2 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі



Дата25.12.2016
өлшемі27,38 Kb.
#4842
2 технологиялық карта.

Күні:

Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі:Қазақ тілі.

Тақырыбы: Күз

Мақсаты:

1.Табиғаттың жеке құбылыстарын бақылап, айтып беруге үйрету.

2. Күз, жаңбыр, алма, жапырақ сөздерін дұрыс айтуға үйрету.

3.Жаңа сөздермен таныстыру арқылы сөздік қорларын толықтыру.



Қолданылатын көрнекті құралдар: жемістер мен көкөністер, суретті сөздіктер.

Қажетті құрал-жабдықтар: үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмысы:

Билингвальді компонент: күз-осень, жаңбыр-дождь, алма-яблоко, жапырақ-лист.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Қайырлы күн, балалар! Күніміз сәтті болсын!

1. «Қолшатыр» д/о.

Шарты: «жаңбыр» деген сөзден кейін оқытушы алақанын төмен қаратып ұстайды, ал балалар сұқ саусақтарын сол алақанның ішіне тигізіп тұрады. Педагог үшке дейін санап, алақанын жұмады, осы кезде балалар қолдарын жылдам алып алуға тырысады. Педагог қай баланың қолын ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады.


-Рақмет.

Ойынға қатысады.




Ұйымдастырылық-

ізденістік

2. «Мен бастаймын, сен қошта» д/о

Өткен ұйымдастарылған оқу іс-әрекетіндегі сергіту сәтінде айтқан өлеңді естеріне түсіріп, қайталайды.

3.Тақтадағы суреттермен әңгіме өткізу.

«Суреттер сөйлейді» д/о

-Күз мезгілі. Ағаш жапырақтары сарғайған. Мынау-алма. Күзде жемістер көп болады. Күзде жаңбыр жиі жауады.

(жеке сөздерді бірге қайталайды.)

4.Сергіту массажы:

Күн шықты,

Сәулесін шашты,

Бұлт жапты,

Жаңбыр жауды,

Кемпірқосақ шықты.

5. Дыбыстық жаттығуларды өткізу.

ҮЗ-ҮЗ-ҮЗ-КҮЗ.

АҚ-АҚ-АҚ-ЖАПЫРАҚ.

АҢ-АҢ-АҢ-ЖАҢБЫР:

6. «Суреттерді жина» д/о


Өлеңді хормен және 2-3 бала жеке-жеке айтып шығады.

-Күз.


-Жапырақ.

-Жаңбыр.


-Алма.

өлең жолдарын қайталап, балалар бір-бірінің арқасына саусақпен сурет салады.

Дыбыстық жаттығуға берілген буындар мен сөздерді хормен және жеке-жеке қайталайды.

Екіге бөлінге алма жемісі мен жапырақты біріктіріп, бүтін алма, жапырақ құрастырады.



Рефлексиялық түзетушілік

7. «Орналастыр» д/о

-Мынау не?



-Мынау не?

Жапсырма алма, алмұрт және жапырақты тиісті орнына жапсырады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: күз, жаңбыр, алма, жапырақ сөздерінің аудармасын біледі;

Игереді: ұжым болып, ұйымшылдықпен жұмыс жасауды үйренеді;

Меңгереді: күз мезгілінің ерекшелігін біліп, соларды 1-2 сөзбен айта біледі.
Каталог: F863CACAA44A73CE
F863CACAA44A73CE -> «Балбөбек» бала бақшасы. «Қарлығаш» І кіші тобы. Тәрбиеші: Сарманова. С. Е. Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> Бағдарламасы бойынша 3-4 жасар (ортаңғы топ) балалармен жұмыстың 2014-2015 жылға арналған күнтізбелік жоспары
F863CACAA44A73CE -> «Балбөбек» балабақшасы «Қарлығаш» І кіші тобы Тәрбиеші: Сарманова С. Е. Білім беру саласы
F863CACAA44A73CE -> Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, «балбөбек» мкқМ
F863CACAA44A73CE -> Сабақ жоспары Білім беру саласы: Шығармашылық
F863CACAA44A73CE -> 4 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> 5 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> 1 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> Қош келдің, төрлет Наурыз!
F863CACAA44A73CE -> 6 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет