6. Талдамалық жазба 1-бағыт: Экономика 1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,55 Mb.
#4652
  1   2   3
6. Талдамалық жазба
1-бағыт: Экономика
1-мақсат: Инфляциялық үдерістерді реттеу

Қарағанды қаласы бойынша жыл басынан бері тұтыну бағаларының индексін статистика санамаған. 2013 жылғы желтоқсан айында статистикалық мәліметтер бойынша тұтыну бағаларының индексі 2012 жылдың желтоқсанына қарағанда 107,4% құрады, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,6% жоғары әрі жоспарлы «дәліз» шеңберіндегі көрсеткіш.

Тауарлар мен қызметтерге инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыс Қарағанды қаласы әкімінің «Бағаның көтерілуін тежеу бойынша жұмыс топтарын құру туралы» 2012 жылғы 23 наурыздағы №38-ө өкіміне сәйкес жүргізіледі. Өкімге сәйкес: азық-түлік тауарлары; азық-түліктік емес тауарлар, тұрмыстық қызметтер және жанар-жағармай материалдары; коммуналдық қызметтер; дәрі-дәрмек және ақылы қызметтер; көлік қызметтері және байланыс қызметтері сынды бес бағыт бойынша жұмыс топтары құрылған.

2013 жылы жұмыс топтары барлығы 12 отырыс өткізген, онда жұмыс топтарын үйлестірушілердің есептері тыңдалып, бағаның көтерілуін тежеу мәселелері талқыланған.


Өнеркәсіп
2-мақсат: Ұлттық және аймақтық экономикада бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту және экономиканы жаңғырту негізінде өнеркәсіптегі құрылымдық жылжулар

2013 жылдың қорытындысы бойынша қаланың кәсіпорындарымен өндірілген өнеркәсіптік өнімнің көлемі 282 млрд. 825,2 млн. теңгені немесе 2012 жылдың көрсеткіштеріне қарағанда 111,6 % құрады. НКИ 95,4% құрады.

Өндеу өнеркәсібінің НКИ былтырғы жылға қарағанда 96,5% немесе 87 млрд. 455,1 млн. теңгені құрады.

НКИ көлемдерінің көрсеткіштерінің төмендеуінің басты себебі, Костенко атындағы шахтаның, "ИП Эфес Казахстан" АҚ және машина жасау саласынның ("Арселор Миттал теміртау" АҚ және "Қазахмыс корпорациясы" ЖШС сияқты ірі жүйе құрушы кәсіпорындары жағынан сұраныстардың төмендеуімен байланысты) өндірістік көрсеткіштерінің төмендеуі. Сонымен қатар, 2013 жылдың басынан қала құрушы 2 ірі кәсіпорын "Вторпром" ЖШС және "Силициум Казахстан" ЖШС бастап қаржылық мәселелеріне байланысты тұрып қалды.Өнеркәсіпте еңбек өнімділігі 6408,2 мың теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 110,2% (2012 жылы 5815 мың теңге).

2013 жыл қорытындысы бойынша тау-кен қазу саласының өндіріс көлемі 12 млрд. 312,4 млн. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 151,9% құрады.

2013 жылы электрэнергияның, бу, газ беру және ауа кондицирлеуді бөлу және өндірудің көлемі 69 млрд. 474,6 млн. теңгені немесе 2012 жылға қарағанда 107,2% құрады.


3-мақсат: Қаланың энергетикалық кешенінің тұрақты дамуы

«Караганда Энергоцентр» ЖШС 2013 жылы 18,0 млрд. тенге жұмсады, оның ішінде инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру бойынша 14,4 млрд. тенге (№8 қазан мен №6 турбина құрылысы) және құрылғыны жөндеу жұмыстарына 3,6 млрд. тенге: ЖЭО-1 бойынша 3 қазан мен 1 турбинаға жөндеу жүргізілген, ЖЭО-3 бойынша 3 қазан мен 2 турбинаға жөндеу жасалды. ЖЭО-1, ЖЭО-3 қуаты есебінен электр энергиясының жалпы өндірісі 3 199 704. кВт/сағ. құрайды.


Агроөнеркәсіптік кешен
4 -мақсат: Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру

2013 жылы ауылшаруашылық өнімінің НКИ 102,1% құрады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3102,9 млн.теңгені құрады, былтырғы жылдын осы кезеңімен салыстырғанда 424,3 млн. теңгеге артық.

2013 жылғы қорытындылары бойынша өсімдік шаруашылығы өнімдерін жалпы шығарудың нақты көлем индексі 102,6% құрады, жоспарланып отырған көрсеткіштермен салыстырғанда 2,1% артық.

Мал шаруашылығы өнімдерін жалпы шығарудың нақты көлем индексі 101,4% құрады, жоспарланып отырған көрсеткіштермен салыстырғанда 1,3 % артық.

2013 жыл қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік еңбек өндірісі 2012 жылға қарағанда 8 есе өсті.

2013 жылға азық-түлік тауарларының ішкі нарығын қамтамасыз ету деңгейі 101,1% құрайды.

2013 жылы Республикалық бюджеттен эпизоотияға қарсы іс-шараларды өткізуге (ветиранарлық препараттарды сақтау және қолдану) 4 млн. 118 мың теңге бөлініп, 100% игерілді. Ағымдағы жылы імм, кмм, аттарды, шошқаларды, түйелерді, иттерді және мысықтарды вакциналау жүргізілді. Сонымен қатар аллергиялық және серологиялық зерттеулер өткізілді.

Мал ауруларын халық арасына тарамау қаупсіздігін қамтамасыз ету шаралары бойынша қалада мал көміндісі, ет өнімін өткізу пунктері және мал сою жерлері жұмыс істейді:

1. ЖШС «Акнар ПФ» Октябр ауданында;

2. ЖШС «Арай KZ» Казыбек би атындағы ауданда;

3. ЖМК «Абишев» Резника к.
Шағын және орта бизнес, сауда
5-мақсат: Бизнес-ортаны жақсарту, кәсіпкерлікті дамыту және ішкі сауданың тиімділігін арттыру

Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс, қызмет және өнім шығару көлемі 13,0% өсті және 383 млрд. 429 млн. теңгені құрады (2012 жыл 339 млрд. 447 млн. теңге).

Кіші және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығаруының ФКИ 105,4% құрады.

Белсенді субъектілер саны 30 мың 140 бірлік, ол немесе 2012 жылдың көрсеткішінен 3,4 мыңға немесе 12,9% артық

1000 тұрғынға ШОБ белсенді субъектілернің саны 62,2 бірлікті құрады.

2013 жылдың қорытындысы бойынша Қарағанды қаласында бөлшек сауда айналымының жалпы көлемі 394 млрд. 228,6 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,2 млрд. теңгеге өсті. ФКИ 108,6% құрады. 2013 жылдың 1 қаңтары бойынша Қарағанды қаласында POS-терминалдар саны 696 бірлікті құрайды.


Инновациялар және инвестициялар
6-мақсат: Қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту және инвестицияларды тарту

2013 жыл қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар көлемі 69572,1 млн. теңге немесе 2013 жылдың жоспарына қарағанда 111,9% және 2012 жылға қарағанда 102,5% (2012 жыл факт - 67884,6 млн. теңге) құрады. Инвестицияның ФКИ - 95,2% құрады. Инвестицияларды салу көлемінің төмендеуінің басты себебі, қаланың «Караганды Жарык» (9,1 млрд.тг), «Караганда Энергоцентр» (3,2 млрд.тг) және «Вторпром» (1,8 млрд.тг.) сияқты кәсіпорындарымен 14,1 млрд. тг көлемінде инвестиция игерілді.

Қазақстандық қамтылуды дамыту аясында 28 ірі және орта кәсіпорындарының сатып алуларының мониторингі жүргізіледі.

2013 жылдың қорытындысы бойынша тауарлар, қызметтер, жұмыстардың жиынтық көлемі 23 млрд. 433,1 млн. теңгені құрады.

Олардың ішінде қазақсатндық қамтылу 17 млрд. 853,9 млн. теңгені немесе 76,2% құрады, оның ішінде:

- тауар сатып алуаларының көлемі - 18 млрд. 009,2 млн. теңге, қазақстандық қамтылу 12 млрд. 652,8 млн. теңге немесе 70,2%;

- жұмыс сатып алуларының көлемі - 2465,5 млн. теңге, қазақстандық қамтылу 2324 млн. теңге немесе 94,2%; - қызметтер сатып алуларының көлемі - 2928 млн.теңге, қазақстандық қамтылу 2877,1 млн. теңге немесе 98,2%;

В том числе:

- тауар сатып алуаларының көлемі – 22,1 млрд. теңге, олардың ішінде қазақстандық қамту 13,6 млрд. теңге немесе 61,4%;

- жұмыс сатып алуларының көлемі – 2,2 млрд. теңге, олардың ішінде қазақстандық қамту 2,1 млрд. теңге немесе 97,7%;

- қызметтер сатып алуларының көлемі – 5,7 млрд. тенге, олардың ішінде қазақстандық қамту 5,4 млрд. теңге немесе 94,8%.

Қазақстандық қамтуды жоғарлату үшін іс шаралар жүргізілуде.

2013 жылдың 8 тамызында С. Сапиев атындағы бокс орталығында ауданның тауар өндірушілерінің жыл сайынғы "Қазақстанның ең үздік тауары" көрмесі өтті. Қарағанды қаласынан, осы конкурсқа 18 кәсіпорын қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша конкурс лауреаттары:



  1. «КазПласт» ЖШС - «Өндірістік тағайындалудың ең үздік тауары» номинациясында 2 орын, «Ең үздік азықтүліктік тауарлар»;

  2. «Қарағанды аяқ киім фабрикасы» ЖШС - «Халық үшін ең үздік тауарлар» наминациясында 2 орын;

  3. «ALIAN-Paint» ЖШС - «Халық үшін ең үздік тауарлар» наминациясында 3 орын;

Қарағанды қаласыныңы тауар өндірушілерімен ауданның жүйе құрушы ірі кәсіпорындарының арасында өзара тиімді серіктестік орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ішік сауда айналымын жоғарлату мақсатында, «Экспорт 2020» бағдарламасы іске асу үшін аймақтың экспортерлерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан және Ресей аймақтарының «Қазақстан және Ресей инновациялық және өндірістік кооперациясының саласында халықаралық ынталандырулар» Халықаралық көрмесінің аясында, қаланың келесі кәсіпорындары қатысты: «Сантехпром» ЖШС, «ТД «Азия-Метиз» ЖШС, «Эгофом»ЖШС, "МНПХ «Фитохимия» АҚ, «КазАвиаСпектр» ЖШС , «Айкын жол» ЖШС, «Минова Казахстан» БК ЖШС, «Карагандинский завод металлоизделий» ЖШС.

Қарағанды қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен индустриализация Картасына жаңа жобаларды енгізу және «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасының қолдау құралдарына тарту үшін, кәсіпорын басшыларымен өндірісті кеңейту, жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда, индустриализация Картасына Қарағанды қаласынан жалпы сомасы 103 млрд. 029 млн. теңге 31 инвестициондық жоба енгізілді. 2013 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасын қолдау құралдары бойынша Қарағанды қаласының 46 жобасы мақұлданды.



Қорытынды:

1-ші «Экономика» бағыты бойынша нәтижелердің 6 мақсаты, 8 міндеті, 10 нысаналы индикаторы, 28 көрсеткіші көзделген.

Оның ішінде 2013 жылдың қорытындылары бойынша «Экономиканы жаңғырту және ұлттық және аймақтық экономикаларда бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту негізінде өнеркәсіптің құрылымдық ілгерілеуі» мақсаты аясында екі нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген:

Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі жоспарлы 103,1% қарағанда 95,4% құрады.

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі жоспарлы 104% қарағанда 96,5% деңгейіне жеткізілді.

Және «Инвестицияларды тарту және қала экономикасының инновациялық құраушы бөлігін дамыту» мақсаты аясында бір нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген:



Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі» жоспарлы 101% қарағанда негізгі капиталға инвестициялардың НКИ 95,2% құрады.

Өнеркәсіптегі НКИ көлемдерінің төмендеуінің негізгі себептері – Костенко шахтасындағы, «Эфес Қазақстан» ШК» АҚ және машина жасау саласындағы өндірістік көрсеткіштердің кемуі («АрселормитталТемиртау» АҚ және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС сияқты жүйе құрушы ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныстардың төмендеуіне байланысты).

Сондай-ақ 2013 жылдың басынан бері қаржы мәселелеріне байланысты «Вторпром» ЖШС және «Силициум Казахстан» ЖШС сияқты қала құраушы 2 ірі кәсіпорын тоқтап тұр.

Негізгі капиталға инвестициялар салу көлемдерінің төмендеуінің негізгі себептері: «Қарағанды Жарық» ЖШС (9,1 млрд. теңге), «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС (3,2 млрд. теңге) және «Вторпром» ЖШС (1,8 млрд. теңге) сияқты қала кәсіпорындары инвестицияларды 14,1 млрд. теңге

Ал үстіміздегі жылы бұл компаниялар бар-жоғы 10,7 млрд. теңге немесе қаржыны 3,4 млрд. теңгеге кем игерген.

Бұдан тыс, жаңа инвестициялық жобаларды іздестіру, соның ішінде Өңірлік Индустрияландыру картасына қосу бойынша жұмыс жүргізіледі.


2 бағыт: Әлеуметтік сала
Білім беру
1-мақсат:Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүддесін қорғау жүйесінің тиімділігін жоғарылату

Қаланың білім бөлімінің қызметі ҚР 2011-2020 жж білім беруді дамыту Мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталған. Қаланың 2013 жылда білім беру жүйесін дамыту жүйесінің басым бағыты:

Қол жетімді сапалы білім берумен қамтамасыз ету;

Балалардың толық дамуына жағдай жасау және білім беру мазмұнын жүзеге асыру;

Қаланың білім беру жүйесін тиімді басқаруды және қаржыландыруды көтеру.

Білім ұйымдарының жүйесі: барлығы-150, оның ішінде, 12- мемлекеттік, 21- жеке меншік. Жүйе 1 мемлекеттік ұйымға (№59 орта мектептің №43 орта мектепке бірігіуіне байланысты қайта ұйымдастыры), 1 жеке меншік ұйымға (Қарағанды бану колледжінің лицей сыныптары жабылды) қысқарды.

Жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер саны – 79.

2013 жылы 1 қыркүйекте жалпы 0-11 сыныптарда 57228 оқушы (801 оқушыға көбейген), оның ішінде 1-11 сыныптарда 53106 оқушы (549 оқушыға көбейген).

Білім беру тілі бойынша мектептер саны өзгерген жоқ:

қазақ тілінде білім беретін мектептер – 10 (5643 оқушы)

орыс тілінде білім беретін мектептер - 12 (5433 оқушы)

аралас мектептер – 57 (42030 оқушы) – № 43 ОМ қайта ұйымдастыруға байланысты 1 мектепке кеміді.

азақ тілінде білім алатын оқушылар саны тұрақты түрде өсіп келеді – 2006 жылы 14187 (25%) оқушы болса, 2013 жылы - 18279 (34,4%).

Мектептен тыс ұйымдар саны-15, онда 9720 бала білім алады:

Мемлекеттік ұйым-10, 8699 баланы қамтиды;

Жекеменшік ұйым-5, 1021баланы қамтиды.

Сұрыптауда қаңтар айында 300 балаға арналған БжЖС-ның филиалы ашылды, осының нәтижесінде 0,6% қосымша білім берумен қамтылып және ол қазіргі кезде 18,5% құрайды.

Қаладағы мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 75 ұйымды құрайды: 62 мемлекеттік және 13 жеке меншік балалар мекемесі.

Мектепке дейінгі ұйымдардың мемлекеттік секторы:

40 балабақша

19 шағын орталық

3 «мектеп-балабақша» кешені.

Білім беру саласындағы маңызды мақсаттардың бірі – балаларды мектепке дейінгі білім және тәрбиемен қамтуға жағдай жасау. 2009 жылы Елбасымыздың бастамасымен Балапан» бағдарламасы іске қосылды.

Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі, балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтамасыз етудің жағдайын жасау болып табылады. 3 пен 6 14750 (98,1 %) бала мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарымен қамтамасыз етілді. 2012 жылмен салыстырғанда балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту, 100 балаға арналған «Алтын бесік» балабақшасы (2013 жылы қаңтар) және «Бақыт» балабақшасында (2013 жыл қараша) 120 балаға арналған төрт қосымша топтың ашылуымен өсті.

Мемлекеттік тапсырыс 3 жекеменшік балабақшада («Лесок», «Гвоздичка», «Әділет») 530 орынға жүзеге асуда.

Мектепке дейінгі мекемеде кезекте0-6 жас аралығындағы 19497 бала тұр. Оның 4975-і 3-6 жастағы балалар.

Мектепке дейінгі білім беру қызметіне-1 млрд.784 млн. 582 мың. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекеттік сатып алу бойынша-495 млн. 572 мың. теңге. Республика бюджетінен шағын орталықтарды жабдықтауға-113 млн.459,79 мың. теңге.

2013-2014 оқу жылында барлық жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер саны-5658, оның 90%-і әйел адамдар. Жоғарғы білімді мұғалімдер құрамы-91,6%, жоғарғы және бірінші санатты мұғалімдер құрамы-52,8%,

"Өрлеу" педагогтардың біліктілігін арттыру ұлттық орталығы жанынан 2012 жылы 119 мұғалім жаңа форматтағы курстарды өтті, 2013 жылы - 186 оқытуша. Қайта даярлау қорытынды бойынша және өз санаттарына сай мұғалімдер елеулі қосымша төлемақы алады. Осы мақсатта Республикалық бюджеттен қомақты қаржы жұмсалған: үш деңгейлі жүйе бойынша біліктілікті артыруға 23 млн.теңг.; мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне санаты үшін қосымша ақы төлеуге – 200 млн теңге.

Білім бөлімі мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға қажетті мүмкіндіктер туғызады. Жыл сайын 15 қалалық педагогикалық байқаулар, ғылыми-тәжірибелік конференция, 150-ден астам семинарлар өткізіледі. Түрлі жетістіктері үшін: кәсіби байқаулар, ізденушілік әрекеті, республикалық деңгейдегі түрлі байқауларға оқушы дайындағаны үшін 192 мұғалімге сыйақыға жергілікті бюджеттен 3 млн. теңге бөлінді ( 2012 жылы: 200 педагогқа 5 млн. теңге). 2013-2014 оқу жылының басында оқу ұйымдарына келген 151 жас маманға 7 млн. 550 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілді.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасындағы балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Есептік кезеңде жалпы 714 бала қамқоршылық және қорғаншылықта, оның ішінде 724 бала жәрдемақы алады, бұл 98,6 %-і құрайды.

2013 жылдың 12 айы ішінде 343 кәмелетке толмаған бала мемлекет тарапынан көмекке зәру екендігі анықталынды, оның ішінде:

үйдегі балалар – 59,

балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында – 31,

патронатқа берілгендер – 0,

қамқоршылық пен қорғаншылыққа берілгендео –136,

ҚР азаматтығымен - 111 бала асырауға алынған.

Шетел азаматтығымен - 6 бала асырауға алынған.

Бүгінгі күнде асыранды балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар саны -669, оның ішінде - 724 бала.

Қамқоршылық және қорғаншылық жөніндегі қызметкерлер балалардың тәрбиесіне қатысты 1205 сот ісіне қатысқан.

Әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың барлық балалары (2516) «Жалпыға міндетті оқыту» фонд есебінен тегін тамақтанумен қамтылған.

"Салют" балалар сауықтыру лагерінде 5 жазғы сауықтыру маусымы өткізілді. 1368 бала осында демалып, сауықтырылды, оның 1308-і әлеуметтік қорғалмаған отбасының балалары. 2013 жылы Жалпы оқу қорынан 103 млн 6 мың теңге әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларын тамақтандыруға, киіндіруге, кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге бөлінген.

Қарағанды қаласының білім ұйымдарында инвалидтарды қорғауда және қоғамға бейімдеуде айқын істер атқарылуда. 45 мектепте инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға жағдай жасалған (56,25%) 6 мектепте түзете-дамытып оқыту сыныптары бар.

18 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымда 81 түзету тобы жұмыс істейді:

сөйлеу қабілеті бұзылғандарға – 48 топ;

нашар көретіндер – 25 топ;

нашар еститіндерге – 1 топ;

ПДТ (психикалық дамуы тежелген) – 7 топ.

Логопедиялық пункттер 12 мектепке дейінгі білім ұйымында бар.

Қалада барлығы 2 мамандандырылған балабақша жұмыс істейді («Батыр», «Ертегі»).

Қарағанды қаласының білім ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге және дамытуға 2013 жылы 12 млрд. 478 млн. 650 мың теңге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттерге 1 млрд. 058 млн. 650 мың теңге қарастырылған.

3 ауысымда жұмыс істейтін, апатты мектептер жоқ. 2013 жылдың басынан күрделі және ағымдағы жөндеуге 148,871 млн.теңге бөлінген. Жөндеу 16 нысанда өткізілді (10 мектеп, 4 балабақша, № 1 БММ)

№ 2 лицейдің спорт залы салынып болды. Құрылысқа жергілікті бюджеттен 200 млн. теңге бөлінген. Бұрын бір жағында кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығы болған «Бақыт» балабақшасында күрделі жөндеу жүргізіліп, 4 қосымша топ ашылды. Оған 67 млн. теңге жұмсалды.

2012 жылы жалпы сомасы 104 млн. теңгені құрайтын 46 кабинет сатып алынды. Оның 15 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 89 млн теңгесі жергілікті бюджеттен.

2013 жылы жергілікті бюджеттен кабинеттерді жабдықтауға 229 млн. 882 мың теңге қаражат бөлінді. Бұл қаражатпен, мектептерде 39 пәндік кабинет, ұлдарға арналған 13 шеберхана кабинеті, қыздарға арналған 20 еңбек кабинеті, бес мектеп автокөлік және жаттығу залдарымын (№51, 100, 5, 13, 101 ом), барлық мектептер спорттық жабдықтар шаңғы және доптармен, 22 тенис алаңымен жабдықталынды.

Бейінді оқытуға арналған мектептерге № 5,13,51,100,101оқу мақсаты үшін қолданатын автокөліктерге 17 млн. 551,2 мың теңге, сонымен қоса автожаттығу 3млн. 796,3 мың теңге;

Шаңғылар-52 млн.779,6 мың. теңгеге.

16 физика кабинеті 79 млн. 196,8 мың. теңгеге;

15 биология кабинеті 58 млн.417,4 мың. теңгеге;

8 химия кабинеті 39 млн. 831 мың. теңгеге;

10 интерактивті подиум 35 млн. теңгеге;

548 компьютер 52 млн. 812,9 мың. теңгеге;

12 ұлдарға арналған шеберханалар 20 млн. 491,3 мың. теңгеге;

20 қыздарға арналған еңбек кабинетін 27 млн. 755,5 мың. теңгеге;

22 хоккей алаңы175 млн. 999 мың. теңгеге;

мектеп жиһаздары 2 млн.241 мың. теңгеге.

РБ есебінен 5 химия кабинеті 16 млн. 677 мың. теңгеге жабдықталынды (№39, 101, 23, 38, 97 мектептер).

Осылай, қаланың білім ұйымдары 203 пәндік кабинеті техникалық құралдарымен жабдықталды.

2012 жылмен салыстырғанда пәндік кабинеттерді жабдықтау 45%-тен 57,2%-ке өскен.

Барлық мектертерде интерактивті құралдар орнатылған. Интернет желісіне-100% қосылған, барлық білім ұйымдарында өзінің сайттары бар. 43 (54,4%) білім ұйымдары (e-learning) электронды оқыту жүйесін қолданады. Оқушы санының көрсеткіші 1 компьютерге өсті. Қала мектептерінде компьютерлі паркінде 9861 машина бар, 1 компьютерге 5,4 оқушыдан келеді.

Оқулықтарды сатып алу және жеткізуге 42 млн.336 мың. теңге қаражат жұмсалынды. (2012 жылы 40,8 млн. теңге бөлінген). Бұл қаражатқа 2013 жылы қайта шығарылуға тиісті 2 және 9 сыныптарға арналған оқулықтар сатып алынды.
Денсаулық сақтау
2-мақсат: Тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуды қамтамасыз ету үшін тұрғындардың денсаулығын жақсарту

Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған Даму Жоспарын іске асырудың бірінші кезеңінің негізгі бағыты әлеуметтік саланы дамыту, халықтың өмір сүру сапасын арттыру, сапалы әлеуметтік қызметтердің барлық түрімен қамтамасыз ету болып табылады.

2013 жылы Қарағанды қаласы бойынша скринингтік қамту 41% құрады.

Қала халқын қанайналым жүйесі ауруларын ерте айқындауға профилактикалық скринингтік медициналық тексерулер жүргізілді. 68432 адам қамтылды, жылдық жоспардың 100,9 % құрады (67800 адам). Тексерілген науқастардан 6659 (9,7%) науқас айқындалды, оның ішінде диспансерлік есепке 6639 (9,7%) адам алынды.

Қант диабетін ерте айқындауға - 65013 адам не 103,3% қамтылды, жоспарға (62825). Тексерілгендерден 247 (0,4%) науқас анықталды, оның ішінде диспансерлік есепке 247 (0,4%) алынды.

Глаукоманы айқындауға 55949 адам қамтылды жылдық жоспардың 102,8% (54418 адам), 45 (0,08%) адам айқындалды, оның ішінде диспансерлік есепке 45 (0,08%) алынды.

Ісікалды жағдайларды және сүт безі обырын айқындауға 36144 адам қамтылды – жылдық жоспардың 100,2% (36037 адам). Тексерілгендерден 88 (0,24%) науқас анықталды, диспансерлік есепке 88 науқас алынды (0,24%).

Ісікалды жағдайларын және сүт безінің обырын айқындауға 12111 адам не жылдық жоспардың 99,1% (12222 адам), айқындалғаны 304 (2,5%) науқас, диспансерлік есепке 304 науқас (2,5%) алынды.

Ісікалды жағдайларын және жатыр түтігінің обырын айқындауға 15661 адам не жылдық жоспардың 100,0% (15662 адам), айқындалғаны 24 (0,2%) науқас, диспансерлік есепке 24 науқас (0,2%) алынды.

Қарағанды қаласы бойынша профилактикалық тексерумен 1 жастан 17 жасқа дейінгі 110678 бала (100,1%), қамтылды, жылдық жоспардың 11567 бала, айқындалғаны 11567 бала, 9210 бала оңалтылды (79,6%), диспансерлік есепке 16465 бала (14,9%) алынды.

Қарағанды қаласының АМСК қызметінің шығындары деңгейін жалпы қаржыландыру көлемінен 43,1% дейін ұлғайту әрбір АМСК ұйымына әлеуметтік қызметкерлерді, психологтарды енгізумен, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексерудің өзгеруімен (ересектерде және т.б. гепатитті анықтау скринингін қосу) жан басына шаққандағы нормативті теңестіру, ұлғайту

ҚР ДСМ 04.11.2011ж. №786 бұйрығына сәйкес пациенттерді Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында тұрғындарды тегін дәрілермен қамтамсыз ету жүзеге асырылуда, яғни амбулаторлы деңгейде 910976,4 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, 2013 жылы 910976,4 мың теңге игеріліп 100% құрады. Сырқатты ерте анықтау аясында тұрғындарды мақсатты түрде скринингті тексеруден өткізу шарасы жүзеге асырылады. Осы көрсеткішке қол жеткізу облыстық және қалалық медициналық мекемелерге 74 дәрігерді еңбекпен қамтамасыз етумен байланысты.

2013 жылы қалада біліктілік санаты бар медицина қызметкерлерінің үлес салмағы: дәрігерлер - 64%, орта медициналық қызметкерлер 60% құрады. Көрсеткішке қол жеткізу шетелде 22 маманды оқыту, 112 маманның біліктілігін арттыру, 131 дәрігер және 413 орта медициналық қызметкерді қайта даярлау және біліктілігін арттырумен қамтамасыз ету арқылы қол жеткізілді.

Қарағанды қаласында қанайналым жүйесі ауруларынан болған өлім-жітімнің өткен жылды осы мерзімімен салыстырғанда 436,9-дан 388,8-ге, яғни 88,9%-ға төмендегені байқалды, төмендеуге атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде қол жеткізілді.

Сырқатты ерте анықтау аясында тұрғындарды мақсатты түрде скринингті тексеруден өткізу шарасы жүзеге асырылады.

Қан айналым жүйесінің сырқатын ерте анықтау мақсатында профилактикалық скринингтік медициналық тексеруден өткізілді – 68432 адам қамтылып, жылдық жоспардан (67800 адам) 100,9 % құрады, тексерілгендер арасында 6659 (9,7%) науқас анықталды, олардың ішінде диспансерлік есепке алынғандары 6639 (9,7%).

Онкологиялық диспансерге 145 875 мың теңге соммасына 8 дана медициналық жабдық сатып алынды. Қарағанды қаласының облыстық жедел медициналық көмек көрсету паркінде автокөліктер жаңартылды, 16 дана жедел жәрдем көліктері сатып алынды.

БАҚ, СӨСО құралдары арқылы мемлекеттің азаматарымен жұмыс берушілер арасында өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау насихатталуда. 2013 жылы өмір сүру ұзақтыңының көрсеткішіне қол жеткізу мақсатында «ОКО» КММ жанында операциялық-ренацимациялау бөлімі ашылған.

Қарағанды қаласының АМСК базасында жүрек-қантамырлары ауруы кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету дағдысына халықты оқыту.

• Бұқаралық ақпарат құралдарында қанайналым жүйесі ауруларына, семіздікке, ішімдікті және темекіні қолдануға, жеткіліксіз дене жүктемесіне әкелетін факторлар туралы ақпараттық материалдарды кеңінен жариялау.

• Жіті жүрек-қантамырлары және өзге де жүрек-қантамырлары жүйесі аурулары, алғашқы белгілер, көмек көрсету шаралары, жіті коронарлық синдроммен науқастанғандардың қауіп факторы, халықты ҚЖА бастапқы және екінші профилактикалық ақпараттық бағдарламалары анықталды.

• АМСК және стаицонарлар деңгейінде кардиологиялық науқастар үшін дәрілік заттарды бөлу бақыланады.

• Еuro Score жіктемеге сәйкес күрделілік санаты бойынша ересектерге кардиохирругиялық операция жасалды: БұқараАҚШ – 174 операция; ТБЖА түзету – 176 операция; КАГ – 2123 операция; ЧКА – 890 операция; ЭКС - 128 операция; ЭФИ и РЧА – 101 операция; 2013 жылы «Облыстық кардиохирургиялық орталық» КМК кардиохирургиялық қызмет бойынша жүргізілді: Ккардиовертебродефибриллятор имплантациясы -4 (3), ЭФИ РЧА -101 (114), ЭКС имплантациясы - 140 (114), ТБЖА кезіндегі оклюдер имплантациясы - 19 (21), коронарлық артерияларды стенттеу - 984 (993), КАГ -2325 (2678). АКШ -184 (153), ТБЖА -186 (78) тромболизис 32 (13).

Онкологиялық науқастардан болған өлім-жітім 2012 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 132,6-дан 128,6-ға, яғни 1,6% төмендеді.

ҚР ДСМ 04.11.2011ж. №786 бұйрығына сәйкес пациенттерді Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында тұрғындарды тегін дәрілермен қамтамсыз ету жүзеге асырылуда, яғни амбулаторлы деңгейде 910976,4 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді, 2013 жылы 910976,4 мың теңге игеріліп 100% құрады

Ісікалды жағдайларды және тоқ және тік ішек обырын айқындауға 36144 адам қамтылды, жылдық жоспардан 100,2% (36037 адам), олардың ішінен 88 науқас (0,24%) анықталып, диспансерлік есепке 88 (0,24%) адам қойылды.

Ісікалды жағдайларын және сүт безінің обырын айқындауға 12111 адам не жылдық жоспардың 99,1% (12222 адам), айқындалғаны 304 (2,5%) науқас, диспансерлік есепке 304 науқас (2,5%) алынды.

Ісікалды жағдайларын және жатыр түтігінің обырын айқындауға 15661 адам не жылдық жоспардың 100,0% (15662 адам), айқындалғаны 24 (0,2%) науқас, диспансерлік есепке 24 науқас (0,2%) алынды.

Уақытылы өтініш жасау және онкологиялық ауруларды ерте айқындау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізіледі: 509983 дана баспа материалдары тираждалды және таратылды, профилактикалық тексеруге шақырған 2 билборд орнатылды, 178504 адам қамтылған 23342 аса профилактикалық шаралар өткізілді. БАҚ жұмыс: 24 ТД-бағдарламасы, радио -107, бейнероликтерді жалға беру - 769. Ақпарат 150 роллер стендтері үшін ауысымдағы баннерлерде ұсынылды, 12 сәулелі скроллер, 18 электронды ақпараттық терминал.

145 875 мың теңге соммасына онкологиялық диспансерге 8 дана медициналық жабдық сатып алынды.

Қарағанды қаласында туберкулезден болған өлім-жітімді азайту – науқастарды резерв қатарындағы препараттармен қамту, халық арасында туберкулезді уақытылы айқындау, тұрғындарды БАҚ арқылы хабардар ету арқылы қол жеткізілді. Одан басқа, Қарағанды қаласында туберкулезден болған өлім-жітім көрсеткішін азайту алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдармен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен және ведомстволық мекемелермен туберкулезге қарсы шаралар кешенін орындау бойынша бірлескен жұмыс нәтижесінде қол жеткізілді. 2013 жылы қатынасқа түсуден болған ауруларды ескерту мақсатында және уақытылы жүргізілген туберкулезге қарсы жұмыстар нәтижесінде – 2086 бала ауықтырылды. 2013 жылдың қорытындысы бойынша 9 жылжымалы мониторинг жүргізілді. Профилактикалық тексерру жүргізу жоспары 100% құрады. Емделуден бас тартқан науқастар – 9,7% құрады. Оларды емдеуге тарту бойынша (белсенді жұмыстар жүргізіледі (ІІБ, құжаттарды сот арқылы ресімдеу). Туберкулез бойынша «Біздің мақсатымыз туберкулезді тоқтату» тақырыбында айлықтар, жоо студенттері арасында «Өзіңді туберкулезден қорға» девизі бойынша акциялар, ТБ бойынша - 5 арна, Қазақстан Қарағанды арнасында сөз сөйлеу өткізілді. Туберкулездің алдын алу бойынша «Еркін дем ал» бейнеролигі шығарылды. Қарағанды қаласының базарларында халықты профилактикалық тексеру үшін жылжымалы флюорографтар орнатылды. 152 адам қамтылды. 2013 жылы барлығы 27 мың адам қамтылған 2771 дәріс оқылды (27 024 адам қамтылды), 129965 адам қамтылған 4285 әңгімелесу, дөңгелек үстелдер-3 (3000 адам қамтылды), 10 семинарлар өткізілді (634 адам қамтылды). ПКИО ОО және «Шахтер» стадионында спартакиадалар өткізілді Облыстың туберкулезге қарсы қызметі емдеудің амубаториялық және стационарлық кезеңдерінде науқастарды емдеу ұйымдастыруға әдістемелік, сондай-ақ азық-түлік жинағы және науқастардың амбулаториялық кезеңде емдеу мекемесіне дейінгі жолақыларына қаражат бөлу арқылы әлеуметтік көмек көрсететін, «Жасыл түс комитеті» желісі бойынша 2 қатардағы препараттармен қамтамасыз ететін Жаһандық қормен, «Денсаулық атымен серіктестер» ҮЕҰ және Қызыл жарты ай Қоғамымен өзара іс-қимылда жұмыс жасайды. ҚР ДСМ «Туберкулезбен күрес бойынша іс-шараларды жетілдіру шаралары туралы» 17.06.2011 жылғы №404 бұйрығы негізінде халық арасында профилактикалық шаралар жүргізу үшін облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау, СӨС ОО және туберкулезге қарсы қызмет арасында бірлескен іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қарағанды қаласы бойынша АИТВ-инфекциясының 15-49 жас – 0,029 жас топтарында таралуын ұстап тұруғат қол жеткізілді. 15-тен 49 жасқа дейінгі аралықтағы 51836 адам тестілеуден өткізілді, оның ішінде 75 АИТВ-инфекциясын жұқтырғандар айқындалды. Аталған индикаторды қол жеткізу нәтижесі « ЖИТС эпидемиясына қарсы әрекет бойынша іс-шаралар жоспарына» сәйкес ҚР денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ҚОДСБ «ЖИТС-пен дүниежүзілік күрес күні және профилатикалық айлық өткізу туралы» 31.10.2012 жылғы №626ө бұйрығы шығарылды.

БАҚ-да халық арасында АИТВ-инфекциясының профилатикасы бойынша ақпараттық-білім беру жұмыстары жүргізіледі.

1) БАҚ: ТВ- 48 бағдарлама және сюжеттер; радио - 103; газеттерде 96 мақала шығарылды; теледирдардың 4 каналында 120 видеоролик шығарылды, ішкі мониторларда 1018 трансляция, маршруттық ТД - 480. 4 билборд, 4 көше баннерлері орнатылды. Ақпарат 150 роллерлік стенд, 13 сәулелі скроллер, 19 электронды ақпараттық терминал үшін ауысымдағы баннерлерде ұсынылды.

2013 жылдың қорытындысы бойынша 100 мың тірі туғандарға шаққандағы өткен жылғы осы мерзімдегі 1 жағдайға қарсы 1 ана өлімі жағдайына жол берілді, көрсеткіш 8,8 құрады.

Ана мен баланы қорғауға бағытталған бағдарламаларды іске асыру шеңберінде бірқатар шаралар жүргізілді.

1. Қарағанды қаласы бойынша ана және бала өлімінің алдын алу және болдырмау бойынша қысқа мерзімді жоспар және 2013 жылға облыстық перинаталдық көмек көрсету жағдайына бейімделген перинаталдық көмек аймақтандыру туралы бұйрық әзірленді

2. Жүкті әйелдердің, жүктілікке толық қарсы көрсетімі бар жүкті әйелдердің, экстрагениталды патологиясы бар әйелдердің, халықтың әлеуметтік –қолайсыз топтарынан шыққан әйелдердің мониторингі жүргізілді.

3.Күн сайын назарға алынуға тиісті жүкті әйелдер, босанған және босанатын әйелдер туралы ақпарат, сондай-ақ ҚРДСМ «Жүкті әйелдер, босанған және босанатын әйелдердің сыни жағдайларының мониторингі бойынша нұсқаулықты бекіту туралы» 28.05.2010 жылғы №389, ҚОДСБ 13.10.2013 жылғы №530 бұйрығына сәйкес Республикалық мекемелерге және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігіне ақпарат жіберіледі.

4. Ана және бала өлімін азайту бойынша 4 облыстық штаб өткізілді, оның ішінде 4 облыстық штаб облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен өткізілді, одан басқа 3 облыстық акушерлік-гинекологиялық емдеу-профилактикалық кеңесі, ана мен бала өлімінің алдын алу бойынша 7 мәжіліс өткізілді.

5. «Аналар қауіпсіздігі», тиімді перинаталдық технологиялар, акушерлік операциялар жүргізу техникасы, шұғыл көмек көрсету бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағдарламасы бойынша оқытуды жалғастырды. Акушер-гинеколог дәрігерлерге және АМСК, стационарлар акушерлері, жедел жәрдем терапевтері мен фельдшерлерін «Тиімді перинаталды көмек. Антенаталдық көмек. Акушерлік қан кетулер» циклына оқытылды, аймақтық тренерлер оқытылды және аймақтық тренерлер әзірленді, олардың ішінде 20 акушер-гинеколог, 35 акушер, 22 терапевт және 27 фельдшер. ОПО базасында инвазивті шараларды жүргізу жалғастырылды. Республика және жақын шетелдер оқу орталықтары базасында туа біткен ақаулардың пренаталдық диагностикасы бойынша 3 УДЗ дәрігері оқытылды.2012 жылы Жол картасына сәйкес нәрестелердің жүрек ақауын түзету бойынша «ОКО» ШЖҚ КМК базасында операциялар жалғастырылды, ТБЖА бар нәрестелерге 292 операция жасалды, АМСК және стационарлардың акушер-гинеколог дәрігерлері және акушерлері Жүкті әйелдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 5 тренинг өткізілді, жедел жәрдем терапевтері мен фельдшерлері үшін «Акушерліктегі шұғыл көмек» циклына оқытылды, Қарағанды қаласының медицина ұйымдарының аймақтық трененрлері оқытылып, даярланды, оның ішінде 8 акушер-гинеколог, 21 акушер, 11 терапевт және 14 фельдшер. Ағымдағы жылы «ОПО» КМК 2 УДЗ дәрігері «АменБҰҒО» АҚ базасында инвазивті процедураларды жүргізу бойынша мамандандырудан өтті. 01.06.2012 жылдан бастап ОПО базасында инвазивті шаралар жүргізіледі. Қарағанды қаласының медицина ұйымдарының 8 УДЗ дәрігері республикалық және жақын шетелдер оқу орталықтарының базасында туа біткен даму ақауының пренаталдық диагностикасы бойынша оқытылды. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, ОПО базасында бекітілген кестеге сәйкес облыстық , аудандық және қалалық ЕПҰ-дың УДЗ дәрігерлеріне арналған ұрықтың ТБДА УДЗ бойынша жұмыс орнында оқыту ұйымдастырылды. Есепті мерзімде Қарағанды қаласы медицина ұйымдарының 8 УДЗ дәрігері ұрықтың ТБДА диагностикасы бойынша оқудан өтті.

2013 жылдың қорытындысы бойынша нәрестелер өлім-жітімі 1000 тірі туғандарға шаққанда өткен жылдың осы мерзіміне сәйкес 14,1 қарсы 10,1 құрайды.

Қарағанды қаласы бойынша барлығы 2013 жылдың қорытындысы бойынша 93 нәресте (2012 жылдың осы мерзіміне сәйкес 130 құрады). Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында облыстық перинаталдық көмекті аймақтандыруды жетілдіру бойынша нұсқаулықты бекіту туралы»

Қарағанды қаласында 2 перзентхана 3 деңгейдегі ЕПҰ болып саналды: «Облыстық перинаталдық орталық» КМК, «Облыстық клиникалық ауруханасы» КМК. Нәрестелер өлімін азайту мақсатында 2013 жылы келесі шаралар өткізілді: неонаталды хирургия бойынша Жол картасы шеңберінде «Облыстық балалар клинкалық ауруханасы» КМК базасында туа біткен даму ақауы бар нәрестелерге 29 операция жасалды, нәрестелердің туа біткен жүрек ақауын түзету бойынша Жол картасына сәйкес «Облыстық кардиохирургиялық орталық» КМК базасында операциялар жүргізілді. 2013 жылы туа біткен жүрек ақауы бойынша нәрестелерге 25 операция жасалды. 2013 жылы БАКЖ стратегиясы бойынша 31 каскадтық тренинг жүргізілді, 50 педиатр және жалпы практика дәрігерлері, балалар ұйымдарының 100 мейіргері оқытылды. «Қарағанды қаласының балалар ауруханасы» КМҚК базасында ревматизммен ауыратын балаларға биологиялық белсенді препаратттарды қолдану арқылы емдеу енгізілді.

Сондай-ақ Қарағанды қаласы бойынша балалар өлім-жітімін азайту көрсеткішіне 0 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың профилактикалық тексерулері есебінен қол жеткізілді. Қарағанды қаласы бойынша профилактикалық тексерулермен 1 жастан 17 жасқа дейінгі 110650(жоспар) баладан 110768 (100,1%) бала қамтылды, 11567 науқас бала анықталды (10,4%), 9210 бала сауықтырылды (79,6%), диспансерлік есепте 16465 бала (14,9%) тұр.
Халықты әлеуметтік қорғау


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет