3 I.Ғылыми теориялық бөлім



бет1/5
Дата28.01.2018
өлшемі1,13 Mb.
#35146
  1   2   3   4   5

Кіріспе............................................................................................................ 3



I.Ғылыми теориялық бөлім 1.1. Ғылыми еңбектерге шолу................................................................... 4 1.2. Зерттеу нысандары мен әдістері.......................................................13

II.Ғылыми-практикалық бөлім

2.1.Қоңыраугүлділер тұқымдасының морфологиялық сипаттамасы....................................................................................................15 2.2.Қоңыраугүл тұқымдасының классификациясы...........................................................................................17 2.3.Қоңыраугүл тұқымдасындағы туыстастардың,түрлерінің анықтағышы.................. .................................................................................29



Қорытынды:..........................................................................................30

Пайдаланған әдебиеттер:..................................................................31

КІРІСПЕ

Жер шарының қоңыржай аймағында таралган.Қоңыраугүлділер энтомофильдер және басым көпшіліге протерандриялы өсімдіктер.Тұқымдас құрамында 70 туыс және 2000-нан астам түрлер бар.Тропиктік аймақтарда түрлерінің саны аз,басым көпшілігі Солтүстік жарты шардың тропиктен тыс қоңыржай аймақтарында,әсіресе Жерорта теңізі өңірінде кең таралған.Негізінен таулы аймақтарда таралған.

Қазақстанда қоңыраугүлдер тұқымдасының 8 туысы және 21 түрі өседі.Ең ірі туыстарының біріне қоңыраугүлділер (Campanula) жатады.Біздің аймақта бұл туыстың 9 түрі кездеседі.Жапырақтары кезектесіп орналасқан көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.Гүлдері жарғаққанатты және қосқанатты жәндіктер арқылы тозаңданады.Ранункул тәрізді қоңыраугүлдің(C.rapunculoides) жуан тамырлары жеуге жарамды.Көкшіл түсті ұзынша келген гүлдері шашақ гүлшоғырларын түзеді.Бұлар орман жиектерінде,бұталы өсімдіктер арасында,жартасты және жыралы жерлерде өседі.

Қазақстанның оңтүстігінен басқа аймақтарының шалғынды жерлерінде шоңыр қоңыраугүл (C.glomerata) жиі кездеседі.Бұл тамырсабақты,гүлі сиякөк түсті көп жылдық өсімдік. Осы тұқымдасқа лобелия ( Lobelia) туысы да жатады.Бұл туыс өкілдері тропиктік және субтропиктік аймақтарда таралған.Ашық көк түсті,ұсақ гүлді көк лобелия (L.erinus) бордюрлерде өсірілетін декоративті өсімдіктер ретінде белгілі. Мақсаты:Қоңыраугүлділер тұқымдасына анықтағышты құру.Осыған байланысты курстық жұмыстың алдына мынандай міндеттер қойылды. 1.Туыстас деңгейіндегі анықтағышты құру . 2.Тұқымдас деңгейіндегі түрдің анықтағышын құру.



I.Ғылыми теориялық бөлім 1.1Ғылыми еңбектерге шолу

Қоңыраугүлділердің тозаңдану үдерісіне көптеген ғалымдар зерттеу жұмысын жасаған. Олар К. Шпренгельден (1793) бастап С. Фогель және С. Шетлер ғалымдары аяқтаған. Қоңыраугүлділер ара арқылы тозаңданады және тұмсықтары арқылы шірнелікті оңай ала алады.

Қоңыраугүлділердің тозаңдануын зерттеу қарқынды дамуда. Бұған қарамастан қоңыраугүлділердің барлығы толық зерттеуде деп айтуға да оңай емес. Болашақ зерттеушілер үшін бұл шешілмеген сұрақ.

Тозаңдану тек ара арқылы емес көбелектер, қоңыздар және көптеген жәндіктер арқылы тозанданады. Құстар арқылы тозаңданатыны да аз емес.

Қоңыраугүлділердің ішінде симфиандра (Symphyandra) туысы ажыратылған. Оның ішінде 10 түр біріктірілген. Жерорта теңізінен Кавказға, Солтүстік Иранға таралған. Кейбір систематиктер А. Феодоров (1957) және А. Колоковский (1980) симфиандраны қоңыраугүлділер туысы деп санауға болады деп есептеген.

Систематикалық тұрғыда қоңыраугүлділердің кольник туысы белгілі. Осы уақытта кольник туысының 40 түрі бары есептеледі. Олар Европа әсіресе Пиренеяда, Альпада, Карпатада таралған. Гүлдері өте ұсақ отырынқы шар пішіндес болып табылады. Қоңырау гүлділер тұқымдасына үлкен туыстас ретінде лобелияны жатқызуға болады. Ф. Вильмердің айтуынша 388 түр жатады.

Бұларды космополиттік өсімдік деуге болады. Барлық континентте кеңінен таралған. Ең бастысы тропикалық және субтропикалық елдерде, әсіресе Америкада. Келесі бір ұлы туыс – центропогон. Оның 220 түрі белгілі. Колумбияда таралған. Соған теңбе-тең сифокампилус туысының 215 түрі белгілі.Үшінші бір туыс – цианея шамамен 60 түрі белгілі.

1.2 Зерттеу нысандары мен әдістері Өсімдіктерді жинау,кептіру және кеппешөптерді даярлау әдістері.

Өсімдіктерді жинау және кептіру әдістері,өсімдіктерден кеппешөп немесе коллекция жасау үшін пайдаланылатын арнайы практикалық тәсілдер.Кеппешөп жасау үшін өсімдіктерді жинау үшін ерте көктемнен қоңыр күзге дейін жүргізуге болады.Өсімдіктерді жинауда,олардың гүлдеп немесе тұқым беріп тұрған кезін таңдап алған дұрыс. Өсімдіктерді жинау ашық ауа-райында жүргізіледі,күндізгі сағат 10-13 аралығы ең қолайлы болып табылады.Кеппешөпке жиналатын өсімдік міндетті түрде құрғақ болуы тиіс егер ол дымқыл немесе ылғалды болса ,онда өсімдік тез шіріп,бұзылып кетеді. Өсімдіктерді жинаудан бұрын танымжорыққа қажетті құрал- жабдықтар алдын-ала даярланып алынады.Өсімдіктерді жинауға керекті құрал- жабдықтар төмендегідей:ботаникалық папка,өсімдікті қазып алуға арналған күрек немесе қалақша,қағаз компас,дәрежелі қол лупасы,этикеткалар, қойын дәптер,қарындаш,пакет және т.б. қажет. Өсімдіктерді өсіп тұрған жерінен қазып алуға кішкене күрек немесе қалақша пайдаланылады.Ол мықты,жерді жақсы қазатын,алып жүруге өте ыңғайлы әрі жеңіл болуы тиіс.Өсімдіктерді жинағанда олардың вегетативті және генеративті мүшелерінің(сабақ,жапырақ,тамыр,гүл) түгел болуын қарастыру қажет.

Қазып алынған өсімдіктердін сабағына, жапырағына тамырына жабысқан топырақтан және тағы басқа керексіз зақымдалған бөліктерден жақсылап тазалайды да, қағаз парағына салады. Жиналған өсімдіктерді жақсылап кептіру үшін ең алдымен су сорғыш қағаздар қажет.Бірақ су сорғыш қағаздар үнемі бола бере бермейді,сондықтан су сорғыш қағаздардың орнына кәдімгі газет қағаздарын пайдалануға болады.

Қағазды экскурсияға шығар алдында жеткілікті,етіп тіпті артығымен алған жөн.Өсімдік мүшелерін жазып салып,тегіс кебуіне мүмкіндік жасайды.Ботаникалық папка ішінде жиналған өсімдіктерді қағаздарға салып кептіреді.Ботаникалық папка тығыз картоннан,фанерден немесе темір тордан жасалынады.

Папка көлемі 50-35 см,оның төрт бұрышын ұзынша саңылау етіп тесіп,жасалған саңылаулар арқылы жалпақ жіп немесе қайыс өткізіледі,мұнан басқа көптеген саңылаулар ауа өту үшін жасалынады.Барлық өсімдіктер папкаға салынған соң,бетіне папканың екінші сыңарын койып,тығыздап жіппен немесе қайыспен байлайды да,құрғақ жерге іліп қояды.

Өсімдіктерді құрғатуға арналған газет қағаздарын күніне бір немесе екі рет ауыстырып отыру керек .Өсімдік кебе бастағаннан кейін аралық газеттерді күніне бір рет ,кейіннен екі күнде бір рет ауыстырады.Жақсы кепкен өсімдік былқылдақ болмай,серпілгіш ,майысқақ болуға тиісті.

Кеппешөп(гербарий)-барлық мүшелері белгілі форматта толық жиналып,кептірілген және этикеткасында толық сипаттамасы жазылған өсімдік даналары.Кептірілген дайын өсімдіктерден кеппешөп даярланады.

Кеппешөп көлемі 45х30 см,оның бір беті қалың қағаздан немесе картоннан,ал екінші беті калькадан жасалады.Кептірілген өсімдікті белгілі көлемдегі картонның бетіне салып,оны ине жіппен бекітіп тігеді. Кеппешөптер-кепкен өсімдіктер коллекциясы,олар систематикалық,флористикалық және ботаника-географиялық зерттеулерде тапсырмайтын ең маңызды көрнекті құрал болып табылады.

Ғылым үшін жер бетіндегі өсімдік түрлерінің үлгілерін,яғни табиғаттың құнды құжаттарын сақтауға және өсімдіктерді жылдың кез-келген мезгілінде оқып зерттеуге,анықтауға мүмкіндік береді. Жоғарғы оқу орындарында кеппешөптер оқытушылардың,студенттердің,магистраттардың ботаника пәнін оқытудың негізгі базасы,кең білім алудың міндетті элементі.

Этикетка дегеніміз-жиналған өсімдіктер жөнінде қысқаша мәлімет жазылған қағаз.Кеппешөпте жиналған әрбір өсімдікте этикетка болуы тиіс.

Этикетка колемі 12 см х7 см,оны кеппешөптің оң жақ төменгі бұрышына орналастырады.Этикетка керекті, маңызды ғылыми құжат болып саналады.Этикеткаға әрбір өсімдіктің қай жерден,қашан ,жинаған студенттің аты-жөні,өсімдік тұқымдасының ,туысының,түрінің латынша және қазақша атаулары жазылады.

Флора туралы ұғым,оны зерттеу әдістері.

Флора-белгілі бір территорияда кездесетін өсімдік түрлерінің жиынтығы.Ғаламшарда көлеміне байланысты өсімдіктер әлемдік,құрлықтық,мемлекеттік,облыстық,аудандық ірі флоралық топтарды құрайды.Олардың ішінде тіршілік ету ортасына қарай далалық,шалғынды,орманды,таулы және т.б шектелген көлемдегі кіші флоралық топтар бар.Белгілі бір территорияның флорасын зерттеу дегеніміз-оны құрайтын өсімдік түрлерін анықтау және тізімін құру. Флоралық зерттеу студенттерден өсімдіктердің морфологиялық құрылысын білуді және оларды анықтаудағы іскерліктерінің болуын талап етеді.

Флоралық зерттеудің алғашқы элементтері далалық оқу практикасында I-курста беріледі.Студенттер ботаникалық танымжорықтарда,белгілі бір экотоптардағы кең таралған,әрі мектептен танымалды әртүрлі тұқымдас өкілдерімен танысып,олардың құрылыстарына морфологиялық сараптама жасап,өсу ерекшеліктерін зерттейді.Әртүрлі экотоптардағы флора өкілдеріне морфологиялық,экологиялық,биологиялық және т.б тұрғыда сипаттамалар беріліп,салыстырмалы түрде сараптамалар жасалынады.Мұндай сараптамалар экотоптардың флоралық құрамындағы ерекшеліктерді көрсетеді,студенттер алғашқы рет флора туралы ұғымды,түсінікті қабылдайды.Далалық оқу практикасы кезінде 2-ші курс студенттері практика өтетін ауданда,флоралық зерттеу жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлуі қажет.

Флоралық зерттеу жұмыстарын жүргізуде мынандай ережелерге сүйенеді; біріншіден,зерттеу нысандарында әртүрлі рельефтегі экотоптарды таңдау,екіншіден,маршруттық жолдың ұзақтығы,үшіншіден жазық рельефті шалғынды далалы жерлерде танымжорық түзу жолмен жүргізілмейді,маршрут жолы иректі болуы керек.Таулы,қыратты жерлерде флоралық зерттеу жұмыстары биіктіктің әртүрлі беткейлерін,белдеулерін және сайлар мен өзектерді қамтиды.Әртүрлі экотоптардың флоралық құрылымын анықтау үшін,онда өсетін өсімдіктердің түрлері жиналып,типологиялық деңгейде анықталып,олардан кеппешөптер даярланады,флораны құрайтын өсімдік түрлерінің тізімі немесе кадастры құрылады.

Әртүрлі экотоптардағы өсімдіктерге сараптамалар жасалынып,флораға төмендегідей сипаттама беріледі.Флора құрамындағы өсімдік түрлері анықталып,оларға таксономиялық сипаттама беріледі.Флора құрамындағы өсімдік саны көп болады,сондықтан оларды реттеп белгілі бір жүйеге келтіру қажет.Өсімдік систематикасында өсімдіктерді жүйелеуде өзіне тән тілі,ұғымдары және таңбалары қолданылады.Систематикалық бірлікті белгілеуде таксон термині қабылданған.Ол әр түрлі рангтарда болуы мүмкін.Ресми қабылданған «Ботаникалық номенклатура жөніндег халықаралық кодексте»жарияланған (орыс тілінде 1959ж. басылған)соңғы Халықаралық ботаникалық конгрестің шешімдеріне сәйкес ботаникада 23 таксон қабылданды.

Өсімдіктер патшалығы –Regnum vegetabile Бөлім-Divisio Бөлім тармағы-Subdivision Класс -Classis Класс тармағы-Subclassis Қатар -Ordo Қатар тармағы-Subordo Тұқымдас-Familia Тұқымдас тармағы-Subfamilia Триба немесе буын-Tribus Триба тармағы немесе буын тармағы-Subtribus Туыс-Genus Туыс тармағы -Subgenus Секция-Sectio Секция тармағы-Subsectio Серия-Series Серия тармағы-Subseries Түр-Species Түрше-Subspecies Вариация немесе түр өзгерістері-Varietas Субвариация немесе вариация тармағы-Subvarietas Форма-Forma Форма тармағы-Subforma



Өсімдік түрлерін анықтау әдістері

Өсімдіктерді анықтауда екі анықтау әдістері қолданылады;дихотомиялық және политомиялық кілттер арқылы анықтау.Анықтағыш өсімдіктерді анықтауға арналған,яғни ғылыми атауларын беретін қолданыс құралы.Берілген кілттердің көмегімен өсімдіктерді анықтауға және атауларын тексеруге мүмкіншілік береді. Дихотомиялық анықтағышта өсімдікті анықтайтын кілттер нөмірленген сатылардан тұрады,әрбір сатыда өсімдіктердің қарама-қарсы ұқсас емес белгілері берілген екі бөлім бар ,оларды теза мен антитеза деп атайды.Теза алдында саты нөмірі,ал антитеза алдында «-» белгісі болады. Анықтаушы бірінші сатыдағы теза мен антитезаны зейін қойып оқып,анықталатын өсімдіктің белгілері теза мен антитезада берілген құрылыс ерекшеліктеріне сәйкес келетінің шешуі тиіс.Егер анықталып отырған өсімдіктің морфологиялық ерекшеліктері тезадағы белгілерге сәйкес келсе, бұл ақпараттан кейін таксонның аты (тұқымдас,туыстас,түр) тұрады, немесе келесі сатының нөмірі көрсетіледі.

Морфологиялық сәйкестік болмаған жағдайда,анықтаушы антитезадағы морфологиялық ерекшеліктерді пайдаланып,анықтауды ары қарай жалғастырады.Өсімдікті анықтамас бұрын оның дене мүшелерінің морфологиялық құрылысымен танысу қажет.Теза мен антитеза белгілерін асықпай қарап,кілтті дұрыс таба білудің маңызы зор, анықтаудың сәттілігі осыған байланысты.Өсімдіктерді анықтаудың екінші әдісі политомиялық кілт арқылы анықтау.Бұл әдісті 1960-1967 жылдар аралығында Б.Е.Балковский,П.Х. Кискина , И.Н. Жилкина т.б ғылыми әдіс ретінде енгізген.

Қазақстандағы гүлді өсімдіктердің тұқымдастарын политомиялық кілт арқылы анықтауды Л.П.Гвоздева, Т.Ж. Жармаганбетов ұсынған. Политомиялық кілт арқылы өсімдіктерді тұқымдас деңгейінде анықтау жоғарғы оқу орындарында,ботаника пәнін оқытуда мүлдем қолданылмайды.Сондықтан, төменде тұқымдастарды анықтаудың политомиялық анықтау әдісі беріліп отыр. Ботаника пәнінен өтетін зертханалық сабақтарда және далалық оқу практикасы кезінде,әрбір студенттің дихотомиялық кілтті пайдалану арқылы өсімдіктің бір тұқымдасын анықтауға 20-30 минут пайдаланса, политомиялық кілтті қолдану арқылы анықтауға кететін уақытты 2 есе азайтуға болады.

Политомиялық кілтті пайдалануда,студент өсімдіктердің морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін қайталап зерттеу алқылы,өзінің морфологиялық білім деңгейін және өсімдікті анықтаудағы іскерлігін арттырады.Осыған байланысты,тұқымдастарды анықтауда дихотомиялық әдіспен қатар,политомиялық анықтау тәсілінде пайдалану өте тиімді.

Политомиялық кілтті анықтағышты пайдалану ережесі мынандай:

1.Морфологиялық құрылыс ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанда таралған өсімдіктер өкілдері 11 қатардан тұратын код топтарын құрайды.

2.Әрбір код өсімдіктердің тіршілік түрлері мен оның морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін көрсететін ақпараттарын тұрады.

3.Әрбір қатарлардағы өсімдіктердің морфологиялық құрылыс ерекшеліктерімен танысып,дәл келген белгілер 7-ші кестеге жазылады.

4.Тұқымдастың 1-11 қатарларға сәйкес код белгілері анықталғаннан кейін, тұқымдасты анықтайды.



Қоңыраугүлдер тұқымдасы.

I қатар-Тіршілік түрі.

2.Құрлықта өсетін біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер.



II қатар-Сабақ.

2.Мұртты,тікенекті,цилиндр іспеттес,қалың етті,сыртында жылға тәрізді ізі бар сабақтар.



III қатар-Жапырағы.

12.Басқа түрдегі жай жапырақтар.



IV қатар-Жапырақтың орналасуы.

4.Кезектескен немесе аралас түрде кезектескен-розеткалы(жертағанды).



V қатар-Гүлшоғыры.

5.Дара шоғырлы немесе көп шоғырлы(2-5) гүл.

12.Басқа түрдегі гүл шоқтары.

VI қатар-Гүл және өсімдік жынысы.

3. Қос жынысты гүл.



VII қатар-Гүл қоршауы (гүл серігі).

10.Желегі 3-4-5 кейде 7-тілімделінген немесе терең тілімделінген,біріккен желекті,дұрыс құрылысты.



VIII қатар-Гүлдегі аталық саны(Андроцей).

1.Біреу


3.Үшеу

IX қатар-Түйіні (жатыны).

1.Жоғарғы түйін немесе гүл қоршауы болмайтын гүл.

2.Төменгі түйін немесе жартылай төменгі түйін.

X қатар-Тамыр жүйесі.

3.Кейде түйнек тәрізді бұлтиып ,кейде ұршық сияқты сопақтана шашақтанып келетін тамырсабақ.

6.Қоректік заттарды су ішінен тауып,бойына сіңіретін су астындағы тамырлар.

XI қатар-Жеміс.

5.Құрғақ жемістің өзге түрлері.



II.Ғылыми-практикалық бөлім 2.1. Қоңыраугүлділер тұқымдасының морфологиялық сипаттамасы Басым көпшілігі шөптесін өсімдіктер,кейбір түрлері бұталар мен ағаштар.Спираль бойымен орналасатын жай жапырақтарының қосалқы жапырақшалары жоқ.Көптеген өкілдерінің жапырақтары мен сабақтарында бунақты сүт бездеуіттері болады. Гүлдері жеке-жеке немесе ботрикалық гүлшоғырларында орналасады,кейде шоғырбас гүлшоғырларына топтасқан.Басым көпшілігі қос жынысты,актиноморфты немесе зигоморфты әдетте,пентамерлі. Тостағаншалары кіріккен . Күлтелері біртұтас.Аталықтары күлтенің төменгі бөлігіне немесе күлте түтігіне бекиді.Жеміс жапырақшаларының саны 2-5. Төменгі, сирек жағдайларда ортаңғы жатынның ұяларының саны жеміс жапырақшаларының санына тең немесе бір ұялы. Жемістері қорапшалар, тұқымшалар немесе жидек тәрізді.Құрамдарында инулин болады.Қатар ішінде негізінен екі тұқымдастың ғана түрлік құрамы үлкен. Тұқымдас құрамында 70 туыс және 2000-нан астам түрлер бар.

Тропиктік аймақтарда түрлерінің саны аз,басым көпшілігі Солтүстік жарты шардың тропиктен тыс қоңыржай аймақтарында,әсіресе Жерорта теңізі өңірінде кең таралған.Негізінен таулы аймақтарда таралған. Қазақстанда қоңыраугүлдер тұқымдасының 8 туысы және 21 түрі өседі.

Ең ірі туыстарының біріне қоңыраугүлділер (Campanula) жатады.Біздің аймақта бұл туыстың 9 түрі кездеседі.Жапырақтары кезектесіп орналасқан көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер.

Бұларға нағыз «қоңырау » тәрізді дұрыс күлте тән. Жатыны 3 ұялы.Гүлдері жарғаққанатты және қосқанатты жәндіктер арқылы тозаңданады.



Ранункул тәрізді қоңыраугүлдің(C.rapunculoides) - жуан тамырлары жеуге жарамды.Көкшіл түсті ұзынша келген гүлдері шашақ гүлшоғырларын

Ранункул тәрізді қоңыраугүлдің(C.rapunculoides) жуан тамырлары жеуге жарамды.Көкшіл түсті ұзынша келген гүлдері шашақ гүлшоғырларын түзеді.

Бұлар орман жиектерінде,бұталы өсімдіктер арасында,жартасты және жыралы жерлерде өседі.Қазақстанның оңтүстігінен басқа аймақтарының шалңынды жерлерінде шоңыр қоңыраугүл (C.glomerata) жиі кездеседі.Бұл тамырсабақты,гүлі сиякөк түсті көп жылдық өсімдік.

2.2. Қоңыраугүлділер тұқымдасының классификациясы Қосалқы жапырақшалары жоқ,бүтін жиекті жапырақтары кезектесіп орналасқан көп жылдық шөптесін ,сирек жағдайларда жартылай бұталы өсімдіктер.Қос жынысты гүлдері актиноморфты немесе зигоморфты.

Гүлшоғырлары әртүрлі,әдетте соңғы гүлмен аяқталады. Гүлдері 5 мүшелі.Тостағанша жапырақшалары кіріккен.Күлтелері қоңырау немесе воронка пішіндес.Кейбір өкілдерінің күлтелері түбіне дейін тілінген және кейде күлтелерінің ұшы кіріккен күйінде қалады.Сирек жағдайда сәл екі ерінді болып келеді.

Аталықтарының саны 5,жіпшелері күлтемен байланыспаған,сирек жағдайларда күлтенің төменгі бөлігімен кіріккен.Көбінесе жіпшелердің төменгі бөлігі кеңейген болып келеді.Тозаңқаптары бос,кейде барлық бөліктерімен немесе тек төменгі бөліктері арқылы қосылып,түтік құрайды.

Төменгі ,сирек жағдайларда ортаңғы жатыны әдетте үш ұялы. Жемістері қорапша,сирек жағдайларда жидек.Тұқымдары эндоспермді.

Қоңыраугүлділер энтомофильдер және басым көпшілігі протерандриялы өсімдіктер.Тозаңдары тозаңқаптарынан гүл ашылмай тұрғанның өзінде босанып шығады да,аналықтың мойынында және ашылмаған аналық ауызының жиектерінде жиналады.

Аналық аузының тармақтары түкті келеді немесе жабысқақ сұйықтықпен қапталған болады.

Гүл ашылысымен тозаңқаптары солып,не түсіп қалады.Солып қалған аталық жіпшелері қысқарады, немесе сыртқа қарай қайырылады.Нәтижесінде гүлдің шірнесімен қоректенетін жәндіктерге жол ашылады.

Гүлдеудің «аталық » фазасынан кейін «аналық » фазасы басталады,яғни аналық мойыны ұзарып, аналық ауызының тармақтары ашылады. Аналық шірнесімен қоректенетін жәндіктердің денесіне жабысқан тозаңмен тозаңданады. Айқас тозаңдану болмаған күннің өзінде ,аналық ауызы тармақтарының үлкейіп өсіп ,одан әрі қайырылуы нәтижесінде аналық сол өсімдікте қалған тозаңмен өздігінен тозаңдана алады.



2.3.Қоңыраугүлділер тұқымдасының туыстарын,түрлерін анықтайтын анықтағыш.

Тостағанша жапырақшалары,көбіне 5 қалақты,кейде 3-10 қалақты болады.Гүл күлтелері біріккен желекті,қос қабатты қоңырау немесе түтік пішінді. Аталықтары гүлдің күлтесіне түбінен жабысқан ,аталық жіпшелері түбіне қарай кеңейеді,тозаңқаптары бос жатады.Жатыны төмен орналасқан 2-10 ұялы,3 ұялысы кездеседі,аналық ауызы 3-ке бөлінген. Аталық жіпшелері ұзын,гүл қоршауынан шығып тұрады.Жемісі қорапша тәрізді,пісіп жетілген соң қорапша қақырап ,тұқым сыртқа шашылады.Қоңыраугүл тұқымдасы ,негізінен ,әсемдік өсімдіктер,көптеген түрлерінің тағамдық маңызы және дәрілік қасиеттері бар. Қазақстанда 8 туыс,21 түр.

1.Диск (нектарий) сақина тәрізді немесе түтікті , ол бағана негізін қоршайды________________________877. Қоңырауша– Adenophora Fisch.

-Диск (нектарий) жоқ_________________________________________2. 2.Гүл тостағаншасының түтігі қысқацилиндрлі, бүйірлерінен көптеген бойлық ойыстарымен кесілген, гүл тостағаншасының тістері ұзын, сызықтық-ланцетті, саны әдетте 7, сирек кезде 5-9 ; гүл тәжісі өте ірі, ұзынд. 10 см-ге дейін, шұңғымалы-қоңыраулы ; мықты өсімдік , 1 м-ге дейін және одан да жоғары, сабағы жуан жуан, күшті________________________

_________________________________878. Островския – Ostrovskia Rgl.

-Гүл тостағаншасының түтігі ойыстарсыз; гүл тәжісі кіші өлшемді______________________________________________________3.

3.Қорапша төбесінде үш жармамен ашылады; сабағы өрмелегіш , әлсіз; гүл тәжісі кең қоңыраулы, өте ірі; бағанасы қысқа____________________

_________________________________883. Кодонопсис – Codonopsis Wall.

-Қорапша 5 жармамен ашылады; сабақтары тік тұратын және тік ; гүл тәжісінің пішіні алуан түрлі_____________________________________4.

4.Қорапшасы тар, цилиндрлі; төбесінде тар және тесіктермен кесілген; көпжылдық өсімдік__________882. Цилиндрокарпа – Cylindrocarpa Rgl.

-Қорапша басқа пішінді_________________________________________5.

5.Гүл тәжісі қалақтарға негізіне дейін бөлінген______________________6.

- Гүл тәжісі ұзындығының 1/3-іне дейін бөлінген; қоңыраулы, шұңғымалы немесе сәл түтікті__________________876. Қоңыраугүл – Campanula L.

6. Гүл тәжісінің қалақтары тар, сызықтық-тілді гүлдері масақты-шашақты гүлшоғырларға жиналған; тамырлары көбінесе жуан емес_____________



__________________________879. Азинеума – Asyneuma Griseb. et Schenk.

- Гүл тәжісінің қалақтары кең-тілді ; гүлдері шашақты немесе басты гүлшоғырларға жиналған; тамырлары өте жуан, қатты, кедір-бұдырлы____________________________________________________7.

7. Ауызы екіге бөлінген, қорпашасы ортаңғы бөлігінде 3 тесікпен ашылады; қимасында 5-бұрышты , бірақ қабырғалы емес; гүлдері басқа жиналған немесе төбелік жапырақтармен оралған ; өте жуан ағашты және кедір-бұдырлы тамыры бар қысқа өсімдік ; жапырақтары кең, жұмыртқалы-эллипсті, аралы__________________880. Криптокодон – Cryptocodon Fet.

- Ауызы 3-ке бөлінген ; қорапшасы төменгі бөлігінде қуыстықтармен ашылады; қабырғалы, төбесінде тартылған; гүлдері төбелік жапырақтармен оралмаған, көпгүлді шашақты гүлшоғырларға жиналған; тамырлары жуан, кедір-бұдырлы; жапырақтары сызықтық немесе ланцетті, бүтіншетті немесе тісті_____________________________881. Сергия – Sergia Fed.



876.Қоңыраугүл

Колокольчик(Campanula)

Тостағанша жапырақшалары 5 тісті түтік пішінді, жатынымен бірігіп кеткен. Гүлінің күлте жапырақшалары 5 қалақты, қоңырау тәрізді, ақ, көк, ақшыл көк түсті. Гүлдері сыпыртқы немесе шашақ гүлшоғырына топталған. Жемісі 3 – 5 ұялы, қақырап ашылатын қорапша. Айрықша маңызы бар түрі – рапунцел тәрізді қоңыраугүл (campanula rapunculoіdes). Оның биіктігі 30 – 100 сантиметр. Сабағы тік өседі. Жапырағы жұмыртқа не қандауыр пішінді. Көк, күлгін түсті гүлі бір-бірден қысқа гүл сағағында орналасқан. Шілде – тамызда гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді. Жапырағы мен тамыры жеуге жарамды. Қоңыраугүлді әсемдік, тағамдық және дәрілік мақсатта қолдану үшін өсіреді.Қазақстанда 10 түрі бар.

1. Қорапшасы тік, әдетте ұзарған, жоғарғы бөлігінде ашылады; гүл тостағаншасы тістерінің арасындағы – өсінділері жоқ_________________2.

- Қорапшасы аспалы және қысқартылған, төменгі бөлігінде ашылады; гүл тостағаншасы тістерінің арасындағы өсінділер бар немесе олар дамымаған____________________________________________________4.

2. Тамыры қатты , тарамдалған, өлген жапырақты саптарының ұзын қалың шоқтарының және сабақтарының қалдықтары бар; сабақтары біргүлді; гүл тостағаншасы керіконусты ; сызықтық-бізді, өткір тістері бар_________________________________8. Қ. Альберт – C. Alberti Trautv.

- Тамыры жіңішке, өрмелегіш, жіңішке аз санды өскіндерімен_________3.

3. Сабақтары дара, жоғары бөлігінде тарамдалған, жалаңаш; гүл тостағаншасының тістері кең, ені 2 мм-ге дейін; төбесінде доғал және ішіне қарай қайықты иілген; қысқа түктерінен сақалы бар_________________

_____________________________________9. Қ.Алтай – C. altaica Ldb.

-Сабақтары әдетте бірнеше, сирек кезде біреу; гүл тостағаншасының тістері сызықтық , жалаңаш және ұшында жуан емес , түктердің сақалынсыз______________________10. Қ. Еділ– C. wolgensis P. Smirn.

4. Гүлдерінің екі түрі бар – хазмо- және клейстогамдық (өздігінен тозаңданатын) , бірінішілерінде гүл тостағаншасы кең-куб тәрізді , клейстогамдықтар кішірек және өте жіңішке, түкті, ұзын, төмен қарай иілген тармақтарда дамиды__________________________________________

______________________________6. Қ. Жайылма– C. evolualacea Royle.

-Гүлдері тек хазмогамдық, бірдей_______________________________5.

5. Гүлдері тығыз бастарға жиналған, күлтебастарға немесе шоқтарға, отырыңқы__________________________________________________6.

- Гүлдері дара, гүл аяқтары бар, сирек кезде отырыңқы дерлік, тарамдалған немесе шашқты гүлшоғырға жиналған немесе сабақтары біргүлді_____7.

6. Өсімдік қатты жеке тұрған түктермен жабылған; гүлшоғыры үстіңде басты дерлік, астына қарай масақты, қалың, отырыңқы дерлік ұсақ гүлдердің күлтебастарынан тұрады ______________________________________

_________________________________5. Қ. Бұғыжем– C. cervicaria L.

-Өсімдік жұмсақ қылшықты түктермен жабылған; гүлшоғыры тығыз және ірі төбелік бастан және төмен қарай жеке гүлді күлтебастардан тұрады___________________________4. Қ. Шоғыр– C. glomerata L.

7. Кішігірім өсімдік (биікт. 5-10 см) , кішігірім жастықшаларды түзеді; сабақтары біргүлді , сирек кезде 2-4 гүлді; гүл тостағаншасының өсінділері жоқ____________________________7. Қ. Леман – C. Lehmanniana L.

- Өте ірі өсімдіктер , жастықшаларды түзбейді; гүл тостағаншасының өсінділері жақсы көрінеді немесе олар болмайды______________________8.

8. Гүлшоғыр кең емес, тарамдалған, жиі шашақты; гүлдерінің ұзынд. 1,5-2 см; гүл тостағаншасының өсінділері томпиған жолақтарынан торлы______________________________1. Қ.Сібір – C. sibirica L.

-Гүлшоғыры масақты, сәл тарамдалған немесе біржақты шашақ ; гүл тостағаншасының өсінділері жоқ________________________________9.

9. Гүлдері масақты соңғы гүлшоғырында бір-бірлеп отырады; сирек кезде тарамдалған; гүл тостағаншасының тістері гүлденуден кейін тарбиған__________________________3. Қ. Болон – C. bononiensis L.

-Гүлшоғыры – ұзын біржақты шашақ ; гүл тостағаншасының тістері гүлденуден кейін төмен қарай иілген ______________________________

_________________________2. Қ. Рапунцель тәрізді – C. rapunculoides L.

1.C.sibirica-Сібір қ.

877.Қоңырауша Бубенчик(Adenophora)



Тостағанша жапырақшалары 5.Жемісіқорапша.Қоңырауша туысы полигидроксила,пирролидинова алкалоидтар(аденофорин,1дексиаденофорин,5-деоксиааденофорин) құрайды.Вирусқа қарсы белсенділікке ие болады. Adenophora lilfolia түптеріндехинолизидиновые алкалоидтар(лупанин,термопсин,анагирин) құрайды.Түптері- тритерпенова құрайды . Маңызы:Қоңыраушөп өсімдігінің түбі-Күншығыс медицинасында өкпе ауруына шалдыққандарға шипа ретінде қолданылады.Қазақстанда 3 түрі бар.

1. Диск (нектарий) жуан, қысқацилиндрлі , диам. және ұзынд. 4 мм-ге дейін, жүнді-түкті; тамырлық жапырақтары жұмыртқалы-ланцетті м, сабақтылар сызықтық-ланцетті; гүлдері дара немесе көп емес , ұзынд. 2-2,5 см_____________________________3. Қ. Гималай – A. himalayana Feer.

- Диск (нектарий) кішкентай, цилиндрлі, жалаңаш немесе жалаңаш дерлік________________________________________________________2.

2. Гүл тостағаншасының тістері ланцетті, кең, тік; бағана гүл тәжісінен шығады____________________1. Қ. лалажапырақты – A. liliifolia (L.) Bess.

- Гүл тостағаншасының тістері бір жағына қисайған; бағана гүл тәжісіне тең немесе одан жоғары__________________________________________

__________________________________ 2.Қ.Ламарк – A. Lamarckii Fisch.



Каталог: uploads -> doc -> 0d08
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d08 -> Аяулы менің анашым Тақырыбы: Аяулы менің анашым
0d08 -> Сабақ Тақырыбы: «Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі»
0d08 -> Сабақ Мақсаты Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер тапсырмалар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет