6-сынып. Ежелгі дүние тарихы


-сынып. Ежелгі дүние тарихы



бет3/5
Дата02.07.2018
өлшемі462 Kb.
1   2   3   4   5

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 15. Ежелгі Бактрия



  • Білімділік: Ежелгі замандарда Орта Азияда шаруашылығы мен саяси құрылысы дамыған ірі мемлекеттің өмір сүргенін оқушыларға түсіндіру.

  • Дамытушылық: Ежелгі Бактрияның дамуына парсылар мен сақтардың әсері болғандығын, отырықшы және көшпелі халықтар бірлесуі арқылы жаңа мемлекеттің қалыптасқанын оқушыларға түсіндіру.

  • Тәрбиелік: Қазақ халқының түп негізі болып саналатын сақтардың ежелгі мемлекетін сипаттай отырып, оқушыларды патриотизмге, өз елін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Баяндау және сұрақ жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, пәндік атлас.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысу дәрежесін айқындау және ынта-зейінін жаңа тақырыпқа бейімдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау және оқушылардың жауаптарын бағалау.

Жаңа сабақ жоспары:


  1. Бактрия тарихының деректері

  2. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасындағы Бактрия.

  3. Мың қала елінде.

Атластан ежелгі Бактрия мемлекеті орналасқан жерді көрсете отырып, онда Орта Азиядағы ең ежелгі мемлекеттердің бірі өмір сүргенін ерекшелей айтамын. Бесінші сыныпта археология пәні туралы алған мәліметтерін, әсіресе археологиялық деректерді естеріне түсіріп, оқулықтағы суреттер бойынша Бактрия жерінен табылған ескерткіштерге сипаттама беремін. Мәселен, бактриялық қола мөр де археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған (77-бетте). Дөңгелек табақша тәріздес қолаға жазылған мөрдің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол ең алдымен сол кездегі діни таным-түсініктер мен дүниетанымдық көзқарастар туралы мәлімет береді. Табақшаның жиегіндегі дөңгелек шеңбер мен сызықшалар жай әншейін салынбаған сияқты. Ол бүкіл әлем ұғымын білдірсе керек. Ал оның ортасында қанатты, алып жануар ұшып барады. Оның сырт бейнесі түйеге ұқсайтын тәрізді. Алқымды алтынмен сәнделген. Алдыңғы жағында бүркітке ұқсас құс бейнеленген. Мұның бәрі мөрдің иесі мықты да, құдіретті деген мағына беретін еді. «Авеста» туралы айтқанда ежелгі Парсы патшалығы және оның мәдениеті тақырыбындағы мәселелерді еске түсіре отырып түсіндіремін.

Екінші тақырыпшаны түсіндірер алдында ежелгі Бактрияның географиялық орналасу ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың шаруашылықтың әр саласының қалыптасып, дамуына әсерін кеңірек баяндаймын.

Ірі елді мекен мен қаланың айырмашылығын түсіндірген кезде ертеректе 10-15 шаңырақтан құралған шағын қонысты ауыл деп атағанын, ол негізінен көшпелілерде болғанын, сонымен қатар егіншілікпен, саудамен айналысатындардың балшықтан, тастан, кірпіштен жасалған жүздеген үйлерден құралған ірілеу ауылдарын ірі елді мекен деп атағанын айтып өтемін. Айқынырақ болу үшін кейбір қазіргі аудан орталықтарын мысалға келтіремін. Ал қаланың олардан үлкен, көптеген үйлер, сарай, қолөнер шеберханалыры, базарлары бар әкімшілікәрі мәдени орталық екенін түсіндіріп, қазіргі Қазақстанның Алматы, Астана т.б. қалаларымен салыстырамын.

Тек ежелгі қалалардың негізгі орталық бөлігі кірпіштен, тастан, т.б. жасалған қорғандармен қоршалатынын, олардың сырттан келген жаудан қорғану үшін салынатынын түсіндіре кетемін.

Әшекей, сәндік үшін қолданылатын зазурит атты бағалы көк тас ежелгі Шығыстағы сауданың дамуына да әсер еткен еді. Оның негізінен Бактрия жерінде өндірілгені белгілі. Көптеген алтыннан жасалған сәндік бұйымдар лазуритпен-бағалы көк таспен сәнделген.

Бактриялық жауынгерлерді сипаттағанда ,скиф, сақ жауынгерлері туралы бұған дейінгі мәліметтерді еске түсіріп, салыстыра баяндаймын.

Бүгінгі таңда кең орын алып отырған еуроцентристік көзқарас шығыс елін әлі де артта қалған, өзіндік мәдени дамуға бейімділігі төмен, еуропалық өркениеттен үлгі алуға тиістілер қатарына жатқызады. Соңғы екі үш ғасырда шығыс елдері дамыған қала өнерін білмеді деген ұғымның кең орын алып келгені рас. Ал тарихи деректер бұл пікірдің қате , біржақты екенін дәлелдеуде. Біз білетін Ұлы Азия жерінде сонау ежелгі дәуірлерден бастап-ақсәулетті қалалары бар көптеген мемлекеттер болғаны белгілі. Еуропалықтардың солардан үйренгенін, еуроцентристік пікірдің қате екенін оқушыларға дәлелдеймін. Бактрия жері сол замандардың өзінде «мың қала елі», оның билеушілері «мың қала билеушілері» деп тектен-текке айтылмаған. Сондай билеушілердің ішінде Евтидем сияқты қабілетті саясатшылар да болған.

ІІІ. Үйге тапсырма: §15.

Тақырыпты оқып, соңындағы сұрақтарға жауап беруге дайындалу. Оқулықтағы суреттерге мән беру.


6-сынып. Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты:


  • Азияның Оңтүстік-батысындағы ежелгі мемлекеттер тақырыбын қайталай отырып, белсенділігі жоғары, білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Қайталау

Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап

Көрнекілік:карта, суреттер

Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

  • Бактрия қазіргі қандай мемлекеттер жерінде орналасқан? Бактрия туралы қандай деректер бар?

  • Бактриялықтар қандай кәсіптермен айналысқан?

  • Бактрия қалаларының ерекшеліктері неде?

  • Бактрия мемлекетінің б.з.б. ІІІ ғасырдағы билеушілерін атаңдар.

Қайталанатын материалдар:

  1. Ежелгі Ассирия

  2. Хетт патшалығы

  3. Ежілгі Финикия мен Палестина

  4. Ежелгі Парсы патшалығы

  5. Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күресі.

Сабақты бекіту:

    • «ККК»

    • Топтастыру

    • Бетпе-бет

    • Эрудит

    • Өрмекші ойындары мен әдістері арқылы өтілген материалдарды бекіту.

Бағалау:

Үйге тапсырма: ІІ тоқсан материалдарын қайталау



6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 16. Кушан патшалығы

Сабақтың мақсаты:


  • Кушан патшалығының Орталық Азиядағы көптеген елдер мен мемлекеттердің саяси және мәдени дамуында үлкен рөл атқарғанын баяндау.

  • Көшпелілердің саяси-экономикалық дамуы және Орта Азиядағы халықтар мәдениетінің астасуы туралытүсіндіру.

  • Көшпелілер өркениеті туралы баяндай отырып, ежелгі заманға бабалар мұрасына сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, диолог.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың көрнекілігі: Оқулықтағы суреттер, пәндік атлас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі


  • Сабақтың тақырыбын, жоспарын тақтаға жаздыру, оқушыларды жаңа тақырыпты түсінуге бейімдеу.

Сабақ жоспары:

  • Кушан патшалығының саяси дамуы

  • Экономикалық қатынастар

  • Мәдениеті

Ең алдымен Кушан патшалығының Азияның орталық бөлігінің ғана емес, бүкіл ежелгі дүниенің дамуындаөзіндік рөл атқарғанын, ірі мемлекет болғанын ерекше атап өтемін. Пәндік атлас бойынша орналасқан жерін көрсетіп, Рим және Қытай империяларымен салыстарамын. Кушан патшалығы алғаш ежелгі Бактрия жерінде қалыптасып, кейіннен Шығыс Түркістанды, Үндістанның солтүстік бөлігін, Хорезм жерін біріктірген ірі мемлекет құрылды. Оның алғашқы билеушілерінің бірі-Қатпыз.

Құдіретті Кушан мемлекетін құрған және дамытқан оның солтүстік-шығысынан-қазіргі қазақ жерінен келген көшпелілер болғанын баса сипаттаймын. Әсіресе көшпелілер сәулетті сарайлар мен күрделі суару жүйелерін салып, құрғақ, бос жатқан жерлерді жасыл бақ, егістік алқаптарына айналдырғанына ерекше тоқталып, Ұлы Жібек жолының Кушан жері арқылы өтетін тармағы туралы да баяндаймын.Кушандықтардың қалалары мен бекіністері туралы айтқанда архелогтар зерттеуі негізінде алынған төмендегідей мәліметтерді айта кетуге болады. Кушан патшалығының қалалары тік бұрышты көшелері бар, бекіністі болып келді. Қолдан құйылған үлкен кірпіштерден тұрғызылған бекініс дуалдарға алғашында төрт бұрышты, кейіннен бұрышсыз мұнаралар тұрғызылды.

Кушандық кезеңдегі бекініс үлгісі ретінде Хорезмдегі топырақ-қала бекінісін атауға болады. Бұл бекініс жеті ғасыр- б.з.б. І ғасырдан б.з. VII ғ. дейін сақталған. Бекініс кірпіштен тұрғызылған дуалмен қоршалған. Қазба барысында археологтар ІІІ-ІV ғасырларға тән сарайдың орнын тапты.

Археологтар жүргізген қазба жұмыстары Орта Азия халықтарының кушандық кезеңде жергілікті дәстүрлерді дамытумен қатар, үнді, парсы, грек-македон мәдениетінің озық үлгілерін қабылдай отырып, өз мәдениетін жаңа сатыға көтергенін көрсетеді. Мәдениет мәселелері туралы айтқанда оқушылардан зороастризм жөнінде сұрай отырып, олардың жауаптарын жаңа мәліметтермен толықтырамын. Үнді мемлекеті тарихын оқығанда бұл мәселеге толығырақ тоқталатындарын да ескертемін.

Кушандықтардың мүсін және бейнелеу өнері туралы айтқан кезде баса көңіл бөлетін мәселе-кушандық шеберлер құдайларды, мифтік кейіпкерлерді емес, адамдарды- патша мен оның туыстарын бейнелегіні. Жеңімпаз Қанышке храмы сарайы туралы айтқанда оқулық авторының жас ұрпақ бойында өз ата-бабаларының сонау ерте замандағы тамаша жетістіктеріне деген мақтаныш, әрі патриоттық сезім отын тұтатуға тырысқандығы байқалады. Бұл идеяның сабақты қорытуға да арқау етемін.

Үйге тапсырма:§16

Бұл мәселеде тарихи байланыстылық пен сабақтастық ұғымын тиянақтау, бекіту мақсатында біраз шаралар жасаймын. Яғни Бактрия мен Кушан мемлекеттерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы сұрақтар, тест т.б.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 17. Парфия патшалығы

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушыларға Парфия патшалығының құрылуы, көшпелі тайпалардың ұрпағы Арсақ құрған Парфия патшалығы билеушілерінің өз шекарасын үнемі ұлғайта отырып, Римның Басқыншылық әрекетіне күйрете соққы бергендігі туралы баяндау.

  • Тақырып барысында оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Әсіресе көшпелі жауынгер сақ ұрпақтарының Римнің шығысқа жасаған жорықтарының тек қана өз шекарасын қорғап қоймай, Римнің шапқыншылығынан басқа елдерді қорғау барысындағы ерлік істеріне де тоқталып өтемін.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекілігі: карта (Б.з.б. ІІІ ғ. Ежелгі Шығыс),сызба

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі



  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

Сабақта оқушылардың ойын дамыту үшін, ең алдымен Парфия патшалығының орналасқан жерін оқушылардың дәптеріне түсіріп алуын қадағалап, содан кейін Парфия патшаларының қызметтерін салыстыра отырып талдаймын және Парфиядағы басқару жүйесін парсылардың басқару жүйесімен салыстырып, ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын іздестіру жұмыстарын жүргіземін.

Сабақты әңгімелесу арқылы талдап түсіндіремін.

Жаңа тақырыпты өткен тақырыппен байланыстырамын. Ол үшін оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:


  1. Орта және Орталық Азияда ежелгі дүниеде қандай мемлекеттер болған?

  2. Олардың астаналары қай қалалар?

  3. Олардың негізгі шаруашылығын атаңдар

  4. Бұл мемлекеттер ежелгі Қазақстан жеріндегі қай мемлекетпен қарым-қатынас жасап тұрған?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Парфия патшалығының құрылуы.

  2. Парфиядағы басқару жүйесі

  3. Көшпелілер және Парфия

  4. Парфияның римдіктерді талқандауы және оның маңызы

Жаңа тақырыптың бірінші мәселесін талдап, түсіндіру үшін оқушыларға бірнеше сұрақтар қойып, әңгімелесемін.

  1. Сақтар қай жерлерді мекендеген?

  2. Деректерге сүйене отырып сақтарға сипаттама беріңдер.

  3. Сақтар қай кезеңдерде өмір сүрген?

  4. Олар шаруашылықтың қандай түрлерімен айналысқан?

  5. Сақтардың қоғамдық-әлеуметтік құрылысын әңгімелеп беріңдер.

  6. Сақтардың ескерткіштері қай жерлерден табылған?

Парфия патшалығының құрылуы туралы айтқан кезде оқулық мәтінін пайдалана отырып, бұл мемлекеттің негізін көшпелі тайпалар құрғанына кеңірек тоқталып өтемін.

Парфияның қуатты мемлекетке айналусебебін түсіндіру үшін төмендегі кестені пайдалануға болады.



Арсак

Тиридат

І Митридат

Мемлекеттің негізін қалады

Парфия патшалығының жерін кеңейтіп, қуатты мемлекетке айналдырды.

Парфия патшалығының шекарасын Евфрат өзеніне дейін жеткізді. Сөйтіп оңтүстік батыстағы бай аймақты өзіне қаратып алды.

Парфияның римдіктерді талқандауы туралы тақырыпшаны оқушыларға өздігінше оқытып, пікірлерін тыңдатамын.

Сабақты бекіту:



  1. Картадан Парфия мемлекетінің орналасқан жерін көрсетіңдер.

  2. Парфия қай ғасырда мемлекет болып қалыптасты?

  3. Парфия патшалары жаулап алған жерлерді картадан көрсетіңдер.

  4. Парфия мен Рим арасындағы соғыстың басталу себебі неде?

  5. Парфия мен Рим арасындағы шайқастарды сипаттаңдар.

  6. Парфияның Риммен соғыста жеңіске жетуінің тарихи маңызы неде?

  7. «Жұмыс дәптеріндегі» 1-тапсырманы орындау.

Үйге тапсырма: §17
17-параграфты оқып келу. «Жұмыс дәптеріндегі» 2-тапсырманы орындау.

6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 18 . Ежелгі Үндістан

Сабақтың мақсаты:


  • Ежелгі Үндістан туралы түсінік беру. Шаруашылығының дамуы туралы және төрт әлеуметтік топқа бөлінуі жайлы баяндап, тапсырмалар беру арқылы оқушылардың ой-өрісін жетілдіру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, карта, репродукция т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Оқушылар білімін тексеру, жетілдіру, бекіту (сұрақ, практикалық тапсырмалар беру).

ІІІ. Жаңа білімді хабарлау, оқушылардың іздену әрекетін ұйымдастыру (проблемалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы).

Үндістанның солтүстік пен оңтүстік аймақтарының климаттық жағдайы туралы, алғаш өсімдік түрлерінің өсіріліп, жануарлардың қолға үйретіле бастауы туралы айтамын. Суармалы егіншіліктің дамуын түсіндіремін.

Ең ежелгі қалалары, мәдениеті, суды, қоймаларды пайдалануы туралы әсерлі түрде суреттеп жеткіземін. Оқулықтағы археологиялық қазба негізіндегі сурет пен қалпына келтірілген ежелгі үнділік қалалардың суреттерін салыстыра отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы түсіндіремін. Ганг өзенінің бойында ірі мемлекеттің пайда болуы туралы баяндаймын.

Александр Македонскийдің Парсы мемлекетін жаулап алғаннан кейін Үнді жерін басып алмақ болуы жайлы, Үндістанның көптеген аймақтарын бағындырып, қосып алғаны, Маурия әулеті жайлы әңгімелеймын.

Шаруашылығы-егіншілік кең түрде дами бастады. Қолөнер бұйымдары жетілдіріле түсті. Басқа мемлекеттермен сауда байланысы дамыды. Пайдалықазбалар молайды. Мемлекет ірілендіріле бастағанда қызметшілер саны көбейді. Әр түрлі салықтар жиналды. Үндістанның әлеуметтік жіктелуінде басқа елдерге қарағанда көптеген өзгешеліктер болды. Олар төрт топқа бөлінді (брахмандар, жауынгерлер, егінші –шаруалар, шудралар). Әрбір топқа сипаттама берген кезде оқулықтағы Ману заңдарынан келтірілген деректік мәліметтерді оқушыларға оқытуға немесе өзім оқи отырып, талдау жасау негізінде түсіндіремін. Бұл оқушылардың үйде сыныптан тыс оқуға арналған мәліметтермен жұмыс жасауға үйренуіне тиімді ықпал етеді.

Брахмандар деп дінді тарататын абыздарды атады. Брахмандар құдай мен адамдар арасын байланыстырушылар деп есептелінді. Брахмандар басқа адамдардан ерекше, қасиетті болып есептелді.

Жауынгерлер елді қорғап, тәртіпті реттеді. Оны өлтірген адам айып төледі. Ата-баба ісін жалғастыратын да солар деп есептелді.

Үшінші топқа егіншілер, қолөнершілер, малшылар, саудагерлер жатты. Олар тек өз жұмыстарымен ғана айналысуға тиіс болды.Шудралар ең төменгі, нашар, ауыр, қиын жұмыстарды атқарды. Олардың құлдыққа сатылып кетуі де мүмкін еді.

IV. Оқушылардың алған білімдерін бекіту. (ауызша, жазбаша жаттығулар, тапсырмалар).

Сонымен бүкіл Үнді қоғамы 4 топқа бөлінді. Әр топтың дәрежесі шектеулі болды. Оны ғылыми тілде варна немесе каста деп атады.

Тапсырмалар:


  1. Үндістан түбегі қайда орналасқан (картадан көрсету)? Онда қандай өзендер бар? Олар түбектің қай жақтарын алып жатыр?

  2. Ең ежелгі үнді қалалары қай өзеннің бойынан табылды? Қала құрылысының ерекшеліктері неде? Табылған заттар үнді шаруашылығы мен мәдениеті туралы қандай мәліметтер береді?

  3. Магадханың өрлеуі туралы не білесің?

  4. Чандрагупта деген кім? Ол қандай әулетті негіздеді? Ол өмір сүрген кезде қандай өзгерістер болды?

  5. Егіншіліктің дамуына не әсер етті? Қолөнер мен сауданың өркендеуіне патша неліктен бақылау орнатты? Алым-салық жүйесі туралы айт.

  6. Брахмандар мен жауынгерлер кімдер? Ерікті егіншілер мен шудралар кімдер? Неге олар тұйық топтар деп аталды?

V. Сыныптан тыс оқу.

Бір баланың өмірінен. Мәнерлеп оқу және түсінігін әңгімелеу.

Ману заңдарындағы Варна мен каста туралы мәліметтерді оқып, мағынасын талдау.

Сөздікпен жұмыс.

Брахма-үнді құдайының аты.

Кшатрий- жауынгерлер тобы.

Вайший- егіншілер тобы

Варна-өз дәрежесі бойынша ғана өмір сүруге тиісті тұйық топ. Оларды кейде каста деп атайды.

VI. Оқушылардың білімін бағалау, қорыту


  1. Бір баланың өмірі туралы мәтінді оқыту. Баланың тапқырлығы, іскерлігі сендерге ұнай ма? Өздерің қандай тапқырлықтар жасадыңдар?

  2. Әлеуметтік қатынастар, варна, каста туралы тақырыпшаларды оқи отырып, мынадай сұрақтарға жауап іздейік:

  • Брахмандардың артықшылықтары неде?

  • Кшатрийлер мен жауынгерлердің брахмандар атқаратын қандай жұмыстарды істеуге құқы болмады?

  • Егіншілерге неге сонша көп міндеттер жүктелген?

VII. Үй тапсырмасы:§18


6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 19. Ежелгі Үнді мәдениеті

Сабақтың мақсаты:


  • Жалпы Үнді мәдениетіне кеңірек тоқтала отырып, Ману заңдарына, буддизмге сипаттама беру. Өнер, білім негіздерін жетілдірудегі ерекшелектерін көрсету.

Сабақтың түрі: лекция

Сабақтың әдісі: Хабарлау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, дәптер, карта т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Әнұран орындау, «Хабар»

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.

Ежелгі дүниедегі ән-жыры көп халықтардың бірі-үнділіктер. Олардың өмірі мен тұрмысы туралы «махабхарата» және «Рамаяна» дастандарында жырланған. Бұл шығармалар-ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен туындылар. «Махабхарата» дастаны бойынша кинофильмдер, балалар кітапшалары көп.

Балалар «ай», «күн» әулеттері туралы сұрақ қоюы мүмкін. Сонда оны төмендегідей түсіндіремін.

«Махабхарата» дастанында он тайпа билік үшін күреседі. Олар абыз Вишвамитраның бастауымен Ганг өзенінің жоғарғы ағысы бойына аттанады. Олардың көбісі бхарат тайпасынан еді. Ал Ганганың жоғарғы жағын тритсу тайпасы мекендейтін. Екі тайпаның арасындағы соғыс ұзаққа созылды. Ақыры тритсу тайпасы шығысқа қарай шегініп кетті. Мұнда олар косал тайпасына қосылды. Сөйтіп жаңа астана негізінде өздерінің «күн» әулетін құрды. Ал бхарат тайпасы басып алған жеріне жаңа астана салып, оны «Пілдер қаласы» деп атап, «ай» әулетін негіздеді. Бхарат патшасының алты ұрпағы билік еткеннен кейін, патша Самравана «күн» әулеті патшасының қызына үйленді. Олардың баласы Каурав жаңа «ай мен күн» әулетін негіздеді. Бірақ кейіннен Кауравтың ұрпақтары екі топқа бөлініп кетті. Олардан екі тайпа қалыптасты. Кіреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар деп аталды. Екеуінің арасында билік үшін күрес басталды.

Бұл сабақта оқушылардың белсенділігін туғызатын әр-түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жаңа білімді түсіндіруді оқушылардың дербес жұмыстарымен ұштастырамын.

Оқу материалдарының негізгілерін ғана түсіндіремін, ал қалғанын оқушылар өткен материалдарға сүйене отырып, өздігінен меңгереді.

«Махабхарата» және «Рамаяна» дастандарының мазмұнын әңгімелеп айтып беру.

Ману заңлары туралы баяндап, оны қазіргі өмірмен сабақтастыру, яғни байланыстыру. Өткен тақырыпты естеріне түсіріп, салыстыру.

Буддизм тақырышасы бойынша будданың таралуы туралы айту. Монахтар тіршілігін әңгімелеу. Қандай елдерде тарағанын картадан көрсетіп, будданың дүниежүзілік дінге айналуын баяндау.

Оқушылар сабақта өз бетінше орындайтын жұмысы арқылы да жаңа білімді игереді, тапсырмалар орындайды.

Оқушылар оқулықта берілген сұрақтар мен тапсырмаларды орындап, сөзжұмбақ, ребус шешуге жаттығады.

Сыныптан тыс оқуға арналған «Будда туралы аңыз» әңгімесіноқып, талдау, берілген жаңа сөздердің мағынасын тақтаға жазып көрсету, әңгіме туралы оқушылардың пікір, көзқарастарын тыңдап, талқылау, әңгімеде суреттелген әр кезеңдегі өмірді ретімен жазу-осының бәрі сабақ барысында атқарылатын жұмыстар.

Сабақ аяғында жинақтап, қорытындылаймын.

Өнер мен білім негіздері бойынша үнділіктер өнерінің тамаша туындылары-діни сарайлар мен храмдар туралы айтылады. Олардың 2 түрі болды. Біріншісі-ашық жердегі храмдар, олар тастан, кірпіштен тұрғызылған, екіншісі-үңгір ішіндегі храмдар.

Ашық жердегі храмдардың төбесі бидай түйетін келі сияқты күмбезделіп тұрғызылған. Айналасы қоршалып, төрт жағынан сәнделген бұл храмдардың зерленген қақпасы болғанына тоқтала отырып, оқулықтағы қақпаның суретіне сипаттама жасаймын. Онда Будда мен оның мөрі бейнеленеді. Тастан күйдірілген қыштан шеберлер әр түрлі мүсіндер жасады.

Үнділердің жыл санауы бойынша 1 жыл 360 күн, 12 айға, бір ай 30 күнге бөлінді. Б.з.V-VI ғасырларда үнді оқымыстылары Жердің шар тәріздес екенін білді. Олар ертеден санаудың ондық жүйесін пайдаланды. Қазіргі біз жазып жүрген сандарды арабтар үнділіктерден үйренген.

IV. Үй тапсырмасы:§19

Кітіп бойынша сөзжұмбақ құрастыру



6-сынып. Ежелгі дүние тарихы

Сабақтың тақырыбы: § 20. Ежелгі Қытай

Сабақтың мақсаты:


  • Қытай мемлекетінің құрылуы, дамуы, қоғамдық құрылысы мен басқыншылық соғыстары туралы әңгімелесу. Сол кезеңдегі мемлекеттің қалыптасу ерекшеліктері мен дамуын оқушыға жеткізу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау

Көрнекі құралдар: Кітап, таблица, дидактикалық карточкалар, карта т.б.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.


Сабақ мақсатын анықтағанда практикалық жұмысқа септігін тигізетін қағидалар мен ережелерді, кейбір мәліметтерді оқушылардың естеріне түсіру.
ІІІ. Жаңа білімді хабарлау.

Оқушылардың белсенділігін туғызуды көздеп, әртүрлі қосымша құралдар, кітаптарды пайдаланамын.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы, оның кезеңдері, Шан-Инь мемлекетінің орнына құрылған жаңа мемлекет, ондағы бөліну, заң шығару, әскер туралы айтып өту.

Ежелгі Қытай мемлекетінің құрылуы туралы айтқанда екі үлкен өзеннің (Хуанхэ, Янцзы) төменгі ағыстарыныңбойында өмір сүрген қытай тайпаларына тоқталып, Чэн тан негізін салған Шан-Инь мемлекетінің билік жүйесі туралы баяндаймын.

Оның билігі тайпа одағы көсемінің басқару жүйесіне ұқсас болды. Елді басқару ісінің ру-тайпа көсемдерінің ықпалы басым болды. Патшалық билік барысында сарай қызметкерлері қалыптасты. Олардың арасынан патшаның бірінші кеңесшісі тағайындалды. Патшаның бұйрықтарының іске асуын қадағалайтын, жарлық-бұйрықтарын жазып отыратын арнайы адамар тағайындалды. Патшалық қазына мен мұрағат басшысы ретінде тағы бір адам қызмет етті. Осылайша алғашқы билік жүесі қалыптасты. Елдің шағын мемлекеттерге бөлініп, олардың арасындағы талас-тартыс, күрестің күшеюі елдіңдамуына әсер етті. Өзендерге бөгеттер мен каналдарды әркімнің өз қалауынша жасап алуы ауыл шаруашылығына кері әсер етті. Әрбір мемлекеттің шекарасынан өту үшін кеден салығын төлеу қажеттігі сауда байланыстарының дамуын тежеді. Елдегі ішкі наразылықтар мен көшпелілердің басып көру әрекеттерін болдырмау үшін мықты мемлекет қажеттілігі сезілді. Ондай мемлекетті саудагерлер де қажет деп есептеді. Бұл олардың бүкіл ел көлемінде еркін сауда жүргізуіне мүмкіндік беретін еді. Б.з.б. IV ғ. Цин мемлекетінде бірнеше заң шығарылып, оны патша қызметкері Шан Ян жүзеге асырып отырды.

Әскер өмірінде де үлкен өзгерістер болды. Қару-жарақтар бұған дейін қоладан жасалып келсе, енді темірден жасала бастады.Әскерде тәртіп орнады. Ақырында б.з.б. ІІ ғасырдың алғашқы жартысында Цин тапшалары өзінің қарсыластарын бағындырды. Бүкіл патшалықты өзіне бағындырып алған Ин Чжен б.з.б. 221 жылы Хуанди атағын алып, бірінші ұлы билеуші болды. Биліктің бәрін қолына алған патша Янцзы өзенінің солтүстігінде жаудан, яғни көпелілерден қорғану үшін мықты қорған салдырды. Оны Ұлы Қытай қорғаны деп атады. Сонымен әскер ұстау үшін, Ұлы Қытай қорғанын, алым-салықтар көбейтілді. Цин Ши Хуан қайтыс болғаннан кейін елде жаппай көтеріліс етек алды.Бұл тақырыпшаны Ежелгі Үнді мемлекетінің құрылуымен салыстыра отырып айтамын.

Шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы туралы айтқанда Қытайда ауыл шаруашылығы басты сала болғандығына, жылқы малын бағуға ерекше мән берілгендігіне тоқталамын.

Маңызды шаруашылық салаларының бірі егіншілік болды. Жеміс-жидек, бау-бақша шаруашылығымен қатар, қолөнер де дамыды. Ірі мемлекеттік шеберханалар да болды. Өте ертеден жібек маталар тоқу өнері жақсы дамыды. Жібек маталардың шетке шығарылуы Ұлы Жібек жолын қалыптастырды. Бұл матаны жасауды басқа елдер білмегендіктен, матаға сұраныс көп болды.

Осы арада Ұлы Жібек жолының пайда болуы, тармақтары, оның бойындағы елдер таныстырылып, картамен қосымша жұмыс жүргізу, оны Қазақстан тарихымен байланыстыра отырып, сұрақ-жауап түрінде түсіндіру де тиімді.

Б.з.б. ІІІ ғасырдың аяғында Цин патшалығы құлап, орнына келген Хань әулетінің билеушілері Қытай мемлекетінің жерін кеңітіп, жаңа жерлер қосты. Олар басқыншылық жорықтар жасап отырды, басты мақсаттары жаңа жерлерді басып алып, сауда жасау болды.

Ежелгі Қытай мемлекетіндегі алым-салықтың көбеюі, жерді шағын топтардың ғана иеленуі, тұрмыс жағдайының қиындауы-осының бәрі халықтың үкіметке наразылығын туғызды. Ван Ман деген адам өзін патша жариялап, билікті тартып алды. Осы кезеңде «Қызыл қастылар көтерілісі» болды. Б.з. 23 жылы көтерілісшілер елдің астанасын басып алып, Ван Манды өлтірді. Бұрынғы Хань әулетінің ұрпағы қайтадан билікке келді. Б.з. ІІ ғасырдың соңында көтерілістің жаңа толқыны басталды. Олар бастарына сары орамал байлап жүргендіктен, «Сары орамалдылар көтерілісі» деп аталды. Сөйтіп аяғында Қытай мемлекеті үш тапшалыққа ыдырап кетті.

Білімді бекіту және іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатында төмендегідей сұрақтар қоямын:



  1. Алғашқы Қытай тайпалары қай жерлерде өмір сүрді? Шан-Инь мемлекеті ше?

  2. Бір орталыққа бағынған Цинь мемлекеті қалай құрылды? Цин Ши Хуанди деген кім? Ол қандай өзгерістер жасады?

  3. Ауыл шаруашылығы қалай дамыды? Жер шаруашылығына ерекше мән берудің себептері неде деп ойлайсыңдар?

  4. Қауымдық және ірі жер иелену дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Жібек маталардың ерекшеліктері неде?

  6. «Ұлы Жібек жолы» деп неге аталған?

  7. «Қызыл қастылар» мен «Сары орамалдылар» туралы не білесің?

Бұл тапсырмалармен қатар қазіргі Қытай мемлекетіне қатысты жағдайларды атап өтемін. Сыныптан тыс оқуға арналған «Елшінің саяхаты» әңгімесін практикалық тапсырма ретінде беріп, дербес жұмыс жасауға жаттықтырып, жаңа сөздерді меңгеруге кірісемін.

Қорытынды сабақ мазмұнын тұжырымдай келіп, әр оқушының жұмысқа икемділігін, ынта ықылыасын, белсенділігін, білімін, іскерлігін атап өтемін.

IV . Үй тапсырмасы:§20.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет