5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған



бет9/12
Дата31.12.2019
өлшемі0,7 Mb.
#54763
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәрісті бекіту сұрақтары:

1. Польшадағы ұлт-азаттық көтерілістің романтизмге әсерін айт.

2. А.Мицкевичтің өмір сүрген жылдары.

3. Романтизмнің поэтикалық монофестіне айналған ақын еңбегі.

4. «Гражина» поэмасынан қандай ойды аңғарасың?

5. Поляк халқының ұлттық эпопеясы аталған ақын туындысы.

6. Революция және Мицкевич.

7. Мицкевич қандай газет шығарған?


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 11, 12, 13, 14.
ДӘРІС 13. АҚШ РОМАНТИЗМІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨКІЛДЕРІ.
Дәрістің мақсаты: АҚШ романтизмі және оның өкілдері В.Ирвинг және Дж.Купер шығармашылығынан мағлұматтар беру.

Тірек сөздер: новелла, эскиз, деклорация, фермер, индеец, могикан, моникиндер.

Дәрістің жоспары:

  1. АҚШ романтизмі қалыптасуының алғышарттары.

  2. АҚШ әдебиетіндегі демократиялық ағымның күшеюі.

  3. В.Ирвингтің шығармашылық өмірбаяны.

  4. Ирвинг – американ әдебиетіндегі новелланың негізін салушы.

  5. Дж.Купер – американдық роман жанрын жасаушы ірі тұлға.

  6. Купер шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.


Ирвинг Вашингтон (1783-1859). Кеңес дәуірінің пікір – таласында Америка романтизмнің қалыптасуы, романтикалық қозғалыстың шығу тегі жайлы сөз қозғалған. Сондықтан да әр қилы, әр түрлі пікірлер қалыптасты ғалымдардың бір тобы ерте романтизмді XVIII ғасырдың 70 жылдары негізі қаланды дейді. Америка романтизмі европа елдерінде романтизмнің қалыптасуына септігін тигізді. Америкада буржуазиялық төңкеріс франциядан қарағанда ерте болды. А.Н. Николюкин Филип Френоны алғашқы американдық романтик деп атаған. Ал кеңестік рамантистер, американдықтар Ю.В.Ковалева және Т.Л.Морозова АҚШ – та романтизм XVIII ғасырдың 20 жылдарында жатады. Ағартушылық кезеңмен байланысты Айталық, филип френо, Черз Брокден Браун, Хью Брекенридж, содан кейін Вашигтон Ирвинг шығармалықтары ағартушылықпен түйіндес. Кеңес ғалымы американдық В.Парингтонның көзқарасын бөлді, романтизмнің бастауы Америкада екінші дүние жүзілік соғыс басталғанда, яғни 1814 жылы болған Бүкілхалықтық шешім бойынша кеңес әдебиетінде А.А. Елистратованың пікірі сай келеді. Ерте романтикалық американдық романтизм қоғамның шиеленуімен байланысты, яғни XVIII ғасырдағы америкалық төңкеріс негіз болды.

Америка романтизмі елдегі төңкерісте баяу жүргізілген жоқ. Америкада алғашқы романтизм 1770 жылы болды. Ақын филип френоның шығармасында көрінеді. Классикалық романтикалық теңденциямен бірігіп, американдық – готикалық романтизм негізін қалаған Чарлз Брокден Браун еңбегі зор. Алғашқы романтизм ағартушылық кезең шекарасында болып, және ағартушылық әдебиет-пен байланыста болды эстетикалық бағыт ұстанды.

Америка поэзиясында романтизм тенденциясы Филип Френо мен Ф.Уитли Вашингтон Ирвинг шығармаларында көрінеді.

Америка әдебиет тарихында Вашингтон Ирвинг шығармасы – ағартушылық ағыммен романтизм келді. Ирвинг американдық романтикалық новелла, комикалық очерк, саясат кітабын калумб өмірбаяны, Джордж Вашингтон Магамет, ағылшын жазушысы Галдсмит Оливер туралы жазған. Ол американың ең бір атақты, белгілі сықақшысы Никербосер мен Рипа Ван Винклдің образын жасаушы ретінде өзінің атақ-даңқын шығарды оның шығармашылық кезеңі – 20-30 жылдарға жатады Ирвинг өзін талантты, көрнекті жазушы ретінде көрсете білді. Ол – романтик жазушы. Оның артына қалдырған ірі туындылары американдық ұлттық класиканың алтын қазына жатады. Көзі тірісінің өзенде шығармалары Америкамен шектес хатдан елдерге белгілі бола бастады, және де басқа ақын – жазушылардың қызуғышылығын арттырды Айталық, Ресейде Трикин, Англияда Диккенс үлгі тұтып, мақтан етті. АҚШ әдебиет тарихында жаңа бастау алынды Ирвингтің туындылары америка-орыс әдебиетінің байланысын жалғастырады.

Ең алғаш орыс тілінде Ирвингтің «Өнер мен кітап» очеркі 1825 жылы «Москва телеграфында» ақпан айында жарияланған. Алғашқы аудармашысы Ресейде филолог, ақын тарихшы М.А.Максимович болды. Ирвингтің шығармалары Москва телеграфы журналында бастырғанда, оны Купермен салыстырады, яғни екуінің ұқсастықта-рын атап көрсетіп. Европаның ынтасын солтүстік Америкаға аудартады дейді. Берілген баға өте орынды 1825 жылдан бастап Ирвингтің әңгімелері, очерктері орыс баспаларында басылды. Телескоп Европа хабаршысы Атеней журналы кейінен. Во временник журналында жарияланған. 30 жылдардың басында Пушкин Ирвингтің туындыларын. Әдебиет газетінде жариялап отырған. 1831 жылы Маусымда Маврлар статьясы жарыққа шықты. Пушкин Ирвингтен ерегі ала отырып, көптеген дүниелерді әкелді. А.Ахметова Пушкин туралы деген ғылыми жұмысында атап көрсеткен. Мәселен Ирвингтің Араб астрологы туралы аңыз әңгімесінің сюжетін Пушкин Аюлтын әтеш ертегісінде жазған. 1836 жылы Джон Паннер статьясында Пушкин Вашингтон Ирвингке үндістер көрсем әдебиеті қалай түсінетінін ескертеді.

Ирвингтің француз аудармасы. Нью Йорк тарихы деген Пушкин кітапханысынан табылған. Бұның барлығы Пушкиннің американың көрнекті жазушысын үлгі тұтқанын көреміз.

Ирвингке декабрист Бестужевтің берген бағасы өте орынды 1825 жылы қарашада Отан ұлы журналында Ирвингтің. Рип Ван Винкл. Бұл кейіпкерге бейнесі ағайынды Никалай мен Михаил Бестужевтің есінде Мәңгілік сақталып қалады. Олар Нерчинек түрмесінде айдауда болады. 1861 жылы Никалай қайтыс болады М.А.Бестужев былай деп жазады 35 жылдан кейінгі түрме мен жіберді болған жағдай дәл Рип Ван Винкль тағдырымен ұқсас кейіннен туған жерге оралу яғни біздің басымыздан өткен күнді кешкен,-дейді.

Белинский өзінің статьясында Ирвингке байға берген. 1836 жылы Белинский шетел жазушылардың ең үздік 41 повесі деген еңбегін де француз неміс америка жазушыларының ішінде Вашингтон Ирвингтің де есімін атап өткен 1839 жылы орыс сықақшысы Ирвингті талантты әңгімеші деп атаған, бірақ Гофманмен бір тақтаға қоюға болмайды дейді. 1841 жылы Белинский поэзиялық түрге және жікке бөлінуі деген статьясында Вашингтон Ирвинг дарынды әңгімеші бірақ одан артық емес деп жазып көрсетеді. Бірақ Белинский Калумб тарихы деген очеркін сықақшылардың тобынан сақтап қалады.

Ирвингтің Магамет кітабына Добролюбовь өзінің өзекті ойларын қосып, толықтырулар жасайды. Орыс тіліне Ирвингтің XIX ғасырдағы аудармашысы Кирьев аударды.

Ирвингтің шығармалары европалық тілдердің көбіне аударылады Америка әдебиетіне басқа елдердің араласуы Ирвингтің өзінде қызықтырады оның арғы атасы шотландық болған. Әкесі бостандық үшін соғысқа қатысқан сондықтан колониялық бас командирі Джордж Вашингтон есімін ұлына қойған европада Ирвинг 17 жылын өткізеді. Англияда ұзақ жылдар тұрады. Дипломатиялық қызметін Испанияда жалғастырады. Ол көп жылдар Скотт Диккенс сынды ұнамаларымен дос болады Ирвинг Европа елдерінің әдебиетімен жақын дос болады. Неміс романтиктерін қызыға оқиды. Ауыз әдебиетінің тақырыбы мен кейіпкері оның қызығушылғын артырады. Ол барлық шығармаларындағы болған жағдай тек қана Америка төңірегінде – Гудзон жағалауында. Аппалач тауының бөктерінде ғана емес, Европада да болды. Мәселен “Альгамбр”- Испанияда, экиз кітаптары очергтері – Лонданда Бейсбридж халл ағылшын жерінде болды.

Ирвинг – американдық новеллистерінің қолбасшысы шығарма-ларының сюжеттері өткір, комикалық, романтикалық иронил сарынында жазған. Ирвинг әңгімелері ертегілер, логикалық мәні бар туындылар. Осы негізінде жених призрак пародиясы неміс романтизмі негізінде құралған ұрланған қалыңдықтың қайтыс болған күйеуі моладан шығады. Яғни осыны көрсетпек болып, ертегі сюжеттерін қолданады. Ол Америка романтизмінде орындалмас арманды жеңіл-желпі ирония, мысқыл түрінде алып, салыстыра суреттейді.

Ирвингтің ерте қалыптасқан шығармаларының бірі, Нью-Йорк тарихы (1809). Бұнда жазушы ғаламды жаратқаннан бастап, голандық династияға дейін гүлденнен кезеңін атап көрсетеді.

Өте құнды көркемдік өркендеу никербокер бейнесін жасағанда көрсетіледі. Никербокер әңгімесінде шыншыл өмірдегі барлық шындық бейнеленеді. Америкадағы өзекті мәселелер, саяси партиялар билеу ісі орын алады.

20 жылдары Ирвингтің әңгімелері мен очерктер жинағы “эскиз кітабы” 1820 Англияның мәдени “Бейбридж халл” 1822 хатшылар әңгімесі 1824

Экиз кітабы жазбалар мен халер енді, Англияның мәдени орталықтары, ағылшынның әдет-ғұрып, мәдениеті, тұрмыс тіршілігін туралы жазған. Бұнда Америка туралы жазылған әңгімелер, оның ішінде белгілі “Рип Ван Винкль” бар.

Ирвингтің көркемдік жүйесіндегі ең бір керемет шығармасы – Рип, Гудзон жағалауына қоныс тепкен алғашқы голандық. Ол каатскилдің таудың төменгі жағында ұйықтап қалады. Сол ұйықтағаннан тек 20 жылдан кейін оянады, оянған соң жан-жағына қараса, бәрі өзгерген, тек өзі сол боз-бала қалпы. Мәңгілік ұйқыда жатқан да ол бостандық үшін болған көтерілісті көре алмайды, тек кейін естиді. Яғни бұл әңгіменің мәні қоғам өзгерісіз тұрмайды деген ой түйеді.

Ирвинг – шығармаларының романтикалық кезеңі басқа да әңгімеде жарық көрді. (Альгамбра 1832 жыл) 40-50 жылдары оның биографиялық кітабы. Джордж Вашингтон өмірі Магамет.

Қызықты пікірлер біздің заманымыздың өзінде айтылған. А.Платонов Ирвинг жазбасы өте керемет. Ирвинг өз шығармаларын жаза отырып, тек жазушы емес, ғалым екекнін атап көрсетеді. Сонымен қатар ироникалық, құбылмалы адам оның талантын Александр Пушкин байқаған өйткені Ирвингтің ирониясын жазған.

ХІХ ғасырдың 1 жартысында АҚШ әдебиеті романтизм ағымына түсті. Оның өкілі В.Ирвинг буржуазиялық моральға қарсы шыға отырып, (Пері мен Тан Уоркер), помещиктік тұрмысты (Астория 1836) жырлады.

Ирвинг Вашингтон – американ жазушысы Американ әдебиетіндегі романтизмнің көрнекті өкілдерінің бірі. Ирвингтің есімі Нью Йорктің тарихы (2 томдық 1809 жылы) атты юмористік шығармасы арқылы кеңінен мәлім болды, оның “Эскизді кітабы” 17 бөлімді 1819-20. Асторил 12 бөлімді, 1839 жыл атты кітаптарында, Рип Ван Винкльдің, «Маужыраған терең сай», тағы басқа шығарма-ларында американ қоғамының шындығы көрсетті. Христофор Колумббтың өмір тарихы мен саяхаттары 1828 Джордж Вашингтон (5 томдық 159-60) туындыларында тарихи адамдар туралы жазды.

Американ әдебиетінің романтизм ағымының негізін қалап, жаңа зерттеулер енгізген өзінің өткір тілді сөзімен, жалыңды өлеңдерімен көзге түскен ақын. Ол 1859 жылы 28-ші қыркүйекте Тарритаунда қайтыс болады.

Джеймс Фенимор Купер (1789-1851). Купер Нью-Иорк штатындағы 1789 жылы сол атыраптағы дәулетті жер иеленуші Купер судьясының құрметіне Куперстаун аталған шағын қалашықта туған. Балалық шағы таза табиғат аясында өтті: адам аяғы баспаған арман, сан-алуан құс-жануарлар, көрікті көл мен өзендер. Купердің балалық және жастық дәуренінде Америка әлі де фермелер мен аңшылардың, ізтесушілердің мекені болатын, олар АҚШ – тың 95% құрайтын.

Азаттық соғысы жайлы Купердің семьясында тала-талай әңгімелер айтылатын. Соғысқа қатысқандардың көбі әлі кете қоймаған шақ. Купер сол соғыстың тарихын зерттеумен айналысып, өзінің көптеген романндарында американ тарихындағы бетбұрыс кезеңді суреттеді.

Жас кезінде Купер американ соғыс флотында қызмет етті, содан да соғысқа қатынасқан теңізшілермен жақсы таныс болған. Англиға қарсы теңіз бетіндегі шайқастарға арналып жазылған романдарының мазмұны да осыдан шығады. Оның Поль Джонс деген атақты теңізшіге арнап жазған “Қауыл Корсор”, “Лоцман” атты романдары осындай. Сонымен бірге Купер “Құрама Штаттар флотының тарихын” жазған.

Купер көп жазған, әдеби мұрасы мол жазушы. Оның қаламынан Европаға саяхаттар жайлы очерктер де, Евроап тарихынан алынған романдар да, жазушының қоғамдық саяси көзқарастарын насихат-тайтын әлеуметтік-утопиялық романдар да туған; ол әзіл-сықақатан да қашпаған.

Дегенмен жазушының нағыз әдеби даңқы американ революциясының тарихына арналған кітаптарынан “Шпион” атты романынан басталады. Өз сөзімен айтқанда, Купер бұл романында әдебиетке жаңа келген кезіндегі еліктеу сарынан бас тартып, Отанға деген сүйіспеншілікті жырлайтын таза американдық хас шығарма жасауға тырысқан. Бұл серияда Купер “Шпионнан” басқа “Бостандық қоршау”, жоғарыда аталған “Лоцман” сияқты тағы бірнеше роман жазды. Алайда қаламгер американ революциясының күллі тарихын сөз ететін романдар циклі аяқтай аламады.

Ақырында Купер “Пионерлер” 1823 романымен бастап, он сегіз жыл өткен соң “Аңсоғар” 1841 романымен бітірген Былғары Байпақ туралы циклын берді.

Бұл циклға жоғарыдағы шығармаларымен қатар “Логиканың соңғы тұяғы” 1826 “Прерилер” 1827 және “Әзкесер” 1840 кіреді.

Купердің есімін дүние жүзіне тап осы романдарын, ең алдымен “Могиканның соңғы тұяғы” жеткізді. Бұл романың аты тіпті нақыл сөздер қатарына кірді. Күллі Европа тілдерінде, соның ішінде орыс тілінде де құри бастаған абзал дәстүрге шын берілген, айнымас адал жанды айтқанда оны “Могиканның соңғы тұяғы” деп атайды.

Бұл романдардың жарыққа шығу европа әдебиетінде үлкен желпініс болды. Көзінің тірісінде даңққа Купердей бөленген жазушы кемде кем.

Куперді оқығанда Бальзак өзінің “Қуанғаннан арыстандай ырылдағанын” айтады.

Лермонтов болса, Куперді жемге аты жайылған тарихи раманның хас шебері Вальтер Скотпен салыстыра келіп, өзінің алғашқы жазушыны артығырақ санайтынын білдіреді.

Белинский Купердің талантын Шекспирдің данышпандығынмен салыстыруға дейін барған.

Мейлі Купердің даңқы бұл күнде салғын тартысын, мейлі ол әлем әдебиетінің тарихында кездесе беретіндей “ересектер” жазушы дегеннен қалып “Жасөспірімдер” жазушысы қатарына қосылсын, сонда да Купер бүгінгі таңда дүние жүзіндегі ең атақты жазушылардың бірі болып қала бермек.

Оның осыншалық атақ абройының, ортаймас даңқынның, қартаймас талантының сыры неде?

Купердің күллі атақ-даңқының қайнар көзі, бастауы-оның Былғары Байпақ туралы романдары сериясында жатыр.

Барлық бес романға бастан-аяқ американ пионері әлі аңшы Натанэль Бумпоның бейнесі арқау болған. Ол әр романда оқырманға Аңсоғар, Вкесер, Қырғи көз, Ұзын Қарабин деген атпен танысады. Шындығында күллі цикл Бумпоның “Аңсоғарда” суреттеген жастың шағынан бастап, “Прерилер” романында айтылатын өліміне дейінгі өмір – тарихын баяндайды.

Алайда бұл романдардың қызықтығы тек Натти Бумпоның тамаша бейнесінде, оның таңғажайып шытырман оқиғаларға толы өмірінде ғана емес. Циклдің басқа кейіпкерлері де оқырмандарды ынтықтырады, ал ең бастысы Купер романдарындағы оқиғалар өрістейтін тарихи жағдайда жатыр.

Былғары Байпақ жайлы циклында Купер Американы отарлаудың 1745-1805 жылдар арлығынад алпыс жылдық кезеңі туралы әңгімелейді.

Осы кезеңде пионерлермен аңсоғарлардың патриахалдық өміріне жаңа дәуірдің, өнеркәсәбі өркендеген капиталистік Американың жаңа өзгешеліктері жаппай ене бастады. Былғары Байпақ туралы циклдың бес романы, былайша айтқанда, АҚШ-тағы буржуазиялық цивилизацияның қалыптасу тарихындағы бес тарау істетті.

Сонымен бірге Натаниэл Бумпоның американ отаршыларының XVIII – ғасырда жаулап алған шығыс жағалаудан құрлықтық батысына қарай жылжуының, тереңдеп, бойлай түсуінің тарихы болып табылады, бұл жерлерді игерудің шежіресі, табиғаттың адам алдында бас ию шежіресі. Аңсоғарда біз Натти Бумпамен кейіннен Американың қолға-жүрегі болған Нью-Йорк штатының орынындағы ит тұмсығы өтпейтін ну ормандарда біз онымен бірге батысқа қарай бойлап, жылжи түсеміз де, ақыр-аяғында Жақпар тасты таулардың етегіне жеткен кейіпкердің, әбден қартайған әм әлжуаз траппердің, (аңшының) құлазыған прери құшағында қайтыс болғанын көреміз.

Бүгінгі оқырманға Купердің романдары әркез шыншыл болып көрінбеуі мүмкін. Бұл арада шығармалар мен ақиқат өмір сүрген адамдардың өмірбаяндары арқау болғанын естен шығармаған жөн. Атап айтқанда, Купердің Отаны-Куперстауннан шыққан Шимпэн деген кәрі аңшы Натаниэл Бумпоға бейне, прототип болған.

Бумпо – Купердің сүйікті кейіпкері. Оған қаһармандық пен ептілік, қаталдық пен адалдық, мейірбандық пен жомарттық тән. Бумпо нағыз романтикалық герой. Ол өзінің барша өмірін дүлей де қатыгез табиғатпен тоқтаусыз күреске, зұлымдық пен қараулыққа қарсы бітіспес тартысқа арнайды. Купердың романдарындағы Бумпо-алданғандарға араша түсеті, әдлет үшін, преридегі өмір заңдарының тазалығы үшін күресетін адам, бишаралармен бақытсыздардың, жапа шеккендермен қорлық көргендердің жоқшысы, қолданушысы, қорғаушысы.

Бумпоның үнді достарымен серіктері де сондай: “Ұлы жылан” – Чингачук те, оның баласы, соңғы могикан-Ункас та. Олар да Бумпо сияқты батылда қатал, достарына шын берілген, істері де, ойлары да адал, жомарт жүрек, абзал жандар.

Америка тарихындағы өзіндік трагедиялары мен шытырман кезең жайлы Купер сырттай экзотикалық әдіспен әңгімелейді. Өзінің Бумпосын “Былғары Байпақ” батырын қанша мақтап, жер-көкке сыйғызбай дәріптегенімен ол Бумпо – жалғыз дейді; егер Ункас “ең соңғы могикан” болса, Бумпо “ең соңғы пионер” дейді; ол барлығын прерилер мен орманға соның ізін қуып келген жандар-дерекі де қатыгез басқыншылар дейді. Купердің романдарында Американың адам аяғы баспаған ну батысын отарлаудың қорқынышты суреттерді ешбір баяусыз, романтикалық әшекейсіз көрсетілген. “Цивилизацияның енуі” деп қомпайтып айдар татқан абыройсыз істің арғы жағында американтағыларының айырықша тәсілін –тұрғылықты халықты басып алу, тонау мен қырып жою із жүзінде тығылып жатыр.

Европа өкениеттің тағылары не әкелгенін, басқыншылардың көкей құратын жеген нәрселер жергілікті халықтың мүддесіне сай келмесе де қызыл тәнді тайпалардың Англия мен Францияның арасындағы отар иемденуге бағытталған соғысқа қалай тартылғананын Купер реалистік тұрғыда суреттейді. Екі жақ боп соғысқан басқыншылар өздерінің қызылтәнді одақтастарын қанша пайдаланса да түптеп келгенде үнділерден бірдей қоқады, оларды бір-біріне айдап салып, қырғынға ұшыратады. Европалықтар,- дейді Купер өзі жазған алғызсөздерінің бірінде – Пенебскоттан Потомакқа дейін және Атлант мұхитынан Миссисипеге дейіңн ұлан – ғайыр жерді алып жатқан елге кірегн кезде онда бір тектен тараған халық тұратын. Ол халық тұрмысында да вапаначке деп аталатын, алайда өздерін ленниленаптар (өз тілдерінде; “қоспасы жоқ халық”) дегенді ұанататын. Әр тайпаның өз аты, өз көсемдері, аң аулайтын оқшау жерлері болатын. Бәрі де өздерін бір тамырдан тарағанбыз деп есептейтін. Олардың тілдері де ортақ, бір ұрпақтан келесі ұрпаққа ғажайып дәлдікпен жететін әдет-ғұрыптары да ортақ еді. Тайпалардың бір ауызды келісімі бойынша әлгі халықтың “Ұзын үйі” немесе “Ұлы кеңес ошағы” жасалған. Гудзон шығанағынан батысқа қарай созылған кең өлкені түгелдей, сондай-ақ солтүстік жақтағы талай жерлерді иелеген құдіретті халық өздерін могикандар деп атайтын. Могикандар да тайпа-тайпаға бөлінетін. “Кеңес үйінің” киелі қоршауын қорғаған тайпа ұзақ уақыт бойына “ленаптар” аталып келеді де, ағылшындар өзен атын Делевар деп өзгерткен кезде бұл отау бірте – бірте сол жағалауды жайлайтын елге де ауысты. Ленап тайпасының теріскей-шекарасындағы жүздеген шақырым шалқар алқапты тағы бір халық мекендейтін. Көршілері оларды мингусилер дейтін. Галандтар мен мингусилер ленаптардан қаруларын тастап, өздерін қорғауды мыналарға сеніп тапсыруға көндіреді. Құрама гитаттардың қазіргі территориясын алып жатқан үнді тайпаларының ішіндегі ең қуатты, мәденитті атыраптың құлдырау кезеңі осы тұтастан басталады. Ақтар тонап, қызыл тәнді ағайындыларынан қысым көрген, қырғын шеккен бишара ел біразға дейін Бұл соғыс ондаған жылдарға созылды. Европа мемлекттері мұхит арқылы үлкен армияны жеткізе алмайтын. Сондықтан олар үнділерді сатқындыққа итермелеп, мас қып ішкізіп, кескілеп көндіріп, бір-біріне өз жауларына айдап салатын.

Бұл кезде дұшпандарын қорқытқан үнді тайпалары осындай қанды қырғандарда құрып бітті. Сардақ тартып, пышақ сілтеген қаһарман жауынгерлер қос қапталдан келген отаршылардың зеңбірек оғына мың-мыңдап ұшты. Рас, көз жеткісіз кең жазирада қаша ұрыс салған үнділердің тиімді үрдістерін европалықтардың да үйренуіне тура келді. Бір қызығы, кейініректе Вашингтонның әскерлері ағылшындарды тап сол үнділердің соғыс әдісін қолданып жеңіп шықты. Бірақ революция жеңісі үнділерге жеңілдік әкеле қоймады. Англияның езгісінен құтылған жергілікті отаршылар үнділерге бұрынғыдан да өткен қатыгездіктің қарайтын болды.

Купер еуропалық державалардың зұлымдығын объективті түрде көрсетіп қана қоймады, ол сонымен бірге ұлттық кереғарлықтан да аса білді: өзі таңды қанды американ бола тұра үнді халқының қайғы-қасыретін шынайы сезіммен жоқтап, ең соңғы Магикан Ункастың өлімі мен оның әкесі Чингачуктың аянышты өмірін трагедиялық сарынмен суреттей білді.

Натти Бумпоның өлімі де сұмдық. Оның үстіне пионердің, ізкесердің, орман мен прери батырының осынау сұмдық өлімі кездейсоқ та емес. Ол аң аулауға ресми рұқсат берерден он күн бұрын тоғайда бұғы атып өлтірді. Сөйтіп – ақ жаугершілердің заңын бұзып, сотқа тартылады. Оған түрме жазасын кесіліп, ақшалай айып салынады да, қашуға мәжбүр болады. Осы жерде өз қолымен орнатқан, өзі соның барлаушысы болған дүниеде орын таппай қиналады.

Жер суды былғау, адамдарды аздыру сияқты былапыт істердің әлдеқандай түсініксіз мақсатқа жету үшін емес, өте анық та қарапайым формуланы жүзеге асыру үшін істеліп жатқаныны Купер жақсы тағы бір жаңашыл табысы үнді халқының келер тамаша бейнелерін жасап беруінде.

Купердің үнділері-нақты адамдар. Олардың мінез-құлық ерекшеліктері, қадыр-қасиеттері айналасын қоршаған ортаның үйреншікті салттарына, тарихи жағдайына байланысты ашылады. Жазушы үнділердің әділдігіне, адалдығына, қаһармандығымен парасаттылығына сүйенді. Сонымен қатар ол өз кейіпкерлерінің тағылары тән қатыгездін де үміт қалдырмайды. Оның кейіпкерлері романтикалық жабайылар емес, қатал да қаһарлы хас жауынгерлер.

Купер жабайылар – табиғаттың абзал ұлы деген идеалистік көзқарасқа ғана қарсы шықпайды. Ол сондай-ақ үнділерді төменгі нәсілдердің өкілдері, азғындаған, құри бастаған адамсымақтар деп көрсетуге құмартып жүрген нәсілшілдік теориясына да соққы береді. Оның шығармаларын байыптап, ой жібере оқыған кісі ең соңғы могикандар Бумпомен Ункастың залым да айлакер қас дұшпаны Могуаның өзі де ақыл-парасатқа ие екенін, оның да адалдық пен айнымастық туралы өзіндік қағидалары бар екенін көрсетеді. Ал оның арсыздық пен нысапсыздық секілді оңбаған қасиеттері де ақ адамдардың отты суы арақ арқылы жұққан пәле.

Осының бәрінен де Купердің үнді проблемасына қаншалықты маңыз беріп, қандай санатпен қарағанын көруге болады.

Теріскей Америка үнділердің адамгершілік қасиеттерін мойындату жолындағы өзі жүргізген күресте Купер жеңіске жете алмады. Бірақ ол бұл тартыста жазушы ретінде жеңіп шықты.

Купер өзінің осынау, бір кейіпкер маңайында орбитін бес кітабы арқылы есімімен бүкіл дүниеге жүзінет паш етті.

өздерінің “Кеңес үйінің” төңірегінде тентіреп жүреді, бірте-бірте жеке топтарға бөлініп, бытшыт боп ыдырап, батыстағы шексіз Шөлейт даларға сіңіп кетеді.

Алайда тайпалардың түбіне жеткен аясыз отаршылдың ғана емес. Тарих тәлкегенің нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыстың қапас құшағында қалып қойған тағылар екі ұлы мемлекттің Англия мен францияның арасындағы соғысқа да қатынасып, қырылуға мәжбүр болды. Солтүстік Америка материгінен Галандияны, ішінара Ипанияны ығыстырып шығарған соң XVIII ғасырда Англия бар күшін француздар басып алған Канаданы және Мисисипи өзенінің бойындағы жерлерді жалауға жұмсады.


Дәрісті бекіту сұрақтары:

  1. АҚШ романтизмінің қалыптасуына тарихи жайттардың тигізген әсерін айт.

  2. Ең алғаш жергілікті халықтар кімдер болды?

  3. В.Ирвингтің американ әдебиетінде негізін қалаған жанр.

  4. Ирвинг шығармаларының тақырыбы, басты идеялары.

  5. Дж. Купер қай жанрда қалам тартты?

  6. Купер шығармаларының басты тақырыбы.


Әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 26, 27, 28, 29.
ДӘРІС 14. Г.У.ЛОНГФЕЛЛО ЖӘНЕ Э.А.ПО МҰРАЛАРЫНЫҢ АҚШ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОРНЫ
Дәрістің мақсаты: АҚШ романтикалық әдебиетіне Г.Лонгфелло мен Э.Поның қосқан үлесін айқындау.

Тірек сөздер: гаявата, фолькорлық бейнелілік, эшер, детектив, ғылыми-фантастика.

Дәрістің жоспары:

  1. Лонгфеллоның құлиеленушілікке қарсы өлеңдері.

  2. Лонгфелло шығармашылығындағы үндістер тақырыбы.

  3. Э.Поның поэтикалық жаңашылдығы.

  4. Новеллалық еңбектері және детектив жанрын қалыптастыруы.

  5. Ғылыми-фантастиканы қалыптастыруы.


Генри Уотсуорт Лонгфелло (1807-1882). Лонгфелло 1807 жыл Портландияға Мэн штатына белгілі заңгер жанұясында дүниеге келген. Белгілі Боудойнрік колледжді тамамдап, Европада 3 жыл сапарда болады. Бұдан соң 20 жыл бойы Кембридж, Горворд Боудойнг оқу орындарында сабақ беріп кейін өзін шығармашылық жолға арнайды. Оның шығармашылық жолы өте сәтті болады. 1839 жыл “Голоса ночи” өлеңдер жинағы оның атын әйгілі етеді. Бұдан кейін де “Баллады и другие стихотворения” (1841) “Башня в брюге” 1845 “На берегу моря и камина” 1850 т.б секілді ақынға атақ пен бақ әкелген өлеңдер жинағы жарық көрді.

Ақынның өлеңдерінің тілі таза, қарапайым түрде келіп, ойға жер тез сақталады.

Лонгфеллоның көптеген өлеңдері американ поэзиясы антологиясының ажырамас бөлігіне айналып тіпті кей өлең жолдары қанатты сөздерге де айналған. Бұл өлеңдерінің хрестоматияға енгендері “Псалом жизни” “Excelsior” “Зодачие” “Стрела и песня” “Постройка карабля” т.б.

“Псалом жизни” өлеңінде “Өмір қиял мұң елесі-ол ерлік, батырлық” деп көрсетіледі.

“Стихи о рабстве” 1842 жыл құлиеленушілікке қарсы болған. Бұл шығармада нәсілдік езушілік, плантациядағы ауыр жұмыстармен, құлдарды сату секілді ауыр жағдайлар шындықпен суреттеледі.

Герен филологиялық білімі бар ақын 1845 ж көптеген шет тілдерден аударған шығармалардан тұратын.

“Поэты и поэзия Европы” анталогиясын шығарады.

1870 жыл бүкіл әлемдік поэзия кіргізілген 31 томдық антологиясы шықты. Оның ішінде “Дантенің” Божественнал комедиясы толығымен аударылып берілген.

1940 жылдары соңынан бастап ұлттың ақындық дәстүрлерді қайта қарастыра бастайды. Ақын өз елінің тарихының беттерін эпикалық түрде көрсету жолын іздейді. Осы жолды іздеудегі талпынысының көрсеткіші “Эванджелина” 1847 поэмасы болды. Онда XVII ғасырдағы Солт Алирихадоғы Англо-француз қарсыласуы көрсетілген.

Лонгфелло өлеңдері 1847 жылдары бастап Ресейде таныла бастады. “Стихи о рабстве” өлеңін М.Л Михайлов аударып “Современник” журналында жарияланды.

Ал Л.Н.Толстой Лонгфеллоны, Бичер – Стоу, Эмирсонды қаламдарының күшімен құлдықтың тамырына балта шапқан оқындар деген.

Лонгфеллоның соңғы лирикасы философиялық түрде болады. Осы кезде Лонгфеллоның ұлттық ақын деген атын әлемге паш еткен “Песни о Гайовате” поэмасы болды. Поэмада романтикалық қаһарман Гайоватаның туғанан ер жетіп үйленгені, халқы үшін жоғары ерліктері жөнінде жырланады.

Қаһарманның шешесі Венона, жұлдыздық қызы тастап кеткен күйеуіне деген махаббат қайғысынан ерте қайтыс болады. Жастайынан Жетім қалған Гайоватаны әжесі Накомис асырап алады. Әжесі немересін қайырымды, мықты, яғни бар жақсы қасиетті бойына қорытып тәрбиелейді, Гайовата ақ-құс тілін жақсы біледі.

Ол шешесінің өлімі үшін әкесі Мэджекивиспен ұрысқа шығып, оны жеңеді. Қаһарманға ең қиын түскен Мондамин, балық патшасы Мише-Налю секілді құбыжықтарды жеңу еді. Гайовата индейцтерге үй салуды, егін егіп оны іске жаратуды аң аулауды, киім тігуді үйретеді. Осы бір қасиетімен ол көз алдымызға Промомейді елестейді.

Қаһарманның басты мақсаты адамдарды ынтымақ пен бейбіт өмір сүруге үйрету.

Қазір әлем әдебиетінде Гайовата бейнесі ең жағымды да жарқын индейц бейнесі болып табылады.

Зерттеушілер поэманы – эпосты романтикалық тұрғыдан баяндаудың әлем әдебиетіндегі бірден бір озық үлгісі деп таныды.

Ресейде поэманы Бунин аударып, орыстың классикалық аудармаларының қорына енгізген.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет