5-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша мектепішілік олимпиада Физика, 7 сынып



Дата04.11.2019
өлшемі20,34 Kb.
#51102
Байланысты:
0012b067-c0936bed
Doc1
2017– 2018 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша мектепішілік олимпиада

Физика, 7 сынып
Жұмыс уақыты – 120 минут

1 Есеп

Турист жүрілген жолдың үштен бір бөлігін, бірқалыпты қозғалып 1 сағат ішінде өтті. Сонан соң шаршап екінші үштен бір бөлігін де бірқалыпты қозғалып 2 сағат жүрді. Үшінші жол бөлігінде одан гөрі шаршап оны да бірқалыпты қозғалып үш сағат бойы жүріп өтті. Бірінші жол бөлігіндегі орташа жылдамдығы екінші жол бөлігіндегі жылдамдығынан неше есе артық?



8 ұпай

2 Есеп

Қола (бронза) жасау үшін мыс пен қалайының қорытпасын алады. Егер қорытпаны жасау үшін металдардың басында бірдей көлемдерін араластырса, ал сонан соң бірдей салмакпен алса, қорыптаның тығыздығы неге тең болады. Мыс тығыздығы 8930 кг/куб.м., қалайы–7280 кг/куб.м. Қорытпа көлемі металдар көлемдерінің қосындысына тең.



7 ұпай
3 Есеп

Массасы 1800кг ғарыштық кеменің жерге қонушы аппарат тежеуші парашюттардың ашылуынан соң бірқалыпты қозғалады. Егер еркін түсу үдеуін 10 тең деп алса, ауаның кедергі күші неге тең болады.

Жауапты негіздеу қажет.

4 ұпай
4 Есеп

Гирька,сызғыш және қарындаш көмегімен тіктөртбұрыш кәмпит тығыздығын қалай анықтауға болатынын жазып беріңіз.



6 ұпай


2017– 2018 оқу жылы «Дарын» ҚО
5-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша мектепішілік олимпиада

Физика, 8 сынып
Жұмыс уақыты – 120 минут

1 Есеп

Ұзындығы 200м жаунгерлерлегі (Колонна) жорықта жол бойымен 3,6 км/сағ жылдамдықпен қозғалады. Соңында жүруші офицер хабар тасушыны қысқа хат пен легі алдындағы командирге жібереді. Жауынгер 7м/с жылдамдықпен жүгіріп, тапсырманы орындап болған соң соңында жүрушіге сол жылдамдықпен қайта оралады. Тапсырманы алғаннан соң қай уақыт ішінде жауынгер қайта оралды?



(8 ұпай)

2 Есеп

Ұзындықтары бірдей, бірақ қалындығы әртүрлі екі болат сымды басында ток көзіне параллель, сонан соң тізбектей қосады. «күштірек» және «нашарлау» ұғымдарды пайдаланып сымдар осы екі жағдайда қалай қыздырылатындығын жазып беріңіз. Жауабын математикалық түрде негіздендер.



(5 ұпай)

3 Есеп

Калориметр ішінде t1=22˚C бөлме температурада m1=100 г суға массасы m2=50 г , t2=100˚C қа дейін қыздырылған мыс кесегін және массасы m3=70 г , t3=90˚C қа дейін қыздырылған темір кесегін салады. Температурасы орнықтылған соң калориметрдегі температурасын табыңдар. Судың меншікті жылу сыйымдылығы cв=4,18 Дж/г К; мыстың меншікті жылу сыйымдылығы см=0,39 Дж/г К; темірдің меншікті жылу сыйымдылығы сж=0,46 Дж/г К.



(6 ұпай)

4 Есеп

Динамометр, үлкен сомын (гайка), жіп, су бар стақан және белгісіз сұйық бар стақан көмегімен, белгісіз сұйық тығыздығын анықтау тәсілін жазып беріңіз?



(6 ұпай)

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет