3-деңгей тренері портфолиосын бағалау



Дата06.07.2018
өлшемі37,53 Kb.
#47369
3-ДЕҢГЕЙ ТРЕНЕРІ ПОРТФОЛИОСЫН БАҒАЛАУ

Портфолионың титулдық бетінде тренер қысқа, алайда маңызды ақпарат келтіруі керек:

• мұғалім және/немесе тренер ретіндегі кәсіби тәжірибесі;

• қазіргі кезде қызмет жасайтын орны;

• қазіргі қызметі және міндеттері;

• оқытқан және бағалайтын тобы жайында қысқаша мәлімет.



Тиімділік критерийлері мен стандарттарға сәйкестігін айғақтау үшін тренер портфолиосында келесідей дәлелдеме-құжаттар болуы қажет:



Құжат атауы

Көлемі

Мерзімі

Портфолио бағалау критериилері

А


Түйінді идеяларды білуі мен түсінуі

Әрекеттегі зерттеу жобасы туралы есеп (4000 сөз) – мынадай дәлелдермен:

  • Тақырыпты таңдаудағы мұқият ойланған негіздеме және ол Бағдарламаның жеті модулінің бірі қалай үйлеседі

  • Практикадағы өзгерістер туралы есебі – жақсы айқындалған және түсіндірілген өзгерістер

  • Деректер жинау тәсілін сипаттау және оларды таңдаудағы негіздемесі

  • Деректер жинау кезіндегі басты нәтижелерді сипаттау

  • Жоспарланған жаңа енгізілімдерді және олардың салдарын негіздеу үшін деректерді талдау, сондай-ақ жақсы өзгерістер бар ма? Егер бар болса, оларды дәлелдейтін деректер қамтамасыз етілуі керек, егер дәлеледер жоқ болса, онда болашақта әрекеттегі зерттеуде қандай өзгерістер қамтамасыз етілуі, айқындалуы керек

  • Жобаны орындау кезінде кездескен қиындықтарды сипаттау және шектеу факторларын талдау

4000 сөз




Бұл есептің бағалауы оның мазмұнындағы бар дәлелдемелердің талдауында құрылуы тиіс:

  • Бағдарламаның 7 модулінің біріне сәйкес тақырыпты таңдауы негізделген ба?

  • Жаңашылдықты енгізу қажеттілікті куәландыратын практикадағы өзгерістер жазылған ба?

  • Деректерді жинай әдісі және оларды таңдауы негізделгені жазылды ма?

  • Жиналған деректердің талдауы, жаңашылдықты жоспарлау үшін және оның арты негіздеу үшін талданғандығы берілді ме?

  • Жобаны орындау кезде Сіз қандай қиыншылықтармен кездестіңіздер?

  • Зерттеудің нәтижелері Сіздің болашақ тәжірибеңізге қаншалықты ықпалын тигізеді?

  • Есепте зерттеуді нәтижелерін өз практикаңызда тиімді пайдананғаныңыз туралы қорытынды мен ұсыныстарыңыз берілген ба?

  • Есепте зерттеу нәтижелерін практикада жетілдіруіңіз туралы ұсыныстарыңызды келтірдіңіз бе?






В Тиімді практика

В 1


Жоспарлау

Жоспарлау: 4 дәйекті сабақ жоспары – дәлелмен:

  • Нақты құрылымы бар бірізді (тізбектелген) жоспар және нақты айқындалған мақсаттар мен міндеттер (анық тұжырымдалған)

  • Мұғалімдердің тұлға ретінде және топ ретінде қажеттіліктерін қамтамасыз ететін жоспарлардың қалай жасалғандығы

  • Мұғалімдерді оқып үйренуге және сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін түрлі әдістер

  • Оқытудағы және үйренудегі жаңа тәсілдер конструктивизм әдістері арқылы қалай жүзеге асырылады

  • Формативті бағалау сабақтарға қалай енгізілген және үйренуді бақылау мен қолдау көрсетуде қалай қолданылған

  • Мұғалімдердің үйренуіне ықпал ететін дұрыс дайындалған оқу материалдары мен қолданыс көздері

Сабақтарды жоспарлаудағы таңдалынған тәсілдердің қысқаша негіздемесі

Қысқа комментариида Сіз неге осы тәсілді таңдағаныңызды түсіндіру қажет.




4 жоспар жазбасы + 250 сөз комментарий




Есепті бағалау ұсынылған дәлелдемлердің талдауында болуы тиіс:

  • Ұсынылған сабақтар жоспарының мазмұны курстың негізгі идеясын көрсетеді ма?

  • Сабақ міндеттері мақсаттарға сай келеді ма?

  • Тренердің ұсынған тапсырмалары мұғалімдердің қажеттіліктеріне ықпалын тигізді ме және олардың сыни ойлауын дамытады ма?

  • Оқытуда қолданған формалар мен әдістер курстың түйінді идеяларын оқу үдерісіне ықпалдастырылуы, кіріктірілуі қарастырылды ма?

  • Тренердің орнатқан оқыту ортасы тыңдаушылардың құндылықтарын, жүйелі көруін, оқытудағы жаңа тәсілдерді жүзеге асыру үшін қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға ықпалын тигізеді ме?

  • Болашақта мұғалімдердің практикасын жақсарту мақсатында олардың оқуы мен оқытуын бағалауы жүргізіледі ме?

  • Тренер қолданған қосымша ақпарат көздері сындарлы, тұлғаны бағыттау тәсілдерді қамтиды ма?

Бағдарламаның түйінді идеялары мен модуль мазмұнына қарсы келмейді ма?

В2

Сабақ беру: өткізілген 4 сабақ бойынша құжаттар (жазбалар) төмендегі деректерді қамтиды:

  • Іс жүзінде қолдануға болатын оқыту және үйренудегі сынға алынатын мәселелер жазылған тренерлердің рефлективті журналының скан көшірмесі (4 сабақ бойынша)

  • Түрлі тапсырмаларда мұғалімдердің қатысуын және белсенді үйренуін көрсететін фотосуреттер (6 дейін)

  • Үйрену және оқытуды негізге алатын, сонымен қатар рефлективті практикада қолдануға болатын мұғалімдер пікірі

  • Болашақта практиканы жетілдіру үшін - эксперттің, әріптестің немесе тәлімгердің бақылау жөніндегі пікірі

  • Сыни жағдайлардың шынайы презентациясын жасау мақсатындағы жазбалардың сәйкестігі жайында қысқаша негіздеме (комментарии)

Мұғалімдердің оқып үйренуінде қолдау көрсетілетіні және сыныптағы жағдайды тиімді басқаруын көрсететін қысқа видео (бар болса)

комментарий 250 сөз+ құжаттар




Осы дәлелдемелерді бағалаған кеде төмендегілерге назар аудару қажет:

  • Аталған құжаттардың барлығы жазбалар ретінде берілуі керек (дәлелдеме құжат). Рефлексивті есеп немесе баяндау болмауы қажет;

  • (250 сөз) қысқа комментарий сіздің ұсынған құжаттарыңыз/жазбаларыңыз қалайша осы маңызды оқиғалардың аутентикалық көрінісін құрайтындығы туралы түсіндіру қажет.

В3

. Бағалау: Формативті және суммативті бағалау жөніндегі (құжаттар) жазбалар - төмендегі деректер

Формативті бағалаудың екі жазбасы –

  • Формативті бағалаудың бірінші жазбасы - тренердің сабақ уақытында жасаған пікірлері, ол мұғалімдердің үйренуі мен тәжірибесіне жақсы ықпал етуді және бақылауды көздейді

  • Екінші жазба - мұғалімдердің портфолиосын жасау барысында формативті бағалауы. Бұл жазбаша пікір мұғалімдердің үйренуі мен тәжірибесін дамытуға әсер етуді және қажетті деңгейге жету үшін не жасау керектігін көрсетуді көздейді

  • Мұғалімдердің үйренуі мен тәжірибесін формативті бағалаудағы тәсілдерді түсіндіретін қысқаша негіздеме (комментарии)


2 жазбаша құжат – төмендегілерді тексеру кезінде суммативті бағалауды жүргізгендіңіздің дәлелі:

  • Мұғалімдер портфолиосын суммативті бағалау шешімі және бағалауды растайтын нақты пікір

  • Мұғалімдер презентациясының (тұсаукесер) суммативті бағалау шешімі және бағалауды растайтын нақты пікір

Мұғалімдердің үйренуі мен тәжірибесін суммативті бағалаудағы тәсілдерді түсіндіретін қысқаша негіздеме (комментарии)

250 сөз + 2 жазба формативті бағалау туралы

2 жазба суммативті бағалау бойынша +250 сөз комментарий







Осы бөлімнің дәлелдемелерін бағалағанда төмендегіге назар аударыңыз:

  • Барлық талаптағы дәлелдемелер жазбалар/құжаттар-пікірлер болу керек. Рефлективті есеп немесе баяндау болмауы қажет;

  • (250 сөз) қысқа комментарий сізбағалауда осы немесе басқа тәсілді таңдағаныңызды түсіндіру қажет.




В4

Өткізілген төрт сабақты талдайтын есеп (1500 сөз)


  • Осы сабақтар барысында мұғалімдердің оқуы қаншалықты табысты өткені жайында

  • барлық мақсат, міндеттерге қол жеткізілді ме, егер жеткізілсе қалай жеткізілді, жеткізілмесе неге?

  • мұғалімдердің тұлға ретінде және топ ретінде қажеттіліктері қамтамасыз етілді ме, қамтасыз етілсе қалай, етілмесе неге?

  • мұғалімдер үйренуге қатысты ма және төрт сабақ бойы тапсырма орындауға қатысты ма?

  • мұғалімдер үйренуге қызығушылық білдірді ме және сыни тұрғыдан ойлануға мүмкіндік туды ма, егер болса қалай, болмаса неге?

  • конструктивизм тәсілі оқыту мен үйренуді тиімді етті ме, етсе қалай, етпесе неге?

  • формативті бағалауды сабақта қолдану мұғалімдердің үйренуіндегі басқару мен қолдауға ықпал етті ме, етсе қалай, етпесе неге?

  • үйрену материалдары мен қолданыс көздері мұғалімдердің үйренуіне көмектесті ме, көмектессе қалай, көмектеспесе неге?

  • Өз практикаңыздың күшті және әлсіз жақтары, сонымен қатар мұғалімдеріңізге жаңа педагогикалық тәсілдерді оқытуда нені жетілдіру қажеттігі жайында

1500 сөз




Есепті бағалау оның мазмұнындағы бар дәлелдерді талдау бойынша болу керек:

  • Осы сессиялар кезінде мұғалімдерді оқыту қаншалықты табысты болды?

  • Бейнеленген оқу ортасы мұғалімдердің қалыптасуына ықпалын тигізеді ма?

  • Тыңдаушылардың тәжірибесі оқыту негізі болып қолданылады ма?

  • Пайдаланған материалдар мен ресурстар қолданыста логикалы және бірізді ме?

  • Аудиториядағы тыңдаушылардың ерекшеліктерін есепке алып стратегиялар, формалар, әдіс-тәсілдердің бейнелеуі берілген ба?

  • Есепте тыңдаушылардың бағалау әрекеттерін тиімді пайдалануы туралы талдау көрсетілген бе?

  • Оқыту кезінде тыңдаушыларда кездескен қиыншылықтар, проблемалар олардың себеп –салдары талданылады ма?

  • Болашақта мұғалімдерді жаңа тәсілдерді оқытуда өз практикаңызда нені жетілдіру керек?

  • Тренер практикасында келешекте өзгерістер жөніндегі сындарлы ұсыныстар мен қорытындылар берілген ба?

С

Рефлексия және даму

Өзіндік үйренудегі рефлективті есеп және келешекте тәжірибе қалай өзгереді (1500 сөз): төмендегі деректерді қамтиды

  • Мұғалімдерді оқыту барысында және оқыту арқылы Сіз өзіңіздің практикаңыз туралы не білдіңіз

  • Сабақ беру мен оқытуға қазіргі теорияларды, идеяларды, тәсілдерді қолдану мүмкіндіктері бойынша рефлексия нәтижесінде тренер ретіндегі өз практикаңыз қалай өзгереді – бұл идеялар келешектегі үйрену мен тәжірибені өзгертуге әсер етеді

Болашақта ұқсас тренинг курстарын өткізген кезде өзіңіздің тренерлік практикаңызға нақты қандай өзгерістер енгізуді жоспарлап отырсыз

1500 сөз




Есепті бағалау оның мазмұнындағы бар дәлелдерді талдау бойынша болу керек:

  • Мұғалімдерді оқыту арқылы және оқыту барысында Сіз өзіңіздің практикаңыз туралы не білдіңіз?

  • Заманауи теорияға қатысты және оқу мен оқытудағы идеялар мен тәсілдерді рефлексиядан өткізу нәтижесінде Сіздің тренер ретінде практикаңыз қалайша өзгереді?

  • Болашақта тренерлік практикаңызға нақты қандай өзгерістер енгізуді жоспарлайсыз?



Эксперттің пікірі












8000 сөз







Каталог: public -> 091013
public -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
public -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
public -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
091013 -> 3-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау мұҒалім портфолиосының сыртқы беті
091013 -> Презентацияны бағалау критерийлері 1
091013 -> 1-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> І деңгей мұҒалімінің портфолио жасақтауына қойылатын талаптар
091013 -> 2-деңгей тренері портфолиосын бағалау
091013 -> 2-ші деңгей мұҒалімінің портфолиосын бағалау портфолионың титулдық бетінде мұғалім туралы қысқаша, алайда маңызды


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет