4-КҮн критериалды бағалау жүйесі 1-дəріс Критериалды бағалаудың теориялық негіздері Критериалды бағалау қағидаттары Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Слайд



Pdf көрінісі
бет1/10
Дата05.09.2020
өлшемі105,31 Kb.
#77103
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ACFrOgACOXTJJkf wA 1KTJyfxkzGnXuW6LkS 84 46bS4aTISqpZyiSuCHYppAkJum9wwpVbn2A4ExAeXeceFlY4fsfNh1FFNHx33sWCId xMLcOtR QvqDy6iRKcWYoOyuSP0NotVn0MiiBH0F



4-КҮН

КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ

4.1-дəріс

Критериалды бағалаудың теориялық негіздері

Критериалды бағалау қағидаттары

Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны

Слайд

Мəтін

1

Дəріс  тақырыбы  –  Критериалды  бағалаудың  теориялық  негіздері 



Критериалды  бағалау  қағидаттары.  Критериалды  бағалау  жүйесінің 

мазмұны.


2

Білім  алушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  шынайы  жəне 

сенімді жүйесі білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі болып табылады.

Бағалау  -  оқытудың  ағымдағы  жəне  қорытынды  кезеңдеріндегі 

оқушылардың  үлгерімі  туралы  ақпаратты  жинау  мен  талдауды  білдіретін 

білім беру процесінің маңызды құрамдас бөлігі.

Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау тəсілі көптеген шет 

елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты жəне 

валидті  болып  табылады.  Мұндай  тəсіл,  ең  алдымен,  процестің  барлық 

қатысушыларына оқу материалын игеру деңгейін түсінуге мүмкіндік беретін 

кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.

Тəжірибе  критералды  бағалаудың  практикалық  маңызы  мен 

артықшылықтарын көрсетеді, өйткені мұнда:

-  оқушының  жеке  тұлғасы  емес,  оның  орындаған  жұмысы 

бағаланады;

-  оқушының  жұмысы  оларға  алдын  ала  белгілі  бағалау  критерийлері 

бойынша бағаланады;

-  оқушылардың  нені  оқығанына  бағаланады,  себебі  бағалау 

критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды;

-  оқушылардың  оқуға  жəне  өзін-өзі  бағалауға  жəне  деген  ынтасы 

артады.

3

Критерийлер  арқылы  бағалау  оқушыларды  оқу  тапсырмаларын 



барынша  сапалы  орындауға  ынталандырады,  олардың  білімін  тереңдетіп, 

түсінігін  кеңейтеді,  оқушылардың  ойлау  қабілетінің  деңгейін  көтеріп, 

эмоциялық зиятын дамытады.

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  критериалды  бағалау  жүйесі  оқу, 

оқыту  жəне  бағалаудың  өзара  тығыз  байланысына  негізделген.  Ол  оқу   

процесін ұйымдастыруға біртұтас көзқарасты қамтамасыз етеді. 

Бұл теориялық негіздеуді жəне бағалаудың барлық элементтерінің - оқу 

мақсаттары,  бағалау  түрлері,  құралдары  жəне  бағалау  нəтижелері  арасында 

өзара байланыс болуын қажет етеді

4



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет