5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет9/13
Дата17.06.2018
өлшемі0,85 Mb.
#42566
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. А.Дюманың тарихи-шытырман оқиғалы романдарын ата.

  2. Жазушының 40-шы жылдардағы туындыларына тоқтал.

  3. «Граф Монте-Кристо» алғаш қайда басылды?

  4. Ж.Сандтың шын аты?

  5. Санд шығармаларының басты тақырыбы.

  6. «Орас» туындысы қандай мәселені көтерген?


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.
ДӘРІС 11. ВИКТОР ГЮГО ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: Француз романтизмінің ірі тұлғасы Виктор Гюгоның шығармашылық мұрасымен таныстыру.

Тірек сөздер: собор, ода, Кромвель, монифест, Марсельеза, классицизм
Дәрістің жоспары:

  1. В.Гюгоның өмірі мен шығармашылығына шолу.

  2. Гюго - ақын, драматург, прозашы.

  3. Француз поэзиясының жаңашылы, жаңа пішіндерді табушы.

  4. «Париждік әулие ана шіркеуі» туындысындағы әлеуметтік тақырып.

  5. «Шеттетілгендер» романындағы тарихи кеңдік, халық өмірінің панорамасы.

  6. Ақынның «Қаһарлы жыр» жинағы.

  7. В.Гюгоның француз әдебиетіндегі орны.

Виктор Гюго – француз елінің ірі романтигі, француз романтизмінің негізін салушы. Ол романтикалық роман жазуда поэзияға романтикалық театрлардың дамуына көп үлесін тигізді.

Виктор Мари Гюго Безансон қаласында 1802 жылдың 26-ақпанында дүниеге келген. Столярлық цех маманының отбасында туған Гюгоның әкесі Наполеонның генерал атағына ие болады. Жазушының анасы Напалеонды жек көрді. Мадрид қаласында Гюгоның әкесі губернаторлық қызметін атқарып жүрген кезінде, ата-анасы ажырасып кетеді. Гюгоның анасы балаларын алып Парижге кетіп қалады. Анасы Гюгоның шығармашылығына көп әсерін тигізді. Ол өзінің алғашқы шығармаларында Бурбановтарды мадақтап, Напалеонды жамандап жазады. Оған классицистік және романтика-лық шығармалар жақын болды. Гюго 14 жасында жазған күнделігінде «Мен Шатабрион болғым келеді, әйтпесе ешкім болғым келеді» деп жазған.

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 70 беті

Шығармашылығының бірінші ширегі (1820-1850) француз поэзиясы реформасындағы үлесі. Алғашқы өлеңдері 1812-1819 жылдары шықты. Гюго одағы көп көңіл бөледі, онда ол метафора мен теңеуді кең көлемді қолдана білген. Бұл одаларда корольдық Бурбанов династиясының атағын шығарады.

1820 жылы Гюго Ломартинаның «Поэтическая раздуия» өлеңдері жинағымен танысады. Ломартина мен Шатабрианның ықпалымен романтизм жанрына көшеді. Бұндай өзгеріс Гюгоның ең алғашқы шығармаларында байқалады. 1822 жылы жазған одаларына балладаларды да қосты. Осы жинақ кітабының алғы сөзінде, «Ода мен баллада» жанрларын қалай түсінетіндігі туралы жазады. Оданың классикалық жанрында, ода мен романтикалық поэзияның арасындағы ұқсастықты көрсетеді. Егер одада композицияны анықтайтынжәне сюжет өзгерістеріне байланысты ой қозғалысы берілетін болса, егер де антикалық емес, хритиандық образдарды қолданса, онда «ода да, драмаға деген қызығушылық сияқты тартымдылыққа ие болар еді». Ал баллада болса, романтикалық жанр. «Бұл жазушының ой-қиялы әсем суреттеулер, өмірден алынған әңгімелер мен оқиғалар, аңыздар, елдің салт-дәстүрі, жоғары күшке сенімділік». «Буонапарте» шумақтарын драмалық оданың үлгісі ретінде қарастыруға болады. Ол француз императоры қайтыс болуына байланысты жазылды. Бұнда Напалеонның тағдыры туралы жазылған. Оның европалық тақты орнататыны және ол қайтыс болғаннан кейін, халық еркін демалатын болды деп жазылған. Бұл балладаның үлгісі ретінде. «Турнир короля Ионна» жолдарын алуға болады. Гюго орта ғасырдағы өлеңдерге сүйенеді. Жауынгер сол кездегі рыцарлар кездесуіне Парижге асығады. Кездесу уақытша өмірлік емес, Мейрам біткен соң артқа қайту керек. Бұл өлең жолдаырнда орта ғасырлық өмір сипатталады.

Гюгоның «Восточное» шығармашылық жинағында поэзиядағы реформа өте айқын байқалады.

Мысалы «Джинни» өлеңі классицизм талаптарын бұзып, Гюго жолдарының өлшемі мен ұзындығын реттейді.

Гюгоның 20 жылдағы «Восточное» жинағында жандырған фрацуз поэзиясының маңызы неде? Мұнда ол Ламартинаға қарағанда шығрамада өте ширақ кейіпкерді алып көрсетеді. Бұндағы кейіпкерлер адамға қатысы жоқ, қозғалысқа толы объективті өмірде өмір сүреді. Ал «Мезепа» өлеңінде атты адам шауып келеді, оның жан-жағында жел соққан, ағаштар шайқалады, мұнаралар, таулар Гюго табиғаттың динамикалық образдарын жақсы көреді: теңіз, бұлттар, найзағай, өрт («Небесный огонь») ламартинадағыдай кейіпкермен әлем қатынасы емес, табиғат трагедиясының қатыгез бұлағы, әлем бүлікпейтін бүліктер деген әлемде



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 71 беті

барлығы рационалды емес, хаос (бейбірекетсіздік) табиғат заңдылықтарды жеңеді, жақсылықпен қатар жамандық өмір сүреді деген Гюго реформасында рационалды өлең классицизсін адам сезімі тіліне алмастыруды талап еткен. Гюго антикалық мифологиядан сөздерді ұлдануға қарсылық етіп, барлық өзінің сөз қолданудан демократиясын пайдаланады. «Ода мен балладада» алғы сөзінде, ақында тек қана бір үлгі табиғат болуы керек, ал бастаушысы – шындық болуы керек). Гюго поэтикалық сөздігін ұлғайтты, оған техникалық терминдерді, архаизмдарды, диалектілерді тағы басқаларды қосты.

Ақын өлең құрылысын да қарастырады. Классицистік александрлық өлеңінде алтыншы сөзден кейін цензура келеді. Ол айтылып жатқн ойды бөледі. Сонымен қатар ақын тасымалдауды енгізеді. Ондай тасымалдау классицизм ережелеріне қарама-қайшы. Егер классицист бір ойды бір жолға жазу керек болса, Гюго оны еркін келесі жолға көшіріп отырды. Гюго жеткілікті классикалық рифманы бай рифмаға ауыстырды (онда тек қана дауыссыздар емес, оның алдында келетін ауыстылар да үйлеседі).

1830 жылы романтизмді дұрыс анықтау жолдарын жазады: Ол «әдебиеттегі либерализм», «Әдеби бостандық саясат бостандығының баласы» сияқты деп айтады («О госпадине Довале» мақаласында)

Гюго романтизм теоротигі. Ол өз өмірі барысында романтизм теориясын қалыптастыруға көңіл бөледі. Ол өзінің алғашқы еңбектерінде-ақ суреткерлердің бостандығы туралы айтады. Соңғылардың ішіндегі Гюгоның 1864 жылғы «Вильям Шекспир» шығармасында да маңызы бар. Бірақ француз романтизмінің нағыз үлгісі болып («Предисловие к Крорвелю») табылады. Ол шығарманы трагедия жанрында емес, тарихи романтикалық драма ретінде жазды. «Кромвель» драмасы ХҮІІ ғасырдағы Англия буржуазиялық революциясы туралы айтады. Оның Кромвель көшбасшысы мықты жеке тұлға ретінде сипатталады. Бірақ басқа кейіпкерлерге қарағанда Кромвель ханды жеңген соң, революцияны тастап монарх болады. «Предисловие» романтиканың жеңіне көп әсерін тигізеді. Бұл романтикалық қозғалыстың толық бағытты бағдарламасы болды.

«Кромвелюге» алғыс сөзі Гюгоның қоғам тарихы мен әдебиеті туралы түсінігімен баталады. Ақын адамзат өзінің дамуында үш дәуірді басынан өтірді. Алғашқы дәуірде адамзат құдай жаратқандай табиғатқа таңданумен оған арнап гимн шығарған. Сондықтан әдебиет лирикадан басталады, оның шыңы – библия. Ескі дәуір оқиғалары (соғыс, мемлекеттің құрылуы және құлауы) тарихты қалыптастырған-дықтан дәуірлік поэзияда көрінеді. Оның шыңы Гомер. Гюго ескі гректің театрдың да дәуірлік екенін байқайды. «Трагедия тек эпопеяны қайталайды» Үшінші дәуір жас және ақылы толмаған кейінгі адамзаттың кәрілік дәуірі.





ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 72 беті


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. В.Гюгоның ақындық өнері қандай?

  2. Ақын одаларының көтерген идеясы.

  3. Гюгоның поэтикалық иірімдері.

  4. «Париждік әулие ана шіркеуі» туындысы туралы не білесің?

  5. Гюго роман-эпопея жанрына қосқан үлесі.


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 19, 20, 21, 22, 23.
ДӘРІС 12. ПОЛЬША РОМАНТИЗМІ

А. МИЦКЕВИЧ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Дәрістің мақсаты: Польша романтизмінің қалыптасуы және Адам Мицкевич шығармашылығын шолу.

Тірек сөздер: филорет, монифест, эпигон, эмиграция дзядтар, пан.

Дәрістің жоспары:

  1. Польша романтизмінің қалыптасуындағы ағартушылықтың орны.

  2. Польшадағы ұлт-азаттық күрес.

  3. А.Мицкевич поляк романтизмінің негізін қалаушы.

  4. Мицкевич шығармашылығының алғашқы кезеңі.

  5. «Гражина» поэмасындағы азаматтық әуен.

  6. «Пан Тадеуш» поэмасы – поляк халқының ұлттық эпопеясы.

  7. А.Мицкевичтің «Халық мінбесі» атты газеті.

Романтизм дәуірінде поляк әдебиеті (А.Мицкевич, Ю.Словацкий) және өнері (Ф.Шопен, С.Монюшко) Европа тарихы мен әлем мәдениетінде елеулі орын алады.

Польша әдебиетіндегі романтикалық бағыт ХІХ ғасырдың 10 жылдың аяғы мен 20 жылдың басы аралыған қамтиды. Оған әсер еткен сол кезде елді болған ұлт-азаттық көтеріліс еді. Декобристердің Петербургте сөйлеуі Поляк қозғалысының бастамасы болды.

1815 жылы Поляк қатысқан Наполеон әскерін талқандаудан кейін, Вен конгресінде Польша жерлері тағы да өзара Австрия, Пруссия және Ресейге бөлініп алды. Ресей империясының құрамында Польша патшалығының астанасы Варшава құрылды. Поляк аристократтары өздерінің құқықтары мен артықшылықтарын сақтау үшін басқыншы мемлекеттермен абсолютті қарым-қатынаста болды. Ұлттық революция ойы теориядан практика жүзіне ауысу процесінде жетіле түсті. Қозғалыстың бір ғана мақсаты болды, ол – ұлттың бостандығы. Ол әлеуметтік реформаны қарастырмады. Осы бостандық тақырыбы да сол кездегі поляк әдебиетінің негізі болды.





ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 73 беті

Батысевропалық романтизмге деген ықылас поляк зиялыларының ортасында ерте оянды және сол кезде әдеби дау туғызып жүрді. Варшава университетінің профессоры, ақын Казимеж Бродзинский – статьяларында, басқа жердің үлгісіне еліктей бермей, өзіміздің ұлттық поэзиямызды бастайық деп жазады. («Классицизм мен романтизм және поляк поэзиясы жайлы» 1818ж) Ян Снядецкий өз мақаласында «Классикалық және романтикалық туындылар жайлы» (1819) романтиктерді есінен ауысқандар деді. Ал поляк зиялылары-ның жас буындары 1815 жылғы өзгерістен кейін реформаға сенуден қалды, олар күреске ұмтылды.

А.Мицкевичтің «Өлеңдер» (1822) жинағының І томына енген «Баллада және романс» туындысы поляк әдебиетінде романтизмге жол ашты. Ал бұл кітаптағы кіріспе сөзді замандастары поляк романтизмінің үндеуі ретінде қабылдады. Алғашқы 10 жылда романтизм әдебиетте классицизм мен күресе отырып, көбінесе ағартушылар және синтементалистердің әдет-ғұрпымен байланысты болды. Жанр поляк фольклорының сюжетін, мотивін, образын қолдануға кең мүмкіндік берді. Мұндай балладаларды А.Мицкевич, Т.Зан, А.Э.Одынец және басқа ертедегі поляк романтиктері жазды.

Осы кезеңнің екінші сүйікті жанры поэма болды, полякша – поэтикалық повесть. Бұл жанр күрес тақырыбын суреттеуге жақсы мүмкіндік берді. Сюжеттің негізінде белгілі бір тарих жатты.

Поляк романтизмінің қалыптасуы тұсында көптеген жетістіктерге А.Мицкевичтің «Гражина» (1823) және А.Мальчевскидің «Мария» (1825) еңбектері жетті. Соғысы әсіресе, өтпелі кезең поэмасы ретінде аталып өтті.

Ерте кезеңдегі бұл жанрдың шыңы А.Мицкевичтің «Канрад Валленроды» (1828), мұның ізімен жас Ю.Словацкийдің поэмалары көп құрметке иеленді.

1832-1846 ж кезеңінде романтизм поляк әдебиетінде үстемдік етті. Поляк көтерілісінің жанышталуы өзінен кейін қатаң репрессия әкелді. Корольдік автаномия жойылды, Варшава университеті жабылып, поляк мәдени орталықтары құртылды, Мицкевич пен словоцкий шығармаларын шығаруға тиым салынды. Бұл саясатты Пруссия мен Австрия ұстанды.

Осы кезеңде Мицкевичтің ең мықты туындылары «Дзяды» және «Пан Тадеуш» «Кардиан» Ю.Словоцкийдің және З.Красинскийдің «Небожественная коммедиясы» жарық көрді. Жазушылар революция-ның аяқталуына, тарихи тұрғыдан анализ жасауға ұмтылады. Бұл алғаш рет реализмнің тууына себепкер болды. Словойкий поэзиясында романтикалық жалғыз кейіпкердің күреске душар болуы, ал Мицкевичтің эпикалық поэмасында поляк шляхтасының бұрынғы өткен дәстүрге



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 74 беті

қызығушылығы мысқылмен суреттеледі. Енді Отанның тірегі шляхта емес, бүкіл халық, әсіресе, жастар делінеді.



Адам Мицкевич (1798-1855). Мицкевичтің есімі, сол кездегі басқа поляк тұлғаларымен салыстырғанда – Коперник, Шопен, Слодовской – Кюри – Польшаның әлем мәдениеті деген қазынасында сақтаған бірден-бір асыл кейіпкері болып табылады. Мицкевичті Россияда осыдан біржарым ғасыр бұрын танып, әрі жақсы көріп кеткен болатын. Мицкевич тек қана поэзияның білгірі болған жоқ, ол әрі поляк және европа демократиясының әскері еді. Тіпті сонау кездің өзінде А.В.Луначарский былай деген: «Мицкевич – әдебиетте өте сирек кездесетін тұлға. Оның бойында әлемдік және революционер-лік ақындық қатар жиналған».

А.Мицкевич өзінің творчествасында ең негізгі маңызды ойлар мен заман талаптарын көрсете білген, әрі сол кезең әдебиеті мен сол әдебиет өкілдеріне өзіндік үлгісімен әсер еткен тұлға. Ол польша әдебиетін ортақевропалық жоғарғы деңгейге дейін жеткізді және оған өзіндік ерекшелік енгізді. Сонымен қатар Польшаның тәуелсіздігі жолында жарқын насихатшы болды. Оның шығармашылығының көптеген бөлігі орыс мәдениетімен байланысты. Ол декобристерді, А.С.Пушкинді білген, әрі өз шығармаларын орыс журналдарында жариялап, сонымен қатар Ресейдегі әдеби күреске де қатысқан. А.Мицкевич поляк романтизмінің классигі.

Оның шығармашылығын үш кезеңге бөліп қарауға болады.

І. Ерте – виленско – ковендық кезең. (1824 жылға дейін) Ең негізгі шығармалары «Жастық одасы» (1820), «Баллада және роман» (1822), «Гражину» (1823)

ІІ. Ресейдегі кезең (1824-1829) «Крым сонеттары» (1826), «Конрад Валлепрод» (1828).

ІІІ. Жер аудару кезеңі. (1830-1855) Негізгі шығармалары: «Дзяды» (ІІІ бөлім, 1832), «пан тадеуш» (1834).

«Адам Мицкевич тек Польша әдебиетінің ұлы ақыны емес, ол бүкіл әлем ақындарының бірі, әрі Отанындағы ұлттық және рухани тарих оның есімімен байланысты»,-деп жазды Р.Люксембург.

Ақын 1798 жылы 24 желтоқсанда, Польша жерінде сол кездегі Литваның құрамында болған Новогрудкаға тақау Заосье жерінде Белоруссия даласында дүниеге келді. Әкесі адвокат Николай Мицкевич Кастюшка көтерілісіне қатысушылардың бірі. Напалеон өз әскерлерін Ресейге бағыттағанда Мицкевичтің әкесі француздар жағына шықты. Ол кезде Адам 12 жаста болатын. Оның жүрегі поляктардың қорғаушысы Напалеонға деген алғыс сезімге толы еді.




ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 75 беті

Адамның балалық шағы мен жастық шағы Литвада өтті. Осы есепті кейін ол өз поэзиясында Литваны Отаным деп Польшамен қатар қояды.

1815 жылы Мицкевич алғаш Вильен университетінде филологиялық білім алады. 1819 жылы ақын Ковноға мұғалім ретінде көшіп барады. Оның студенттік кезеңі (1815-1819) мен мұғалім болған жылдары тек филологиялық білім беріп қана қоймайды, ол өзіне кең европалық ой мен поэзия әлемін ашады. Студент және ковендік мұғалім қоғамдық өмірге алғаш қадам басады. 1817 жылы Мицкевич және шағын топ құпия ұйым ашады «Филоматтар қоғамы» («ғылым сүюшілер»). Ковнада Адам өз шығармаларын сүйіспеншілік тақырыбына арнауға мәжбүр еткен, өзінің ең үлкен махаббаты ақсүйек Мария Верещакты кездестіреді.

Мицкевич өлең жазуды өте ерте бастаған. Тіпті студент кезінің өзінде ең бірінші ақын аталған.

Ақынның жастық шағында жазылған ең алғашқы танымал еңбегі «Жастық одасы» (1820ж). Оған эпиграф ретінде Шиллердің «Жаңа жүзжылдықтың құрылуы» атты өлеңінің мына бір шумағы алынған «Ескі формалар құлайды». Бұл еңбек тек 1827 жылы ғана жарық көрді. Мұнда жастықтың Отан үшін жасаған ерлігі мен Гераклдің ерлігі салыстырылады. Архаизмдер, метафоралар, абстрактілі ұғымдар жоғары стиль құрады. К.Козминь былай дейді: «Осы туынды шыққаннан бастап, романтизм және революция әр жерде және әр кез синонимдер ретінде қолданылады».

Жас кезінде Мицкевич Данте, Петрарка, Шиллер, Шекспир, Вольтер, Гете шығармаларын сүйіп оқыған және оның кейбіреулерін поляк тіліне аударған. Дәл осындай құлшыныспен поляк әдебиетінде меңгерді. 1822 Мицкевич өзінің алғашқы өлеңдер жинағын «Баллада және романстар» деген атпен жариялады. Кітаптың алғысөзінде европа романтизімінің ерекшелігі және Польшада романтикалық өнерді дамыту керектігі айтылады. Ақынның көзқарасынша, классикалық бірігуінен құралады.

Автордың эстетикалық концепцияларын көрсететін шығармасы «Романтика» балладасы. Оған эпиграф ретінде Шекспирдің «Гамлстінен» мына сөздер алынған: «Меніңше мен көремін...қайдан? – Жан көзімен!». «Жан көзі» - бұл балладағы ең негізгі сөз. Сюжеті. Жас қыз өніңде қиялдайды, ал басқалар оны есі ауысқан деп санайды. Ал шындығында ол қыздың сүйіктісі дүниеден өткен, ал қыз оны жүрек көзімен көреді. Оның әрбір сөзі, күлкісі, тіпті көз жасы соған арналады».

1823 ж. Мицкевичтің ІІ том өлеңдер жинағы шығады. Оған «Гражина», «Дзяды» поэмалары енеді. «Гражина» крестонцтар мен литовцтардың арасындағы күрес жайында.

Тавтондық орден крестоноцтар метовтықтарға өлтірем деп тап береді, бірақ литовтық князь Литавор халқын ұмытып, осы соғысқа қатысқысы

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 76 беті

келеді, әрі тевтондықтарды көмекке шақырады. Ақынның айтпағы Литавор сондай соқыр әрі өзімшіл, яғни дәл жаңа заман ақсүйектері сияқты. Литовтықтар күреске түн ішінде шығады. Бірақ қызық жағдай болады, ол қанша тырысса да бір ісі оңға баспайды. Ақыры князь өледі. Көмек тау басынан келеді, белгісіз батыр өзінің бетін ашады, ол-Литавор. Ал оларды күреске алып келген Гражина. Литавордың әйелі. «Дзяды» шағын-драмалық поэма. Онда антикалық хор, ән, ритуалды диалог, ортағасыр мистерияларының элементтері енгізілген.

1823 ж. ақын «құпия саяси ұйымдарға қосылған» деген жаламен түрмеге түседі. 1 жылдан кейін «Россия губерниясы Польшадан қуылғандар» деген топпен қудаланады. Қудалау төрт жылға созылады. Бір жақсысы бұл уақыттар орыс мәдениетінің орталығы саналатын Петербург, Одесса, Москвада өтеді. Сондықтан оның таланты одан әрі өрлей түседі.

1825 жылы ол Крымға барады. Одан алған әсерлерін 1826 жылы «Сонеттар» атты еңбектерінде жазады. Әсіресе оған ерекше атақ әкелгені осы жинаққа еңген. «Крым сонеттары» болатын. Бұнда махаббат тақырыбы екінші мәселеге кетеді, ал бірінші мәселе әлеуметтік жағдай.

1826 жылы күзде Мицкевич ең алғаш Пушкинмен кездеседі. Бұл олардың достығының бастауы еді. Адам Пушкиннің біраз өлеңдерін поляк тіліне аударған. «Еске алу», ал Пушкин оның «Воевода» және «Бурдыс и его сыновья» шығармаларын орыс тіліне аударжы. 1829ж, мамырда Мицкевичті Россиядан жер аударды. Ол Германияға, Веймарға кетеді. Онда Гетемен кездеседі. Соңыра Швецария, Италияға барады.

1840 ж. Мицкевич ақындық творчествосын тоқтатады. «Дзяды» сол беті аяқталмай қалады. Ақын енді ұстаздық, публицистикалық қызмет атқарады. 1855ж. қаңтарда ақын Константинопльда Россияға қарсы Турция соғысына қатысады. Ол поляктардан құрылған әскери топ құрамында болады. Бірақ бұл мақсат орындалмай қалады. 28 қаңтар 1855 ж. ол Константинопльда холерадан қайтыс болады.

Қазір отыз шақты ақынға арналған ескерткіштер бар. Солардың ең танымалы «Пилигрим» (1928) Парижде орналасқан.
Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Польшадағы ұлт-азаттық көтерілістің романтизмге әсерін айт.

2. А.Мицкевичтің өмір сүрген жылдары.

3. Романтизмнің поэтикалық монофестіне айналған ақын еңбегі.

4. «Гражина» поэмасынан қандай ойды аңғарасың?

5. Поляк халқының ұлттық эпопеясы аталған ақын туындысы.

6. Революция және Мицкевич.

7. Мицкевич қандай газет шығарған?




ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 77 беті


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 14.
ДӘРІС 13. АҚШ РОМАНТИЗМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨКІЛДЕРІ.
Дәрістің мақсаты: АҚШ романтизмі және оның өкілдері В.Ирвинг және Дж.Купер шығармашылығынан мағлұматтар беру.

Тірек сөздер: новелла, эскиз, деклорация, фермер, индеец, могикан, моникиндер.

Дәрістің жоспары:

  1. АҚШ романтизмі қалыптасуының алғышарттары.

  2. АҚШ әдебиетіндегі демократиялық ағымның күшеюі.

  3. В.Ирвингтің шығармашылық өмірбаяны.

  4. Ирвинг – американ әдебиетіндегі новелланың негізін салушы.

  5. Дж.Купер – американдық роман жанрын жасаушы ірі тұлға.

  6. Купер шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.


Ирвинг Вашингтон (1783-1859). Кеңес дәуірінің пікір – таласында Америка романтизмнің қалыптасуы, романтикалық қозғалыстың шығу тегі жайлы сөз қозғалған. Сондықтан да әр қилы, әр түрлі пікірлер қалыптасты ғалымдардың бір тобы ерте романтизмді XVIII ғасырдың 70 жылдары негізі қаланды дейді. Америка романтизмі европа елдерінде романтизмнің қалыптасуына септігін тигізді. Америкада буржуазиялық төңкеріс франциядан қарағанда ерте болды. А.Н. Николюкин Филип Френоны алғашқы американдық романтик деп атаған. Ал кеңестік рамантистер, американдықтар Ю.В.Ковалева және Т.Л.Морозова АҚШ – та романтизм XVIII ғасырдың 20 жылдарында жатады. Ағартушылық кезеңмен байланысты Айталық, филип френо, Черз Брокден Браун, Хью Брекенридж, содан кейін Вашигтон Ирвинг шығармалықтары ағартушылықпен түйіндес. Кеңес ғалымы американдық В.Парингтонның көзқарасын бөлді, романтизмнің бастауы Америкада екінші дүние жүзілік соғыс басталғанда, яғни 1814 жылы болған Бүкілхалықтық шешім бойынша кеңес әдебиетінде А.А. Елистратованың пікірі сай келеді. Ерте романтикалық американдық романтизм қоғамның шиеленуімен байланысты, яғни XVIII ғасырдағы америкалық төңкеріс негіз болды.

Америка романтизмі елдегі төңкерісте баяу жүргізілген жоқ. Америкада алғашқы романтизм 1770 жылы болды. Ақын филип френоның шығармасында көрінеді. Классикалық романтикалық теңденциямен бірігіп, американдық – готикалық романтизм негізін қалаған Чарлз Брокден Браун еңбегі зор. Алғашқы романтизм ағартушылық кезең шекарасында болып,




ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 78 беті

және ағартушылық әдебиет-пен байланыста болды эстетикалық бағыт ұстанды.

Америка поэзиясында романтизм тенденциясы Филип Френо мен Ф.Уитли Вашингтон Ирвинг шығармаларында көрінеді.

Америка әдебиет тарихында Вашингтон Ирвинг шығармасы – ағартушылық ағыммен романтизм келді. Ирвинг американдық романтикалық новелла, комикалық очерк, саясат кітабын калумб өмірбаяны, Джордж Вашингтон Магамет, ағылшын жазушысы Галдсмит Оливер туралы жазған. Ол американың ең бір атақты, белгілі сықақшысы Никербосер мен Рипа Ван Винклдің образын жасаушы ретінде өзінің атақ-даңқын шығарды оның шығармашылық кезеңі – 20-30 жылдарға жатады Ирвинг өзін талантты, көрнекті жазушы ретінде көрсете білді. Ол – романтик жазушы. Оның артына қалдырған ірі туындылары американдық ұлттық класиканың алтын қазына жатады. Көзі тірісінің өзенде шығармалары Америкамен шектес хатдан елдерге белгілі бола бастады, және де басқа ақын – жазушылардың қызуғышылығын арттырды Айталық, Ресейде Трикин, Англияда Диккенс үлгі тұтып, мақтан етті. АҚШ әдебиет тарихында жаңа бастау алынды Ирвингтің туындылары америка-орыс әдебиетінің байланысын жалғастырады.

Ең алғаш орыс тілінде Ирвингтің «Өнер мен кітап» очеркі 1825 жылы «Москва телеграфында» ақпан айында жарияланған. Алғашқы аудармашысы Ресейде филолог, ақын тарихшы М.А.Максимович болды. Ирвингтің шығармалары Москва телеграфы журналында бастырғанда, оны Купермен салыстырады, яғни екуінің ұқсастықта-рын атап көрсетіп. Европаның ынтасын солтүстік Америкаға аудартады дейді. Берілген баға өте орынды 1825 жылдан бастап Ирвингтің әңгімелері, очерктері орыс баспаларында басылды. Телескоп Европа хабаршысы Атеней журналы кейінен. Во временник журналында жарияланған. 30 жылдардың басында Пушкин Ирвингтің туындыларын. Әдебиет газетінде жариялап отырған. 1831 жылы Маусымда Маврлар статьясы жарыққа шықты. Пушкин Ирвингтен ерегі ала отырып, көптеген дүниелерді әкелді. А.Ахметова Пушкин туралы деген ғылыми жұмысында атап көрсеткен. Мәселен Ирвингтің Араб астрологы туралы аңыз әңгімесінің сюжетін Пушкин Аюлтын әтеш ертегісінде жазған. 1836 жылы Джон Паннер статьясында Пушкин Вашингтон Ирвингке үндістер көрсем әдебиеті қалай түсінетінін ескертеді.

Ирвингтің француз аудармасы. Нью Йорк тарихы деген Пушкин кітапханысынан табылған. Бұның барлығы Пушкиннің американың көрнекті жазушысын үлгі тұтқанын көреміз.





ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 79 беті

Ирвингке декабрист Бестужевтің берген бағасы өте орынды 1825 жылы қарашада Отан ұлы журналында Ирвингтің. Рип Ван Винкл. Бұл кейіпкерге бейнесі ағайынды Никалай мен Михаил Бестужевтің есінде Мәңгілік сақталып қалады. Олар Нерчинек түрмесінде айдауда болады. 1861 жылы Никалай қайтыс болады М.А.Бестужев былай деп жазады 35 жылдан кейінгі түрме мен жіберді болған жағдай дәл Рип Ван Винкль тағдырымен ұқсас кейіннен туған жерге оралу яғни біздің басымыздан өткен күнді кешкен,-дейді.

Белинский өзінің статьясында Ирвингке байға берген. 1836 жылы Белинский шетел жазушылардың ең үздік 41 повесі деген еңбегін де француз неміс америка жазушыларының ішінде Вашингтон Ирвингтің де есімін атап өткен 1839 жылы орыс сықақшысы Ирвингті талантты әңгімеші деп атаған, бірақ Гофманмен бір тақтаға қоюға болмайды дейді. 1841 жылы Белинский поэзиялық түрге және жікке бөлінуі деген статьясында Вашингтон Ирвинг дарынды әңгімеші бірақ одан артық емес деп жазып көрсетеді. Бірақ Белинский Калумб тарихы деген очеркін сықақшылардың тобынан сақтап қалады.

Ирвингтің Магамет кітабына Добролюбовь өзінің өзекті ойларын қосып, толықтырулар жасайды. Орыс тіліне Ирвингтің XIX ғасырдағы аудармашысы Кирьев аударды.

Ирвингтің шығармалары европалық тілдердің көбіне аударылады Америка әдебиетіне басқа елдердің араласуы Ирвингтің өзінде қызықтырады оның арғы атасы шотландық болған. Әкесі бостандық үшін соғысқа қатысқан сондықтан колониялық бас командирі Джордж Вашингтон есімін ұлына қойған европада Ирвинг 17 жылын өткізеді. Англияда ұзақ жылдар тұрады. Дипломатиялық қызметін Испанияда жалғастырады. Ол көп жылдар Скотт Диккенс сынды ұнамаларымен дос болады Ирвинг Европа елдерінің әдебиетімен жақын дос болады. Неміс романтиктерін қызыға оқиды. Ауыз әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері оның қызығушылғын артырады. Ол барлық шығармаларындағы болған жағдай тек қана Америка төңірегінде – Гудзон жағалауында. Аппалач тауының бөктерінде ғана емес, Европада да болды. Мәселен “Альгамбр”- Испанияда, экиз кітаптары очергтері – Лонданда Бейсбридж халл ағылшын жерінде болды.

Ирвинг – американдық новеллистерінің қолбасшысы шығарма-ларының сюжеттері өткір, комикалық, романтикалық иронил сарынында жазған. Ирвинг әңгімелері ертегілер, логикалық мәні бар туындылар. Осы негізінде жених призрак пародиясы неміс романтизмі негізінде құралған ұрланған қалыңдықтың қайтыс болған күйеуі моладан шығады. Яғни осыны көрсетпек болып, ертегі сюжеттерін қолданады. Ол Америка



ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 80 беті

романтизмінде орындалмас арманды жеңіл-желпі ирония, мысқыл түрінде алып, салыстыра суреттейді.

Ирвингтің ерте қалыптасқан шығармаларының бірі, Нью-Йорк тарихы (1809). Бұнда жазушы ғаламды жаратқаннан бастап, голандық династияға дейін гүлденнен кезеңін атап көрсетеді.

Өте құнды көркемдік өркендеу никербокер бейнесін жасағанда көрсетіледі. Никербокер әңгімесінде шыншыл өмірдегі барлық шындық бейнеленеді. Америкадағы өзекті мәселелер, саяси партиялар билеу ісі орын алады.

20 жылдары Ирвингтің әңгімелері мен очерктер жинағы “эскиз кітабы” 1820 Англияның мәдени “Бейбридж халл” 1822 хатшылар әңгімесі 1824

Экиз кітабы жазбалар мен халер енді, Англияның мәдени орталықтары, ағылшынның әдет-ғұрып, мәдениеті, тұрмыс тіршілігін туралы жазған. Бұнда Америка туралы жазылған әңгімелер, оның ішінде белгілі “Рип Ван Винкль” бар.

Ирвингтің көркемдік жүйесіндегі ең бір керемет шығармасы – Рип, Гудзон жағалауына қоныс тепкен алғашқы голандық. Ол каатскилдің таудың төменгі жағында ұйықтап қалады. Сол ұйықтағаннан тек 20 жылдан кейін оянады, оянған соң жан-жағына қараса, бәрі өзгерген, тек өзі сол боз-бала қалпы. Мәңгілік ұйқыда жатқан да ол бостандық үшін болған көтерілісті көре алмайды, тек кейін естиді. Яғни бұл әңгіменің мәні қоғам өзгерісіз тұрмайды деген ой түйеді.

Ирвинг – шығармаларының романтикалық кезеңі басқа да әңгімеде жарық көрді. (Альгамбра 1832 жыл) 40-50 жылдары оның биографиялық кітабы. Джордж Вашингтон өмірі Магамет.

Қызықты пікірлер біздің заманымыздың өзінде айтылған. А.Платонов Ирвинг жазбасы өте керемет. Ирвинг өз шығармаларын жаза отырып, тек жазушы емес, ғалым екекнін атап көрсетеді. Сонымен қатар ироникалық, құбылмалы адам оның талантын Александр Пушкин байқаған өйткені Ирвингтің ирониясын жазған.

ХІХ ғасырдың 1 жартысында АҚШ әдебиеті романтизм ағымына түсті. Оның өкілі В.Ирвинг буржуазиялық моральға қарсы шыға отырып, (Пері мен Тан Уоркер), помещиктік тұрмысты (Астория 1836) жырлады.

Ирвинг Вашингтон – американ жазушысы Американ әдебиетіндегі романтизмнің көрнекті өкілдерінің бірі. Ирвингтің есімі Нью Йорктің тарихы (2 томдық 1809 жылы) атты юмористік шығармасы арқылы кеңінен мәлім болды, оның “Эскизді кітабы” 17 бөлімді 1819-20. Асторил 12 бөлімді, 1839 жыл атты кітаптарында, Рип Ван Винкльдің, «Маужыраған терең сай», тағы басқа шығарма-ларында американ қоғамының шындығы

ПОӘК 042-18-29.1.12/01-2013

______2013 жылғы

№ 1 басылым



121 беттің 81 беті

көрсетті. Христофор Колумббтың өмір тарихы мен саяхаттары 1828 Джордж Вашингтон (5 томдық 159-60) туындыларында тарихи адамдар туралы жазды.

Американ әдебиетінің романтизм ағымының негізін қалап, жаңа зерттеулер енгізген өзінің өткір тілді сөзімен, жалыңды өлеңдерімен көзге түскен ақын. Ол 1859 жылы 28-ші қыркүйекте Тарритаунда қайтыс болады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет