«5В050400-Журналистика» Шығарма тақырыптары: «Мәңгілік Ел»



Дата13.05.2020
өлшемі16,21 Kb.
#67618
Байланысты:
2014 1-2- (1)




Халықаралық Ақпараттық Технологиялар Университеті «электронды журналистика» мамандығы бойынша болатын шығармашылық емтихан (1-кезең, жазбаша )

«5В050400-Журналистика»

Шығарма тақырыптары:


  1. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұраты.

  2. Еркін елдің ұланмын.

  3. Айналаң-аялы алтын бесігің (экология тақырыбы).

  4. Үш бақытым ( ана тілім, туған жер, асыл халқым).

  5. Сырға толы сүйікті елім.

  6. Қол бастау қиын ба, сөз бастау қиын ба?

  7. Тіл-адамның бейнесі, айнасы.

  8. Қазақ тіліндегі жаңа медиа: бүгінгі мен ертеңі.

  9. Әлеуметтік желілерді (twitter, facebook, платформа блогы ) тиімді пайдалану.

  10. «Экспо-2017» халықаралық көрмесі –ғылым мен техниканың дамуына жаңа серпін беретін жоба.



Халықаралық ақпараттық технологиялар Университеті «электронды журналистика» мамандығы бойынша болатын шығармашылық емтихан (2-кезең, ауызша )
Шығармашылық емтиханның сауалдары:
1- блок.БАҚ, әдебиет және өнер
1. Неліктен сіз журналист мамандығын таңдадыңыз? Болашақта бұқаралық ақпарат құралдарының қай саласында қызмет еткіңіз келеді?

2. БАҚ-тың қай саласы сіздің жаныңызға жақын? (теледидар, радио, газет-журнал, Интернет басылымдар )

3. Газет оқисың ба? Қандай басылымдарды білесіз?Олар несімен ұнайды?

4. Қандай журналистерді білесіз? Олардың шығармашылығы сізді несімен қызықтырады?

5. Қандай Қазақстандық тележүргізушілерді білесіз?Олардың кәсіби деңгейін қалай бағалайсыз?

6. Отандық ток-шоулар. Сіз қандай телехабарларды көресіз? Олардың сапасы туралы не айтар едіңііз?

7. Сіздің сүйікті көркем шығармаңыз.

8. Әлемде қандай маңызды оқиғалар болып жатыр? Күнделікті ақпаратты қайдан оқисыз?

9. Қандай отандық ақпарат сайттарын білесіз?

10. Қандай көркем фильмдер көргенді ұнатасыз?

11.Қазақтың қандай жазушыларын сүйіп оқисыз? Соңғы оқыған көркем әдебиетіңіз?

12.Өзіңіз клип, фильм түсіріп көрдіңіз бе? Қандай тақырыптар сізге жақын?

13. Қандай компьютерлік бағдарламаларда жұмыс жасай аласыз? Мектеп қабырғасында газет шығарып көрдіңіз бе?

14. Қазақстандық және Ресейлік телеарналарға салыстырмалы талдау жасаңыз?

15. Қандай Қазақстандық телеарналарды білесіз? Қай арнаны көп көресіз?

16. Қандай шетелдік танымал телекомпанияларды білесіз? Олардың телетуындыларына қандай баға берер едіңіз?

17. Қандай радиоарнаны тыңдайсыз? Ондағы авторлық бағдарламаларға назар салып көрдіңіз бе?

18. Дәл қазір, осы қабылдау емтиханынан тікелей репортаж жүргізе аласыз ба?

19. «Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде білім алудың маңызы» атты тақырыпта оқу ордасының бір өкілінен сұхбат алыңыз?

20.Қазақстандағы салалық телеарналар. «Балапан», «Мәдениет», «24kz» т.б

21. Қазақ сайттары. Оның тақырыптық-көркемдік жағына сипаттама.

22. Әлеуметтік желі. Олардың түрлері.

23. Әлеуметтік желі және журналистика.

24. Азаматтық журналистика дегенді қалай түсінесіз?



2-блок.Саясат, әлеумет, экология.
1. «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ». Мемлекет басшысының жолдауы.

2. ҚР Президентінің халыққа жолдауы.

3. «2050» стратегиялық бағдарламасы.

4. Біріккен Ұлттар Ұйымы.

5. Еліміздің саяси-экономикалық дамуының басым бағыттары.

6. Халықаралық ЮНЕСКО ұйымының функциялары.

7.ЮНИСЕФ – балалар құқығын қорғау ұйымы туралы не білесіз?

8.Қандай журналистік ұйымдарды білесіз? Олардың қызметі.

9. Қазақстан журналистер одағы. Оның төрағасы кім?

10. Журналистер құқығын қорғайтын Халықаралық және Қазақстандық ұйымдар.

11. Қоршаған ортаны қорғау ұйымдары.

12. Қазақстан-демократиялық мемлекет.

13. Қазақстан – құқықтық мемлекет.

14. Қазақстан Республикасының құрылымы. ҚР Президенті. Қазақстан үкіметі. ҚР Парламенті.

15. «Экспо-2017» халықаралық көрмесі –ғылым мен техниканың дамуына жаңа серпін беретін жоба.
3-блок.

Өзіңіздің БАҚ беттерінде жарық көрген, сондай-ақ әлі жарыққа шықпаған шығармашылық материалдарыңызды арнайы папкаға жинақтайсыз. Соның негізінде жеке шығармашылық жұмысыңызды қорғайсыз. Сондай-ақ, сценарийлік жоспарларыңыз болса, өзіңіз жасаған сайтыңыз не болмаса бейне, аудио материалдарыңызды көрсетуге мүмкіндігіңіз бар.



P.S. Шығармашылық емтихандар:

1-кезеңі- 3-шілде 2014ж. сағ.10.00. ауд 301.



2-кезеңі-4-шілде 2014ж.сағ.10.00. ауд. 301.

Шығармашылық емтиханнан жоғарғы балл - 25.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет