5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша



бет2/3
Дата31.01.2018
өлшемі0,7 Mb.
#36348
1   2   3

6М011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша

магистранттардың 2015-2017 оқу жылындағы элективті пәндер бойынша

Каталогы


№ п/п

Пәндер коды

Пәндер аты

және кредит

саны


Пререквизиттер

Постреквизиттер

Пәндерге сипаттама

Күтілетін нәтиже

1 семестр

1

KTOM5201

Қазақ тілінің өзекті мәселелері, 3 кр

Көне мәдениет жазбалары Көне түркілік әліпби Қазақ тілінің тарихы


Грамматикалық теория негіздері Әлеуметтік лингвистика Жай және құрмалас сөйлем синтаксисі


Қазақ тілінің тарихын кезеңдерге бөліп қарастырудың принциптері мен теориялық негіздері. Қазақ тілінің бастау көздері.Көне түркілік әліпби, оның шығу тегі. Көне түркі тілі заңдылықтары. Орта ғасыр мұралар тілі. Осы кезеңдегі тіл ерекшеліктері. Қазіргі қазақ тілінің даму жүйесі. Қазақ тіл білімінің “Этнолингвистика”, “Лексикология”, “Ономастика”, “Терминология”, “Фразеология”, “Этимология” салаларына қатысты проблемалар қазіргі таңда ең негізгілердің қатарынан орын алады.

Жалпы түркологияның деңгейінде бұл мәселелер әр қырынан сөз етіледі.

Әрқайсысының өзіндік зерттеу нысандары, мақсат – мүддесі бола тұрса да, олар бір тілдің тұтас табиғаты мен өзара тығыз байланысты заңдылықтарын қарастырады.

мағынасын ашып көрсетті.



Қазақ тілінің тарихын саралауға, аталмыш пән бойынша игерілетін білім мазмұнын басқа ғылым салаларымен, мыс.,тарих, әлеуметтік, этникалық,танымдық, психологиялық,т.б.сабақтастыра талдама жасауға үйренеді.

ShZyTTM5201

Шумерология және түркі таным мәселелері, 2 кр.

Көне мәдени ескерткіштер тарихы


Қазақ тілінің өзекті мәселелері Тілдің тарихын дәуірлеудің теориялық негіздері


Шумер ілімінің қалыптасу тарихы б.э.д.4 мың жылдықтың екінші жартысында Месопатамиядан басталады. Шумерлер адами байланысты сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары, өмір сүру нормаларын қалыптастырған. Олар алғаш рет заң құрастырған. Олар туралы деректер М.Белицкийдің «Забытый мир шумеров», Эрих Церен «Библейские холмы» ,А.Нарымбаеваның «Туран-колыбель древних цвилизации» еңбектерінде сөз болады. .5 мың жыл бұрын өркениеттің дерегі болған Аркаим қазбаларын алға тартқан Ұлы дала-Тұранның мәдениеті аталмыш пәнде айтылады.

Көне түркі тілі мен шумер тілі салыстырыла зерттеліп, шумер дәуірінен бері қарай қолданылып келе жатқан тарихи сөздерің мағыналық ерекшеліктері мен фонетикалық өзгерістері ғылыми негізде меңгеріледі.Шумерлер жайлы тың деректер ұсынылады,олардың мәдениеті мен әдебиеті талданып,Шумерология мен түркі таным мәселелері туралы соны мағлұматтар ұсынылып, пәнді оқыту барысында тарихи сөдер мен ономастикалық атаулар мәні ашылады. Пәнді оқу барысында магистранттар-дың лингво-мәдениет танымы молаяды.Сына жазу жүйесі, пиктография, иероглиф-таңбалық, символдық таңба белгілердің сырын ашуға үйренеді.

ZhGBTB5201

ХХ ғасыр басындағы тіл білімі, 3 кр.

Қазақстан этно- топонимикасы Қазақ тілінің тарихы


Қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы Грамматикалық теорияның негіздері Антроп. лингвистикасы Әлеуметтік лингвистикасы Жай және құрмалас сөйлем синтаксисі


XX ғасыр басындағы қазақ тілінің дамуы. Алғашқы әліпби Бұл кезеңдегі тілдің лексика-грамматикалық сипаты.тілдің даму жүйесі. Қазақ тіл білімінің “Этнолингвистика”, “Лексикология”, “Ономастика”, “Терминология”, “Фразеология”, “Этимология” салаларына қатысты проблемалар қазіргі таңда ең негізгілердің қатарынан орын алады. Жалпы қазақ тіл білімінің деңгейінде бұл мәселелер әр қырынан сөз етіледі. Әрқайсысының өзіндік зерттеу нысандары, мақсат – мүддесі бола тұрса да, олар бір тілдің тұтас табиғаты мен өзара тығыз байланысты заңдылықтарын қарастырады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді. (А.Е. Алекторов, “Краткий казахско-русский словарь”‚ 1891.

Қазақ тіл білімінің ХХ ғасырдың басындағы тілдік бірліктерін дұрыс қолдануды меңгереді,тұңғыш лингвист ғалымдары-мыздың еңбектерін игереді,алғашқы оқулықтар мен әліппидің мазмұнымен танысып, салыстыру, зерттеу, тұжырымдау сияқты тәсілдерді өз бойларына қалыптастырады.

2

AOМ5202


Әдебиеттану дың өзекті мәселелері , 2кр.


Текстология (Мәтінтану) Тарихнама

Қазақ әдебиетінің тарихы Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі


Пәннің мақсат–міндеті: жоғары филологиялық білімі бар магистранттарды мамандығына сәйкес қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы өзекті, бірақ жетімсіз қарастырылған мәселелермен арнайы, кеңірек әрі нақтылы таныстыру арқылы университетте алған әдеби – теориялық ұғым – білімдерін тереңдете түсу, сондай – ақ сөз өнерінің құпия сырлары мен қырларын әңгімелеу арқылы оларды әдебиетке, ғылымға құштарландыру, зерттеу тақырыбын дұрыс таңдауларына ықпал ету, ғылыми ізденістерге бағыттау. Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. еңбектері.

Әдебиеттің өнер туындысы, өмір оқулығы,сезім мен ой

дүниесінің жиынтығы, сөз құдіретінің құрылымы екенін түсініп, көркем шығарманың эстетикалық қуатын сезініп, оның сюжеттік құрылымын , тіл ерекшелігін,

поэтикалық бояуын көркемдік деталь, штрихтар арқылы жүйелілік-құрылымдық талдауды меңгеріп шығады.


2


AA5202

Алаш әдебиеті, 2 кр.

Алаш тарихы Қазақ әдебиетінің тарихы Тарихнама
і,

Әдеби сын Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі Авторлық позиция проблематикасы



Алаш әдебиетінің белді өкілдері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және Ә.Бөкейханов сынды қайраткерлердің өмірі мен қоғамдық қызметі, қуғын сүргінде жүріп жазған еңбектері, олар жайлы ғалымдардың ой-пікірлері көптеп басыла бастады. Архив құжаттары мен естеліктер монографиялар мен диссертацияларға арқау болды. Қазақ әдебиетіндегі «ақтаңдақтар» мәселесі қазір жан - жақты қаралып, тың деректермен толығып, бірқатар белгісіз болып келген жәйттердің басы ашылды. Бұл бағыттағы Рымғали Нұрғалидың «Әуезов және Алаш»(1997), «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» (2002), «Алашордынцы» (2005), «Алаш туы астында» (2005) Д.Қамзабекұлы «Алаш әдебиеті»деген іргелі еңбектері осы көп жылғы ізденістен туған

20-ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің өкілдері, алашшыл әдебиеттің негізін қалаған А.Байтұрсынов,Ә.Бөкейханов,М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Жұмабаев,

М.Әуезовтің ой-пікірлері мен осы кезеңдегі көркем туындылары туралы көлемді ақпараттар алады және алашшыл әдебиеттің өкілдері туралы зерттеу материалдары, монографиялар, сыни еңбектер, баспасөзде жарияланған мәліметтерді молынан меңгеріп шығады.




2

KTT5202

Көркем туындыны талдаудың теориялық принциптері, 2 кр.

Мәтінтану

Әдебиет тарихы




Әдебиет сыны Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі Әдебиет және талдама


Әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу студенттің өз еңбегімен жүзеге асса, талдау оқытушы, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді. Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі – образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен ұсынылып жүр.

Туындыны талдаудың бақылау, салыстыру, талдау, жинақтау, синтездеу тәсілдерін меңгеріп, әдеби мәтінді талдауда аталмыш тәсілдерді қолдана алады.Әдебиеттану ғылымында пайдаланылатын салыстырмалы, биографиялық, психологиялық , текстологиялық , зерттеу әдістерін

туындыны талдауда еркін пайдалана біледі.




3

AZhV5203

Әдебиеттегі жаңа бағыттар , 3 кр.

Мәдениеттану

Қазақ әдебиеті




Әдебиеттанудың өзекті мәселелері Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі Жалпы поэтика


Қазіргі кезеңдегі әдеби процестегі жаңа бағыттар әдебиетіміздің жаңа даму проблемасын анықтайды. XXI ғасырда әдебиетте жаңа тенденциялар пайда болды. Аталмыш пән әдебиетті дамыту, оның әлемдік кеңістіктегі орнын айқындап қалыптасуына жағымды әсерін туғызады. Ұлттық әдебиет жаһандану кезеңінде өзіндік ерекшелігін жойып алу қаупіне ұшырауы мүмкін. Осы орайда әлемде әдеби процесте жаңа бағыттар пайда болуда. Бұл пән әдебиеттегі жаңа бағыттар туралы сыр шертіп әрі аталмыш бағыттардың қыр-сырын үйретеді.

Аталмыш пәнде магистранттардың әдебиет сыны, теориясы, тарихы туралы мәліметтері молайып, әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетінің жаңа бағыттары туралы теориялық және методологиялық ақпараттары жөнінде конференцияларда өз пікірін еркін,ғылыми деңгейде сауатты жеткізе біледі.Әдебиеттің теориялық мәселелерінде құзыретті болуды игереді.


3

AFM5203

Әдебиеттің философиялық мәселелері, 3 кр.

Психология

Қазақ әдебиеті





Әдеб. жоғары мектепте оқыту әдістемесі Психологиялық поэтика Авторлық позиция проблематикасы



Әдебиеттің философиялық мәселелерін айқындап, әдеби ұғымның зерттелу деңгейін , оның философиялық мәнін дәйектейтін пән. Әдебиеттің философиялық мәнін әлемдік деңгейде көрсетіп, қазақ әдебиеттанудағы рөлін пәлсафалық тұрғыда танытатын пән ретінде ерекшеленеді. Аталмыш пән әдебиетті философиялық тұрғыдан зерттеп, талдап , оған өзіндік бағасын береді. Кез келген ақын-жазушылардың көркем дүниелері философиялық тұрғыдан талданады. Осы тұрғыда Б.Майтановтың «М.Әуезов-суреткер», Ж.Аймауытов «Мағжанның ақындығы туралы», М.Серғалиев «Сөз сарасы», т.б. зерттеу еңбектер сараланады.

Әдебиеттану мәселелерінің философиялық сипатын ғылыми ойлау жүйесінің негізінде талдап-синтездеуге жол ашылып, білімгерлер әдеби шығарманы философиялық аспектіде талдай алады.

3

ZhTzhKZhT5203

Шығарманың табиғаты және көркем шығарманы талдау, 3 кр.

Мәтінтану Би Тарихнама Поэ


Әдебиеттанудың өзекті мәселелері Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі


Әдебиетте аса мән беріп талданатын нысана-көркем шығарма. Аталмыш пән әдеби шығармалардың эстетикалық табиғатын танытумен қатар сюжеттік желі арқылы туындының ішкі және сыртқы табиғатын қоса аңғартады. Шығарма табиғаты кейіпкерлер линиясы арқылы да толық ашылады. Осы ретте көркем шығарманы талдаудық түрлері мен тәсілдері де осы пәнде ашылады. Көркемдік құрылымдар мен олардың негізгі элементтері:жанр, стиль, сюжет, композиция, т.б.дамуын да қарастырады. Сюжеттік талдау, кейіпкерлер жүйесі бойынша, не туындының композиялық құрылымы , образдар арқылы талдау –барлығы аталмыш пәнде айтылады.

Көркем шығарманың эстетикалық табиғаты мен

құрылымын талдаудың тәсілдерін үйреніп, әдеби туындылардың идеялық, көркемдік, эстетикалық сапасын салмақтай біліп, өзіндік пікірін шебер айтуға дағдыланады.

әлемдік әдебиетте болып жатқан өзгерістерді, олардың өзара байланыстарын, әдебиеттану ғылымымының теориялық және әдіснамалық негіздерін біліп шығады.


2 семестр

Кәсіптік пәндер

1

KTTSG5301

Қазіргі түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы, 3 кр.

Көне мәдениет жазбалары Түркі тілдерінің тарихы Өркениет өзегі


Грамматикалық теория негіздері Әлеуметтік лингвистика


Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты;

Жеке түркі тілдерінің өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты терең қарастыру;

Ғылыми көзқарастар мен тұжырымдамалардың негізінде түркі тілдерін зерттеу – сол халықтардың тарихымен тығыз байланыста жүргізілуге тиіс;

Түркі тілдерінің жүйесіне тән оларды өз алдына жеке топтастыру ретінде ерекшелейтін белгілер;

Тарихи салыстырмалы әдісті зерттеу;

Тілдік деректерді салыстыру;

Түркі тілдерінің тілдік деректерін қазақ тілінің деректерімен салыстыру;

Ежелгі түркі тілдеріндегі тарихи атаулардың семантикалық тұрғыдан дамуын меңгеріп, сөздердің бастапқы мағынасы мен дыбыстық өзгерістерге түскен қазіргі мағынасын біліп шығады. Магистранттар түркі тілдес сөздердің этнолингвистикалық, этникалық , танымдық мазмұнын меңгеріп, тарихи сөздерді семасологиялық, грамматикалық, фонетикалық жағынан талдауды үйреніп шығады

AL5301

Антропологиялық лингвистика, 3 кр.

Түркітануға кіріс- пе

Түрік жазуының генезисі

Қазақ жазуының тарихы


Грамм. теория негіздері Лингвистика тарихы


Антропологиялық лингвистика — жазбасыз тілдерді зерттейтін тіл білімінің бөлімі. Адам санасындағы, мәдениет дамуындағы және білім деңгейінің артуындағы барлық тарихи өзгерістер тілдің лексикалық жүйесінде көрініс табатындығына негізделеді.

Антропологиялық лингвистиканың негізгі постулаттары:



    1. Білімнің дамуы оның үнемі мамандануымен артып отырады.

    2. Адам дамуындағы түрдің тарихи дамуы мен ағзаның жеке дамуының объективтілігі.

Қазақстан территориясынан табылған археологиялық қабаттардағы идеографиялық жазулардың, руна жазуларының табиғатын меңгеру ежелгі халықтардың тұрмыс-тіршілігінен, кәсібінен, өркениетінен магистранттарды хабардар етеді.Білімгерлер антропологиялық лингвистика арқылы археологиялық қазбалар жетістігін негізге ала отрып, радиоуглеродтықанализ жасаудың сырын меңгеріп шығады.

TTZT5301

Түркі тілдері - нің зерттелу тарихы, 3 кр.

Палеография Тарихнама Көне мәдениет жазбалары

м


Тарихи лексикография Функционалды грамматика


Түркітану және оның объектісі. Түркі халықтары және олардың тілдері. Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер. Түркі тілдерінің Еуропада зерттелуі. Түркітанудың ХVІІІғ. зерттелуі (В.И.Татищев, Г.Ф.Миллер, С.Г.Гмелин т.б.). Түркітанудың ХІХғ. зерттелуі (Г.Ю.Клапрот, В.В.Радлов, Д.Щ.Казембек, И.Ильминский, П.М.Мелиорансий т.б.) Түркітанудың ХХғ. Зерттелуі (Н.Ф.Катанов, Н.А.Кононов, Ф.Е.Корш, Н.А.Баскаков т.б.). Түркі тілдерінің даму, қалыптасу дәуірлері. Түркі тілдерінің дамуындағы Алтай дәуірі. Орал-Алтай бірлестігі. «Алтай тілдері» теориясы. Түркі-монғол тілдеріндегі ұқсастықтар. Түркі тілдерінің дамуындағы Хұн дәуірі. Түркі тілдерінің дамуындағы Көне түркі дәуірі. Орхон-Енисей жазба ескерткіштері. Талас жазба ескерткіштері. Түркі тілдерінің дамуындағы Орта түркі дәуірі.

Ежелгі халықтардың жазба ескерткіштеріндегі мысалы, руна жазуының символдық таңбалар сипатымен таныса отырып, суреттермен жұмыс жасауды, ондағы әлеуметтік, философиялық сюжетті , ұғым-түсінікті тануға ұмтылады.Білімгерде сөз мағынасын түсінуге ұмтылу, оның әлеуметтік мәнін ашуға деген табиғи заңдылық қалыптасады.

2

AL5302

Әлеуметтік лингвистика, 3 кр.

Әлемдік өркениет тің хронологиясы Түркі тілдерінің өзекті мәселелері

Лингвистика тарихы Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы

Әлеуметтік лингвистика ұлт тілін, тіл мен қоғам, тіл мен ойлау, тілдің теориялық негіздемесі мәселесін қарастырады. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы және олардың арасындағы тіл білімінің орны туралы айтылады. Тілдің мемлекеттік мәртебесін жоғарылату жолында қандай жұмыстар істелуге тиіс екендігін көрсетеді. Тіл саясаты, тілдік жағдаят туралы мәселені көтеру де әлеуметтік лингвистиканың сөз ететін мәселесіне енеді.

Ежелгі халықтардың жазба ескерткіштеріндегі мысалы, руна жазуының символдық таңбалар сипатымен таныса отырып, суреттермен жұмыс жасауды, ондағы әлеуметтік, философиялық сюжетті , ұғым-түсінікті тануға ұмтылады.Білімгерде сөз мағынасын түсінуге ұмтылу, оның әлеуметтік мәнін ашуға деген табиғи заңдылық қалыптасады.

ZhKSS5302

Жай және құрмалас сөйлем синтаксисі,3 кр.

Сөз тіркесінің синтаксисі

Қазақ тілінің өзекті мәселелері



Грамм. теория негіздері

Академиялық грамматика





Сөйлем синтаксисі өз ішінде екі үлкен салаға, яғни жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз зерттеу нысаны бар. Әдетте, жай сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны – жай сөйлемдер, оның құралу тәсілдері, негізгі мағыналық-құрылымдық белгілері, жай сөйлемдердің топтастырылу принципі мен жүйесі, сөйлемнің әр қилы мағыналық-грамматикалық, құрылымдық типтері, сөйлем мүшелерінің қызметі мен жасалуы болса, құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін жай сөйлемдмbr>?рдің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналып, сол арқылы күрделі ойды білдіруі болып табылады.

Білімгерлер сөйлем құрылымының предикативтік, модальдік, интонациялық белгісін нақты ажыратуға үйренеді.Сөйлемдердің құрылымдық, синтаксистік үлгісін талдау бойынша кәсіби құзіреттілігі қалыптасады.

AP5302

Әлеуметтік педагогика, 3 кр.

Этностар мәде- ниеті Этнопедагогика

Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі Қазақ тілін жоғары мектепте оқыту әдістемесі

Әлеуметтік педагогика - жеке тұлғаның тәрбиесі мен қалыптасуына әлеуметтік ортаның әсерін зерделейтін, әлеуметтік ораның нақты шарттарын есепке ала отырып жеке тұлғаға тәрбие беруін оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін педагогиканың бір саласы. Әлеуметтік педагогика тәрбиелеудің әлеуметтану мәселелерін, әлеуметтік-педагогикалық виктимиология және әлеуметтік тәрбие мәселелерін зерделейді. Бұл терминді неміс педагогы А. Дистервег XIX ғасырда енгізді. Біздің елде әлеуметтік педагогика саласында жетекші мамандар болып А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий деп саналады.

Магистранттардың әлеуметтік сөздік қоры молаяды,әлеуметтік мәтіндермен педагогикалық әлеуметтік терминдерді белгілі бір дәрежеде меңгереді.Қазақ тілі заңдылығымен бірге әлеуметтік педагогиканың ереже-қағидаларымен танысып, статистикалық,

әдістемелік және гипотеза,тұжырым жасау, анализ-синтездеу тәрізді психологиялық ойлау операцияларын меңгеріп шығады.




3

ShKAB5303

Шығыс-қазақ әдеби байланыстары, 2 кр.

Қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері

Шығыс әдебиеті- нің тарихы

Әдебиеттану


Шығыс әдебиеті нің қайнары

Әдебиетті жоғары мектепте оқыту әдістемесі

Тәуелсіз кезеңдегі қазақ әдебиетінің мәдени байланыстары


Қазақстан тек ұлттық мәдени өмірді дамытушы орталық қана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениеттерді зерттеудің орталығы болып табылады. Әдебиет адамзаттық ақылдың қозғаушы күштерінің бірі. Проза мен поэзия жан қозғалысы ретіндегі адамзаттық тарихты суреттейтін кейіпкердің рухани өмірін бейнелейді. Публицистика аса қарқынды дамып отырған жоқ. Бірақ қазіргі әдеби жағдайдағы сын мен әдебиеттанудың рөлі артып отыр. Ұлттық мәдениеттердің жойылмауы - ғаламдану кезеңінің басты проблемасы. Пән осы мәселелерді өзара байланыстыра қарастыра отырып, ғылыми тұжырымдарды талдауға бағытталған.

Шығыс тілдерінің әдеби тілдік бірліктерін меңгереді. Парсы, иран,т.б.тілдерінде жарияланған әдебиет үлгілерімен танысып,шығыс, қазақ әдебиетінің көпжылғы байланысын үйренеді. Шығыс әдебиетінің классикалық шығармаларын игеріп шығады.

КАМ5303

Көркем аударма мәселелері,2 кр.

Мәтінтану

Библиография

Тарихнама


Әдебиет және аударма Әдеби сын-жанрлар


Көркем аударма әдебиеттің дамуына игі әсерін тигізетін жағымды фактор. Аударма әдеби сын мен көркем әдебиеттің болашақ даму жолдарын көрсетіп отыратын болғандықтан да оның саласында шынайы әдебиеттің келбетін танытатын болжамдық сипат болады. Аудармашы көркем мәтіннің өзіндік ерекшелігін қамти отырып, оның эстетикалық табиғатын әсерлі беруі шарт. Сол себепті аударма мен әдебиеттің тығыз байланысы болады. Кейде шығарманың көркем түрде аударылуы әдебиеттің даму деңгейін де, автордың шығармашылық тұлғасын да айқын таныта алатын көрсеткіш. Осы тұрғыдан келгенде Көркем аударма мәселелері пәнінің Жоғары оқу орнында жүргізілуі өте құптарлық мәселе.

Көркем аударма жасауға үйренеді.

Аударма жасаудың міндеттері мен принциптерін меңгереді.Сөзбен, сөздік құраммен жұмыс жасау тәртібін игереді.Сөздік қоры молаяды.Фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұлға-құрылымдар, тілдік бірліктер мен категориялардың мазмұнын түсінуге жол ашылады. Өзге тілді үйрену дағдысы қалыптасады.Аударма жасаудың техникасын үйренеді.




Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы
2018 -> Сабақ мақсаттары: Aims: Барлық оқушылар: Архимед заңының формуласын есептер шығаруда қолдана білу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет