3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ



бет1/20
Дата19.12.2016
өлшемі5,03 Mb.
#4105
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
3. ҚАБДОЛОВ

 

ӘДЕБИЕТ



ТЕОРИЯ –

СЫНЫҢ

НЕГІЗДЕРІ

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА

АРНАЛҒАН ОҚУ ҚҰРАЛЫ

МАЗМҰНЫ

Бастау.

Бірінші бөлім

КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТТІҢ БОЛМЫСЫ МЕН БІТІМІ

Бірінші тарау Әдебиет туралы жалпы тусшік
Сөз өнері

Суреткер

Әдебиттің қоғамдық мәні

Әдебит—қондырма-

Әдебиеттің таптығы

Әдебиеттің халықтығы.

Әдебиеттің партиялылығы.

Екінші тарау. Әдебиет тану, оның даму кезеңдері

Сөз өнері жайлы ғылым.
Алғашқы әдеби-эстетикалық байыптаулар

Қалыптасқан эстетикалық толғамдар

Классикалық поэтика

Әдебиет танудағы жаңа кезең

Әдебиет туралы Маркс-Ленин ілімі.

Үшінші тарау. Образ және образдылық

Әдебиеттегі адам

.

Сөздегі сурет



Жинақтау және даралау.

Тип.

Образдың жасал жолдары.

Образдың түрлері

Екінші бөлім

ӘДЕБИ ШЫҒАРМАНЫҢ СЫРЫ МЕН СИПАТЫ

Бірінші тарау Әдебиеттегі мазмұн мен пішін

Өнер туындысы.
Сылдырлап өңкей келісім

Тақырып және идея

Сюжет пен композиция.

Екінші тарау. Көркем әдебиеттің тілі

Сөз.
Тіл байлығы

Ажарлау

Құбылту

Айшықтау.

Машықтар

Үшінші тарау. Өлең-сөздің патшасы

Сөз сарасы
Ырғақ

Жүйелер

Буын

Ұйқас

Үшінші бөлім

ӘДЕБИ ДАМУДЫҢ МАҒЫНАСЫ МЕН МӘНІ

Бірінші тарау. Әдебиеттің тектері мен турлері

.Жанар
Эпос

Лирика

Драма

Екінші тарпу. Әдеби бет пен бағыт

Стиль
Ағым.

Әдіс

Социалистік реализм

Түйіндеу

 

АЛМАТЫ - 1 9 7 0



Қазак, ССР Жоғары жэне орта

арнаулы. білім министрлігі

бекіткен

БАСТАУ

Қазақтың әдебиет тану ғылымы туу, қалыптасу дәуірінен өткелі қашан!.. Бұл ғылымды бүгінде жас деуге де болмайды; бұл ғылым қазір жан-жақты даму, үздіксіз өсу, өркендеу кезендерін бастан кешіріп отыр.

Әсіресе қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу ойдағыдай. Орта мектепке, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу кұралдарын, түрліше тақырыптарда-ғы арнаулы зерттеулер мен монографияларды өз алдына қойғанда, Қазақ ССР Ғылым академиясының . М.О Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институтынын оқымыстылар коллективі жылдар бойы жазып, жарыққа шығарған үш том, яки алты кітап қазақ әдебиетінің тарихын сонау Көне дәуірден бүгінге дейін ғылми жүйеге түсіріп, маркстік-лениндік тұрғыдан байыптауда үлкен роль атқаратыны күмәнсыз.

Қазақтың әдеби сыны да марқайып, кемелденіп алды Көркем творчествоның қандай келелі мәселелері мен нәзік кұбылыстары болмасын, казіргі әдеби сынымыз талдап тексеруге де, тұжырымды түрде қорытуға да әзір.

Осы реттен келгенде, біздің әдебиет тану ғылымындағы әлі күнге кенжелеп келе жатқан сала — ә д е б и е т т е о р и я с ы.

Әрине, мұны соқа тимеген тың десек, ағаттық болар еді Әдебиеттін. тарихы һәм сыны оның теориясымен тығыз байланысты екенін ескерсек, бёлгілі қазақ әдебиет-шілерінің қай-қайсысы болса да, өздерінің келелі зерттеулері мен сын еңбектерінде әдебиет теориясын орағы--— өткен жоқ, оның бір жайы болмаса, бір жайын қозғап байқағаны даусыз. Ал Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев,З.Ахметов сияқты көрнекті ғалымдардың әдеби тіл мен

3

стиль, көркемдік әдіс пен өлең туралы іргелі зерттеулерінде аса қажет әрі күрделі теориялық мәселелер арнайы тексерілген.



Әдебиет теориясын зерттеу ісі кенжелеу жатыр дегенде біз бұл шындыққа көз жұма қараудан аулақпыз.

Сөйте тұра, республикамыздың жоғары оқу орындары үшін әдебиет теориясынан әлі күнге казақша оқулық жазылмай келгеніне қынжылмасқа болмайды.

Міне, отыз жыл, студент-филологтардың қолында жүрген бірден-бір құрал — профессор Қ. Жұмалиевтің орта мектепке арналған “Әдебиет теориясы” ғана; ал профессор Е. Ысмайыловтың “Әдебиет теориясының мәселелері” атты кітабы (1940) әр түрлі себептермен жұрт колында жоқ екені мәлім.

Әрине, Қ. Жұмалиев кітабының қазақ әдебиет тануындағы орнын да, тек мектеп оқушылары ғана емес, қалың көпшіліктің эстетикалық талғамын қалыптастыруда ондаған жылдар бойы атқарған ролін де ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда бұл әдебиет теориясының келелі мәселелерін кеңірек және тереңірек зерттеу міндетін күн тәртібінен түсірмейді, қайта бізді сол әрекетке мегзейді.

1961 жылы біз қазақ университеті мен педагогикалық институттардың филология факультеттеріне арнап “Әдебиет тану ғылымының негіздерінен” программа жасаған едік. Ол бірнеше мәртебе басылып шығып, студенттерге жол-жоба сілтеуде аз-кем қызмет атқарып келеді. Бірақ бізге программа ғана емес, сол программалық проб-лемаларды байсалды пайымдайтын, сөйтіп, жоғарыда көрсетілген олқылықтың орнын толтыратын арнаулы еңбек жазу қажеттігін өмірдің өзі таулап етіп отыр.

Біздің зерттеуіміздің тақырыбы, міне, дәл осы мүлдеден туды.

Әдебиет теориясынан жазылған монографиялар, оқулықтар орыс тілінде бірқыдыру. Жоғары оқу орындарында осы кезде пайдаланылып жүрген оқу құралдары, негізінен, Г. Л. Абрамович пен Л. И. Тимофеевтің кітаптары. Бұлардан басқа Л. В. Щепилованың, В. И. Сорокиннің, Ф. М. Головенченконың, И. В. Гуторовтың және басқалардың кітаптарын атап айтуға болады. Ал

Г. Л. Абрамович, Әдебиет тану ғылымына кіріспе, М, 1966; Л. И. Тимофеев, Әдебиет теориясының негіздері, М., 1966.

4

А. М. Горький атындағы дүние жүзілік әдебиет институтының ғылми қызметкерлері дайындап, жарыкқа шығарған үш томдық “Әдебиет теориясы”* — айтылмыш саладағы ірі адым, іргелі енбек.



Тегінде әдебиет теориясынан жоғары оку орындарына арналып жазылған кітаптардың әрқайсысы әр сипатта болып келеді. Айталық, Г. Л. Абрамовичтың “Әдебиет тану ғылымына кіріспесінде” әдебиет теориясыньщ ең ілкі шарттары мен тұңғыш түсініктері, ең қажетті детальдары мен қарапайым жайлары сараланса,

Л. И. Тимофеевтің “Әдебиет теориясының негіздері” ең алдымен көркем туындыларды, стильдерді, ағымдар мен жалпы әдеби процесті талдап-тексерудің принциптері мен методикасын қарастырады; ал авторлар коллективі жазып шығарған әлгі үш томдық “Әдебиет теориясы” жалпы әдеби дамудың тарихи заңдылығын іздеп табуды көздейді.

Демек, әдебиет теориясынан жазылып, жарық көррен әр кітаптьщ тек өзіне ғана тән осындай ерекшеліктері бар. Бұл заңды да: бірінен-бірі аумай тұратын егіздін, сыңарындай, бір тектес, бірін-бірі қайталай беретін бір типті “Әдебиет теориясын” жасау шарт емес. Мұның өзі, зерттеу объектіміз бір болғанына қарамастан, біз де әдебиет теориясының өзекті мәселелерін тск өзімізше байыптауымыз кажет екенін аңғартады. Бұл — бір.

Екіншіден, орыс тілінде жазылып, жарық көріп жүрген теориялық зерттеулер мен оқулықтардық әрқайсысындағы әр тарап пікірлерді, өз ара айтысқа түсіп, бір-біріне кере қар келіп отыратын түрліше ұғымдар мен түсініктерді өз алдына қойғанда, қазіргі теориялық оқулықтарға айтылып жатқан сындар мен ескертпелер де әр алуан.

Сынаушылардың бірқатары, әсіресе, әдеби теориялық ұғымдардағы схоластикалық, формалистік сипаттарға көбірек назар аударып жүр. Айталық, жазушы С. Антонов профессор Л. Тимофеевтін, редакциясымен шыққан әдеби терминдердің қысқаша сөздігіндегі байланыс (завязка), шарықтау (кульминация), шешім (развязка)

* Әдебиет теориясы, Өзекті мәселелерді тарихи тұрғыдан талдау, 1-том, М, 1962; 2-том, М., 1964; 3-том, М, 1965

** Л. Тимофеед пен Н. Венгров, Әдеби терминдердщ қысқаша сөздігі. М, 1958.

5

туралы түсініктерді сынға ала келіп, оны Аристотельдің “..бүтіннің басы, ортасы және аяғы болатыны”* туралы тым қарапайымдау қағидаларымен салыстырады да, біздің. жыл санауымыздан бұрынғы IV ғасырдьщ Аристотелі мен екі арамызда сан ықлым дәуір өткенмен әлгі бір ежіктеуден әлі ұзай алмай жүрген “біздің әдебиет тану ғылымының алға жылжуы қандай баяу еді?”* ^ деп күйзеле тақырқайды.



Бұл сынды, әрине, даусыз тұжырым, үзілді-кесілді үкім ретінде қабылдауға болмайды. Мәселен, С. Антонов мысалға келтірген А. Чеховтың “Ит жетелеген әйелінде” шешім жоқ, И. Буниннің “Антонов алмаларында” байланыс та, шарықтау да, шешім де атымен жоқ екен деп, жалпы әдеби шығармалардың сюжеттік желісінде мұндай кезеңдер болатынын жоққа шығару ағат. Сөйте тұра, әдебиеттін, теориясы оның бүгінгі тірі практикалық процесімен тығыз байланыста болуын талап еткен игі ниетке, занды тілекке таласудың да қажеті жоқ.

Әдебиеттің теориясын онын, практикасымен байланыстыру — қиынның, қиыны. Әсіресе дәл осы байланыстын жөні мен тәсілін табу қиын. Дегенмен Лениннін, “казірде теория практикаға айналатын, практика арқылы жанданатын, практика арқылы түзелетін, практика арқылы тексерілетін тарихи кезең туып отырғанын”*** айрыкша ескерткен парасатты байлауына сүйенсек, әдебиет теориясын көркем әдебиеттін, қазіргі практикалық жай-жағдайынан айыра қарамауымыз шарт.

Бұдан шығатын екінші түйін — әдебиеттін, теориялык мәселелерін бірыңғай қисынға ғана айналдырып, оны әлдебір қасаң ереже, кейде, тіпті, қатал заң, ретінде ұсынбай, т е о р и я л ы қ т о л ғ а м д а р ы м ы з д ы ж а з у ш ы л ы қ ш е б е р л і к м ә с е л е с і м е н, қ о ж е т ж а ғ д а й д а қ а л а м г е р л і к ө н е р д і ң, қ и ы н и і р і м д е р і м е н ұ ш т а с т ы р а, к ө р к е м т в о р ч е с т в о н ы ң п с и х о л-

о г и я с ы м е н б а й л а н ы с т ы р а ж ү й е л е п о т ы р у ы м ы з к е р е к.

Осынау егіз-қатар екі талап тұрғысынан әдебиет теориясының негіздері болып табылатын өзекті мәселелерді өзімізше байыптап байқағымыз келеді.

* Аристотель, Поэтика, М, 1957, 62-бет



*х С Антонов Әңгіме хақындағы хаттар. М, 1964, 185-бет ***

В И. Ленин. Шығармалар, А, 26-том, 408-бет

6

БІРІНШІ БӨЛІМ



КӨРКЕМ

ӘДЕБИЕТТІҢ

БОЛМЫСЫ

МЕН БІТМІ

Б і р і н ш і т а р а у

ӘДЕБИЕТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ

ТҮСІНІК

СӨЗ ӨНЕРІ



Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бұрын, алдымен, онық өзін анық танып, біліп алған жөн.

Біз әдебиеттің теориясын толғамақпыз. Ал осы әдебиет дегеннің. өзі не нәрсе?

Әрине, ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арапша атаудан шыққанын — сөз,

асыл сөз деген мағынасы бар екенің, орысша литература деген атаудың латын сөзі (Ііііега) екенін — әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Көркем әдебиет дегеннің байыбына бара түсу керектігін айтқанда, біз жұрт алдына мұншалық жадағай, әріпшіл талап қоюдан аулақпыз.

Бірақ мынаған назар аудармасқа бола ма?

Университет аудиториясында емтихан жүріп жатыр Әдебиет тарихынан сабақ беретш тәжірибелі ұстаз алдында жас шәкірт отыр. Арада — стол үстінде бір жапырақ билет: бірінші сауал — Ғабиден Мұстафиннің “Қарағанды” романы.

Ұстаз тыңдайды, шәкірт сөйлейді.

Обалы не керек, шәкірт сөзге кенде кіснің түрі емес, орағыта жосылтып, сілтеп отыр:

--“Қарағанды” -- Қарағанды туралы жазылған шығарма Қарағанды болғанда, ол жерден өткен ғасырда Апақ дегеннің алғаш рет көмір тауып алғанын Ғабит Мүсіреп-ов өзінің “Оянған өлкесіңде” айтып өткен болатын. Ал мына кітапта Мұстафин жолдас сол Қарағандының, біздің, дәуірімізде қалай өсіп-өркендегенін, оның бүкіл Одақ көлеміндегі орасан зор көмір алыбына қалай айналғанын жазады. Өндірісте маман кадрлар коллективі ұйымдасып, оның көмір өндірісін одан әрі өркендеткенін айтады. Бұрынғы өндіріс құралдары ат барабан, қолбұран, тәшке болса, кейін техниканың врубмашина, электровоз, көмір комбайны сияқты күрделі түрлері шығып,

9

қол жұмысы жеңілдегенін баяндайды. Өндірісте бұрын-соңды болмаған ашык шахта қалай пайда болғанын сөз етеді...



Ұстаз шәкіртті ұзақ тыңдады, үлкен төзіммен тыңдады. Сырттай қарағанда, онын, айтып отырғаны өтірік емес: “Қарағанды” романында осындай идеялық мақсат бар екені рас. Алайда дәл осы идея қалай көрсетілді, қандай көркемдік шешім тапты? Бұған әдеби-эстетикалық сауатты жауап жоқ. Сондықтан ұстаз шәкіртті амалсыз бөліп:

— Жә, осы шындық романда калай жинақталған? — деді. Шәкірт аңыра тоқтады:

— Жинақталған?

— Иә, жинақталған... Обобщение деген мағынада ғой.

— Обобщение?

Енді ұстаз таңдана бастады:

-- Өзің обобщение, яки жинақтау дегенді түсінбей отырғаннан

саумысың? _

-- Сенің әлгі айтқандарың — көркем шығарма емес, техникалық кітаптарда жазылатын жайлар. Әдеби туындыларда бұл шындық жинақтау арқылы көрінуге тиіс. Мен соны сұрап отырмын.

Шәкіртте үн жоқ.

— Шырағым,— деді ұстаз амалсыз қабақ шытып,— сен өзің көркем әдебиет дегеннің не екенін анық білесің бе?

Шәкірт шамданды:

— Түу, ағай, неге білмейін...

— Білсең, айта қойшы: әдебиет деген не?

— Е, оның, не айтатыны бар? Әдебиет деген — әдебиет. Енді екеуі де үнсіз еді...

Амал не, жағдай осындай. Жұрттық бірқатары осы шәкірт секілді, әдебиет дегеннің не екенін, оның өзіне тән ерекшелігі (спецификасы) қандай екенін жете білейді. Оның эстетикалық табиғатын, көркемдік критерийлерін нәзік түсінбейді. Сондықтан олар әшейін долбармен жүреді. Олардың жазушыға қояр талабы — жа-лаң идеялық талап қана. Шығарманы талдау орнына мазмұнын айтады. Онда да, әлгі шәкірт тәрізді, шығарма шындығын адамдар тағдырына байланыстыра қара-майды, шаруашылық шараларына телиді: кітаптан іздейтіні — көмірші емес, көмір; мұнайшы емес, мұнай...

Жоқ, бұған төзуге болмайды. Бұларға әдебиеттің сыр-сипатын, болмыс-бітімін анықтап, талдап түсіндіру қажет-ақ.

Жә, сонымен, әдебиет дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да “поэзияны біреу — су десе, біреу — от дей-ді” (Белинский).

Әрине, әдебиет — су да емес, от та емес. Әдебиет — өнер.

Өнердің, түрі көп емес пе: кескін өнері (живонись),

10

сымбат өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура) т. б. Ал әдебиет қандай өнер?



Ә д е б и е т — с ө з ө н е р і.

Неге?


Негесі — сол, мүсіншінің құралы — саз, суретшінің құралы — бояу, әншінің құралы — үн, бишінің құралы— қимыл болса, әдебиетшінің құралы — тіл. “Сөз — әдебиеттің құрылыс материалы” (Федин).

Қоғамдық сананың айрықша саласы — көркемөнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі орасан зор. Фиди статуясы, Рафаэль картинасы, Шекспир трагедиясы, Глинка музыкасы, Абай лирикасы мезгіл межелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен, көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және сусындатқан үстіне сусындата бермек.

Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз — бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл — көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті түсау екені рас. Бірақ, мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра боп қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де — нақтылық та, заттылық та — бар. Кескін, сәулет, сымбат өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін — бар өнердің басы, “өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), “ең жоғарғы түрі” (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының “өнер алды — қызыл тіл” деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумаған-ды.

Өнер қадірін білмейтін, оның ішінде сөз өнерін түсінбейтін тоғышарлар жаңа ғана сахнадан көрсетілген комедияны арзан күлкіге, әшейін әзіл-әжуаға сайған сәтте Гоголь ызаға булығып, “Театр табалдырығында”

11

тұрып айғай салған болатын: “Әзіл-әжуа!.. Әне, театр балкондары мен жақтаулары күңірене теңселіп кетті; тебіренген жұрт бір сәт бір ғана сезімге көшіп, бір адамға айналып, бір туған бауырдай құшақтасып, бір ғана діріл деммен тыныстап, бұдан бес жүз жыл бұрын дүниеден өткен бейтаныс біреуге құшырлана қол соғып, алғыс гимнін азынатып жатқаны анау... Әзіл-ажуа!.. Мұндай “әзіл-әжуа” болмаса, дүниені меңіреу ұйқы жайлар, тіршілік қаңсып, адыра қалар, көңілді мүк басып, балдыр шалар”.



Көркем сөз — құдіретті нәрсе! Оны әзілге саю да, оны әжуалау да — ақылдан кенде пенденін, қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар мен дәуір-лерге қараңыз! Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл мен ой аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар кімдер? Хан ба, патша ма? Жоқ, білім мен өнер иелері — ғалымдар, жазушылар... Осы ғасырдың нақ басында А. С. Суворин өзінің күнделік дәптеріне былай деп жазды: “Біздің патша-мыз екеу: II Николай мен Лев Толстой. Екеуінің қайсысы күшті? II Николай Толстойға түк қыла алмайды, оны тақтан қозғай алмайды, ал Толстой ше: қаһарға мінсе, Николайдың тағын династиясымен қоса теңселтіп, төңкеріп түсіре жаздайтыны күмәнсыз”.

Бұл арада сөз өнерінің адам қоғамындағы аса зор қуат-күші жатыр.

Максим Горький 1912 жылы И. Д. Сургучевқа жазған хатында “Русьтағы ең жауапты және қиын қызмет” — патшаның қызметі емес, әдебиетшінің, қызметі екенін айта келіп, “егер әдебиетші өзін шын мәнінде әдебиетшімін деп сезінсе, тек қана әдебиетші қалпында қалуын” талап еткен болатын. Өйткені әдеби талант деген нәрсе — қолдан жасалмайтын, өзінде жоқ болса, өзгеден қарызға алу мүмкін емес, жер-жаһаннан қанша іздегенмен таптырмайтын нәрсе! “Ақындық оқуы” деген

оқу да жоқ. Сондықтан да біздің коммунистік партия талантты тәрбиелеп өсіруге айрықша төзіммен, лениндік қамқорлықпен қарайды.

СУРЕТКЕР

Әдебиет — өнердін, бір түрі, сөз өнері дедік. Ал өнер жайлы сөз қозғай, сол өнерді жасаушы шебер жөнінде үндемей өтуге болмайды.

12

Әрине, бұл — тым күрделі мәселе. Мұны жай-жақты сөз ету творчествоның психологиясын байыптау болып табылады. Ал творчествоның психологиясы — өз алды на жеке пән (предмет). Демек, әдебиеттін, теориясы мен творчествоның психологиясын шатастырмау керек.



Дегенмен суреткер кім, оның қоғамдық тұрпаты, тұлрасы қандай? Талант табиғаты деген не? Мұны жауапсыз қалдыру жәнсіз.

Талант атаулы қашаннан халық құрметі мен сүйіспеншілігіне бөленген. Айталық, қазақ халқы атам заманнан бері қарай ел ішінде ақыны мен әншісін айрықша қадірлеген. Өнер иесін қасиет тұтып, киелі санаған жұрттар да бар. Айта берсек, сонау көне дүниенің аңғырт ұрымы суреткер талантын кейбір таңдаулыларға тартқан кұдайдың сыйы деп білген. “Құдай сыйы” хақындағы ұғым бағзы заман ғана емес, кейінгі дәуірлерде де көп айтылған: біреулер идеалистік астармен көрер көзге өтірік айтса, біреулер әшейін айшықты сөз ретінде лепіріп айтқан. Әйтпесе, талант тасасында тұрған мұншалық құпия сыр да, сипат та жоқ екені ешқандай дә-лел қажет етпейді. Сөйте тұра, суреткер болу үшін адамға тума қабілет, табиғи дарын қажет екенін кім-кім де мойындауға тиіс. Әңгіме сол қабілет пен дарынның қалай тәрбиеленуінде, қалыпт асуында және дамуында жатар болар.

Ақын туралы Евг. Евтушенко былай дейді:

Ақыл-ойға маза-тыным бермеген,

Асыл арман көкірегін кернеген,

Азаматтық ары, қалғып көрмеген,

Адам ғана ақын болмақ орыста1

Өте дұрыс айтылған. Суреткер сипатын оның азаматтық рухынан, қоғамдық бітімінен бастаған жөн.

Тума көркемдік қабілет кез келген кісіде бар. Олай болмаса, кез келген кісі көркемөнерді де, көркем әдебиетті де жан-жүрегімен қабылдап, сезіне, түсіне алмас еді. Дегенмен материалистік эстетика нағыз суреткерге тән бірнеше ерекшеліктерді тізіп, талдап, сол арқылы талант табиғатын сипаттайды.

Қандай ерекшеліктер?

Біріншіден, сезім. Нәзік сезімталдық. Өзін қоршаған өмірден әрқашан тың құпиялар іздеп, айрықша әсер алу, көз алдындағы құбылыстарды ерекше сезіну, нәзік түйсіну, сезінген-түйсінген шындырына бейтарап қала ал-

13

май, тербеле тебірену, көкірегінде көл-көсір сыр ұялату,— бәрінен бұрын,— ақынға тән қасиет. Ал суреткер,— бәрінен бұрын,— ақын. Бұл ерекшелікті “Гетенің қазасына” деген өлеңінде Баратынский дәл сурёттеген:



Жасыл шөптің тілін ұғып кезінде,

Жапырақтың сәл дірілін сезінген,

Жұлдыздармен жымыңдасқан, ымдасқан,

Жал толқынмен ақылдасқан, мұңдасқан,

Жаратылыс-табиғатпен бір туған

Жан еді ол кеудесіне нұр тұнған.

Одан бүгін қалған адам сыры жоқ!

Мұншалық тамаша эмоция ірі таланттың табиғатындағы аса мағыналы сипат екені даусыз: Данте мен Шекспир, Рафаэль мен Рембрандт, Пушкин мен Толстой, Бетховен мен Чайковский, Абай мен Шевченко — бәрінде де сондай ерекшелік болған.

Екіншіден, бақылау. Жіті бақылағыштық. Нәзік сезім көреген, дәл бақылаумен ұштасып жатады. Көрмесе, сезім қайдан болмақ. Мұның өзі талант табиғатына тән сезімталдықтың ақиқат шындыққа, өмірдің өзіне негізделген мазмұның танытпақ.

Үшіншіден, қиял. Творчестволық фантазия. Бақылап білген, сезген шындықты кең өріске шығаратын қанатты творчестволық қиял — таланттың серігі. Мұның өзі ой-дан шығара білушілік. Ал ойдан шығару жоқ жерде, жалпы, әдеби шығарма болуы мүмкін емес. Гегель: “...суреткердің творчестволық фантазиясы — ұлы ақыл мен жүрек адамының фантазиясы”,* — десе, Ленин де фантазияның барлық творчествоға тән сипат, ұлы қасиет екенін айтқан: “Тіпті, ен, 'бір дәл ғылымның өзінде де фантазия атқарар роль зор екенін жоққа шығару бекер”...**.

Төртіншіден, интуиция. Мәселен, өлең жазу — есеп шығару емес. Есеп шығаруда белгілі ереже, амал, тәсіл болса, өлең—ішкі терең, табиғи тербелістің, тебіреністің нәтижесі. Бұл арада да ақынды салқын ақыл емес, ыстық сезім билемек.

Бесіншіден, өмірбаян. Тәжірибе молдығы. Тіршілікте көрген-білгені, ұққан-түйгені көп адамның таланты да



*Гегель, Шығ., М., 1938, XII том, 43-бет.

** В. И. Ленин әдебиет пен өнер туралы, М., 1957, 31-бет.

14

күшті, мықты. “Өмірі мазмұнды кісінің творчествосы да мазмұнды” болатынын Ибсен біліп айтқан.



Алтыншыдан, парасат. Сананың саралығы. Құр соқыр сезіммен, бір ғана интуициямен ұзаққа, биікке шырқау мүмкін емес. Шын талантқа шындықтың парқын білетін сарабдал сана, мол парасат керек. Бүгінгі буржуазиялық эстетика бұған қарсы, суреткердің. саналылығын емес, сәбилігін жақтайды, өмірдің қайшылығын көрмеуін қалайды.

Жетіншіден, шеберлік. Нағыз маман суреткерге тән шеберлік болмаған жерде суреткерлік даналық та жоқ. Даналық — еңбек сүйгіштік. Талант — еңбек деп те те-гіннен тегін айтылмаған. Қатал тәртіп, азабы ауыр еңбек жоқ -жерде жібі түзу қаламгер де болмақ емес. Өнердегі шын шеберлікке апарар жол — еңбек, диле-танттыққа — халтура. Шын шебер шёберленген сайын кинала, терлей түсуге тиіс. Ал шеберлік шексіз. Бұл туралы әйгілі жапон суретшісі Хокусаи былай деген: “Ал-ты жасымнан-ақ айналамнан не көрсем, сонын, бәрінің суретін сала беруге талпындым. Жарты жүз жыл ғұмыр сүріп, көп гравюра жасадым, бірақ біріне көңілім толған жоқ. Құстың, балық пен өсімдіктің дәл түр-тұрпаттары қандай болатынын жетпістің үшеуіне келген соң ғана аздап ұға бастадым. Сондықтан жасым сексенге жетпей өнерім өсіп-жетіліп болар емес. Тек тоқсан жаста ғана күллі дүние құпияларын тереңірек түсіне алсам керек. Өзім жүзге жеткенде ғана өнерім әбден жетілер деп жүрмін, ал егер жарық дүниеде жүз он жыл жасадым бар ма, қаламым тиген жердің бәрі аумаған өмірдің өзі болады да шығады”.*

Сегізіншіден, шабыт. Шалқыған шабыт болмайынша, шеберліктен де ештеңе шықпайды. Шабытсыздық — қабілетсіздік, қабілетсіздік — дарынсыздық, дарынсыздық — талантсыздық. “Ең арғы жағы геометрияға да шабыт керек” (Пушкин). Адам биік мақсатқа, асыл мұратқа іс жүзіндегі шабытты еңбек арқылы ғана жетпек. Суреткердің шабыты кең көлемдегі халық мүддесіне негізделуге, ақиқат өмірге тамыр тартуға тиіс. Сонда өнер өзінің биік мағынасын табады. Өйткені нағыз шалқар шабыт, творчестволық құлшыну мен құштарлық, Стани-

^. Ніоисһа, НоЬизаі, Ргае, Агііа, 1956, з. 33.

15

славский айтқандай, суреткердің өнердегі өзін сүюінен емес, өзіндегі өнерді сүюінен туады.



Суреткер бітімін, талант табиғатын байыптағанда жоғарғылар секілді өнерліге тән жекелеген ерекшеліктерге назар аудара тұра, сайып келгенде, онын, жеке өз басының дара қасиетін, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен моральдық кескінін, дүние танымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен мәдениетін ескермеуге тіпті де болмайды.

Суреткер белгілі бір қоғамда өмір сүреді, белгілі бір қоғамдық коллективтің, мүддесіне ортақтасады, сондықтан оның творчествосында да белгілі қоғамдық мән және мазмұн бар. Бұл даусыз шындық! Жалғыз-ақ, осы шындықты әр көзқарастың өкілі әр түрлі түсінуі ықтимал. Мәселен, Хемингуэй. Ол әлгі шындықты мүлде мо- йындағысы келмейді. Оның түсінігінше, қоғам — белгілі бір мемлекеттік жүйеге, белгілі бір үкіметке тәуелді нәрсе. “Менің ойлайтыным,— бәрінсн бұрын өз жайым, өз жұмысымның, жайы,— деп жазды Хемингуэй,— содан соқ семьямның қамы. Қала берсе, көршіме көмектесем. Ал мемлекет дегенде менің, жұмысым жоқ” *. Хемингуэйдің мұнысына құлақ қоймасқа да болмайды. Империалистік Американың, қоғамдық құлқы, Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік мінезі, Хемингуэй айтқандай, “тек қана әділетсіз алым-салыққа” негізделгенін жоққа шығару мүмкін емес. Алайда оның “жазушы да бір — цыган” дей келіп, жазушыны өз топырағынан, өзі өмір сүріп отырған дәуірі мен қоғамдық ортасынан бөліп әкететін қияс байлауы-на қосылу қиын. Керісінше, Хемингуэйден жүз жыл бұрын айтылған Белинскийдің “Ақын,— бәрінен бұрын, адам, содан соң, өз жерінін, азаматы, өз дәуірінін, перзенті” деген қағидалы сөзі — әлгіден гөрі әлдеқайда әділ, дұрыс, әлгіден гөрі әлдеқайда прогресшіл пікір. Демек, тағы да айтамыз, суреткердің, қоғамдық қызметін пайымдау оған тән дүниетаным, күрделі және әр қилы көзқарас мәселесін қоса қозғау болып табылады. Және бұл мәселені қозғау — әшейін игі ниет немесе жалаң белсенділік емес. Бұл мәселені козғау — суреткер тіршілігі мен творчествосының ең түбегейлі мағынасын талдау, керкем әдебиеттін, өмір сүру факторын толғау. Өйткені суреткердің дүние танымы

Вопросы литературы” журналы, М, 1962, № 10, 177-бет

16

.мен әлеуметтік көзқарасы — эстетиканың ең негізгі мәселелерінің бірі.



Бүкіл дүние жүзілік әдебиет пен өнер тарихына көз жүгіртсек, ренессанстың Боккаччосы мен Микеланджелосы, Дюрері мен Раблесі керек пе, ағарту дәуірінің Бомаршесі мен Хогарты. Гойясы мен Лессингі керек пе, XIX ғасырдың Стендалі мен Делакруасы, Бетховены мен Шеллиі, Домьесі мен Курбесі, Вердиі мен Золясы керек пе, тіпті, өзіміздің отандас халықтардың Пушкині мен Гоголі, Крамскойы мен Репині, Толстойы мен Чеховы, Глинкасы мен Мусоргскийі, Абайы мен Райнисі, Шевченкосы мен Абовяны, Горькийі мен Әуезові, Станиславскийі мен Қуанышбаевы керек пе, бәрі бір,— осынау алып суреткерлердің бәрі де ең алдымен өз дэуірінің ұлы, өз қоғамының маңдай алды азаматы, өз халқының Орухани таяныш-тірегі, өз тұсының ең биік арманы мен тілегіне жалынды жаршы болған таланттар. Бұлардың ең асыл мұраты — халық мүддесі.

Ал қазіргі біздің, дәуірімізде, Ленин партиясы, Совет үкіметі мен халық мүддесі ұштасып кеткен жағдайда суреткердің қоғамдық ролі мен орны мүлде ерекше.

Ф. Энгельс бір кезде данышпан Гетенін, өзін “кейде орасан ұлы, кейде ұсақ; кейде еш нәрсеге бас имейтін, мысқылшыл, дүниені талақ ете жаздайтын дана, кейде көлеңкесінен сескенетін, не 'болса соған риза, күйкі филистер” * деп сынай отыра, суреткердің осы құлқының өзін ол өмір сүрген қоғамдық ортадағы қиындық пен қыңырлықтың кесірінен көрген-ді.

Біз өмір сүріп отырған социалистік қоғамдағы жағдай мүлде басқа. Бүгінде әрбір өнер иесінің творчестволық бітімін оның адамдық, азаматтық келбстінен ажырата қарау мүмкін емес. Әрбір өнер адамынан, бәрінен бұрын, жан сұлулығын, адам-гершілік мінез, мол білім және биік мәдениет талап етеміз. Ө м і р д е б і р х а л д е, ө н е р д е б а с қ а б і р к ү й д е к ө р і н у г е б о л м а й д ы.

Қоғамдық мүддеден аулақ өз жеке қара басының қораш тіршілігінің шеңберінде қалып, тоғышарлыққа түскен актерлерді найзамен түйрегендей сынап:

-- Немене? — деп ашуланған еді К. Станиславский.— Сіз өз-өзінен қылтың-сылтың еткен қылжима пасық сах-



К.. Маркс пен Ф. Энгельс, Өнер туралы,М,1967,1 том,508-бет.

17.


наға шығып, адам атаулыға рух беретін, игі қасиет дарытатын дархан сезім мен ой айтсын демексіз бе? Сіз шымылдық сыртында күйкі мещандыққа ғана қауқары жететін қасиетсіз әлдекім сахнаға шыға бере Шекспир-мен бой теңестіріп, бір дәрежеге көтерілсін демексіз бе?

Бұл сөздерде терең мағына жатыр.

Совет жазушыларының Бүкіл одақтық екінші съезін-де Константин Федин Совет әдебиетінің тарихы жазушылардың аға буыны Азамат соғысында қандай ерлік жасағанын, Қызыл Армия сапында қалай тұрғанын, жаңа құрылған жұмысшы мен шаруа мекемелерінде қайтіп қызмет атқарғанын әңгімелеуден басталуға тиіс екенін ескерткен-ді. Совет жазушыларының үлкен ұрпағы, шынында да, революция дауылдарында қалам мен қаруды қатар ұстаған қаһармандар болатын: Маяковский мен Сейфуллин — революционер, Фадеев пен Мұқанов— партизан, Фурманов — комиссар, Островский — жауынгер, Гайдар — солдат, Вишневский — моряк... Бұл биік дәстүр Отан соғысы тұсында одан әрі жалғасып, жаңа сапаға көшкені мәлім.

Ал бейбіт күндерде біздің елдің ішкі-сыртқы тіршілігінде совет жазушылары араласпайтын сала кем де кем. Мұның бәрі с у р е т к е р — қ о ғ а м қ а й р а т-

к е р і екенін көрсетеді. Бұлай болмайтын реті де жоқ. Қаламгерлік іс — қоғамдық іс; көркем әдебиеттің қоғамдық мәнін, әлеуметтік мазмұнын еш нәрсемен салыстыруға да, ауыстыруға да болмайды.

ӘДЕБИЕТТІҢ ҚОҒАМДЫҚ МӘНІ

Адам баласы дүниені ғылым арқылы танып біледі. Табиғат пен қоғам құбылыс-тарының заңын ашатын, мәнін түсіндіретін — ғылым, теория. Бұған дау жоқ.

Алайда В. И. Ленин Гетенің “Теория, достым, сұрғылттау ғой, ал өмірдің мәңгі-бақи гүл' атқан өз терегінің түрі жап-жасыл” деген қанатты сөзін көп айтады екен. Дүниені өзгертіп, құбылтып, құлпыртып келе жатқан адам баласы ақиқат өмірдің құпия сырларын тек абстракция, ой, ұғым арқылы ғана топшылап қоймайды, қолмен ұстап, көзбен көрер нақты, затты құралдар арқылы әбден анық таниды. Адамға өмір мен күрес үшін ойлы бас қана емес, ерік, құштарлық, сезім де керек. Міне, дәл осы арада келеді де, шындықты дәлелдейтін

18

ғылыммен қатар оны көзге көрсететін көркем әдебиет те өзінің қоғамдық ролін ойнай бастайды.



Әдебиеттің қоғамдық мәнін айтқанда ең алдымен оның таным тарапындағы маңызын атау шарт. Қандай бір көркем шығарма болмасын, ол оқырманға бұрын бей-мәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын-соңды беймәлім дұниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар сырына тереңдеп, танымын байытпақ.

Ше к с п и р д і о қ ы м а й а ғ ыл ш ы н т і р ш і л і г і н, Б а л ь з а к т ы о қ ы –

м а й ф р а н ц у з т ұ р м ы с ы н, Т о л с т о й д ы о қ ы м а й о р ы с ө м і р і н

б і л е м д е у а ғ а т .

Айталық, Бальзак. Оның атақты “Адам әжуасы” — өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы француз қоғамының көркем тарихы мен сырлы шежіресі. “Адам әжуасындағы” мыңдаған адамдар тағдыры, тартысы, ара қатынасы арқылы Бальзак капитализмнің адам айтқысыз қорқаулығын, алтынның аздырғыш күшін, ақшаның адамды аңға айналдырар сұмдығын, сайып келгенде, буржуазияның бұзық та бүлдіргіш табиғатын тасқа таңба басқандай танытады. Бальзак “Адам әжуасының” алғы сөзінде өзін француз қоғамының “талай тарихшылар ұмыт қалдырған мінез-құлық тарихын” жазатын хатшысымын деп есептесе, Энгельс оның романдар циклін буржуазия тарихшыларының “ғылми еңбегіне” қарама-қарсы қойып, “француз қоғамының нағыз тамаша реалистік тарихы” осы деп бағалайды. Бұған Маркстің өткен ғасырдағы ағылшын жазушылары туралы — олар өз шығармаларында “дүние жүзіне күллі саясатшылардың, публицистер мен моралистердің бәрі жабылып танытқанынан әлдеқайда көп саяси және әлеуметтік ақиқаттар ашып (берді” деген пікірі сайма-сай келеді.

Мұның бәрі көркем әдебиеттің өмір танытудағы маңызын дәлелдейді.

1958 жылы Ташкентте өткен Азия мен Африка жазушыларының тұңғыш конференциясында біз камерун жазушысы Бенжамен Матиптің Мұқтар Әуезовпен дидарласып, кеңескеніне куә болдық.

— Мен қазақтар жайлы бұрын еш нәрсе естіп-білген емес едім,— деді ол — Ал қазір мен оларды білемін, тіпті, өте жақсы білемін, өйткені жуырда ағылшын тілінде Мұқтар Әуезовтің кере-

19

мет кітабын оқыдым. Мен тамаша адам — қазақ халқының ақыны Абаймен таныс-тым, оның сүйген қыздары — Тоғжанмен, Әйгерім-мен, оның абзал достарымен таныстым. Мен оларды жақсы көрдім, бейне ұзақ жыл бірге тұрып, қайғы-



қуанышын бірге бөліскен адамдай жақсы көрдім. Солармен бірге тіпті Сіздің дарқан даланын, тұнық ауасымен тыныстаған секілдімін. Айтты-айтпады, қазақ дегеніңіз ғаламат сұлу халық екен ғой!

Көркем шығарма адамға өмірді, міне, осылай танытады; таныта тұра, адамды тәрбиелейді. Бұл арадан келіп әдебиеттін, қоғам өміріндегі тағы бір тамаша маңы-зы шығады.

Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймайды, олардың сол өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тұрмыс-тіршілігіне әсер етеді. Әдебиет шежіресіне қарап отырсақ, мысалы, Чернышевскийдің “Не істеу керегін” оқыған оның замандастары роман геройларына еліктеп, әр алуан коммуналар құрыпты. Ал болғар халқының көсемі Г. Дмитров егер Рахметовтың үлгі-өнегесі болмаса, өзінің революционер болуы да қиын екенін жазған.

Н. Островскийдің “Құрыш қалай шынықтысында” Павка Корчагинге Лилиан Войничтің “Бөгелек” романы қалай әсер еткені суреттелетін. Ал Корчагиннің оқушы қауымға өз әсері қандай десеңізші!..

Отан соғысының майдандарында болған қазақ жауынгерлерінің қойынында Махамбет Өтемісовтің өлеңдері, Сәбит Мұқановтың “Ботакөз” романы жүргенін күнделікті баспасөз беттерінен талай оқыдық.

Осының бәрі көркем әдебиеттін, тәрбиелік мәнін дәлелдейді. Бірақ оның таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де тағы бір орасан күрделі әрі шешуші сырына негізделген. Ол — көркем әдебиеттің эстетикалық мәні. Енді соған тоқталайық.

Өнерге, өнердің, бір түрі — әдебиетке әркім өзінше анықтама берген. Біреулер оны — “шындықты сәулелендіру” десе, біреулер — “идеалдар жасау”, тағы біреу-лер — “бір адамның, сезімін екінші адамға ауыстыру” деген. Бұл ұғымдардың қай-қайсысында да белгілі дәрежеде шындық бар, бірақ толық тұжырым жоқ.

Қөркем әдебиеттін, құдіретті күшін, яки оның өмір таныту, адам тәрбиелеу жайын ғана емес, күллі қоғамдық-өзгертушілік қасиетін түсіну үшін, оның эстетика-лық табиғатын тану қажет.

Жә, эстетика деген не?

20

“Маркстік-лениндік эстетиканың негіздерін” ашып қарасақ, мынадай анықтама бар: “Эстетика дегеніміз — адамның шындыққа эстетикалық қарым-қатынасының жалпы даму заңдылығын әсіресе қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылми пән. Басқа сөзбен айтсақ, эстетика адамның шындыққа жалпы эс-тетикалыіқ қарым-қатынаеын әсіресе оның жоғарғы түрі боп табылатын өнерді зерттейді” *. Одан әрі кітаптың авторлары “эстетика — қоғамдық ғылым” екенін, эстетиканың философиямен байланысын жазады.



Дұрысын айтсақ, жоғарғы анықтама ұғымға тым ауыр, бұған қарап эстетиканы қолға ұстағандай дәйекті түсіне қою қиын. Ал енді өнердің не әдебирттің эстетика-лық мәнін қайтіп дәл, ұтымды түсінуге болады?

Глеб Успенскийдің “Тез” ** деген әңгімесі бар. Мұнда шын мағынасындағы өнер түындысының адамға әсері, адамның, көкірегіне күн орнатқандай ішкі дүниесін жайнатып, рухтандырар ғаламат эстетикалық күші, адамның мінез-құлқындағы, ұғым-нанымындағы қисаю, қайысу мен майысу атаулыны тура тезге салғандай түзеп, тіктеп жіберер “магиялық” қасиеті соншалық нәзік, терең және сұлу суреттелген. '

Ауыр тұрмыс еңсесін түсіріп, еркін алып, бар тағдыры “умашталған қолғаптай” бір уыс болған бір Тяпушкин дейтін бейшара мұғалім өзінің бай қожайындарымен бірге Парижге сапар шегіп барып, бір күні таңертең бойы дел-сал, басы мең-зең шаршаған қалпы, өздері жатқан мейманханадан шығады да, бет алды сенделіп жүріп, ойда жоқта Луврға кіріп, әлемге әйгілі Милос Венерасының қарсы алдында қалай қалшиып тұрғанын өзі : аңғармай қалады:

Музейге кірген бетте... түк те түсінгенім жок, тек шаршағанымды ғана сездім, құлағым шулады, шекем зіркілдеді, содан соң кенет тағы да аң-таң, неге екенін тағы да түсінбеймін, әдеттен тыс ақыл жетпес бір ғаламат әсермен Милос Венерасының маңдай алдына кеп тоқтағаным бар емес пе... оған қараймын да, өзіме өзім: “Маған “не болған, маған не болған?” — деп күбірлей беремін. Ә дегеннен, статуяны көрген сәттен өзімнен өзімнің сұрағаным осы болды, өйткені дәл осы мезеттен өзімнің үлкен қуанышқа кез болғанымды сездім... Осынау тас жұмбаққа көз алмай қарап тұрып, өзімнің, осы

* Маркстік-лениндік эстетиканың негіздері, М., 1961, 9—10-беттер.

** Тез — омоним: бұл арада жылдам деген ұғымда емес, түзеткіш мағынасында алынған. 3. Қ.

21

халге қалай түскенімді іздеумен болдым Бұ не, бұл? Менің мынау мығым, сарабдал, шат бітімімнің кұпиясы қайда, себебі неде, қайтіп түстім бұл күйге' Қой, мынау тас мүсіннің адам жанын құлпырту құпиясын түсіндірер сөз адам тілінде жоқ шығар



Бұл үзіндіде автордың “құпия” деп отырғаны — адамның өнер туындысынан алар эстетикалық әсері. Осындай ж а н т е б і р е н т е р , а д а м д ы б а у р а п

а л а р ә с е м ә с е р ж о қ ж е р д е ш ы н м а ғ ы н а с ы н д а ғ ы ө н е р

т уы н д ы с ы д а б о л м а ғ а н ы деп білу керек.

Көркем әдебиеттің адам өміріндегі мәнін сөз еткенде, бір бөлегі дүниеге көз-қарасына, бір бөлегі — мінезіне, бір бөлегі — талғамына ықпал жасайды деп, бет алды бұтарлау — қате. Әдеби шығарма адамның күллі ой-қиялын, сыр-сезімін түгел баурайдьг қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді.. Қысқасы, адамның көңіл күйінде сан-сапа құбылыстар туғызып, із қалдырады. Бұл — әдеби шығарманың эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген.

Успенский әңгімесіндегі Тяпушкиннің Милос Венерасын көргенде душар болған әлгі бір жан тебіренісінде өнер туындысына тән күллі қасиет — оның танымдық, тәрбиелік, эстетикалық мән-маңызы түгел сиып тұр. Осы әсерінің үстінде Тяпушкин ғаламат сұлу сезімге бөленді, өзі бұрын-соңды білмеген жаңалық ашты, сыр ұқты, дүние таныды, сол арқылы өзінің адамдық болмысын тәрбиеледі Тяпушкин “тас құпиядан” жер үстінде адам болу қандай бақыт екенін ұқты; сөйтті де, еңсесін көте-ріп, бойьш тіктеп, көңіл күйін көлдей шалқытып шыға келді. Шын өнер мен адам арасындағы қарым-қатынас осындай

Әдебиеттің әлеуметтік мәнін, оның қоғамдық өзгертушілік күшін осы тұрғыдан түсіну шарт.

ӘДЕБИЕТ -ҚОНДЫРМА

Сөз өнері — қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі орасан маңызды саласы. Ал қоғамдық сана (идеология) дегеніміз — белгілі бір таптың мақсаты мен мүддесіне сәйкес саяси, праволық, салттық, діни, көркемдік, философиялық көзқарастар жүйесі екені мәлім. Қоғамдықсананың басқа түрлері тәрізді әдебиет пеи өнёр де жалпы

22

ел “өмірінің ақиқат ағымы” (Маркс), яки материалдық (және соған негізделген рухани) тіршілік жағдайы болып табылатын әлеуметтік тұрмысына тәуелді Міне, дәл осы арадан келеді де көркем әдебиеттің қоғамның белгілі бір даму дәуіріндегі экономикалық құрылысына, яғни базиске негізделген қондырма екендігі айқындалады.



Дегенмен әдебиеттің қондырма екендігіне кезінде күмән келтірушілер де болды. Оны жасырудың қажеті жоқ. Қайта, олардың әдебиет қондырма емес дегендегі дәлелі не,— қондырма дегенге қарсылығы қандай,— оны да барлап байқаған артық болмайды.

Бірінші қарсылық. Қондырма базиспен бірге жоғалуға тиіс. Ал әдебиет ылғи олай бола бермейді. Айталық, өткен ғасырдағы феодалдық базис жоғалды, бірақ сол тұста туған Пушкин, Абай шығармалары әлі өмір сүріп келеді және өмір сүре бермек.

Екінші қарсылық. Қондырма базисті нығайтуға тиіс. Ал әдебиетте ылғи олай бола бермейді. Айталық, Пушкин, Абай шығармалары өз кезіндегі феодалдық базисті нығайтуға емес, әлсіретуге қызмет етті.

Үшінші қарсылық. Тіл жоқ жерде көркем әдебиет те жоқ. Ал тіл — кондырма емес.

Міне, осылар секілді толып жатқан дәлелдер арқылы әдебиеттің қондырма екендігін жоққа шығарушылар болғаны баршаға аян. Олар, тіпті, поэзияның ямб, хорей, дактиль, анапест, амфибрахий сияқты өлшемдері немесе жалпы силлабикалық, тоникалық жүйелері ғасырлар бойы барлық базистер тұсында бірдей жасап келе жатқандығын да әдебиеттің ешбір “экономикалық құрылысқа тәуелсіз” нәрсе екенше дәлел етіп ұсынған-ды

Бұл пікірлерге дау айтудан бүрын дәл осы қарсылықтардың қалай және неге байланысты туғанын білген жөн.

Мынадай қағида болғаны белгілі: “Базис қондырманы өзіне қызмет жасату үшін, өзінің қалыптасуы мен нығаюына белсенді көмектесу үшін, күні өткен көне базисті көне қондырмасымен қоса жоқ ету жолында күресу үшін туғызады>.

И. В. Гуторов өзінің “Советтік әдебиет тану ғылымының негіздері” деген кітабында жеке баска табыну кезінде философтарды, әдебиет және тіл зерттеушілерін тұйыққа тіреп, адастырып әкеткен осы қағида деп түйеді.

23

Әрине, әдебиетті қондырма емес деушілердің бұл қағиданы соқырдың қолындағы таяқтай ұстанғаны мәлім. Бірақ олардың мұнысы әріпшілдік екенін өз алдына қойғанда, марксшілдер қондырманың базиске тәуелді екенін, қондырманы базис тудыратынын айтумен қатар, қондырма нығайып, белсенді құрал дәрежесіне көтерілгеннен кейін, өзі өзгертуші күшке айналып, базиске әсер ете бастайтынын да ашық айтқан болатын. Сөйтіп, қондырманың бір бөлегі бұры'нғы базиспен бірге құрыса, бірқатары келешекте де мәнін сақтайтынын, енді бір алуаны, тіпті, келешек қондырмаға негіз боп қалатынын да атап көрсеткен-ді. Жоғарыда айтылған қағидаға жабыса кететін әріпшілдер осынау соңғы пікірлерді неге ұмыт қалдырған?



Ал Карл Маркске келетін болсақ, әдебиет пен өнердің базис пен қондырмаға қарым-қатысы туралы мәселені әлгідей буалдыр бұлтаққа салмастан, ап-анық, нақ-ты тарихи жағдайға байланысты затты шешкен болатын. Өзінің “Қосымша құн теорияларында” Маркс буржуазиялық-антогонистік коғамдағы өндіргіш күштер мен көркем творчествоның өз ара қарым-қатынастары жайлы мәселеге метафизикалық, буржуазиялық объективтік көзқарастарды сынай келіп, былай деген-ді: “Материал-дық өнім саласындағы антагонизм идеологиялық сословиенің қондырмасын қажет етеді, оның қызметі,— жақсы болсын яки жаман болсын,— жақсы, себебі қажет”*.

Маркстің осынау нағыз ғылми ойларына сүйенсек, өндірістік қарым-қатынастағы антагонизмге негізделген базис атаулының қандайы болмасын бір тұтас емес, бір-неше таптық антагонистік идеологиялық қондырма яки қоғамның әр тарап саяси, праволық, философиялық, діни, көркемдік көзқарастарын туғызып, соларға лайық антагонистік қоғамның өзі секілді таптық қайшылықтарға толы идеологиялық мекемелер мен ұйымдар құратынын түсіну қиын емес.

Әдебиет — қондырма емес деушілердің пікіріне біз, міне, дәл осы тұрғыдан дау айтамыз да, олармен айтысқа түсеміз.

Б і р і н ш і д е н, қондырма базиспен бірге жоғалуға тиіс, ал Пушкин, Абай шығармалары неге ұзақ жасайды дейтіндер Пушкиннің тұстастары Греч, Булгарин, Ку-

* К Маркс, Капитал, IV том, М, 1955, 263-бет.

24

кольник, Сеньковский шығармаларының немесе Абайдың тұстастары Мұрат, Әубәкір, Байтоқ, Жанұзақ шығармаларының феодалдық базиспен бірге тозып бітке-нін жоққа шығара ала ма? Әрине, жоққа шығара алмайды. Олай болса, Греч пен Булгарин, Мұрат пен Әубәкір шығармалары қондырма да, Пушкин мен Абай шығармалары қондырма болмағаны ма? Логика қайда? Маркстік-лениндік дүние танымның бутіндігі қайда?



Е к і н ш і д е н, қондырма базисті нығайтуға тиіс, ал Пушкин, Абай шығармалары оны неге әлсіретуге қызмет еткен дейтіндер — базис пен қондырманың диалектикалық қарым-қатынасын түсінбейтіндер немесе түсінгісі келмейтіндер. Әйтпесе, қай кездегі қандай базис болмасын, оны нығайтуға қызмет ететін идеология да, әлсіретуге қызмет ететін идеология да болатынын тусінбеу мүмкін емес. Оның үстіне, жоғарыда айтқанымыздай, қондырма базиске бейтарап емес екенін түсінбеу тағы мүмкіи емес. Ақыр-аяғында, жалпы қоғамдық даму сырын, белгілі дәуірдегі қоғамның хал-күйін, ортаны, уақытты, кеңістікті есепке алмау — тек жаттампаз догматиктерге ғана тән мінез.

Ү ш і н ш і д е н, тіл жоқ жерде көркем әдебиет те жоқ, ал тіл — қондырма емес деушілер тіл жоқ жерде философия да жоқ екенін жоққа шығара ала ма? Әрине, жоққа шығара алмайды. Олай болса, философияның қондырма екенін мойындайтындар әдебиеттің де қондырма екенін мойындамай тура алмаса керек-ті. Демек, әдебиет — қондырма.

Неге?

Алдымен әдебиет қоғамдық сананың түрі ретінде әр дәуірдің өз базисімен бірге туады: феодализм өз әдебиетін, капитализм өз әдебиетін, социализм өз әдебиетін туғызғандығын дәлелдеу артық.



Тіл олай емес, дәуірге де, дәуірлік базиске де тәуелсіз.

Әдебиет өзінің әлеуметтік табиғатында базиске, тап тағдырына, қоғамдық құрылыс тағдырына енжар қарай алмайды, оларды я жақтайды, я даттайды; олардың я дамуына ықпал жасайды, я құлдырауына әсер етеді.

Тіл олай емес, олардың бәріне бірдей ортақ және бейтарап.

Әдебиетті, тіл сияқты, қоғамдағы барлық тап бірге жасамайды, әр тап белгілі тарихи жағдайға сай өз әде-

25

биетін туғызады. Әрбір ұлттык мәдениетте екІ ұлттық мәдениет болатыны туралы лениндік қағида да онын осынау таптық сипатына куә Қысқасы, социализмге де-йінгі әдебиет ешқашан бүкіл халықтық әдебиет болған жоқ және болуы мүмкін емес. Бұлай болмаған жағдай-да әдебиет таптық, демек, қондырмалық сипатынан айырылар еді.



Әр дәуірдің әдебиетінде өз дәуірінің ізі сайрап жатады, әрбір әдеби туынды тек өз дәуіріне ғана тән. Демек, әдебиет,— тіл сияқты, бірнеше дәуірдің жемісі емес, бір ғана дәуірдің жемісі. Бұл да әдебиеттің қондырмалық сипатын дәлелдеген үстіне дәлелдей түседі.

Әдебиет — мәдениеттің бір бөлегі. Ал мәдениет — қондырма. Тіл олай емес екені мәлім.

Әдебиет қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың өндірістік қызметін тура емес, жанама түрде, тек базис арқылы ғана суреттеп көрсете алады. Ал тілдің қондырмадан өзгешелігінің бірі адамдардың өндірістік қызметімен тікелей байланысында жататынын, өйткені қондырма адамдардың өндірістік қызметімен тікелей байланыса алмайтынын дәлелдеп жату тағы да артық.

ӘДЕБИЕТТІҢ ТАПТЫҒЫ

Қөркем әдебиеттің идеологиялық сырын, қондырмалық сипатын анықтай келе, оның таптығы туралы мәселеге соқпай өтуге болмайды.

Ә д е б и е т — а қ и қ а т ө м і р д і ң с ы р л ы с ур е т і, х а л ы қ т ы ң к ө р -к е м т а р и х ы; шығарма арқауы — шындық. Біз бұл мәселелерге кейін толығы-рақ тоқталамыз. Жалғыз-ақ мына жайға көңіл аударғымыз келеді: өмірде не болса, соның бәрі көркем шығармаға өзек, оқиға боп ене бермейді. Жазушы өмірдегі сан-сапа шындықтан өзінің суреткерлік мақсатына керегін ғана таңдап алып, шығармасына арқау етеді. Бұл ретте ол өмір құбылыстарын өзінің дүние танымы мен әлеуметтік көзқарасы тұрғысынан саралайды. Ал суреткердің дүние танымы мен әлеуметтік көзқарасын ол өмір сүріп отырған қоғамдық орта белгілейді. Дәл осы арадан келеді де таптық қоғамда тіршілік еткен жазушының көзқарасындағы таптық сипат анықталады: ол белгілі бір таптык, мүлдеге ғана тәуелді, соған ғана қызмет етпек. Өйткені әдебиетші “қоғамда өмір сүре түра

26

коғамнан бостан бола алмайды” (Ленин). Ол — өзі қаласын, қаламасын — бәрі бір белгілі бір “таптың көзі, құлағы мен үні” (Горький) болмақ.



Демек, әдебиет — таптық.

Бірақ осыны мойындауда бір-біріне кереқар, екі түрлі қос қиыр түсінік бар.

Бірі — әдебиеттің таптығын жоққа шығару. Бұл — жаңалық емес, атам заманғы идеалистерден бастап, осы күнгі символистер мен формалистерге, кубистер мен экс-прессионистерге, сюрреалистер мен экзистенциалистерге дейін уағыздалып келе жатқан зиянды, кертартпа ұғым. Олардың уағызына бақсақ, әдебиет тіршілік “күйбендерінен” биік, өмірден аулақ, саясаттан тыс, “өнер өнер үшін” ғана болуға тиіс. Өмірдің өзінде ешқандай ажар да, көрік те жоқ. Ал әдебиет — әдемі зат. Демек, әдебиеттің мақсаты — өмірдің әлгі бір олқылығының орнын толтыру ғана.

“Молданың айтқанын істе, істегенін істеме” деген “емес пе, әлгідей уағыз айтқан серіл^рдің өзі тіршілік дүниесіне бейтарап қалса екен-ау, жоқ, әдебиетті бұқараға қызмет ету қабілетінен айырып, байлық пен мансап иелерінің рақатына — бой сергіту, көңіл көтеру құралына айналдырғысы келеді.

Әдебиеттің таптығын, қоғамдық қызметін жоққа шығарған мұндай кертартпа-лықты кезінде Белинский қатал сынаған болатын. Әдебиеттің “қоғамдық мақсатқа қызмет ету правосын тартып алу,— деген еді ұлы сыншы,— оны жоғары көтеру емес, құлдырату боп шығады; өйткені мұның өзі — оны нағыз жанды күшінен, яки ойсанасынан айыру... оны әлдекімдердің... ойыншығына айналдыру болып шығады”. Сонымен бірге Белинский “өнер өнер үшін” дегеннің жалған екенін, ондай өнер “ешқашан, ешқайда болмағанын” дәлелдей келіп, былай деп түйді: “Қазіргі шындыққа тамыр тартпаған кез келген поэзия, шындыққа сәуле түсірмеген кез келген поэзия,—еріккеннің ермегі... куыршақ ойнау.. қуыс кеуде кісілердің ісі.. ”

Әдебиеттің таптығын жоққа шығарушыларға бұдан артық ымырасыздык болуы мүмкін емес.

Енді осындайларға карама-қарсы қиырдағы бір ұғым — әдебиеттің таптығы дегенді тым саяз, шолақ тусіну, жалаң, жайдақ уағыздау. Мұндай ұғымдағылар әдебиетті де, әдеби шығарманы да эстетикалық табиға-

27

ты мен көркемдік қасиетінен жұрдай ғьш, жап-жалаңаш идеяға жаршы етіп қояды. Бұл — тұрпайы социология. Мұның зияны да, жоғарыда айткандай, кертартпа идеа-листерден кем деуге болмайды.



Ойлап тұрсақ, адамзат басынан кешкен алуан-алуан қоғамда әр турлі таптын болуы, тап тартысының болуы тым қиын, ойы-қыры, қия-қалтарысы көп, қосқыртыс нәрсе емес пе? Айталық, феодализм тұсында тап әр түрлі қоғамдық топ (сословие) киімін киіп жүреді. Қазақ топырағында, мысалы, үйір-үйір рулар болды. Бұлардың арасындағы алыс-жұлыс, мәселен, капитализм тұсындағы ап-ашық тап тартысынан өзгеше, бөлек. Демек, бұл шындықтың көркем әдебиеттегі сәулесі де өзінше оқшау. Осы ерекшелікті ескермеген жағдайда тұрпайы социология жаңғырықтары құлақ тұндырары сөзсіз.

Анау бір жылдарда баспасөз бетінен М. Әуезовтің “Абай” романы хақында” (1953) деген мақала оқығанымыз бар. Мақала сол тұста етек алган “ұр да жық” сынның үлгісі болатын. Мақалада әйгілі жазушымызға айтылмаған айып, тағылмаған кінә қалған жоқ. Ал классикалық эпопеяның “тас-талқаны” шыққан. Онда, ең жеңілі, Абай неге “бай-феодал жастарының ортасында, мақсатсыз, қарекетсіз, уақытын босқа өткізіп жүр”, “бай ауылдың молшылығы, Бөжейдің асы неге көркем суреттелген”, “ескі ауылдың қыздары ылғи сұлу болатыны несі” деген секілді тіпті сын көтермейтін “сын пікірлер” тізбөктеле келіп, ақыр-аяғында

“М. Әуезов революцияға дейінгі қазақ ауылындағы тап қайшылығының тігісін жатқызып... бүркемелеп көрсетті”,— деген байлау жасалды,— өз ара жауығысып жүрген рулар ғана, “күрес кедейлер мен байлар арасында емес, рулар арасында жүріп жатады”.

Бұл келтірілген мысалға дау айтып, айтыс ашып жатудың керегі жоқ. Мұндағы пікірлер соншалық солақай, сыңар жақ екені өзінен-өзі көрініп түр. Біздің бұл жол-ғы максатымыз, жалғыз-ақ әдебиеттің таптығы дегенді, әдеби шығармадағы тап қайшылығын суреттеудің шыншылдығы дегенді түсінбеу қандай ұшқарылыққа апаратынын рана аңғарту еді. Айтты-айтпады, өткен ғасырдағы тарихи шындықты суреттеп отырған М. Әуезов аталған романда ру мен ру арасындағы қайшылықтар мен тартыстарды көрсетпегенде нені көрсетуге тиіс? Қолдан баррикада жасап, бір жағына капиталистерді, бір жағы-

28

Мұнда да аз-кем ілгерілеу бар, бірақ бұл да онша дәйекті пікір емес. Бұған қол қойсақ, шаруалардың тұрмьіс-тіршілігінен жырақ шығармаларда халықтық сипатта болмай шығар еді. Одан соң бір кезде ауыз әдебиетінің бейнелеу тәсілімен, оқиға үлгісімен, сөз өрнегімен жазылған шығарма — халықтық шығарма деп танылып, мысал ретінде Пушкиннің “Руслан мен Людмиласы”, Лермонтовтың “Алпауыт Калашников туралы жыры” алынып жүрді. Бұған келіссек, сол Пушкиннің “Евгений Онегині” мен сол Лермонтовтың “Біздің заманның геройы” халықтық шығарма бола алмайтын сияқты.



Дегенмен А. С. Пушкиннің тұсында әдебиеттің халықтығы туралы ұғым біраз тереңдей келе жаңа сипатқа ауысты. Оған ұлы ақынның әдеби шығармадағы ха-лықтық қасиет, халықтық рух, әсіресе ұлттық ерекшелік жөнінде айтқан өз пікірлері де себеп болғанды. “Ауа райы, ел басқару сыңайы, сенім-наным жайы,—

! деп жазды Пушкин,— әр халыққа азды-көпті поэзия айнасына түскендей айрықша келбет береді. Әр халықтың тек өзіне ғана тиесілі ойлау және сезіну машығы, ұлан-ғайыр дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады”. Ал дәл осы тұрғыдагы

Н. И. Надеждиннің пікірі мынадай: “халықтық дегенді өз басым орыс адамының кескін-келбетін күллі өзге кісілерден ерекшелендіріп тұратын сыртқы һәм ішкі, тәни һәм рухани қасиеттердің қосындысы ч деп білемін. Қандай сословиеде болмасын, ағарту мен азаматтықтың қандай сатысында тұрмасын, орыс адамының тек өзіне ғана тән айрықша мінезі бар... Орыс ақылында өзіне тән айрықша бүкпе бар, орыс жігерінде өзіне тән айрықша серпін, айрықша оралым бар, сондай-ақ орыстың бет пІшінінде өзіне тән айрықша түр, айрықша сыр бар”.

Әдөбиеттің халықтығын бұлайша ұғынудың әжептәуір мәні бар екені даусыз. Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өсіп-өркендеген табиғи ортасына

лайық мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұның бәрі әр ұлттың өзіне тән өзгешеліктерін — сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі сырындағы ай-рықша сипаттарын да белгілейтіні хақ. Бұл өзгешеліктерді суреткер іздеп тауып, өз шығармасында суреттеп көрсетуге тиіс. Алайда әр ұлтқа тән мұндай айрықша

сипатты жалпы алып қараудың орнына жалпы мағынаға көшіріп, әдебиеттегі халықтық категорияны осыдан

31

ғана іздеу тағы да бір жақты, әрілесе ағат. Ленин бұл жайлы былай деп жазды: “Әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі ұлттық мәдениет бар. Пуришкевичтердің, Гучковтардың және Струвелердің великорустық мәдениеті бар,— ал мұнымен қатар Чернышевскийдің, Плехановтың аттарымен сипатталатын великорустық мәдениет те бар. Нақ осындай екі түрлі мәдениет, Германиядағы, Франциядағы, Англиядағы сияқты, украиндарда да, еврейлерде де, т. т. бар” *. Демек, ұлттық сипат халықтық сипатқа нық байланысты бола тұра оған ылғи сайма-сай келе бермейді, оған балау бола алмайды, оның орнын ауыстыра алмайды. Ұлттықтың ең таңдаулы сипаттары ғана — халықтық.



Ілгерішіл әдебиет пен өнер — әрқашан өмірдің мектебі, шындықтың шежіресі, сәулетті болашақтың болжаушысы. Мұндай әдебиет пен өнер әрқашан қиян-кескі идеялық күреспен дамып, өрлеп келеді. Мәселен, өнер ғасырлар бойы философия-мен бәсекеге түсіп, күндердің күнінде жер бетінде тек ғылым мен білім қалады да, өнер құриды деген қатал үкім де естіп көрді. Уақыт өтіп жатты. Дүниеге небір ғажайып суреткерлер, ғаламат көркем туындылар берген шын мәніндегі өнер құру былай тұрсын, өз басынан әр алуан ренессанстар кешірумен келеді. Өнердің мұншалық күші неде?

Ө н е р д і ң к ә у с е р т у ы н д ы с ы х а лы қ ө м ір і н і ң т е р е ң ж ә н е

м ө л д і р қ а й н а р ы н а н ш ы м ы р л а п ш ы ғ а д ы д а, с о л х а л ы қ т ы ң ө з і н і н, р у х а н и с у с ы н ы н а а й н а л а д ы. Горькийде мынадай нақыл бар: “Зевсті халық жасаған, Фидий тасқа қашаған”**. Рас-ақ. Шын мәніндегі өнерде халық даналығының таңбасы жатады. Демек, өнердің әлгідей жасампаз күші оның халықтан туып, халық қажетійе жарауында жатыр. Жер бетінде халық бар болса, халық өмірімен біте қайнаған, халық мақсатына қалтқысыз қызмет ететін өнер де бар. Әдебиет пен өнердің халықтырын, міне, осы тұрғыдан таныған жөн.

Халықтық деген терминді тұңғыш рет өткен ғасырдың бас жағында

П. А. Вяземокий ұсынды. Оның 1825 жылы А. С. Пушкиннін, “Бақшасарай фонтан-ына” алғы сөз ретінде жазған “Қітап бастырушы мен классіктің

* В И. Ленин, Шығармалар, А., 20-том, 18-бет. ** М. Горький, Шығармалар, 24-том, М., 1953, 34-бет.

32

кеңесуі” деген мақаласында классик “Сөз өнеріндегі халықтық деген не? Бұл фигура Аристотель пиитикасында да, Гораций пиитикасында да жоқ қой”, — десе, кітап бастырушы “Гораций пиитикасында жоқ, бірақ шығармаларында бар”, — дейді. Бұл — құнды пікір.



Сайып келгенде, әдебиеттің халықтығы туралы топшылауларды тұрлаулы түсінік қып қалыптастырған В. Г. Белинский болды. Халықтық дегенді ол альфа мен омега деп ұқты, нағыз көркем творчество бұдан ешқашан ажырай алмайды деп білді. Белинскийдің пікірінше, әдебиеттің өзі, бәрінен бұрын, “халық санасы”, “халықтың рухы”. Сонымен қатар ұлы сыншы “көп реттерде халық деген сөздің барып тұрған мағынасыз сөзге айналатынына”* қынжыла кеп, халық атын жамылып, құр күпсіген желбуаздарды өлгіре сынаған еді.

Халықтық — әдеби шығарманың терең мазмұнында жатқан түсінік.

Халықтық шығарманың тақырыбынан,белгілі бір тақырып арқылы автордың алға қойған мақ-

сатынан бастап, көркемдік шешімге дейін баратын, геройдың мінезін, дүние танымын, іс-әрекетін қамти келе автордың тілі мен стиліне, бағыты мен әдісіне, эстетикалық идеалына көшетін ұғым. Халықтық — ақындық қайнары, сөз өнерінің тамыр тартар топырағы. “Өнер — халықтікі, — деген еді Ленин Клара Цеткинге, — еңбекшілердің қалың бұқарасы арасына ол мейлінше терең тамыр жаюға тиіс; осы бұқараға түсінікті және ұнамды болуға тиіс; осы бұқараның ой-сезімін және жігерін біріктіріп, оларды алға ұмтылдыруы керек” **.

Халықтық сипат ең алдымен белгілі бір көркем шығармада күллі халықтық мәні бар мәселенің көтерілуіне жатады. Айталық, Абай өзінің бүкіл ақындық өнерінің өн бойында өзінің туған халқы үшін заманының ең іселелі мәселелерін көтеріп отырды. Ұлы ақынның реализмі мен гуманизмін өз алдына қойғанда, биік эстетикалық идеал тұрғысынан өзі өмір сүрген қоғамдық ортадағы керенаулық пен кеселді, оспадарлық пен опасыздықты сынау арқылы қазақ даласындағы феодализмнің дағдарысын көрсетуі — бүкілхалықтық күрделі мәселе— көтеруі болатын. Абай халықтығының бір шеті осында жатыр.

* В. Г. Белинский, Толық жинақ, III том, М, 1953, 181-бет.

** Ленин. ғажайып жан еді, Замандастарының естеліктері, А., 958, 565-бет.

33

Халық үшін маңызды мэселені көтеру бір бар да, оны халық тұрғысынан шешу не шешпеу бар. Демек, халықтықтың екінші шарты — көркем шығармада сурет-телген шындық алға тартқан келелі мәселені халық максаты мен мүддесіне сай шешу. Тағы да Абайдың ақындығын мысалға алуға болады. Ұлы ақын өзінің күллі көркем туындылары арқылы оқушы жұртты алға, арманға бастады, жарқын келешекке шақырды. Жамандықтан жирендіріп, жақсылыққа сүйсіндіре келе биік мұратқа мегзеді. Абай халықтығының екінші бір жағы осында жатыр.



Жоғарыда лениндік қағиданы еске салып, біз онда өнердің қалың бұқараға жақын, ұғымды болуы керектігін білдік. Дәл осы арада халықтықтың тағы бір сыры тұр. Нағыз халықтық шығарма халыққа жетімді, түсінікті болуы шарт. Талант неғүрлым ірі болса, соғұрлым қарапайым болатыны, көркем шығарма неғұрлым шебер жазылса, соғұрлым ұғымды болатыны мәлім. Абай өлеңдері даладағы қойшыға да, қаладағы ойшыл ғалымға да бірдей жетімді, екеуін бірдей тербетеді, екеуіне бірдей әсер етеді.

Сонымен, әдебиеттіқ халықтығы — оның халықтық ірі мәселелерді халыққа жетімді түрде халық мүддесіне сай көркем шешуі болып табылады.

Әдебиеттің халықтығының жоғары түрі — әдебиеттің партиялылығы.

ӘДЕБИЕТТІҢ ПАРТИЯЛЫЛЫҒЫ

К. Маркс пен Ф. Энгельс өткен ғасырдың орта тұсының өзінде-ақ революцияшыл пролетариаттық өз әдебиеті болуы қажеттігін ашып айтқан еді. Бұл пікірді Ф. Эн-гельстің Минна Қаутская мен Маргарита Гаркнеске жазған хаттарынан, әсіресе оның “Жаңа Рейн газетінде” қызмет атқарған немістің талантты ақыны Георг Веертті “неміс пролетариатының бірінші және бірегей ірі ақыны” * деп атағанынан айқын көруге болады.

Бұл қағида одан әрі қарай В. И. Лениннін, партиялық әдебиет жайлы данышпандық еңбегінде дамытылды. Ленин өзінің 1905 жылы жазған “Партиялық ұйым

Қ. Маркс пен Ф. Энгельс өнер туралы. М., 1957, 2-том, 360-бет.

34

мен партиялық әдебиет”* деген мақаласында социалистік революция мен коммунизм құру дәуірінде көркем әдебиеттің болмысы мен бітімі қандай болу керектігін талдап түсіндірді. “Әдебиет партиялық әдебиет болуға тиіс,— деді Ленин.— Буржуазиялық мінез-құлықка қарама-қарсы, буржуазиялық кәсіп иелеріне тән, жалдаптық баспасөзге қарама-қарсы, буржуазиялық әдеби мансапқорлыққа, жекешілдікке, “бариндік анархизмге” және пайдакүнемдікке түсушілікке қарама-қарсы социалистік пролетариат партиялық әдебиеттің принципін ұсынуға, осы принципті дамытып, мүмкіншілігінше неғұрлым толық және тұтас формада оны жүзеге асыруға тиіс”.



Лениннің партиялық әдебиет туралы мұншалық ашық және батыл ұсынысы кезінде талайларды теңселтіп жіберген: Н. Минский, Д. Мережковский, Н. Бердяев, тіпті В. Брюсовка дейін жоғарыдағы лениндік қағидаға қарсы шықты. Олар жалпы адам баласына тән және ортақ өнер жекелеген таптық мүлдеге де, саяси мақсатқа да қызмет етпейді, жалпы мен жалқыны бұлайша жанастыруға болмайды деп даурықты. Лениннін, мақаласы жарияланып, оның қағидалары социалистік реализм әдебиетінін, идеологиялық ірге тасына, идеялық негізіне айналғалы жарты ғасырдан артық уақыт өтті, бірақ әдебиеттің “баршаға бірдей ортақтығы”, “әдебиетшінің дара-қара басының бостандығы”, суреткерлік өнердің “абсолюттік еркіндігі” жайлы даурығулар әлі күнге гулеумен келеді.

Мұны Ленин де білген және дәл әлгі мақалада бостандық жақтаушы интеллигент-тердін, бірі болмаса бірі айғай сап: “Қалай? Сіз, әдеби шығарма сияқты, мәнерлі жеке бастық істі коллективтікке бағындырғыңыз келе ме? Сіз жұмысшылардың ғылым, философия, эстетика мәселелерін көпшілік дауыспен шешуін тілейсіз бе? Сіз абсолюттік-жеке бастық идеялық шығарманьщ абсолюттік еркіндігін жоққа шығарып отырсыз!” — деп, қарсыласатынын айта келіп, бұл қарсылыққа былай жауап береді: “—Тынышталыңыздар, мырзалар! Біріншіден, сөз партиялық әдебиет туралы және оның партиялық бақылауға бағынуы туралы болып отыр. Әрбір адам ешбір тежеусіз не тілесе соны жазуға, айтуға ерікті. Бірақ әрбір ерікті одақ (онын, ішінде партия) бейпартиялық



В И Ленин, Шыгармалар, 10 том, 29—35-беттер

35

көзқарастарды уағыздау үшін партиянық фирмасын даланатын мүшелерді қуып шығуға да ерікті. Сөз бен баспасөз бостандығы толық болуға тиіс. Бірақ одақтар бостандығы да толық болуға тиіс қой. Мен, сөз бостандығы үшін, саған айғайлауға, өтірік айтуға және нені болса, соны жазуға толық право беруге міндеттімін. Бірақ сен маған, одақтар бостандығы үшін, белгілі бір нәрсені айтатын адамдармен одақ жасауға немесе одақты бұзуға право беруге міндеттісің. Партия дегеніміз ерікті одақ, егер ол одақ бейпартиялық көзқарастарды уағыздайтын мүшелерден өзін тазартпаса, ол әуелі идея жағынан, ал сонан оон, материалдық жағынан сөзсіз аз-ғындаған болар еді”.



Дүниедегі барлық құбылыс бір орында тұрмайтынын, әрқашан ағыста, қозғалыста болатынын баяғы бабалар заманында Гераклит айтқан. “Өмір, дүние дегенін, ағып жатқан су екен” деген Абай адам баласынын, өтіп жатқан уақытқа үстемдік ете алмайтынын, кешегі күнін бүгінгіге қайтару не қайталату қолынан келмейтінін де айтқан:

Сағаттың шықылдағы емес ермек,

һәмишә өмір өтпек—ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді, тағдыр жоқ, қайта келмек.

Ал осындай үнемі қозғалыстағы, қимыл үстіндегі өмірде тіршілік етіп отырып, қимылсыз, қозғалыссыз қалу, “сағаттың шықылдағын ермек” ету, жьш-жырт ты-ныштықта жатып алу мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес. Қоғамның қозғалысын, ілгерілеуін мойындасақ, әлгідей “азатшылдарды” Н. Шамотаның “Творчестволық еркіндік туралы” кітабында поезға билетсіз мінген жолаушылармен салыстырып, прогрестің көз бояушы “қояндары” деп айыптауы орынды. Бұл ретте де Лениннің қоғамда өмір сүре тұра қоғамнан азат болуға болмайтыны жайлы пікірі — ақиқат-тың ақиқаты. Әлгі бір әйгілі мақаласында Ленин мұны да мүқият түсіндіре келе, буржуазиялық жекешіл мырзалардын, “абсолюттік бостандық” туралы даурықпа сөздерінің бәрі екіжүзділік екенін әшкерелейді: “Ақша өктемдігіне негізделген қоғамда,— дейді ол,— енбекшілер бұқарасы қайыршы болып отырған және бір топ байлардын, арам тамақ болып отырған қоғамында, нақты және шын “бостандық” болуы мүмкін емес”.

36

Одан әрі Ленин буржуазиялық қоғамда өмір сүріп отырған жазушы мырзаның буржуазиялық баспадан, буржуазия талабынан бостан бола алмайтынын, сол ат төбеліндей ақшалыларға қызмет ететінін, “буржуазиялық жазушының, суретшінің, актрисаның бостандығы дегеніміз — ақшалы қалтаға, сатқындыққа, тамағын асырауға бүркемеленген (немесе екіжүзділікпен бүркемеленген) тәуелділік деген сөз” екенін айта келіп, мұндай екі жүзді “бостан” әдебиетке “шын ерікті пролета-риатпен ашық байланысты әдебиетті қарама-қарсы қою арқылы әлгі екіжүзділікті әшкерелеу” керектігін, “жалған бүркеншікті сыпырып тастау” керектігін аңғартады.



Сонымен, қандай бір қоғамдық құрылыс кезі болмасын, таптан тыс әдебиет болмайды және бейпартиялық әдебиет болмайды.

Әдебиет белгілі бір әлеуметтік топтың қоғамдық мүддесінен бостан бола алмайды. Олай болса,— дейді Ленин,— “әдеби іс, жалпы алғанда, пролетарлық іске тәуелсіз, жеке адамдық іс бола алмайды. Бейпартиялық әдебиетшілер құрысын! Адамдардан жоғары тұратын әдебиетшілер құрысын! Әдеби іс жалпы пролетарлық істің бір бөлегі, бүкіл жұмысшы табының саналы авангардының бәрін қозғалысқа келтіретін бір тұтас, ұлы социал-демократиялық механизмнің, “тегершігі мен вин-ті” болуға тиіс. Әдеби іс ұйымдасқан, жоспарлы, біріккен социал-демократиялық жұмыстың негізгі бөлімі болуға тиіс”. Дәл осы арадан келеді де, әдебиет қоғамдық сананын, бір түрі ретінде адамдарды тәрбиелеудің күшті құралы екендігін ескере тұра, әдеби іске партиялық басшылық жасау керектігі күн тәртібіне қойылады. “Әдебитшілер партия ұйымдарына сөзсіз кіруге тиісті, Баспалар мен складтар, магазиндер мен оқу үйлері, кітапханалар мен кітаптарды түрліше сату істері — осы-ның бәрі партиялық, есепті іс болуға тиіс. Ұйымдасқан социалистік пролетариат осы жұмыстың бәрін қадағалап, оның бәрін бақылап отыруға тиіс, бірін қалдырмай осы жұмыстың бәріне орамды пролетарлық істің жігерлі бағытын енгізіп отыруға тиіс, сөйтіп, ескі, жартылай обломовтық, жартылай жалдаптық россиялық принциптің: жазушынікі — жазу, оқушынікі — оқу деген принциптің бар негізін жұлып тастап отыру керек” (Ленин).

Мұны айтқанда Ленин, сөз жоқ, көркем әдебиеттің табиғатын тани отыра, әдеби істің өзіне тән ерекшелігін

37

біле тұра, әдеби творчествонын, психологиясын нәзік түсіне тұра айтты Сондықтан әдебиетке партиялық басшылқтың қандай болу керек екенін де атап өтті: “Талас жоқ,— деді Ленин,— әдеби іс жай ғана теңгермешілікке, тігісін жатқызушылыққа, азшылыққа көпшіліктің үстемдік етуіне онша көп көне бермейді. Талас жоқ, бұл істе жеке бастың ынта-жігеріне, жеке бастың әуестенушілігіне үлкен кеңшілік болуын, пікірмен шарыктаған ойға, пішін мен мазмұнға кеңшілік болуын сөзсіз қамтамасыз ету қажет”. Сонда суреткерден Лениннің, талап етш отырған партиялылығы оның белгілі бір партия ұйымы ның есебінде тұруы емес, дүние танымындағы партиялы-лық, өзі суреттеп отырған өмір құбылысына көзқарасындағы партиялылық, сурет-керлік шеберлік пен шығарманың шынайы көркемдігі арқылы жинақталған идея-дағы мөлдір тазалық. Партиялылық әр суреткердің ішкі творчестволық қажеттілігі-не айналуы керек, творчестволық табиғатына дарып-сіңуі, онын, табиғи қасиетіне айналуы шарт. Сонда мұндай суреткер халықтық творчествоньщ сара жолына түс-еді, өмірдегі күйкі нәрселерді емес, еқ кесек, құнды, күрделі қүбылыстарды талғампаздықпен жинақтап көрсете алады. Мұның өзі суреткерді натурализм батпағынан сақтандырып, реализм даңғылына апарады. Мұндай суреткердің, ой-өрісі кең, көкжиегі алыс, тұрғысы биік, сезімі шалқар, талғамы жоғары болмақ.



Т в о р ч е с т в о н ы н, е р к і н д і г і' қ а р ғ а а д ы м д ы қ о р а ш с е з і м д і –

л ер д і ң ә л д е қ а л а й м е ш а н д ы қ қ ы л т ы ң-с ы'л т ы ң ы е м е с, ой-сана-сына шын мәніндегі халықтықтан өсіп-өрбіп шыққан партиялылық таңғы таза ауадай тараған дарынды суреткердің өз өнерінің шырқау биігінде, ашық аспанында еркін парлауы, самғауы болып табылады. Міне, мұндай суреткерлер творчество-сымен байып, дамыған әдебиег “нағыз ерікті әдебиет болады, себебі онын, қатарына көптеген жаңа күштерді пайдакүнемдік пен мансапқорлық тартпайды, социализм идеясы мен еңбекшілерге ниеттестік тартатын болады. Бұл нағыз ерікті әдебиет болады, себебі: ол ретсіз тойынғандықтан маубастанған кейіпкерге, семіздіктен қайғы тартқан және азап шеккен “жоғарғы он мыңдарға” қызмет етпейді, елдің гүлі, оньщ күші, оның болашағы болатын миллиондаған, он миллиондаған еқбекшілерге қызмет етеді” (Ленин).



Каталог: Книги
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет