу керек) - 1000 сөз:

a) зерттеудің негізгі тақырыбын анықтау;

б) зерттеу жұмысының теориялық негіздемесін, алғышарттарын түсіндіру (Бағдарламаның 1-ші «Бетпе-бет» кезеңінде ұсынылған идеяларымен байланысты);

в) зерттеудің мәселесі, өзектілігі (немесе зерттеудің негізгі идеялары)

Өзгерісті енгізуді сипаттау. Не өзгерді? Практикадағы өзгерістер, ондағы қолданылған шаралар туралы есеп (500 сөз)

Деректер жинау. Қандай әдіс-тәсілдер қолданылды? Неліктен нақты осы тақырыптар таңдалынды? Не айқындалды? Мәліметтер не көрсетті?

Білім алу үдерісінде және мұғалімдік практикасында өзгерістердің ықпалын дәлелдейтін деректерді жинау тәсілдері (мысалы: сабақты бақылау,бейнеклиптер, транс­криптер, мұғалім сұхбаты, оқушы жауаптары, оқушылардың сабақ үстіндегі өнімдері, нәтижелері, қысқаша сұрақтардың жауаптары, сыныптағы оқушылардың өзара қарым- қатынасын айғақтайтын фотосуреттер, жаңа оқытуға қатысты оқушылардың көзқарастары). Деректерді жинау құралдары туралы анализ бен түсініктемелері бір бетке (1000 сөз) сиятындай болып орналасу керек.



Деректерді талдау. Жаңалық енгізудің нәтижесін бағалау. Олар сындарлы (конструктивті) болды ма?

- егер иә болса, жиналған деректер жаңалық енгізуді қолдайтындай жеткілікті болды ма?

- егер жоқ болса, келесі іс-әрекеттегі зерттеу кезеңінде нәтижелер жақсы болу үшін қандай өзгерістер жасау керек?

Өзіңіз үшін не жаңалық болды? Өзіңіз ашқан жаңалықтарыңызды талдаңыз. Алынған деректер бойынша қандай қорытынды шығаруға болады? Алынған деректерді сипаттау барысында Сіз бастапқы теория мен идеяларға сүйену керексіз (1000 сөз)



Шектеу. Зерттеуді жүргізу барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?

Болжау. Зерттеу нәтижесі алдағы тәжірибеңізге қалай әсер етеді? Егер келешекте зерттеу жұмысын жүргізер болсаңыз, өз іс-әрекетіңізде нені өзгертер едіңіз? (500 сөз)

4000 сөз




  • Таңдалынған тақырып Бағдарламаның 7 модулінің бірімен байланыстырылғаны туралы негіздездеу келтірілген бе?

  • Жаңашылдықты енгізудің қажеттілігін куәландыратын практикадағы өзгерістері көрсетілген бе?

  • Мұғалімнің деректерді жинау тәсілін таңдау негіздемесі көрсетілген бе?

  • Жиналған деректердің жаңашылдықты енгізуді негіздеуі жоспарлауда және олардың салдары талдауы көрсетілген бе?

  • Жобаны орындау барысында қандай қиыншылықтармен кездескеніңізді көрсеттіңіз бе?

  • Зерттеудің нәтижесі Сіздің болашақ практикаңызға қалай ықпал етеді?

  • Өз практикаңызда зерттеудің нәтижесін тиімді пайдалану туралы қорытынды мен ұсыныстар есебіңізде көрсетілген бе?

  • Практикадағы зерттеудің нәтижесін келешекте жетілдіру ұсыныстары есепте көрсетілген бе?

2

2 коучинг жайында рефлексивті есеп, оның ішінде:

  • Коучинг сабақтары бойынша екі рефлексивті есеп (әр қайсысы 750 сөзден) - бағдарлама мәнмәтініндегі бастапқы идеялардың негіздемесі (мектептегі мұғалімдердің кәсіби дағдыларын анықтау);

  • өткізілген коучингтердің сипаттамасы;

  • өткізілген коучингтің жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау;

  • алдағы тәжірибеге (практикаға) өзгерістерді енгізу және оқуды бағалау;

  • әріптесін оқытуда коучингті жүзеге асыру тәжірибесі аясындағы рефлексивті есеп (1000 сөз))

Коучті оқытуда өткізген коучинг сессия

2 сабақ жоспары,

2500 сөз






  • Есептерде коуч сабақтарының коучтың және мұғалімнің қажеттіліктеріне қарай өткізілгені түсіндірілген бе?

  • Тапсырмаларды орындау үдерісі көрсетілген бе және коуч сабақтарының міндеттері қалыптастарылған ба?

  • Коучингтің мықты және әлсіз жақтарын бағалауы бар ма?

  • Коуч сабақтар нәтижесінде мұғалім-әріптерстер оқығаны туралы дәлелдемелер келтірілді ме?

  • Есептерде мұғалімдердің оқуын жақсарту мақсатында коучинг практикасында өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар келтірілген бе?

  • Идея туралы коучинг өткізген соң коуч не түсінгені жайлы түсіндіре ме, коучинг сабақтарында қарастырылғандар туралы, оқушылардың оқуы туралы, ересектердің коучингі туралы, өзің ұстаз ретінде болашақта өз коучингін жетілдіру туралы түсіндірмелері бар ма?

3

Бір әріптесімен (тәлім алушы) менторинг үдерісі жайындағы талдамалы (аналитикалық) есеп, оның ішінде:

• қажеттіліктерді анықтау: екінші деңгей бағдарламасы идеяларына қатысты әріптесінің кәсіби дамуының қажеттіліктері қандай болды (коучинг сабағында қарастырылған идеяларды талдауға болады);

• менторинг шартына байланысты берілген ұсыныстар, бақылау нәтижелері, кері байланыс;

• менторинг табыстылығын бағалау;

• тәлім алушымен жұмыс нәтижесінде өзінің оқуы, яғни менторингтің тиімділігі.

Менторинг (тәлімгерлік) үдерісі жайындағы талдамалы есепке қажетті қосымшалар:

• дамуындағы қажеттіліктерге көңіл аудара отырып, тәлім алушы әріптесінің оқытуын бақылау;

• даму мақсаты көрсетілген әріптесіне берілген жазбаша кері байланыстың жазбалары;

• әріптесінің (тәлім алушы) менторинг тақырыбын есепке ала отырып, оқу жайлы жазған рефлективті есебі.



1500 сөз




  • Есепте менторингтің басында Бағдарламаның идеясын дамытуда қажеттіліктер қалай анықталғаны туралы түсіндірілген бе?

  • Тәлім алушының жұмысына тәлімгердің жағаласуы түсіндірілген бе?

  • Тәлімгердің тәлім алушының сабақ беруде әр түрлі бақылаулары түсіндірілген бе? Менториг кезінде бақылау фокусы өзгерді ме?

  • Тәлімгерге ұсынылған кері, тұра байланыс талдана ма?

  • Менторинг тәжірибеде тәлім алушы өзіне алғандары туралы дәлелдемелері есепте көрсетілген бе?

  • Менторинг үдерісі нәтижесінде тәлім алушының практикасы қалайша өзгергені туралы түсініктеме беріле ме?

  • Осы тәжірибе барсында тәлімгер тиімді менторинг туралы не түсінгенің келтірді ме?

  • Тәлім алушымен келешектегі жұмысындағы өзгерістеріне сындарлы қорытындылар, ұсыныстар көрсетілген бе?




Барлығы

8000 cөз







Каталог: public -> 091013
public -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
public -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
public -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
091013 -> 3-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау мұҒалім портфолиосының сыртқы беті
091013 -> Презентацияны бағалау критерийлері 1
091013 -> 1-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> І деңгей мұҒалімінің портфолио жасақтауына қойылатын талаптар
091013 -> 2-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> 3-деңгей тренері портфолиосын бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет