57 Кесте Тамыр жемістердің биологиялық ерекшеліктері



бет3/3
Дата27.04.2020
өлшемі12,72 Kb.
#64894
1   2   3
Байланысты:
sunkar1

Тыңайту. Қант қызылшасы-жоғары өнімді дақыл. Әр гектарға бір тонна тамыр жеміс және соған сәйкес пәлек түзу үшін қант қызылшасы орта есеппен топырақтан 6кг азот, 2кг фосфор және 6,7кг калий сіңіреді. Осыған орай органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Тыңайтқыштар күзде жерді негізгі өңдеумен бірге, тұқым себумен қатар және үстеме қоректендіру түрінде беріледі. Қант қызылшасын тыңайтудың үшінші кезеңі-оны үстеп қоректену.

Тыңайту. Қант қызылшасы-жоғары өнімді дақыл. Әр гектарға бір тонна тамыр жеміс және соған сәйкес пәлек түзу үшін қант қызылшасы орта есеппен топырақтан 6кг азот, 2кг фосфор және 6,7кг калий сіңіреді. Осыған орай органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолданудың маңызы зор. Тыңайтқыштар күзде жерді негізгі өңдеумен бірге, тұқым себумен қатар және үстеме қоректендіру түрінде беріледі. Қант қызылшасын тыңайтудың үшінші кезеңі-оны үстеп қоректену. Республиканың суармалы жерлерінде қант қызылшасын өсу кезені бойына екі үш рет үстеп қоректендіреді.

Топырақ өңдеу. Танаптағы аңыздарды топыраққа сіңіру және арам шөптерді жою үшін алғы дақылды жинап алғаннан кейін аңызды 6-8см тереңдікте ЛДГ-10 және БДТ-7 құрылдарымен сыдыра жыртады. Жер жырту алдында ДДА -100М жаңбырлатқышымен немесе қолдан жүйектерге әр гектарға 500-800 текше мерт су сіңіріледі. Жер жыртылып болғаннан кейін ПН-4А құралымен тегістейді, содан соң сүдігерді КГС-4,8культиваторымен терең қопсытады. Қант қызылшасын интенсивтік технологиямен өсіргенде гербицидтерді жұрыс қолдана білудің маңызы зор.

Тұқымды себу мөлшері. Бұл танаптың арам шөптерден тазалығы мен тұқымның өнгіштігіне байланысты. Бір жылдық арам шөпетрмен ластанған танаптарда лабораториялық өнгіштігі 80проценттен кем емес тұқымды пайдаланғанда оның себу мөлшері әр текше метрге 32-35 данада дән болуы шарт. Ал тұқымның лабораториялық өнгіштігі 85-90 процент, танапта арам шөптер шамалы және арам шөптерді құртуға тиімді гербицидтер жеткілікті болған жағдайда әрбір текше метрге 18-25 дана тұқым себу керек.

Егістікті күтіп баптау.Қант қызылшасы егісін күтіп баптауға байланысты агротехникалық шаралардың бәрі қызылшанын өсуі мен дамуына ең қолайлы жағдай жасауға бағытталуы керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда бірінші агротехникалық шара себумен бір мезгілде, немесе егіс себіліп бітісімен іле- шала топырақты ЗККН-2,8, ЗЗКШ-6 катоктарымен нығыздау. Ондағы мақсат- топырақтың төменгі қабатындағы ылғалды жоғары көтеріп, себілген тұқымның тез бөртіп, біркелкі көктеп шығуына көмектеседі. Көктөп шыққан қызылшаны тырмалау-жауапты агротехникалық шаралардың бірі. Бұл жұмыстың мақсаты-ауаның топыраққа таралуын жақсарту, қызылшаны сирету, арам шөптерді жою. Көктеп шыққан қызылшаны тырмалауды өсімдік толық қос құлақтанғаннан бірінші — екінші қос жапырақ пайда болғанға дейін ЗБП-0,6, ЗОР-0,7, УСМК-5,4А, Б құралдарының бірімен см тереңдікте жүргізеді. Осы жүргізілген агротехникалық шара 45-70 процент арам шөптерді жояды, ал қызылша 20-40 процент сирейді.Дө

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет