2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірибелік сабақтар 4 Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары 5 Өзгерістерді тіркеу парағы 6 Әріптестердің танысуы 1 глоссарий журналистика



бет3/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,19 Mb.
#35485
1   2   3   4   5   6

Ақпарат агенттiктерi


  1. "Anadolu Ajansi" (AA) – 1918-1920 ж. негiзi қаланған ескi ақпарат агенттiктердiң бiрi. Бас офистерi – Анкара мен Стамбулда орналасқан. Тек жазба материалдарды таратумен айналысады.

  2. "Cihan Haber Ajansi" (CИA) – 1994 ж. бастап жұмыс iстейдi. 1996 ж. бастап бейне материалдарды тарата бастады. Шет елдерде тiлшiлерi, Қазақстанда өз өкiлеттiгi бар.

  3. "Uluslararasi Basin Ajansi" (ИВА) – 1994 ж. бастап жұмыс iстейдi. Халықаралық жаңалықтарды таратушы бiрден-бiр агенттiк.

  4. " Yurt Haber Ajansi" (УНА) – iшкi хабарларды таратумен айналысатын ақпараттық агенттiк.

  5. "Ihlas Haber Ajansi" (IHA) – "Turkiye" газетi және "TGRT" телеарнасымен байланыс жасайды. Еуропа елдерiнде тiлшiлерi бар.

  6. "Milliyet Haber Ajansi (MILHA) – 1990 ж. бастап жұмыс iстейдi және тек iшкi хабарларды таратумен айналысады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Түрік жеріне тараған француз басылымдарының мақсаты не?

  2. М. К. Ататүріктің түрік баспасөзін дамытуға қосқан үлесі қандай?

  3. Беделді түрік басылымдарын атаңыз.

  4. «Заманның» бағыты қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Желтяков А.Д. Печать в общественно ­ политеской и культурной жизни Турции.М., 1972.

2.«Заман­Қазақстан» газетінің тігіндісі.

3.Интернет ресурстары.
12-Дәріс. Қытай баспасөзінің даму жағдайы.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

12.1 Алғашқы қытай басылымдары,

12.2 «Музыкалық палатаның» қоғамдағы ахуалдағы зерттеудегі рөлі.


    1. Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері.

12.4 Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.

Азия елдерiнiң құрамына кiретiн Қытай мемлекетi бүгiнгi таңда алдыңғы қатарлы дамыған елдердiң бiрi болып саналады. Ендiгi жағдайда осы мемлекеттiң айнасына айналып отырған бұқаралық ақпарат құралы туралы әңгiме қозғау заңды.

Қытай Халық Республикасында 202 миллионнан астам шамамен шығатын 1777 газет басылады. Ең көп тарайтын, күнделiктi шығатын бұқаралық газет Қытай Коммунистiк партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы - "Жэнь-мин жибао". Оның таралымы 3,68 млн. дана. Таралымы жағынан екiншi орында тұрған газет - "Гуан - мин жибао". Сондай-ақ, айтарлықтай таралыммен спорттық, жастар, шаруаларға арналған және экономикалық, спорттық газеттер шығады.

Бүгiнде әлем бойынша Қытайдағы журналистиканың деңгейi жоғары бағаға ие. Редакцияларға 1960-1970-шi жылдары репрессияға ұшыраған бұрынғы мамандар қайтып келiп жатса, жоғарғы оқу орындарынан келген жас, әрi бiлiктi мамандармен журналистер қатары толығуда. Барлық арнайы емес газеттерге тән сипат экономикалық тақырыпты жиi көтеру болып табылады. Осы тақырыптағы материалдар газет бетiнiң жартысын алып жатады. Мұның себебi, бiрiншiден, Қытай экономикасын дамыту көзделсе, екiншiден, газеттiң өтiмдiлiгiн арттыру. Ал, қалған материалдар түрлi тақырыпта және белгiлi бiр идеологиялық бағытты ұстана отырып жазылады, жарияланады.


«Дибао» (У111ғ) - қытай баспасөзінің алғашқы қарлығашы. Миссионерлік басылымдардың қалыптасуы. Публицист Ван Таоның қытай журналистикасын өркендетуге қосқан үлесі. Демократиялық басылымдардың қалыптасуы.Төңкеріс тұсындағы баспасөз.

ҚХР-дың жаңа жүйедегі БАҚ- ның қалыптасуы. Шектен тыс идеологияланған Қытай баспасөзі. Мәдени төңкеріс тұсындағы баспасөздің жағдайы.

Қытай БАҚ-ның ақпараттар берудегі өзіндік ерекшеліктері. Басылымдар арасындағы тақырыптық бөлініс. Экономикалық реформа тұсындағы журналистика. Компартияның бас басылымы -“Жэнминь жибао“ газетінің рөлі.

Газет-баспа корпорацияларының пайда болуы.

“Синьхуа“ ақпарат агенттігі. Қытайдағы қазақ басылымдарының даму деңгейі.

“Синь тиюй" - "Спорт жаңалықтары" - спорт iсi бойынша


республикалық комитеттiң органы болып табылады. 1950 жылдан
1 млн. данамен ай сайын шығады. Спорт жетiстiктерi мен
проблемалары, спорт жанкүйерлерiнiң пiкiрлерi үзбей жарияланып
тұратын бiрден-бiр басылым.

"Сычуань дасюэ" - "Сычуань университетi" - 1974 жылдан


Сычуаньнан тоқсан сайын жарық көретiн журнал. Журнал
философия, тарих, саясат және әлеуметтiк мәселелердi кеңiнен
қозғайтын жарияланым.

"Тиюй бао" - "Спорт өмiрi" - 1958 жылдан бастап 720 мың


данамен шыға бастаған басылым. Пекинде аптасына үш рет шығып
тұрады.

"Туаньцзе бао"- "Бiрлiк"- Қытай кеңесi халықтық саяси


елшiлiгi комитетiнiң ұйымы болып табылады. 120 мың данамен
Пекинде шығатын апталық газет.

"Цзефанзюль бао" - "Халықтың қауiпсiздiк әскерi" - Қытай


армиясының ресми ұйымы. 1956 жылдан бастап Пекинде 1.58 млн.
данамен күнделiктi шығып тұрады.

"Чжунго фунюй" - "Қытай әйелдерi" қытай және ағылшын


тiлдерiнде басылып, көркем безендiрiлiп шығатын айлық журнал.
Бұл журналдың ұйымы - Жалпы қытай әйелдер федерациясы. 1949 жылдан бастап шығуда. Таралымы – 1.3 млн. дана.

"Чжунго циннянь бао" - "Қытай жастары" - Қытай Жастар


одағының ресми ұйымы болып табылады. 1951 жылдан 3.1 млн.
данамен аптасына төрт рет шығып тұрады.

Телерадиосы. Соңғы жылдары Қытай теледидары өзiнiң қарқынды даму
нәтижес
iнде АҚШ-тан кейiнгi дүние жүзiндегi екiншi орынды
иеленуде. Қытай Халық Республикасының теледидары өз
iнiң
бастауын 1958 жылдан алады. 1970-ш
i жылдардың ортасынан ақ-
қара түст
i теледидардан түрлi-түстiге көштi. 2007 жылғы санақ
бойынша бұл мемлекетте 140 миллионнан астам телевизор болды.
Статистика бойынша күндел
iктi телебағдарламаларды 300 млн.
адам көред
i. Қытай Халық Демократиялық Республикасының
ерекшел
iгi - радио және телевидение бiр уақытта дерлiк дамыды.
1958 жылдың қыркүйег
iнде эфирге телебағдарламалар шыға
бастады.


Казiргi уақытта 422-ден астам бағдарламалық телеорталықтар жұмыс iстейдi. Барлық телестанциялар ақпаратты мыңдаған құрылғылары бар спутниктiк байланыс орталықтарынан алады. Сонымен бiрге, Пекиндегi бағдарламалар сипатына қарай түр-түрге бөлiнедi Ең атышулы арна - "Ақпараттық көкжиек" арнасы. Шетел жаңалықтары 5-7 минут бағдарламаның соңында хабарланып кетедi. Шетелден ақпараттарды “СNN», ағылшын агентiгiнен, Вильнюстан, Азия және Тынық мұхиты елдерi одағы агенттiгiнен т.б. алады.

Қытай теледидарларының ортақ тақырыптары төмендегiдей:

1. Мемлекет жағдайы, елбасының жұмыс уақыттары, ресми
сапарлар, кездесулер, делегацияларды қабылдау;

2. Таяу көршiлердiң жағдайы;

З. Әлем жаңалықтары;

4. Спорт.

Бұл аталғандардан басқа, бұл арналарда көркем фильмдер, көңiл сергiтетiн және музыкалық бағдарламалар бередi. Сонымен
қатар жаңалықтар жиі берiлiп отырады.

Қытай радиосының негiзi шетелдiк мамандардан тұрады.


Қытайдың өзiндiк радиостанциясы 1926 жылы Харбинде жұмыс істей бастады. 1928 жылы Нанкинде әкiмшiлiк радиостанция ашылды. Жалпы айта кететiн жәйт, ҚХДР радиостанциялары өз мазмұны бойынша төмендегiдей болып жiктеледi:

Рр/с

Хабар түрлер


Хабар тарату уақытының
пайызы

1


Жаңалықтар

21%

2


Танымдық

Хабарлар


23%


3


Көңiл сергiтетін хабарлар

49%

Қытайда коммерциялық радиостансалар жоқ деуге болады. Тек 1979 жылы ақылы жарнама таратуға рұқсат берiлген. Орталық халықтық радиостансасында 34 тiлшiлiк пунктерi бар. Жергiлiктi хабар тарату 461 радиостансада жүзеге асады. Олар күнiне бес мың сағат хабар таратады.

Қытай радиохабар таратуда 40-тан астам әлемнiң елдерiмен байланыс ұстайды. Бiрiншi шетелге хабар тарату 1947 жылы қолға алынған. Қазiргi радиохабарлар Қытайда 38 тiлде таратылады.

Ақпарат агенттiктерi. Қытайда iрi екi ақпарат агенттiгi қызмет iстейдi: 1. "Қытай жаңалықтары" агенттiгi - 1952 жылы кұрылып, әдетте Тайвань, Сатань, Вомыньдағы қытайлықтар мен шетелдiк
азаматтарға арнап ақпарат жариялайды. 2. "Синьхуа" агенттiгi - 1931 жылы құрылып, iшкi қызметтермен бiрге сыртқы байланыстарды жүргiзедi. Бүгiнде бұл агенттiкте 7000 астам қызметкер жұмыс iстейдi. Оның iшiнде 2600 журналистер мен редакторлар, 160-тан астам фототiлшiлерi бар. Агенттiктiң бас редакциясы Пекинде орналасқан. Олар: iшкi, халықаралық жаңалықтар, шетелге апарат тарату, спорттың соңғы жаңалықтары мен хроникалары, фото хабар бөлiмдерi, шетелдiк агенттiктер ақпараты, экономикалық ақпарат
редакциялары едi. 4000-нан астам газет пен журналдарға, радио,
телевидение, университеттерге, елшiлiктерге акпаратты ағылшын
және жапон тiлдерiнде таратады.

Әлемдiк агенттiктер: Рейтер, ЮПИ, АПФ және азиялық басқа да елдердiң бiрқатар агенттiктердiң ақпараттарын пайдаланып, хабар алмасып отырады. Азия мен Тынық мұхит елдерiнiң ақпарат агенттiгiне және


Координациялық Пула комитетiне мүше.
Бақылау сұрақтары:

  1. Мәдени төңкеріс тұсындағы баспасөздің жағдайы қандай болды?

  2. «Жэнминь жибао» қандай газет?

  3. «Синьхуа» ақпарат агенттігі туралы не білесіз?

  4. Қытайдағы қазақ басылымдары туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Китай. - Пекин,1999.

2. Информационные службы для зарубежной аудитории Китая. - Пекин,1998.

3. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб.,2006.


13-Дәріс. Оңтүстік Корей баспасөзі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

  1. 1 Корей басылымдарының ерекшеліктері

    1. Корей басылымдарының дәстүрлері.

Корейлік көне басылымдар. Газетшілердің алғашқы съезі және олардың шешімдері. Жапон генерал-губернаторы бақылауындағы баспасөздің жағдайы.

Республика болып жарияланғаннан кейінгі газеттердің коррупциямен күресі.

Корей басылымдарының дәстүрлері. Демократиялық басылымдардың қалыптасуы. Ақпарат агенттіктері. Қазіргі корей баспасөзі.



Газет-журналдары. Кореяның ең алғашқы газеттердiң негiзi 1896 жылы қаланған. ("Тоннип синмун" газетi). Аталмыш газет аптасына үш рет, төрт кiшi форматты бетпен, таралымы - 300 данамен шығып тұрды. Алғашқы нөмiрi 1896 жылы 7-сәуiрде жарық көрдi. Газет негiзiн қалаған Со Чжэ Пхиль (Филипп Джейсон). Кореяның алғашқы күнделiктi газетi - 1898 жылы жарық
көрген "Мейль синмун" басылымы. 1904 жылы жаңа күнделiктi "Тэкан мейль синбо" газетi пайда болды. Газет корейлiктерге ықпалын тигiзгенмен, Жапон қыспағына орай 1905 жылы жабылып қалған.

1910-1920 жылдар аралығы Корея журналистикасы тарихындағы қаралы кезең болды. Жапон үкiметiнiң органы болып есептелетiн газеттерден басқа басылымдардың шығуына қатаң тыйым салынды. Соған қарамастан шет елдерде газет iсi жалғаса бердi. "Коннип синмун" мен "Синкам минбо" басылымдары Сан-Францискода шықса, "Тэдон синмун" басылымы Ресейде шығып тұрады. екінші дүниежүзiлiк соғыстан кейiн, Корей мемлекетi өзiнiң тәуелсiздiгiн алды. Бiрнеше аптаның iшiнде кейбiреуi


коммунистер күшiмен шығарылатын 68 газет пайда болды.

1988 жылы таралымы 400 мың дана "Хангерз Синмун"


күнделiктi газетi пайда болды. Ол бiрiншi күннен бастап-ақ
компьютер жүйесiн қолдануда. Бәсекелестiкке төзе алмай көптеген әлсiз газеттер жабылып қалды. Соның әсерiнен 1991 жылы 12 күнделiктi газет басылымның жұмысы тоқтап қалды.

1993 жылғы есеп бойынша, Кореяда 103 күнделiктi газет бар. Оның 54-i Сеулде, қалғандары аудандарда басылып тұрады. Әр дүйсенбі сайын басылымға шықпайтын Корей газеттерi дәстүрді ұстанған болатын. Бірақ 1989 жылдың шiлдесiнен бастап ықпалды «Хангун ильбо» газетi бұл дәстүрдi бұзды. Газеттердiң сенбiлiк қосымшалары 1990 жылы ғана пайда болып басылымдардың көлемi де көбейдi. Ро Дэу президент болып сайланып, алтыншы республиканы көркейтуге кiрiсiп кеттi. Осы тұста көптеген газет-журналдар шыға бастады. 1987 жылы елде 30 күнделiктi газет шықса. 1991 жылы 98-ге жеттi, ал 1995 жылы газеттердің саны 116-ға дейін көбейді. Қазiргi таңда Корея баспасөзi даму үстiнде. Сағатына 15 000 дана түрлi-түстi өнiмдердi шығарып отырады. Бұл басылымдар жаңа ғимараттарға орналасып, озық үлгiдегi машиналармен жабдықталған.



Телерадиосы. Кореяда радиохабар 1927 жылы пайда болды. Екi жылдан кейiн жапондықтар Сеулде радиостанция орнатады. Бұл станса 1954 жылға дейiн жұмыс iстейдi. Кореядағы ең алғашқы коммерциялық радио - "Пусан мунква бродкастинг стейшн" деп аталады.1959 жылы пайда болған.

1966 жылы "Сеул УКВ бродкастинг компани" өзiнiң жеке


стансасын енгiзедi. 1970 жылы ұзын және қысқа толқынды үш
радиостанса пайда болды: "Корея Мунква УКВ", "Пусан Мунква"
УКВ және "Корея УКВ". Сеулдiң қалалық радиостанциясы 1990 жылы маусымда жұмысын бастады. Радио аты - "Трэффик бродкастинг стейшн". 1996 жылы Корея мемлекетiнде 97 радиостанция тiркелген.

Корея телевидениесi коммерциялық станцияның ашылуымен 1956 жылы бастау алды. Алайда, бұл алғашқы телестанса сол жылы-ақ қайта жабылды. 1961 жылдың 1 желтоқсанында үкiмет Сеулде "Кей-би-эс ТВ" ресми телеорталығы ашылды. Ал, "Ти-Би-Си ТВ" 1964 жылдан бастап қызмет көрсетедi. 1969 жылдың тамызында "Эм-Би-Си ТВ" телеорталығы


ашылады. 1990 жылдан кейiнгi реформалар нәтижелерiне орай жеке телестансалар көбейе бастады. Статистикаға сүйенсек, "Кей-Би-Эс" аудиториясы 98 пайыз, "Эм-Би-Си" - Оңтүстiк Корея аудиториясының 92 пайызын құрайды. Бұл екi компания өзiнiң бағдарламаларын күнделiктi таңғы
5:30 бен 10:00 аралығында жүргiзедi.

Оңтүстiк Кореяда радио тарату iсi жапондықтардың Сеулде құрған радиостансаларынан бастау алады. 1927 жылдан берi қарай корейлiктер өз қолына алды. 1945 жылдың қыркүйек айынан бастап радиостанса жүйесiн (КВС) американдық әскери әкiмшiлiк басқарды. Бұл жүйеде дiни, бiлiм, ақпараттық және көңiл сергiтетiн бағдарламалар жүйелі құрылған. Ал, 1956 жылдың желтоқсанында християндық ұйым, яғни Евангелистiк одақ қиыр шығыстық Инчхоне радио тарату iсiн бастады. Мұндағы хабарлар аптасына 100 сағат корей, ағылшын, қытай және орыс тiлдерiнде жүргiзiлдi. 1959 жылы Пусанеде коммерциялық Пусан Мунхва Бродкастинг Стейшн радиостанциясы ашылды, мұның iзiн Мунхва Бродкастинг Компани (МВС), Тона Бродкастинг Стейшн (ТВС) жекеменшiк радиолары жалғастырды. Бұл радиостанциялардың тұсау кесу рәсімі Сеул қаласында өткен.

1966 жылы Сеулде Бродкастинг Компани бiрiншi рет УКВ диапозонында радиодан хабарлар тарата бастады. 1970 жылы оған үш УКВ станциялары: Сеулдегi “Корея УКВ” қосылды.

Фар Ист Компани (FEBC) коммерциялық арнаның АҚШ-та демеушiсi бар. Ол 1972 жылы Кореядағы Чечжудо аралының оңтүстiк жағалауындағы елдерге Азия халықтарының бостандығы мен бейбiтшiлiгi жайлы ақпараттар, хабарламалар, бағдарламалар жiберiп отырады.



Ақпарат агенттiктерi. 1945 жылдан кейiн корейлiктерде алғашқы "Хебин Тхонсин" (Дербес пресса) ақпарат агенттiгi пайда болды.

1945 жылдың 4-қыркүйегiнде "Чосон Тхонсии" агенттiгi


ашылды. Осы жылдың аяғына қарай "Енхап Тхонсиннiң" негiзi
қаланды. Кейiннен екеуi бiрiгiп, "Хаптон Тхонсин" ақпарат агенттiгiн құрайды. 1980 жылдың 19 желтоқсанында "Хиптон" мен "Ориент пресс" бiрiгiп, "Енхан Тхонсин" ақпарат агенттiгiн ашады. Бұл ақпарат агенттiгiнiң 40 шетел агенттiктерiмен жаңалық алмасу мүмкiндiгi бар.

Корей Халық Демократиялық Республикасы

бұқаралық ақпарат құралдары

КХДР - астанасы – Пхеньян қаласы. Халқының саны, 1992 жылғы есеп бойынша, 22 672 000 адамға жеткен.



Газет-журналдары. “Нодон Синмун” (“Жұмысшы газетi”) – күнделiктi шығатын газет. Кореяның еңбек партиясы Орталық комитетiнiң ұйымы. Пхеньянда басылып шығады. 1945 жылы негiзi қаланған. Таралымы 2 млн. дана. “Нодон осхонен” (“Еңбекшi жастар”) – күнделiктi газет. Корея социалистiк еңбекшi жастар одағының Орталық комитетiнiң ұйымы. 1946 жылдан берi басылып шығады. Таралымы 800 мың дана.

“Нодон коллочжа” (“Ауыл шаруашылығының еңбекшiсi”) – аптасына 2 рет шығады. Корея ауыл шаруашылығы еңбекшiлер одағы Орталық комитетiнiң ұйымы. 1965 жылы негiзi қаланған.

“Пхеньян синмун” (“Пхеньян газетi”). Күнделiктi газет. Пхеньян қалалық халық комитетiнiң ұйымы. 1957 жылдан берi Пхеньянда басылып шығады. Таралымы – 500 мың дана.

“Пхеньян таймс” (“Пхеньян уақыты”) – газет ағылшын тiлiнде аптасына екi рет жарық көредi. Шет тiлiнде әдебиет баспасында басылып шығады, шетелге таратуға арналған.

“Сонен Синмун” (“Пионер газетi”) – аптасына екi рет шығады. Корея социалистiк еңбекшi жастар одағы орталық комитетiнiң ұйымы 1947 жылдан берi Пхеньянда басылады.

“Чосон инлингум” (“Корей халық әскерi) – күнделiктi газет. КХДР халықтар қарулы күштер министрлiгiнiң ұйымы. 1948 жылдан берi Пхеньянда басылып шығады.

“Минчису Чосон” (“Демократиялық Корея”) - үкiмет ұйымы. 1946 жылдан берi таралымы 200 мың дана.

“Адон мунха” (“Балалар әдебиетi”) – тоқсанаралық журнал. Корея Жазушылар одағының ұйымы. 1947 жылдан берi Пхеньянда басылып шығуда.

“Корея” – ай сайын орыс, қытай, ағылшын, француз, испан тiлдерiнде шығатын саяси-қоғамдық журнал. Шетел тiлдерi әдебиетi баспасында басылып шығады.

“Қазiргi Корея” – айлық журнал. Орыс, ағылшын, француз, қытай тiлдерiнде шығады.

“Жебе” – сатиралық журнал, ай сайын шығады.

“Корей әдебиетi” (”Чосон Мунхак”) – Корей Жазушылары одағының органы. Пхеньянда басылып шығады.

“Чосон несон” (“Корей әйелi”) – ай сайын шығатын безендiрiлген журнал. Корей Демократиялық әйелдер одағы Орталық комитетiнiң органы. 1946 ж. бастап шығуда.

“Чконмема” (“Қанатты тұлпар”) – жастар одағының айлық журналы.

“Эйдж оф индепенденс” (“Тәуелсiздiк дәуiрi”) – шетелге таратуға арналған ағылшын, испан, француз тiлдерiнде басылып шығатын журнал.
Бақылау сұрақтары:


  1. Корей баспасөзінің қилы тарихы туралы не білесіз?

  2. Корей басылымдарының ұстанымдары қандай?


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Нуртазина Р. Проблематика корейской журналистики. А., 1996.

  2. Сапунов В.И. Зарубежные информационные агентсва. СПб., 2006.

  3. Рамазан А.Ә. Шетел журналистикасының тарихы. - Алматы, 2006.


14-Дәріс. Үнді елінің баспасөзі.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

    1. Көп тілді үнді баспасөзінің ерекшеліктері.

14.2 Үндістанның беделді басылымдары.
Азиядағы баспасөзі дамыған елдің бірі - Үндістан. Көп тілді үнді баспасөзінің ерекшеліктері. Ағылшын тілінде шығатын газеттер мен жергілікті ұлт тілінде шығатын газеттердің айырмашылығы, ұқсастығы.

Иллюстрациялы басылымдардың дүниеге келуі. Жарнама агентттіктерінің қызметі. Үндістанның беделді басылымдары: «Таймс оф Индиа», «Индиан экспресс».

Ром Рай – үндінің азат журналистикасының негізін қалаушы.

Үндiстанның территориясы – 3,287 млн. шаршы шақырым. Халқының саны – 935,7 млн. Астанасы – Нью-Дели қаласы. Бұл елдiң тұрғындары негiзiнде 15-ке тарта жергiлiктi диалектiде сөйлейдi. Үндiстанда 1971 жылы 11036 мерзiмдi басылым, қазiр – 9076 басылым басылады. Оның iшiндегi 472 күнделiктi газет бар. Хинди тiлiнде – 2637 басылым, ағылшын тiлiнде – 2351, ал урду тiлiнде – 715 басылым шығады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет