5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет1/10
Дата30.11.2016
өлшемі1,6 Mb.
#2849
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейлі СМЖ

құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-29.1.6/03-2013




ПОӘК

«Қазақ әдебиетінің тарихы 1960-2000жж.»

пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар


______2013 жылғы

№ 3 басылым




5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған
«Қазақ әдебиетінің тарихы 1960-2000жж.»

ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2016

ПОӘК 042-18-29.1.6/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

72беттің -беті


Мазмұны
1 Глоссарий

2 Дәріс сабақтарының мазмұны

3 Тәжірибелік сабақтардың мазмұны

4 Студенттердің оқытушының басшылығымен орындайтын жұмыс

шеңберіндегі тапсырмалар

5 Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмысы шеңберіндегі

тапсырмалар

6 Емтихан сұрақтары

7 Курст жұмыстарының тақырыптары

8 Студенттердің өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары




ПОӘК 042-18-29.1.6/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

72беттің 3-беті


Глоссарии.


  1. Азаматтық лирика-лирикалық поэзияның заман жайын,әлеуметтік мәселелерді қозғайтын үлкен бір саласы.

  2. Ақын - поэзиялық туынды, өлен, жыр - дастандарды ауызша немесе жазбаша айтып шығаратын өнер иесі, халықтың көркемдік дәстүрлерін қалыптастырып, жалғастыратын сөз шебері.

  3. Альбомдық лирика- орта ғасырдағы француз поэзиясының лирикалық жанры.Бұл жанырға жататын өлеңдерге тән басты қасиет-сыршылдық,нәзік сезімге берілу.Бұл қасиет оңаша, өзімен өзі болып отырып сыр шерту,көлденең адамға білдірмейтін ішкі сезімді,жүрек сырын қағазға жазудан келіп шыққан.

  4. Арнау - әдеби шығарма басында берілетін, сол шығарманың кімге, қандай уақиға байланысты екенін көрсететін, көбінесе өлең түрінде келетін автор сөзі.

  5. Әдеби қаһарман-әдебиеттің идеялық-эстетикалық роліне сай бейнеленетін тұлға.Әдеби қаһармандар шығармада өзіне тән рухани және қоғамдық жүк көтереді.

  6. Әдеби процесс-көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуын зерттейтін методологиялық әдіс.

  7. Әдеби сын-көркем шығармаларды талдап,баға беріп,олардың идеялық-көркемдік мәнін,әдеби процестегі алатын орнын анықтайтын әдебиеттану ғылымының негізгі бір саласы.

  8. Әңгіме-оқиғаны баяндап айтуға негізделетін,қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.

  9. Драма-(грекше drama-қимыл- әрекет )-сахнаға арналған,уақиғаны,оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін,көңіл күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығарма.

  10. Жанр-әдеби шығармалардың жеке түрлері,көркем әдебиеттің салалары.

  11. Кейіпкер (персонаж) –көркем әдебиетте роман,повесть,әңгімеде, драмалық шығармада, поэмада бейнеленетін уақиғаға қатысушы.

  12. Лирика-көркем әдебиеттің негізгі саласының,жанрының бірі, басты ерекшелігі–адамның көңіл–күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.

  13. Поэзия – көркем әдебиеттің ертеден қалыптасқан үлкен бір саласы, өлең жыр түріндегі шығарма.

  14. Поэма – оқиғаның өлеңмен баяндалып айтылатын, кейде жыр – толғау түрінде келетін көлемді шығарма.

  15. Повесть–оқиғаны баяндап айтуға негізделетін қара сөзбен жазылған, көлемді шығарма,эпикалық жанрдың орташа түрі.

  16. Реализм(латынша. realis–заттылық,шындық)-әдебиет пен өнердегі кең қанат жайған,өмір құбылыстарын бар қалпында, нақтылық сипат–белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс.

  17. Роман –сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында, жан–жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.

  18. Символ–әдебиетте ойды астарлап,басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне.

  19. Стиль-жазушының өмір шындығын танып–білу,сезіну қабілетін,бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға–бітімін танытатын даралық өзгешелігі,жазу мәнері, қолтаңбасы.

  20. Сюжет(франц. sujet–зат)-өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі,біртұтас желісі.




ПОӘК 042-18-29.1.6/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

72беттің 4-беті



  1. Тақпақ-қазақ өмірінде шешендік дәстүрмен байланысты туған өткір нақыл-ғибраттылық, мәнерлеп айтуға лайықты сөз нұсқасы.

  2. Тақырып-Әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы,айтылатын жай–жағдайлардың бағыт–бағдары.

  3. Тарихи шындық–өмір шындығының тарихи тақырыпқа арналған шығармадағы көркемдік көрінісі.Тарихи шындыққа қоғамдық өмірдегі нақтылы құбылыстар, болған уақиғалар,өмір сүрген тұлғалар арқау болады.

  4. Трагедия–сахнаға арналып жазылатын әдеби шығармалардың,яғни драмалық жанрдың бір түрі.

  5. Трилогия-мазмұн–мағынасы,сюжеті жағынан бір–бірімен тығыз байланысты,негізгі кейіпкерлері ортақ келетін,өзара жалғасып,тұтасып жатқан үш шығарма.



Дәрістердің қысқаша сипаттамасы
Дәріс 1 1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуы

Дәрістің мақсаты: 1960-2000 жылдар аралығындағы әдебиеттің даму жайын

меңгерту.



Дәрістің жоспары:

1.Жаңғыру кезіндегі қазақ әдебиеті.

2.Мал шаруашылығын өркендетуге байланысты туған шығармаларға тоқталу.

3.Қазақстандағы тың көтеруге баиланысты туған жаңа туындыларға шолу.

4.Зеиін Шашкиннің «Ұядан ұшқанда» , «Тоқаш Бокин», «Темір қазық», «Доктор

Дарханов», «Сенім», «Өмір тынысы» шығармаларындағы жаңа адам бейнесі.

5.Қ.Исабаевтің «Сұңқар самғауы» романы.

Бұл дәуірдегі әдеби қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі жазушылардың шығармашылық белсенділігінің артуы деуге болады. Бұл осы дәуірде туған прозалық шығармаларда айрықша танылды. Өмірді күнгей жағынан ғана алып, боямалап көрсету фактылары сынға ұшырағаннан кейін қазақ жазушылары бүгінгі маман шындығындағы қайшылықты құбылыстарды көріп зерттеуге, көркем бейнелеуге ұмтылды. Ел тарихындағы маңызды тарихи оқиғаларды суреттеуге ойысты.

Бұл саладағы жаңаша ізденістің бір үлгісін Мұхтар Әуезов көрсетті. Ол «Өскен өркен» (1962) романы арқылы бүгінгі күн тақырыбын игеруде өзгеше ізденіс танытты. Әдебиетте өз замандастарының бейнесін этикалық түрде бейнелеуді ойлаған жазушы өмірінің соңғы кезінде республиканы көп аралап, еңбек адамдарымен танысып, өмір сырына ой жібере қарады. «Өскен өркенде» ол Қазақстандағы бүгінгі мал шаруашылығының жайы және онда еңбек етіп жүрген адамдар тағдырын суреттеуді мақсат ете отырып, сонымен байланысты моральдык-этикалық, ұлттық дәстүрлер мен олардың жаңаруы, салт-санадағы ескі ұғымдар мен өзгерістер, жаңа адамды тәрбиелеу мәселелері тәрізді көптеген проблемаларды қозғады. Осы негізде Қазақстанды мекендейтін халықтардың бүгінгі қарым-қатынастарына үңілді. Өмір шындығын әрқашан қат-қабатымен көтеріп үйреніп жазушы бүгінгі тіршіліктің де күнгей жағын ғана қаузамай, дамуға бөгет болып отырған қиындықтар мен қайшылықтарды шыншылдықпен ашады. Романның бүкіл сюжеттік-композициялық, идеялық-көркемдік негізінен туатын қорытынды – мал шаруашылығын өркендетудің сенімді шараларын ойласудың қажеттігі (өмір бойы мал басының өсуіне бөгет болған жұт әлі бар, малшылардың көшпелі күйінде өзгеріс аз) мен сападағы ескілікпен аяусыз күресу (Айсұлу – Сағит оқиғалары) керектігі. Мұны жазушы кейіпкерлердің белсенді әрекеті мен іскерлігін күтіп отырған проблема етіп көтереді.


ПОӘК 042-18-29.1.6/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

72беттің 5-беті

М. Әуезов «Өскен өркен» арқылы қазақ әдебиетіндегі ұнамды кейіпкерлер туралы ұғымды кеңейте түсті. «Біздің замандасымыз – барша қауымның бақытын тілейтін, жалпақ дүниенің жан лебін жүрегімен ұғатын адам. Оны тебірентетін нәрсе жоқ - ел өмірі, достар мен қастар жайлы ойын бөледі, саясат та, ғылым да, өнер де, еңбектегі жеңіс пен жетімсіздік те, отаршылдыққа қарсы күрес те - бәрі-бәрі де оны толғандырады. Жеңісіміздің әр сәті - Кеңес еңбеккерінің жан-жүрегінің жарқ еткен сәулесі, жалт еткен ұшқыны іспетті. Ол өзі осындай адам»,- деп жазды ол «Қазіргі роман және оның қаһарманы» атты мақаласында. «Өскен өркенде» Мұхтар осындай қаһарманның жаңа үлгісін жасауға ұмтылды. Оның кейіпкерлері – бүгінгі заманның, қажырлы, жан-жақты білімді, адамгершілік мінездерді бойына жинақтаған тұлғалары. Олардың іс-әрекетінің өлшеуіші – қызмет емес, қоғам алдындағы жауапкершілік пен адамшылық игі қасиеттер Нил Карпов, Алмасбек Жайлыбеков, Әсия, Әлім, Ақан, Медет, Сағадат, тағы басқалардың бәрін де жазушы осындай жаңа қасиеттер тұрғысынан іріктеген. Мақсат, тілек бір болғанмен, олар характер есебінде дара-дара.

Көркем прозадағы шағын жаңалықтарын кең ашып, адамдардың өсу жолының күрделілігін көрсету, сол арқылы дәуір ерекшеліктерін диалектикалық тұрғыда танытудағы осы бастама Т. Ахтановтың «Боран» (1963) романында жақсы қолдау тапты. Жазушы онда күресте шыныққан, бойында рухани қуаты мол, моральдық сапасы биік еңбек адамының жаңа бейнесін жасады. Шығарманың сюжеттік желісінде ұзақ сонар баяндау жоқ. Ондашопан Қоспанның малымен ақтүтек боран астында қалып, бір отар қойды қалай аман алып қалу жолындағы арпалысы суреттеледі. Сол арқылы Тахауи Қоспан тағдырына, оның ішкі сырына, ол бастан кешкен дәуірдің өзгешеліктеріне үңіледі. Боранмен атыса жүріп, өз басынан кешкен өмір белестерін еске алады, терең ойға батады. Шығарма композициясын ұстап, тұтастырып тұрған да осы ойлар, қаһарманның ішкі монологы.

Қоспан тағдырына үңіле қарасақ, оны тағдыр маңдайынан сипап өсірмегенін көреміз. Ол ылғи өмірдің кедергілеріне кездесіп, соларды көре жүріп өсіпті, өмірдің зіл салмағын көтеріпті. Көрген рахатынан бейнеті көп осы азаматты қажытпай алып келе жатқан – Қоспанның өмір сүйгіштігі, жан дүниесінің тазалығы, рухани байлығы. Жазушы шығарма идеясын осыны көрсетуге құрады. Осы бір тұстан әдебиетке қойылған талап – өмір шындығын жеңіл етіп көрсетпей, кейіпкер бейнесін терең тартыста, күресте таныту Тахауиша жаңа ой салғаны көрінеді.

Қоспан бойында еңбек адамына тән іс-әрекет, көзқарас мол. Жаратылысында қарапайым, адал, жұртқа сенімі мен сүйіспеншілігі мол Қоспан – қысылтаяң күндерде қайраттанып кететін ер. Майданда взвод командирі Қасболаттың адьюданты бола тұрып, ол шегініп бара жатқан әскерлерге мүмкіндік беру үшін жау тосқауылын бөгеуге сұранып қалады. Осы ұрыста есін білмей жараланып, жау қолына түседі. Тұтқын лагерінде азаптар шегеді. Лагерьден қашып, ұсталып, неше түрлі қинау көреді. Бірақ ол тағдырына налымайды, көнбістік танытады, мойымайды.

Соғыстан соң туған ауылына келген ол жұмысқа орналаса алмайды. Жау тұтқынында болған адамға сенімсіз көзқарас оның алдынан шығады да тұрады. Ауданда басшы қызметте отырған Қасболат та көмектесе алмайды. Ақыры жұмыс таңдап үйренбеген Қоспан тері-терсек жинайтын мекемеге кілтші болып орналасады. Мекеме бастығы Жаппаспай деген алаяқ қу екен, Қоспан оның алдампаз, екі жүзділігін бетіне басып айтады да, ауылға шопандыққа кетіп отырады. Ал, шопан өмірінің қиындығы бір басқа. Қарауындағы мал қамын ол ойлағанмен, басшылар ойламайды, оны табиғатқа тәуелді етпей бағуға жағдай жоқ. Колхоз басқармасына айтқан ұсыныстар қолдау таппайды. Сөйтіп, мал боранда қалды. Долы боранда мал бір жағынан үсікке ұшырайды, екінші жағынан қасқыр қырады. Астындағы атын да қасқыр жарып, өзі жаяу қалады.

Тахауи осының бәрінде де Қоспанды орнықты, ісіне адал, сенімді, тәуекелі де, жауапкершілігі де күшті характер етіп бейнелейді. Өмірде сәтсіздікке көп кездессе де, ол

ПОӘК 042-18-29.1.6/03-2013

№1 басылым 05.09.2013

72беттің 6-беті

жауапкершіліктен тайсақтап, қорқақтық көрсетпейді. Командиріне еріп кетіп қалуға болатын адьюданттың жауды бөгеуге сұранып қалуы, қашып шығудың қиын екеніне жарамай, жау лагерінен кетуге жасаған әрекеттері, Жаппасбаймен қақтығыс, малды шөп азайған тұста қолға қамамай, далаға алып шығуы оның тәуекелшілін, өзі бет алған ісіне беріктігін танытады. Ол еш уақытта ақтала сөйлемеген өзіне сену, өзінің тазалығына сену – оның басты адамдык сапасы. Ойланғанда ол көрген қиыншылықтарын емес, соны тудырып жатқан жағдайларды сске алады. Тұтқында болғаны мұның бетіне неге шіркеу болады? Оның еркімен жауға берілмейтінін, ержүрек жауынгер болғанын Қасболат білетін еді ғой, ол неге ара түспсйді? Неге өзі басқалармен бірге күдіктене қарайды? Ауыл басшылары неге мал бағу жағдайын жақсартуға енжар? Осы ойлар Қоспанды қинайды. Шығарма осылай проблемалығымен, кесек характерімен бағалы. Адамның рухани күші тағдырдың қандай қыспаққа түссе де, оны ілгері жетелейтін, еңсесін түсірмейтін биік саға екенін Тахауи терең аша білді.

Мал шаруашылығын өркендету шараларын проблемалық тұрғыда көтере отырып, ондағы адам тағдырының әр-қилы өзгешеліктеріне көңіл бөлу Т.Әлімқұловтың «Ақ боз ат» (1962) романында да байқалады. Мұнда қазақтың қанына сіңген жылқы құмарлық, жүйрік ат баптау, бәйгеге қосу, сонымен бірге сауықшылдықты қызық көрген елдің дәстүрлі кәсібі мен өнері кең бейнелі сурет табады. Біркімбай бейнесінен осындай қазақтың табиғатын, еңбекқорлық, адамилық ар-намыс, борыш атаулыны бағалайтын тұлғаны танысақ, өмірі еңбекпен өткен Гүлбаршынның да тұтас характерін көреміз. Оның бейнесін жасауда жазушы отызыншы жылдардың ауыр кезеңі оқиғаларына сүйенген. Бұл жылдардағы Кеңестік жалған белсенділік «Алтын тіс» - бойында жинақталған. Ұсақ мінезді, пасық Қараштың типінде де іштарлық, көре алмаушылық мінездердің айқын көрінісі бар.

Бұл жылдардағы ауыл еңбеккерлері жайлы романдарды Қазақстанда тың көтерумен байланысты туған жаңа туындылар толықтырды. Бұлардың ішінде С. Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», 3. Шашкиннің «Сенім» романдары көрнекті орын алады.

«Жапандағы жалғыз үй» – тың игеру тақырыбына арналды дегенмен, шаруашылық мәселелерін емес, адам тағдырын, оның өсу, өзгеру психологиясын тартымды суреттеген шығарма. Онда елдегі әлеуметтік өзгерістер бір отбасының тағдырына байланысты көрсетіледі. Жазушы онда заманның, уақыттың адамға, оның тағдырына кайшылықты әсер етіп жатқанын атады. Тың көтеру ісі де қайшылықты. Жапандағы жалғыз үйдің құлауы, бір жағынан, жаңарып жатқан тіршіліктің ықпалы болса, екінші жағынан, шаруаның жеке меншікшіл сезімінің күйреуін аңғартады. Коллективизация кезінде де солай болған. Шаруаны жерден айырған. Ескі дәстүр, ұлттық ұғымдар шектеле бастады. Сәкен мұны ашып айтпағанмен, характерлер, адам психологиясы арқылы танытады. Адам өмірі, олар көрген, жақсылық пен зорлық та сабақтас, Күргерей әңгімесінен, мұны анық түсінеміз. Жер ана жаңа адамдардың қолына тиді. Тағдыры не болады? Олар қайда апарады? Үлгі тағдыры, не күйге түседі? Роман осы тәрізді көптеген сұрақтар қояды.

Өзін өзі тексеру сұрақтары:

1.М.Әуезовтің «Өскен өркен» романы не жайында?

2.Тың көтеруге байланысты жазылған қандай шығармалар бар екен?

3.Ертіс Қарағанды каналы бойындағы жұмысшылар еңбегі қай романда сөз болды?



Әдебиеттер:

1. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті Оқу құралы. – А: Білім, 1998

2. Қирабаев С. Революция және әдебиет.-А.,1977

3. Қирабаев С. Октябрь және қазақ әдебиеті.-А.,1968

4. Кәкішев Т.Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Оқулық. – А: Санат, 1975

5. Кенжебаев Б. Әдебиет белестері.-Алматы,1986.-396б

6. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы Оқулық. Алматы: Санат, 1994

7. Тоқсамбаева А. Қазіргі қазақ әдебиеті(1960-2000).Оқулық; Семей, 2011ж; «Интеллект». –279 бет.

8. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 2-кітап. А., 2001ж.

9. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

10.Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Оқу құралы. – А: Қазақ универ, 2002

11. Бердібаев Р. Қазақ совет әдебиетінің қалыптасуы. А., 1971 ж.

12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. А., 1979 ж.

2 ДӘРІС 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің әдеби-эстетикалық,саяси



әлеуметтік даму жайы

Дәрістің мақсаты: Қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту

мен зерттеудің басты принциптерін меңгерту.



Дәрістің жоспары:

1. 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиеттің өзіндік ерекшеліктер.

2.1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің әдеби эстетикалық,саяси әлеуметтік дамуы.

3.1970-80 жылдары жанр төңірегінде жеке көлемді зерттеулердің шыға бастауы.

4. Ел тәуелсіздігі және әдебиеттегі көркемдік-эстетикалық, ұлттық-гуманистік өркендеу

үдірісі.

Жалпы қазақ әдебиетінің даму тарихына көз жүгіртсек, әріден келе жатқан ақын-жыраулар кезеңін алмай, діни-ағартушылық, демократтық, ұлт-азаттық көтеріліс, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі әдебиетпен салыстырғанда 1960-2000 жыл кезеңіндегі әдебиет өзіндік ерекшеліктерге ие.

Бұл ерекшеліктер: жаңашыл көзқарас, жаңа заман, жаңа бағыт.

Қаламдары қатая, шығармашылықтары шыңдала түскен қылқалам шеберлері мен шалқар шабыт иелері тудырған шығармаларда енді жаңашыл пайымдаулар, көзқарастардың белең алуы айқын аңғарылады. Сонымен қатар бұл кезеңдегі әдебиетке тән ерекшеліктердің бірі-жазушы шыншылдығы, туынды тарихилығы, шығарма ақиқаттылығы, яғни кешегі күнде көлеңкеде қалып қойған ащы шындыққа сәуле нұрын шашып, өмірді күңгей жағынан алып, боямалап көрсетпей, қоғамдағы маңызды мәселелерді барынша шынайы көре аламыз.

Кешегі күнде әдебиеттің қайнар көзі болған ел тағдыры, жер тағдыры, отарлау саясаты, майдандағы жауынгер тағдыры сынды мәселелер енді қазақ қоғамына келе бастаған жаңашылдыққа ұласа бастады. Сол тұста жарық көрген роман болсын, өлең сөз туындылары болсын тек тақырып жағынан ғана ерекшеленбей, сонымен қатар сюжеттік-композициялық, идеялық-көркемдік тұрғысынан да, яғни шығармадағы каһарман бейнесін сомдауда, дәуір ерекшеліктерін танытуда өзіндік жаңалықтарға ие.

Тілге тиек еткен мал шаруашылығы, тың игеру, егіншілік, өндіріс жұмыстары, күнделікті күйбең тіршілік қарбаласындағы қара жұмыс адамының образын жасау барысында сол кездегі дәуір көрінісін бейнелей келе, әдебиетте қазіргі заман шындығын суреттеп, адамның бүгінгі бейнесін танытуға ұмтылады. Сонымен қатар осы кезеңдегі әдебиетке тән бір ерекшелік, бұл-адам психологиясы, яғни адамгершілік қасиеттер: ар-намыс, қажырлылық, жігер, ұят, борыш, еңбекқорлық сынды рухани құндылықтар мен іштарлық, көре алмаушылық, жемқорлық, жағымпаздық сияқты жағымсыз мінездер арпалысып, замана сомдаған адам бейнесін айқын танытады.

1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің әдеби эстетикалық,саяси әлеуметтік дамуы қадамдай, қарыштай қарқындады. Бірінші дәрісте айтылғандай, қаламгерлер қатары молайып, 600-ге жетті. Жалпы қазақ әдебиетінің сол кездегі бүкіл әлемдік көркемдік дамуға қосқан өзіндік өзгешелігін пайымдағанда, ең алдымен, оның жоғары идеялы, асыл мұратты әдебиет екені ойға оралады. Адамзаттың рухани қазынасына айналған шығармалар тек белгілі бір құбылыстар мен байланыстардың, күрестер мен тартыстардың шыншыл шежіресі ғана жасап қоймай, сан миллион еңбекші қауымға әділ ұстаз, тамаша тәлімші қызметін де атқарып келеді.

Қазіргі реалистік қазақ әдебиетінің алдында бұрынғыдан да биік міндет тұр. Реалистік әдебиетте үстем таптың ғасырлар бойғы өктемдігін құлату, жаңа қоғам орнатылған кездегі қазақ ортасының өзгерісінен бастап, өмір шындығының белес-белестерін бейнелеген шығармалар шырқау биікте. Әлем жұртшылығының назарын аударудың ең тура жолы–қазақ халық өмірінің терең тамырларын, сүйкімді артықшылықтарын толық та анық көрсете білу. Қазақ әдебиетінің үздік үлгілері реализмнің, яғни шыншылдықтың биік талаптары тұрғысында жасалған белгілі. Бүгін тек қана Қазақстанға ғана емес, жер жүзінен танымал шығармаларды атап өтсек, қазақ әдебиетінің даму сатысының жоғарылағанын аңғаруға болады. Мұндай таңдаулы туындылар қатарына жататын Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер», Ә.Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романдары неміс, француз тілдеріне тәржімаланса, І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы көгілдір экран бетіне шығып, әлем жұртшылығы назарын өзіне аударды.

Әлбетте шығарманың нарқын шет тілдерге аудару мәселесі ғана анықтай бермейді. Дегенмен, әдебиетіміздің абыройы асқақтауы үшін оның жер шарына неғұрлым кең де, мол тарай беруі қуанышты жағдай.

1960-2000 жылдардағы қазақ әдебиетінің дүниеге әкелген жаңалығы- билеушісі жағдайдың құлы емес, болашаққа сеніммен қарайтын, халықпен ынтымақтас, өз мүддесін көптің мүддесімен бірлестіре білетін жаңа қаһармандар. Әдебиетіміздің бүкіл өзіндік жүрістері мен келістері, айрықша ажары мен көркі де осы қаһармандарға байланысты. Халықтың қалың ортасынан шыққан еңбекқор, кертартпа кесел атаулымен мәмілеге келмейтін жігерлі күрескер адам–әдебиетіміздің орталық тұлғасы болып келеді.

Халық өмірінде өшпес із қалдырған оқиғалар сырына үңілу, ел тіршілігінің ұрымтал тұстарын жан-жақты көрсету, қоғамның, адамның тарихы мен тағдырын алғы кезекке қою да қазақтың сол тұстағы (1960-2000) әдебиетіне тән сипаттың бірі болып қалыптасқан. Мәселен, ең елеулі шығармалар «Ақтабан шұбырынды», жоңғарлармен соғыс сияқты жағдайларға, ұлт-азаттық көтеріліс, Азамат соғысы, Ұлы Отан соғысы сияқты тарих кезеңдерге арналған. Өмірдің сан алуан тақырыптарының ішінен ең елеулісін іріктеп алуға да реализмнің өмірінен шыншылдығы ықпал етті. Сол тарихи құбылыстарды диалектикалық шындығымен неғұрлым ақиқат, анық танытатын шығармалар жасауда қаламгерлер барынша шеберліктерін шыңдай түсті.

Дамуымыздың қазіргі кезеңіне сай жекеленген қайшылықтар, кемшіліктер ұшырайтыны мәлім. Дәуір қаһарманының, озық адамның күресетін, өз қасиетін толық ашатын саяси, зияткерлік, адамгершілік майданы қайсы дегенді суреткер философша терең пайымдай, үлкен характерлер, сан тұлғалар жасай алуы екі талай. Әдебиетіміз жоғары идеялылықпен қатар биік көркемдікті, қуатты азаматтық пафосты қатар алып жүруі шарт.

Кеңестік дәуірдегі әдебиеттің дамуына байланысты қазақ әдебиетін зерттеу еңбектері мен сыни мақалалар көптеп шыға бастады. Осындай зерттеу еңбектің тұңғыш туындысы 1949 жылы «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі» талабына жауап бермейді деген сылтаумен сыналғанымен, 1960 жылы жаңа нұсқасы қайта басылып шықты. 1967 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихы» деген атпен үшінші томы жарық көрді. Бұл зерттеу еңбегіне қазақтың «ақтаңдақтары» – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Дулатов, М.Жұмабаевтар мен Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин, А.Тоқмағамбетов, Т.Жароков, Ә.Тәжібаев т.б. шығармашылықтары жайлы монографиялық тараулар енді. 1960 жылы С.Сейітовтың «40 жылда», 1962 жылы Б.Кенжебаевтің «20 жыл Қазақ совет әдебиеті» еңбектері әдебиет дамуының кезеңдеріне шолулар жасады. Әдеби процесс-жанрлық, тақырыптық даму тұрғысынан да, жеке ақын-жазушылардың шығармашылық жолын жинақтау, әдебиет тәжірибесін теориялық қорыту жағынан да зерттеле бастады.

Ә.Тәжібаевтің «Өмір және поэзия» (1962), Б.Шалабаевтың «Қазақ романының тарихы» (1966), Ш.Ахметовтың «Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі» (1960) Ә.Сатыбалдиевтің «Рухани қазына», «Аударма проблемалары жайында» (1964), М.Базарбаевтың, Т.Кәкішевтің, З.Ахметовтың, Қ.Жұмашевтың көптеген монографиялары мен зерттеу еңбектері жарық көре бастауы қазақ әдебиетінің дамуының айқын көрінісі болды.

Сонымен қатар, көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына талдау, сыни пікірлер жазылған мақалалар, мысалы, 1962 жылы С.Қирабаевтің «Сәкен Сейфуллин», Т.Нұртазиннің 1960 жылы «Жазушы және өмір», 1960 жылы «Бейімбет Майлиннің творчествосы»,М.Дүйсеновтың «І.Жансүгіров» (1965 ж), «Ақын мұраты» (1967 ж) тағы басқа арнау –жинақтар жарық көрді.

Ал, 1972 жылы КОКП орталық комитетінің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысы шыққаннан кейін, әдеби сынның беталысы қарқындап, өркендей түсті. Жыл сайын баспасөзде «Уақыт және қаламгер» атты сын еңбектер жинағы қалыптасты.

1970-80 жылдары жанр төңірегінде жеке көлемді зерттеулер шыға бастады. Поэзияны жете зерттеген З.Қабдолов, З.Ахметовтың әдеби-теориялық ғылыми талдаулары – «Жанр поэзиясындағы дәстүрдің ұласуы» (1981), «Көркемдік кілті-шеберлік» (1985) жарық көрсе, Ә.Тәжібаев, Е.Жақыпов, Р.Нұрғали зерттеген драма жайлы сыни еңбектер баспа бетін көрді. Ал проза саласын зерттемеген әдебиетші болмаған деп айтсақ та артық емес. Р.Бердібаевтің, М.Базарбаевтың, Ш.Елеукеновтің, Ә.Нағыметовтың, Б.Майтановтың, З.Серікқалиевтің, Ә.Әзиевтің көптеген прозаның көкейкесті мәселелері мен даму ерекшеліктері жайлы сыни пікірлері мен зерттеу мақалалары жинақталды.

1988-1989 жылдары «ақтаңдақтар аталған» Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбектер ақталып алынған соң, осы сынды ақын-жазушылар мұрасын насихаттау мақсатымен Ш.Сәтпаеваның 1993 жылы «Ш.Құдайбердиев»,сол жылы С.Қирабаевтың «Ж.Аймауытов», Ш.Елеукеновтің «Мағжан» (1995) атты зерттеу кітаптары жарық көрді.

1960-2000 жылдардағы әдебиетте проза саласының қарқын алып дамуына үлкен үлес қосқан қаламгерлер М.Әуезов, Т.Ахтанов, Т.Әлімқұлов, С.Жүнісов, З.Шашкин, І.Есенберлин, Қ.Исабаев, тағы басқалар қатарына сөз өнерінің жас күштері Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Ә.Тарази, Қ.Жұмаділов, Д.Исабеков, Ә.Әлімжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Нұршайықов, Х.Есенжановтар қосылды.

Қазақ жеріне келген жаңашылдықты, қоғамдағы әлеуметтік жағдайды шынайы жеткізе білген. Ғ.Мүсіреповтың 1984 жылы жарық көрген «Жат қолында» шығармасы. Кітап баспадан 1984 жылдың аяғында шығып тарай бастады. 1985 жылдың 25 қаңтарында Социалистік Қазақстан газетінде «Жат қолында» романы жайында М.Базарбаевтің мақаласы басылып шықты. Ғ.Мүсіреповтың жаңа туындысы «Жат қолында» өзінің көзі тірісінде-ақ оқырман қауымнан жақсы бағасын алған. Роман бұрынғы «Оянған өлкенің» жалғасы. Ондағы оқиғалар ілгері дамыған. Сонымен бірге жаңа дәуірдің жаңа адамдарын, қазақ қоғамының нағыз оянған-екі ғасыр аралығы мен ХХ ғасырдың бас кезін қамтыған дербес туындыдай.


Каталог: ebook -> umm
umm -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
umm -> Жалпы және заң психологиясы терминдерінің қысқаша сөздігі. І бөлім. Жалпы психология пәнінің терминдері
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> ПОӘК 042-14-5-05. 02. 20. 22/2013 № басылым
umm -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umm -> «Ежелгі дәуір әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100- Қазақ тілінде
umm -> Оқытушы үшін «Қазақстан тарихы»
umm -> Әбікенова Гүлнафис Төкенқызы Қазақ тіліндегі эпистолярлық стильдің лингвистикалық сипаты
umm -> Педагогика кафедрасы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет