Тақырыбы:
|
|
• Заманауи бағдарламалар шолуы
• Бағдарламаларды орнату және жою
|
Мақсат:
|
Білімдік
|
Жаңа білім
|
• Компьютерлік бағдарлама деген не және оның қандай түрлері бар
|
Жаңа түсінік
|
• Күнделікті пайдаланатын бағдарламаларды ажырата білу
|
Құзырлылық
|
Қолданым әрекеті
|
• Компьютерде орнатылған бағдарламаларды топтастыру қабілеті және оларды ажырату қабілеті.
|
Талдау әрекеті
|
• Әр түрлі бағдарламаларды салыстыру. Олардың кемшіліктерін және артықшылықтарын талдау.
|
Шығармашылық әрекет
|
• Компьютерге бағдарлама орнату және оны жою.
|
Құндылық
|
Бағамдау әрекеті
|
• Кез келген бағдарламаны компьютерге орнату қабілеті.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (10 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (7 мин.).
|
Сабақ типі:
|
|
• Сабақта жаңа білімді игеру
|
Оқыту әдісі:
|
|
• Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
•Компьютерлік бағдарламалар, жүйелік бағдарламалар, қолданбалы бағдарламалар, cloud computing, ubiquitous computing
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын,
деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. http://en.wikipedia.org/wiki/Software
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
Үй тапсырмасы:
|
|
• Қолданбалы және жүйелі бағдарламалардың айырмашылығы қандай? Мысал келтір.
|
• Google Glass құралы туралы ақпарат жинап презентация жаса.
Бұл құрал қандай бағдарламаларды қолданады?
|
|
|
|
1. Заманауи бағдарламалар шолуы