2013 жылы қала әкімінің қала, ауылдық округтер мен кенттердің тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтылған ескертулер мен ұсыныстарды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары



бет2/3
Дата17.06.2018
өлшемі288 Kb.
#43190
1   2   3



Водный кентіндегі ішуге жарамды су туралы (Сариев Махмуд – ардагерлер кеңесінің мүшесі).

2011-2015 жылдары ШҚО Семей қаласының аумағын дамыту Бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыру жоспарында «Шығыс, Водный, СемГЕО (Восход) кенттерінің су жүргізетін жүйелерін қалпына келтіру және құру» жобалық-сметалық құжаттары әзірлеу 2014 жылы жоспарлануда, жобаны толық іске асыру 2015 жылы жоспарлануда.

2014-2015жж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Сорғы станциясын жаңарту туралы, уақытша болса да (Токпаева Алтын Шаймуратовна – Юности 5/5 тұйық көшесі).

Юность кентінің № 45 үйінің жанындағы осы арттырғыш сорғы станциясы биік үйлерге су жіберуге арналғанын атап өту қажет. Бүгінгі күні сорғы станциясын қалпына келтіру мүмкін емес, себебі қажеттілік жоқ. Сонымен қатар, бүгінгі күні құрылыс бөлімімен «Волгоградская көшесіндегі жеке үйлерге инженерлік жүйелерді қайта құру» ЖСҚ іске асырылуда. Су құбыры құрылысы аяқталғаннан кейін және «Семей Водоканал» МКК теңгеріміне бекіткеннен кейін, осы ауданның жеке тұрғын-үйлерінің тұрғындары өз үйлеріне су құбырын өткізу үшін техникалық жағдайларды алуғы мүмкіндіктері болады.

құрылыс аяқталғаннан кейін

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков

3. Электр қуаты мәселелері бойынша



Электр қуатының іркілістері мәселесін шешу, үнемі істен шығады (Токпаева Алтын Шаймуратовна – Юности 5/5 тұйық көшесі).

ВЛ-0,4 кВт ТП № 408 Юность кентінің мектебі жанында орналасқан. «ВК РЭК» АҚ–ның ақпараты бойынша ВЛ жаңа құрылыстағы жеке үйлердің тұрғындары есебінен өткізілді және осы энергиямен жабдықтаушы ұйымның теңгерімінде тұрмайды. Жоғарыда аталған ВЛ электрорнатқыштарды орнату ережесіне сәйкес куелмейді, электр электр желісінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз. Сол себептен электр қуаты үнемі істен шығады. Қалалық ТҮКШ бөліміне Юность кентінің тұрғындары атынан ВЛ-0,4 кВт есепке алу жөнінде өтініштері түскен жоқ.

2013 ж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Электр желісі туралы, біз «ВК РЭК» ұйымына қарайтын боламыз ба? (Восточный кентінің тұрғындары)

Восточный кентінің электр желістері «ВК РЭК» АҚ-на қарайды. Саяжай алқаптарының электр желістері коммуналдық меншікке алынды және «МЭПС» ЖШС пайдаланылады.

орындалды

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков

4. Терможаңарту мәселелері бойынша



Терможаңартуды өткізу жөнінде (Васильева Нина Васильевна, Краснознаменная, 7 көшесі)

Осы сұрақ бойынша қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласу ұсынылды

2013 ж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Терможаңартуға қатысу үшін кондоминиумды рәсімдеу жөнінде (Кузнецова Людмила Львовна - 15 ықшам ауданы, 18 үй).

Кондоминиумды және жер телімі актісін рәсімдеу тұрғындардың өз есебінен іске асырылады. Бұл туралы тұрғындар жиынында түсіндіріледі.

2013 ж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков

5. Нысандар мен тұрғын-үйлерді салу жөнінде



Жаңа мешітті салу жөнінде (Абайхан Сулейменович - ақсақал, ардагерлер кеңесінің мүшесі).

Мешіт салу жобасы Түркияда әзірленген. Мешітті салуға қаражат демеушілер есебінен бөлінеді, негізгі демеушілер ретінде «Каражыра LTD» ЖШС, «Казахмыс» Корпорациясы боылп табылады. Бүгінгі күні барлық сыртқы коммуникациялар (жылу жолы, электр қуаты, кәріз жүйесі) жасалынды. Мешіт ғимараты мен 4 мұнара астына іргетасын салу бойынша жұмыстар 100% орындалды, сонымен қатар артриумдық қабаттың қабырғалары салынды. Алматы қаласының «ЭМК» ЖШС жобалық ұйымы Семей қаласында мешіт құрылысы үшін құрылыс құрылымдарын есептеу бойынша жұмыстарға кірісті. Жұмыстар демеушілік қаражаттар бөлінгеннен кейін жалғасатын болады.

Бөліну шегінде

Қ. Ө. Қоқиланов

Д. А. Гариков



Семей қаласында «Метро» супермаркетін ашу туралы (Е. Сафронова – қала тұрғыны).

METRO – заңды тұлғалар (компания өкілдері) мен жеке кәсіпкерлер үшін өзіне өзі қызмет ету қағидаттары бойынша көтерме сауда саласының халықаралық үздігі, бас кеңсесі Дюссельдорфта (Германия). Бүгінгі күні METRO сауда орталықтары Қазақстанның 7 қаласында (Астана, Алматы, Карағанды, Шымкент, Павлодар, Ақтөбе, Өскемен) жұмыс істейді. Жаңа кәсіпорындарды, оның ішінде сауданы құру (ашу) «Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ-сінің құзіретін кірмейді. Кәсіпкерлік белсенділікті дамыту мен жаңа ұйымдарды құру әлеуетті кәсіпкерлердің (инвесторлардың) қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты

орындалды

А. К. Суйчинов

Н. Ж. Нұрғалиев




Аурухана және мектеп құрылысы туралы (Бобровка кентінің тұрғыны).

Бобровка кентінде дәрігерлік амбулаторияны салу үшін қала әкімдігінің 2012 жылғы шілдедегі қаулысына сәйкес, бөлінді: 1) 0,16 га көлемді жер телімі; 2) уақытша жерді өтеусіз пайдалану құқығы актісі; 3) жер телімін таңдау және тексеру актісі; 4) сәулеттік- жоспарлау тапсырмасы. Барлық құжаттар 2012 жылдың тамыз айында «ШҚО денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сіне және «ШҚО құрылыс басқармасы» ММ-сіне тапсырылды. Облыс әкімінің орынбасары Ж.Муратовтың атына 2013 жылғы 19 ақпанда 2011-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысының даму бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына өзгерістер енгізу туралы, нақты айтса Бобровка кентіндегі Новобаженово ауылында дәрігерлік амбулаторияны салуды ауыстыру өнінде хат жолданды.

Бобровка кентінде мектеп салу мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз, 2011-2015 жылдары аумақтарды дамуты бағдарламасына сәйкес, 2014-2015 жылдары 600 орынды орта мектеп салу жоспарлануда. Бүгінгі күні құрылыс орнының жер телімі анықталды.Жер телімін таңдау актісі, жер комиссиясының қорытындысы бар.



2014-2015жж.

Ғ. А. Жуасбаева

(келісім бойынша)



Г. Қ. Алтынбекова

З. Р. Исабаева


6. Жылумен жабдықтау меселелері бойынша



Ішкі тоқсандық жылыту жүйесі мәселесін шешу (Байтерякова Татьяна Михайловна - «Возрождение» КСК төрағасы).

«Теплокоммунэнерго» МКК-нымен ЦТП – 401 ішкі тоқсандық жылыту жүйесін жөндеу сметасы әзірленді. Қаражат бөлінген жағдайда, жөндеу жұмыстары ағымды жылы орындалады.

2013 ж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков

7. Мәдениет, білім және спорт меселелері бойынша



Орталық саябақ жұмысы туралы (Иманалинов - «Поколение» ҚҰ).

«Семей қаласының орталық мәдени және демалыс саябағы» КМҚК әкімшілігі «Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-сіне қарасты мекеме. Бүгінгі күні Орталық саябақтағы саябақ аллеясын, кіріс қақпасының жаяужолдарын қардан тазалау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Көктемгі-жазғы кезеңге дайындық жұмыстары, саябақты қалған қоқыстан тазалау басталды. Көктемгі уақытта ағаштарды ақтау, саябақты көгалдандыру, саябақ қоршауларын, орындықтарды, қоқыс салатын урналарды бояу, саябақ аймағын құлаған, сынған ағаштардан, сарғайған жапырақтардан тазалау жұмыстары жүргізіледі.

орындалды

Б. К. Көпбаев

З. Р. Исабаева



Іс-шараны өткізуде материалдық және ұйымдастырушылық көмек көрсету туралы (Мурат Ахметкалиевич Ягофаров – татар қоғамы кеңесінің өкілі).

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық Достық үйі және Мәдениет сарайымен бірлесіп, үнемі мәдени-көршілік іс-шараларды өткізу кезінде практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді. Қалалық мәдениет сарайы базасында «Истәлік», «Иртыш моннары», «Ильгам» татар ансамблі жақсы жұмыс істейді. Достық үйі барлық мәдени-ұлттық орталықтармен, оның ішінде қоғамдық татар орталығымен тығыз байланыста қала тұрғындарына мәдени қызмет көрсету бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіреді. Татар ұлттық көркемөнерпаздар ұжымдары қаланың барлық іс-шараларына қатысады. 2013 жылы қалалық мәдениет сарайы басшылығымен бірлесіп жоспарлануда: 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай 2013 жылғы 7 наурызда, сағат 16-30-да өтетін «Иртыш моннары», «Истәлік», «Ильгам» татар ансамбльдерінің концерті өтеді. Сәуір айында Достық үйінде Кеңес одағының батыры Мұса Жәлелге арналған тақырыптық кеш өтеді. Мамыр айында ақын Ғабдулла Тоқайдың еске алу кеші; татар өнер мектебінің есептік концерті; сондай-ақ «Истәлік» татар халық ансамблінің шығармашылығының 21 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді. Маусым айында Полковничий аралында «Сабантуй» мерекесі аталып өтеді. Бағдарламаға меркелік концерт және халықтық сауық кіреді. Аталған шара бюджеттік ассигнациялау есебінен қаржыландырылады. Маусымда «Иртыш моннары» татар халықтық ансамблінің 25-жылдығына арналған «Көзге Иртыш моннары» фестиваль өтеді.

2013 г.

Б. К. Копбаев

З. Р. Исабаева



«Спартак» футбол клубының сапарға шығулары туралы.

Қазақ футболының 100-жылдығына арналған шаралар? (Ермек Әлібеков – қала тұрғыны).



Биылғы жылы «Спартак» футбол командасы толықтай жабдықталған, клубтың жаңа президенті тағайындалды (З. З. Ахметов), команданың ҚР чемпионатына қатысуын қаржыландыру мәселелері шешілді, қалалық бюджеттен 150 млн.теңге, облыстық бюджеттен 60 млн.теңге бөлінді. Команда үшін ыңғайлы автобус сатып алынды, стандион берілді және биылғы жылы қала сыртынан оқу-жаттығу базасының құрылысы жоспарланған. Қазіргі уақытта команда Ташкент қаласында оқу-жаттығу жиынында жүр. Футбол маусымының ашылуы 2013 жылғы 31 наурыз. «Спартак» футбол командасының бірінші ойыны Ақтау қаласында өтеді.

Қазақ футболының 100-жылдығын атап өту шеңберінде қалада ұйымдастыру комитеті құрылды, шаралар жоспары бекітілді. Волгоград көшесінің бойынан 3000 орындық футбол манежінің алғашқы тасы салынды. Қазір жасанды жабынды 3000 орындық футбол манежінің ТЭН әзірленді, қазіргі уақытта Астана қаласында мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. 526 млн теңге сомаға «Спартак» стандионын күрделі жөндеуге мемлекеттік сараптамамен ЖСҚ әзірленді, бюджеттік өтінім облыстық спорт басқармасына жолданды. 10 шағын футбол алаңдарының құрылысы жоспарланып отыр. Барлық құқық белгілеуші құжаттарымен мектептер анықталды. ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жұргізілуде. Ең үздік эмблема – логотип конкурсы аяқталды, қазіргі уақытта облыстық әкімдікке келісімге жолданды. ГФР – дан Семей қаласына құрамында Мұхтар Әуезов ойнаған бірінші «Ярыш» командасының эмблемасы қайтарылды. «Қазақ футболына 100-жыл» қоғамдық қорын құру бойынша жұмыстар жүргізілуде, қазіргі уақытта құжаттар әділет органдарына өткізілді. Бекітілген медиа-жоспарға сәйкес 100-жылдықты атап өтуге дайындық және өткізуді жарықтандандыру бойынша медиа-топ құрылды. Барлық газеттерде, интернет-ресурстарында футболдың 100-жылдығына арналған айдарлар, блогтар ашылды, «Қазақстан Семей», «ТВК-6» телеарналарында телебағдарламалар жүргізіліп, бейне роликтер көрсетілуде. Арнайы құрылған шығармашылық топ қазақстандық футболдың 100-жылдығына арналған фильм мен кітап шығару үшін материалдар жинақтауда. Қазіргі уақытта қалада футбол жанкүйерлерінің Лигасының құрамына кіретін кәсіпорындар мен мекемелер, мектептер, колледждер, ЖОО-дар командаларының арасында қазақстан футболының 100-жылдығына арналған жарыстар өткізілуде. Аталған жарыстар жыл бойы өткізіледі. 3 және 10 ақпан аралығында «Спартак» командасының капитаны С. Рысмбаевтың каптианының құрметіне футболдан турнир өткізілді. Команданың бірінші капитаны Юнус Нығматуллинның құрметіне Шәйжүнісов көшесі 55 бойындағы үйде мемориалды тақта орнатылды. Барлық футбол ардагерлері құрмет көрсету үшін қала кәсіпорындары мен мекемелерінде, оқу орындарында бекітілген. СМПИ негізінде «Қазастан футболының тарихы, проблемалар мен перспективалар» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу дайындығы жүргізілуде. Қаланың өлкетану мұражайы «Қазақстан футболына 100-жыл» және «Семей футболының Қазақстан футболының дамуындағы үлесі» тақырыптарында экспозициялар көрмесін ұйымдастырады. Барлық ЖОО-дарда, колледждерде, мектептер мен ірі кәсіпорындарда «Қазақстан футболына 100-жыл» тақырыбында кездесулер өткізу, ардагерлерге құрмет көрсету, көрмелер ұйымдастыру сияқты шаралар өткізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Спартак» ФК ардагерлерінің «Рубин» Мәскеу қаласы, Қазан қаласы РФ, «Динамо» Тбилиси Грузия – «Қайрат» Алматы қаласы және «Восток» Өскемен қаласы мерейтойлық мерекелеулерге қатысуы жоспарланып отыр.



Орындалды

М. М. Кұржықаев

З. Р. Исабаева



2013 жылы қаламызға еңбек сіңірген әртістердің келуін жоспарлау туралы (қала тұрғыны).

2013 жылы қаламызға гастрольдік сапармен келетіндер:

1) Майра Ильясова – ҚР еңбек сіңірген әртісі 2013 жыл 6 наурыз ҚМС.

2)Жезқазған қаласының филармониясының әртісітері 2013 жылғы 5 наурыз, ҚМС, 2013 жылғы 1 тоқсан.


Орындалды

Б. К. Көпбаев

З. Р. Исабаева



Мемлекеттік тілге назар аудару (С.Тоғызбаев – қала тұрғыны).

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жүйелі түрде Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, мемлекеттік нормативтік – құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдердің дамуы және қолданылуы туралы Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Әкімдіктің 2011 жылғы 18 қарашадағы «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында тілдердің дамуы және қолданылуы туралы Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша 2011-2013 жылдарға шаралар жоспарын бекіту туралы» № 1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік тілдің Қазақстан халықтарының рухани және ұлттық бірлігінің негізгі факторы ретінде рөлін арттыру мақсатында бірқатар шаралар өткізілуде: мемлекеттік, ағылшын және ұлттық тілдерін оқу курстарын ұйымдастыру. Бөлім ЖОО-дардың студенттерімен бірлесіп жүйелі түрде көрнекі ақпараттарды ресімдеуде жіберліген бұзушылыұтар мен қателіктерді анықтау мақсатында рейдтер өткізіп отырады. Мемлекеттік тілдің рөлін арық қарай арттыру мақсатында 2013 жылы Тілдерді оқыту орталығын ашу жоспарланған, бұл өз кезегінде мемлекеттік және ана тілдерін оқытуға халықты тартуға мүмкіндік береді. Оқыту заманауи талаптарға сай жабдықтандырылған оқу сыныптарында жүргізіледі.

Орындалды

Б. К. Көпбаев

З. Р. Исабаева

8. Денсаулық сақтау бойынша



Дәрілердің уақтылы жеткізілу мәселесін шешу. Айтжанова Гүлімнің проблемасын қарау (Айтжанова – қала тұрғыны).

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 Қаулысына сәйкес тендер 2013 жылғы 30 қаңтарда өткізілді. 20 ақпаннан бастап қаланың дәріхана желілеріне тиісті мамандардың рецептімен берілетін тегін дәрілерді жеткізу басталды. 2013 жылдың желтоқсанында ШҚО денсаулық сақтау басқармасы мен фармацевтикалық компаниялар арасында «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 Бұйрығымен көрсетілген тізім бойынша барлық нозологиялар бойынша дәрілік құралдардың 2-айлық қорын беру туралы қосымша шарттар жасалды.

Жұмахан Досжан Жандосұлы 22.03.2009 ж.т. 15.01.2013 ж. бастап 21.01.2013ж. дейін «Инфекциялық аурухана» КМҚК ауыр ішек инфекциясы, орта ауыр гастроэнтерит, 1 деңгейдегі аралас генез анемиясы. Толық көлемде ем қабылдады. 19.01.2013 ж. баланың анасы сол жақ төменгі аяқ-қолдарының ауыруына шағымданған. Дәрігер қарауынан өткен, инфекциядан кейінгі абсцесс жоқ. бала қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан 2013 жылғы 21 қаңтарда шыққан. Медбикенің түсіндірмесіне сәйкес Г. Айтжановамен болған келіспеушілік медбике аурухананың ішкі тәртібін сақтамауға қатысты жасаған ескертуге байланысты туындаған.


2013 ж. наурыз

Г. А. Жуасбаева

(келісім бойынша)




З. Р. Исабаева

9. Тұрғын үй бөлу



Тұрғын үй бөлу кезегіне тұрғызуға жәрдемдесу (Қалиев Тоқтарбек –Холодный ключ кентінің тұрғыны).

Қазақстан республикасының Заңының 67, 68, 69 баптарына сәйкес мемлекеттік қордан тұрғын үй беруге мұқтаж азаматтардың кезегіне бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және әлеуметтік қорғалатын азаматтар санатына жататын адамдар тұрғызылады. Азамат Т. Қалиевқа мәселесін қарау үшін қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне өтініш білдіру керек.

2013 ж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Жұмагелдина Жаннұрға пәтер бөлу туралы (Жұмагелдина – қала тұрғыны).

М. Жұмагелдина мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж есебінде 2008 жылғы маусым айынан бастап тұр. Әлеуметтік қорғалатын азаматтар кезегіндегі нөмірі – 1341. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес оған пәтер кезекке сай беріледі.

Кезекке сай

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Тұрғын үй алу кезегі туралы (қала тұрғыны - Имашева Оразбике).

О. Имашеваның тұрғын үй алу мәселесі кезекті қалалық тұрғын үй комиссиясының отырысында қаралады. Кезектен тыс үй беруге О. Имашеваның негіздемесі жоқ.

Кезекке сай

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков

10. Баға және тарифтерді реттеу бойынша



Кебекке баға қалыптастыру туралы (Холодный ключ, Кирпичный, Жоламан кенттері тұрғындарының өкілі).

2012 жылы «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ ресурсынан Семей қаласы үшін 1 505 тонна, 2013 жылдың қаңтар, ақпан айларында «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ ресурсынан 810, 3 тонна кебек 1 тоннасына 15000 теңге бағасымен бөлінді.

Ай сайын

Ш. М. Жұмақсанов

Н. Ж. Нұрғалиев



Жылу мен суға коммуналдық қызметтердің ақысын төлеу туралы (Иманалинов - «Поколение» ҚБ).

2012 жылдың желтоқсанында ауа-райының төменгі температурасына байланысты үйлерде орнатылған құрылғылардың жылу тасымалдағыш көрсеткіштері орташа 76/46 С көрсетті, көлемі 2631 т. құрайды. Жылу энергиясының құны 134, 67 теңге/Гкал. Ағымдағы жылдың қаңтар айында жылу энергиясының құны 85,39 теңге/Гкал құрады. Жылу энергиясын және жылу тасымалдағышты есепке алу Ережесіне сәйкес үйге орнатылған құрылғы көрсеткіштері бойынша қайта есептелмейді, өйткені есептеу нақты құрылғының көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

орындалды

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Қалалықтар үшін күнделікті қолданылатын азық-түліктер бойынша, тұрақты және қолжетімді бағаны қамтамасыз ету. (Төлеуғалиев Серік Төкенұлы - қала тұрғыны).

Баға тұрақтандыру мақсатында келесі жұмыстар жүргізілуде: әлеуметтік маңызды азық-түліктерге бағаларды тұрақты мониторингі, бұрын жасалған меморандумдардың пролангациясы, жаңадан ашылған сауда нысандарымен 10 % үстемақылық бағамен сату туралы меморандумдарға отыру,меморандум міндеттемелерін орындау бойынша есеп-рейдтер өткізіледі. «Ертіс» ӘКК тұрақтандыру қорының өнімдерін есептелген бағалар бойынша сататын сауда кәсіпорындарының желілерін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде (картоп, көкөністер, тауарлардың бакалеялық тобы) өнімдерді сату 41 сауда кәсіпорындарында сатылады. Дүкендердің тізімі қала әкімінің ресми веб-сайтында жарияланған. «Ертіс» ӘСК тұрақтандыру қорының өнімдерінің бағасы бақылауда болады., 1 сұрыпты нан («әлеуметтік») және 1 сұрыпты ұн «Продкорпорация» ҰҚ» АҚ ресурсынан.

тұрақты

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков



Жылудың ақысын төлеуді қайта есептеу туралы (Достоевский көшесі, 106 үйдің тұрғындары).

Қала әкімдігінің қаулысымен «Семей Теплокоммуноэнерго» МКК таратылды. Ликвидациялау комиссиясы құрылды. Қолданыстағы заңнаманың шеңберінде қарыздар өтеу бойынша шаралар жүргізілуде. Кәсіпорынның жалпы қарызы 18 млн.теңгені құрайды.

2013 ж.

А. К. Суйнчинов

Н. Ж. Нұрғалиев



Тұрғындар үшін тарифтің 2 есеге өсуі туралы (С.Е. Дюсетаев - қала тұрғыны).

«Ақ бұлақ» бағдарламасының «2013-2015 жылдарға арналған ҚР суға тарифті қалыптастырудың жаңа тетіктерін енгізу бойынша кешенді жоспар» 6 тармағын және «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегі № 272 Заңына сәйкес «Семей Водоканал» МКК Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментіне 2012 жылғы 2 қарашада 01.05.2013 – 30.04.2015 ж. ж. орта мерзімге су шаруашылығы және канализация жүйесіне шекті тарифтер бекітуге өтінім жолдаған. Аталған мәселе бойынша 2013 жылғы 20 ақпанда Семей қаласында Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі ҚР Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің төрағасының орынбасары, ТМРА директорының қатысуымен бірінші көпшілік тыңдау өтті.

2013 ж.

О. К. Исмаилов

Д. А. Гариков

Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет