5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған


Джеймс Фенимор Купер (1789-1851)



бет10/13
Дата17.06.2018
өлшемі0,85 Mb.
#42566
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Джеймс Фенимор Купер (1789-1851). Купер Нью-Иорк штатындағы 1789 жылы сол атыраптағы дәулетті жер иеленуші Купер судьясының құрметіне Куперстаун аталған шағын қалашықта туған. Балалық шағы таза табиғат аясында өтті: адам аяғы баспаған арман, сан-алуан құс-жануарлар, көрікті көл мен өзендер. Купердің балалық және жастық дәуренінде Америка әлі де фермелер мен аңшылардың, ізтесушілердің мекені болатын, олар АҚШ – тың 95% құрайтын.

Азаттық соғысы жайлы Купердің семьясында тала-талай әңгімелер айтылатын. Соғысқа қатысқандардың көбі әлі кете қоймаған шақ. Купер сол соғыстың тарихын зерттеумен айналысып, өзінің көптеген романндарында американ тарихындағы бетбұрыс кезеңді суреттеді.

Жас кезінде Купер американ соғыс флотында қызмет етті, содан да соғысқа қатынасқан теңізшілермен жақсы таныс болған. Англиға қарсы теңіз бетіндегі шайқастарға арналып жазылған романдарының мазмұны да осыдан шығады. Оның Поль Джонс деген атақты теңізшіге арнап жазған “Қауыл Корсор”, “Лоцман” атты романдары осындай. Сонымен бірге Купер “Құрама Штаттар флотының тарихын” жазған.

Купер көп жазған, әдеби мұрасы мол жазушы. Оның қаламынан Европаға саяхаттар жайлы очерктер де, Евроап тарихынан алынған романдар да, жазушының қоғамдық саяси көзқарастарын насихат-тайтын әлеуметтік-утопиялық романдар да туған; ол әзіл-сықақатан да қашпаған.

Дегенмен жазушының нағыз әдеби даңқы американ революциясының тарихына арналған кітаптарынан “Шпион” атты романынан басталады. Өз сөзімен айтқанда, Купер бұл романында әдебиетке жаңа келген кезіндегі еліктеу сарынан бас тартып, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлайтын таза американдық хас шығарма жасауға тырысқан. Бұл серияда Купер “Шпионнан” басқа “Бостандық қоршау”, жоғарыда аталған “Лоцман” сияқты тағы бірнеше роман жазды. Алайда қаламгер американ революциясының күллі тарихын сөз ететін романдар циклі аяқтай аламады.

Ақырында Купер “Пионерлер” 1823 романымен бастап, он сегіз жыл өткен соң “Аңсоғар” 1841 романымен бітірген Былғары Байпақ туралы циклын берді.



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 82 беті

Бұл циклға жоғарыдағы шығармаларымен қатар “Логиканың соңғы тұяғы” 1826 “Прерилер” 1827 және “Әзкесер” 1840 кіреді.

Купердің есімін дүние жүзіне тап осы романдарын, ең алдымен “Могиканның соңғы тұяғы” жеткізді. Бұл романың аты тіпті нақыл сөздер қатарына кірді. Күллі Европа тілдерінде, соның ішінде орыс тілінде де құри бастаған абзал дәстүрге шын берілген, айнымас адал жанды айтқанда оны “Могиканның соңғы тұяғы” деп атайды.

Бұл романдардың жарыққа шығу европа әдебиетінде үлкен желпініс болды. Көзінің тірісінде даңққа Купердей бөленген жазушы кемде кем.

Куперді оқығанда Бальзак өзінің “Қуанғаннан арыстандай ырылдағанын” айтады.

Лермонтов болса, Куперді жемге аты жайылған тарихи раманның хас шебері Вальтер Скотпен салыстыра келіп, өзінің алғашқы жазушыны артығырақ санайтынын білдіреді.

Белинский Купердің талантын Шекспирдің данышпандығынмен салыстыруға дейін барған.

Мейлі Купердің даңқы бұл күнде салғын тартысын, мейлі ол әлем әдебиетінің тарихында кездесе беретіндей “ересектер” жазушы дегеннен қалып “Жасөспірімдер” жазушысы қатарына қосылсын, сонда да Купер бүгінгі таңда дүние жүзіндегі ең атақты жазушылардың бірі болып қала бермек.

Оның осыншалық атақ абройының, ортаймас даңқынның, қартаймас талантының сыры неде?

Купердің күллі атақ-даңқының қайнар көзі, бастауы-оның Былғары Байпақ туралы романдары сериясында жатыр.

Барлық бес романға бастан-аяқ американ пионері әлі аңшы Натанэль Бумпоның бейнесі арқау болған. Ол әр романда оқырманға Аңсоғар, Вкесер, Қырғи көз, Ұзын Қарабин деген атпен танысады. Шындығында күллі цикл Бумпоның “Аңсоғарда” суреттеген жастың шағынан бастап, “Прерилер” романында айтылатын өліміне дейінгі өмір – тарихын баяндайды.

Алайда бұл романдардың қызықтығы тек Натти Бумпоның тамаша бейнесінде, оның таңғажайып шытырман оқиғаларға толы өмірінде ғана емес. Циклдің басқа кейіпкерлері де оқырмандарды ынтықтырады, ал ең бастысы Купер романдарындағы оқиғалар өрістейтін тарихи жағдайда жатыр.

Былғары Байпақ жайлы циклында Купер Американы отарлаудың 1745-1805 жылдар арлығынад алпыс жылдық кезеңі туралы әңгімелейді.

Осы кезеңде пионерлермен аңсоғарлардың патриахалдық өміріне жаңа дәуірдің, өнеркәсәбі өркендеген капиталистік Американың жаңа



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 83 беті

өзгешеліктері жаппай ене бастады. Былғары Байпақ туралы циклдың бес романы, былайша айтқанда, АҚШ-тағы буржуазиялық цивилизацияның қалыптасу тарихындағы бес тарау істетті.

Сонымен бірге Натаниэл Бумпоның американ отаршыларының XVIII – ғасырда жаулап алған шығыс жағалаудан құрлықтық батысына қарай жылжуының, тереңдеп, бойлай түсуінің тарихы болып табылады, бұл жерлерді игерудің шежіресі, табиғаттың адам алдында бас ию шежіресі. Аңсоғарда біз Натти Бумпамен кейіннен Американың қолға-жүрегі болған Нью-Йорк штатының орынындағы ит тұмсығы өтпейтін ну ормандарда біз онымен бірге батысқа қарай бойлап, жылжи түсеміз де, ақыр-аяғында Жақпар тасты таулардың етегіне жеткен кейіпкердің, әбден қартайған әм әлжуаз траппердің, (аңшының) құлазыған прери құшағында қайтыс болғанын көреміз.

Бүгінгі оқырманға Купердің романдары әркез шыншыл болып көрінбеуі мүмкін. Бұл арада шығармалар мен ақиқат өмір сүрген адамдардың өмірбаяндары арқау болғанын естен шығармаған жөн. Атап айтқанда, Купердің Отаны-Куперстауннан шыққан Шимпэн деген кәрі аңшы Натаниэл Бумпоға бейне, прототип болған.

Бумпо – Купердің сүйікті кейіпкері. Оған қаһармандық пен ептілік, қаталдық пен адалдық, мейірбандық пен жомарттық тән. Бумпо нағыз романтикалық герой. Ол өзінің барша өмірін дүлей де қатыгез табиғатпен тоқтаусыз күреске, зұлымдық пен қараулыққа қарсы бітіспес тартысқа арнайды. Купердың романдарындағы Бумпо-алданғандарға араша түсеті, әдлет үшін, преридегі өмір заңдарының тазалығы үшін күресетін адам, бишаралармен бақытсыздардың, жапа шеккендермен қорлық көргендердің жоқшысы, қолданушысы, қорғаушысы.

Бумпоның үнді достарымен серіктері де сондай: “Ұлы жылан” – Чингачук те, оның баласы, соңғы могикан-Ункас та. Олар да Бумпо сияқты батылда қатал, достарына шын берілген, істері де, ойлары да адал, жомарт жүрек, абзал жандар.

Америка тарихындағы өзіндік трагедиялары мен шытырман кезең жайлы Купер сырттай экзотикалық әдіспен әңгімелейді. Өзінің Бумпосын “Былғары Байпақ” батырын қанша мақтап, жер-көкке сыйғызбай дәріптегенімен ол Бумпо – жалғыз дейді; егер Ункас “ең соңғы могикан” болса, Бумпо “ең соңғы пионер” дейді; ол барлығын прерилер мен орманға соның ізін қуып келген жандар-дерекі де қатыгез басқыншылар дейді. Купердің романдарында Американың адам аяғы баспаған ну батысын отарлаудың қорқынышты суреттерді ешбір баяусыз, романтикалық әшекейсіз көрсетілген. “Цивилизацияның енуі” деп қомпайтып айдар татқан абыройсыз істің арғы жағында

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 84 беті

американтағыларының айырықша тәсілін –тұрғылықты халықты басып алу, тонау мен қырып жою із жүзінде тығылып жатыр.

Европа өкениеттің тағылары не әкелгенін, басқыншылардың көкей құратын жеген нәрселер жергілікті халықтың мүддесіне сай келмесе де қызыл тәнді тайпалардың Англия мен Францияның арасындағы отар иемденуге бағытталған соғысқа қалай тартылғананын Купер реалистік тұрғыда суреттейді. Екі жақ боп соғысқан басқыншылар өздерінің қызылтәнді одақтастарын қанша пайдаланса да түптеп келгенде үнділерден бірдей қоқады, оларды бір-біріне айдап салып, қырғынға ұшыратады. Европалықтар,- дейді Купер өзі жазған алғызсөздерінің бірінде – Пенебскоттан Потомакқа дейін және Атлант мұхитынан Миссисипеге дейіңн ұлан – ғайыр жерді алып жатқан елге кірегн кезде онда бір тектен тараған халық тұратын. Ол халық тұрмысында да вапаначке деп аталатын, алайда өздерін ленниленаптар (өз тілдерінде; “қоспасы жоқ халық”) дегенді ұанататын. Әр тайпаның өз аты, өз көсемдері, аң аулайтын оқшау жерлері болатын. Бәрі де өздерін бір тамырдан тарағанбыз деп есептейтін. Олардың тілдері де ортақ, бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ғажайып дәлдікпен жететін әдет-ғұрыптары да ортақ еді. Тайпалардың бір ауызды келісімі бойынша әлгі халықтың “Ұзын үйі” немесе “Ұлы кеңес ошағы” жасалған. Гудзон шығанағынан батысқа қарай созылған кең өлкені түгелдей, сондай-ақ солтүстік жақтағы талай жерлерді иелеген құдіретті халық өздерін могикандар деп атайтын. Могикандар да тайпа-тайпаға бөлінетін. “Кеңес үйінің” киелі қоршауын қорғаған тайпа ұзақ уақыт бойына “ленаптар” аталып келеді де, ағылшындар өзен атын Делевар деп өзгерткен кезде бұл отау бірте – бірте сол жағалауды жайлайтын елге де ауысты. Ленап тайпасының теріскей-шекарасындағы жүздеген шақырым шалқар алқапты тағы бір халық мекендейтін. Көршілері оларды мингусилер дейтін. Галандтар мен мингусилер ленаптардан қаруларын тастап, өздерін қорғауды мыналарға сеніп тапсыруға көндіреді. Құрама гитаттардың қазіргі территориясын алып жатқан үнді тайпаларының ішіндегі ең қуатты, мәденитті атыраптың құлдырау кезеңі осы тұтастан басталады. Ақтар тонап, қызыл тәнді ағайындыларынан қысым көрген, қырғын шеккен бишара ел біразға дейін Бұл соғыс ондаған жылдарға созылды. Европа мемлекттері мұхит арқылы үлкен армияны жеткізе алмайтын. Сондықтан олар үнділерді сатқындыққа итермелеп, мас қып ішкізіп, кескілеп көндіріп, бір-біріне өз жауларына айдап салатын.

Бұл кезде дұшпандарын қорқытқан үнді тайпалары осындай қанды қырғандарда құрып бітті. Сардақ тартып, пышақ сілтеген қаһарман жауынгерлер қос қапталдан келген отаршылардың зеңбірек оғына мың-мыңдап ұшты. Рас, көз жеткісіз кең жазирада қаша ұрыс салған үнділердің



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 85 беті

тиімді үрдістерін европалықтардың да үйренуіне тура келді. Бір қызығы, кейініректе Вашингтонның әскерлері ағылшындарды тап сол үнділердің соғыс әдісін қолданып жеңіп шықты. Бірақ революция жеңісі үнділерге жеңілдік әкеле қоймады. Англияның езгісінен құтылған жергілікті отаршылар үнділерге бұрынғыдан да өткен қатыгездіктің қарайтын болды.

Купер еуропалық державалардың зұлымдығын объективті түрде көрсетіп қана қоймады, ол сонымен бірге ұлттық кереғарлықтан да аса білді: өзі таңды қанды американ бола тұра үнді халқының қайғы-қасыретін шынайы сезіммен жоқтап, ең соңғы Магикан Ункастың өлімі мен оның әкесі Чингачуктың аянышты өмірін трагедиялық сарынмен суреттей білді.

Натти Бумпоның өлімі де сұмдық. Оның үстіне пионердің, ізкесердің, орман мен прери батырының осынау сұмдық өлімі кездейсоқ та емес. Ол аң аулауға ресми рұқсат берерден он күн бұрын тоғайда бұғы атып өлтірді. Сөйтіп – ақ жаугершілердің заңын бұзып, сотқа тартылады. Оған түрме жазасын кесіліп, ақшалай айып салынады да, қашуға мәжбүр болады. Осы жерде өз қолымен орнатқан, өзі соның барлаушысы болған дүниеде орын таппай қиналады.

Жер суды былғау, адамдарды аздыру сияқты былапыт істердің әлдеқандай түсініксіз мақсатқа жету үшін емес, өте анық та қарапайым формуланы жүзеге асыру үшін істеліп жатқаныны Купер жақсы тағы бір жаңашыл табысы үнді халқының келер тамаша бейнелерін жасап беруінде.

Купердің үнділері-нақты адамдар. Олардың мінез-құлық ерекшеліктері, қадыр-қасиеттері айналасын қоршаған ортаның үйреншікті салттарына, тарихи жағдайына байланысты ашылады. Жазушы үнділердің әділдігіне, адалдығына, қаһармандығымен парасаттылығына сүйенді. Сонымен қатар ол өз кейіпкерлерінің тағылары тән қатыгездін де үміт қалдырмайды. Оның кейіпкерлері романтикалық жабайылар емес, қатал да қаһарлы хас жауынгерлер.

Купер жабайылар – табиғаттың абзал ұлы деген идеалистік көзқарасқа ғана қарсы шықпайды. Ол сондай-ақ үнділерді төменгі нәсілдердің өкілдері, азғындаған, құри бастаған адамсымақтар деп көрсетуге құмартып жүрген нәсілшілдік теориясына да соққы береді. Оның шығармаларын байыптап, ой жібере оқыған кісі ең соңғы могикандар Бумпомен Ункастың залым да айлакер қас дұшпаны Могуаның өзі де ақыл-парасатқа ие екенін, оның да адалдық пен айнымастық туралы өзіндік қағидалары бар екенін көрсетеді. Ал оның арсыздық пен нысапсыздық секілді оңбаған қасиеттері де ақ адамдардың отты суы арақ арқылы жұққан пәле.

Осының бәрінен де Купердің үнді проблемасына қаншалықты маңыз беріп, қандай санатпен қарағанын көруге болады.





ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 86 беті

Теріскей Америка үнділердің адамгершілік қасиеттерін мойындату жолындағы өзі жүргізген күресте Купер жеңіске жете алмады. Бірақ ол бұл тартыста жазушы ретінде жеңіп шықты.

Купер өзінің осынау, бір кейіпкер маңайында орбитін бес кітабы арқылы есімімен бүкіл дүниеге жүзінет паш етті.

өздерінің “Кеңес үйінің” төңірегінде тентіреп жүреді, бірте-бірте жеке топтарға бөлініп, бытшыт боп ыдырап, батыстағы шексіз Шөлейт даларға сіңіп кетеді.

Алайда тайпалардың түбіне жеткен аясыз отаршылдың ғана емес. Тарих тәлкегенің нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыстың қапас құшағында қалып қойған тағылар екі ұлы мемлекттің Англия мен францияның арасындағы соғысқа да қатынасып, қырылуға мәжбүр болды. Солтүстік Америка материгінен Галандияны, ішінара Ипанияны ығыстырып шығарған соң XVIII ғасырда Англия бар күшін француздар басып алған Канаданы және Мисисипи өзенінің бойындағы жерлерді жалауға жұмсады.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. АҚШ романтизмінің қалыптасуына тарихи жайттардың тигізген әсерін айт.

  2. Ең алғаш жергілікті халықтар кімдер болды?

  3. В.Ирвингтің американ әдебиетінде негізін қалаған жанр.

  4. Ирвинг шығармаларының тақырыбы, басты идеялары.

  5. Дж. Купер қай жанрда қалам тартты?

  6. Купер шығармаларының басты тақырыбы.


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28, 29.
ДӘРІС 14. Г.У.ЛОНГФЕЛЛО ЖӘНЕ Э.А.ПО МҰРАЛАРЫНЫҢ АҚШ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ
Дәрістің мақсаты: АҚШ романтикалық әдебиетіне Г.Лонгфелло мен Э.Поның қосқан үлесін айқындау.

Тірек сөздер: гаявата, фолькорлық бейнелілік, эшер, детектив, ғылыми-фантастика.

Дәрістің жоспары:

  1. Лонгфеллоның құлиеленушілікке қарсы өлеңдері.

  2. Лонгфелло шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.

  3. Э.Поның поэтикалық жаңашылдығы.

  4. Новеллалық еңбектері және детектив жанрын қалыптастыруы.

  5. Ғылыми-фантастиканы қалыптастыруы.




ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 87 беті


Генри Уотсуорт Лонгфелло (1807-1882). Лонгфелло 1807 жыл Портландияға Мэн штатына белгілі заңгер жанұясында дүниеге келген. Белгілі Боудойнрік колледжді тамамдап, Европада 3 жыл сапарда болады. Бұдан соң 20 жыл бойы Кембридж, Горворд Боудойнг оқу орындарында сабақ беріп кейін өзін шығармашылық жолға арнайды. Оның шығармашылық жолы өте сәтті болады. 1839 жыл “Голоса ночи” өлеңдер жинағы оның атын әйгілі етеді. Бұдан кейін де “Баллады и другие стихотворения” (1841) “Башня в брюге” 1845 “На берегу моря и камина” 1850 т.б секілді ақынға атақ пен бақ әкелген өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ақынның өлеңдерінің тілі таза, қарапайым түрде келіп, ойға жер тез сақталады.

Лонгфеллоның көптеген өлеңдері американ поэзиясы антологиясының ажырамас бөлігіне айналып тіпті кей өлең жолдары қанатты сөздерге де айналған. Бұл өлеңдерінің хрестоматияға енгендері “Псалом жизни” “Excelsior” “Зодачие” “Стрела и песня” “Постройка карабля” т.б.

“Псалом жизни” өлеңінде “Өмір қиял мұң елесі-ол ерлік, батырлық” деп көрсетіледі.

“Стихи о рабстве” 1842 жыл құлиеленушілікке қарсы болған. Бұл шығармада нәсілдік езушілік, плантациядағы ауыр жұмыстармен, құлдарды сату секілді ауыр жағдайлар шындықпен суреттеледі.

Герен филологиялық білімі бар ақын 1845 ж көптеген шет тілдерден аударған шығармалардан тұратын.

“Поэты и поэзия Европы” анталогиясын шығарады.

1870 жыл бүкіл әлемдік поэзия кіргізілген 31 томдық антологиясы шықты. Оның ішінде “Дантенің” Божественнал комедиясы толығымен аударылып берілген.

1940 жылдары соңынан бастап ұлттың ақындық дәстүрлерді қайта қарастыра бастайды. Ақын өз елінің тарихының беттерін эпикалық түрде көрсету жолын іздейді. Осы жолды іздеудегі талпынысының көрсеткіші “Эванджелина” 1847 поэмасы болды. Онда XVII ғасырдағы Солт Алирихадоғы Англо-француз қарсыласуы көрсетілген.

Лонгфелло өлеңдері 1847 жылдары бастап Ресейде таныла бастады. “Стихи о рабстве” өлеңін М.Л Михайлов аударып “Современник” журналында жарияланды.

Ал Л.Н.Толстой Лонгфеллоны, Бичер – Стоу, Эмирсонды қаламдарының күшімен құлдықтың тамырына балта шапқан оқындар деген.

Лонгфеллоның соңғы лирикасы философиялық түрде болады. Осы кезде Лонгфеллоның ұлттық ақын деген атын әлемге паш еткен “Песни о



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 88 беті

Гайовате” поэмасы болды. Поэмада романтикалық қаһарман Гайоватаның туғанан ер жетіп үйленгені, халқы үшін жоғары ерліктері жөнінде жырланады.

Қаһарманның шешесі Венона, жұлдыздық қызы тастап кеткен күйеуіне деген махаббат қайғысынан ерте қайтыс болады. Жастайынан Жетім қалған Гайоватаны әжесі Накомис асырап алады. Әжесі немересін қайырымды, мықты, яғни бар жақсы қасиетті бойына қорытып тәрбиелейді, Гайовата ақ-құс тілін жақсы біледі.

Ол шешесінің өлімі үшін әкесі Мэджекивиспен ұрысқа шығып, оны жеңеді. Қаһарманға ең қиын түскен Мондамин, балық патшасы Мише-Налю секілді құбыжықтарды жеңу еді. Гайовата индейцтерге үй салуды, егін егіп оны іске жаратуды аң аулауды, киім тігуді үйретеді. Осы бір қасиетімен ол көз алдымызға Промомейді елестейді.

Қаһарманның басты мақсаты адамдарды ынтымақ пен бейбіт өмір сүруге үйрету.

Қазір әлем әдебиетінде Гайовата бейнесі ең жағымды да жарқын индейц бейнесі болып табылады.

Зерттеушілер поэманы – эпосты романтикалық тұрғыдан баяндаудың әлем әдебиетіндегі бірден бір озық үлгісі деп таныды.

Ресейде поэманы Бунин аударып, орыстың классикалық аудармаларының қорына енгізген.



Эдгар Аллан По (1809-1849). Өзінің бойына суретші, математик, табиғат зерттеуші дарындылығын сіңірген Эдгар По өз заманының білімді адамдарының бірі болды. Бірақ тағдыр тауқыметі оны өлімнен кейін де аңдыды. По өзінің шығармаларының редакторы қылып тағайындаған Р.Грисаулд оның өмірбаянының текстін де өзгертіп отырды. Грисаулдық Эдгар По туралы өтірігін ашу үшін зерттеушілердің көптеген жылдар бойы тер төгуі қажет болды. Оңтүстіктегі құл иеленуші штат Виргинилда өскен ақын көбінесе оңтүстік аристократтардың көзқарасын бөліп көрсетті.

Басқа қырынан қарағанда өмір бойы қайыршылық қасіретін тартқан По буржуазияның қыспағын, адам тұлғасын бағаламаушы-лықты, өнерді бұрмалаушылықты көріп өтті. Сондықтан По бойында ойшыл-рационалист және романтик қасиеті қалыптасты. Ол өзінің шығармаларында қатал өмірдің зұлым жақтарын, сатушылық прессасын көрсете білді. Ақын қостаған Р.Купер, Н.Готорн, Г.Монгрелло шығармашылығы дүние жүзілік әдеби процесінің бөлігі ретінде санаған ұлттық әдебиет дамуында үлкен роль ойнады. Европа әдебиетінің шығармаларына дұрыс баға беру қабілетін Б.Шоу жоғары бағалады. Ағылшын әдебиетінен По Шекспирді, Мильтонды, Дероны ерекше бағалады.



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 89 беті

Поэтикалық шығармалары. Эдгар По – талантты лирик, поэтикалық тілді қолдану мүмкіндіктерін кеңейткен күшті экспериментар. Өлеңнің аяқталған теориясын құрастырушы американ әдебиетінің алғашқыларының бірі болды. Поның ерте поэзиясы жетістіктерге ие болмаса да, онда ақынды өмір бойы алаңдатқан басты сұрақтар орын алды. Ол кейінгі лирикасының (1845-1849) мазмұнында жоғары әдеби баға алды. Оның «Ворон», «Улалюм», «Эннабел Ли», «Эльдорадо», «Қоңырау» атты шығармалары үлкен атақ әкелді. По өлеңге қысқалың, жаңалылық және шындық тән болу керек деп санады. Ақынға үлкен атақ әкелген өлеңі «Ворон» (1845) деп аталады. В.Брюсов «Воронды» «қорқыныш» шынайлықтан табылған Эдгар Поның ерекше шеберлігі деп таныды. Поэманың қысқаша мазмұны мынандай: «Жоғалған Леонара туралы» қайғырып отырған жалғыз қиялшыл адамның бөлмесіне құйын кіріп кетеді. Леонора дегеніміз, біреу «ешқашан» деген сөзді үйретіп қойған қарға Ақынның өзі «Қарға» деген тақырыпты «әдемі жас келіншектің өлімі» ретінде анықтайды. По әдемі әйелдің өлімін әлемдегі поэтикалық сюжет ретінде қараған По поэзиядағы музыканың ролін әдейілеп оқып үйренді. Мәселен, «Қоңырау» өлеңінде әрбір бөлім әуенділікті иеленеді. Оқырманның алдында туу, үйлену, қайғы, өлім сияқты адамзат тағдырының кезеңдері ашылады. По лирикасының әуенділігіне ырза болған Морис Равель мен Клод Дебюсси ақын сюжетіне музыка ойлап шығарды. Фольклор балладасының жанрын пайдалана отырып, По махаббаттың шексіздігі туралы «Эннабел Ли» өлеңін жазды. Поның әйелінің анасы Марии Клеммге арнаған «Менің анама» атты сонеті адам баласын шынайлығы және қарапайымдылығымен қозғайды. По прозаикалық өмірге эмоцияналдықты, руханилықты, идеялдылықты кіргізбекші болған романтиктерге жатады.

Эдгар По – новеллашы. Ирвинг және Готорнмен бірге Эдгар По новелла ұлттық жанран құрушылардың бірі болды. Американ және әлемдік әңгімеге ықпалын тигізген 70 әңгіменің иесі болды. Райнов «Эдгар Поны толық негізбен үш жанрдың: детективтік, ғылыми-фантастикалық және қорқыныш әдебиетінің бастаушысы деп санауға болады деп атап көрсетті. По шығармашылығы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге фантастикалық сипатқа ие болған 30 жылдары жазылған әңгімелері жатады. Оның «Қорқынышты» және «құпия» әңгімелерінің астарында өмірге деген терең қанағатсыздық, оның философиялық және эстетикалық қайыршылығы көрініс табады. По өмірінің соңына шейін әлеуметтік зұлымдықтың себебін білмейді. «Ашерлер үйінің құлауы» (1839) - жалғыздық тақырыбына құрылған әңгімесі. Шығармашылығының бірінші кезең бұл әңгімемен аяқталады. Родерик Ашер – нәзік сезімді суретші, қайғылы

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 90 беті

музыкалық әуендердің дарыны, жалғыздық қасіретін тартып, аса жақсы көретін апайын Мэдиллейннің ауруына түңілген жан ретінде суреттеледі. Ол өзінің жақын арадағы қазасын сезініп, мәңгілік қорқынышпен өмір сүреді. Қатты талып қалған ауру апайын Родерик жерлейді. Өзіне келегн апайы зираттан шығады. Ол өзімен бірге бүкіл қорқынышты алып келді. Мэдиллин мен Родерик нәзік сөзімді жандар өзін қоршаған ортаға сай бейімделмеген еді. Бауыры мен апайы – бір бүтін, біреуінің өлімі екіншісінің өліміне алып келеді. 40 жылдары Эдгар По американ және европалық детективтік әдебиетке зор ықпал еткен детективтік әңгімелерін өмірге әкеледі. Олар: «Морг көшесіндегі өлім» (1841), «Мари Роже құпиясы» (1842), «Алтын қоңыз» (1843), «Ұрланған хат» (1845) және т.б. По новеллаларының кейіпкері, тергеуші Дюпенің құпия өлімді ашуы туралы «Морг көшесіндегі өлім» новелласында айтылады. Оны өлімнің хайуандық сипаты таң қалдырады; ол кісі өлтірушінің ерекше даусына назар аударады, себебі көргендердің бәрі бір сөз немесе адамға тән дыбыс естілмеген. Өлген адамның жарақатына қарағанда қылмыскер алып күштің иесі болғанын да Дюпен байқады. Бойында ерекше жеңілдік бар қылмыскер терезеден секіргенін де Дюпен түсінеді. Кенет Дюпенге ой келеді. Оның шешімі шындыққа айналды. Булан орманыннан иесінен қашқан орангутан табылады. Артынан теңізші иесі де өлім туралы айтып келеді. «Алтын қоңыз» әңгімесінде По ауыз әдебиетіндегі қарақшылар жаулап алған қазына туралы аңыз негізінде жазылған. Аналитикалық ақылды меңгерген Легран ерекше әдемі қоңызды тауып алады. Жұмысшы негр Юпитер оны пергаминтке орайды. Пергаменттегі бас сүйек Легранға пергамент бір кездері қарақшылардыкі болғанын байқатады және де пергамент алдында қазынаның тұрақты жері туралы жазылған. Жылудың әсерімен пергамент «сөйледі»: онда бас сүйек бастырмасы. Шифр және қарақшы Киддтің қолы анықталады. Поның детективтік әңгімелерінде шынайшылық ізі байқалады. По шығармашылығынан сонымен бірге біз ғылыми – фонтастикалық әңгімелер байқаймыз. По өз замнының ғылыми ойшыл әдебиетшісі болған, ол атақты Ньютонның, Лапластың, Фергюсонның, Гумбольдтың теориясын оқиды, астрономияны жақсы білді, Айды зерттеді. Дыбыс және түс туралы зерттеулер жазады. Бұл тақырыпта «Бутылкадан табылған қолжазба», «Низвержение в Мальстрем», «Шехеразаданың мың екінші ертегісі» атты еңбектері бар. Онда ол әдебиетпен ғылымды біріктіреді. По сонымен қатар юмористикалық, сатиралық әңгімелер қатарын жазады. Ол «Черт на колькольне» (1839), «Челове дела» (1840), «Эксвайдердің Томның әдеби өмірі» (1844) деген әңгімелерінде алаяқтық өмірін кертартпа суреттейді.





ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 91 беті

М.Горький Поны «форманың өе жақсышебері», шынайы суретші ретінде таниды. Жазушы ағылшын тілінің аса құдіретті стилистерінің бірі болады. Поның ойынша әңгіменің бірі болады. Поның ойынша әңгіменің басы оқырманды еліктіретіндей бояу керек. Сондықтан әңгіменің басына көп көңіл бөлді. Эдгар По және Ж.Гонкуралар 1856 жылы қолжазбаларында былай деп жазады: «Поны оқығаннан кейін бізге ерекше бір жаңалық ашылды. Оны халық, я оқырман байқамайтын сияқты. По- бұл жаңа әдебиет, ХХ ғасыр әдебиеті.» Змандастары жазушыны түсінбеген. Тек кейінгі ағым өкілдері Бадлер, Валери, Ремболар Поның жаңа қоғамға әйгілеген шығармашылығының мәнін ашты.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет