5 сынып математикадан логикалық сұрақтар 2,4кг май 600 теңге тұрады. 1000 теңгеге қанша май келеді?



бет3/9
Дата28.02.2020
өлшемі120,18 Kb.
#59253
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
5 логика
3-4 сабақ 9 сынып Арифм прогре, мектеп жет3ст3ктер3, жб талдау, жб талдау, жб талдау

Үйге тапсырма:


11.6 үштеңгелік, қөалғандары бестеңгелік болатын ақшалар сомасы 38 теңге. Ақшалардың нешеуі бестеңгелік?

12. Үш тоқаш 30 теңге тұрады.5 тоқаш пен 2 корап тұз 80 теңге тұрса,1 қорап тұз қанша тұрады?

13. Арбаның алдыңғы доңғалағы шеңберінің ұзындығы 1,6 м, артқы доңғалақтың шеңбері 2м.Арба 400м  жол жүргенде алдыңғы доңғалақ артқысынан неше рет артық айналады?

14. 4кг күріштің орнына 15кг сөк алуғаи болады?

15. Машина радиустары әр түрлі екі дөңгелек сырттай тітескен. Үлкен дөңгелектің 30 тісі, кіші дөңгелектің 12 тісі бар. Үлкен дөңгелек 18 рет айналғанда кіші дөңгелек неше рет айналады?

Тақырыбы: Бағалар мен сандық қатынастар


Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.
1. 2 және 3 тиындық 196 бақыр 46 тиын болды. Нешеуі 2 тиындық,нешеуі 3 тиындық?

2. Дүкенге 3кг-дық  және 15кг-дық тор дорбаға салынған картоп түсірілді.Барлығы 660 тор дорба 2,5 т болып шықты. Неше 3, неше 5 кг-дық тор дорба болған?

3.3кг алма мен 2кг өрік 96 теңге тұрады., Өріктің килограмы 2 теңгеге арзан.Алма  мен өріктің бағалары тқандай?

4. 7 домбыра  мен 2 қобыз 1552 теңге тұрады.  Домбыра қобыздан 34 теңгеге қымбат. Қобыз қанша тұрады?

5. Қобыз домбырадан 34 теңгеге арзан. 5домбыра 3 қобыздан 462 теңгеге қымбат болса, домбыра неше теңге тұрады?

6. Екі санның қосындысы 57,айырымы 15. Олқандай сандар?

7. Арыстанның 13 асығы,Алматтың 19 асығы бар. Екеуінде асық бірдей болу үшін Алмат неше асығын беру керек?

8. Айгүлдің Құралайдан 10 дәптері артық. Айгүл Құралайға 4 дәптер берсе, кімнің дәптері және қаншаға көп болар еді?

9. Асқардың Нұрланнан 6 жаңғағы артық. Асқар Нұрланға 4 жаңғақ берсе, кімнің жаңғағы қаншаға көп болар еді?

10. Екі баланың 35 асығы бар.Біреуінің 3 асығы артық. Әр балада неше асықтан бар?

11.Екі ыдыста 36 литр бензин бар. Орта  ыдысқа 4 литр бензин қосса,екі ыдыстағы бензин бірдей болады.Әр ыдыста неше литрден бензин болады?

12.Екі ыдыста 56 литр бензин бар. Бір ыдыстан екінші ыдысқа 7 лтрден бензин ауыстырса, 2 ыдыстағы бензин тең болады. Әр ыдыста қанша литр бензин болады?

13.Екі жәшікте 42кг қант бар. Қант көп салынған жәшіктен 3кг алып аз қантқа қосса, бір жәшіктегі қант екіншісіндегіден 2 есе көп болады. Әр жәшікте неше кг қант болды?

14. Май көп салынған жәшіктен аз салынған жәшікке 4 кг ауыстырса,екі жәшіктегі май салмағы бірдей болады. Алғашқыда аз салынған жәшікте 15 кг май болса, екі жәшікте қанша май бар?

15. 5 қасық пен 2 кесе 45 теңге тұрады.8 қасық пен 2 кесе 60 теңге. Қасық пен кесенің бағасы қандай?
Үйге тапсырма
16. 8 тарақ пен 3 қол айнаның құны бірдей,1 тарақ  пен 1 айна 77 теңге тұрады.Тарақ пен айнаның бағалары қандай?

17. 5 қасық пен 2 кесенің бағаасы бірдей,6 қасық пен 1 кесе 34 теңге тұрады.  Қасық пен кесенің бағасы қандай?

18. 5кг бал мен 8кгш майдың құны бірдей. 1кг ьал мен 2 кг май 900 теңге тұрады.1кг май қанша тұрады?

19. 9кг ұн мен 6 кг күріштің құны бірдей. 1кг ұн, 1кг күріштен 14 теңгеге арзан.Күріш пен ұнның 1кг-мы қанша тұрады?

20.400 және 250 грамдық қораптарда шәй бар.Барлығы 280 қорап шәй 82кг шықты. Неше 400, неше 250 грамдық қорап бар?

Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді шешудің тиімді жолдары


Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.
 1.Екі қаладан бір мезгілде  бір- біріне қарсы шыққан  екі машина 3 сағаттан кейін жолықты. Екі қала аралығы 360км. Бір машинаның жылдамдығы 65км/сағ.Екінші  машинаның жылдамдығы қандай?
2. Екі қаладан бір мезгілде  бір- біріне қарсы шыққан  екі машина 3 сағаттан кейін жолықты.Екі қала аралығын бір машина 5 сағатта жүріп өтетін. Онда екінші машинаекі қала арасын неше сағатта жүріп өтеді?
3. Егер маман жұмысшы сағатына күндік жоспарының  0,13 бөлігін орындаса, ал оның шәкірті сағатына 0,07 бөлігін  орындады.Егер екеуі бірігіп істейтін болса, күндік жоспарды неше сағатта орындайды?

 

4. Екі қаланың арасы 330км. Екі қаладан бір мезгілде қарама–қарсы екі машина шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Егер кездескен сәтте бір машина екінші машинадан 30км артық тжүріп өткен болса, машиналардың жылдамдықтары қандай?


5.Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 400м. Алдыңғы машинаның жылдамдығы 15м/с, ал артындағы машинаның жылдамдығы 20м/с. Соңғы машина алдыңғыны қашан қуып жетеді?

Үйге тапсырма:

6. Екі велосипедші ұзындығы 400м тұйық жолмен  жаттығып жүр. Біріншінің жылдамдығы 15м/с, екіншісінің жылдамдығы 13м/с . Олар  бір бағытта бір мезгілде жүріп кетсе, қанша уақыттан кейін тағы қатарласады?

Тақырыбы: Қозғалысқа берілген есептерді шешу


Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.
 
1. Ағыс жылдамдығы 3км/сағ өзенде ағыспен жүзген сал 21 км қашықтыққа неше сағатта барады?

2. Моторлы қайықтың меншікті жылдамдығы км/сағ. Ағыс жылдамдығы км/сағ. Моторлы қайық 1 сағатта:



  1. ағыспен жүзіп, неше километр қашықтыққа барады?

  2. ағысқа қарсы жүріп, неше километр қашықтыққа барады?

3. Геологтар бірінші жоспарланған жолдың 2/9 бөлігін, екінші күні 1/3 бөлігін,ал үшінші күні бірінші күні жүрген жолдан 14 км артық жүріп тоқтады.Үш күнде неше км жол жүрді?

4. Саяхатшылар үш күнде 125 км жол жүрді. Олар бірінші күні барлық жолдың 0,28-ін, екінші күні қалған жолдың 0,6-сын жүрді. Одан қалған жолды үшінші күні жүрді. Саяхатшылар үшінші күні неше километр жол жүрді.

5. Бір бағытта қозғалған екі машинаның аралығы 300м. Артқы машина 20м/с  жылдамдықпен жүріп отырып, 4км жүргеннен кейін  алдыңғыны қуып жетті. Алдыңғы машинаның жылдамдығы қандай?


Үйге тапсырма:


6. Ақмоладан  Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді. Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?

Тақырыбы: Жылдамдықты табуға берілген есептер


Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.

1. Ескекті қайықтың көлдегі жылдамдығы 7,8 км/сағ. Өзеннің ағыс жылдамдығы 2,95 км/сағ. Ескекті қайықтың өзенде ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.

2. Қаладан қашықтығы 24км турбазадан қалаға қарай 4км/сағ жылдамдықпен турист жолға шықты.2 сағат өткенннен  кейін оның соңынан екінші турист шықты.Екеуі де қалаға бір уақытта жету үшін екінші турист қандай жылдамдықпен жүру керек?

3. Ағыс жылдамдығы км/сағ.



  1. Қайық өзенде ағыспен км/сағ жылдамдықпен жүзді.Қайықтың меншікті жылдамдығын табыңдар.

  2. Катер ағысқа қарсы км/сағ жылдамдықпен жүзді. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар.

4.Моторлы қайықтың көлдегі жылдамдығы 32,7 км/сағ. Өзеннің ағыс жылдамдығы 2,86 км/сағ. Моторлы қайықтың өзенде ағыспен жүзгендегі жылдамдығын табыңдар.


Үйге тапсырма:

5. Арақашықтығы 135 км екі айлақтан бір уақытта бір – біріне қарама – қарсы теплоход пен катер шықты. Теплоходтың меншікті жылдамдығы катердің меншікті жылдамдығынан 11км/сағ артық. Олар 3 сағаттан соң кездесті. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар.
 
Тақырыбы: Уақытты табуға берілген есептер
Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.


  1. Ақмоладан  Қарағандыға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді. Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?



  1. Екі қаланың арасына 2,3 және 4 күн сайын бір ұшатын ұшақтар қатынайды. Бүгін бәрі де ұшатын күн. Енді неше күннен кейін олар тағы бір күнде бірге ұшады? Сол уақыттың ішінде әр күні неше ұшақ ұшып отырады?



  1. Алматыдан Талдықорғанға дейін барып оралуға автобус – 20, Шымкентке баратын автобус 32 сағат жұмсайды. Бүгін Алматыдан бір мезгілде үш қалаға да автобус жүріп кетті. Енді ол үшеуі неше тәуліктен кейі жоғалады?



  1. Алматыдан  Астанаға шыққан машина бір сағатта жолдың 6/19 бөлігін жүрді. Машина екі қала аралығын неше сағатта жүріп өтеді?



  1. Екі арбашы ұзындығы 400м тұйық жолмен  жаттығып жүр. Біріншінің жылдамдығы 15м/с, екіншісінің жылдамдығы 13м/с . Олар  бір бағытта бір мезгілде жүріп кетсе, қанша уақыттан кейін тағы қатарласады?

Үйге тапсырма




  1. Екі қаладан бір мезгілде  бір- біріне қарсы шыққан  екі машина 3 сағаттан кейін жолықты.Екі қала аралығын бір машина 5 сағатта жүріп өтетін. Онда екінші машинаекі қала арасын неше сағатта жүріп өтеді?

 

 



 Тақырыбы: Қашықтықты табуға берілген есептер
Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.



  1. Шаңғышы бірінші сағатта бүкіл жжүріп өтуге тиісті ара  қашықтықтың 1/3-ін, екінші сағатта 2/5-сін ,ал үшщінші сағатта 4,8км жолын жүрді. Шаңғышы барлығы неше км жол жүрді?



  1. Пойызбен Алматыдан Қызылордаға барғанда Жамбыл, Шымкент қалаларын басып өтеді. Алматыдан Қызыылордаға дейін 1227км . Қыызылорда мен Жамбылдың аралығы 683км. Жамбылдан Шымкентке дейін 231км.Алматыдан Шымкентке дейін неше километр? 




  1. Жол жөндеушілер бірінші күні 4,85 км жолды жөндеді, ал екінші күні одан 1,26 км артық жөндеді. Жол жөндеушілер екінші күні неше километр жол жөндеді?




  1. Ескекті қайықтың меншікті жылдамдығы 6,8 км/сағ. Ағыс жылдамдығы км/сағ. Ескекті қайық 2,4 сағ ағыспен жүзіп, неше километр қашықтыққа барады?




  1. Баржанның меншікті жылдамдығы 14,7 км/сағ. Өзен ағысының жылдамдығы км/сағ. Баржа 3,8 сағ ағысқа қарсы жүзіп, неше километр қашықтыққа барады?

Үйге тапсырма





  1. Қаладан қашықтығы 24км турбазадан қалаға қарай 4км/сағ жылдамдықпен турист жолға шықты.2 сағат өткенннен  кейін оның соңынан екінші турист шықты.Екеуі де қалаға бір уақытта жету үшін екінші турист қандай жылдамдықпен жүру керек?

 Тақырыбы: Өткелден өту есептері


Мақсаты:

Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,логикалық ойлауын дамыту.


Есептеу дағдыларын жетілдіру;
Математикалық тілде сөйлеуге,ұқыптылыққа баулу.

Барысы:
I .Үй жұмысын тексеру 


II .Парақ қағазбен жұмыс.



  1. Саяхатшылар бірінші күні 30км жол,екінші теүні одан 4 км артық,ал 3 күннің ішінде барлығы 75 км жол жүріпті. Олар үшінші күні қанша жол жүрді?

  2. Қаладан қашықтығы 24км турбазадан қалаға қарай 4км/сағ жылдамдықпен турист жолға шықты.2 сағат өткенннен  кейін оның соңынан екінші турист шықты.Екеуі де қалаға бір уақытта жету үшін екінші турист қандай жылдамдықпен жүру керек?

  3. Шаңғышы бірінші сағатта бүкіл жжүріп өтуге тиісті ара  қашықтықтың 1/3-ін, екінші сағатта 2/5-сін ,ал үшщінші сағатта 4,8км жолын жүрді. Шаңғышы барлығы неше км жол жүрді?

  4. Қуаттары әр түрлі екі трактор жерді бірігіп жыртса, жұмысты 8 сағатта бітірер еді. Бір трактор ол жерді 24 сағатта  жыртатын болса, екінші трактор ол жерді неше сағатта жыртып болар еді?

  5. Су қоймасын  бірінші құбыр 24 сағатта, екінші құбыр  30 сағатта, үшінші  құбыр 20 сағатта  толтырар еді. Үшеуі бір мезгілде су толтыра бастаса, қойма неше  бриолады және әр құбыр  қойманың қандай бөлігін толтырады?

  6. Екі  қала аралығын  жеңіл машина 2  сағатта , ал жүк машинасы 3 сағатта  жүріп өтеді. Екеуі бір мезгілде бір-біріне қарсы шықса,неше сағаттан кейін кездеседі және әр қайсысы  жолдың қандай бөлігін жүріп өтеді?

  7. Екі қала аралығын бір машина 6 сағатта, екінші машина 9 сағатта жүріп өтер еді. Екі машина бір мезгілде бір- біріне қарама-қарсы шықса, неше сағаттан кейін кездеседі?Екі қала аралығы 550км болса, әр машина неше км жол жүреді?

Үйге тапсырма





  1. А мен В пунктерінің аралығы 42м. Осы екі пункттен бір мезгілде қарама – қарсы шыққан екі бала АВ аралығын тұрақты жылдамдықпен ерсілі-қарсылы жүреді де тұрады. Бірінші баланың жылдамдығы 1,2 м/с, екінші баланың жылдамдығы 1,8 м/с болса, олар бірінше,екінші, үшінші рет қандай уақыт аралығында кездесіп тұрады?

БӨЛІНГІШТІК ЖӘНЕ ҚАЛДЫҚ

§ 12

 

Жұп және тақ



1.Бүтін екі санның қосындысы тақ болса, олардың көбейтіндісі тақ па, жұп па?

2. Бүтін үш санның қосындысы жұп болса, олардың көбейтіндісі жұп па, тақ па?

3. а) «4» цифрынан ғана құрастырлған сан тек «3» цифрларынан тұратын санға бөліне ме?

     ә) Керісінше ше?

4. Мұғалім бір парақ қағазға 20 санын жазды. Отыз үш оқушы осы қағазды бір біріне беріп және әрқайсысы қалауы бойынша осы санға 1-ді қосады немесе одан 1-ді шегереді. Нәтижесінде 10 саны шығуы мүмкін бе?

5. Шахмат тақтасының сол жақ төменгі бұрышында тұрған ат, әрбір текшеде бір рет болып, бүкіл тақтаны аралап, оның оң жақ жоғарғы бұрышына келуі мүмкін бе?

6. Шахмат тақтасына доминоның 31 тасын әрбір тас екі текшені жауып және тақтаны қарама – қарсы бұрышындағы екі текше бос қалатындай етіп қоюға бола ма?

                                         

 

                                          § 13. Бөлінгіштік белгілері



1.     Ковбой Джо барға кіріп, барменмен 3 доллорға 1 бөтелке виски, 6 доллорға шылым шегетін түтік, 3 пәшке темекі және 9 қорап сіріңке сұрады. Солардың бағасын білмейтін еді. Бармен 11 доллор 80 цент (1 доллорда 100 цент) сұрағанда Джо револьверін суырып алды. Бармен қайта санап, қатесін түзеді. Барменнің оны алдағысы келгенін Джо қалай білді?

2.     15 санының оң және сол жағына бір-бір цифрдан тіркеп жаз, сонда шыққан сан 15-ке бөлінетін болсын.

3.     45-ке бөлдінетін, ортаңғы екі цифры 97-ге тең төрт таңбалы сандарды тап.

4.     43 санының оң және сол жағынан бір-бір цифрдан тіркеп жаз, сонда шыққан сан 45-ке бөлінетін болсын.

5.     Бес таңбалы 42 х 4y саны 72-ге бөлінетіні анық, оның х және у цифрларын тап.

6.     Алғашқы екі цифры бірдей, ал үшіншісі 5-ке тең үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлгенде 8 қалдық қалды. Бөлінгішті, бөлгішті және бөліндіні тап.

7.     3а + 1 түріндегі сандардың арасынан 5- ке еселік болатын, алғашқы үш санды тап.

8.     Кез келген үш бүтін саннан, қосындысы жұп сан болатын екі сан табылатынын дәлелде.

9.     Қанат пен Парасат бірдей шаңғы сатып алды. Егер Парасат шаңғыға үш сомдық, Қанат бес сомдық ассигнациялармен (ақша орнына жүретін қағаз) төледі, ал олар кассаға барлығы үшін 10 ассигнациядан кем төлеген болса, онда бір пар шаңғы қанша тұрады?

10. Себеттегі алмалар саны 100-ден кем. Оларды екі, үш,бес балаға тең бөліп бдеруге болады, бірақ төрт балаға тең бөлге болмайды. Себетте қанша алма бар еді?

11. Бірдей үш цифрмен жазылатын сан 3-ке де, 37-ге де бөлінетін ддәлелде.

12. Берілген үш таңбалы санға сол санды екі рет тіркеп жазған. Пайда болған тоғыз таңбалы санды берілген санға бөлгендегі бөліндіні тап.

13. Тізбектей орналасқан төрт тақ санның қосындысы 8-ге бөлінетіні дәлелде.

14. 41-ге бөлінетін, ал 39-ға бөлгенде 24 қалдық қалатын ең кіші санды тап. 

15. Екі таңбалы санның бір цифрын сызып тастағанда, ол 31 есе кеміді.    Қандай санның қандай цифры сызылып тасталды?

 

 



 

§ 14. Қалдықтар

1.     Бір санды 13-ке және 15-ке бөлгенде бөлінділері бірдей болды, бірақ бірінші бөлу 8 қалдықпен, ал екіншісі қалдықсыз бөлінді. Осы санды тап.

2.     7-ге бөлгендегі бөлінді мен қалдығы бірдей болатын барлық санды тап.

3.     Кез келген бүтін алты санның арасынан, айырмасы 5-ке бөлінетін екі санның табылатынын көрсет.

4.     Санда 2-ге бөлгенде 1 қалдық, ал 3-ке бөлгенде 2 қалдық қалды. Осы санды 6-ға бөлгенде неше қалдық қалады?

5.     Біреу базарға қияр алып келді: ол он-оннан санап еді, толық ондыққа 2 қияр жетпей қалды, ал он екі-он екіден санағанда 8 қияр асып қалды. Егер қиярдың саны 300-ден артық, бірақ 400-ден кем болса, онда базарға неше қияр әкелінген еді?

6.     2-ге бөлгенде 1 қалдық, 3-ке бөлгенде 2 қалдық, 4-ке бөлгенде 3 қалдық, 5-ке бөлгенде 4 қалдық, 6-ға бөлгенде 5 қалдық қалатын, ал 7-ге қалдықсыз бөлінетін ең кіші натурал санды тап.

7.     Үш сыныптың оқушылары саяхаттқа шықпақ болып сапқа тұрды. Оларды сапқа екеуден тұрғызғанда 1 оқушы жалғыз қалды. Үшеуден, төртеуден сапқа тұрғызғанда тағы да 1 оқушы асып қалды. Барлығын сапқа бес-бестен тұрғызғанда ғана  бірде – бір оқушы саптан тыс қалмады. Оқушылар қанша еді?

8.     Бес бала санамақ арқылы ойынға бастаушы таңдады. Ереже бойынша соңғы сөз кімге түссе, сол бала ортаға шығады, содан соң санауды қайта жүргізеді. Санаушы бала, өзінен бастап санағанда бастаушы болу үшін, санамақтың сөз саны ең аз дегенде қанша бала бола алады?

 

§15. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Ең кіші ортақ еселік.



1.     Екі санның ең кіші ортақ еселігі 360-қа тең, ал осы сандарды олардың ең үлкен бөлгішіне бөлгендегі бөлінділері сәйкесінше 3 және 5-ке тең. Осы сандарды тап.

2.     Екі жетінші сынып оқушылары 737 оқулық сатып алды. Әрқайсысының сатып алған кітаптарының саны бірдей. Оқушылар саны қанша және әр оқушы неше оқулық сатып алды.

3.     Темір жол стансасының  жанынан белгілі бір уақыт аралығында үш пойыз өтті. Бірінші пойызда – 418, екіншісінде – 494, үшіншісінде – 456 жолаушы болды. Егер әр вагондағы жолаушылардың саны бірдей екені белгілі болса және олардың саны мүмкін болатын сандардың ең үлкенін алу керек болса, әр пойызда қанша жолаушы вагоны бар?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет