4 Қоршаған ортаны қорғау



Дата12.12.2019
өлшемі59,49 Kb.
#53506
Байланысты:
4 Қоршаған ортаны қорғау
4 Қоршаған ортаны қорғау
4 Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек табиғатты қорғауАдам әр кезде де табиғатпен тығыз байланыста өмір сүреді, оның байлықтарын пайдаланады және өз қызметі арқылы табиғатқа әсер етеді. Адамның табиғатқа әсері зиянды салдар тудыруы мүмкін. Мемлекет әрқашанда табиғи ортаны осындай зиянды әрекеттерден қорғау үшін белгілі бір құқықтық ережелер шығарады. Табиғи ортаны адамның зиянды әрекеттерінен қорғауға бағытталған нормалардың (ережелердің) жиынтығы экологиялық құқық деп аталады. Адамның табиғатқа зиянды әсерінің салдарынан XX ғасырдың ортасында әлемдегі экологиялық жағдай күрт төмендеп кетті. Экологиялық жағдайдың нашарлағаны соншалық, бүгінде ол әлемнің кейбір аймақтарында адамның тұрмыс тіршілігімен коса оның өмірі үшін де үлкен қатер тудырып отыр.

Қазіргі кезде халықтын 20 пайызы аллергия ауыруына шалдығуда, күн сайын Жер шарында 25 мын адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайтыс болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35 пайызы қоршаған ортаның ластануы нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның тиімсіз жұмысынын салдарынан 44 гектар жер шөлге айналады, күн сайын жануарлар мен өсімдіктердін бір түрі жойылып отырады; күн сайын 40 мыннан астам бала аштықтан өлуде. Оттек қоры 10 млрд т азайған, 200 млн гектарға жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды.

9

Белгілі америкалық эколог-ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі заңдарын былай түсіндіреді:



1) барлығы барлығымен байланысты;

2) барлығы әйтеуір бір жаққа кетуі керек;

3) табиғат ненің жақсы екенін "біледі";

4) еш нәрсе тегін берілмейді.

Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шартттары Мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық, техникалық, ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді. Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі керек.Құқықтың қағидалары — Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген негізгі бастамалар, басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік кағидаты. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер қабылдайды;әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қатысу қағидаты. Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар күшімізді жұмсауға тиістіміз;қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың сұлу өңірлері ерекше қорғалуы тиіс. Қазақстанда алғашқы табиғи күйінде сақталған және ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық кағидаты. Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек. Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл — шөлде өсетін өсімдік, ол жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым салынған;кедейлік пен қайыршылықты жою кағидаты. Демократиялық мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп қояды

10

Бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер етудің алдын алу қағидаты;коршаған ортаны қорғау саласындағы тығыз халықаралық ынтымақтастық кағидаты;қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар болу кағидаты. Әрбір адам экологиялық сауатсыздық тек оның жеке басына ғана емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізетінін білуі керек. Мысалы, орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығыҚазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабында былай делінген: "Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына колайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады". Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау мемлекеттің міндеті ретінде бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау мен оның байлықтарына ұқыптылықпен карау міндет болып табылады. Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген. Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай мәселелерді қамтиды:халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері;экологиялық қауіпсіздікке байланысты шешімді дайындауға, талқылауға және қабылдауға қатысу, қоршаған табиғи ортаның жай-күйі туралы тиісті ақпараттар алу;қоршаған ортаның ластануы нәтижесінен адам денсаулығына келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.Осы орайда адам құқықтарының оның міндеттерінен бөлінбейтіндігін атап кеткен жөн. Бұл дегеніміз: адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға міндетті дегенді білдіреді.



11

Қорытынды

Мен жабдықтау жүйелері деген суды табиғи көздерден қабылдап, оның сапасын жақсартып пайдаланатын жерлерге жеткізуге арналған инженерлік ғимараттар мен шаралардың кешені.Елді мекенді немесе өнеркәсіп, кәсіпорынды орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі, жер бетіндегі немесе жерасты көздерінен суды алып, оны тазалап және өңдеп тұтынушыларға уақытысында қажетті мөлшермен жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Осы мақсатпен сумен жабдықтау жүйесіне су қабылдайтын ғимараттар, суды арынмен тазарту ғимараттарға, жинағыш резервуарлар мен тұтынушыларға жеткізетін сорғы станциялар, тазарту ғимараттар, сақтау мен реттеуге арналған резервуарлар мен арынды су мұнаралар, суды үлестіру мен тұтыну жеріне жеткізуге арналған су өткізуші құбырлар мен үлестіруші тораптар кіреді.

Сумен жабдықтау жүйелерін төменгі бірқатар белгілермен жіктейді.Қызмет көрсету нысанының түріне байланысты: тұрғын жерді (қалаларды, кенттерді, ауылдарды) сумен қамтамасыз ету жүйесі, өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі; ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз ету жүйесі.Тағайындауы бойынша: шаруашылық және ауыз суының жүйесі; өндірістік жүйе; өрттен сақтау жүйесі.Бір жүйемен бірқатар нысандарды қамтамасыз ететін болсақ топталған немесе аудандық жүйелер болып бөлінеді.Пайдаланатын табиғи су көздерінің түріне байланысты: жер бетіндегі су көздерінен су қабылдайтын жүйелер; жер астындағы суға бейімделетін жүйелер; аралас қоректену жүйелері.Суды жеткізу тәсіліне байланысты айыру: өздігінен ағатын су құбыры бар жүйелер; суды механика арқылы сорғыны қолданып жіберу жүйелері

Өндірісті сумен қамтамасыз ету жүйесі өзінше суды пайдаланатын тәсіліне байланысты былай жіктеуге болады: тіке ағызу жүйелері; қатармалы жүйелер; айналма жүйелер.

18
3 Өртке қарсы іс-шаралар

Адамның өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекетке зиянын тигізетін, қоршаған ортаға үлкен материалдық зақым келтіретін, қоршаған ортадағы заттардың бақылаусыз жануы.Ең күрделі, зиян тигізетін өрттер өртке қауіпті объектілерде және басқа да зақымдау факторлары (жарылыс, улы заттардың жиналуы т.б.) бар объектілерде болады. Сонымен бірге, адамдар көп шоғырланған жерлерде де өрт шығу қаупі бар.

Өрт салдары зақымдау факторларының әрекеттеріне байланысты болады. Оларға жататындар:жанғыш заттың отқа тікелей әсері; сәулелер есебінен жоғары температуралы заттар мен объектілерге жану зонасында иісті газбен улану;жану кезіндегі токсинді өнімдерден улану,құрылыстардың конструктивті бөліктерінің бұзылып құлауынан адамдардың жарақат алуы немесе қаза болуы.

Өрт қауіпсіздігі – бұл өрт болу мүмкіндігін болдырмау және оның пайда болған кезінде адамдарға, құрылыс және материалдық құндылықтарға өрттің қауіпті факторларының жағымсыз әсерлерін жою үшін қажетті шараларды қолдану болып саналады.

Өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу шаралары мен және белсенді өрт қорғанысымен қамтамасыз етіледі. Өрттің алдын алу болып өртті болдырмау немесе оның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралардың кешені саналады. Белсенді өрт қорғанысы – бұл өрт немесе жарылысқа қауіпті жағдайларымен белсенді күресуді қамтамасыз ету шаралары.

Өрт сөндіру құралдары 2-ге бөлінеді:қол көмегімен жұмыс істейтін құралдар (құм салынған жәшіктер, асбест жабындары, өртке қарсы құрал-саймандары бар тақталар; химиялық көпіршікті от сөндіргіштер; ұнтақты отсөндіргіштер; көміроттекті отсөндіргіштер; хладонды отсөндіргіштер; құрама отсөндіргіштер);өртке қарсы жүйелер (сумен жабдықтау жүйелері; көпіршікті генераторлар; автоматты сигнал беру құралдарын қолдану арқылы автоматты өрт сөндіру жүйелері).

Кез келген объектілерді эксплуатациялауды (туристік фирмаларды, қонақ үйлерді, демалыс базаларын) бекітілген нормативті құжаттар талаптарына сай қатаң түрде жүзеге асыру қажет.

Барлық қоғамдық және өндірістік ғимараттарда нақты көрсетілген кедергісіз тез шығуға кепіл беретін апатты жағдайларда шығатын жерлер болуы тиіс. Есіктер іш жағынан ашылуы керек. Бұл жерлерде кедергі келтіретін бөгде заттар мен отқа жанғын материалдар болмауы керек. Бұдан басқа да құтқару жолдары қарастырылуы жөн (мысалы, сыртқа шығатын сатылар мен шатырға шығатын жерлер). Өрт кезінде ешқашан лифтті қолдануға болмайды.
7

4.1 Сумен жабдықтау сипаттамасы мен олардың бағалануы

Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.

Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды.

Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары.

Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін.



Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы.
12
Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін. Қазіргі кездің өзшде тұщы судың жетіспеуі, су ресурстары жеткілікті жерлердің өзінде де байқала бастады. Тұщы сумен қала халқының 20%, ауыл халқының 50% қанағаттандырылмай отыр [1сурет]

1сурет,Сумен жабдықдау

Сумен қамтамасыз ету Қазақстанда аумақтар бойынша біркелкі таралмаған. Сумен тек Шығыс Қазақстан облысы ғана жақсы қамтамасыз етілген (290 мың м3/1 км²). Ал Атырау, Қызылорда және Маңғыстау облыстары сумен жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Жалпы Қазақстан бойынша табиғи су ресурстары туралы мәліметті 9 естеден көруге болады.

Мыңжылдық даму мақсаттарының есебі бойынша, Қазақстан халқының басым көпшілігі ауыз судың сапалы көздерін пайдалану, сумен жабдықтау мен санитарлық қызмет көрсетуді қаржыландыру жағынан дәреже-деңгейі темен күйде қалып келеді. Республикада су құбырлары желісінің 70% жұмыс істемейді және 23% санитарлық-гигиеналық талаптарға сай емес. Жұртшылықтың лайланған ашық ауыз су көздерін, өзен-көл, арық, құдық суларын пайдалануынан жыл сайын жұқпалы аурулар, сүзек, сары ауру, тырысқақ пен ішек, асқазан аурулары өршіп бара жатыр. Мысалы, Атырау облысы тұрғындарының 20% кермек татыған су ішіп, арық суларын пайдаланады. Таза сумен қамтылған делінетін Алматыдағы су жүйелерінің 70% тұрмысқа жарамсыз.

13

5. Суды фторлау үшін қондырғы



Суды тазартуға және залалсыздандыруға арналған қондырғылар – судың сапасын қажетті талаптарға дейін жеткізуге және судың құрамындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюға арналған қондырғылар: тұндырғыштар, сүзгілер, хлораторлар.Жинағыш резервуарлар – біріншілік және екіншілік көтеру насостық стансаларының біркелкі емес жұмыс тәртібін реттеуге және судың қор көлемін сақтауға арналған.Суды тасымалдауға арналған құрылғылар – суды тазарту орындарына және тарату орындарына жеткізуге арналған. Елді мекенге, өндірістік мекемелерге, су тазарту қондырғыларына құбырлар тізбегі арқылы судың берілуін айтамыз. Сумен қамтамасыз ету көзінің ұзындығына байланысты ара- қашықтығы кең болуы мүмкін.

Суды таратуға арналған қондырғылар – елдімекен аймағына байланысты су құбырының торабы. Ол суды жеке үйлерге және кәсіпорындарға тасымалдайтын құбырлар жүйесі.Су құбырының тарату жүйесі. Тарату торабы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтерінің бірі және оған су қысымды резервуарлар, елді мекен аймағындағы жер асты құбырлар торабы, су алу қондырғылары жатады. Тарату торабына түскен су ешқандай тазалауға, залалсыздандыруға бармайды, ол өзінің сапалық қасиеттерін тек «екіншілік ластанудан» нашарлатуы мүмкін. Судың «екіншілік ластануы» су тарату құбырларының бүтіндігі бұзылғанда болуы мүмкін. Эпидемиологиялық тұрғыдан «екіншілік ластанудың» үлкен қаупі бар, сондықтан су құбырының тарату торабы «су» инфекциясын таратудағы ең басты звеносы болып табылады. Су құбырлары зақымданған кезде, ластанған топырақта ішек инфекциялары болуы есебінен немесе сол тарату торабының жөндеу жұмыстары кезінде суға ішек инфекциялары түсуі мүмкін.«Екіншілік ластану» тораптың жеке бөлек аймақтарымен шектеледі. Кейде «екіншілік ластану» жасырын сипатта да болуы мүмкін.Қазақстанның ауыз суының сапасы жылдан жылға төмендеуде, орта шамамен 3-5 %. 1988 жылы санитарлық талаптарға сай емес су құбырлар саны 8,4 % - ға, ал 1997 жылы үш есеге, яғни 26 % - ға өсті. Жеке облыстарда жағдай одан да қиын, мысалы Алматы облысының 50% -ға жуық су құбырында санитарлық күзету зонасы жоқ. Батыс Қазақстан облысының

әрбір бесінші су құбыры санитарлық- гигиеналық талаптарға сай емес, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында сол себептерге байланысты топтық су құбырларының көпшілігі пайдалануға берілмеді. Республикада су құбырын тарату тораптарының санитарлық жағдайы нашарлады және апаттық жағдайлар саны өсті. Бұл мәселені шешуде ең оңтайлы шешім - ол су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу.

14
6. Суды хлорлау үшін қондырғы

Суды хлорлау — ауыз суды немесе ақаба суды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) үшін хлормен өңдеу. Ауыз суды озондаған (яғни, озонмен ондеу) дұрыс, өйткені, Суды хлорлау бірқатар жағдайларда мутагендер мен канцерогендер (хлорорганикалык косылыстар, мысалы, хлороформ) түзілуіне себепші болады СУА 226[1] Суды хлорлау. Суды зарарсыздандырудың химиялық әдістерінің арасында қазіргі уақытта зарарсыздандырудың ең үнемді әдісі ретінде хлорлау ең таралған әдіс болып табылады. Тәжірибеде Cl2 газ тәрізді хлор, ClO2 хлор диоксиді, сондай-ақ тұтыну орнында электролиз әдісімен алынатын хлорлы агенттер (натрий гипохлориті, кальций гипохлориті және басқа) қолданылады. Хлорлы әк және кальций гипохлориті соңғы уақытта елеусіз және судың аздаған мөлшерін (негізінен тазартылған сарқынды суларды) зарарсыздандыру үшін ғана қолданылып келеді, себебі құрамында осындай хлор бар реагенттерді қолдана отырып, зарарсыздандыру сонымен бірге тазартылатын суды әртүрлі заттармен ластануына алып келеді. Хлор суда еріген кезде тез ыдырайтын хлор қышқылы пайда болады. Ыдырау барысында хлор қышқылы HOCl  H+ + OCl- иондарына ыдырайды. OCl- ыдырау барысында одан әрі бөлінетін атомарлы оттегі ең бактерицидтік әсер етеді.

Хлорлауды қолдану судың бактериалды ластануын азайтады, бірақ вирастардың жұғу қауіпін сақтайды және оның теріс экологиялық салдары бар.

Хлорлаудың теріс қасиеті хлорорганикалық қосылыстар: тригалогенметандардың, хлорфенолдардың, п-нитрохлорбензолдардың, хлораминдердің, сондай-ақ диоксидтердің пайда болуы болып табылады, олар су айдындардың суындағы табиғи фенолды қосылыстардың суға жіберілетін хлормен өзара әрекеттесуі кезінде пайда болады. Көптеген зерттеулердің деректері бойынша хлорорганикалық қосылыстар адамға жоғары уыттылығымен, мутагендігімен, канцерогенділігімен әсер етеді. Олар су түбiндегi шөгiндiлерде, суда тіршілік ететіндердің жасушаларында жинала алады және ақырында адамның организміне түседі. Олар биологиялық ыдырауға өте төзімді болып келеді және шығару (түсіру) орнынан бастап өзенді ағыс ыңғайымен елеулі қашықтықтарға ластайды. Хлорлау кезінде сондай-ақ хлораминдер пайда болады, осы заттар ең аз шоғырланған кездің өзінде су организмдерінің қатты физиологиялық өзгертеді және оларды жояды. Таяуда тірі организмдерге өте уытты хлордибензопарадиоксиндер, фурандар сияқты жаңа қосылыстар анықталды және теңестірілді, олардың ластану көзі хлорорганикалық өндірістердің өнімдерін пайдаланатын өнеркәсіптік өндіріс, халыққа тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар (химиялық тазарту орындары) болып табылады.

15

Хлорлау үшін хлордың жұмыс мөлшерін белгілеу үшін тәжірибелі жолмен суды зарарсыздандырудың нәтижесі және қалған белсенді хлордың мөлшері анықталады, ол судың сіңіру шамасына байланысты болады. Суды зарарсыздандыру үшін хлордың таңдалған жұмыс мөлшері тиісті бактерицидті нәтижені қамтамасыз етуге тиіс, яғни өңделген судағы ішек таяқшалардың саны 1 литрде 3-тен артық болмауы тиіс, судың хлормен байланысқан кезеңінен кейін (кемінде 30 мин.) бактериялардың жалпы саны 1 миллилитрде 100-ден артық болмауы тиіс. Бұл ретте қалдық хлордың құрамы кемінде 0,3 немесе 0,5мг/литрден аспауға тиіс. Кейбір бұлақтардың, көбінесе ашық бұлақтардың суын хлорлау кезінде зарарсыздандырудың тиісті нәтижесін алу қажеттілігіне сонымен қатар органолептикалық қасиеттеріне (иіс пен дәм) қатысты судың гигиеналық талаптарға сәйкес келуіне байланысты қиыншылықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда зарарсыздандырудың қандай да бір арнайы тәсілі қолданылады, оларға мыналар жатады. Ауыз судың нормативтік талаптарға толық сәйкес келуіне кепілдік беретін хлорлаудың қандай да бір тәсілін таңдау суды тазарту және зарарсыздандыру бойынша өндірістік тәжірибені ескере отырып, қайнамаған және өңделген суды санитарлық-химиялық, санитарлық-бактериологиялық және технологиялық талдаудың негізінде суды тазарту станциясының әкімшілігі жүзеге асырады. Су құбырының әкімшілігі суды хлормен өңдеу әдістемесі бойынша негізгі ережелерді белгілейді, оған хлорды пайдалану схемасы, реагенттерді мөлшерлеу және судың шығыстарына байланысты хлорлау кестелері жатады. Осы негізгі ережелер МСЭҚ-тың жергілікті органдарымен келісіледі. Суды тазарту станциясы мен тарату желісінде судың сапасына зертханалық-өндірістік бақылауды нормативтік талаптарға сәйкес су құбырының әкімшілігі және ведомстволық зертхананың күші мен құралдары қамтамасыз етеді. Суды желіге жіберудің алдында қалдық хлорды анықтау әр сағат сайын жүргізіледі, ал ашық су айдындарынан сумен жабдықтау жүйелерінде әр 30 минут сайын жүргізіледі; қалдық хлорды кезекті анықтаумен қатар сонда тәулігіне кемінде 1 рет бактериялық талдауға сынама іріктеледі. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждары үшін су құбыры арқылы жіберілетін суды хлорлау тиімділігіне санитарлық-зертханалық бақылауды бас тоғанның ең ерекше орындарында (сорғы станциясына жақын жерде, ең алыстағы, ең дөң жер, тұйық жерлер, су алу колонкалары) ЖКБ және ТКБ мен бактериялардың жалпы санын анықтау жолымен МСЭҚ-тың құрылымдық бөлімшесі жүргізеді. Сынамаларды іріктеу пункттері мен талдаудың жиілігі МСЭҚ-тың жергілікті құрылымдық бөлімшелері бекітетін кестелерде анықталады


16

Суды залалсыздандыру деген – ондағы микроорганизмдерді жою процесі. Бактериялардың 98% шамасы суды тазалау процесі кезінде жойылады, ал бактерияның қалған бөлігінде ауру тудырғыш вирустар мен микробтардың болуы мүмкін. Оларды жою үшін суды арнаулы өңдеу қажет. Залалсыздандыру үшін 2 негізгі әдісті қолданады. Суды өңдеуге күшті қышқылдармен ултракүлгін сәулелерін қолданады. Осы айтылғандардан басқа суды ультрасүзу, ультра дыбыспен өңдеу және суды қайнату жақсы нәтижелер береді. Ашық алаңды қоймалардағы суды тазалау үшін көп жағдайда күшті қышқылдатқыш – хлорды пайдаланады.[2сурет]


2сурет ,Суды тазарту кестесі



Судағы микробтарды қайнату арқылы жоюға болады. Судың температурасы жоғарылаған сайын залалсыздандыру процестері шапшаң жүреді. лорлау нәтижесінде табиғи судың қасиеттерінің өзгеруі залалсыздандыру әдісіндегі анықталған келеңсіздік болып табылады, сонымен қатар судща хлорға тұрақты формадағы бактериялар болады. Мысалы, спора түзетін микробтарға үлкен дозаға хлор да әсер етпейді. Дегенмен, хлорлау әдісі су арқылы жұғатын ішек және басқа да инфекцияларға бактериоцидті эффект көрсетеді. Кейде коагуляцияға дейін және сүзуден кейін үлкен эффект алу үшін екі ретті хлорлау қолданылады. Преаммонизация арқылы кейбір иістерді кетіруге және бактериоцидті әсерін ұлғайтуға болады. Хлорлаудың алдында суға аммиак қосылады, ол хлормен қосылып хлорамин түзіледі. Олардың қалдық хлорға қарағанда бактериоцидті эффект ұзақ болады. Суды залалсыздандырудың аса жетілген әдістерінің бірі озондау. Озонды суға қосқанда ол оттегіне айналып, судың дәмін жақсартып, бояу мен иістерін кетіреді. Тек озондау үшін күрделі аппаратурамен қатар, сүзу арқылы өте жақсы тазартуды және бақылауды қажет етеді. Суды хлорсыздандыру. Хлорланған суда хлор қалдықтары I литр суда 0,5 мг аспауы тиіс.

17

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет