3 – сынып. Диагностикалық тапсырмалар. №1 Тақырып: «Мен және менің отбасым». №1 Бақылау диктант. Отбасы мүшелері



Дата17.04.2017
өлшемі293,81 Kb.
#14062
3 – сынып. Диагностикалық тапсырмалар.

1 Тақырып: «Мен және менің отбасым».

1 Бақылау диктант.

Отбасы мүшелері.

Менің отбасым шағын. Бес адам бар. Олар: әкем, шешем, ағам, қарындасым және мен. Ағам – студент. Қарындасым төрт жаста. Ол балабақшаға барады. Біз бірге сурет саламыз, кітап оқимыз, ойнаймыз. Мен үшінші сыныпта оқимын. (32 сөз)

Деңгейлік тапсырмалар.

І – нұсқа ІІ - нұсқа

А – тобы. Тән дыбыстарға сипаттама беріңдер.

Ү - ... ә - ...

І - ... ғ - ...

Қ - ... ң - ...

В – тобы. Буын түрлерін анықтаңдар.

От – ба – сым ой – най - мыз

Сту – дент кі – тап

С – тобы. Берілген сөздерді тәуелдеңдер.

Әке, қарындас шеше, аға

1 Нәтиже сабақ. «Менің отбасым».

А – тобы. Өзің туралы жаз.

Менің атым - ... .

Мен ... жастамын.

Мен ... сыныпта оқимын.

Менің (дедеушка ), (бабушка), (папа), (мама) бар.

В – тобы. Берілген сөздердің сыңарын табыңдар.



  1. Әкем 1. балабақшада

  2. Анам 2.оқушы

  3. Әпкм 3. дәрігер

  4. Ағам 4. зейнеткер

  5. Сіңлім 5. дүкенші

  6. Әжем 6. студент

  7. Інім 7. Мұғалім

С – тобы. Сөздерге сұрақ қойыңдар.

Кім?

Не?

Қандай?

Қанша?

Не істеді?

...

...

...

...

...

Бүркіт, күн, жасыл, бес, оқыды, жеті, үлкен, жазушы, қырық, барды, әдемі, үйренді,

Мұғалім, мектеп, зейнеткер, елу, сары, сүртті, жаңбыр, тыңдады, аспаз, жауапты.

2 Тақырып: «Мен бөлмемді жинаймын».

2 Бақылау диктант.



Менің бөлмем.

Мынау – менің бөлмем. Бөлмеде екі терезе, бір есік бар. Үстелде компьютер тұр. Еденде әдемі кілем жатыр. Терезеде үш гүл тұр. Қабырғада сағат ілулі тұр. Бөлмеде кереует бар. Менің бөлмем таза және жарық. (32 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы.

«і» дыбысы бар сөздерді теріп «ү / ұ» дыбыстары бар сөздерді теріп

жазыңдар (үтір арқылы) жазыңдар (үтір арқылы)

В – тобы. Тәуелдеу:

Гүл, орындық сағат, кереует

С – тобы. Фонетикалық талдау:

Бөлме кілем

2 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Сәйкесін табыңдар.


  1. Қонақ 1. жарық

  2. Біздің 2. есік

  3. Бөлме 3. бөлмесі

  4. Бір 4. жинаймын

  5. Күнде 5. Пәтер

В – тобы.Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

  1. (На полу) кілем жатыр

  2. Бөлмеде диван (стоит).

  3. (Большой) үстел тұр.

  4. Үлкен (телевизор) тұр.

  5. Терезеде (цветы) тұр.

  6. (На столе) телефон жатыр.

С – тобы. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.

  1. Мынау менің .... .

  2. Бөлменің ... үстел тұр.

  3. Үстелдің ... орындық , ... ыдыс, ... доп жатыр.

  4. Есіктің ... шаңсорғыш тұр.

  5. ... бөлмем шағын және таза.

Керекті сөздер: қасында, бөлмем, үстінде, ішінде, астында, артында, менің.

3 Тақырып: «Сағат қанша».



Бақылау диктант.

Сен білесің бе?

Үш мың бес жүз жыл бұрын ең алғаш рет күн сағаты пайда болды. Сосын адамдар су сағатын ойлап тапты. Кейін құм сағаты болды. Төртінші ғасырдан бастап механикалық сағаттар болды. Ал қазір электронды сағаттар бар. (34 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Сан есімдерді теріп жазыңдар.

В – тобы. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.



  1. Жыл - ... 1) ғасыр -...

  2. Күн - ... 2) адам - ...

  3. Сағат - ... 3) өмір - ...

С – тобы. Жіктеу

Оқушы кезекші

3 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздерді жуан - жіңішке буынды сөздерге бөліңдер, оларға көптік жалғауын дұрыс жалғаңдар. ( лар – лер, дар – дер, тар – тер)

Күн, сағат, бірлік, тәулік, ай, түн, апта, ондық, өлшем, жыл, тіл, жұмбақ.

В – тобы. Ойланып жауап жазыңдар.

100 жыл бір ғасыр

365 күн ...

30 күн бір ...

7 күн ...

24 сағат ...

60 минут ...



С – тобы. Кім көп сөз табады?


к

т

а

ң

е

р

т

е

ң


ү

ә

н

һ

б

ү

г

і

н


н

у

а

қ

ы

т

ү

н

б


ө

л

ш

е

м

д

е

р

і


м

і

р

а

қ

м

е

т

р


е

к

і

н

ш

і

ж

ы

л


д

ү

й

с

е

н

б

і

і


ж

ұ

м

а

й

л

а

р

к

Мысалы: таңертең, күн, бүгін, ...

4 Тақырып: «Мен азық – түлік дүкеніне барамын».



Бақылау диктант.

Азық – түлік дүкенінде.

Біздің үйдің жанында азық – түлік дүкені бар. Дүкеннің іші кең. Онда сүт тағамдары, ет тағамдары, көкөністер, жемістер, жидектер бөлек орналасқан. Кеше әжем екуіміз дүкенге бардық. Дүкеннен май, ірімшік, қаймақ, көкөністер, жемістер сатып алдық. (33 сөз).

Деңгейлік тапсырмалар.

І – нұсқа ІІ – нұсқа

А – тобы. Берілген сөздерге көптік жалғауларын дұрыс жалғаңдар.


  1. Азық – түлік - ... 1. Сусын - ...

  2. Дүкен - ... 2. Шие - ...

  3. Базар - ... 3. Өрік - ...

  4. Алмұрт - ... 4. Дәрумен - ...

  5. Бауырсақ - ... 5. Нан - ...

В – тобы. Тәуелдеу.

Жидек, алмұрт шұжық, дәрумен

С - тобы. Жіктеу.

Сатушы, күзетші бақташы, сатып алушы




№ 4 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Аударып жазыңдар.



  1. Хлеб.

  2. Хлеб купил.

  3. Я хлеб купил.

  4. Я горячий хлеб купил.



  1. Чай.

  2. Чай купила.

  3. Я чай купила.

  4. Я черный чай купила.

В – тобы.

С – тобы. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.



  1. Бидайдан, ұн, диірменші, тартты.

  2. Бауырсақ, апам, ұннан, пісірді.

  3. Баян, жақсы, домбырада, ойнайды.

  4. Алдым, кітап, қызық, кітапханадан.



5 Тақырып: «Қазақстан картасы».

Бақылау диктант.

Менің Отаным.

Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан - менің Отаным. Ол – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда кең – байтақ дала, биік таулар, мөлдір көлдер, өзендер бар. Қазақ халқы – мейірімді, қонақжай халық. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мен Отанымды мақтан етемін.

(32 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Берілген сөздерді буынға бөліп жазыңдар, буын түрлнрін анықтаңдар.

Қазақстан, мемлекет Отанымды, тәуелсіз

В – тобы. Тәуелдеу.

Қазақстан, ел Отан, жер

С – тобы. Жіктеу.

Қонақжай мейірімді

5 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Аударыңдар.


  1. Көл.

  2. Ірі көл.

  3. Балқаш – ірі көл.

  4. Балқаш – ең ірі көл.



  1. Алакөл.

  2. Алакөлге бардым.

  3. Мен Алакөлге бардым.

  4. Мен әкеммен Алакөлге бардым.

В – тобы. Сөйлемдерді аяқтаңдар.

  1. Астана, Алматы, Ақтөбе – 1. ұлы ақындар

  2. Қазақ тілі – 2. теңіздер

  3. Каспий, Арал - 3. Қазақстанның таулары

  4. Алатау, Ұлытау – 4. мемлекеттік тіл

  5. Абай, Жамбыл - 5. Қазақстанның қалалары.

С – тобы. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Менің атым - ... . Мен ... жастамын. Менің ұлтым - ... . Мен мектеп - ...та оқимын. Туған жерім - ... Республикасы. Менің Отанымда ... таулар, ... көлдер, ... қалалар бар. ... Отанымды сүйемін.

6 Тақырып: «Туған күн».

Бақылау диктант.

Туған күн.

Менің атым – Меруерт. Бүгін менің туған күнім. Туған күніме достарым келді. Олар маған түрлі сыйлықтар әкелді.. Айгүл қуыршақ сыйлады. Арман гүл сыйлады. Бақытжан суретті кітап сыйлады. Сыйлықтар маған өте ұнады. Туған күнім көңілді өтті. (34 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.

Мына дыбыстарға сипаттама беріңдер.

Ғ- ... қ - ...

Ү - ... і - ...

Ң - ... ө - ...

Һ - ... ұ - ...

В – тобы. Тәуелдеу.

Туған күн суретті кітап

С – тобы. Сөз тіркестерін аударып жазыңдар.


  1. Әдемі гүлшоғы - ...

  2. Кітап сыйлады - ...

  3. Сурет дәптері - ...

  4. Туған күн - ...

  5. Жақсы тілектер - ...

6 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Дұрыс аударыңдар.



  1. Туған күн.

  2. Менің туған күнім.

  3. Бүгін - менің туған күнім.



  1. День рождения.

  2. Твой день рождения.

  3. Вчера был твой день рождения.

В – тобы. Толықтырып жазыңдар.

Менің атым - ... . Мен ... жастамын. Мен ... сыныпта оқимын. Бүгін – менің туған ... .Маған көп сыйлықтар ... . Мен оларға ... айттым.

С – тобы. Жақшаны ашып, толықтырып жазыңдар.

(Сегодня) - шешемнің туған күні. Бізге (много) қонақтар келді. Олар: (дедушка), (бабушка), туыстар, көршілер. (Они) (красивый) сыйлықтар әкелді. Біз (песни) айттық, (танец) биледік. Қызықты (игры) ойнадық. (День рождения) көңілді болды.

№ 7 Тақырып: «Күн суық / ыстық».

Бақылау диктант.

Ауа райы.

Бір жылда төрт мезгіл бар. Олар: көктем, жаз, күз, қыс.Қыста ауа райы өте суық болады. Қыста қар жауады, күндер қысқа болады. Жазда ауа райы ыстық болады. Жазда жылы жаңбыр жауады, күндер ұзақ болады. (34 сөз).

І – нұсқа ІІ - нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы.

Үтір арқылы: і, ұ, ң – әріптері Үтір арқылы: ө, ү, қ - әріптері

бар сөздерді теріп жазыңдар. Бар сөздерді теріп жазыңдар.

В – тобы. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғаңдар.

Жыл - ... киім - ...

Ай - ... демалыс - ...

Күн - ... үй - ...

Өсімдік - ... бала - ...

С – тобы. Болымсыз етістіктердің жұрнақтарын дұрыс жалғаңдар. (ма,ме, ба, бе, па, пе)

Ал -... бар - ...

Кел - ... бер - ...

Жаз - ... тоз - ...

Жүз - ... сен - ...

Айт - ... тос - ...

Кес - ... күт - ...

№ 7 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздерді бөліп жазыңдар.

Жуан буынды сөздер

Жіңішке буынды сөздер

Аралас буынды сөздер

...

...

...

Қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан, қазір, таңертең, гүлшоғы, мейрам, рақмет, күн, үшінші, мереке.

В – тобы. Тәуелдік жалғауларын дұрыс жазыңдар.

Менің аға... , сенің көрші... , менің мезгіл... , сенің ай... , менің қыркүйек... , сенің үй... , менің күн... , сенің шаңғы... , менің су... , сенің демалыс... .

№ 8 Тақырып: «Спортзалда».

Бақылау диктант.

Денсаулық - зор байлық.

Біздің сыныпта он бес оқушы бар. Біз дене тәрбиесі сабағына барамыз. Сабақ спортзалда өтеді. Біз спортзалда жүгіреміз, секіреміз. Доппен футбол, волейбол ойнаймыз. Волейбол – өте қызық ойын. Бірінші байлық – денсаулық. Ал спорт – денсаулық кепілі

(33 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Берілген сөздерді буынға бөліңдер, анықтаңдар.

Денсаулық жүгіреміз

Спортзалда байлық

Өтеді ойнаймыз

В – тобы.

Қатаң дауыссыздан басталған Ұяң дауыссыздан басталған

сөздерді теріп жазыңдар сөздерді теріп жазыңдар

(үтір арқылы) (үтір арқылы)

Сыныпта, ... Біз, ...

С – тобы. Берілген сөздерге ы / і әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар, аударыңдар.

Сынып доп

Денсаулық сабақ

Тілек жүрек

Сұрақ ы / і жауап ы / і

Жидек жұмбақ

Жапырақ терек

Тірек өсімдік

№ 8 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздерді аударыңдар.


  1. Алаң -...

  2. Қызық - ...

  3. Бөлінді - ...

  4. Қақпа - ...

  5. Тез - ...

  6. Ойыншы - ...

  7. Жанкүйер - ...

  8. Жүгіру - ...

  9. Секіру - ...

  10. Жеңімпаз - ...

В – тобы. Сәйкесін табыңдар.

  1. Біздің 1. сабақ

  2. Дене 2. қалқаны

  3. Үшінші 3. добы

  4. Баскетбол 4. сәрсенбі

  5. Футбол 5. спортзал

  6. Бүгін 6. ойындар

  7. Спорттық 7. Тәрбиесі

С – тобы. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Мен ... тұрамын, ... ашамын. ... орындаймын. Содан кейін ... .Күндіз жүгіремін, ... . Қыста коньки және ... тебемін. Жазда ... шомыламын.

Керекті сөздер: (терезені, суға, жуынамын, таңертең, жаттығу, ойнаймын, шаңғы).

№ 9 Тақырып: «Менің сыныбым».

Бақылау диктант.

Менің сыныбым.

Бұл менің сыныбым. Сынып екінші қабатта орналасқан. Сыныпта бір үстел, он бес парта, отыз орындық бар. Терезелердің алдында гүлдер тұр. Қабырғада тақта, сағат, кестелер ілулі тұр. Менің сыныбым үлкен, жарық және таза. Мен сыныбымды жақсы көремін. (36 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Екі қатарға бөліп жазыңдар.

Неше? Нешінші? Неше? Нешінші?

Бір, үш, екінші, төртінші, бес, Екі, төрт, бірінші, үшінші, алты,

жеті, алтыншы, сегізінші, тоғыз, сегіз, бесінші, жетінші, он,

оныншы. Тоғызыншы.

В – тобы. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырыңдар.

Бір – інші Екі - нші

Үш - ... төрт - ...

Бес - ... алты - ...

Жеті - ... сегіз - ...

Тоғыз - ... он - ...

Жиырма - ... отыз - ...

Қырық - ... елу - ...

С – тобы. Сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Бірінші сынып. Екінші қабат

Үш ... ... төрт ... ...

Бес ... ... алты ... ...

Жеті ... ... сегіз ... ...

Тоғыз ... ... он ... ...

№ 9 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Мәтінді көшіріңдер, сандарды сөзбен жазыңдар.

Бұл – біздің сынып. Сыныпта 27 оқушы бар. Біздің сыныпта 13 қыз, 14 ұл бар. Сыныпта 14 парта, 28 орындық, 4 шкаф бар. Қабырғада 5 кесте ілулі тұр.

В – тобы. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар.

Мен үш... сыныпта оқимын. Сара екі... қатарда отырады. Асан бес... партада отырады. Гүл бір... терезеде тұр. Қазір төрт... сабақ. Алты... сабақтан кейін үйге барамыз.

С – тобы. Аударып жазыңдар.



  1. Три класса 1. Третий класс

  2. Два ряда 2. Второй ряд

  3. Одна парта 3. Первая парта

  4. Четыре окна 4. Четвертое окно

  5. Один учитель 5. Первый учитель

  6. Шесть уроков 6. Шестой урок

  7. Семь тетрадей 7. Седьмая тетрадь.

№ 10 Тақырып: «Менің оқу құралдарым».

Бақылау диктант.

Менің оқу құралдарым.

Мен биыл үшінші сыныпта оқимын. Шешеммен кеңсе тауарлары дүкеніне бардық. Дүкеннен оқу құралдарын сатып алдық. Олар: дәптер, қалам, күнделік, сызғыш, өшіргіш, ұштағыш, фломастер, қарындаштар, бояулар. Маған оқу құралдарым ұнайды. Мен оларды күтіп ұстаймын. (33 сөз).

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Көптік жалғауларын жалғаңдар.

Кітап - ... өшіргіш - ...

Дәптер - ... фломастер - ...

Қалам - ... қарындаш - ...

Күнделік - ... бояу - ...

Сызғыш - ... құрал - ...

В – тобы. Тәуелдеу.

Оқу құралдар түрлі қарындаш

С – тобы. Жіктеу.

Оқушы, шәкірт ақылды, білімді

№ 10 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздерді аударыңдар.



  1. Үшбұрыш - ...

  2. Шаршы - ..

  3. Төртбұры - ...

  4. Шеңбер - ...

  5. Дөңгелек –

  6. Өшіргіш –

  7. Сызғыш - ...

  8. Ұштағыш - ...

  9. Қағаз - ...

  10. Парақ - ...

  11. Қайшы - ...

  12. Пішін - ...

В – тобы. Мына сұраққа жауап беріңдер. Не үшін керек?

  1. Кітап (читать) үшін керек.

  2. Сызғыш (чертить) үшін керек.

  3. Қалам (писать) үшін керек.

  4. Өшіргіш (стереть) үшін керек.

  5. Ұштағыш (точить) үшін керек.

  6. Фломастер (рисовать) үшін керек.

С – тобы. Сөйлемдерді дұрыс ретпен орналастырыңдар.

  1. Қалам, алдым, мен.

  2. Келді, ол, сабаққа.

  3. Алды, оқушы, оқулық, көп.

  4. Қарындаш, бар, менде, сары.

  5. Басталды, сабақ, бірінші.

4 – ші сынып. Диагностикалық тапсырмалар.

№ 1 Тақырып: «Мен және менің отбасым».

Бақылау диктант.

Менің отбасым.

Менің отбасымда алты адам бар. Олар: атам, әжем, әкем, шешем, ағам және мен. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Әкем – инженер. Ол құрылыста жұмыс істейді. Шешем – сатушы. Ол дүкенде жұмыс істейді. Ағам – студент. Ол институтта оқиды. Мен төртінші сыныпта оқимын. (42 сөз)

Біздің отбасымыз тату.

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Буын түрлерін анықтаңдар.

Отбасында, оқимын институтта, істейді

В – тобы. Тәуелдік жалғауын дұрыс жалғаңдар.

І жақ менің ата... , әже... І жақ менің әке..., шеше...

ІІ жақ сенің ата... , әже... ІІ жақ сенің әке..., шеше...

ІІ жақ сіздің ата... , әже... ІІ жақ сіздің әке..., шеше...

ІІІ жақ оның ата... , әже... ІІІ жақ оның әке..., шеше...

С – тобы. Жіктік жалғауын дұрыс жалғаңдар.

І жақ мен зейнеткер... , сатушы... І жақ мен оқушы... , инженер...

ІІ жақ сен зейнеткер... , сатушы... ІІ жақ сен оқушы... , инженер...

ІІ жақ сіз зейнеткер... , сатушы... ІІ жақ сіз оқушы... , инженер...

ІІІ жақ ол зейнеткер... , сатушы... ІІІ жақ ол оқушы... , инженер...

№ 1 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Сөз тіркесін табыңдар.



  1. Әкем 1 балабақшада

  2. Шешем 2 кішкентай

  3. Әпкем 3 дәрігер

  4. Сіңлім 4 студент

  5. Қарындасым 5 мұғалім

  6. Інім 6 оқушы

В – тобы. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар. Кім не істейді?

  1. Мен (урок) оқыдым.

  2. Әкем (телевизор) көріп отыр.

  3. Атам (книга) оқып отыр.

  4. Шешем (платье) тігіп отыр.

  5. (Старший брат) мен (младший брат) шахмат ойнап отыр.

С – тобы. Сөйлемдерді дұрыс жазыңдар.

  1. Мен, сынпта, оқимын, төртінші.

  2. Менің, үлкен, отбасым.

  3. Зейнеткер, әжем, менің.

  4. Істейді, асханада, жұмыс, шешем.

  5. Оқиды, институтта, ағам.

  6. Біздің, көшесінде, Абай, үй, орналасқан.

№ 2 Тақырып: «Үйде не істеймін?»

Бақылау диктант.

Уақыт өлшемдері.

Бір жылда он екі ай бар. Бір айда отыз, отыз бір, жиырма сегіз немесе жиырма тоғыз күн, төрт апта болады. Әр аптада жеті күн немесе жеті тәулік бар. Әр тәулікте жиырма төрт сағат, бір сағатта алпыс минут бар. Уақытыңды үнемдей біл! (41 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Мәтіннен берілген тән дыбыстары бар сөздерді үтір арқылы теріп жазыңдар.

і , ғ , ө ү , ә , қ

В – тобы. Толықтырып жазыңдар.



  1. Жыл мезгілдері: ... , ... , ... 1. Апта күндері: ... , ... , ...

  2. Көктем айлары: ... , ... , ... 2. Күз айлары: ... , ... , ... , ...

С – тобы. Фонетикалық талдау.

Уақыт тәулік

№ 2 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Екі қатарға бөліп жазыңдар.

Кім? Не?

Президент, ата, аю, дәрігер, қалам, ит, сатушы, спортшы, сиыр, мысық, кітап, нан, мұғалім, инженер, сағат, көше, жыл, ай, әнші, дәптер, Қайрат, оқушы, тәулік, апта.

В – тобы. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшіріңдер.

Уақыт өлшемдері. Бір жылда 12 ай бар. Бір айда 30 күн, 4 апта болады. Әр аптада 7 тәулік бар. Әр тәулікте 24 сағат, бір сағатта 60 минут бар.

С – тобы. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазыңдар.


  1. Бір қатар – бірінші қатар.

  2. Үш орын - ... орын.

  3. Тоғыз мектеп - ... мектеп.

  4. Алты сынып - ... сынып.

  5. Жеті оқушы - ... оқушы.

  6. Он ағаш - ... ағаш.

  7. Жиырма үй - ... үй.

№ 3 Тақырып: «Менің сүйікті тағамым».

Бақылау диктант.

Азық – түлік.

Біздің үйдің жанында үлкен азық – түлік дүкені бар. Дүкенге кіргенде «Нан – халық байлығы» деген нақыл сөзді оқисың. Дүкеннің оң жағында – ет, сүт, айран, май, шұжық сатылады. Ал сол жағында - ұн, күріш, нан, қант сатылады. Дүкенде алма, алмұрт, өрік, мейіз, шие, асқабақ, сәбіз, қияр, қауын да бар. (45 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Тән дыбыстардың астын сызыңдар, санаңдар, берілген дыбыстарға сипаттама беріңдер.

Қ - ... ң – ...

Ұ - ... ү - ...

І - ... ғ - ...

В – тобы. Фонетикалық талдау.

Асқабақ дүкенге

С – тобы. Тәуелдік жалғауын дұрыс жалғау.

Азық – түлік, қияр байлық, мейіз

І жақ менің азық – түлігім, қиярым і жақ менің байлығым, мейізім

ІІ ...


ІІ ...

ІІІ ...


№ 3 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздерді аударыңдар.



  1. Азық – түлік - ...

  2. Дүкен – ...

  3. Сатушы – ...

  4. Сүт тағамдары - ...

  5. Ет тағамдары - ...

  6. Ұн тағамдары - ...

  7. Ірімшік – ...

  8. Қаймақ – ...

  9. Тауық - ...

  10. Тоқаш – ...

  11. Сатып алды - ...

  12. Бөлім - ...

В – тобы. Көптік жалғауларын дұрыс жалғаңдар. ( лар, лер, дар, дер, тар, тер )

  1. Азық – тьүлік ...

  2. Сатушы - ...

  3. Тағам - ...

  4. Ет - ..

  5. Шұжық - ...

  6. Жеміс - ...

  7. Жидек - ...

  8. Көкөніс - ...

  9. Алмұрт - ...

  10. Сәбіз - ...

  11. Шие - ...

  12. Қарбыз - ...

  13. Алма - ...

С – тобы. Берілген сұрақтарға жауап беретін сөздерді баған түрінде жазыңдар.

Кім?

Не?

Қандай?

Қайда?

Қанша?

...

...

...

...

...

Керекті сөздер: жиырма, адам, жер, үйде, отыз бес, үлкен, Отан, тәтті, көшеде, бес, қарбыз, елу, қалада, ащы, сатушы, асханада, дәмді, тұщы, дүкенде, он жеті, базарда.

№ 4 Тақырып: «Менің елім - Қазақстан».

Бақылау диктант.

Мемлекеттік рәміздер.

Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанның басты рәміздерінің бірі – Мемлекеттік Ту. Ту – тік бұрышты, көгілдір түсті мата. Тудың ортасында күн бейнеленген. Күн – бейбітшіліктің белгісі. Күннің төменгі жағында қыран бейнеленген. Қыран – бостандықтың белгісі. Сол жағында қазақтың дәстүрлі өрнегі бар. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков. (41 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Қазақ тіліне аударыңдар.



  1. Наша Родина - ... 1. Государственные символы - ...

  2. Голубого цвета - ... 2. Моя Родина - ...

  3. Государственный флаг - ... 3. Прямоугольный - ...

  4. Изображено солнце - ... 4. Традиционный узор - ...

В – тобы. Көп нүктенің орнына - ы немесе – і жазыңдар.

Отан... , ту... , Республикас... , Елтаңбас... , автор... , белгіс... ,

Түс... , халқ... , қыран... , өрнег... . атамекен... , тілег... , күн... , бостандығ... .

С – тобы.Көп нүктенің орнына керекті тәуелдік жалғауын қойып жазыңдар.

Менің Отан... , сенің мемлекет... , Менің шаңырағ... , сенің Республика... ,

Сіздің сөз... , оның жер... , сіздің ел... , оның рәміз... , менің тілег...

менің береке... , сенің жұлдыз... сенің атамекен... .

№ 4 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Жуан айтылатын сөздерді бір бөлек, жіңішке айтылатын сөздерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.

Отан, жер, қазақ, ел, ата – ана, кіші, үй, аула, көше, мектеп, достар, көрші, тау, өзен, табиғат, орман, дала, жануар.

В – тобы. Сөйлемдерді аяқтаңдар.


  1. Отанды сүю ...

  2. Жануарға ...

  3. Адамға ...

  4. Табиғатты қорғау дегеніміз - ...

  5. Адамның кіші Отаны - ...

Керекті сөздер, сөз тіркестері: (орман, дала, тау қажет; Отан керек; Отанды қорғау; отбасынан басталады; ауласы, көшесі, мектебі, достары).

С – тобы. Мәтінді қазақ тіліне аударыңдар.

Моя Родина - Казахстан. Казахстан – большое государство. Здесь есть высокие горы, обширная степь, прозрачные озера. В Казахстане много красивых городов. Главный город – Астана. Государственный язык – казахский язык. Я люблю свою Родину.

№ 5 Тақырып: «Астана – таза қала».

Бақылау диктанат.

Астана – әсем қала.

Астана - Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Астанада Президент сарайы, Парламент ғимараты, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы, көп қабатты тұрғын үйлер бар. Астананың символы – Бәйтерек монументі. Бәйтерек монументін сәулетші Ақмырза Рүстемов жобалаған.

Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы. (42 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жазыңдар.


  1. Қаза( к, қ )стан 1. Б( а, ә )йтерек

  2. Аста( ң, н)а 2. Мон(ұ, у)менті

  3. Сә( ү, у)летші 3. Дост(і, ы)қ

  4. Болаша( к, қ ) 4. Ма(к, қ)танышым

  5. Мемлекетт (ы, і )к 5. М(а, ә)дени

В – тобы. Берілген сөздерге тәуелдік жалғауын жалғау.

Астана, ел атамекен, қала

С – тобы. Көптік жалғауларын дұрыс жалғаңдар.


  1. Астана... 1. Ғимарат...

  2. Мемлекет... 2. Қабат...

  3. Үй... 3. Жас...

  4. Ұлт... 4. Көше...

  5. Орталық... 5. Дүкен...

  6. Театр... 6. Ел...

  7. Таңба... 7. Адам...

  8. Өзен... 8. Аула...

  9. Қонақ... 9. Көл...

  10. Белгі... 10. Рәміз...

№ 5 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздерді топтап жазыңдар.

Қатаң дауыссызы бар сөздер: ... .

Ұяң дауыссызы бар сөздер: ... .

Үнді дауыссызы бар сөздкр. ... .

Мен, көше, аз. ескі, алаң, менің, көне, жер, қала, өлең, ел, кітап, ол, ат, баға, жүз, жаз, жаға, қасиет, Алматы, Қостанай.

В – тобы. Мәтінді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтаңдар. 2, 5 сөйлемдерді аударыңдар.

Отан – адамның туып – өскен жері. Қазақстанда тұратын адамдардың Отаны – Қазақстан Республикасы. Адамның кіші Отаны да болады. Ол – тұрған үйі, ауласы, көшесі, ауылы, мектебі, достары, көршілері. Отанды сүю отбасынан басталады.

С – тобы. Мәтінді көшіріп жазыңдар, цифрларды сөзбен жазыңдар.

1920 жылдан 1925 жылға дейін қазақ елінің астанасы Орынбор қаласы болған. 1925 жылдан 1929 жылға дейін Қызылорда, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алматы қаласы еліміздің астанасы болды. 1998 жылдан бері еліміздің астанасы – Астана қаласы.

№ 6 Тақырып: «Мерекелер».

Бақылау диктант.

Мерекелер.

Жаңа жылды біздің елімізде екі рет тойлайды.

Бірінші рет қыс ортасында, қатты аязды кезде тойлайды. Алаңдарға, мектептерге, үйлерге шыршалар орнатылады. Адамдар бір – біріне жұмыста табыс, өмірде бақыт және денсаулық тілейді.

Екінші рет наурыздың жиырма екісінде тойлайды. Күн мен түннің теңелген күні. Наурыз – жыл басы. (45 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Тәуелдеу.

Мереке мейрам

В – тобы. Жіктеу.

Тойлай тілей

С – тобьы. Фонетикалық тапсырма.

Бақыт өмір

№ 6 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Сөздердің аудармасын табыңдар.



  1. Жеңіс күні 1. праздновать

  2. Құттықтау 2. День Независимости

  3. Мереке 3. Новый год

  4. Тойлау 4. Женский день

  5. Жаңа жыл 5. праздник

  6. Әйелдер күні 6. поздравление

  7. Тәуелсіздік күні 7. День Победы.

В – тобы. Берілген сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.

Сыйлықтар

Тілектер

...

...

Бақыт, гүлшоғы, жақсылық, кәмпит, байлық, кітап, денсаулық, сурет, құт, береке, қуаныш, көйлек, ыдыс, сөмке.

С – тобы. Сәйкесін дұрыс табыңдар.



1 Қаңтар




Астана күні

22 наурыз

Әйелдер күні

8 Наурыз

Наурыз мейрамы

1 Мамыр

Ынтымақ күні

9 Мамыр

Жаңа жыл

16 желтоқсан

Жеңіс күні

6 шілде

Тәуелсіздік күні

№ 7 Тақырып: «Спорт». «Менің сүйікті спортшым».

Бақылау диктант.

Дене шынықтыру сабағы.

Біздің сыныпта жиырма бес оқушы бар. Біз дене тәрбиесі сабағына барамыз. Мұғалім бізді сапқа тұрғызады. Сонан соң біз түрлі жаттығулар жасаймыз. Доппен футбол, баскетбол, волейбол ойнаймыз. Біз жүгіреміз, секіреміз. Сосын түрлі ойындар ойнаймыз. Ойындар адамның денесін ширатады. Сабақ өте қызықты өтеді. (41 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Сөздерді буынға бөліңдер, буын түрлерін ажыратыңдар.

Жиырма жүгіреміз

Ширатады түрлі

Өтеді ойындар

В – тобы. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап табыңдар.

Кім? Не?


С – тобы. Мәтіннен мына сұрақтарға жауап беріңдер.

Не істейді? Не істейміз?

№ 7 Нәтиже сабақ.

А – тобы. Берілген сөздердің аудармасын табыңдар.



  1. Лақтыр




пинай

  1. Бер

бей

  1. Қой

держи

  1. Ұста

положи

  1. Соқ

дай

  1. Ал

играй

  1. Теп

возьми

  1. Ойна

кидай

В – тобы. Мына мәтінді аударыңдар.

Бұл – біздің спортзал. Спортзалда дене тәрбиесі сабағы болады. Спортзал үлкен, әдемі, таза. Төртінші сабақ – дене тәрбиесі сабағы.

С – тобы. Қателерді табыңдар.


  1. Сыныпта құстар отыр.

  2. Аптаның бесінші күні – сенбі.

  3. Менің әжем он бір жаста.

  4. Оқушылар қыста үш ай демалады.

  5. Наурыз, сәуір, мамыр – қыс айлары.

№ 8 Тақырып: «Зоопаркке саяхат».

Бақылау диктант.

Жануарлар әлемінде.

Әлемде көптеген жануарлар бар. Ең ірі жануар – көк кит. Оның салмағы – бір жүз елу тонна. Жер бетіндегі ең ауыр салмақты жануар – піл. Оның салмағы – тоғыз тонна. Пілдер – жетпіс – сексен жыл өмір сүреді.

Үй жануарларының ішіндегі ең үлкені – түйе. Түйе – өте шыдамды жануар. (42 сөз)

І – нұсқа ІІ – нұсқа

Деңгейлік тапсырмалар.

А – тобы. Фонетикалық талдау.

Өмір әлем

В – тобы. Жіктеу.

Шыдамды үлкен

І жақ мен шыдамды... І жақ мен үлкен...

ІІ жақ сен шыдамды... ІІ жақ сен үлкен...

ІІ жақ сіз шыдамды... ІІ жақ сіз үлкен...

ІІІ жақ ол шыдамды... ІІІ жақ ол үлкен...

С – тобы. Тәуелдеу.

Жануар, түйе әлем, салмақ

І жақ менің жануар... , түйе... І жақ менің әлем... , салмағ...



... ...

№ 8 Нәтиже сабақ.



А – тобы. Сөз тіркестерін қазақшаға аударыңдар.

  1. Домашние животные - ...

  2. Дикие звери - ...

  3. Широкая степь - ...

  4. Густой лес - ...

  5. Хитрая лиса - ...

  6. Быстрый гепард - ...

  7. Пугливый заяц –

  8. Большой лев - ...

  9. Самый крупный - ...

  10. Высокое животное - ...

В – тобы.Мына сұрақтарға жауап беріңдер.
Каталог: uploads -> doc -> 07fa
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07fa -> Сабақтың тақырыбы: Біз оқимыз, ойлаймыз және ойнаймыз. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет