5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет7/13
Дата17.06.2018
өлшемі0,85 Mb.
#42566
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. Шелли өмір сүрген жылдар.

  2. Ақынның қандай дидактикалық поэмалары бар?

  3. Шелли лирикасының басты бағыты.

  4. «Ислам көтеріліс» туындысының мәні.

  5. Шеллидің пәлсапалық көзқарастары қандай болған?

  6. «Азат етілген Прометей» поэмасының тақырып ерекшелігі.

  7. Шеллидің эстетикалық ойлары.


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.
ДӘРІС 8. ВАЛЬТЕР СКОТТЫҢ

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ МҰРАСЫ
Дәрістің мақсаты: Шотландиялық Вальтер Скоттың әдеби мұрасын оқыту.

Тірек сөздер: тарихи роман, «Шотландиялық сиқыршы», якобиттер, пуритандар, либретто, анархия.

Дәрістің жоспары:

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 50 беті




  1. В.Скотт – тарихи-роман жанрын қалыптастырушы.

  2. Скоттың алғашқы туындылары.

  3. Скотт – ақын.

  4. Скоттың романтикалық поэмалары.

  5. Тарихи қақтығыстар аясындағы халықтық жеке бейнелерді мүсіндеуі.

  6. Скоттың ағылшын романтикалық әдебиетіндегі орны.

Шотландтық Вальтер Скотт (1771-1832) – тарихи роман жанрын қалыптастырушы тұлға ретінде танымал. 1790-1800 жылдарда В.Скотт журналист, аудармашы, фольклор жинаушысы, романтикалық поэмалар мен балладалардың авторы болды. Сондай-ақ, Гетенің «Гец фон Берлихинген» атты тарихи драмасын аударады.

Жас кезінен Скотт өзінің туған өңірі таулы Шотландияға жиі саяхат жасап, оның көптеген көрікті жерлерімен, тарихымен, көне ескерткіштерімен жете танысады. Ал көрнекті шотландық ақын Роберт Бернспен профессор Фергюссонның үйіндегі кезесуі, талантты жасқа кереметтей әсер етеді. Содан кейін Бернс поэзиясы Скоттың өмірлік бойтұмарындай болады. Бенстің гумманизм мен өміршең пафосқа толы шығармалары арқылы шотланд ұлтын асқақтата көтергені – жазушыны қатты сүйсіндіре, патриоттық рухын оятады. Ол да осы жолдан таймай адам рухының мәңгілік бай қазына екендігін дәріптеп, оны бағаламағандарға төзбеушілігін танытады.

Вальтер Скоттың 1802 жылы «Шотландық шекара әні» («Песен шотландской границы») атты екі томдығы жарық көргеннен соң, елге аты танылды. Алғашқы кітаптары халықтың оң бағасын алып, үлкен сұранысқа ие болғандықтан, автор 1803 жылы үшінші томын өз оқырмандарына ұсынады.

Осындай үлкен жетістіктен кейін В.Скотт өзінің «Соңғы менестрелдің жыры »(Песень последнего менестреля») /1805/, «Мармион» /1808/, «Қыз Көл» («Дева Озера») /1810/ атты поэтикалық туындыларын жазады. Бұл поэмаларын да көпшілік жылы қабылдайды.

Бір айтатыны, автор өзінің жаңа қалам ұстап жүрген жастығынан қысылып жүрсе, керісінше оқырман қауым оны «көпті көрген, тәжірибелі суреткер болар» деп бағалаған екен. Шындығында, «Мармион» туындысының басты кейіпкері шотланд королі ІV Яковтің бейнесі аса жарқын да асқақ, шынайы да көркем түрде сомдалған еді. Ал, автордың осы образы «Қыз көл», «Рокби» шығармаларында нағыз шындыққа негізделе одан да шебер ашылған.

Дегенмен бұл В.Скоттың романшы-қаламгер болып қалыптасуына барар жолдың алғашқы қадамдары болатын. Жазушының

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 51 беті

шығармашылығын жан-жақты зерттеген ғалым Б.Г.Реизов: «Скоттың басты жетістіктері алғашында баллада мен поэма жанрынан көрінді. Поэма өзінің эпикалық табиғаты жағынан романға жақынырақ тұрады. Сондықтан «шотландиялық сиқыршы» романға бірден бармай, осы баспалдақтар арқылы биікке шыға алды»,- деп атап көрсетеді.

1814 жылы «Уэверли» атты алғашқы романы жарық көргеннен соң В.Скоттың есімі бүкіл әлем жұртшылығына танылады. Осы бір тамаша туындыдан кейін жазушы 25 роман, бірнеше әңгімелер жинағын, пьесалар, поэмалар, «Шотландия тарихы» («История Шотландии») атты екітомдық, «Наполеон Бонапарттың өмірі» («Жизнь Наполеона Бонопарта») атты көптомдығын тағы басқа шығармаларын бас-аяғы он жеті жылдың ішінде (1814-1831 жылдар) жазып, дүние жүзі оқырмандарына аса бағалы тарту жасайды. Бұл классикалық туындылардағы аса мол көркем образдар галереясы өзінің поэтикалығымен, қоғам мен халық өмірін бейнелеуде жан-жақтылығымен, шынайлығымен барша жұртты баурап алды.

Суреткердің қай туындысы болмасын жарық көре салысымен бірден басқа тілдерге аударылып, оқырман жүрегіне жол тауып жатты. Әсіресе еуропаның тарихи тынысына, әдебиеті мен өнеріне әсері айрықша болды. Осы тұрғыда атақты сыншы В.Г.Белинский: «Скоттың жаңашылдығы – өз кезеңінің замандастарына терең әсер еткені, өзіне дейін «бұрын соңды болмаған» тарихи роман жанрын жасауында», - деген пікірін білдіреді.

Скоттың өмірлік көзқарасы мен шығармашылық қалыптасуы-ның басты негізі Шотландия халқының аса бай саяси-әлеуметтік, рухани тәжірибесінде жатыр. Ол Англияның ғасырлар бойғы езгісіне қарсы ұлт-азаттық күреспен тығыз байланысты еді.

В.Скотт тарихи романға оның эстетикалық табиғатын әбден елеп-екшеп алып қана қалам тартты. Бұрынғы готикалық және антикварлық романдардан өзгеше, ұлттық колоритке негіздеп, өткенді қатесіз, нақты қылпында беруге тырысты. Тарихи оқиғаны өз заманына лайықтап оның рухани-әлеуметтік негізін шынайы көзқараспен ұштастырады. «Романшының басты мақсаты – қолыңда нақты заттары болмаса да, қиял арқылы өткеннен оқырманға толық және нақты түсініктер бере алуы керек. Оның қарауында тек тамаша идеялар мен образдар әлемі ғана. Міне, осында ғана оның мықтылығы мен әлсіздігі, оның кедейлігі мен байлығы көрінеді... Романның авторында сахна да жоқ, безендіруші де, актерлар группасы да, суретші де, костюмдер де жоқ; тек сөз ғана, соны өз мүмкіндігі мен өресіне қарай аталғандардың барлығының орнына шебер қолдана білуі қажет»,- деген Скотт тамаша пікір білдіреді.

Белинский Скотты – «жаңашыл-суреткер» десе, Бальзак: «Вальтер Скотт тарихи романды философиялық тұрғыдан жоғары деңгейге көтере

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 52 беті

отырып, оған өткеннің рухын дарытып, оған драманы, диалогты, портретті, пейзажды, суреттемені қосып, асқақтық пен күнделікті тіршілікті шебер астастыра білген», - деген ойын айтады.

Жазушы өз шығармаларында сол кезеңнің жаңалығы болып саналған барша халықтың, халық қозғалысының қоғам өміріндегі орнын тарихи жағдайларға байланыстыра суреттеген. Тарихи өзгерістерге орай бүтіндей бір ұлттың мүддесі үшін күрестегі кейіпкерлерін ол халық ортасынан алып – халық қорғаушылары мен солар үшін кек алушылардың патриоттық бейнелерін сомдады (Роб Рой, Меррилиз, Робин Гуд).

Скоттың тарихи романдарының композициясы сол тарихи оқиғаларды өзіндік мақамда саралай отырып құрылған. Автор кейіпкерлері көбінесе ірі тарихи құбылыстардың (революцияның, көтерілістің, бүліктің) төңірегінен табылып, соның қайнаған ортасында жүре шытырман оқиғаларды тудырады.

В.Скотт шығармаларының көркемдік құрылымы көбінесе романтизм идеяларымен сусындағаны анық. Олар күрделі авантюралы-романтикалық сюжеттерден құрылып, көптеген құбылмалы кезейсоқ оқиғаларға орын беріледі. Онда тіпті «халық нанымы» ретінде фантастика да кездеседі. Бірақ соның барлығы тарихи жайыттардың шеңберінде реалистік образдармен астаса, шебер құрылған. Сондықтан болар, оның кез-келген жаңа туындысын халық қызыға қабылдады.

Жазушының өзі былай деп жиі айтқан екен: «Шын суреткер тек тарихи фактілермен ғана шектелмеуі керек. Ол тарихи шындықты өзіндік өткір ойымен, ұшқыр қиялымен ұштастыра білуі қажет, тіпті міндетті. Себебі, оқырманды бірден баурап алып толғанысқа түсуіне, роман кейіпкерімен бірге қайғыра білуіне, олармен барлық қуаныш пен қызықты бірге бөлісуге мәжбүр етуіне тамаша мүмкіндігі бар».

Өзінің көтерген тақырыбы мен проблемаларына байланысты Скоттың прозалық туындыларын екі топқа бөлуге болады:


  1. Шотландиялық романдары – 1820 жылға дейін жазылған;

  2. Орта ғасырдағы Англия мен Европа тарихы бойынша жазылған романдары.

Ол тек бірақ рет қана өзінің «Сент-Ронанский сулары» («Сент-Ронанские воды») /1824/ атты романын жаңа өмірге арнап жазды. Қалған шығармаларының барлығының сюжеті өткен тарихи оқиғалардың төңірегінде құрылған.

Соның ішінде «Роб Рой» романы 1818 жылы жазылған. Бұл туындысында В.Скотт 18 ғасырда Стюарттықтар жасаған якобиттер көтерлісінің (1715ж.) тарихына назар аударады. Жазушы якобиттердің аяусыз жеңіліске ұшырауына, олардың нашар қаруланып, өзара



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 53 беті

ұйымшылдықтың жоқтығы мен соғыс тактикаларын жете меңгермегендіктері себеп болғандығын атайды. Дегенмен көтеріліске дайындық барысында роман кейіпкерлері көптеген шытырман оқиғалардың ортасынан көрінеді. Романдағы Роб Ройдың жарқын да өзіндік образы, нағыз шотландық Робин Гудтай. Ол қайрымсыз байларды тонай жүріп, кедей-жарлыларға барынша көмектеседі. Сондықтан қара халық оны өздеріне нағыз қамқоршы-жанашыр ретінде санап, қатты құрметтейді. Шығармадағы Рой бейнесінен романтикалық және реалистік ойлардың астасып жатқан арнасын көреміз.

«Пуритане» (1816) романында автор 1779 жылы Сюарттарға қарсы пуритандардың басшылығымен болған шаруалардың қарулы көтерілісін суреттейді. Скотт бұл туындысында Байроннан соң батысеуропалық әдебиетте алғаш қолдарына қару алып күреске шыққан халықтың жиынтық образын жасады. Халық пуритандарға сеніп соңдарынан ереді. Алайда ұйымшылдықтың, қатаң тәртіптің жоқтығынан көтеріліс жеңіліске ұшырайды. Басшылар арасындағы алауыздық, жігерсіздіктің салдары қара халықтың жазалануына әкеліп соқты. Бұл жерде автордың басты мақсаты пуритандарды дәріптеу емес, шотланд халықының күші басым жауына қарсы тұрған қайыспас күресін, олардың патриоттық сезім-күйін көрсету болатын.

«Эдинбург абақтысы, немесе орталық Лотианның Жүрегі» («Эдинбургская темница, или Сердце среднего Лотиана») /1818/ атты әлеуметтік романындағы шаруа қызы Джини Динстің образы, Скот армандаған эстетикалық идеалдың барлық қадір-қасиетін бір бойына жинақтаған. Кейіпкердің өзгелерден бөлек тұлғасы, асқан адалдығы, ерекше ақылы, арының тазалығы, өзгеше күш-жігері автордың өзін шабыттандырғандай. Джини қайтпас қайсарлығы арқасында сіңілісі Эффиге жабылған жалаға қарсы шығады. Оның бұл әрекеті бүкіл сол қайрымсыз қоғамға, оның басшыларына қарсы әрекет ретінде қабылданды. Замандастар арасында Джини Динстің образы үлкен жетістікке жетіп, оны тіпті өз ұлтының батыр қызына балады.

«Айвенго» (1819) романы Скоттың шығармашылық өміріндегі ең маңызды орынды алады. Жазушы есімінің әлем жұртшылығына танылуына көп септігі болған классикалық туындылардың бірі ретінде бағаланады.

Роман үш айдың көлемінде ғана жазылған. Оның басқа романдардан өзгешелігі Англияның өте ертедегі тарихына үңілуінде болатын. Шығарманың сюжетіне Орта ғасырдағы (1194ж.ж.) норман басқыншылығы кезеңіндегі Англия өмірі арқау болған.




ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 54 беті

«Айвенгода» әр түрлі саяси, қоғамдық ұлттық және әлеуметтік қарама-қайшы мүдделердің жиынтығы топтасқан. Соның ішінде Король Ричард пен оның туыс ағасы Джон арасындағы таққа талас үлкен тартысқа құрылған. Австриялықтардың тұтқынында жүргенде Ричардтың корольдығын заңсыз иемденген Джон халыққа қадірсіз болады. Бұл жерде автор тақ үшін теке-тіресті ғана суреттеуді басты нысаны етіп алмаған. Жылдар бойғы норман езгісіне қарсы сакстардың ұлт-азаттық, әлеуметтік күресін көрсете отырып, сол қоғамның көлеңкелі тұстарына сын көзімен қарау. Нормандықтардың көрсеткен тұрмыстық ауыртпашылықтары сакс ақсүйектеріне ұнамайды. Себебі олардың билігі мен бар байлығын басқыншылар тартып алған болатын. Бірақ олардың мақсаты халықты езгіден құтқару емес, жеке бастарының қамын ойлап, өз биліктерін қайта орнату жолында күресу еді.

Автор бұл жерде ойдан алынған тамаша әдеби персонаж, ержүрек рыцарь Айвенгога жүгініп, қара халық пен ел қамын жеген ақсүйектер арасын барынша жақындастыруға тырысады. Ричардтай бекзат, батыл да әділетті король ғана өз халқын екі жақты езгіден құтқара алатындығын көрсеткендей.

Романнның басты тартымды тұстары оның үсті-үстіне туындап отыратын қызықты оқиғалар желісінде жатыр. Орта ғасырдың тұрмыс пен дәстүріндегі, қарым-қатынасындағы, тіпті адамдарының сөз сөйлеу, киім кию ерекшеліктерін дәл бейнеленіп, сан қилы оқиғалармен астастыруы шығарманы көркемдік-эстетикалық тұрғыдан жоғары деңгейде көрсетеді.

В.Скотт ағылшын және әлем әдебиетінің тарихына өлшеусіз үлес қосқан жазушы. Ол тек тарихи роман жанрын ашып қойған жоқ, әдебиетке жаңа бір леп, жаңа тип, жаңа образ әкелді. Өмір шындығын, әсіресе ауыл өмірін жергілікті колоритке негіздей, шынайы суреттеп, оны жаңа қоғаммен жақындастыра білген. Оның бұл дәстүрін кейінгі толқын Булвер-Литтон, У.Эйнсуорт, Э.Гаскелл, Бронте, Элиот т.б. жалғастырды.
Дәрісті бекіту сұрақтары:


  1. В.Скотты тарихи роман жанрын туғызушы деп неге атайды?

  2. Скоттың ақындығы қай туындылардан көреміз?

  3. В.Скоттың атын алғаш әлемге әйгілі еткен туындысын ата.

  4. Жазушының ағылшын әдебиетіне енгізген жаңалықтары.

  5. Ақынның романтикалық ойлары.

  6. Суреткердің тарихи романдарының даму кезеңдерін айт.


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15.



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 55 беті


ДӘРІС 9. ФРАНЦИЯ РОМАНТИЗМІНІҢ ҚАЛЫПТАСЫП, ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ

Дәрістің мақсаты: Француз романтизмінің қалыптасып, дамуы жайында жан-жақты мағлұмат беру.

Тірек сөздер: консульдік, бірінші империя, Наполеон империясы, романтикалық эстетика, июль монархиясы,



Дәрістің жоспары:

  1. Франциядағы тарихи оқиғалардың романтизмге әсері.

  2. Француз романтизмінің қалыптасу кезеңдері.

  3. Француз романтизмінің алғашқы қарлығаштары.

  4. Француз романтизмінің әлем әдебиетіне жасаған ықпалы.

Француз романтизмі ХVІІІ ғасырдың соңында болған буржуазиялық революцияға байланысты елдегі саяси күрестердің аясында туындады. Романтизм өкілдерінің қоғамдық өзгерістерге деген көзқарастары әр қилы болды. Біреулер өткен дворяндық қоғамды аңсаса, біреулері жаңа өзгерістерге барынша ықыластарын танытты. Романтикалық идеялардың өркен жаюы Францияда әсіресе XIX ғасырдың алғашқы 30 жылдығымен сәйкес келеді.

Зерттеушілердің дәуірлеуі бойынша: Француз романтизмінің бірінші кезеңі Консульдік және бірінші империя (шамасы 1801-1815 жылдар) тұсында қалыптасты. Бұл уақытта романтикалық эстетика жаңа қалыптасып, оған жаңа ағымның алғашқы өкілдері: Шотобриан, Жермен де Сталь, Бенжамен Констан сынды жазушылар енді.

Екінші кезеңі елдегі Қайта құру науқаны (1815-1830) тұсында басталды. Францияда Наполеон империясы күйреп, шетел интервенттерімен бірге ел билеу ісіне бұрын тақтан қуылған Бурбон корольдығының мұрагерлері қайта оралды. Осы кезеңде романтикалық мектептер түбегейлі орнығып, романтизмнің басты эстетикалық заңдылықтары пайда болған еді. Әсіресе әдебиетте түрлі романтикалық жанрлар: лирика, драма, тарихи романдар бұрын соңды болмаған қарқынмен жаңа бағытта көрініс тапты. Осы тұрғыда ірі жазушы-романтиктер Ламартин, Виньи, Нерваль, Гюголардың шығармашылық әлемін алуға болады.

Үшінші кезең – Июль монархиясы (1830-1848) жылдарына сәйкес келеді. Бұл кезеңде буржуазиялық үстемдік толық орнаған болатын. Көп ұзамай бірінші республикалық көтеріліс, Леон, Париж қалаларында алғашқы жұмысшылар қозғалысы бой көтеріп, утопиялық социализм идеялары тарай бастайды. Осы уақытта Виктор Гюго мен Жорж Санд

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 56 беті

секілді белгілі халықшыл романтиктердің алдында жаңа қоғамдық-әлеуметтік сұрақтар туындады. Сол сияқты өздерінің реалистік көзқарастарын таныта бастаған Стендаль, Бальзак сынды жазушылар соны жанр – әлеуметтік романтикалық романдарға қалам тартқан болатын.

Жалпы француз мәдениеті, соның ішінде француз әдебиеті 1789-1794 жылдар аралығын қамтыған ұлы әлеуметтік-саяси төңкеріс – Француз революциясының ықпалы негізінде қалыптасты. Бұл мәселе ХIX ғасырда да маңызды болып қала берді. Тіпті революцияның қарсыластарының өздері де оның тарихи заңдылығы туралы оң көзқараста болды. Көп жылдар бойы эммиграцияда болған Франсуа Рене де Шатобриан өзінің алғашқы шығармасын «Өткен және бүгінгі революциялардың тарихи, саяси, моральдық тәжірибелерінің Француз революциясымен байланыста қарастырылуы» (1797) деп атай келе, ескі режимнің күйреп, құлауын заңдылыққа балап, оның жаңаша қалпына келуін үміт етті. Ал, Шарль Нодье (1780-1844) өзінің «Қуғындағылар» (“Изгнанни-ки”) атты повесінде революцияның қоғам өміріндегі тарихи ролін аша отырып: «Бұл – келешек ұрпақ үшін үлкен мектеп болады»,-деп атап көрсетті. Осы арқылы олар өз замандастарының сол уақыттағы дүниетанымын аңғартқандай болды.

Тарихи процестер аясындағы адамның ролін тарихи тұрғыдан пайымдау өзгерді. Мысалы, Шатобриан, тарихи қоғамның прогресивті түрде дамуын жоққа шығарып, оны «еш мағынасыз оқиғалардың иірімдері» деп атады. Беранже бұған қарсы пікірді ұстанып бақты. «Франция үлкен саяси мәні бар орасан зор қоғамдық революция жасап, әлем жұртшылығына дамудың жаңа жолын ашты»- деп жазды.

Жалпы осы кезеңдердегі француз романтиктері қоғамда болып жатқан оқиғалардың заңдылықтарын ашып суреттеумен қатар, адамзаттың прогресивті алға жылжуында жеке тұлғаның беделді рөлін нақты көрсетуге тырысты.

Сонымен, Француз романтикалық әдебиетін шартты түрде мынадай кезеңдерге бөліп қарастырамыз:



  1. 1801-1815 ж.ж., Консульдік және бірінші империя тұсында;

  2. 1815-1830 ж.ж., Қайта құру науқаны кезеңі;

  3. 1830-1848 ж.ж., Июль монорхиясы кезеңіндегі әдебиет.


Франсуа Рене де Шатобриан

(1768-1848)
Француз романтизмінің алғашқы кезеңінің ірі тұлғасы ретінде – Франсуа Рене де Шатобриан (1768-1848) аталады. Пушкин «француз жазушыларының жаңа өкілдерінің алды, барлық жазғыш ұрпақтың


ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 57 беті

ұстазы» деп бағалаған тұлғаның француз романтикалық әдебиетіндегі орны айрықша.

Бретондық ақсүйектер отбасынан шыққан Франсуа аристрократиялық ортада тәрбиеленеді. Жасынан ағартушылық идеяларға бой ұрған ол, Парижге әскери мәнсап қуу ниетімен келеді. Бірақ сарай мен шіркеу ішіндегі жемқорлыққа төзбей, оларға қарсы пиғылы туындайды. Көңілін жайлау үшін, Жан Жак Руссоның шығармаларын оқып, қарапайым адам мен табиғат заңдылықтары туралы шығармалар жазуға бет бұрады.

Шатобриан сол кезде Францияда басталған революцияны қабылдамай, географиялық экспедициямен бірге Америкаға кетіп қалады. 1792 ж. Америка сапарынан еліне қайтып оралғаннан соң, мұндағы контреволюциялық қозғалысқа ат салысып, қолбасшы Конденің әскеріне де қосылады. Содан соң Англияға қоныс аударып, онда сегіз жылдай тұрақтайды. 1797 жылы Англияда жүріп Шотобриан эмигранттар арасында өзінің есімін танытқан «Революциялар туралы тәжірибе» («Опыт о революциях») атты белгілі шығармасын жазды. Автор аталған еңбегінде Францияда жуырда болып өткен революцияға деген үзілді-кесілді қарсылығын білдіреді.

Көп ұзамай француз романтикалық эстетикасының әліппесіндей болған «Христиандық данышпан» («Гений христианства») /1802/ атты философиялық трактатын жарыққа шығарды. Бұл шығармасында Шатобриан ағартушылардың көпшілігі қарсы болған христиан дінінің мәртебесіне оң көзқарасын білдіре отырып, жекелеген өзіндік ойларын да келтіреді. Ол: «Христиан діні – мәдениетімізді өркендетіп, байытты. Сондай-ақ, жан мен тәннің драматизмге толы жаңа күресін ашты», – деген тұжырым жасай келе, мәдениетті – «христианға дейін» және «христиандық» деп екіге бөліп, оның адамзат тарихымен бірге дамып, өзгеріп отыратындығын айтты.

Францияға қайта келгеннен соң Шатобриан саяси істерге жиі араласып, өзінің эгоцентристік көзқарастарымен көрініп қалып жүрді. Соған байланысты Бурбондықтармен ара қатынасы бұзылады. «Христиандық данышпан» шығармасындағы кейбір көзқарастары үшін шіркеумен де қарым-қатынасы керісінше өзгеріп, жазушы өмірі қуғынға, ауыртпашылыққа тап болады.

Шатобрианның атымен жаңа әдеби жанр – романтикалық тәубешілік (сырласу) романдардың қалыптасуы байланыстырылады. Лирикалық монолог арқылы кейіпкердің тәубесіне келуін бейнелейтін шығармаларда, автор тарапынан сыртқы әлем шартты түрде ғана алынады. Басты тұғыры, орталық кейіпкердің қиындық пен қайшылықтарға толы ішкі жан дүниесін ой елегінен өткізіп, аша білуінде. Бұл романдардан автордың өзіндік

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 58 беті

«мені» де айқын көрінетіндігі соншалықты, тіпті кей кездері шығарма кейіпкерлерімен астасып та кеткендей болады. Замандастары ойдан алынған оқиғалар сюжетінен өмірбаяндық элементтерді кездестірсе, ал кейіпкерлерден – нақты өмірдегі адамдарды аңғарған. Содан барып «кілтті роман» термині пайда болды.

Осындай бағытта жазылып, Шатобрианның атын әдеби әлемге танытқан шағын екі повесі «Атала» /1801/ мен «Рене» /1805/ оқиғалары америкалық үндістер өмірінен алынған.

«Атала» туындысында автор француз әдебиетіне ұмыт болған антикалық лепті әкелуге талпыныс жасайды. Повестке жазған түсініктемесінде: «Француз әдебиетіне антикалық әлемді жақындатқым келді», – дейді. Құрылымы жағынан алғанда «Аталада» көнеректік рапсодтардың формасы қолданылған. Бұл дегеніміз, мәтінді пролог, әңгіме, эпилогқа ажырату және әңгімені тарауларға бөлу болатын. Шатобриан осы шығармасын Америкаға барар сапары алдында жазбақшы болғанын айтады. Алайда, оның бұл ойы, Америка елді мекендерінің бай табиғаты мен байырғы тұрғындары – үндістердің әдет-ғұрыпы, салт-дәстүрімен жете танысқанынан соң ғана жүзеге асты.

Повестегі басты мотив – махаббат жайындағы әңгіме. Кейіпкердің әңгімесі. Бұл – туыстық қарым-қатынастарға, ежелден қалыптасқан дәстүрге, жазадан қорқуға қарсы тұрған махаббат хикаясы. Басты кейіпкерлер Шактас пен жауласқан көрші тайпа көсемінің қызы Аталаның қысқа ғана бақытына «үшінші кейіпкер» болып табиғат араласады. Табиғат өзінің әр түрлі құбылыстары арқылы оларға деген сенімін, көмегін, тіпті ренішін білдереді. Табиғаттың тамаша бейнесі кейіпкерлердің көңіл-күйімен бірге тыныстап, махаббат сырын шерткендей болады. Алайда бұл сәт ұзаққа бармай, христиандық заңға қайшы болғандықтан Шактаспен мүлдем тұрмыс құра алмайтындығын білген Атала, өз-өзіне қол жұмсайды.

«Атала» повесті өз оқырмандарына кереметтей әсер сыйлады. Себебі, шығармада америкалық әсем табиғат пен жергілікті жұмбақ халықтардың тұрмыс-тіршілігі айрықша бояумен суреттелген. Осыған орай Шатобриан француз әдебиетіне мүлдем жаңа материал – экзотиканы енгізді. Бұл кейінен романтизм мәдениетінде қомақты орын алған құбылыс болды.

«Рене» – Франсуаның екінші повесі. 1805 жылы жарық көрген бұл туындысы бастапқыда замандастары тарапынан қолдау таппады. Өмірден әбден түңілген басты кейіпкер Рене де өз басынан кешкен оқиғаларын еш бүкпесіз ортаға жайып салады. Бұл туындыда да кейіпкер экзотикалық табиғат аясында, ағаш түбінде отырып соқыр, әбден қартайған Шактас пен миссионер Суэлге өз өмірінен сыр шертеді.

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 59 беті

Байырғы дворяндық жанұяның кенжесі Рене әкесі қайтыс болғаннан соң «қайнаған өмір» ортасына күмп береді. Алайда, адамзат әлемінің тұрақсыздығы мен баянсыздығының жапа шегіп, өкінішпен бар ғұмырын өткізеді. Өмірге деген құштарлығынан айрылып, дел-сал күйді басынан кешіреді. Өйткені шығарма кейіпкерлерінің арасындағы қарым-қатынастарға бұл ортадан мүлдем орын жоқ болатын. Ол өмірдегі жанына жақынның барлығынан айрылған еді.

Жалпы Шатобрианның бұл туындысы алғашында өз бағасын алмағанымен, кейіннен оның барлық шығармаларынан асып түсіп, оқырман қауымның рухани байлығына айналды.

Жазушының сондай-ақ, 1809 жылы «Азаптағылар» («Мученики») прозалық эпопеясы, 1810 жылы «Абенсеррахтардың ақырғы тарихы» («История последнего из Абенсеррахов») повесі, 1811 жылы «Парижден Иерусалимге саяхат» (Путишествие из Парижа в Иерусалим») туындысы жарық көрді.

1830 жылғы революциядан соң Англияға қоныс аударған Шатобриан жазуын жалғастырады. Оның өмірлік мемуарлары қайтыс болғаннан кейін ғана, 1849-50 жылдары журналдарға басылды.

Шатобриан өзінің дүниге деген күрделі көзқарасы туралы 1826 жыл меммуарында былай деп жазады: “Ақсүйек және жазушы, мен ой-сананың ұйғарымымен роялистпін, ар-намысыма байланысты бурбонист және тәбетім бойынша республикандық-пын”. Бұдан шығатын қорытынды: Шатобриан алғашқылардың бірі болып XVIIІ ғасырдың соңы мен XIX ғасыр басындағы дүрбелең дәуірдегі тарихи кикілжіңдерге душар болған адамның ішкі жан дүниесін шебер аша білуінде. Ол осындай ерекшеліктерімен әлем әдебиетінің тарихындағы талантты жазушы, шебер суретші болып қала бермек.

Шатобрианның шығармашылығы кейінгі замандастарына да үлгі-өнеге болып, зор ықпалын тигізді. Жас Бальзак пен бозбала Гюго кезінде өздеріне рухани ұстаз санап, Гюго тіпті өз күнделігіне: «Шатобриан болғым келеді – немесе ештеме!», - деп жазған екен.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет