№6 Хромтау гимназиясы Хромтау – 2012 ж



Дата30.01.2017
өлшемі58,26 Kb.
#8413
  • Автор: Жақсылықова
  • Шолпан Жайлхановна
  • Директордың инновациялық ісі жөніндегі орынбасары
  • №6 Хромтау гимназиясы
  • Хромтау – 2012 ж.

Ю.А.Конаржевский бойынша мектепішілік бақылау (МІБ) талдау мен мақсат қою арқылы жүзеге асатын маңызды басқару әрекеті.

  • Мектепішілік бақылау жөнінде…
  • Ю.А.Конаржевский бойынша мектепішілік бақылау (МІБ) талдау мен мақсат қою арқылы жүзеге асатын маңызды басқару әрекеті.
  • П.И.Третьяков, Т.Н.Чекмарева МІБ-ды мектеп әкімшілігінің диагностикалық негізде қоғамдық ұйымдармен бірлесіп
  • оқу-тәрбие жұмысының барлық жүйесінің дамуы мен қызметінің сәйкестігін басқару деп таниды.
  • А.В.Чоботарь: МІБ – педагогтардың іс- әрекеті жөнінде ақпарат алуға бағытталған басқару қызметінің негізгі міндеттерінің бірі; болашақта басқаруды, өзін -өзі басқаруды оңтайландыруға бағытталған нақты шешім
  • М.Л.Портнов, Т.И.Шамова, Н.А.Шубин және т.б. бойынша МІБ қарайды: ЖББ-дің ұйымдастыру-педагогикалық сұрақтары; білім беру бағдарламалары мен стандарттарының сапасы; білім, білік дағдысының сапасы; тәрбиелілік деңгейінің сапасы; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттерін оқу пәндерінің берілуі; кластан тыс тәрбие жұмысының жағдайы мен сапасы; педагог мамандармен жұмыс; мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен іс- әрекетінің тиімділігі; нормативтік құжаттардың орындалуы мен шешімдердің орындалуы. Бақылаудың нәтижесі талдаусыз жүзеге асырылмайды, мақсат болмаған жағдайда бақылаудың да қажеті жоқ.

Демократиялық және позитивті іздеу . Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту және жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек беру; мұғалімнің кәсіби және шығармашылық тұрғыда өсуін анықтап, мадақтау, марапаттау;Егер тексеруші бақылауда позитивті нәтижені алуға көңіл қойса, педагогтың біріншіден, жетістіктерін белгілейді, екеуара жұмыстағы кемшіліктерді жою жөніндегі диалогтары да нәтижелі болмақ.

  • Мектепішілік бақылау қағидалары
  • Демократиялық және позитивті іздеу . Педагогтардың кәсіби шеберлігін дамыту және жетілдіру мақсатында әдістемелік көмек беру; мұғалімнің кәсіби және шығармашылық тұрғыда өсуін анықтап, мадақтау, марапаттау;Егер тексеруші бақылауда позитивті нәтижені алуға көңіл қойса, педагогтың біріншіден, жетістіктерін белгілейді, екеуара жұмыстағы кемшіліктерді жою жөніндегі диалогтары да нәтижелі болмақ.
  • Бақылау мақсатқа жетуге бағытталған . Мақсаттар, қағидалар, жолдар,құралдар және формалар мен қарым- қатынастар жүйесінің өзара әсерлесуі; Бақалау тақырыбы мен формасын қайталап айта берудің қажеттілігі жоқ. Бақылау мақсаты - қойылған мақсат пен міндетке жету жолындағы іс- әрекет туралы ақпаратты алу болуы тиіс.
  • Объективтілік . Әкімшілік пен педагогикалық ұжымның педагогикалық үрдіс тиімділігін арттыруға бағытталған өзара іс- әрекет жүйесі; Мұғалімнің немесе педагогикалық ұжымның іс- әрекетін мемлекеттік стандарттардың талабына , білім беру бағдарламалары мен критерийлеріне сай бақылау;
  • Субъективтілік Педагогтың мектепішілік бақылауға субъективті көзқарасының болуы. Педагог мектепішілік бақылауға белсенділік танытса, өздері бірін- бірі тексеру және өзін- өзі тексеру жүргізсе, бұл шара оң нәтиже бермек.
  • Жариялылық және ашықтық . Бақылаудың жариялы және ашық болуын қамтамасыз етеді. Тексерудің негативті және позитивті нәтижесі ұжым мүшелеріне жария болуы керек.Бұл жағдайда ұжым мүшесі өз ісіне баға беріп, өз қателіктерін біледі.
  • Бақылаушының құзырлылығы . Бақылаушының тексеретін пәнді білуі, бақылау әдістерін білуі. Тексерушінің жұмыстың жетістігі мен қателіктерін көре білу, бақылау нәтижесін жорамалдай білуі.
  • Жүйелілік қағидасы .Педагогикалық үрдісті жан- жақты басқару үшін бақылау жүйесін құра білу. Бақылау шінара және эпизодты түрде болса, оның нәтижелілігі төмен болады.
  • Бақылау - фактілерді жинақтау емес, шын мәнінде бар кемшілікті анықтау және оларды жоюдағы іс- әрекеттер
  • Бақыланбайтын үрдіс- ол басқарылмайтын үрдіс. Басқару циклінде жоспарлау мен ұйымдастырудан кейін бақылау жүргізіледі. Ол жоспарланған істің шын жағдайын , ОТЖ –н жетілдірудегі іс- шаралардың сапасын , оқу және тәрбие жұмысының нәтижелілігін анықтайды.
  • Мектебімізде мектепішілік басқарудың тиімді жүйесі құрылған. Ол жыл бойы бақылау жүргізуге, байқалған кемшіліктермен уақтылы жұмыс жасауға, әр оқушының дамуы жөнінде толық мағлұмат алуға, мұғалімдер жұмыс жөнінде толық мәлімет алуға көмектеседі.
  • Білім беру жүйесінің теориясы мен практикасында басқару жүйесінің төмендегі құрылымы бойынша бақылау жүргізіледі:
  • 1. Жалпыға міндетті білім берудің жүзеге асырылуы;
  • 2. Мемлекеттік бағдарламалардың және оқу бағдарламаларының орындалуы;
  • 3. Оқу пәндерінің оқытылуы;
  • 4. Оқушылардың білім, білік, дағдысының сапасы;
  • 5. Әдістемелік жұмыс;
  • 6.Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыс;
  • 7. Есепке алу және есеп беру құжаттары.

  • Мектепішілік бақылау мақсаты мен міндеттері
  • √ бақылау мақсаты- ОТЖ дамытуға қолайлы жағдай туғызу;
  • √ ақпарат алу арқылы педагогқа көмек беруге құрылуы тиіс.;
  • √ педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзін – өзі талдау мен өзін- өзі бақылауда әкімшілік және қоғамдық бақылаудың үйлесімділігін қамтамасыз ету;
  • √ әр педагог үшін ақпараттық банкін құру, ОТЖ жағдайын, тәрбиелілік деңгейін құру;
  • √ анықталған кемшіліктерді жоюға талаптандыру және жаңа мүмкіндіктерін пайдалану;
  • √ педагогтардың еңбек нәтижелерінің жақсарту мотивациясын туғызу;
  • √ қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде басшыға түсіп отыратын толық ақпарат негізінде кері байланыс туғызу;
  • √ зерттелетін объектіні талдау, диагностикалау.
  • √ педагог талап қою деңгейін, оқушының дамуын бағалау критерийлерін анық білуі керек.
  • √ бақылау мұғалімнің шығармашылығын дамытуға әкелуі тиіс.
  • Бақылау объекті болуы мүмкін: мектепте нәтижелі жұмыс жасаудың педагогикалық ұйымдастыру шарттары, оқу- тәрбие үрдісінің жағдайы, кластан тыс және тәрбие жұмысының жағдайы, шаруашылық жұмыстың ұйымдастырылуы, мұғалім жұмысының сапасы мен тиімділігі, оқушылар жұмысының сапасы мен тиімділігі учащихся( сабаққа қатысымы, үлгерімі: білім сапасы, білік , дағдысы, кейбір мінез-құлқының қалыптасуы), т.б.

Бақылауды ұйымдастыруда мынадай сұрақтарды шешіп алған жөн: бақылаушыларды анықтау, нұсқаулық беру, бақылау бағдарламасын жасау, бақылау объектісіне байланысты қажетті құжаттарды алдын- ала оқып-білу, жұмыс уақытын жоспарлау, жоспардағы бақылау объектін бақылауды оңтайлы ұйымдастыру, мектепішілік бақылау мен әдістемелік жұмыстың өзара сабақтасуын жоспарлау.

  • Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру
  • Бақылауды ұйымдастыруда мынадай сұрақтарды шешіп алған жөн: бақылаушыларды анықтау, нұсқаулық беру, бақылау бағдарламасын жасау, бақылау объектісіне байланысты қажетті құжаттарды алдын- ала оқып-білу, жұмыс уақытын жоспарлау, жоспардағы бақылау объектін бақылауды оңтайлы ұйымдастыру, мектепішілік бақылау мен әдістемелік жұмыстың өзара сабақтасуын жоспарлау.

1.Бақыланатын нәрсе және бақыланушы.

  • Бақылаудың негізгі компоненттері
  • 1.Бақыланатын нәрсе және бақыланушы.
  • 2. Тексеру көлемін, кеңістігін, бағытын анықтайтын шарттарына материалдық ресурстар. Оларға
  • уақыт және кадр мәселесін жатқызуға болады.
  • 3. Бақылау мақсатын , критерийлерін, көрсеткіштерін бақыланушы параметрлерінің көрсеткіштері мен нормаларын анықтау,
  • 4. Бақылау әдістерін таңдау.
  • 5. Анықталған жағдайға сәйкес ақпаратты табу және дәлелдеу.
  • 6. Алынған нәтижелерді бағалау.
  • 7.Алынған нәтижені қойылатын талапқа сәйкес салыстыру.
  • 8. Осы жағдайды талдау және бағалау, жоспарланған жағдайға сәйкестендіру үшін түзету жұмыстарын жүргізу.
  • Бақылау өзінің нәтижесін тек қана бақылаудың нәтижесі педагог талдамасының негізі бола алғанда ғана және сол арқылы түзету шаралары жүзеге асқанда ғана көрсетеді.
  • Үнемі , жүйелі, әрекетшіл және жариялы болған жағдайда ғана бақылау тиімді болады.

  • Мектепішілік бақылау- бұл мектепті басқару мен оқу ісін бақылау субъектілерінің ортақтырылған жүйесі
  • Оның тиімділігі үшін:
  • 1. Бақылау мен инспекторлық тексеру түсініктерін ажырата білу керек. Бақылау= көмек,
  • инспектрлік тексеріс=тексеру, басшылық жасау=көмек+ тексеріс
  • Басшылықтың демократиялық стилінде инспектрлік тексерістен гөрі бақылау көбірек болғаны дұрыс.
  • 2. Бақылау формалары мен инспектрлік тексеріс.
  • Бақылау- өзін- өзі бақылау өзара бақылау. Әкімшілік бақылау, жеке бақылау.
  • Инспектрлік тексеріс- жаппай тексеріс, тақырыптық және бақылау кесіндісі арқылы тексеру.
  • 3.Педұжымға мынадай талаптарды бекіту қажет: өзін- өзі бақылау- өзін – өзі жетілдіру режимінде жұмыс жасайтын педагогтың кәсіби шеберлігінің жоғары формасы.
  • Іс- әрекетті бақылауға , ал нәтижені инспектрлік тексеруге болады.

1. Мақсат мөлшері бойынша: стратегиялық; тактикалық; шұғыл.

  • Бақылау түрлері:
  • 1. Мақсат мөлшері бойынша: стратегиялық; тактикалық; шұғыл.
  • 2. Үрдіс кезеңдері бойынша: бастапқы және таңдамалы; аралық; қорытынды
  • 3. Бағытының уақыты бойынша: ескертпе немесе алдын-ала ( болуы мүмкін қателердің алдын алу мақсатында); ағымды; қорытынды; ретроспективті.
  • 4. Тексеру жиілігі бойынша: бір рет, периодты, жүйелі.
  • 5. Бақылау кеңістігі бойынша: таңдамалы, түгел локальды.
  • 6. Ұйымдастыру формалары бойынша: жеке, топтық, ұжымдық.
  • 7.Объект бойынша: жеке, жалпылама- сыныптық; пәндік-жалпылай, тақырыптық-жалпылай

√ өзін- өзі бақылау (бастамашыл және ұйымдастырушы–педагог );

  • Бақылаудың негізгі формалары:
  • √ өзін- өзі бақылау (бастамашыл және ұйымдастырушы–педагог );
  • √ өзара бақылау( тең адамдардың бірін- бірі үйретуі)
  • √әкімшілік бақылау(стихиялы немесе жоспарлы): бастамашыл және ұйымдастырушы мектеп әкімшілігі;
  • √ұжымдық бақылау;
  • √ сырттай бақылау.

Мектепішілік бақылауда интервью алу,әңгімелеу жүргізу, эксперименталды бағалау және т.б. арқылы бақылаушы өзіне қажетті ақпаратты тез алуына болады. Хронометрлік зерттеу мектептің күн тәртібін зерттеуде, сабақ, кластан тыс шара, оқушылардың шектен тыс жүктелуін, үй тапсырмасының көлемін, оқу жылдамдығын,т.б. уақытын тиімді пайлануынуын зерделеуге көмектеседі.

  • Мектепішілік бақылауда интервью алу,әңгімелеу жүргізу, эксперименталды бағалау және т.б. арқылы бақылаушы өзіне қажетті ақпаратты тез алуына болады. Хронометрлік зерттеу мектептің күн тәртібін зерттеуде, сабақ, кластан тыс шара, оқушылардың шектен тыс жүктелуін, үй тапсырмасының көлемін, оқу жылдамдығын,т.б. уақытын тиімді пайлануынуын зерделеуге көмектеседі.
  • Бақылау;
  • Қадағалау;
  • Әңгімелесу;
  • Салыстыру;
  • Ауызша және жазбаша бақылау;
  • Мектеп құжаттарын зерделеу;
  • Сауалнамалар алу,
  • Озат тәжірибені зерделеу,
  • Хронометрлік зерттеу,
  • Диагностикалық әдістер.
  • Мектепішілік бақылауда қолданылатын әдістер:
  • Бақылау:
  • нәтижені бақылау ; үрдістерді бақылау.
  • Талдау: педагогикалық жүйенің құрылымы мен мазмұнындағы бақылаудың негізгі әдісі
  • Оқу – тәрбие жұмысын әрі қарай жетілдіру үшін қойылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес бақылау түрлері: • шолушы; • алдын-ала; • жеке; • тақырыптық; • жаппай; • жалпылама-сыныптық. Шолушы бақылауды қолдану тиімді: -басшы барлық педагогикалық ұжым мен жеке әр мұғалімнің қандай кәсіби деңгейде оқу жылын бастап жатырғанын кәсіби деңгейін анықтау білу үшін оқу жылының басында; - мұғалімдердің әдістемелік жүйесін анқытау үшін жыл бойы ; - басшы ұжымның қойылған тақырып бойынша ұжымның қалай жұмыс жасағанын анықтау үшін оқу жылының соңында. Шолушы бақылау мектептің мақсат- міндеттерін жобалауға, түзетуге көмектеседі Алдын-ала бақылауды басшы сабақ жоспарын терең ойлы түрде немесе кластың ерекшелігіне қарай әлі де дұрыс құра алмайтын жас және тәжірибесі аз мамандармен жұмыста қояды. Күрделі тақырыпты өту барысында да алдын-ала бақылау қоюға болады. Бұл сәтте басшы болуы мүмкін қателердің алдын алау және мұғалім еңбегінің барынша тиімді болуына көмектеседі.
  • Алдын-ала бақылаудың мақсаты: болуы мүмкін қателердің алдын алу. Ол үшін басшы мұғаліммен сабақ жоспары мен тақырыптық –күнтізбелік жоспары бойынша әңгімелесіп, бұл сабақ қазіргі күннің талабына қаншалықты сай келетінін анықтайды, қажет кезде көмек береді.
  • Жеке бақылау басшыға ұзақ уақыт жеке мұғалім мен оның педагогикалық кәсіби шеберлігін көтеру мақсатында қойылады. Бұл форма мұғалімге әдістемелік көмегін ғана беріп қоймай, оның жұмысқа деген қажетті талап қоюын қамтамасыз етеді. Тақырыптық бақылау нақты тақырып пен оқу- тәрбие үрдісінің міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді. Тақырыптық бақылаудың міндеті- әр мұғалімнің іс жүзінде қазіргі заман талабына сай болуын, жұмыстың тиімділігі мен әдістерін енгізу. Бақылау тәжірибелі педагогтардан бастап , нәтижесі бойынша зерттеп, жалпыланады.Нәтижесі педкеңесте талданып, тәжірибесі барлық мұғалімдерге таратылады. Тақырыптық бақылау алдыңғы қатарлы озық тәжірибенің тууына әкеледі. Жаппай бақылау басшының бір мұғалімнің , мұғалімдер тобының немесе толық бір әдістемелік бірлестіктің жұмыс жүйесімен терең де жан- жақты зерделеу нәтижесінде танысуға, кездескен қателіктерді анықтауға, ескерту жасауға, сонымен қатар, тарату мақсатында жүргізіледі. Жаппай бақылау бір ғана мұғалімнің жұмыс жүйесін бақылағанда мұғалімнің өздігінен білім көтеру жоспарын, күнтізбелік және сабақ жоспарларын, сабақтың берілу сапасын, оқушылардың білім, білік, дағдысының сапасын, кластан тыс және қоғамдық шараларға араласуын бақылайды. Жаппай бақылау басшыға нақты берілген сұрақ бойынша терең педагогикалық талдау жасауға көмек береді.

Жаппай бақылау көп еңбек етіп, алдын-ала толық дайындалуды қажет етеді. Әдетте басшы тексеру жоспарын құрып, тексерушілермен талдап, әр бөліміне түсінік береді.

  • Мұғалімдер тобының жұмысын тексеруге болады. Бұл әдетте, қандай да бір пәннің оқытылуына байланысты жүргізіледі. Толық көлемде жұмыстың жоспарлануы, оқушылардың, пән бойынша кластан тыс шаралар бақыланады. Әдістемелік бірлестік пен кафедралар да осылай бақыланады.
  • Жаппай бақылау көп еңбек етіп, алдын-ала толық дайындалуды қажет етеді. Әдетте басшы тексеру жоспарын құрып, тексерушілермен талдап, әр бөліміне түсінік береді.
  • Жалпылама- сыныптық бақылау. Салыстыру арқылы бақылаушы бір класта сабақ беретін мұғалімдерді зерделей отырып, бір мұғалімге қалай көмектесу керектігін байқаса, екіншісінен не талап ету қажеттігін, үшіншісінің қандай күшті жағының бар екендігін анықтайды.
  • Бақылаудың бұл формасы басшыға салыстыру арқылы әр мұғалімнің бір класқа қалай және қаншалықты терең мағынада әсер ететінін анықтайды
  • Мектепішілік бақылауға жас мамандар мектебі жетекшісін, тәжірибелі мұғалімдерді кіріктіруге болады. Мектеп жұмысын жоспарлаудың бір бөлігі - білім мазмұнын түзету мақсатында нәтижені талдау бақылауды жоспарлау, мазмұны, мен оны өткізудің формаларын жоспарлайды.

  • Үзбей бақылауды қажет етеді
  • √ Оқушылардың сабаққа қатысымы;
  • √ ыстық тамақты ұйымдастыру;
  • √ «қиын» балалармен жұмысты ұйымдастыру;
  • √ оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыру;
  • √ мәдени-сауықтыру шаралардың ұйымдастырылуы;
  • √ мектеп жарғысын сақтау;
  • √ оқу бағдарламаларының теориялық және и практикалық бөлімімдерінің орындалуы,( компоненттердің орындалуы);
  • √ пәндердің оқытылуы, оқушылардың білім сапасы
  • √ ағымдық бақылау, тақырыптық және қорытынды есеп және оқушылардың білімдерін тексеру;
  • √ оқушылармен жеке жұмыстың жүргізілуі;
  • √ педагогтардың кәсіби біліктілігін көтеру;
  • √ жас мамандармен жұмыс;
  • √ мектеп мүлкінің сақталуы;
  • √ мектептегі санитарлық-гигиеналық тәртіптің сақталуы;
  • √ мектептің көркемдік жабдықталуы;
  • √ мұғалімдер мен оқушылардың әлеуметтік қорғау;
  • √ мектептегі оқу- зерттеу жұмысы;
  • √ жағымды психологиялық микроклиматтың болуы.
      • Тоқсанда бір рет қаралуды қажет ететін сұрақтар:
      • √ педагогикалық кеңес жұмысы;
      • √ әдістемелік және шығармашылық топтар жұмысы;
      • √ оқушыладың медициналық тексерілуден өтуі;
      • √ каникул күндерін жоспарлау, дайындау, ұйымдастыру;
      • √ ата-аналармен және қоғамдық орындармен жұмыс;
      • √ мектептің даму жоспарын қорытындылау және эксперименттік алаң жұмысының бағдарламасы.
      • Айына бір рет қарауды қажет ететін сұрақтар:
      • √ мектеп жоспарының орындалуы;
      • √ кітапхана фондының толықтырылуы;
      • √ қиын балалармен жұмыс жағдайы;
      • √ мектеп құжаттарының жүргізілуі;
      • √ үйірме,секция т.б. шаралардың жүргізілуі.

1. Педагог өзінің «әдістемелік паспортын» толтырып, жаңа оқу жылының міндеттерін қояды. Әдістемелік паспортта мұғалім әр тоқсан сайын осы мерзімде өзінің жұмыс жүйесін жазып отырады. Онда өзекті мәселесі, стандарт бойынша жүктемелері, класс жетекшілігі, тәлімгерлігі, ашық сабақтары, сайыстарға қатысуы, олимпиада жетістіктері, әдістемелік қызметке қатысуы т.с.с. жазылады. Одан соң жаңа оқу жылының мақсат- міндеттерін айқындайды.

  • Мектепішілік бақылау технологиясы. Педагогикалық ұжым мүшелері төменде көрсетілген технологиялар бойынша жұмыс жасауға дағдыланған.
  • 1. Педагог өзінің «әдістемелік паспортын» толтырып, жаңа оқу жылының міндеттерін қояды. Әдістемелік паспортта мұғалім әр тоқсан сайын осы мерзімде өзінің жұмыс жүйесін жазып отырады. Онда өзекті мәселесі, стандарт бойынша жүктемелері, класс жетекшілігі, тәлімгерлігі, ашық сабақтары, сайыстарға қатысуы, олимпиада жетістіктері, әдістемелік қызметке қатысуы т.с.с. жазылады. Одан соң жаңа оқу жылының мақсат- міндеттерін айқындайды.
  • 2.Өзінің жоспарын мектептің әдістемелік бірлестік жоспарымен сәйкестендіреді.
  • 3. ӘБ жетекшісі педагогтардың жоспарын жүйелейді.
  • 4.ӘБ жетекшісі өзінің әдіcтемелік бірлестігінің жұмысын бақылаудың технологиялық картасын құрады.
  • 5.ОІМ ӘБ жетекшісімен бірігіп талдай отырып, мектепішілік бақылау жоспарын құрады
  • 6.Әкімшілік жоспар жобасын талдай отырып, инспекторлық тексеру, әкімшілік және жеке бақылау жоспарын құрады. Педагогтарды онымен таныстырады.
  • 7.Мектепішілік бақылаудың жинақталған картасы құрылып, мектеп директорымен бекітіледі.

I блок. Білім мазмұнын жаңарту.

  • Мектепішілік бақылауды ұйымдастыру блоктап жоспарлау үлгісі
  • I блок. Білім мазмұнын жаңарту.
  • Бейінді кластардағы информатика пәнінің оқытылуын бақылау;
  • Бастауыш кластардағы ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің жұмысын бақылау;
  • Жаңа оқу- әдістемелік кешен бойынша жұмыс жасайтын мұғалімдердің жұмысын бақылау (физика, биология, қазақ тілі және т.б.).
  • II блок. Оқу- тәрбие үрдісі.
  • Тақырыптар:
  • Жалпыға бірдей білім беру Заңының орындалуы
  • Жаңадан келген мұғалімдер жұмысын бақылау;
  • Бірінші класс оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі;
  • «» бірлестігі мұғалімдерінің әдістемелік тақырып бойынша жұмысын бақылау;
  • Жеке пәндердің оқытылуы;
  • Білім алушылардың денсаулығын сақтау;
  • Бастауыш және орта буын оқушыларының сабақтастығы;
  • Мұғалімдердің білім, білік, дағдысының сапасын көтерудегі жұмысын бақылау;
  • Қорытынды аттестаттауға дайындығын бақылау;
  • Барлық пәндер бойынша оқытылу сапасы мен деңгейінің мониторингі
  • III блок.Құжаттарды бақылау.
  • Мектеп құжаттарын жүргіуді бақылау:
  • Журналдарды (класс, арнайы курс т.б.), оқушы күнделігін, жеке іс- қағазын, тақырыптық жоспарларын, ӘБ жоспарларын, дәптерлер тексеру және т.б.
  • Кесте №1 Мектепішілік бақылау Бақылаудың мақсаты: Білім алушылардың әр пән бойынша білік-дағдысын есепке алу, жетілдіру, даму нәтижесін бақылау. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік деңгейінің мониторингін жүргізу
  • Бақылау мазмұны
  • Бақылау мақсаты
  • Бақылау әдісі
  • Бақылау мерзімі
  • Бақылаушы
  • Қаралатын орны
  • Жаппай бақылау
  • 1
  • Мұғалімдердің тақырыптық-күнтізбелік жоспарларының оқу бағдарламаларына сәйкестігі
  • Мемлекеттік стандарттың жүзеге асырылуы
  • қыркүйек
  • Жақсылық
  • ова Ш.Ж.
  • Әдістемелік бірлестіктер отырысы
  • Тақырыптық бақылау
  • 1
  • Қазақ тілі пәнінің оқытылуы
  • ( 5-6 кл.)
  • Білім алушылардың білім білік дағдысын анықтау
  • Анықтама жазбаша
  • қазан
  • Жаржан
  • ова Ж.Қ.
  • КПК
  • 04.11
  • Бақылау мазмұны
  • Бақылау мақсаты
  • Бақылау әдісі
  • Бақылау мерзімі
  • Бақылаушы
  • Қаралатын орны
  • Жалпылама сыныптық бақылау
  • Педагогика
  • лық- психология
  • лық консилиум
  • (1,5,10 кластардың бейімделуі)
  • Кластың тәртібін және білім деңгейін анықтау арқылы жұмыс жүйесін жолға қою
  • Сабаққа қатысу
  • Бақылау жұмыстарын алу
  • Қыркүйек- қазан
  • ОІМ. Психолог.
  • Тәрбие ісінің меңгерушісі
  • 13.10
  • Жеке бақылау
  • Жас мамандармен жұмыс туралы: келелі мәселелер және шешу жолдары
  • Жас мамандардың мұғалімдік қызметке тұрақтануын қамтамасыз ету жолдарын анықтау
  • Сабақтар-
  • ға қатысу
  • қаңтар
  • Ельдесова Қ.Ж.
  • Психолог
  • тар
  • Тәлімгерл
  • ер
  • ӘК
  • 02.02
  • айы
  • Бақылау обьектісі
  • Класы
  • Бақылау мақсаты
  • Бақылау әдісі
  • Бақылау формасы
  • Кім бақылайды
  • Қайда тыңдалады
  • Мерзімі
  • IX
  • Жаңа оқу жылына мұғалімдердің дайындығы
  • 0 - 4 кл
  • Күнтізбелік жоспардың мемлекеттік стандартқа және бағдарламаға сай жасалуын тексеру, бақылау, есепке алу.
  • Тек
  • серу
  • Ауызша бақылау
  • Оқу ісі меңгерушісі, әд. бірлестік жетекшісі
  • ӘБ «Арна»
  • I-II апта қыркүйек
  • X
  • 4 кл
  • 4-класс оқушыларының мемлекеттік аралық бақылауға дайындық нәтижесін бақылау, білім деңгейін тексеру.
  • Тест
  • Шолғыншы бақылау
  • Оқу ісі меңгерушісі, әд. бірлестік жетекшісі
  • ДЖК
  • 24.11
  • ӘК
  • 08.12
  • IV апта қазан IV апта қараша
  • XI
  • Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдысын бақылау
  • 2 - 3 кл
  • 2 – 3 класс оқушыларының сауаттылық деңгейін, көркем жазу дағдысын тексеру.
  • Дик
  • тант,
  • көшіріп жазу
  • Шолғыншы бақылау
  • Оқу ісі меңгерушісі, әд. бірлестік жетекшісі
  • ДЖК
  • 29.12
  • III апта
  • қараша
  • №6 Хромтау гимназиясының бастауыш буыны бойынша мектепішілік бақылау жоспары
  • Мектепішілік бақылаудың мақсаты: бастауыш буын оқушыларының негізгі пәндерден білім, білік - дағдысын есепке алу, бақылау, бағдарламаны меңгеру нәтижесін бақылау.
  • Кесте №2. Мектепішілік бақылау үлгісі
  • Бақылау мазмұны
  • Бақылау
  • мақсаты
  • Б
  • Бақылау түрі
  • Бақылау әдісі
  • жауапты
  • Бақылау нәтижесі
  • ТАМЫЗ
  • «Білім Заңының » орындалуы
  • Оқу үрдісін педагог мамандармен қамтамасыз ету
  • Маман әлеуетін тиімді пайдалану
  • Педагогтардың оқу жүктемсін бөлу
  • Алдын -ала
  • Тарификациямен жұмыс
  • Мукашева Г.О.
  • Жақсылықова Ш.Ж.
  • Анықтама
  • 1-, 10- кластардың
  • ата-аналар жиналысы
  • Класс жетекшілердің оқушылардың жеке іс- қағаздарын толтыру талаптарына сәйкес толтырылуын қадағалау
  • 1- , 10 кластарды жинақтау
  • Ата- аналар жиналыстарына қатысу, іс- қағаздардың дұрыс толтырылуын қадағалау
  • 1-,10- класс жетекшілері
  • Пәннің оқытылуы мен жалпыға міндетті білім берудің орындалуы
  • Оқулықтармен, бағдарламалармен қамтамасыз етілуін бақылау
  • Дайындықты анықтау, пәндер оқулықтарының авторларын анықтау
  • 2011-2012 оқу жылына арналған оқулықтар тізімі
  • Алдын -ала
  • ӘБ жетекшілерімен , кітапханашымен,
  • ӘБ жетекшілері
  • кітапханашы
  • Анықтама
  • Директор жанындағы кеңес
  • Оқу кабинеттерінің жаңа оқу жылына дайындығы
  • Материалдық- техникалық жабдықталуы
  • Оқу кабинеттері
  • Шолушы
  • Кабинеттер бойынша рейд жүргізу
  • Директор,
  • Кабинет меңгерушілері,
  • Директордың шаруашылық меңгерушісі
  • Анықтама
  • Директор жанындағы кеңес
  • Әдістемелік жұмыс жағдайын бақылау
  • ӘБ жұмысы
  • ӘБ жұмысыны жоспарлауды бақылау
  • ӘБ жетекшілері
  • Жеке
  • ӘБ жетекшілерімен әңгімлесу
  • Жақсылықова Ш.Ж.
  • Анықтама
  • Білім алушылардың денсаулығын бақылау
  • Пән кабинеттерінің санитарлық-гигиеналық талаптарының орындалуы
  • Кабинеттердің санитарлық жағдайы, қауіпсіздік техникасының құжаттарын тексеру, рұқсат актісінің болуы, сабаққа рұқсат берілуінің тексеру
  • Оу кабинеттері
  • Жеке
  • Кабинеттер бойынша рейд жүргізу
  • Анықтама
  • Директор жанындағы кеңес
  • Кесте №3
  • 2010- 2011 оқу жылындағы бақылау іс – әрекетінің жоспары
  •  
  •  
  •  
  •  
  •  
  • Бақылау нәтижесін кестеге толтыру арқылы жинақтай отырып, салыстыру, талдау жұмыстарын жүйелеуге болады.
  • Мектепішілік бақылау нәтижесі .Кесте №4.
  • Бақылау түрі
  • Бақылау
  • тақырыбы
  • Бақылаудың оң көріністері
  • Жұмыстағы кемшіліктер
  • Бақылау нәтижесі бойынша ұсыныстар
  • Бақылау нәтижесінің құрамды бөлігі- оқу-тәрбие жұмысының талдамасы және жоспарлау. Жобалау және жоспарлау қызметі сапалы нәтижеге жетуді көздеген білім мекемесінің жұмысын жетілдіруге бағытталады. Бірақ талдаусыз, бағалаусыз даму перспективасын жоспарлау мүмкін емес. Талдама - нақты уақыт аралығындағы мектепішілік жоспарға сәйкес тексеру барысында алынған ақпараттарды жинақтау арқылы жұмыстағы өзгерістерді таңдау, бағалау, жүйелеу.

Каталог: images -> doc -> kobdisha
doc -> Галилео Галилей Физик или астроном? Сначала давайте посмотрим его краткую биографию… Галилео Галилей
doc -> Оқу жылы бойынша №6 Хромтау гимназиясының тәрбие жұмысы бойынша жылдық есебі
doc -> 6 Хромтау гимназиясының әлеуметтік педагогтың 2013-2014 оқу жылына арнаған жұмыс жоспары
kobdisha -> Ш. Жақсылықова №6 Хромтау гимназиясының директордың
kobdisha -> Эссе жазу әдістемесі
kobdisha -> «№6 Хромтау гимназиясы» мм «Білікті ұстаз – сапалы білім бастауы» тақырыбындағы «Гимназия өмірінің
kobdisha -> “ Мектептің дамуын басқаруда педагогикалық кеңесте синергетикалық ұстанымның жүзеге асырылуы” тақырыбындағы интернет – педкеңес материалдарының байқауы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет