3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет4/4
Дата18.05.2020
өлшемі1 Mb.
#69494
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
sabaq-kz attachment tzhb.soch.-aza-tl-3-synyp-3-tosan-boyynsha-zhiynty-baalau

Балл қою кестесі




Тапсырма



Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

2


Не істеді?

1



Әңгімелеу мәтіні

1

Басы: Әбу Насыр әл-Фарабидің жастау кезі болса керек. Бір күні жолаушылап бара жатқан жолдасы бір бума кітапты сақтап қою үшін Әбу Насырға аманат қылып тастап кетеді. Әбу Насыр оны үйіне апарып, сақтап қояды

1

Ортасы: Қолы босаған сәтте әлгі кітаптардың біреуін алып, көз жүгірте бастайды. Кітап сөздері ұнап, аяғына дейін оқып шығады. Бірақ онша түсіне қоймайды. Қайта оқиды. Сонда да ұғымы жетіңкіремейді.Ақыры кітапты қайта-қайта оқи береді. Сонда ғана жазылған жайлардың мағынасын айқын ұғып, анық түсінген

1

Соңы: Осы табандылығының арқасында Әбу Насыр ғылымға бой ұрып, асқан білікті ойшыл болып жетілген екен.

1

Барлығы




5




Жазылым


  1. Жоспар бойынша оқыған мәтіннің мазмұнын жаз.

Жоспар:

  1. Жолаушының аманаты

  2. Кітапқа құмарлық

  3. Әбу Насыр – ұлы ойшыл

Балл қою кестесі

Тапсырма №

Жауап



Балл

Қосымша ақпарат

3


Білім алушының ықтимал жауабы:

Әбу Насыр әл-Фарабиге бір адам өзінің кітаптарын беріп, сақтап қоюды өтініпті. Әл-Фараби қолы бос кезде әлгі кітаптарды алып оқиды. Бірақ онша түсіне қоймайды. Ол кітапты бірнеше рет қайталап оқығанда ғана түсіне бастайды. Осындай табандылығының арқасында Әбу Насыр ұлы ойшыл болған екен.



1

Мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес, жүйелі жазады.

1

Мәтіндегі мәліметтерді, негізгі ойды сақтап жазады.

1

Орфографиялық нормаларды сақтайды (2 қатеден артық емес).

1

Пунктуациялық нормаларды сақтайды (1қатеден артық емес немесе 1-2 түзетуі бар).

1

Каллиграфиялық норманы сақтап жазады.


Барлығы

5






5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.

Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.

Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.

Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.

Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.


6. Модерация және балл қою


Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет