5 филиал – балалар кітапханасы Теміртау 2011 «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»



Дата29.11.2016
өлшемі75,55 Kb.
5 филиал – балалар кітапханасы







Теміртау 2011

«Мен өмірді жырлау үшін келгенмін»

(Поэзия кеші))



Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдерімен оның шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылыққа шыңдау.

Тәрбиелігі: Оқушыларды поэзияны сүюге, Мұқағали жырларын, дастандарын, әндерін айта отырып, ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу.

«Дара ақын» өлеңі оқылады.

1 Кітапханашы: Қош келіпсіздер, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! М.Мақатаев қазіргі қазақ поэзиясының классигі, ұлтымыздың ұлы ақыны. Бұл пікірді жалтақтамай кесіп айту аруақты ақын алдындағы азаматтық парызымыз.

2 Кітапханашы: Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы Алатау жаққа шарқ ұрған асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевтың әлемі жайында ой бөліспекпіз.

Қазақ поэзиясының Хантәңірі болған бүгінгі кешіміз М. Мақатаевтың 75 жылдығына арналады.



«Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады.

1 Кітапханашы: М.Мақатаев Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз аулында дүниеге келді. Ақын өзінің шынайы таланты, сырға толы, тұнық та мөлдір жырлары арқылы халықтың жүрегіне жол тапқан. Мұқағали мұрасы бүгінде туған халқының қажетіне жарап, рухани азығына айналып отыр. Қазақ жерінің Райымбек бабамыздай киелі әулие батыр өмір сүрген таңғаларлық табиғаттың саф ауасын жұтып, өзінің өр талантымен, ұлылығымен танылған Мұқағали туған жерін тамсана жырлайды.

Ән:«Қарасазым»

2 Кітапханашы: Мұқағали еңбекке ерте араласып, ауылдық кеңестің хатшысы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол комитетінің мүшесі, жеті жылдық мектептің мұғалімі болды.

«Ақынға тағзым» өлеңі оқылады.

1 Кітапханашы: М.Мақатаев Нарыңқол аудандық «Советтік шекара» газетіне орналасып, қаламгерлікке ден қояды. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстанда», «Мәдениет және тұрмыс», қазіргі «Парасат», «Жұлдыз» журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет атқарды.

«Аққулар қош болыңдар» өлеңі оқылады.

2 Кітапханашы: М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқымайтын, тыңдамайтын адам жоқ.

Ақын ағамыздың қалам тартпаған тақырыбы қалмаған. Ана мұның, әке зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббатты, достықты жырға қосқан. Сонымен бірге, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қадірлей білген ұлтжанды ақын. Ол өзінің «Наурыз» өлеңі арқылы халқымыздың Наурыз мерекесін, Ұлыстың ұлы күні деп қастер тұтып, киелі де қасиетті өлеңімен өрнектеген.

Ән: «Наурыз»

1 Кітапханашы:Айналасына ақ жауындай нұрын сеуіп, тау суындай мөлдір, таза сыр ағытып, келер ұрпаққа ұлағатты еңбектерін ұсынды. «Дариға – жүрек», «Аманат», «Армысыздар достар», «Өмір – өзен», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Аққудың қанатына жазылған жыр» шығармаларымен жырсүйер қауымды тамсандыра баурағаны баршамызға мәлім.

2 Кітапханашы:М.Мақатаев поэзиясы талай жүрекке от берген. Оның жырлары оқырманмен бірге мұнайып, бірге шаттанады. Оның әр шумақ өлеңінен шындық пен ақиқат жеңісі үшін тауға да, тасқа да жар салған ақын жүрегінің үні естіледі. Туған елдің тұңғиық намысын, шыңдықтың шыңына ту етіп, қадамын нық басып, шындықты жырлаған. М.Мақатаев Фариза поэзиясына құрметпен қарап, «Фариза» атты өлеңін жазған.

«Фариза» өлеңі оқылады.

1 Кітапханашы:М.Мақатаевтың сазды лирикалық өлеңдерін оқыған сазгерлер үлкен әсерде болады. Мұқағали өлеңдеріне көптеген әндер шығарылды. Бұл Мұқағали өлеңдерінің өте бір нәзіктігі. Сазгерді ән салуға жетелеп, өмірге талай тамаша ән әкелді. Мұқағалидың жырлары жастардың жүрегіне, халқының жүрегіне жарқырап жетіп, жалын құйып, өзінің жарығы мен жылуын дарытуда. Оқыған сайын жаңа сырларын, сырлы саздарын төгуде.

Ән «Бақытыңды жырлайды».

2 Кітапханашы:М.Мақатаевтың өлеңдері, жыр-шумақтары ғасырдан-ғасырға жалғаса береді. Мұқағали Мақатаевтың есімі жалпы қазақ баласына, жырсүйер қауымға ыстық екені сөзсіз. Ақынның өзі айтқандай, оның өлең-жырлары өлген жоқ.

1 Кітапханашы:

Қазаққа тән қара өлеңге табынды,

Ата –баба дәстүрінен ап үлгі.

Ұшан теңіз ұлылықты паш еткен,

Мұқағали поэзия алыбы.

Оқушы: «Ана сен бақыттысың жыламағын»

Ана
Сен бақыттысың,


Жыламағың!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағың, жыламағың!

Бармын ғой


Тірімін ғой,
Қасындамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағың,
Байырғы берекеңді қашырмағың.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа


Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

(Тәңірім кеше көрсін кесірімді)


Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

2 Кітапханашы:

Мұқағалиді еске алып келеді елім,

Қайталаған қазақтың қара өлеңін.

Ұмытпайды ұрпағы ұлыларды,

Мұқағали, Жұмекен, Төлегенін.

1 Кітапханашы:

Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-

Деп өзі айтып кеткендей, өміршең өлеңмен поэзия деген құдіретті өнердің төрінен ойып тұрып орын алған, қазақтың қара өлеңінің құдіреті Мұқағалидың жылма-жыл аталып өтілетін туған күн кешіне өлеңді өнер сүйіп бағалай білген жас ақындарымыздың Мұқағалиға шығарған жыр шумақтарына кезек берейік.



Жыл сайын Мұқағали тойланады,

Өлеңнің тарайды бойға нәрі.

Жас ақындар талпынып, шабыттанып,

Мұқағали жайында толғанады.

Оқушылар шығармашылығы.



2 Кітапханашы:

Ұрпақтары Мұқағалиды ешқашан да ұмытпақ емес, ұлы ойшыл кереметтей көркем өлеңдерімен мәңгі жасай бермек. Соңғы демі таусылғанша қолынан қаламы түспеген ақынның «Есіңе мені алғайсың» әнін тыңдаңыздар..



Ән: «Есіңе мені алғайсың».
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет