3 І тарау. XVII ғасыр аяғымен XVIII ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық саяси жағдай


ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық жағдайы



бет3/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5412
1   2   3

2.2. ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басындағы қазақ халқының қоғамдық жағдайы

1680 жылы, Қазыбек он үш жасқа толғанда кейінде Әз Теуке атанған. Тәуке қазақ хандығының тағына отырып еді. Есім ханның кезінде "алты алаш" атанып: қазақтың үш жүзі мен ноғай, башқұрт, өзбекті құраған қазақ даласындағы хандыктың бірлігі, әлсіреп, ноғай, басқұрт, өзбек одақтары ыдырап, енді төрт алаш атауымен үш жүзге қырғыз ұлысы қосылып, Тәукенің қол астына жиналып қалған еді. Осы төрт алаштың басына төрт биді - Ұлы жүзге Төлені, Орта жүзге Қазыбекті, Кіші жүзге Әйтекені және қырғыз биін қырғыз ұлысына солар арқылы ел басқару тізгінін өз қолында ұстап отырған.

Тәуке тұсында қазақтың шығыстағы көршісі - Жоңғария фашистік-феодалдық хандығының негізгі халқы - ойраттар ат арқасын құрғатпай жиі-шабуылдап тұрған ғой. Бірде ойрат, бірде қазақ жеңіп, ит-жығыс түсіп жатқан жерде елшіліктің мәмілегерліктің ықпалы болады. Сондайда атақты үш бидің еңбегі ерекше сіңген.

1710-11 жылдары қазақ ойрат шабуылдары кезіндз қазақтар ойратты біраз тықсырып, сәл де болса үстемдеу шығыпты. Осыдан кейін жоңғар хандығы бұрынғыдай өршуін тежеп бітімшілікке шақырғаны тарихтан аян. Осы бітімшілікке барған ерекшеліктің ішінде Қазыбек би де болған деп кесіп ғұмырында Жонғария хандығына елшілік, бітімшілік, мәмлетерлік міндетпен үш рет барған Қаз дауысты Қазыбек нақ осы жылдарда Ойраттар да болуға тиіс. Әрине дәл осы елшілік жөнінде жазылған құжаттың Әзірше жоқтығын ескерсек, ел аузындағы аңыз әңгімелер шындық сүрлеуіне бастар бірден бір адастырмас.

Халық тағдырының қиын-қыстау шағында, ел өмірінен аса қиын кезеңінде шұғыл жасайтын құбылыстар - төңкерістер, өзгерістер, реформалар. Әр заманда сол халықты билеген әкімнің басшының пәрменді әрекетімен тікелей байланысты болған. Осы тұста казакжүртының болашағын, туған халқының тарихтан өшіп кетпеуін тілгене Тәукенің, әл аузында құрметпен Әз Тәуке аталған ұлы ханның еңбегін ерекше атап кеткеніміз жөн. Ол хандық құрған 1380-1718 жылдары тұстық бас кезінде бір орталыққа бағынған бұрынғы дербес қазақ мемлекетінің тұтастығына сызат түсе бастаған еді. Шыңғыс хан тұқымынан тараған терелер елді іштен ірітсе, сырттан теріскей көршісі Ресей патшалығы мен шығысындағы Жоңғария хандығы қорқаулана қоршай түскен болатын.

Бірінші Петр тұсында қатты дәуірлеген Ресей оңтүстік пен шығысқа құлашын кең созып, империясын барынша жанталаса жатқан әрекет жасап жаткан кезі еді. Ол дәл осы кезеңде қазақ жұртының іргесінен дамылсыз шаң боратып, шабуылы мен шаңдуылын үдетіп жоңғар феодалдық- фашистік хандығы қатты бел алып тұрғанды. Ол аздай-ақ Бұқар мен Хиуа хандыктары, тәменгі қалмақтар мен башқұрттар " түрт шайтанды қоздырып қойып, саяқ шыққан қазақтың мал мен жанын жұтып, құнығып алған еді.

Сондықтан да Әз Тәуке шығысындағы ойраттардан тәнген қауіптің алдын алу үшін батысындағы орыс патшалығымен барлық қарым-қатыаасты түзеуге мейлінше күш салған. Сауда саттық елші алмастыру, диплоглатиялық байланыстарды жандандыруда Тәукенің қызметі өте мол және де оның қазақ хандығын бас сауғалаған керіптер күйде ұсынбай, іргелі ел темірқазықты мемлекет дәражесінде қабылдатып, батыс-шығыс көршілерімен нығын "теңес-тіріп, терезесін тең ұстап сөйлеуді дәстүрге айқалдырғаны көптеген архивті құжаттардан белгілі.

Болашақтағы мен көрегендігі қауіп-қатердің алдың алғызып, қазақ жұртына төне бастаған зобалаңның бұлты мен түтінін бұрып жібертіп отырғаны да тарихтан мәлім.

Әз Тәукені сыртқы басқыншылардан да гөрі әсіресе, ішкі алауыздық қатты қобалжытқан ғой. Содан да ол осы бас араздық, ру таласы, іштей арбасу, аяқтан жау, шоқ тастап өрт тұтату, үй арасының шаңын қоюлататын даужакжал, ұйқыны алып, шырық бұзатын барымта, сырымталады азайту, тәжеу өшіру үшін хандықтың ішкі жағдайына ерекше назар аударып, мемлекетінің күш-қуатын арттыруды алдына үлкен максат қып - қойғанды. Сол мақсаттың түп қазығы - Ұлы жүзде билік құрған үйсін Төле бидің, Орта жүзде, әділ қазылық жасаған Қаз дауысты Қазыбектің, Кіші жүзде әділеттік жүргізген Алшын Әйтеке бидің қатысуымен дүниеге келген "Жеті жарғы" еді. Қазақ даласының ережесі қаиғадаларының үлгісі нұсқасы халықтың, салт-дәстүрінің әсем - жиынтығы- "Жеті жарғы қазақ қоғамына бір-тұтастық беріп, ынтымақтастық әкелді.

Әлбетте " еті жарғыдай" заң нормалары тақыр жерден өздігінен туа салмайды. Осы жарғының негізіне Тәуке хан "Қасым-ханның қасқа жолы ", "Есімханның ескі жолы"- деп аттлатын байырға қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудің қалыптасқан жосықтары мен низамдарын аяғызған ғой. Ал сол кезеңнің үш данасы атанған, үш кемеңгері деп танылған, халқының үш көсеміне айналған Төле би, Қазыбек және Әйтекелер сайын сахараның сол замандағы ортасына икемдей түсіп, сәйкестендіре екшеп, жаңғыртып қайта жасаған ғой. Сондықтан да бұл жарғы "Тәуке хан заңдары" деп те аталады. Сондықтан да бұл жарғы "Төленің жеті жарғысы", "Қазыбектің жеті жарғысы", "Әйтекенің жеті жарғысы" деп те аталады. Ендеше біз "Қазыбектің жеті жарғысында" қандай болған еді, соған жауап берейік.

Қарағанды облысында шығатын "Қарқаралы" журналының бірінші санында: "Көне түрік тілінде" "Жарғы" сөзіндегі "Жарлық" деген тұлғадан айтылып, қазак тіліндегі "Әмір, билік, заң" деген мағына беретінін, ал бүгінде баршаға жақсы "Кодекс куманикус те" "Жарғы" сөзі "Дау, айтыс,тартыс", әмір","әдет-ғұрып" заңы" үғымын білдіретінін, оларға жер дауы, күн дауы, барымта, айып жаза, алым-салық және басқалар енетінін еске алып бажайлар болсақ " Жеті жарғы" деген сөздің жеті салада, жеті бағыт бағдарға, жеті бап - пункт бойынша сараланған жарлық-әмір байлам-тоқтам деген ұғым болса керек",- делінген.

Қаз дауысты Қазыбек хандыққа таласқан Әбілқайыр Барақ, Әбілмәмбет, Батыр сияқты хан, сұлтандардың әрекеті елді Іштен іріткенін көрген еді. Ойрат, Қалмақ, Башқұрт шабуылы аз болғандай ендігі қауіп қара құрттай қаптаған төне бастағанын сезген еді ол. Қазақ халқы тарихтан біржола өшіп, жоғалып, құрып кету қаупі туғанын болжаған дана қарт қайткен күнде де елді сақтап қалудың амалын іздеген еді. Сондағысы мойнына отаршылдық қамын қию еді. Бірақ азаттық аңсаған халық та, би де сол кезде демократиялық Ресейдің де бар екекін ұғынса керек. Ізгілікті де, қайрымды да келешектен күткен Қазыбек сынды халық ұлдары тәуелсіздігін жойса да, Ресейге қосылып, дербес елін, кең байытқан жерін, осы Түркістан қаласының түстігінде тұрақтап қалып ата тағынан дәмелі ме, кей-кейде немере ағасына көз алартып қойып сынаққа сылтау Іздеп, сызданып жүреді екен. Іздегенге сұраған дәл сол жылы Әбілмәмбет хән Түркістан жұртшылығына салықты әдеттегідей еселеп көбейтіп салып жіберілей ме? Кент тұрғындары ауыр салықты қалай төлерін білмей, азуларын егіп жүргенде, қолтықтарына дым бүріккен Есім сұлтан әлгілерді ханға қарсы айдап салып Әбілмәмбетті Түркістаннан қуғызып тастайды. Соңынан Әбілмәмбетхан Арғын ішіндегі Алтай қарпықтағы ұлы Әбіл сұлтанмен Қаракесектегі Қазыбекті сағалап келіп арқада қыстап қалады.

Қаз дауысты Қазыбек бойына біткен ерекше дарынмен тай бәйгесінен озып шығып, ат бәйгесіне қосылған, тұңғыш рет елшілікке барып, басшы болып қайтқан. Бала биден Дана би атанған қазақ тарихындағы қайталанбас тұлға.

Қазақ пен қалмақ, тығырыққа тіреліп таразыға түскен сын сағатта уыздай жас Қазыбек тыңнан жол салып, қиыннан киыстырып:

Ерден ердің несі артық,

Ептестірген сөзі "артық.

Малдан малдың несі артық,

Бірақ асыым етті артык.

Жерден жердің несі артық,

Бірақ уыз шөбі артық,

Міндетіне алған сөзден

Шегінген жігіттен аштан елген

Аюдың етті артык, -деп Тайкелтір бимен хан Бердісті тыйып тастап, бүркітше шүйіліп қонтажыға: "Ел ебелек емес, ел кебенек емес, дат"- үлгілі ұлтын, шырайлы тілін, озық мәдениетін сақтап қалуға тырысқан еді.

Қаракесек Қазыбек би арқадағы орта жүздің ұлы биі боп тұрған Сәмеке хан тұсында да, Әілмәмбет туын бір жықпай келген ғой. Әрине сүйегі қара болғанымен ниеті түзу, айбыны асқақ, беделі зор, аузы уәлі, мерейі үстем, алды кең, абыройы артық адамды төре тұқымы онша жаратпайтыны белгілі.

1741 жылғы жаздағы қазақ пен ойрат арасындағы соғысқа байланысты Қаз дауысты Қазыбек Орскідегі ант беру рәсіміне өзі қатынаса алмаса да орта жүздің Төбе биі ретінде ант берудің қажеттігін түсіндіріп Әбілмәнбет хан мен Абылай сұлтанға хат жазып беріп, өз өкілін жөнелткенін жоғарыда айтқанбыз. Алайда сол хат Орынбор экспедициясының бастығы Иван Невлювке жетпеті. Қазыбектің жіберген адамдарының бірі де біреуі Орскіге қарай өтпепті. Себеп не сонда? Себеп ат атағы үш жүзге мәшһүр майталман шешеннің ант-есімі орыстың зор мәртебелі сарайларында көп естіле бермесін дейтін. Қарамызбен төреміздің қанына сіңген күншілдік. Онсыз да алдын артын әділ төрелігімен, ақпқат шындығымен бұлтартпас тұралығымен орап кетіп отыратын беделді биге қарсы төрелер мен шоралар: "Шетете берейік, ығыстыра түсейік, қақпайлап жуытпайлық- тәріздес қызғаншақ ой күндес қыжыл, өзімшіл мүддені омыраулата ұстанған ғой.

Сөзімізді тағы да дәлелмен тұдықтайық. 1734 жылы Сәмеке хан өлген соң соның орнына орта жүзге хан сайлаған Әбілмәнбет Түркістан шаһарында тұрып жатқан. 1751 жылы аяқ астынан хан ордасының түндігін жел үрлеп, түтінін түзу ұшырамаған бір келеңсіз оқиға туындап қалып еді. Сәмекенің Есім атты баласы дегенде хан Ой, өзің жөніңді айтшы, атың-жөнің кім?"-дегенде, Қазыбек: "Халқым - қазақ, руым қаракесек, әкем Келдібек, атым Қазыбек",- деп саңқ етіп берген жауабы, әсіресе оның - "Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпа" жай жатқан елміз. Елімізден құт береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан еліміз,ешбір дұшпан ала жібімізді аттап, басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз - қазақ, қарпысқалы келгенбіз. Сек темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз, қазақ -қалмақ баласы табысқалы келганбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең шабысқалы келгенбіз. Сен қаблан болсаң мен арыстан алысқалы келгенбіз, жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желімдей жабысқалы келгенбіз, берсең жөндеп бітіміңді айт, бермесең жөніңді айт аз тұрысатын жеріңді айт", - деп жөн айтуы қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи құжат. Мұны мұражайға жарқыратып жазып қойса да болғандай.

Әйтеке би туралы сөз бастағанда алдымен оның ата-тегі тарихынан сыр шертсек, бидің халық тағдырына байланысты келелі өмірі батыр бабаларының ұлағаты жолының заңды жалғасы екені сезіліп тұрады.

Әмір Темір құрған ұлы Тұран мемлекетінің шаңырағын көтеріскен, Әмірдің жеті кеңесшісінің бірі, қазақтың кіші жүзі, оның ішінде Алшыннан тарайтын "Айыртау" ұранды төрт қара руынан шыққан Ораз қажы 1299-1385 жж. еді. Ораз қажы мемлекетті басқару ісінде Әмір Темірдің жаугершілік саясатына ноқта болып, Тұран елінің ғылымы мен мәдениетін өркендетуге , молшылықтың көзі - мал шаруашылығымен диханшылықты, халықаралық сауданы тең дамытуға ықпал жасап, жол ашқан кісі.

Садағың сарқылдатып найзасын шошаңдатып, бар саналы өмірін бөтен елді жаулап алуға арнаған патшаның қыла белде елі, айдалада сүйегі қалады. Тонаушылықпен мал-дүние жинап, әдіреңдеген әңгімелердің, жолаңдаған желөкпе алып-сатарлардың сүбесі қалыңдаған сайын, қабырғасы қабысып, құраған алша ағашының құртындай қатып-сеніп, ниеті бұзылып бара жатуы шет елдерді аралап, тіміскіленіп пайда іздеген саудагерлерге, керуен басыларға еріп келген неше түрлі бұратаналар Тұран жұртының қаймағы, шұрайлы жерлері Самарқант, Ферғана, Шаш, Іргеніш, Бұхар,Түркістан, Таразыға, еркін қоныстанады.

Ашықса, өзінің басқа тірі мақлұқтың барлығын тамақ ретінде пайдаланатын қара қытайлар Шыңғысхан дәуірінен бұрын, 1130-1147 жылдар аралығында жұртымызды жаулап алып, қыз-келінімізге назын, жоталы жігіттерімізге жүгін артып, болашағымызды күн азаматтарымызды құл ретінде пайдаланды.

Әйтеке би Тәуке ханмен бұрыннан таныс болатын. Сыр бойындағы алшындардың дау-жанжалын шешуге барғанда онымен Түркістанда бірнеше рет кездескен еді. Тәуке арабша хат танитын сауаты бар ел басқаруда Әмір Темірдің жолын қуаттап, халықтардың достығы мен теңдігін кадірлейтін кең пейіл де діншіл адам болатын. 1580 жылы Тәукен хан сайлағанда Әйтеке би алты ата Әлімінің, төрт ата Кетенің, он екі ата бай ұлының, жеті ата жеті рудың атынан жиырма тоғыз шарды толық салдыртады.

Халықтың толық қолдауымен сеніміне сүйенген Тәуке хан Қ.А.Иассауи әулиенің мешітінде өткен билер мен ру басыларының батырларының жиынында халық алдында сертін салтанатты түрде жариялап, ел басқару жұмысын жүргізіп отыратын алты адам құрамында хан кеңесін сайлауды ұсынады.

Осы жиында хан кеңесіне қарақалпақ Сасық би, Мұхамед би, қырғыз Қоқым би, кіші жүздің атынан айыр тілді Алшын Әйтеке би, ұлы жүздің атынан үйсін Төле би, орта жүздің атынан арғын қаз дауысты Қазыбек би сайланды. Бұл жиында хан кеңесінің өтпей қалған төрелер, сұлтандар, ру басылары арасында жік туып қарақалпақ Сасық биді Кеменгер биге Төле мен Қазыбек биді хан кеңесіне сайлағанға қарсы болады. Осы жиында ел басқарудағы жолымыз тұрақты, халқымыз қуатты болуы үшін алдымызда көпті көрген данышпан, жасы үлкен, ізімізде біздерден кейін ісімізді жалғастырып, халққа қорған болатын қазақ халқының ортасында қайнап шыққан жастар болуы керек"- деген Әйтеке би құрметті орнынан дәмелі төре сұлтандарға, шонжар ру басыларына қарсы тұрып Тәуке ханға ортаға салған ұсынысын бекіттіреді. Ол кезде ру басылары Төле би 23 жаста, Қазыбек би 21 жаста еді.

Ал шындығында Әйтеке би бұл биден үлкен еді. Бірақ кіші жүздің биі болғандықтан жолы кіші саналмаи келді. Әйтеке бидің бірде әлем әулетінің шекті руынан шыққан Қара жігіт бимен шатастырса, тағы бірде қарақалпақтың қытай қауымы, Тәңке әулетінің Әйтеке руынан шыққан Абат батырдың немересі Қосан бидің баласы Айтық биді төрт қара Әйтеке бидің өзі деп оқырман қауымды және адастырады.

Әйтеке бидің сүйегі қойылған жері белгісіз деген сөз бекер екендігін дәлелдеу үшін шежіре жинаушы Әйтеке бидің ұрпағы Өтеген Қойшиев 1993 жылы оныншы мамырда Науани облысында болды. Бұдан төрт-бес айын бұрын Өтеген Қойшиев Өзбек елінің басшысы Ислам Каримовқа, қазақ елінің басшысы Н.Назарбаевка осы мәселе туралы хат жазған болатын.


ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, үш ұлы бабамыздың даналығы, даралығы мен осындай қысталаң шақта ерекше білінеді. Олар елдің ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік көрсетті.

Үш ұлы бабамыз соңғы бір қилы кезеңде осы Ордабасының биігіне шығып терістіктегі Арыс пен Бөгенге, күншығыстағы Қазығұртқа арқа жақтан мұратқан Қара тауға қарап тұрып, ел бірлігі, халық ынталығы туралы кезек-кезек ой толғаған екен.

Енді сол бабалар алып берген кең байтақ өлкемізді түгел құлпыртып, түгел көркейту - бүгінгі біздермен ертеңгі жеткіншектердің үлесіне тиіп тұр. Ал азаттықты баянды ете білудің де оңай шаруа емес екенін түсіне бастадық. Осы арада тағы да ұлы бабалар даналағын еске аламыз: "Елдің бағын ашпаса, ел мұратқа жетерме! Ерінің сағын сындырса, ел ел мұратқа жетер ме? Ел тірегі - ері, ер тірегі - елі бола білген қауымы басынан бағы кетер ме? Есті еріңді ез тұтсаң - өзіңді-өзің қорларсың, есеріңді ер тұтсаң - ертегімізден жау кетпей, төріңізден дау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып сорларсың да зарларсың. Ел мұраты - көрешек, ер мұраты келешек, көрешегін күйттеген - түбі қоймас сүрінбей, келешегін күйттеген - түбі қоймас сүйенбей, жетелі ер адаспас бабадан қалған сөз бар ғой. Жетелі ел адаспас - бағзыдан калған Із бар ғой, деген екен. Әйтеке би Күлтебедегі бір жиында. Болашағымыз баянды болсын балаларымыз бен немерелеріміз де ата-бабаларындай тату тұрсын десек, осындай алмағайып уақытта, жоқшылық жүйке жұқартып тұрған жіңішке шақта баршамызға саналылық пен парасттылық көрсетіп, байсалдылық пен ұсталдылық танытуда тиіспіз.

Береке басы-бірлік,

бірлігіміз берік болса,

Болашағымыз баянды болары даусыз.

Лайым, ынтықмағымыздан айырмасын!

Толық тәуелсіздікке жетудің ұлы жолында бізді халқымыздың үш данасы, үш көсемі , қасиетті бабаларымыз Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке идің аруғы қолдап жүрсін.

Өйткені білу келешекке сабақ деп отырып, Егеменді тәуелсіз жас қазақ мемлекетінің мемлекеттік ән ұранының мына шумағын айтқым келеді.


Жаралған намыстан

Қаһарман қалықпыз

Азаттық жолынлда

Жалындап жаныппыз

Тағдырдың тезінен

Тозақтың өзінен

Аман - сау қалыппыз

Аман - сау қалыппыз



Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.

  1. А.Нысаналы «Үш пайғамбар» Алматы, 1992 жыл

  2. Н.Төреқұлв «Қазақтың би шешендері»Алматы , 1993 жыл

  3. С.Г. Кляшторный,С.И. Султанов «Казахстан летопис трех тысятчи лети» Алматы. Рауан, 1992 жыл

  4. Егемен Қазақстан 1993 1маусым

  5. Адамбаев Б. «Қазақ шешендері» Алматы 2001 жыл

  6. Муқадас Есләмғалиұлы «Әйтеке би» Алматы 2007 жыл

  7. А.Сатаев «Әз Тәуке» Алматы 1894 жыл

  8. Қ. Бекбаев «Ұлы бабалардың ұрпағы ұмытылмайды». Шымкент 1993 жыл.

  9. Оңтүстік Қазақстан 1990 11 қыркүйек

  10. ХV – ХVІІІ ғасырдағы қазақ ақын жырауларының шығармалар жинағы. Алматы 1971жыл.

  11. Ғани Мұратқан «Қазақтың көне тарихы» Алматы 1993 жыл.

  12. Қазақ Совет энциклопедиясы VІ тарау

  13. Салғараұлы Қойшығара «Қазақтың қилы тарихы» Алматы 1991 жыл.

  14. Тынышбаев «Ақтабан Шұбырынды» Алматы, 1992 жыл.

  15. Ш. Уалиханов «Шығармалар толық жинағы» ІV томАлматы 1985 ж.

  16. Қазақ ССР тарихы І том Алматы 1957жыл.

  17. Т. Рысаев «Сөз мәйегі қазақ энциклопедиясы» Алматы 2001 жыл.

  18. Бүгінгі Түркістан және оның таяудағы тарихы. Алматы 1971 жыл.

  19. Оңтүстік Қазақстан 1993 жылғы 27 мамыр.

  20. Шапырашты Қазыбек би Тауасар ұлы «Түп тұқиянынан өзіме шейін Алматы 1983 жыл.

  21. С. Мұқанов «Халық мұрасы» Алматы 1974 жыл.

  22. Ч.Ч. Вашханов «Ибранные пройзведение» Алматы 1986жыл.

  23. Қ. Сапарғали «Ел Орда» Астана 2000 жыл.

  24. С. Дәуітов «Төле би» Алматы 1991 жыл.

  25. А.Байтұрсынов шығармалар жиннағы, Алматы 1980 жыл.

  26. Т.Кәпішев «Билер сөзі» Алматы 1992 жыл.

  27. Ә.Мәметова «Қазақ билерінің шешендік сөздері»

  28. Егемен Қазақстан 1997 13 ақпан

  29. Қазақ ССР тарихы ІІ том

  30. Ә. Табылбаев «Халық тағлымы» Алматы, Қазақ университеті 1992 жыл.

  31. Е.К.Нұрпейсов, А.К. Котов «Қазақстан мемлекеті хандық биліктен президенттік республикаға дейін»

  32. М. Қазыбеков 1 – 2 кітап Алматы 1993 жыл.

  33. С.Н. Табан, А.Ә. Оразова «Күрделі заманның өтпелі кезеңдеріндегі қазақ қоғамы» Алматы «Жеті жарғы» 2005 ж.

  34. Қазақ әдебиеті 1991 жыл 18 қазан

  35. Оңтүстік Қазақстан 1993 27 мамыр.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет