5 бөлім. Аналитикалық талдау «Алматы -2020»



Дата01.02.2018
өлшемі287,76 Kb.
#37337
5 бөлім. Аналитикалық талдау
«Алматы -2020» даму Бағдарламасы V – сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XLVII сессиясында 2015 жылғы 10 желтоқсанындағы № 394 шешімімен бекітілген, VI – сайланған Алматы қаласы мәслихатының XII сессиясының 2016 жылғы 9 желтоқсанындағы № 67 шешімімен өзгеріс енгізілген.

Бағдарламаны іске асыру мақсатында 2016-2020 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Бағдарламаны іске асыру үшін бюджеттік және жеке меншік қаржылық ресурстар шоғырландырылды. 2016 жылға арналған болжанған шығындардың жалпы көлемі 488,2 млрд. теңге.

Нысаналы индикаторлар және нәтижелер көрсеткіштері:

Бағдарлама бойынша 82 нәтижелер көрсеткішіне қол жеткізу қарастырылған (қосымша 17 нысаналы индикаторлар), олардың ішінде:

66 нысаналы индикаторларға қол жеткізілді;

7 нысаналы индикаторларға қол жеткізілген жоқ;

9 нысаналы индикаторлар бойынша жариялау мерзімі келген жоқ;

Қалалық даму Бағдарламасына сәйкес 7 негізгі бағыт бойынша өтеді. Бұл жайлы қала, қауіпсіз қала, әлеуметтік-бағытталған, экономикалық-орнықты қала, жеке меншік капитал мен бизнеске арналған қала, біріктірілген қала, белсенді тұрғындар қаласы.


I бағыт. «Жайлы қала» 4 бөлімнен тұрады:

  • сапалы жолдар;

  • қоғамдық көлік;

  • таза қоршаған орта;

  • ТҮШ сенімді инфрақұрылымы.

Бағдарламада осы бөлімдер бойынша 19 нысаналы индикатор қарастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 16 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 1 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ және 1 нысаналы индикатордың жоспарлы мәні жоқ (Экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру нысандарының үлесі ( оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) ҚТҚ көму үшін қала аумағында полигондар жоқ).


Жолдар және көлік саласында

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 100 %.

Сапалы жол желілерін дамыту үшін Алматы қаласы көшелерін төлқұжаттау жүргізілді. Алматы қаласы метрополитенінің бірінші желісінің екінші кезегінің екінші жіберу кешенінің «Сарыарқа» және «Достық» стансаларымен бірге ұзындығы 3,1 км құрылысы жүргізілуде. Жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.

Универсиада нысандарына кіру жолдары және Жас Қанат ш.а. жолдар құрылысы жалпы ұзындығы 4,4 км аяқталып пайдалануға берілді.

Қаланың магистралды көшелеріндегі 6-жаяу жүргінші жолдары аяқталып пайдалануға берілді.

Қалалық жолдарды орташа жөндеу бойынша 196 көшелерде, ұзындығы 141 км. Жол жабу ға жөндеу жүргізілді

Ағымдық жөндеумен 250 000 м² астам асфальтобетонмен жабу жөнделді.



Жалпы қаланың жолаушылар ағынындағы қоғамдық көлік үлесі 32%, индикаторға қол жеткізілді орындалу - 100% құрады.

Қоғамдық көліктің басымдығы үшін метроны дамыту бойынша шаралар жүргізілуде, метроны субсидиялауға 4 млрд.теңге бөлінген, метроның қолданыстағы желілерінің жалпы ұзындығы 11 км 305 м құрайды.

2016 жылы Алматы қаласының 6-көшелерінде қоғамдық көліктер үшін белгіленген жолақтар енгізілді: Абай даңғ., Солтүстік айналма жолы, Райымбек даңғ., Желто0сан к., Наурызбай батыр к. Және Төле би, жалпы ұзындығы 86 км, оның ішінде ағымдағы жылы 57 км. Пайдалануға берілді.

Қоғамдық көлікте «Оңай» электрондық билеттеу жүйесі енгізілді, бүгінде 1 293 801 «Оңай» картасы сатылды, оның 518 037 (40%) жеңілдетілген және ақысыз жол ақысы болатын әлеуметтік карталар.

Коммуникация және байланыс саласында бұл саланың барлық индикаторлары қол жеткізілді.

100 тұрғынға телефон байланысының тіркелген желісінің тығыздығы жоспары 32,3%, орындалуы 32,5% құрады.

Интернет пайдаланушылар үлесі жоспары 43,1%, орындауы 46,1% құрады.

АТД "Алматытелеком" 2016 жылы қаңтар айынан бастап қала аумағында және Алматы облысында өз қызметтері бойынша жұмыс атқарады. Қалаға қосылған аумақтарды және облысты ескеріп телекоммуникацияның қызметін пайдаланатын абонентер үшін біртұтас база құралған, FTTH технология деректер бойынша қызметтер пакетіне жоғарыжылдамдық интернет желісі кіреді.

Шектеусіз және шартсыз жаңа абонентер мен басқа да байланыс қызметегі опреаторларды АТД "Алматытелеком" қосып және өздеріне тартады.

Халықтың сандық сауаттылық деңгейі 100% орындалған.

Білім беру ұйымдарында оқығандар санынан (458 464) (мектеп, колледж, ЖОО) ГОСО сәйкес"Информатика" пәнін 315 267 адам оқиды, бұл нақты 69% құрайды, жоспар – 69%.



Таза қоршаған орта саласында қоғамның сапалы өміршеңдігі үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ету бойынша 6 нысаналы индикаторлар қарастырылған оның 4-не қол жеткізілді, 1 нысаналы индикатор бойынша есептік мәліметтердің мерзімі келген жоқ, 1 нысаналы индикаторды статистика органдары қадағаламаған .

Нормативтік ластанған заттардың жалпы көлемі берілген рұқсатнамалар бойынша 0,08 млн.тоннаны құрайды белгіленген нысаналы көлем кезінде - 0,1 млн.тонн.

Негізгі экологиялық түйткіл ауа бассейнінің ластануы болып табылады. Қалада экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында 2016-2017 жылдарға арналған Кешоенді іс-шаралар жоспары қабылданған.

Жақын жылдардағы басым бағыттардың бірі автокөлікті одан әрі экологиялау. Бұл автомобильдерді газ жанармайға ауыстыру, жанар май желілерін дамыту.

Жалпы сомасы 83 074 тыс. теңге электромобилдер үшін 30 бірлік зарядтау стансалары сатып алынды.

Индикатор бойынша – жасыл желек алаңдарды көбейту, 64 мыңнан аса жасыл желектер отырғызылды оның ішінде: 3 827 қылқан жапырақты, 42 000 жапырақты және 18 343 талдар.

Су қорғау аймақтары және өзен жағалауларын қайта жаңалағаннан кейін учаскелердің жалпы ұзындығы үлесін көбейту - 2016 жылы 2-өзен – 8,6 км, р. Қарасу (4,1км) және Есентай ө. (4,5 км) қайта жаңалау жүргізілді, сондай-ақ 18 түйткілді учаскелерде 15,2 км арық желілері салынды.

Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтермен қосылған аумақтарды есепке ала отырып қамту 100% қамтамасыз етілген.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында 6 нысаналы индикаторлар олардың 5 қол жеткізілді 1 қол жеткізілмеді

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандары % (жоспар –53,7, нақты – 53,4), индикаторға қол жеткізілді. Алматы қаласында күрделі және ағымдық жөндеу жүргізуді талап ететін 800-жүзден астам ескі авариялық жағдайдағы үйлер шамамен 4,2 мың үйлер.

2016 жылға сомасы 250,1 млн. теңге 16 үйлерді жөндеуге өтінім берілді, алайда РБ қаражат бөлінбеді, қайтарылған қаражат есебінен сомасы 129,3 млн. теңге ТКШ жаңғырту Бағдарламасы бойынша 34 көп пәтерлі тұрғын үй жөнделді.



«Қалаларда орталық сумен жабдықтау және су буруға қол жеткізу» индикаторы бойынша орындалу 100% құрады.

Қала ішінде мемлекеттік қолдау көмегімен Алматы қаласының Әуезов, Наурызбай және Медеу аудандарында сумен жабдықтау және су буру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүзеге асырылуда.

Алматы қаласында су құбыры желілерін соңғы уақытта жеке құрылысшылар және түрлі ұйымдар салды, бұл да сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу деңгейін көбейтуге алып келеді.

Халықтың су бұру қызметімен қамтамасыз етілу деңгейін көбейту құрылыспен және коммуналдық меншік балансына біртіндеп пайдалануға берумен келісілген.

Жалпы ұзындықтан жаңғыртылған желілердің үлесі:

- жылумен жабдықтау (жоспар – 1,5%, нақты –1,5%);

Ауыстырылған жылу желілерінің ұзындығы 17,4 км;

-газбен жабдықтау (жоспар – 1 %, нақты –1%);

2016 жылы 49,8 км газ желілері қайта жаңартылған болатын.

- электрмен жабдықтау (жоспар – 2 %, нақты – 2 %);

2016 жылы қайта жаңартылған электр желілерінің ұзындығы шамамен 100 км құрайды.

«Желілердегі тарату кезінде жылу/электр энергиясы шығындарының үлесі» қосымша нысаналы индикатор, оның ішінде:

- жылумен жабдықтау (жоспар – 18,34%, нақты – 18,30%);

- электрмен жабдықтау (жоспар – 14,9 %, нақты – 14,78 %);

өндірілген электр энергиясының жалпы көлемінде жаңартылған энергия көздерінің өндірілген электр энергиясының үлесі (жоспар – 3,90 %, нақты – 4,28 %) 9,7 п.п.

Электр энергиясын өндіруді көбейту 5911,1 млн. Квт. Құрады.

Аталған индикатор бойынша «АлЭС» Каскад ГЭС, АТЭЦ-1 және АТЭЦ-2 деректері бойынша 2016 жылғы электр энергиясын нақты өндіру көрсетілген.

Құрылыс саласында

Қаңтар-желтоқсан айларындағы жедел статистикалық мәліметтер бойынша құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 100,3% жоспар кезінде 102,9% құрады.

2016 жылы 110 инвестициялық жобалар құрылысы (іске асыру) бойынша жұмыстар орындалды, 49 жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. 2016 жылы жалпы 51 нысан бойынша құрылыс аяқталды.

Құрылыс саласына инвестицияның қысқарумен байланысты қол жеткізілмеді, 2015 жылғы құрылыс жұмыстарының көлемі 290,3 млрд.теңгені құрады, 2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы жедел статистикалық мәліметтер бойынша 278,9 млрд.теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,4 млрд. теңгеге аз.



Тұрғын үй ғимараттарын пайдалануға беру, мың ш.м. жалпы алаңы (жоспар – 1192, нақты– 1862,9), орындалу 156,3%. Мүлікті жекешелендіру бойынша пайдалануға берілген тұрғын ғимараттар есебінен 670,9 мың ш.м. құрады.

Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының төлқұжатталған нысандарының жалпы санынан мүгедектер үшін қол жетімді әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының үлесі 100% орындалды (жоспар және нақты – 40%).

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру мәселесіне ерекше назар аударылады. Осыған байланысты әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарын кезеңдік төлқұжаттау жүргізілуде, бұл мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау мәні болып табылады. 2016 жыл бойы төлқұжатталғандар санынан 654 нысан немесе 40% бейімделді.

ІІ бағыт «Қауіпсіз қала» бойынша Бағдарламада 7 нысаналы индикатор қарастырылған.

Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласында

2016 жылы көшеде жасалған қылмыстың үлес салмағы 31,0% жоспар кезінде 28,5%, индикаторға қол жеткізілмеді.

Негізгі себептерінің бірі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қылмыстық және әкімшілік Кодексінің күшіне енуі. 44 бап бұрын әкімшілік құқық бұзушылық санатына кіретін қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.

Сондай-ақ қылмыс жасаған қала тұрғындарынан бөлек азаматтардың өсуі 9,0% (4177 дан 4553 дейін). 11169 ұсталғандардың жалпы санынан қылмыс жасағандар 41,0% Қазақстанның басқа облыстары тұрғындарынан.

« ЖКО-да қайтыс болғандар санының төмендеуі 100 жапа шеккендерге 2,7%, нақты 2,4%, индикаторға қол жеткізілді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету авария, травматизм жюәне өлім деңгейлерін төмендету мақсатында жолдарда «Қауіпсіз жол», «Автобус», «Абайлаңыз балалар» алдын алу шаралары өткізілуде. Бүгінгі күнде магистральдық жол төңірегінен өтуге 52 жаяу жүргіншекке арналған қорғаныс орнатылған. Оған 372 жол жүру белгілері, 5.16.1-2 сары жиегімен, 297,6 арнайы метрлік семсер, 116 қосымша шамдар (Street light SKU) орнатылған. 4 арнайы реттелмейтін жаяу жүргіншек жолында 8 жылдамдықты шектеу құралдары орнатылған.



Жас өспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы жоспар кезінде - 1,7%, нақты - 1,2%, индикаторға қол жеткізілген.

Мемлекет Басшысының жас өспірімдер жасайтын қылмыстың алдын алуға бағытталған тапсырмасын орындау үшін осы көрсеткіш 29,4% төмендеген. 2016 жылдың 12 айында 16280-қылмыстық істерді аяқтады, жас өспірімдер жасаған құқық бұзушылықтар - 200.



Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстың үлес салмағы (жоспар – 18,3%, нақты– 13,9%), индикаторға қол жеткізілген.

2015 жылы рецидивтік қылмыс бұрын сотталған тұлғалар бойынша жүзеге асырылған, 2016 жылы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған барлық тұлғалар бойынша, оның ішінде, оңалту негізінде тоқтатылған қылмыстар есепке алынды.

«Қоғамдық орындарда темекі және кальян шегуге заңнамалық тиымдарды орындау деңгейі» қосымша нысаналы индикатор бойынша 30,0% жоспарланған, нақты 92,5% құрады, индикаторға қол жеткізілген.

2016 жылдың 12 айында тексерумен 1248 ойын-сауық орындары қамтылды, оның ішінде 93 орындарда (7,5%), 347 фактілер қоғамдық орындарда темекі және кальян шегуге заңнамалық тиымдарды бұзушылы орын алды, сомасы 2 млн. 270 мың 961 теңге айыппұл салынды.

Су тасқыны, сел жүру, лай көшкіні, жер сілкінісі және өртке қарсы іс-қимыл инфрақұрылымның қамтамасыз етілу деңгейі бойынша индикаторға қол жеткізілді, орындалу 100%-ды құрады.

Халықты және экономика нысандарын ТЖ-дан тұрақты қорғау жүйесі мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша 2016 жылы шаруашылық жүргізу субъектілеріне 3012 өрт-техникалық зертеу жүргізілді. Өрт-техникалық зерттеу нәтижелері бойынша 12088 өртке қарсы іс-шара орындауға ұсынылды, әкімшілік жауапкершілікке 1558 тұлға тартылды. Салынған ақшалай айыппұлдардың жалпы сомасы 54 млн. 642 мың 628 теңгені құрады.

Жыл сайын республикалық бюджет есебінен нысандарды жоспарлы түрде сейсмикалық күшейту орындалады. 2016 жылы 9 білім беру нысандарын сейсмикалық күшейту аяқталды.

Қар көшкіні, тасқын, сел, көшкін қауіпсіздігі. Көшкін, тасқын қауіпсіздігінің және биік таудағы өзендер мен мұздақтардың, селдердің және ордасының фондық бағасын анықтау үшін 8 рет айналып ұшу жасалды. №6 өзеннің қазандығында судың көлемі азайтылды, 13 – бис бірнешеге, ал №4 өзен толық босатылды. Жалпы көлемі 11500 куб.м. қар көшкіндерін 7 рет алдын алу түсіру жүргізілді. 2016 жылы қала аумағында, Кіші және Үлкен Алматы, Ақсай, Қарғалы өзендерінің бассейндерінде, Алматы-БАО, Медеу-Шымбұлақ автожолдарында жалпы көлемі 35 000 м.куб. топырақ көшкіні мен тасқынының 64жағдайлары болды. Барлық жағдайларда Қазселден қорғау және мүдделі қызметтермен бірге автожолдарды тазарту және тұрғын үй аумақтарын лайдан тазалау бойынша шаралар қабылданды.

Авариялық-құтқару құрылымдарының техникамен жабдықталуы 100%, индикаторға қол жеткізілді.

2016 жылы интерактивті от тренажері, 1 бірлік өртке қарсы автомобиль, 1 бірлік АЛ-32 автобаспалдағы және 4 құтқарушы мотоцикл сатып алынды.



III «Әлеуметтік бағытталған қала» бағыты бойынша Бағдарламада 27 нысаналы индикаторлар қарастырылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 21 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 3 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келген жоқ, 2 нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ, 1 нысаналы индикатордың жоспарлы мәні жоқ (Жұмыс жасайтын авариялық және үш ауысымды мектептердің саны Алматы қаласында жоқ).


Білім беру саласында

Білім беру саласында барлық нысаналы индикаторға қол жеткізілді.



Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамту 2016 жылы 74,7% құрады, жоспар 71,6%, оның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту есебінен, нақты 36,0%, жоспар 29,7%.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тапшылықты азайту мақсатында 2016 жылдың қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін мыналар салынды:



  • «Ақкент» ықшам ауданында 160 орындық бала бақша;

  • «Алғабас» ықшам ауданында 120 орындық бала бақша.

Тұңғыш рет 2016 жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде инвестор «КоктемgroupLTD» ЖШС Медеу ауданында №125 бала бақшаны құлатқаннан кейін 216 орындық бала бақша салды (96 орынға көбейте отырып);

Әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде:



  • инвестор «BAURKazakhstan» АҚ Медеу ауданындағы, Самал ықшам ауданында 120 орындық № 115 бала бақша салды;

  • инвестор «Банк РБК» АҚ Медеу ауданындағы, Многоводная көшесі, 2 көшесі бойында 100 орындық № 107 бала бақшаға сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізді.

  • инвестор «МАК «Алматықалақұрылыс» АҚ Алатау ауданында, Өжет ықшам ауданында құлату жұмыстарымен 100 орындық № 1 бала бақша салды (25 орынға көбейте отырып);

Сонымен қатар, 175 жеке меншік бала бақша және шағын-орталықтар (оның ішінде 118 коттедждерде) 5 677 орынға арналған ашылды.

Жеке меншік бала бақша және шағын-орталықтар коттедждерде ашу жалғасуда.



Жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша мектеп түлектері арасында білім беру бағдарламаларын табысты (үздік/жақсы) игерген оқушылардың үлесі (жоспар-51,4%, нақты – 57,5%) индикаторға қол жеткізілді.

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша түлектердің саны 6230 адамды құрайды. Олардың жаратылыстану-математикалық топтың 6 пәні бойынша (математика, информатика, физика, химия, биология, география) үздік/жақсы бағаға 3583 түлектер бітірді.



Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан балалардың инклюзивті білім берумен қамтылуы 100% (жоспар және нақты – 32,5 %).

Барлығы Алматы қаласы бойынша 201 жалпы білім беру мектептері жұмыс жасайды, олардың: 65 мектептерде логопунктер бар, №116,49,48 мектептерде кохлеаримпланттармен балалар оқиды, №9 ЖБ аутистикалық спектормен балаларға арналған сыныптар бар.

Алматы қаласында 18 арнайы түзету ұйымдары жұмыс жасайды.

36 мектепте 1005 балаларды қамти отырып, түзету-дамыту оқыту сыныптары ашылған.

2016-2020 жылдарға арналған Алматы қаласын дамыту Бағдарламасы шеңберінде биылғы жылы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және 3 психолог-педагогикалық түзету кабинеті ашылды.

Оқу орнын аяқтаған алғашқы жылы жұмысқа орналастырылған ТжКО орындары түлектерінің үлесі 100% (жоспар және нақты - 68%).

2015-2016 оқу жылдары 9852 түлектер жұмысқа тұрғызылды, олардың мемлекеттік тапсырыс бойынша 4856 адам.

2015 жылы Алматы қаласы колледждарында 14854 түлек оқуын аяқтады, олардың 9997 мың адамы еңбекпен қамтылған.

14-24 жас аралығындағы жастардың техникалық және кәсіби біліммен қамтылу үлесі 22,2% құрайды, индикаторға 100% қол жеткізілді.

Алматы қаласының техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында 61 455 адам оқиды, олардың 14жастан 24 жасқа дейінгі жастар 54488 адамды құрайды.

Қаланың 350 кәсіпорны ТжКО-мен одан әрі жұмысқа тұрғыза отырып 8525 маманды дайындауға шарт жасады.

Нормативтік-құқықтық актілерге, оның ішінде техникалық және кәсіби білім берудің ГОСО-ға өндірістік тәжірибе сағаттарын көбейту бөлігінде өзгерістер енгізуге байланысты, дуалдық білім беруді енгізген колледждердің өндірістік тәжірибені көбейтуге мүмкіндіктері бар.

Дуалды білімді енгізген 34 колледждерде жұмыс жасап тұрған кәсіпорындар базасында тәжірибеден өту ұйымдастырылған.

15-28 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Emloyment or Training) көрсеткіші бойынша орындалу % құрады, жариялау мерзімі келген жоқ.

14 жастан 29 жас аралығындағы халықтың 2016 жылға мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қанағаттану деңгейі 60% жоспар кезінде, 61,5%-ды құрады.

Социологиялық зерттеу қортындысы бойынша алматы қаласы жастарының көкейтестілі проблемалары анықталды, ол жұмыссыздық және тұрғын үй, әлуметтік экономикалық жаңғырту кезеңде ерекше мәнділік сұрақтар туындайды, қазіргі жастардың құндылығы нұсқамаға байланысты.

Жастар өмірінді дін және отбасы, мансап, білім ерекше маңызды рольді атқарады.
Денсаулық сақтау саласында Бағдарлама бойынша 4 Нысаналы индикатор қарастырылған, олардың 3 индикаторға қол жеткізілді, 1 қол жеткізілген жоқ.

100 мың тірі туылғандарға аналар өлімін азайту 4,5 жоспар кезінде нақты 9,1 бірлікке қол жеткізілді.

Қол жеткізе алмау себебі, қалада 2016 жылы аналар өлімімен 5 жағдай болды, олардың 2 әйел – Алматы және Жамбыл облыстарынан босануға қалаға келген және 1 әйел – Орал қаласынан келген. 2 аналар өлімі (қала тұрғындары) амбулаторлық-емханалық және стационарлық деңгейде аман алып қалу мүмкін болмады.



Сәбилер өлімі тірі туылған 1 мың балаға шаққанда орын алған жағдайлар ведомстволық статистикалық есептілік мәліметтері бойынша 18%-ға төмендеді, 1000 тірі туылған балаға шаққанда 7,2-ден 6,1-ге дейін құрады.

100 мың адамға шаққанда қатерлі ісіктен болатын өлім 104,13 бірлік жоспар кезінде 109,65 бірлікті құрады.

Ауруды ертерек анықтау үшін профилактикалық скринингтік зерттеулер өткізіледі ( скринингтің 12 түрі).

Медициналық қызметке қол жетімділік артуда және бірыңғай ақпараттық жүйе дамуда.

Халықтың ауыру және өлу деңгейін төмендетуге ықпал ететін факторлардың бірі, ол ауруларды диагностикалау және алдын алу бойынша жұмысты өзектендіру болып табылады. Омырау безі және жатыр мойны қатерлі ісігінің алдын алу бойынша тексерумен 80 мыңнан артық әйелдер, туберкулезге – 800 мың адамнан артық анықталды. 2016 жылы алдын ала тексерумен 412,5 мың балалар мен жасөспірімдер қамтылды.

2016 жылдың қорытындысы бойынша қала халқына әр түрлі профилактикалық тексеру жүргізілді.

АИТВ инфекциясының 15-49 , жастағы топтар арасында % -0,2-0,6% шегінде таралуын тоқтату 0,331% құрады, жоспар 0,4% және бекітілген шегінде қалады.


Әлеуметтік қорғау саласында

Әлеуметтік қорғау саласында көп индикаторларға қол жеткізілді.



Жұмыссыздық деңгейі Алматы қаласы Статистика департаментінің оперативті мәліметіне сәйкес 3 тоқсанда 5,3% құрады, жоспар 5,3%.

Осылайша, статистика мәліметтері бойынша 2016 жылдың3 тоқсанында қалалық еңбек нарығындағы жағдай тұрақты болып қалды, жұмыссыздар санының көбеюі байқалмады. Еңбек нарығында 914,8 мың экономикалық белсенді халық есептелген, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,9 мың адамға артық. Қала экономикасында 866,3 мың адам жұмыс істейді, жұмыссыздар саны 48,5 мың адамды құрады.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналастырылғандар үлесі 2015 жылы 86,1%, жоспар 66,9%.

Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдірген тұлғалар санынан жұмысқа орналастырылғандар үлесі 82,0% құрады, жоспар 80,0%. Индикаторға қол жеткізілді.

Жұмыссыз халықты жұмысқа тұрғызуға жаңа жұмыс орындарын құру оң ықпал етеді. Жұмыспен қамту жол картасы 2020 шеңберінде 133 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілді, олардың барысында 2448 жұмыс орны құрылды, олардың 1011-де Жұмыспен қамту орталығының жолдауы бойынша жұмыссыздар жұмысқа тұрғызылды.

Экономика саласында 25756 жұмыс орны құрылды, ал 2015 жылы 25023 жұмыс орны құрылған болатын.

Өтініш берген мақсатты топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналастырылған тұлғалардың үлесі 64,9%-ды құрады, жоспар 64,5%. Индикаторға қол жеткізілді. Бірақта, ҚР 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа Заңына сәйкес «мақсатты топтар» түсінігі жоқ.

Заңды тұлғалар тартатын шет елдік жұмыс күші құрамында білікті мамандардың үлес салмағы (шет елдік жұмыс күшін тартуға квота бойынша) 97,0%-ды құрады, жоспар 95,0%.

Алматы қаласында шет елдік жұмыс күшін тартуға 4271 бірлік мөлшерінде квота бекітілген, ал нақты 3118 шет елдік жұмысшыға рұқсат берілген, оның ішінде 1-3 санат бойынша (білікті мамандар) 3023 адам.

Мекенжайлық әлеуметтік көмек алушылар санынан еңбекке жарамдылардың үлесі 30% жоспар кезінде,нақты 30,3%, қол жеткізілді.жан басына шаққандағы кірісі қайыршылық деңгейінен төмен отбасыларына мекенжайлық әлеуметтік көмек (МӘК) көрсетіледі. Жыл бойы МӘК 390 адамға тағайындалды, ол жоспарланғаннан 9%-ға артық. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау қажеттілік белгілеріне және тұрақты және өнімді жұмыспен қамту арқылы ықпал ету жолымен халықтың кіріс деңгейін арттыру негізінде көрсетіледі.

2016 жылы отбасыларға жұмысқа жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда шартты ақшалай көмек (ШАК) төлеу енгізілді. Бағдарламаға қатысу нәтижесінде отбасыға шаққандағы орташа табысы артады. Есепті жылда ШАК 184 адамға төленді.

2016 жылы жағдайы төмен зейнеткерлерге, ардагерлерге, ҰОС-на қатысқандарға және оларға теңелгендерге арналған әлеуметтік төлемдердің көлемі ұлғайды.

Жан басына шаққандағы табысы 3-еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын әлеуметтік төлем 6 АЕК-тен 7 АЕК-ке дейін ұлғайды.

Табысы екі еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек 7 АЕК-тен 7,5 АЕК-ке дейін ұлғайды

Арнайы әлеуметтік көмек көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы ( оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) 100%-ға орындалды.

Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік көмектерді беру стандарттарына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер 7393 адамнан оларды алуға мұқтаж 7237 адамға берілді. АӘҚ алуға мұқтаж тұлғалардың саны және АӘҚ алуға кезекте тұрғандардың саны 156 адамға жетті, олардың Арнайы әлеуметтік қызметтер орталығына орналастыру үшін №1 – 151 адам, Күндізгі болу орталығына – 5 адам.

№1 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында төсек-орынды 50 бірлікке көбейту бойынша жұмыс жүргізілді, кезекте тұрғандарға бас тартқандарды, әр түрлі себептермен кезектен шығып кеткендерді анықтау үшін мониторинг жүргізілді.Сонымен қатар, Түрксіб ауданындағы 360 төсек-орынға арналған психоневрологиялық Интернат-үйінің құрылысын аяқтау қажет деп санаймыз, оның құрылысы қаржыландырудың жоқтығы себебінен тоқтатылған болатын.

«Жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдардың) көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі» нысаналы индикаторға қол жеткізілген жоқ және «Аруана Алматы» ҚҚ шарттың талаптарын орындамауға байланысты 4,3% жоспар кезінде 4,0%-ды құрады, ол АӘҚ 40 жоспарланған балалардың орнына 20 балаға көрсетті.



Өндірістік жарақат алу деңгейі (1000 адамға шаққандағы оқыс жағдайлардың жиілік коэффиценті), жоспар және нақты 0,24 %.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары тұрақты негізде еңбек ұжымдарында еңбек қауіпсіздігін және қорғануды сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді және жүргізіліп келеді.

2016 жылы еңбек қауіпсіздігі бойынша 24 іріктеу тексерулері өткізілді, олардың қорытындылары бойынша еңбек қауіпсіздігі мен қорғауда бұзушылықтарға жол берген жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою үшін нұсқама берілді.
Мәдениет саласында

Осы сала индикаторлары бойынша «1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына барушылардың орташа саны, оның ішінде:



  • кітапханаға (жоспар – 219 бірлік, нақты 602 бірлік)

  • театрларға (жоспар – 285,1 бірлік, нақты 21,8 бірлік)

  • мұражайларға (жоспар – 190,2 бірлік, нақты 24,4 бірлік)

  • концерт ұйымдарына (жоспар – 303,5 бірлік, нақты 100 бірлік).

Есеп мәліметтерін жариялау мерзімі келген жоқ, жылдық есеп 2017 жылғы сәуір айынды Статистика департаменті беретін болады.

Алматының 1000 жылдық шеңберінде қаланың мәдениет ведомствоға қарасты кеңселермен іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді, 565 әртурлі іс-шаралар өткізілді.

Праиж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде 12 қазан айында дүниежүзілік уақиғалар ауқымы ретінде Алматы қаласының 1000-жылдығы мерекеленді. Алматы қаласының 1000-жылдығы осы іс-щарамен аяқталды.
Спорт саласында

Бұл саланың барлық индикаторларына қол жеткізілді.

Дене шынықтыру және спортпен жүйелі айналысатын барлық жастағы халықты қамту 103,6%-ға орындалды. Қалада жыл сайын 900 астам бұқаралық-спорт және спорт-сауықтыру шаралары 500 мың халықты қамти отырып өткізіледі.

2017 жылғы 28-ші Дүние жүзілік Қысқы Студенттік Ойындар пайдалануға берілген жаңа спорт нысандарымен өткізілді, онда спортшылармен және азаматтармен бұқаралық-спорт және спорт-сауықтыру шаралары өткізілетін болады.



Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын балалар мен жас өспірімдерді қамту 100% орындалды (жоспар және нақты 8,7%).

Жалпыға білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тарта отырып спорттың ұлттық түрлерінен «Марафон-2016» бұқаралық жүгіру өткізілді. Юниор спортшылар арасынан спорттың барлық түрлері бойынша қала біріншіліктері және чемпионаттар ұйымдастырылды. Спорттағы дарынды балалар, Алматы қаласының құрама командаларының мүшелері үшін оқу-жаттықтыру жиындары өткізілді.


Үш тілділікті дамыту

Бұл саланың индикаторларына қол жеткізілді.

Мемлекеттік тілде сөйлейтін ересек халықтың үлесі (жоспар – нақты - 78%),100% орындалды.

Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін оқыту, оларды мемлекеттік тілде іс жүргізуге үйрету – қазіргі таңдағы өзекті мәселе. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қазақ тілінде іс жүргізу мүмкіндіктерін арттыру бағытында және әдістемелік көмек ретінде мемлекеттік тапсырыспен жыл сайын түрлі салалар бойынша орысша-қазақша терминологиялық анықтамалық сөздіктердің, орысша-қазақша тілдескіштердің, ресми іс қағаздары үлгілерінің жинақтары шығарылып, электронды нұсқасымен бірге кітап және диск түрінде таратылды.

Жаңа технологиямен жабдықталған 20 оқу кабинеті жұмыс істейді. Олардың барлығында іс жүргізуге қажетті құжаттардың мемлекеттік тілдегі үлгілері, екі тілді электронды сөздік, қазақ тілі орфографиясы мен орыс тілінен қазақ тіліне аударма жасау бағдарламасы және оқыту үрдісінде жиі қолданылатын 30-дан астам электронды бағдарлама бар. Барлық оқыту кабинеттеріне интерактивті тақта орнатылған.

Ағылшын тілін меңгерген ересек халық үлесі (жоспар және нақты 16%), 100% орындалды.

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек халық үлесі (жоспар және нақты 12%), 100% орындалды.

Жүргізілген социологиялық зерттеулер барлық жастағы және этникалық топтағы орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейінің 2016 жылы тұрақты өсу динамикасын анықтады.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай респонденттердің 70%-ы трилингвизмді дамыту саласында мемлекеттік саясатты қолдайды, әсіресе жастар арасында, жоғары білімі бар адамдар мен қала тұрғындары арасында оң бағалау пайызы жоғары.
IV «Экономикалық тұрақты қала» бағыты бойынша Бағдарламада 18 нысаналы индикатор қарастырылған.

2016 жылдың қорытындысы бойынша 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 1 нысаналы индикатор бойынша жариялау мерзімі келгенжоқ, 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді, 1 нысаналы индикатор жоспарлы мәнісіз (Мерзімін бұзып берген субсидиялар үлесін төмендету, Алматы қаласында мерзімі бұзып берілген субсидиялар жоқ).


Өнеркәсіп саласын дамыту

Жедел статистикалық мәліметтер бойынша 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында «Өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығарудың нақты көлем индексі» өткен жылдың сәйкес кезеңіне 528,6 млрд. теңге сомасында 99,4%-ды құрады.

Халықтың сатып алу қабілетінің төмендеуі, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда шикізаттың қымбаттауы құлдыраудың негізгі себебі болып табылады.
Шағын және орта бизнес

2016 тіркелгендердің жалпы көлемінен жұмыс жасайтын шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 75,0% жоспар кезінде 65,2%-ды құрады, индикаторға қол жеткізілмеді.

2016 жылдың қараша айында Алматы қаласы Статистика департаменті Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментімен бірге жұмыс жасатын ШОБ субъектілеріне түзету жүргізді. Салыстырып тексеру барысында ЖК бойынша кәсіпорындарды жабуға байланысты 24,4%-ға және КШ бойынша 42,1%-ға төмендегені анықталды.

2016 жылы прокуратурамен бірге шағын және орта бизнесті дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Осы Кешендік жоспар шеңберінде қалада 40 билбортта «Бизнестің жол картасы 2020», «Жібек жолы», «Даму-Блиц» мемлекеттік бағдарламалар бойынша және «Doing Business» рейтингінде Қазақстан Республикасының тұғырын жақсарту бойынша ақпарат ілінді.

2016 жылы жаңа Кәсіпкерлерге және инвесторларға қызмет көрсету орталығы (КҚКО) ашылды. Шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін консультациялық көмек көрсету үшін.


Азық-түлік белдеуі және тамақ өнеркәсібі

Азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестицияның нақты көлем индексі 2016 жылы 30,5%-ға жетті, төмендеудің негізгі себебі: колбаса өнімдері өндірісінің азаюы, жеміс және көкөніс шырындарына сұраныстың азаюы.

Алматы қаласы ауылшаруашылығы өңірі болып табылмайтындықтан, қала басшылары негізгі назарды қайта өңдейтін (тамақ) өнеркәсіпке аударып отыр. Тұрақты негізде олардың қызметіне және қаржылық қолдау шараларын көрсетуге мониторинг жүргізіледі.

Алматы қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру жүргізіледі. Апта сайын Алматы қаласының барлық аудандарында Алматы облысының жақын орналасқан аудандарының ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің, сондай-ақ Алматы қаласының сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен «демалыс күні» жәрмеңкесі өткізіледі.


Сауда және өңіраралық ынтымақтастық

«Бөлшек сауданың нақты көлем индексі» нысаналы индикатор бойынша (жоспар және нақты 100,5%) қол жеткізілді.

«»Бөлшек сауда» қызметі түрімен сауда алаңы 2000 шаршы метрден кем емес сауда нысандарының санын көбейту» 3 жаңа нысанды енгізе отырып, осы индикаторға қол жеткізу индикаторды орындауға ықпал етті. Бұл «Carrefour» «Алматы молл» СО, «Колибри» СО сияқты гипермаркеттерді ашу.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша заманауи форматтағы сауда орталықтарының сала отырып 9 базар қайта жаңартылды: Олжа, Сәлем, Ақсай 3, Алатау 1, Алатау 2, Еуразия, Юпитер, Довун, Ақжар.

Алматы нарығына үйлерді көріктендіру үшін «Leroy Merlin» тауарларды сату бойынша ірі француз ритейлердің шығуы туралы келісімге қол қойылды.

Алматы қаласының Статистика департаментінің алдын ала мәліметтері бойынша «Өндірілген өнімнің басқа өңірлерге (50 адамнан артық жұмыс істейтін өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша) жіберілген көлемі» индикаторы 2015 жылы 40 173,5 млн. теңгеге азайды.

Қол жеткізе алмаудың негізгі себебі халықтың сатып алу қабілетінің, отандық тауар өндірушілердің импорттық өндірушілер алдындағы бәсекеге қабілеттігінің төмендеуі болып табылады.
Туристік индустрияның бәсекеге қабілеттігін дамыту саласында

Осы саланың барлық индикаторлары бойынша есептік мәліметтерді жариялау мерзімі келген жоқ. Алматы қаласы Статистика департаменті 2016 жылдағы мәліметтерді пайдаланушылар үшін 2017 жылдың 2 тоқсанында береді.

Туризмнің дамуына қалада Универсиада – 2017 ірі халықаралық оқиғаны, сондай-ақ халықаралық көрмелер мен фестивалдарды өткізу ықпал етеді.

Суар (ҚХР) Туризм басқармасымен туристік қызмет саласында ынтымақтастық туралы 7 меморандум және Иран, Индия, Ресей, Оңтүстік Корея, Қырғыз туристік ұйымдарымен және т.б. келісім шарт жасалды.

Қонақтардың хабардар етілу деңгейін көтеру және қалада туристердің жағдайының ыңғайлылығы бойынша мақсатты жұмыстар жалғастырылуда (сайтты дамыту, ақпараттық орталықтар карталарын, нысандарда QR-кодтар, туристік бағыттарды, CityPass және т.б. іс-шараларды құру).

Белсенді мемлекеттік маркетинг құру үшін 2016 жылы мамырда WorldNews ВВС-пен рекламалық бейнероликтерді түсіру, сондай-ақ 2016-2017 жж. Кезеңінде WorldNews ВВС телеарнасына орналастыру бойынша шарт жасалған болатын. 3 бейнеролик дайындалды.


V бағыт «Бизнес және жеке капитал үшін қала» Бағдарламада 7 нысаналы индикаторға қол жеткізу қарастырылған, қосымша 4 нысаналы индикаторды ескеру керек.

2016 жыл қорытындысы бойынша 6 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 1 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеді.



Жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны жоспар кезінде –100,5%, орындалу 101,5% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде сыртқы инвестициялар үлесі 100% орындалған.

Шикізаттық емес секторының негізгі капиталына салынған инвестицияның 2015 жылға өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағпанда) 107,8% орындалды.

2016 жылғы қаңтардан бастап үш ауданның ХҚО-да (Медеу, Бостандық, Әуезов) инвесторларға қызмет көрсету бойынша секторлар жұмыс жасайды, мұнда «бір терезе» қағидасы бойынша инвесторларға 344 мемлекеттік қызметтер көрсеіледі. Сонымен қатар инвесторларға қызмет көрсету Орталықтары жұмыс жасайды, олар басым инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвесторларды іздеумен және инвесторларға қызмет көрсетумен айналысады.

Алматы қаласында инвесторларды тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша Кеңес құрылған.

Ағымдағы жылы Алматы қаласының әрбір аудандарының инвестициялық тартымдылық тұсау кесері және бизнеспен диалогты күшейту мақсатында,қаланың барлық аудандарында алғаш рет салалық инвестициялық форумдар өткізілді.

7-9 желтоқсанда «AlmatyInvest 2016» IV Халықаралық инвестициялық форумы болды, онда 63 мемлекеттен 1000-нан аса делегаттар қатысты. 263,4 млрд. теңге 39 меморандумға қол қойылды.
Сыбайлас жемқорлықтың радикалды төмендеуі

Мемлекеттік органдарға азаматтар сенімінің өсуі 100% орындалды.

Тоқсан сайын 2000 респонденттер арасында сұрақтар өткізілді. Осылай 2016 жылы мемлекеттік органдарға азаматтар сенімінің үлесі 62%, бұл алға қойылған міндеттің орындалғанын көрсетеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбы бойынша БАҚ ақпараттарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Мемлекттік-жекешелік әріптестікті дамыту (МЖӘ)

«Әзірленген құжаттамалар және олар бойынша конкурстар жариялау бойынша оң қорытынды алған МЖӘ жобаларының санын көбейту» нысаналы, индикаторы бойынша жоспар бойынша 5 жоба, индикатор фактісі бойынша орындалмады.

МЖӘ орталығы 15.12.2016 ж. 6 МЖӘ жобасының 6 тұжырымдамасы жіберілді (17 жоба: шұғыл мед. көмек стансасының үш кіші стансасының құрылысы, оңалту орталығының құрылысы және пайдалануға беру; консультативтік-диагностикалық орталығы; балалар музыка мектебі; ауысымына 200 келушіге арналған емхана; 10 бала бақша құрылсы және пайдалануға беру) Денсаулық сақтау басқармасында (4 КП) және Білім басқармасы (2 КП) мемлекеттік сатып алу туралы Шартқа сәйкес. Қазіргі уақытта жоба тұжырымдамасы МЖӘ туралы Заңға сәйкес сараптама жүргізуге жолданған. (салалық сараптама -10 жұмыс күні, НПП сараптама- 10 жұмыс күні, экономикалық сараптама - 20 жұмыс күніне дейін)


Ашық жекешелендіру

Коммуналдық меншіктегі жекешелендірілген нысандар саны 100% орындалды.

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысымен бекітілген 2016-2020 жылдарға арналған жекшелендірудің Кешенді жоспары шеңберінде, 8 спорт клубтары іске асырылды (баскетбол, регби, спорттың және бұқаралық-сауықтыру дене шынықтырудың халықтық-ұлттық түрлері, 2 хоккей, гандбол; волейбол, велосипед) жалпы сомасы 54,2 млн. теңге.


VI бағыты «Шоғырландырылған қала» бойынша 3 қосымша нысаналы индикатор қарастырылған. 2016 жыл бойынша 2 нысаналы индикаторға қол жеткізілді, 1 нысаналы индикатор жариялау мерзімі болған жоқ.

«Қалақұрылсы құжаттамаларымен аумақтарды қамту» нысаналы индикаторы, жақсартылған түрі 5 п.п.

Қала аумағын жоспарлау және салу жобаларын қарау және келісу, халықтың қозғалысы нашар топтары үшін (мүгедектер) жобада пандустардың, көтергіштердің, лифтілердің, телескопиялық пандустардың болуы кезінде ғана жүзеге асырылады. 9 балдан жоғары есептік сесмикалық учаскелердегі құрылыс бойынша комиссия хаттамасынан үзінді алу негізінде жеке тұрғын үй құрылысы жобасымен келісілген.

2016 жылы алаңы 9972 га нақты жоспарлау жобаларына түзету жүргізілді, бұл 21% құрайды.


VII бағыты «Белсенді азаматтар қаласы» бойынша 1 нысаналы индикатор қарастырылған, ол бойынша жариялау мерзімі келмеген.

Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қанағаттанарлық деңгейін көтеру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау Әдістемесіне сәйкес анықталады, жылдық мәліметтер жалпы бағалау жүргізгеннен кейін жарияланатын болады, 2017 жылы шілдеде.

Қала қоғамдастығымен диалог үшін бүгінде әлеуметтік желілерде аккаунттар жұмыс жасайды, мұнда қалалықтар қаланың түйткілдері туралы, өздерінің өзекті мәселелерін шешудің нұсқалары туралы жазады.

Әріптестік негізінде азаматтық қоғамды дамыту қалалық әкімдікпен әлеуметтік прогрес және тиімді реформалар өткізу үшін қолайлы жағдайлар құруға ықпал етеді. Бұл жаңғырту, демократиялық даму және экономикалық өсу, қалалық саясаттың тиімділігін көтерудің маңызды жағдайы.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру барысына әсер ететін факторларды талдау.

Аталған бағдарламалық құжатты мониторингілеу үрдісінде мынадай түткілдер анықталды, жеке нысаналы индикаторлар бойынша статистикалық және ведомстволық есептер жоқ, бұл жоспарланған мақсаттармен міндеттерге қол жеткізудің объективтік нәтижелерін шығаруға мүмкіндік бермейді.


Қаржыландыру көздері бөлігіндегі ақша қаражатын игеру

2016 жылға арналғпан барлық дереккөздер есебінен Бағдарламаны іске асыруға 488 193,45 млн. теңге қарастырылған жыл қорытындысы бойынша 436 693,06 млн. теңге жұмсалды. Оның ішінде:

- республикалық бюджет есебінен қараттырылғаны 101 344,38 млн. теңге, игерілгені 99 733,59 млн. тенге.

- жергілікті бюджет есебінен қарастырылғаны 124 660,18 млн. теңге, игерілгені 120 503,29 млн. теңге.

- басқа көздер есебінен қарастырылғаны (жеке және заемдық қаражат) 262188,89 млн. теңге, игерілгені 216 456,19 млн. теңге.

Экономия бюджетке қайтарылғанын, сондай-ақ кейбір іс-шаралар өтпелі болып табылатынын айта кету керек.



Одан басқа іс-шаралар Жоспарында қарастырылған қаржыландыру көлемі «Болжанған шығындар» ретінде белгіленген және осы себептен нақтыланған және нақты жоспарланған шығындар толық көлемде сәйкес емес.






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет