2016 жылы 10 қараша жарғЫ «Қазақстанның монополияға қарсы сарапшыларының альянсі» Қоғамдық бірлестігі Астана, 2016 жыл



Дата16.02.2018
өлшемі165,87 Kb.
#37694


Құрылтайшылар

жиналысы хаттамасымен

бекітілген

2016 жылы 10 қараша

ЖАРҒЫ

«Қазақстанның монополияға қарсы сарапшыларының альянсі»

Қоғамдық бірлестігі

Астана, 2016 жыл

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Қазақстанның монополияға қарсы сарапшыларының альянсі» Қоғамдық бірлестігі, ары қарай «Бірлестік», аталған Жарғымен бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қызметтерді атқару барысында оның қатысушыларына көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы азаматтарымен құрылған коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2. Бірлестік өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және өзге де қолданыстағы заңнамаларына (ары қарай - «Қолданыстағы заңнамадар»), сондай-ақ осы Жарғымен және Бірлестіктің ішкі құжаттарына сай жүзеге асырады.

1.3. Бірлестік өз қызметінің мақсаты ретінде Бірлестік құрылтайшылары мен қатысушыларының арасында үлестіру үшін табыс табуды көздемейтін коммерциялық емес ұйым болып табылады. Соған қарамастан, Бірлестік кәсіпқорлық қызметпен өзі құрылғандағы мақсатқа жету үшін айналысуға құқылы. Бірлестіктің атқару мерзімі шектелмеген.

1.4. Бірлестіктің мемлекеттік тілдегі толық атауы: Қазақстанның монополияға қарсы сарапшыларының альянсі» Қоғамдық бірлестігі. Бірлестіктің мемлекеттік тілдегі қысқаша атауы: «Қазақстанның монополияға қарсы сарапшыларының альянсі» ҚБ.

Бірлестіктің орыс тіліндегі толық атауы: Общественное объединение «Альянс антимонопольных экспертов Казахстана». Бірлестіктің орыс тіліндегі қысқаша атауы: ОО «Альянс антимонопольных экспертов Казахстана».

1.5. Бірлестіктің орналасқан жері және почталық мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй (Министрліктер үйі 3 подъезд), 803 кеңсе.


2. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
2.1. Бірлестік мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана заңды тұлға ретінде құрылған болып саналады. Қоғамдық бірлестіктің мәртебесі — бір аймақ төңірегінде, атап айтқанда Астана қаласы шегінде қызмет ететін жергілікті қоғамдық бірлестік болып табылады.

2.2. Бірлестік меншігінде оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алады, мақсатқа жету үшін шарт жасауға құқылы.

2.3. Бірлестіктің дербес балансы бар және ол көрсетілген тәртіпте Қазақстан Республикасы территориясындағы банктер және өзге де кредиттеу мекемелерінде валюталық шоттар ашуға құқылы.

2.4. Бірлестік оның қазақша және орысша толық атауы жазылған және мекенжайы көрсетілген мөрі, штампы, бланктеріне, жеке дара эмблемасы және өзге де визуалдық жекешелендіру құралдарына құқығы бар.

2.5. Бірлестік Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Қазақстан Республикасы территориясында филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы. Аталған Жарғыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Бірлестік қауымдастықтар мен одақтар құруға және қатысуға құқылы.

2.6. Бірлестікке оның құрылтайшылары табыс еткен мүлік Бірлестік меншігі болып табылады. Бірлестік қастысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал Бірлестік өзінің қатысушыларының міндеттемесі бойынша жауап бермейді.


3. БІРЛЕСТІКТІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІНІҢ ПӘНІ ПЕН МАҚСАТЫ
3.1. Бірлестік қазақстандық монополияға қарсы заңнамасы саласында бәсекелестік мәселесінде мамандандарылған жетекші заңгерлерді және экономисттерді келесі мақаттарға жету үшін біріктіреді:

- қазақстандық монополияға қарсы органмен бірлесіп монополияға қарсы заңнаманы қолданудың әсерлі тәжірибесін қалыптастыру;

- бәсекелестікті дамыту және қорғау саласында әсерлі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;

- бәсекелестік мәселесі бойынша монополияға қарсы орган мен сарапшылар қауымдастығы арасында конструктивтік сұхбат жүргізуге әрекет ету;

- бәсекелестік мәселесі бойынша құқықтық шығармашылық қызметіне қатысу;

- бәсекелестікті реттеу саласынла әлемдік тәжірибені қолдану және талдау;

- заңгерлер мен экономисттердің санасында бәсекелестікті қалыптастыру;

- монополияға қарсы реттеу (бәсекелестікті реттеу) мәселесі бойынша кең сарапшылық және кәсіби қауымдастық қалыптастыруға әрекет ету;

- және өзге де Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынбаған қызметтер.

3.2. Бірлестік осы Жарғының және құрылғандағы мақсатына жету үшін Қолданыстағы заңнамаға қарсы келмейтін кез келген қызмет түрімен айналысуға құқылы.

3.3. Бірлестік өзінің негізгі мақсаттарына жету үшін келесі қызметтерді атқарады:

- монополияға қарсы заңнаманы қолдану тәжірибесін мониторингілеу;

- қазақстандық монополияға қарсы органымен монополияға қарсы заңнаманы қолданудағы өзекті сұрақтарды талқылау;

- монополияға қарсы заңнаманы қолданудан туындайдын сұрақтар бойынша монополияға қарссы органға ұсыныстастар дайындау;

- монополияға қарсы заңнаманы қолдану бойынша сарапшылар қорытындысын (ұсыныстар) дайындау, жеке пікірді қалыптастыру;

- бәсекелестікті қорғау және дамыту мәселесі бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарын атқару;

- монополияға қарсы органмен, оның территориялық бөлімдерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарымен, сондай ақ, жергілікті атқару органдары, қазақстандық және шетелдік ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, радио, телевидениелермен қарым қатынасты дамыту;

- Интернет желісінде өз сайтын құру және жетілдіру;

- өткен жылдағы жұмыс бойынша жыл сайын есеп дайындау;

- қатысушылар арасында Бірлестіктің қызметіне қатысы бар ақпаратты тарату;

- бәсекелестікті қорғау және дамыту мәселесі бойынша құқықтық және экономикалық зерттеу жүргізу;

- Бірлестіктің қатысушылары арасында тәжірибемен алмасуды, іскерлік қатынасты ұйымдастыу;

- Қазақстанда және шетелдерінде монополияға қарсы заңнаманы қолдануға арналған ашық іс шараларды ұйымдастыру және қатысу (симпозиум, семинар, конференция);

- монополияға қарсы заңнаманы қолдануға қатысты тәжірибедегі заңгерлерге, экономисттерге және ЖООы студенттеріне семинарлар мен тренингтер ұйымдастру;

- Бірлестік қызметінің айқындығын қамтамасыз ету.

4. БІРЛЕСТІККЕ ҚАТЫСУШЫЛЫҚ
4.1. Бірлестіктің қатысушысы Бірлестіктің құрылғандағы мақсатына жетуіне қызығушылық танытатын, осы Жарғыда бекітілген тәртіпте қабылданған, жарғыны мойындайтын және кіріс жарнасын және жылдық жарнаны енгізген жеке тұлғалар бола алады. Бірлестіктің қатысушысы болып монополияға қарсы заңнаманы қолдану саласындағы сұрақтар бойынша маманданған және қызығушылық танытатын кәсіби заңгерлер мен экономисттер табылады.

4.2. Бірлестік қатысушылары Бірлестіктің басқару органдарына сайлануға құқықтары бар. 4.3. Бірлестік қатысушылары Бірлестікті басқаруға тікелей (Бірлестік қатысушыларының Жалпы жиналысында дауыс беру құқығымен), Бірлестіктің басқару органдарын қалыптастыру арқылы қатысуға құқықтары бар.


5. БІРЛЕСТІК ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
5.1. Бірлестік қатысушылары міндетті:

- Жарғыны және Бірлестіктің өзге ішкі құжаттарын, сондай ақ, этика нормаларын бұзбау;

- қатысушы жарналарын төлеу.

5.2. Бірлестік қатысушылары құқылы:

- Аталған Жарғыда көрсетілген тәртіпте Бірлестіктің басқару қызметіне қатысу;

- Бірлестік қызметі туралы ақпараттарды алуға;

- өз қалауы бойынша Бірлестіктен шығуға.

5.3. Бірлестік қатысушыларының құқығы үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.


6. БІРЛЕСТІК ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ҚАБЫЛДАУ, ШЫҒУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУШЫЛЫҚТЫ ЖОҒАЛТУ ТӘРТІБІ
6.1. Бірлестік жаңа қатысушыларды қабылдауға ашық.

6.2. Бірлестік құрылғаннан кейін Бірлестікке жаңа қатысушылар Бірлестік Кенес Төрағасы атына жазылған өтінішінің негізінде Бірлестіктің Кеңес Төрағасының шешімімен кемінде Бірлестіктің екі қатысушының жазбаша ұсынысымен қабылданады.

6.3. Өтініш беруші Бірлестік Кеңес Төрағасы оны Бірлестік қатысушысылар құрамына қабылдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде кіріс жарнасын және жылдық жарнаны толық көлемде енгізуге міндетті.

6.4. Үміткер Бірлестіктің қатысушысы қабылданған болып кіріс және жылдық жарналарды енгізгеннен кейін саналады.

6.5. Бірлестіктің құрамынан қатысушының шығуы оның Бірлестік Кеңес Төарағасының атына беретін жазбаша өтініші арқылы жүзеге асырылады. Бірлестік қатысушының Бірлестік қатысушылығынан шығу мәселесін үш аптадан аспайтын мерзім ішінде шешуі қажет.

6.6. Бірлестіктің қатысушысы өз қатысушылығын Бірлестіктің Жалпы жиналысының бірауызды шешімінің негізінде жоғалтуы мүмкін:

- кіріс жарнасын төлемеу;

- осы Жарғының және Бірлестіктің ішкі құжаттарының талаптарын жүйелі түрде орындамау;

- Бірлестік қатысушыларына кәсіби қызметтерін атқару барысында берілетін Бірлестікке қатысушылықты бизнес мүдделерін лоббилендіру үшін пайдалану;

- Бірлестіктің қызметіне қатысудан жалтару;

- тиісті сұрақтар бойынша Бірлестіктің ұстанымына сай келмейтіндігі туралы Бірлестіктің атынан ауызша және жазбаша арыздардың болуы.
7. БІРЛЕСТІКТІҢ МҮЛКІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРАЛУ КӨЗДЕРІ
7.1. Бірлестік өздігінше осы Жарғымен көрсетілген құқықтар шегінде қаржылай шаруашылық қызметін атқарады және өз мүлкін мақсатқа сай пайдалану тәртібін анықтайды.

7.2. Бірлестіктің мүшесі келесідей қайнар көздерден:

- құрылтайшылардың (қатысушылардың) жүйелі және бір уақытты кіріс жарналарынан;

- тауар, жұмыс, қызметті жүзеге асырудан түскен кірістен;

- ерікті мүліктік жарналар мен қайырмалдықтардан;

- Қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қайнар көздерден құралады.

7.3. Бірлестіктің қатысушылары Жалпы жиналысы жылдық және кіріс жарналарының мөлшері мен төлеу тәртібін бекітеді.

Кеңестің шешімі бойынша Бірлестіктің қатысушысы жеке тұлға кіріс жарналарын төлеуден біржолата не болмаса уақытша босатылуы мүмкін немесе оған қатысты кіріс жарнасының көлемін азайту туралы шешім қабылдануы мүмкін.

7.4. Бірлестіктің мүлкі Қолданыстағы заңнама көзделген және осы Жарғыдағы шектерді сақтай отыра, қызметкерлерің еңбекақысын төлеуге, салықтарды және өзге де міндетті төлемдерді, осы Жарғыда көрсетілген мақсатқа жету үшін мүлік сатып алуға кеткен шығын, сондай ақ, қайырымдылық және осы Жарғының мақсатына сай келетін өзге де мақсаттарға пайдаланылады.

7.5. Бірлестіктің мүлкі пайда табу мақсатына және Бірлестік қатысушыларының жеке мақсатына қолданыла алмайды. Бірлестіктің кірісі осы Жарғыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін қолданылады.

7.6. Бірлестік қатысушылары Бірлестіктен шығу кезінде не болмаса Бірлестіктің таратылуы кезінде Бірлестіктің жеке меншігіне қатысушыларымен берілген мүлкінің бір бөлігін немесе сол мүліктің құнын сол мүлік құны шегінде алуға құқықтары жоқ.
8. БІРЛЕСТІКТІҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ
8.1. Бірлестіктің басқару органдары болып:

8.1.1. Бірлестіктің жоғары басқару органы – Бірлестік қатысушыларының Жалпы жиналысы;

8.1.2. Бірлестіктің алқалы органы – Бірлестік Кеңесі;

8.1.3. Бірлестіктің атқарушы органы – Бірлестік Кеңесінің Төрағасы;

8.1.4. Бірлестіктің бақылау органы – Бірлестік Тексеру комисиясы.


9. БІРЛЕСТІК ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
9.1. Бірлестік қатысушыларының Жалпы жиналысы Бірлестіктің жоғарғы органы болып саналады.

9.2. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының негізгі қызметі болып Бірлестіктің мақсатқа жетуді қамтамасыз ету.

9.3. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының ерекше құзреттілігіне келесілер жатады:

1) Бірлестік қызметінің басты бағыттарын анықтау, мүлкін қалыптастыру принциптері мен оны пайдалану;

2) Жарғыны бекіту, Бірлестік Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

3) Бірлестікті қайта құру және тарату туралы шешім қабылдау;

4) Кеңестің сандық құрамын анықтау, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтату;

5) Бірлестіктің Кеңес Төрағасын тағайындау;

6) жылдық есепті және жылдық бухгалтерлік балансты тағайындау;

7) аралық және соңғы ликвидациялық балансты бекіту;

8) Бірлестіктің ішкі құжаттарын бекіту;

9) заң актiлерiнде белгiленген шекте Бірлестік басқа заңды тұлғаларды, өз филиалдары мен өкiлдiктерiн құруы немесе олардың қызметiне қатысуы туралы шешiм қабылдау.

9.4. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысы Бірлестік қатысушыларының жартысынан астамы қатысса өкілетті болып табылады.

9.5. осы Жарғыда өзгеше көрсетілмесе, Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының шешімі жиналысқа қатысқандардың көпшілік дауысымен қабылданады. Бірлестіктің әр бір қатысушысы бір дауысқа ие.

9.6. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысы Жарғының Решения 9.3. тармағы 3 тармақшасында көрсетілген мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданады.

9.7. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысы Жарғының Решения 9.3. тармағы 1-2 және 4-5 тармақшадарында көрсетілген мәселелер бойынша шешім жалпы дауыс санының ¾ бөлігінің көпшілік дауысымен қабылданады.

9.8. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының кезекті отырысы Кеңеспен жылына кемінде бір рет және қаржылық жыл аяқталғаннан кейін үш айдан кешіктірілмей шақырылады. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының отырысы кезектіден өзге кезектен тыс отырыс болады.

9.9. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының кезектен тыс отырысы Кеңестің немесе Бірлестік қатысушыларыының жалпы санының 10 пайызынан кем емес қатысушылардың бастамашылығымен отырысты шақыру жөнінде шешім қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде, егер шақыру Кеңестен өзге қатысушылар бастамашылығымен жүзеге асырылса, онда Бірлестік қатысушыларының Кеңеске отырысты шақыру туралы жазбаша талап берген күннен бастап бір ай ішінде шақырылады.

9.10. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының отырысы туралы мәліметті Кеңес Бірлестіктің әрбір қатысушысына жиналыс өткізетін күннен екі аптадан кем емес уақытта тапсырыс хат немесе электронды хат жіберу арқылы хабарландырады.

9.11. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысына келген қатысушыларды тіркеуді Бірлестік хатшысымен жүзеге асырылады. Бірлестік хатшысы Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысын өткізу нәтижесі бойынша Кеңесте сақталатын және кез келген Бірлестік мүшесі таныса алатын хаттама жасайды.

9.12. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысы шешімі Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының кезекті отырысында қаралатын сұрақтардан өзге сұрақтар бойынша сырттай дауыс беру арқылы қабылдануы мүмкін. Сырттай дауыс беру тәртібі туралы ереже Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысында бекітіледі.
10. БІРЛЕСТІК КЕҢЕСІ
10.1. Бірлестік Кеңесі Бірлестіктің тұрақты жұмыс атқаратын алқалы органы болып табылады.

10.2. Кеңестің құрамын Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысында екі жылға сайланатын Бірлестіктің қатысушыларынан үш адам құрайды.

10.3. Кеңес құзыреттілігіне жатады:

1) Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысын шақыру, сонымен қатар жиналыстың қарайтын сұрақтар қатарын және жиналысты дайындау және өткізуге қатысты мәселелерді бекіту;

2) Бірлестіктің қаржылай жоспарын бекіту және оған өзгерістер енгізу;

3) осы Жарғыда көзделген жағдайларда мүлікті сатып алу және оқшаулау бойынша ірі шарттар жасау туралы шешім қабылдау;

4) осы Жарғыда көрсетілген жағдайда мүдделер қақтығысы орын алатын шарттарды жасау туралы шешім қабылдау;

5) Бірлестіктің хатшысын тағайындау;

6) Бірлестіктің баспа органын анықтау;

7) жылдық және кіріс жарналарын төлеу тәртібін, мөлшерін анықтау.

10.4. Кеңес оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдйда өкілетті болып табылады.

Кеңестің осы Жарғыда өзгеше көзделмесе барлық шешімдері бірауыздан қабылданады. Кеңестің әрбір мүшесі бір дауысқа ие.

10.5. Кеңес Төрағасы Кеңестің қызметіне бақылау жасайды және отырыстарда Бірлестік хатшысының хаттама жүргізуін ұйымдастырады.

10.6. Кеңес отырысы Кеңес Төрағасымен қажеттік туындағанда, бірақ жылына кемінде бір рет жиналады. Кеңес отырысына Кеңестің кез келген мүшесінің жазбаша талабымен Кеңес Төрағасымен бір ай уақыт ішінде шақырылады.


11. БІРЛЕСТІК КЕҢЕС ТӨРАҒАСЫ
11.1. Кеңес Төрағасы Бірлестіктің күнделікті қызметін басқарады және Бірлестік атынан сенімхатсыз әрекет етеді. Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысында 5 (бес) жылға сайланады.

11.2. Бірлестік Кеңес Төрағасының құзыретілігіне жатады:

- Бірлестік қызметіндегі ағымдағы бағдарламалардың жүзеге асуын қамтамасыз ету;

- Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысының және Кеңестің шешімдерін орындауды қамтамасыз ету;

- Бірлестік қызметін жедел басқаруды жүзеге асыру;

- Бірлестік атынан оның мүддесін сенімхатсыз қорғауды жүзеге асыру;

- Бірлестік атынан оның ағымдағы қызметін қамтамасыз ету үшін шарттар жасау, соның ішінде осы Жарғыда көзделген шекте Бірлестік мүлкіне билік ету;

- штат кестесін бекіту, Бірлестік қызметкерлерімен еңбек келісімшартын жасау, оларды ынталандыру іс шараларын және жазалау шараларын қолдану, Бірлестік қызметкерлеріне міндетті болатын бұйрықтар шығару;

- Бірлестік атынан сенімхат беру;

- Бірлестік атынан ағымдағы және өзге шоттар ашу;

- Бірлестіктің бухглтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру;

- Бірлестіктің мақсатына жеткізетін осы Жарғыда Бірлестіктің басқа басқару органдарының қызметі болып табылатын қызметтерден өзге қызметтерді атқару және оларды қалыпты жұмыс істеуін қаматамасыз ету.



12. ТЕКСЕРУ ОРГАНЫ ЖӘНЕ БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ ТӘРТІБІ
12.1. Бірлестіктің Тексеруші органы Бірлестіктің қаржылық қызметін тексеруді жүзеге асыратын, Бірлестік қатысушыларының үш мүшесінен құралатын, Бірлестіктің тұрақты қызмет ететін тексеру органы болып табылады.

12.2. Бірлестік Тексеруші органы Бірлестіктің жоғары органымен тағайындалады.

12.3. Тексеруші органы Бірлестіктің қаржылық қызметін жылына кемінде бір рет тексеріс жүргізуі қажет.

12.4. Бірлестік Тексеруші органы тексеру жүргізу тәртібін Бірлестіктің жоғары органы бекітеді.

12.5. Тексеруші орган тұжырымдамалары немесе ұсыныстары оның кәсібилігі жайлы күдік тудырған жағдайда, Кұрылтайшы тәуелсіз тексеріс белгілеуге құқылы, оның нәтижесі бойынша Тексеруші органы өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуы жөнінде мәселе туындауы әбден мүмкін.

12.6.Бірлестік бухгалерлік есепті және статистикалық есепті Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жүргізеді. Бірлестік өзінің қызметі жайлы тиісті деректерді мемлекеттік статистика және салық органдарына, Бірлестік қатысушылары және қолданыстағы заңнамаларға және осы Жарғыға сәйкес өзге де тұлғаларға береді.

12.7. Бірлестіктің кірістері мөлшері және құрамы, сондай ақ, Бірлестік мүлкінің мөлшері мен құрамы, шығындары, жұмысшылар санары мен құрамы, оларға төленетін ақылар жайлы мәлімет коммерциялық құпияны құра алмайды.
БІРЛЕСТІКТІҢ ЖАРҒЫСЫНА ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ
13.1. Бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша Бірлестіктің Жалпы жиналысы, Бірлестік кеңесі, Бірлестік Төрағасы ұсыныс жасай алады.

13.2. Бірлестіктің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімін Бірлестіктің жоғары басқару органы қабылдайды.

14. БІРЛЕСТІКТІҢ ҚЫЗМЕТІН ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ШАРТТАРЫ
14.1. Бірлестіктің қызметін қайта ұйымдастыру Қолданыстағы заңнамаларда көзделген тәртіпте жүзеге асырылады. Қайта ұйымдастыру қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру формаларында жүзеге асуы мүмкін.

14.2. Бірлестік Қолданыстағы заңнамада және осы жарғыда көрсетілген тәртіптер мен негіздерде таратылуы мүмкін.

14.3. Бірлестікті тарату туралы шешім қабылдаған Бірлестік қатысушыларының Жалпы жиналысы тарату комиссиясын тағайындайды және Қолданыстағы заңнама негізінде Бірлестікті тарату тәртібі мен уақытын бекітеді. Тарату комиссиясын тағайындаған сәттен бастап оған Бірлестіктің қызметін басқару өкілеттігі өтеді. Тарату комиссиясы таратылатын коммерциялық емес ұйымның атынан сотқа қатысады.

14.4. Тарату комиссиясы заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелу туралы мәліметтерді жариялайтын басып шығару органдарында коммерциялық емес ұйымның таратылуы туралы мәліметті және кредит берушілердің талап қою мерзімдері мен тәртібі жайлы жариялайды. Кредит берушілердің талап қою мерзімі Бірлестіктің таратылуы туралы мәліметті жариялағаннан кейін екі айдан кем болмауы керек. Тарату комиссиясы талап қоюшылар мен дебиторлық берешектерді анықтауға әрекеттер жасайды, сондай ақ, кредит берушілерді Бірлестіктің таратылуы жайлы жазбаша хабарлайды.

14.5. Кредит берушілердің талап қою мерзімі аяқталған уақытта тарату комиссиясы Бірлестіктің мүлкінің құрамы, кредит берушілердің талаптары, сондай ақ, оларды қарағаннан кейінгі нәтиже аралық тарату балансын құрады. Аралық тарату балансы Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысымен бекітіледі. Кредит берушілердің талаптарын қанағаттандарығаннан кейін тарату комиссиясы Бірлестік қатысушылары Жалпы жиналысымен бекітілетін тарату балансын жасайды.

14.6. Бірлестікті таратуда кредит берушілердің татапларын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік Бірлестіктің мақсаттарына, және /сондай ақ, қайырымдылық мақсаттарына пайдаланғанға бағытталады.


15. СОҢҒЫ ЕРЕЖЕЛЕР
15.1. Бірлестік кәсіпкерлік қызметті Бірлестіктің Жарғысының 3.1.-тармағында белгіленген мақсатка жету үшін іске асырады. Кәсіпкерлік қызметті Бірлестік дербес болсын, өзы құрған занды тұлғалар арқылы болсын іске асырады.

15.2.Бірлестік кәсіпкерлік қызметінең түскен табыстары Бірлестіктің Жарғысының 3.1.- тармағында белгіленген мақсатка жету үшін ғана жұмсалады да, Бірлестіктің құрылтайшылары және қатысушылары арасында үлестірілуге жатпайды.



Аталған Жарғы үш түпнұсқалық данада жасалып, қол қойылды.
Қоғамдық бірлестік Төрағасы
______________________Айтжанов Алдаш Турдыкулович



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет