3 практикалық сабақтың тақырыбы



Дата19.12.2019
өлшемі29,93 Kb.
#53823
Байланысты:
3 практикалык тапсырма Тарих

3 практикалық сабақтың тақырыбы:

ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.

Тапсырмалар:


  1. ІІ Бүкілқазақ съезі және Алаш партиясының құрылуы.

  2. Алаш партиясының бағдарламасы.

  3. Кеңес үкіметінің шаруашылық пен мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.

1. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.

М.Сералин бастаған  «Айқап» журналы төңірегіне шоғырланған қазақ зиялылары ең өзекті қоғамдық мәселелерді талқылып, белгілі бір бағдарламалық  тұжырымдарға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Сонымен, жалпықазақ кеңесін шақырып, онда ұлт өміріне қатысты өзекті мәселелерді қарау, соған сай саяси партия құру ісін қолға алуға қажетті алғышарттар тек ақпан революциясынан кейін қалыптасты.

Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.

Бірінші жалпықазақ съезіне қатысқан М.Шоқаев өзінің естеліктерінде бұл жиынға өзбек және татар елдері өкілдерінің де қатынасып, өздерінің ыстық ықыласын білдіргендігін айтып: «Сөйтіп құрылтай ұлы түркі халықтарының бас қосқан үшеуінің мызғымас бірлігін көрсететін сахнаға айналды» - дейді. Бірінші жалпықазақ съезін ұйымдастыру бюросы «Қазақ» газетінің 24-маусым күнгі санында съездің тәртібіне қойылатын мәселелерге байланысты ел талқысына өз тұжырымдарын ұсынды. Тезистер түрінде баяндалған бұл мәселелердің бәрі дерлік  кейін бірінші жалпықазақ съезінің күн тәртібіне енді. Съездің күн тәртібіне енгізуге ұсынылған мәселелердің бірі – «қазақ саяси партиясын жасау мәселесі» болды. Бұл мәселелерге байланысты бюро жасаған тұжырым мынау еді: Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Қазақ мақсаттарын теріп, бағдарлама жасап, сол мақсаттарға жету шарасын қарастырып қазақ партиясын қалай жасау, қандай жол құру, оны осы жалпықазақ съезінде кеңесуіміз керек.

Саяси партия құруға байланысты айтылған бұл тұжырымның  мынадай мәні бар. Біріншіден, ол тарихи деректермен толық таныс емес қайсібір авторлардың  «Алаш» партиясы шілдедегі жалпықазақ съезіне дейін-ақ қалыптаса бастады деген пікірін біржола жоққа шығарды. 1917 жылғы жалпықазақ съезіне дейін қалыптасып дамыған «Алаш» партиясы емес, кейін алаштық атанған ұлттық интеллигенция басқарған ұлт-азаттық қозғалыс болатын. Ал бұл қозғалыстың бастаушы ұйытқысының саяси партияға бірігуі бірінші жалпықазақ съезінен басталғаны тарихи факті. Екіншіден, бұл айтылған тұжырым  «Алаш» партиясының саяси мәнін кеміту мақсатында оны ресейлік кадеттер партиясының филиалы есебінде бағалаушылар пікірінің негізсіз екендігін көрсетеді.

Империялық езгідегі қазақ қоғамы жағдайында «Алаш» партия ретінде  өзінің идеологиялық негізі етіп, әрине, жалпыұлттық мүддені, қазақ шындығын алуға тиіс болды. Бұл толық табиғи құбылыс және басқаша болуы да мүмкін еместін. Ә.Бөкейханов  «бұл болып тұрған заман Алаштың азаматына зор жүк. Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере-бере жүретін алдымызда зор шарттар бар! Осыны аңғар, жұртым қазақ!» деп көрсетіп, бюроның атынан депутаттыққа кандидат деген 43 адамның атын атап, халықтың талқысына ұсынды. Олардың арасында Ж.Ақбаев, А.Бірімжанов, Х.Досмұхамедов, Р.Мәрсеков сияқты белгілі қайраткерлерден бастап А.Кенжин, С.Сабатаев, М.Төлебаев сияқты саясатқа енді араласа бастаған жастар; Уақытша үкімет комиссарлары мен мұғалімдер, дәрігерлер мен шығармашылық интеллигенция өкілдері бар еді. Сонымен, тұңғыш жалпықазақ съезі 21-26 шілде аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезд жұмысына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан мәселелер қойылып, олардың арасында мемлекет билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ облыстарындағы жер жағдайы, әскер құру, земство, әйел теңдігі және басқа мәселелер бар еді.

Сөйтіп, бірінші жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын құру туралы  шешім қабылдағанымен, күзге дейін, яғни Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқаны қызғанға дейін ол партияның  түрлі деңгейдегі ұйымдарын құру ісімен ешкімде айналыса қоймады. «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 5 қазандағы санында Ж.Досмұхамедовтың хаты жарияланады. Ол Құрылтай жиналысын дайындайтын кеңесте, «Шура-Исламда» , Бас жер комитетінде және басқа көптеген орындарда жалғыз өзі жүргендігін білдіріп, қазақ партиясының бағдарламасын жазуға уақыты мүлде қалмайтындығын айтып шағым жасайды.

 
2. «Алаш» партиясын құрып, оның жұмыс істеу бағыты: соғысты тоқтату, ұлттық – аймақтық – федерациялық негіздегі демократиялық республика құру, әйелдердің еркектермен тең құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел алушылық пен қалыңмалға қарсылық, 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып бекітілді.

Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет өкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде, «Қазақ» газетінің 1917 жылы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Жоба 10 бөлімнен тұрды:

  1. Мемлекет қалпы

Россия демократиялық, федеративтік республика болу. (Демократия мағынасы — мемлекетті жұрт билеу. Федерация мағынасы — құрдас мем-лекеттер бірлесуі. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әркайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді.)

Үкімет басында Учредительное собрание мен Г. Дума қалауынша кесімді жылға сайланатын президент болу. Президент халықты министрлер арқылы бағу, ол министрлер Учредительное собрание мен Г. Дума алдында жауапты болу.

Депутаттар тегіс, тең, төте һәм құпия сайлаумен болады. Сайлау хұқында хан, дін, еркек-әйел талғаусыз болу.

Законды жалғыз ғана Г. Дума шығару һөм Г. Дума үкімет үстінен қарап, ісін тексеру, запрос (сұрау) жасау хұқы да Г. Думада болу. Мемлекет салығы Г. Думасыз салынбау.

2. Жергілікті бостандық

Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия Республикасының федерациялык бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе болу, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болу. Қайткенде де осы күнгі земстволықты қабыл алу.

«Алаш» партиясы қазақтың би, болыс, ауылнайлары сияқты орын-дарында қызмет ететін адамдар жұртқа пайдалы, жұрт үшін кызмет етерге көңілді адамдар болуына жаһид1  қылады. Земстволардың управаларында, милицияларында таза кызметші боларлық адамдардың атын халық қалауына салады.

«Алаш» партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жәбірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұрт тарақи ету жағына бастайды.

3. Негізгі хұқық

  Россия республикасында дінге, ханға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу.

  Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға — еркіншілік; үкімет қызметшілері иесінен рұқсатсыз ешкім табалдырығын аттамаушылық; законсыз жолмен ешкімді үкімет адамдары ұстамаушылык; сот сұрамай, билік айтылмай тұтқын қылмаушылық; кылмысты болған адам судья бар жерде 24 сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып, жабылса, судья үкімімен жабылу.

  Кісі хатын ашқанға — айып, окығанға жаза болу.

  4. Дін ісі

Дін ісі мемлекет ісінен айырулы болу. Дін біткенге тең хұқық. Дін жаюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық.

  Муфтилік қазақта өз алдына болу. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер моллада болу, жесір дауы сотта қаралу.

5. Билік һәм сот

  Әр жұрттың билік пен соты тұрмыс ыңғайына карай болу. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі һәм үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылу. Би һәм судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік һөм сот жүзінде жұрт біткен тең болу; Құдайдан соңғы күшті би һәм судья болып, кім де болса, олардың үкіміне мойынсыну.

  Айтылған үкім тез орнына келу. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен каралу. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу. Присяжныйлар қазақтан алыну. Қырдағы ауыл, болыс ішіндегі билік пен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылу.

  6. Ел қорғау

  Ел сайлаумен қойылу; ел ішінде кітапханалар ашылу.

корғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмау. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету: әскер табына белгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндетін қазақ атты милиция түрінде атқару.

7. Салық

  Салық әл-ауқат, табысқа қарай байға — байша, кедейге кедейше әділ жолмен таратылу.

  8. Жұмысшылар

  Жұмысшылар закон панасында болу– (Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. «Алаш» партиясы жұмысшылар турасында социал-демократтардың меньшевик табының программасын жақтайды.)

  9. Ғылым-білім үйрету

  Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық һөм ақысыз болу; жұртқа жалпы оқу жайылу. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқу; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашу; оқу жолы өз алды автономия түрінде болу; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер-профессорлар өзара

  10. Жер мәселесі

  Учредительное собрание негізгі закон жасағанда жер сыбағасы ал-дымен жергілікті жұртқа берілсін деу; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеу; бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайту; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесу; сыбаға өлшеу — норма жердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалу; сыбағадан артылған жер земство қолында болу; артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілу; Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілу; жерді қазақ үй басына иеленбей, ауыл-аймақ, туысқан табына меншіктеп алу; өзара әділдік жолмен пайдалану.

  Жер законінде жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалану. Пайда-сынан артық жер сатылм–й, земствоға алыну. Жердің кені, астыңғы* байлығы қазынанікі болып, билігі земство қолында болу.

  Аса зор ағаш, зор өзендер мемлекеттікі болып, аз ағаш һәм көл бай-лықтары земство мүлкіне саналу.

Жобаны жасаушылар: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Елдес Ғұмаров, Есенғали Тұрмұхамедов, Ғабдулхамид Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов. «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның программасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» программасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сата алмайтын, шыншыл әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады, — делінген. «Сыртын берсе іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейиін, «Алаш» жолынан алып, айтысып – тартысуға жарамайтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш партиясына кірмейді. «Алаш» партиясына кіремін деген кісі осы айтылған шартттарды ойлап, толғап жүрегі қалайтын болса ған кіруі жөн» деген приципте тұрған.

Бұл жобаның түпнұсқасын Н.Маотыненко жариялаған орысша вариатымен мұқият салыстырғанда, көптеген ірілі-ұсақты бұрмалаушылық кездескен. Мұның өзі сол кезед кездейсоқ жасалмаған сияқты. Тасқа басқанд бір беттен аспайтын бағдарлама жобасын сол 20-шы жылдары орыс тілінде қатесіз тәржімалайтын адамдар болды. Бірақ олай істелмеді. Бұл ретте зерттеуші Қойгелдиевтің осы құжатты орыс тілінде өрескел бұрмалаулармен жариялаудыңң негізінде саяси мақсаттар жатты деген пікір айтқан. Осындай бұрмалаулар Алаш басшыларын «ұлтшылдар», «орыстарға қарсы саясат жүргізушілер» деп айыптаған.

Жалпы алғанда, көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең программа жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай сьезі сайлауында Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті.

3. Қазан революциясынан кейін жаңа мәдениет жасау Қазақстанда басталған қайта құрулардың маңызды құрамдас бөлігі болды. Ол мұның алдындағы кезеңдерде қазақ халқы жасаған мәдениет жетістіктеріне сын көзбен қарап, оларды игеру негізінде жүргізіле бастады.

Кеңес мемлекеті мәдени революция процесіне бағыт бере отырып, оған еңбекшілер бұқарасының өздерінің жанды шығармашылығымен белсене қатысуына, олардың басым көпшілігінің «көзін ашып, білім алуға» деген орасан зор ұмытылысына сүйенді. Ана тілі негізінде және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, мәдениетті еркін дамыту үшін барлық халықтарға нақты жасалынған жағдайда ғана еңбекшілердің мәдениет тұрғысынан өркендеуі мүмкін. Сонымен бірге ұлттар томаға-тұйықтыққа қарсы күресте ғана, ұлттардың шығармашылық ынтымақтасуы мен өзара рухани баюы негізінде ғана ұлттық мәдениеттердің гүлденуіне жетуге болатын еді.

Әлеуметтік-экономикалық қайта құрудағы сияқты, мәдени құрылыс саласында да өтпелі кезеңде еңбекшілердің қалың бұқарасына түсінікті, ұғымды жолдар, тәсілдер, құралдар қолданылды.

Алайда мәдени құрылыс үлкен қиыншылықтармен күресу жағдайында жүзеге асырылды. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты, халықтың ұлан-ғайыр аумақта сирек орналасуы, патриархатгық-феодалдық және клерикалдық институттардың ықпалы, өлкенің жалпы экономикалық артта қалуы, халықтың түгелдей дерлік сауатсыздығы, қатынас жолдары мен байланыс құралдарының жеткіліксіздігі, өте-мөте материалдық базаның әлсіздігі, кадрлардың жетіспеушілігі — осының бәрі жаңа мәдени құрылыс қарқынын баяулатты.

Орасан зор қиыншылықтар мен кертартпалыққа қарамастан қазақ еңбекшілерінің сауатын ашу жөнінде мақсаткерлік бағытта жұмыс жүргізілді. Мәдени қайта қүрулар әрқилы ұлтшылдық пен шовинистік көзқарастарға қарсы күрес үстінде өрістеді. Ұлы державалық шовинистік элементтер ұлттық мәдениетті дамытудың қажеттігін бекерге шығарды, ал ұлтшыл элементтер ұлттық томаға-тұйықтықты жақтады, қазақ халқын орыс және басқа халықтардың социалистік мәдениетіне ортақтастыруға қарсы шықты. Идеологиялық майдандағы күрестің қиындықтарын мәдениет қызметкерлерінің, жалпы интеллигенцияның, даярлығы бар кадрлардың аздығы да өршіте түсті.

Мақсаткерлік күрес жүргізу өзінің нәтижесін берді, феодалдық тонаулар жойылды, рулық-патриархаттық тәртіпке, рулық институттарға, діни соқыр сенімдерге қарсы күрес шиеленіскен жағдайда жүргізілді, қазақ әйелдеріне теңдік әперілді, жаппай сауатсыздықты жою, орта және жоғары білім жүйесін құру, кеңестік интеллигенция кадрларын қалыптастыру жөнінде кешенді шаралар жүзеге асырыла бастады.

Халық бұқарасының санасын оятуда, арттыруда, саяси-ағарту жұмысы маңызды орын алды. Еңбекшілердің белсенділігін арттыру үшін насихат күндері, апталықтар, айлықтар өткізіліп тұрды. Кітапханалар, мұражайлар, театрлар, жұмысшы үйлері, саяси сауат үйірмелері мәдени-ағарту жұмысының негізгі ошақтары болды, оларда көркемөнерпаздар үйірмелері жұмыс істеді. 1922 жылдың көктемінде республикада 7 орталық және 90 аудандық клуб, 33 аудандық халық үйі, 221 оқу үйі болды. Көшпелі аудандарда қызыл отау, қызыл шайхана, қызыл керуендер құрылды. Олар көбінесе, бұқараның бастамасымен құрылып жатты.

Әйелдер арасындағы жұмысқа көп көңіл бөлінді, 1920-1922 жылдары жер-жерде әйелдер бөлімдері құрылды. Қазақ әйелдерінің еңбек пен жұмыс жағдайларын зерттеу, олардың экономикалық және құқықтық теңдігін қамтамасыз ету мақсатымен 1926 жылғы қарашада Қазақ АКСР ОАК жанынан комиссия құрылды. Жүзеге асырылған нақты шаралар өзінің жемісін берді — әйелдер өндіріс пен қоғам өміріне белсене араласа бастады.



Халық шаруашылығының қалпына келуіне және республика экономикасының нығаюына қарай мәдениет мәселелеріне неғұрлым көбірек көңіл бөлінді. 1925 жылы Қазақстан Кеңестерінің V съезі үкімет пен жергілікті орындарды республикалық және жергілікті бюджеттің кемінде 35 пайызын мәдениет пен ағарту ісінің мұқтажына жұмсауға міндеттеді.

Мерзімді баспасөз бен кітап шығару ісі мықтап дамыды, барлығы 31 газет, оның 13-і қазақ тілінде шығып тұрды. Жыл өткен сайын кітаптар көптеп шығарыла бастады. 1925 жылы 96 кітап 443 мың дана болып таратылса, 1930 жылы тиісінше — 200-ге жуық және 3 млн. Ал 1932 жылы таралымы 6 млн. дана 668 кітап шығарылды. Дегенмен кітап әлі де аз еді, солай бола тұра баспасөз еңбекшілерді үйретті және оларды жаңа, жарқын да еркін өмір құруға шақырып отырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет