3 ОҚу залы (Экономика және бизнес факультеті) ТӘуелсіздік дәуірі – егемен елдің шежіресі (Библиографиялық көрсеткіш) Тараз



бет1/7
Дата02.07.2018
өлшемі3,92 Mb.
#45377
түріКнига
  1   2   3   4   5   6   7
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

КІТАПХАНАЛЫҚ-АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ

3 ОҚУ ЗАЛЫ (Экономика және бизнес факультеті)



ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ – ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ ШЕЖІРЕСІ

(Библиографиялық көрсеткіш)

Тараз

2018 жыл

Құрастырушыдан / От составителя

Тәуелсіздік дәуірі – егемен елдің шежіресіБиблиографиялық көрсеткіш.- Тараз қаласы.-М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.- Кітапханалық-ақпараттық орталық.- Құрастырушы Искакова Д.Ш.- 40 бет.
Библиографиялық көрсеткіш Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына арналған. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Библиографиялық көрсеткіш мемлекеттік, орыс және шет тілінде жинақталған кері хронологиялық ретпен берілген.



Библиографический указатель.- Тәуелсіздік дәуірі – егемен елдің шежіресі.Город Тараз.- Таразский государственный университет имени М.Х. Дулати.- Библиотечно-информационный центр.- Составитель Д.Ш. Искакова.- 40 стр.

Библиографический указатель посвящен книге Елбасы «Эра независимости». Книга Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева «Эра независимости», написанная в жанре исторической публицистики, отражает авторский взгляд на новейшую историю страны и ее будущее. Главное внимание обращено на характеристику этапов строительства суверенного государства с момента его основания, показ внутренней логики и механизмов принятия решений в ответ на внутренние и внешние вызовы за 26 лет Независимости. Библиографический указатель составлен на государственном, русском и иностранном языках и обратно хронологическом порядке.





Бұл көрсеткішке Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өз қызметі кезеңіндегі мейлінше маңызды деген және қалың оқырманның зор қызығушылығын тудырған кітаптары енгізілді. Қазақстан Президенті еңбектерінің каталогы хронологиялық тәртіп бойынша, танысуға және оқуға мүмкіндік беретіндей түрде ұсынылып отыр. 



Тәуелсіздік дәуірі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.



Кітапта «қазақстандық даму үлгісінің» табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланған. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген. Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты – елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу. 



Ой бөлістім халқыммен

Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарындағы, баяндамалары мен басқа да еңбектеріндегі, алқалы жиындар мен ел аумағының алуан аймақтарындағы әр түрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегі қанатты қағидалары қамтылып, терең ой-толғамдары мен тұжырымдары топтастырылған.



Сонымен қатар бұл кітап бұрындары жарық көрген «Туған елім - тірегім» (2001) және «Өзекжарды ойлар» (2003) жинақтарының заңды жалғасы. Басылым Елбасының өмірдің сан-саласын қамтитын жаңа ой орамдарымен толықтырылған.
Қазақстан жолы

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады. Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітаптың Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

I. Тәуелсіздік стратегиясы

II. 1995 жылғы Конституция

III. Каспий үшін күрес және мұнай дүмпуі

IV. Теңге – біздің тәуелсіздік нышанымыз

V. Мемлекеттік меншіктен – жеке меншікке

VI. Ұлттық қаржы жүйесі

VII. Жер мәселесінің эволюциясы

VIII. Жұлдыздарға жол салған Қазақстан



IX. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы

Қазақстан халықтарының Ассамблеясы. 10 жыл


Қазақстан халықтары Ассамблеясының 1-10 сессияларындағы баяндамалары жинағы.



Өзекжарды ойлар


Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбектеріндегі,  баяндамаларындағы,  алқалы жиындар мен әр түрлі кездесулерде сөйлеген сөздеріндегі қанатты қағидалары қамтылып, пайымды пікірлері топтастырылған.

Сондай-ақ бұл кітап 2001 жылы жарық көрген «Туған елім - тірегім» жинағының заңды жалғасы іспетті. Тың туынды Елбасының өмірдің сан-саласын қамтитын ой тербеген орамдарымен толықтырылған.
Ғасырлар тоғысында

I. Күні кешегіні көзге елестетсек

II. Жол айрығында

III. Мағұрып пен Машырық арасында




Бейбітшілік кіндігі


XX ғасыр. Мұныңыз – Ғалам бір бөлшек деп танылған, бірақ бөлшектің өзі тұтас бір ғалам болып шыққан заман. Мұныңыз – адамзат баласы атомның ғаламат тыныштығын тұңғыш рет мазалап, сол атом өзінің ғылыми қиялдан күштірек екенін көрсеткен заман.

Ұйқысынан оятылған күш өзінің адами әуестікті тояттандыратын дүниенің құйтымдай бөлшегін құрайтын жай ғана нәрсе емес, әлдеқайда үлкен нәрсе екенін танытты. Өзінің дүниеден жоғары, тыс тұрғанын, оның тағдырын адам айқындамайтынын, керісінше оның шексіз энергиясы адамзат тағдырын айқындайтынын дәлелдеді.

Адамдар ядроның энергиясын басқаруды үйреніп алды, бірақ өзін басқаруды үйрене алған жоқ. Адамдар адамға сенуден қалды, бірақ ядролық күшке сеніп алды.

Алайда «әскери» атом әлдеқашан-ақ өз ғұмырын күйттеуде. Оған ие болу қиын, жойып жіберу одан да қиын. Онымен көздеуге болмайды, өйткені нысана – дәл өзіңсің. Оның бетіне тура қарай алмайсың, өйткені жанарында шексіз зұлымдық лапылдап тұр. Оған сенуге болмайды, өйткені оның саған сенімі – достық емес, құлдық. Адамның мұндай сенімінің ақыры немен тынады? Адамзат өзіне деген сенімге қашан оралады?


Тәуелсіздік белестері


1. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. 1997 жылғы 10 қазан.

2. Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы.1999 жылғы 14 желтоқсан.

3. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде.

1993 жылғы 12 мамыр.

4. Береке басы – бірлік.

XVIII ғасырдың аса ірі мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алуға арналып Ордабасыда болған салтанаттағы сөз. 1993 жылғы 28 мамыр.

5. Еуразия мемлекеттер одағын құру туралы. Жоба.

1994 жылғы 3 маусым.

6. Ортақ елімізде татулық пен келісім болсын.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының бірінші сессиясындағы баяндама. 1995 жылғы 24 наурыз.

7. Қазақстан тәуелсіздігі: тарих тағылымдары және қазіргі заман.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 5 жылдығына арналған салтанатты жиналыстағы баяндама. 1996 жылғы 16 желтоқсан.

8. Ұлттық келісім – Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі.

Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясындағы баяндама. 1999 жылғы 21 қаңтар.

9. Біріккен Ұлттар Ұйымының Мыңжылдық саммитіндегі сөз.

Нью-Йорк, 2000 жылғы 6 қыркүйек.

10. «XXI ғасыр: ядролық қарудан тазарған дүниені қалайды» халықаралық конференциясын ашардағы сөз.

2001 жылғы 29 тамыз.

11. Жүз жылға татитын он жыл.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің онжылдығына арналған салтанатты жиналыстағы сөз. 2001 жылғы 16 желтоқсан.

12.Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының Екінші құрылтайындағы сөз.

2002 жылғы 23 қазан.

13. «ЕҚЫҰ-ның Трансазиялық өлшемі: қауіпсіздіктің үзілмес буыны».

ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының бірінші форумындағы сөз. 2003 жылғы 7 маусым.

14. Дiнаралық үнқатысу жаһандық өзара түсiнiстiкке бастайды.

Әлемдiк және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезiндегi Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзi. 2003 жылғы 23-24 қыркүйек.


Тарих толқынында


1. Ұлттық келбетті ұлықтайық

2. Қазақ даласы – ұлы түркі елінің қара шаңырағы

3. Мәдениет келешегі

4. Алаш мұрасы және осы заман

5. Ұлттық бірегейлік туралы

6. Тоталитарлық тәртіп пен ұлттық ұғымдар

7. Орталық Азияның тәуелсіз мемлекеттері және тарих тағылымдары

8. Тарихтың шеңберлері ұлттық зерде




Жүз жылға татитын он жыл


Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі.

Туған елім - тірегім


Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітаптарындағы, алқалы жиындар мен кездесулерде, ел аумағының әр жерлерінде сөйлеген сөздеріндегі өмірдің сан саласын қамтитын қанатты сөздері топтастырылған.

Қазақстан- Ресей қатынастар


Баяндамалар, сөйленген сөздер, мақалалар, сұхбаттар. 1991-1998 жылдар.

Қалың елім, қазағым


Бұл жинаққа Қазақстан Республикасының Президенті, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төралқасының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ халқының өткен тарихы, бүгіні мен болашағы және қазақ диаспорасы жайлы әңгіме-сұхбаты, баяндамалары мен сөйлеген сөздері енгізілген.

Тарих тағылымдары және қазіргі заман


Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің бес жылдығына арналған салтанатты жиналысты жасалған баяндама.

Қазақстан халқының азаматтық таңдауы - тарихи зерде, ұлттық татулық және демократиялық реформалар


Қазақстан халықтары ассамблеясының IV сессиясындағы баяндама, Ақмола, 1997 жылғы 6 маусым.



Тәуелсіздігіміздің бес жылы


Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан.

Реформаларды түбегейлендіру, жалпыұлттық келісім арқылы - жаңарған Қазақстанға


1. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1994 жылғы маусымның 9-ында Жоғарғы Кеңестің мәжілісінде сөйлеген сөзі

2. Нарықтық қайта құруларды жеделдету және экономикалық дағдарыстан шығу шаралары туралы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне Жолдау

Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы


Айқын мақсатсыз адам да, билік жүргізуші құрылым да, қоғам да өмір сүре алмайды. Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, сондықтан қажет.

Әділеттің ақ жолы


Кітапта автордың өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері де, соңғы 20-30 жыл ішінде елімізде, соның ішінде әсіресе Қазақстанда болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы оның жеке өзінің пікірлері де, белгілі саяси және қоғам қайраткерлеріне берген бағалары да бар. Мұның бәрі де туған республикамыздың өміріне, ондағы нақты жағдайлар мен проблемаларға, оларды шешуде кездескен қиындықтарға, қателіктерге, оларды жою жолындағы принципті күреске тікелей байланысты тартымды баяндалуы кітаптың әрбір қазақстандық үшін құндылығын арттыра түседі.

Каталог: kaz -> images
images -> Ғылыми кітапхана Көркем әдебиет секторы «Бір ел – бір кітап» акциясы
images -> М. Х. Дулати атындағЫ
images -> Құқықтық құжаттар Құрметті оқытушылар және білімгерлер!
images -> Сабақты жоспарлау Сабақ жоспарының мазмұны Сабақ жоспарына қойылатын талаптар Ағылшын тілі сабағының құрылымы
images -> «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша 2/11. 41 тобының «Педагогика»
images -> №і-б (жоо) жылдық статистикалық есеп кімге жіберіледі: Алушының мекен- жайы: Жіберушінің мекен-жайы
images -> Бюллетень 2016 ж. (шілде-желтоқсан) Ақпараттық бюллетень
images -> 1. Кітапхана туралы жалпы мәлімет
images -> Анықтамалық- библиографиялық ЖҰмыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет