6. 1 Жазықтыққа тиісті нүкте проекцияларын салу



бет1/5
Дата23.01.2020
өлшемі0,5 Mb.
#56373
  1   2   3   4   5
Байланысты:
4 плоскость




  1. ЖАЗЫҚТЫҚТАҒЫ НҮКТЕ. ПАРАЛЛЕЛЬДІК БЕЛГІЛЕРІ ( ТҮЗУ ЖӘНЕ ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ, ЕКІ ЖАЗЫҚТЫҚТЫҢ ПАРАЛЛЕЛЬДІК БЕЛГІЛЕРІ)


6.1 Жазықтыққа тиісті нүкте проекцияларын салу
Нүкте осы жазықтықта жатқан түзуге тиісті болса, онда ол жазықтыққа да тиісті. Сонымен, жазықтықта жатқан нүктені салу үшін, осы жазықтыққа тиісті болатын түзуді салып, соның бойынан нүкте алынады.

Мысал: ABC үшбұрышпен берілген жазықтықтың екі проекциясы және D′ нүктенің горизонталь проекциясы берілген. Үшбұрышқа тиісті болатын нүктенің D′′ фронталь проекциясын салу қажет (37 сурет).

Салу тәртібі: Алдымен, ABC үшбұрыш жазықтығына тиісті болатын және D нүктесі арқылы өтетін қандай да бір түзудің горизонталь проекциясын саламыз.

Ол үшін A′ және D′ нүктелері арқылы түзу жүргізіп, B′C′ кесіндісін қиып өтетін нүктесін M′ деп белгілейміз.

B′′C′′ проекциясының бойынан M′′ фронталь проекциясын салып, осы жазықтықта жатқан AM түзуін аламыз.

D нүктесінің D′′ фронталь проекциясы АМ түзуінің фронталь проекциясында болуы керек.



Сурет 37 Δ АВС үшбұрышпен берілген жазықтыққа тиісті болатын Д нүктесінің фронталь проекциясын салу



    1. Екі жазықтықтың параллельдігі

Бір жазықтыққа тиісті екі қиылысатын түзу, мысалы АВ және АС (38 сурет) басқа жазықтықтағы екі қиылысатын түзулерге (a және b) параллель болса, онда екі жазықтық өзара параллель.



Осы анықтамаға сәйкес параллель жазықтықтардың іздері жұптарымен параллель (39 сурет).

Сурет 38 Жазықтықтардың параллельдігі



Сурет 39 Ізбен берілген жазықтықтардың параллельдігі


Мысал: Жазықтық берілген екі параллель түзумен, l және m) және кеңістіктегі А нүктесі берілген. Осы нүкте арқылы берілген жазықтыққа параллель болатын жазықтық жүргізу (40 сурет).

Сурет 40 Берілген жазықтыққа параллель болатын жазықтық салу


1. A нүктесі арқылы α жазықтығын құрайтын l және m түзулеріне параллель етіп, k түзуін жүргіземіз.

2. Екінші түзуді алу үшін, α жазықтығында көмекші 12 түзуін саламыз. Содан кейін, A нүктесі арқылы 1-2 түзуіне параллель n түзуін саламыз.

Түзулер жұптарымен параллель болғандықтан, олар құрайтын жазықтықтар да параллель болады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет