2013 Мазмұны 1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Тәжірибелік сабақтар 4 Студенттің өздік жұмыстарының тақырыптары 5 Өзгерістерді тіркеу парағы 6 Әріптестердің танысуы 1 глоссарий журналистика



бет4/6
Дата28.01.2018
өлшемі1,19 Mb.
#35485
1   2   3   4   5   6

Газет-журналдары.


  1. "Үндiстан уақыты" 1965 жылдан бастап Делиде шығады. Кейiннен Бомбейде және Ахмадабадта шыға бастады. Таралымы – 20137 дана.

  2. "Үндiстан" – хинди тiлiнде шығатын, таралымы – 32367 дана, күнделiктi газет.

  3. "Жаңалықтар" – мемлекет және басқа елдерде болып жатқан ресми жаңалықтарды халыққа жеткiзiп отыратын күнделiктi басылым. Таралымы – 52100 дана.

  4. "Үндi экспрессі" ағылшын тiлiнде шығатын, таралымы 11520 даналық апталық газет.

  5. "Мемлекеттегi қозғалыс" ағылшын тiлiндегi апталық газет. Таралымы 10 мың дана.

  6. "Үндi" газетi. Таралымы – 10109 дана.

  1. "Әлемдiк жағдай" - апталық журнал. Таралымы 21123 дана.

  2. "Демалыс" ағылшын тiлiнде жексенбi сайын шығады, 32075 дана.

  3. "Негiзгi толқын" ағылшын тiлiнде шығады, 30000 дана.

  4. "Достық" ағылшын тiлiнде ай сайын шығады, таралымы 19500 дана.

  5. "Дели" журналы – бенгал тiлiнде шығатын апталық журнал. Таралымы – 70200 дана.

Ақпарат агенттiктерi. "Индия Пресс Эйдженси" ақпарат агенттiгiнiң (Үндi баспасөз агенттiгi) Үндiстанның әрбiр штаттарында өз тiлшiлiк пунктерi бар. Сондай-ақ, 100-ге жуық газеттер мен журналдарды тарататын баспасөз торабы қызмет етедi.


"Юнайтед Ньюс оф Индия" - Үндiстандағы меншiктi ақпарат агенттiктердiң бiрi. "Сетейтсмен", "Хиндустан Таймс" газеттерi осы агенттiктен шығады. "Амрита базар патрика" – 200-ге жуық басылым шығаратын агенттiк. Тұнғыш радиостансасы 1927 жылы Бомбейде салына бастады. Ал, телеорталық Бомбей, Калькутта, Мадрас және Канпур қалаларында iске қосылған.
Бақылау сұрақтары:

        1. Үнді баспасөзінің ерекшелігі неде?

        2. Ағылшын тілінде шығатын газеттер мен жергілікті ұлт тілінде шығатын газеттердің айырмашылығы, ұқсастығы қандай?

        3. «Таймс оф Индиа», «Индиан экспресс» газеттері туралы не білесіз?


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Актуальные проблемы журналистики Азии, Африки, Латинской Америки. М., 1989.

2.Ермошкин Н.И., Сучков И.В. Печать, радио, телевидение Индии.М., 1972.
15-Дәріс. Египет баспасөзі :өткені мен бүгіні.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:

15.1 Француз басылымдарының мақсаты.

15.2 Елдегі саяси жағдайлардың баспасөзге әсері

15.3 Беделді басылымдары
Француз экспедициялық корпусы әкелген типографиялық құрал-жабдықтар. Еуропалық типтегі басылымдардың қалыптасуы.

Наполеон және баспасөз. Француз басылымдарының мақсаты.

Мұхаммед Әлидің ұлттық баспасөздің дамуына қосқан үлесі. «Гурналь әл-хедив» - араб елінің төл басылымы.

Елдегі саяси жағдайлардың баспасөзге әсері. Оппозициялық басылымдардың дүниеге келуі. «Раудат әл-Мадарис» журналының қоғамдық ойдың дамуына қосқан үлесі. Рифаа ат-Тахтави – журналистиканың негізін салушылардың бірі.

Мұғажырлық басылымдардың маңызы. Таяу шығыс ақпарат агенттігі–МЕНА.

Мысыр мемлекетiнiң географиялық орналасуы өте қолайлы. Ол Африканың шығысында орналасып, өзiне Азия бөлiгi – Сипай түбегiн қосып алады. 15 млн. халқы бар. Астанасы - Каир қаласы араб әлемiнiң жүрегi болып табылады. Мысыр солтүстiк-шығысында Палестинамен және шекарасы 265 шақырымға созылған Израильмен, батысында 1115 шақырымға созылған Ливиямен, оңтүстiгiнде 1280 шақырымға созылған Суданмен шекараласады.

Мысырдың жалпы ауданы шамамен 1002000 шаршы шақырымға тең. Мысыр территориясымен Суэц каналы өтедi. Негiзгi су көзi Нiл өзенi болып табылады, жаңбыр және жер асты сулары аз мөлшерде пайдаланылады.

Мысыр халқы 1997 ж. 1 қаңтарында 61404000 адамға жеттi. Оның iшiнде ер адамдар - 31295000, әйелдер – 30108700.

Мемлекеттiк тiл – араб тiлi. Дiнi – ислам, мемлекеттiң негiзгi дiнi.

Мемлекеттiк туы үш түстен тұрады: қызыл, ақ және ортасында алтын бүркiт орналасқан қара жолақ. Ұлттық валютасы - Мысыр фунты (100 пластрам). Iрi қалалары – Александрия, Порт-Сайд. Әкiмшiлiк бөлiнуi – 26 губернаторлық (мухафазат). Оның әрбiреуi марказға, марказ нахинға бөлiнедi. Тұрғылықты халықтың 98 пайызы – арабтар. Ұлттық мерекесi – Революция күнi (1952 ж.) 23 шiлдеде атап өтiледi.


Газет-журналдары. Мысырда ұлттық баспа ұйымдары мен ұлттық хабарлар тарату компаниясы, сондай-ақ, Таяу шығыс жаңалықтар агенттiгiнiң ұйымдары болып табылатын ұлттық газет-журналдар баршылық. "Әл-Ахрам" ("Пирамидалар") – күнделiктi газетi 30-45-бет болып жарық көредi. Жұма күнi қосымшасымен бiрге шығады, көлемi – 52-60 бет. Бас редакторы – Ибрагим Нави. Газет 1975 ж. 2 желтоқсанынан бастап шығып келедi.


“Әл-Ахбар” ("Хабарлар") газетi күнделiктi жарық көредi, 16-20 бет, сенбi күнi "Бүгiнгi жаңалықтар" қосымшасымен шығады. Бас редакторы – Жала Диуар. Газеттiң негiзiн 1952 ж. ағайынды Мұстафа және Әли Әминдер салған.

“Әл-Гумхурийя” ("Республика") күнделiктi газет. Бұл газет революцияның алғашқы күндерiнен бастап шыға бастаған газеттердiң бiрi.

“Ахир-саа” ("Соңғы сағат") – 55-60 беттiк апталық журнал. Бас редакторы – Мұхаммад Әл-Гайан.

“Әл-Мұзаузар” ("Суреттеу") – апталық журнал, көлемi – 60-70 бет. Бас редакторы – Муккарам Мухаммад Ахмад.

“Әл-Кауамиз” ("Өнер жұлдыздары") – апталық журналы, көлемi – 75-80 бет. 1892 ж. бастап шығады. Бас редакторы – И. Барака.

“Насиф ад-дүния” (Жарты әлем) – әлеуметтiк мәселелерге арналған, 100-беттiк болып шығатын әйелдер журналы. Бас редакторы – Сана.

“Сабак-әл-каир” ("Қайырлы таң") негiзiн 1956 ж. Фатима Әл-Иусур салған апталық журнал. Көлемi – 70-75 бет. Бас редакторы – Рауф Гауфык.

“Сихр” ("Сиқыршылық") - балаларға арналған журнал.


Телерадиосы. Мысырда 1995 жылғы мәлiмет бойынша жалпы қуаттылығы 12617 кВт құрайтын 252 станция жұмыс iстейдi. Аймақтық радиобағдарламаларын қосып есептегенде Мысыр радиосы күнiне 395 сағат хабар таратады. Жердiң жасанды серiктерiн қолданудың арқасында "Мысыр дауысы" бүкiл құрлыққа тарайды. Сегiз дербес радио жұмыс iстейдi.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет