5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіби қазақ тілі»



бет1/2
Дата11.03.2017
өлшемі0,8 Mb.
#11400
  1   2



Алматы, 2014

Құрастырғандар: Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, аға оқытушы А.Ө. Нұртазина,

Маркетинг және мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі кафедрасы

т.ғ.к., доцент Р.Е. Таракбаева


Силлабус 5В091200 «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіби қазақ тілі» жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған.

Силлабус кафедра отырысында қарастырылған

«____»_______________ 20___ж. № ____ хаттама
Кафедра меңгерушісі____________________Г. Садыр

Кіріспе
Кәсіби қазақ тілін оқыту үрдісінде болашақ маманды қалыптастыру үшін сөйлеуде қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды игерту қарастырылады. Кәсіби қазақ тілінің зерттеу нысаны — сөйлеу тілі қалыптасқан үйренушілердің қазақша сөйлеуін, жазуын, баяндауын мамандықтарына қатысты жетілдіру, лексикасын байыту.

Кәсіби қазақ тілі пәнін оқыту практикалық сабақтар, ОБСӨЖ (Студенттің оқытушы басшылығымен жүргізілетін жұмысы), СӨЖ (Студенттің өздік жұмысы) арқылы жүзеге асырылады.



Кәсіби қазақ тілін оқытудың мақсаты: коммуникативтік құзыреттілік дағдыны қалыптастыру және дамыту, бәсекеге қабілетті әрі құзыреттілігі жоғары тұлғаның кәсіптік маңызы бар жағдайларда ғылыми тілмен қазақша ойын толық және анық жеткізуі үшін тілдік кәсіби бағдарға дайындықты қамтамасыз ету.

Кәсіби қазақ тілін оқытудың міндеттері:

  • қазақ тілін кәсіптік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • қазақ тілін іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде меңгерту;

  • студенттердің ауызша және жазбаша кәсіби салада сөйлеу тәртібі мен мәдениетінің деңгейін көтеру;

  • мамандық туралы энциклопедиялық және зияткерлік – мәдени мәліметтермен студенттердің білімін толықтау;

  • студенттердің диалогтық және монологтық сөйлеуін, ауызша және жазбаша түрде дамыту.

Алдыңғы деректемелер: мәліметтерді беруге дайындығы болуы; белгілі бір тақырыпты талқылауға деген өз қабылдауының болуы; тұрмыстық сөйлеу жағдаяттарында әңгімені қолдау және талқылай білуі; алған мәліметтерге өз көзқарасын білдіре алуы; мәліметтерді беруге дайын болуы; нұсқау, кеңес бере білу; мәліметтерді беруге дайындығы болуы керек.

Кейінгі деректемелер: оқудың басты стратегиясын пайдалану; мәтіннің негізгі идеясын түсініп, қажетті ақпараттарды ала білу; мамандық бойынша ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу, таңдаған кәсібі бойынша баяндама жасай білу. оқу-кәсіби сала бойынша сәлемдесуді, алғыс білдіруді, сұхбаттасуды, келісуді, келіспеуді, талап етуді және т.б. білуі тиіс.

Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктіліктерді меңгеруі керек:



Пән бойынша үйренген тілдік дағдыларды, лексикаларды жинақтай келе, ұжымда жұмыс істей білуге, тіл табыса білуге үйрету. Көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге, ойларын нақты, дәл жеткізе білуге үйрету. Ресми тілде меңгерген материалдарды сөз әдебі тұрғысынан орнымен қолдануға, орнықты жауап беруге, сөйлеуде, жазуда, ойды жеткізуде сыпайы сөздерді таңдап алуға дағдыландырады.

Пәндік мамандандырылған:



Тыңдалым бойынша:

  • берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;

  • түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жекелік мағыналық бөлшектері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс;

  • іскер-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білу тиіс;

Оқылым бойынша:

  • оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық және себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі;

  • мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы,баяндаманы оқу барысында оқудың стратегияларын қолдана білуі;

  • мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;

  • хабарға, ақпаратқа өзінше түйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білу тиіс;

Жазылым бойынша:

  • мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырта, толықтыра, өз бетінше өңдей білуі тиіс;

  • ғылыми баяндама, мәлімдеме, баяндама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білуі тиіс;

  • нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары, тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі тиіс.

Айтылым бойынша:

  • өздеріне ұсынған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады.

  • берілген тақырып бойынша таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгімелеп айта білуі;

  • баяндама жасай білуі, сұхбат құра білуі тиіс;

  • айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпараттар ала білуі;

  • мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарастарын серіктесіне жеткізе білуі;

  • естіген ақпараттары жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс;

  • қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметтері мен оған қажетті тілдік сөз орамдарын, сөздер мен сөз тіркестерін сөйлеуде орнымен қолдану, үйрету;

  • сөз мәдениетінің негізін ұлттық әдеп пен тілдік этикетті білдіретін шаблондар арқылы игерту;

  • кәсіби тілде сөйлеу мен жазу үлгілерін ресми кездесулерде, келіссөздерде, пікірталастарда қолдана алуға дағдыландыру;

  • іскерлік қарым-қатынастағы оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңның» 4-бабында жазылғандай қазақ тілі мемлекеттік тіл болып саналғандықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында барлық деңгейлерде типтік бағдарламалар негізінде тақырыптар беріледі.

Кәсіби қазақ тілінде берілген бағдарлық тақырыптарды игеру арқылы ресми тілде сөйлеу, жазу түрлеріне машықтандыру, кәсіби терминдер бойынша ауызша және жазбаша жұмыстарын сауатты жүргізу ескеріледі. Сонымен қатар, кез келген ресми және бейресми жағдайларда қарым-қатынас жүргізе алатын тақырыптық диалог үлгілері, аудио материалдары да кеңінен қамтылған.


Күнтізбелік – тақырыптық жоспар




Модульдік тақырыптар

Апта бойынша бөлінуі

Практикалық сабақтар

ОБСӨЖ

СӨЖ

1

2

3

4

5

1.

Бизнес және біз...

3

1

2

2.

Бизнесті жүргізудің құпиялары

3

1

2

3.

Қонақ үй туралы жалпы түсінік

3

1

2

4.

Қонақ үйлердің классификациясы

3

1

2

5.

Қонақжайлық индустриясы

3

1

2

6.

Қонақ үй бизнесіндегі маркетинг

3

1

2

7.

Әлем қонақ үйлері

3

1

2

1 Аралық бақылау

8.

Мейрамхана туралы жалпы түсінік

3

1

2

9.

Мейрамхананың даму эволюциясы

3

1

2

10.

Мейрамханалық бизнес

3

1

2

11.

Мейрамхана бизнесін дамыту жолдары

3

1

2

12.

Мейрамхана маркетингі

3

1

2

13

Қазақстандағы мейрамхана бизнесі

3

1

2

14.

Мейрамхана мәдениеті

3

1

2

15.

ХХІ ғасыр мейрамханасы


3

1

2

2 Аралық бақылау

Барлығы 90

45

15

30

Емтихан сессиясы




Практикалық сабақтар мазмұны, бақылау түрі және бағалау


р/с

Модульдік тақырыптар

Тақырыптардың мазмұны

Бақылау түрі

Ұсыныла-

тын әдебиеттер


Ұпай саны

1

Бизнес және біз...

1. Бизнес дегеніміз не?

2.Бизнесті ұйымдастырудың жолдары

3. Сөйлесім: Көшеде жүру тәртібі. Ана, Жер-ана.


Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгімелеу, ой бөлісу, пікір-талас


Ғ.Ә. Байтілеуова, Ш.С. Сұлтанова

Іскерлік қазақ тілі

Алматы, 2009.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер. Қазақ тілі энциклопедия. Алматы, 1998.



100

100
100




2

Бизнесті жүргізудің құпиялары

    1. Бизнесті қаржыландыру көздері

    2. Бизнес жоспар

3. Сөйлесім: Бағдаршамның шығу тарихы. Таулар, таулар.

Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



Ғ.Ә. Байтілеуова, Ш.С. Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі

Алматы, 2009.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100

100


3

Қонақ үй туралы жалпы түсінік

1.Қонақ үйдің шығу тарихы

2. Қонақ үйдің мәні мен мазмұны

3. Сөйлесім: Базар тынысы. «Әнші құм» - табиғат ескерткіші.


Пікір-талас

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



Бәкей Е.

Қонақ үй бизнесі Алматы, 2012.

Қапасова Б.Қ. Қазақ тілін жедел оқыту. Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100


100

4

Қонақ үйлерді классификациялау және олардың түрлері

1.Классификация туралы жалпы түсінік

2. Қонақ үйдің түрлері

3. Сөйлесім: Көк базар. Ғылым күмбезі.


Әңгіме

леу, пікір-талас баяндау



Бәкей Е.

Қонақ үй бизнесі Алматы, 2012.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100
100



5

Қонақжайлық индустриясы

1.Қонақжай индустриясындағы сервистік қызметті сапалы басқару

2.Қонақ үйдегі қосымша қызмет түрлеріне қойылатын талаптар

3. Сөйлесім: Электр қуатын үнемдеу. Ғарыштан естілген қазақ тілі.



Әңгімелеу, пікір-талас баяндау

Бәкей Е.

Қонақ үй бизнесі Алматы, 2012.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер. С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына» 1-2 кітап. Алматы, 2007.


100

100


100

6

Қонақ үй бизнесіндегі маркетинг

1. Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейі

2. Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі

3. Сөйлесім: Суды үнемдеу. «Желкілдеп өскен жас құрақ, біз болмасақ, сіз барсыз...»


Монолог, диалог

Бәкей Е.

Қонақ үй бизнесі Алматы, 2012.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100
100




7

Әлем қонақ үйлері


1.Әлемнің ің ірі және қымбат қонақ үйлері

2. Әлемнің ерекше қонақ үйлері

3. Сөйлесім: Бұқаралық ақпарат құралдары. «Болашақ» бағдарламасы.


Диалог құрастыру.Жеке жұмыс

Бәкей Е.

Қонақ үй бизнесі Алматы, 2012.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер. Тест тапсырмала-

ры


100
100

100


1 Аралық бақылау

8.

Кәсіпкерлік түрлері

1. Шағын кәсіпкерлік

2. Орта кәсіпкерлік


3. Сөйлесім: Қазақ тіліндегі сайттар. Айтыс – қазаққа тән ерекше өнер.

Монолог, диалог

Ғ.Ә. Байтілеуова, Ш.С. Сұлтанова. Іскерлік қазақ тілі

Алматы, 2009.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100


100


9

Мейрамхана

ның даму эволюциясы



1. Мейрамхана бизнесінің даму тарихы

2.Мейрамханалардың классификациясы

3. Сөйлесім: Сүйікті ісіңіз. Қазақтың күй өнері.


Пікір-

талас.


Жеке жұмыс, топтық жұмыс

Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100

100


10

Мейрамханалық бизнес

1.Мейрамханалық бизнесі ұғымы мен сипаттамасы

2. Қызмет көрсету технологиясының ерекшеліктері

3.Сөйлесім: Тойыңыз тойға ұлассын. Құрманғазының «Сарыарқасын» тартшы...


Ойын түрлері

Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.


100

100


100


11

Мейрамхана бизнесін дамыту жолдары

1.Мейрамхананың орналасқан жері, атмосферасы, дастархан мәзірі

2.Сөз әдебі

3. Сөйлесім: Қазақтардың жиі тойлайтын тойы. Суретші әлемінде.


Әңгімелу баяндау.

Сұхбат,


сұрақ –жауап,

әңгіме-


леу, ой бөлісу, пікір-талас

Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер..

Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпов, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті. Шешендік сөз өнері. Астана, Арман-ПВ, 2007. 114-121 беттер



100

100

100


12

Мейрамхана маркетингі

1.Персоналдың қызмет көрсету сапасын жетілдіру

2. Көшбасшының сөйлеу әдебіне қойылатын талаптар

3. Сөйлесім: Әр үйге шаттық орнайды. Қазақтың тұңғыш операсы.


Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгімелеу, ой бөлісу, пікір-талас


Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.

Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпов, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті. Шешендік сөз өнері. Астана, Арман-ПВ, 2007. 172-183 беттер




100

100

100


13

Қазақстандағы

мейрамхана бизнесі




1.Қазақстандағы туризмнің мейрамхана бизнесіне тигізетін әсері

2.Жұрт алдында сөйлеу әдебі

3. Сөйлесім: Үй салу оңай? Қазақстанда ЕҚЫҰ саммиті өткізілді.


Әңгімелеу баяндау.

Сұхбат,


сұрақ –жауап,

әңгіме-


леу, ой бөлісу, пікір-талас

Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б.



Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер. Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпов, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті. Шешендік сөз өнері. Астана, Арман-ПВ, 2007. 61-66 беттер

100

100
100



14

Мейрамхана мәдениеті

1.Мейрамхана мәдениеті

2. Пікірталас (көшбасшының пікірталас мәдениеті)

3. Сөйлесім: Адам, сен алдымен, өзіңді таны. Сыртқы саясат.


Сұхбат,

сұрақ –жауап,

әңгімелеу, ой бөлісу, пікір-талас.

Жеке жұмыс



Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б.

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер. Б.Қапасова, Б.Әбдіжүсіпов, Ш.Жұмаділова Қазақ тілін жедел оқыту. Сөз мәдениеті. Шешендік сөз өнері. Астана, Арман-ПВ, 2007. 232-259 беттер.


100

100


100

15

21 ғасыр мейрамханасы


1.21 ғасырдың мейрамханалары

2. Келіссөз (келіссөз жүргізу барысында ескерілетін талаптар)

3.Сөйлесім: Компьютерсіз өмірді елестете аласыз ба? Астана – елімнің алтын ордасы.


Пікір-талас.

Жеке жұмыс, топтық жұмыс



Муталиева Л.М. Мейрамхана бизнесінің маркетингі

Алматы, 2012. 214 б. ьбю

Қапасова Б.Қ. «Қазақ тілін жедел оқыту». Астана, 2007. 232-269 беттер.

100
100


100


2 Аралық бақылау



  1. Каталог: download -> 8029
    download -> БАҒдарламасы қазақ әдебиеті кафедрасы Астана-2013
    download -> Зияткерлік мектеп оқушылары оқуы тиіс 100 кітап аясында қазақ әдебиетінен ұсынылатын шығармалар тізімі Негізгі мектеп
    download -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
    download -> Өмірбаяны Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы Үлкен Қоскөлдің маңы 1913 жылы, сонда) ақын, әнші, композитор. Әкесінің есімі Қорамса, шешесі Жаңыл
    download -> «Бекітемін» Әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы
    download -> Абылай хан
    download -> Бағдарламасы 5-9 сыныптар Астана 2010 Қазақстан республикасы білім және ғылым инистрлігі
    download -> Ғалымдардың ең ежелгі адамды атауы
    download -> П. М. Кольцов т.ғ. д., профессор, Қалмақ мемлекеттік д и. н., профессор, Калмыцкий


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет