«6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураның Қабылдау емтиханына дайындалуға арналған бағдарлама «Әдебиеттану – 6D021400»



Дата04.11.2016
өлшемі307,95 Kb.
«6D021400 – ӘДЕБИЕТТАНУ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ДОКТОРАНТУРАНЫҢ ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА
1. «Әдебиеттану – 6D021400» мамандығы бойынша қабылданатын емтиханның мақсаты мен міндеттері
«6D021400 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураға қабылдау емтиханының бағдарламасы Әдебиеттанудың өзекті мәселелері, Көркем әдебиеттегі психологизм, Әдебиеттану және фольклористика: қолданбалы аспектілер, Көркем мәтінді әдеби өңдеу, Әдебиеттанушылық зерттеулердің әдістанымы мен жоспарлануы, Салыстырмалы әдебиеттанудың теориясы мен практикасы, Эпикалық, лирикалық, драмалық жанрлардың теориясы, Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымы, Өлең мәтінінің композициясы, Проза сюжетінің типологиясы, Көркем әдебиеттегі психологиялық талдау тәрізді магистратурадағы пререквизиттік әдебиеттанушылық пәндер деңгейін ескере отырып жасалды.

Бағдарламадағы сұрақтар докторантураға түсушілердің әдебиеттану және эстетика, деректану, мәдениеттану, тіл білімі, философия сияқты аралас гуманитарлық білім салаларында жинаған білімі мен білігі, дағды-машығын анықтау мақсатымен құрылған.

Бағдарлама көркем сөз шығармашылығының ерекшелігі, шығу тегі, дамуын озық эстетика мен сын, әдеби-теориялық мұраны игеру орайында зерттейтін теориялық әдебиеттанудың ең басты қағидаларын басшылыққа алады.

Қабылдау емтиханы жазбаша үлгіде алынады. Емтихан тапсырушы емтихан билеттерінің сұрақтарына қайтаратын жауабын тиісті жауап парақтарына жазады, аппелляция жағдайында жауап парағында жазылған мәтіндер негізге алынады.


2. Докторантураға қабылданатын үміткерлердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқуға қабылданушы әдебиеттану, оның ішінде әдебиет теориясы, әдебиет сыны, әдеби өңдеу, фольклористика, текстология салаларында докторлық дәрежеге ізденуші ретінде ғылыми бейімділік қалыптастыратындай жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетуі қажет.

Сұрақтар кешені әдебиеттану пәнінің, әдебиеттің өнер түрі есебіндегі ерекшеліктеріне сай тұжырымдалған. Оларды ашу оқуға түсушінің мынадай бағдарлардағы дайындық дәрежесін көрсетпек:

Оқуға қабылданушы әдебиеттанудың іргелі қағидалары, теориялық әдебиеттанудың жаңа бағыттары, басқа ғылымдармен байланыс, әдебиеттанушылық еңбектің әдіс, тәсілдері, ғылым дамуының қазіргі жағдайы мен өзекті үрдістері бойынша білім-пайымын таныта алуы қажет. Сонымен бірге әдебиеттану саласында биік деңгейде зерттеулер жүргізуін, қазіргі әлемдегі ғылым, қоғам өмірі туралы тұтас түсінігін, әдебиеттанушылық талдаудың дәстүрлі жаңа әдістемелерін меңгеруін, жаңа идеялар шығару мен оны тарата алуын, аталған мамандық негізінде докторантурада дайындауға байланысты міндеттерді шешуге даярлығы мен шығармашылық бастамасын көрсете білуі шарт.

4. Емтихан тақырыптарының тізімі
Бағдарлама мамандық бойынша түсу емтиханын тапсыру үшін дайындалуға арналған. Емтихан билеттеріндегі сұрақтардың нақты түрлері бағдарламада берілген тақырыптардан өзгеше түрде болуы мүмкін.

«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні
1. Теориялық әдебиеттанудың дәстүрлі және жаңа парадигмалары.

Әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы жаңа проблемалары. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақ кезең келбеті және оның қазіргі тұрғыдан зерттелу сипаты. Қазіргі ғылыми-зерттеу методологиясы туралы әдебиеттегі жаңа бағыт, соңғы сарындар, ұлттық рухтың қазақ әдебиетінде жаңаша көріну сипаттары. Әлемдік әдебиеттану саласындағы ғылыми ізденістердің мәні мен маңызы, беті мен бағыттары. Дәстүрлі, классикалық, эстетикалық көзқарастар сипатындағы әлемдік өзгерістер.


2. Қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық мәселелері.

Шығармашылыққа қоғамдық сананың әсері, сұранысы мен қаламгердің физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық ерекшеліктерінің ықпалы. Шығармашылық психологиясындағы субъективті және объективті факторлардың рөлі. Эстетикалық әсердің автор ақылы өз еркінен тыс тұратын жұмбақ сырларының шығарма мазмұны мен идеясына әсері. Оның табиғатын зерттейтін әдіс-тәсілдердің қазіргі жай-күйі және болашағы. Шығармашылық процестің таңғажайып сәттері, оның шығарма поэтикасына әсері, көрінісі. Оны тәжірибе және деректі материалдар негізінде зерттеудің мүмкіндігі. Психоанализ және шығармашылық. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.


3. Әдебиет тарихы алдындағы жаңа міндеттер.

Ағартушылық бағыттағы әдеби-эстетикалық ой-пікірлердің ұлт-азаттық идеяларға ұласуы. Көркем шығармашылыққа қойылатын негізгі талаптар және саясат пен поэтика мәселелері. Әдеби шығармашылық және ғылым. Өнердің жұмбақ табиғаты. Шығармашылық психологиясындағы ироциональдық факторлар, оның шығармашылықтағы рөлі және оны бейнелеудің кілттері (код). Әдебиет және ұлттық дүниетаным. Мәдениет және әдебиет.


4. Әдебиет сыны және оның қазақ әдебиетінде пайда болу, даму, қалыптасу кезеңдері туралы қазіргі ой-пікірлер.

Әдеби сынның ұлттық мұраларымызды зерттеу мен дамытуды тежеудегі қызметі. Қазақ әдеби сынының өркендеу кезеңдері және көркемдік ізденістерді жан-жақты талдаудағы орны. Кәсіби сыншылықтың жетілуі және әдеби процесс. Қазақ әдеби сынының қазіргі жай-күйі. Сынның көркем шығармашылық процеске әсері. Қазіргі әдеби сындағы әр түрлі ұстанымдар. Қазіргі сындағы тоқыраушылықтың сыры мен сипаты. Ұлттық әдеби сынның болуы мүмкіндігі және оған ғылыми-деректілік тұрғысынан берілер жауап.


5. Қазіргі ғылымдағы проза, поэзия, драматургияның көркемдік сипатына тән өзгерістер.

Қазіргі жанр әдеби табиғаты: жаңаша зерделеу. Поэзиядағы жанрлық өзгерістер. Қазіргі поэзиядағы отаншылдық рух мәселесі. Лирика мен поэманың арақатынасы. Лирикадағы ұлттық мінез бен көркемдік мәселесі. Ырғақ мәселесіне байланысты соңғы ғылыми тұжырымдар. Ақынның қалыптасу, өсу, жетілу процессіне қоғамдық жағдайдың ықпалы. Көркем шығармашылықтағы жеке тұлғаның рөлі. Белгілі бір ұлт әдебиетіндегі көркем шығармашылықтың үдемелі даму кезеңдерінің болу және қайталану кезеңдері.


6. Автор, кейіпкер және оқырман мәселесі.

Автор, кейіпкер және оқырман мәселесін әдебиеттану ғылымында зерттелу жолдары. Автор және оның көркем мәтінді өмірге әкелу жолдары мен оқырман тілегін ескеру себептері. Образ жасау жолындағы жаңаша ізденістер. Жаңаша ойлау және жаңа образ сомдау жолындағы көркемдік ізеністер.


7. Мекеншақ категориясы және уақыт пен кеңістік ұғымдарына байланысты кейбір қайшылықты көзқарастар.

Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа ізденістер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүниетанымы. Автор және оқырман. Әдеби шығарманың ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер – қаһарманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Уақыт пен кеңістікке байланысты ұлттық пайымдаулар. Ауыз әдебиеті мен қазіргі ақын-жазушылар шығармаларындағы уақыт пен кеңістік туралы таным-түсініктердің ерекшеліктері. Хронотоп туралы жалпы түсінік. Эпикалық шығармалардағы хронотоп үлгілері.


8. Герменевтика және рецептипті эстетика.

Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері. Әдебиеттегі диахрондық және синхрондық талдау әдістемелерінің жемісі. Рецептивті эстетика теориясы. Әдебиеттегі герменевтика және эстетика тәжірибесі. Әдебиеттанудағы формалистік концепциялар. Объективті-аналитикалық талдау және субъективті қабылдау қатынастары. Шығармашылық процесс және оны қабылдау жолдары.


9. Әдебиет пен дін. Олардың арасындағы тарихи және философиялық байланыстар.

Дүниетаным мәселелеріндегі әдебиеттің орны. Діни көзқарастар және оның көркем жинақталу жүйесі. Адамгершілік және гуманизм идеяларының қазіргі әдебиетте бейнеленуі, проблемалары. Осы бағыттағы көрнекті қаламгерлер ізденістері. Ұлттық және адамзаттық белгілердің синтезі. Әлеуметтік мәселелерді салғырт қабылдаудың, бейнелеудің салдары. Мәңгілік майдан, бітіспес дау идеяларының қазіргі әдебиеттегі көріністері. Мазмұн мен пішін аясындағы жаңа ізденістер арнасы. Жаңа жанрлық түрлер дамуының бағыттары.


10. Салыстырмалы-жүйелі зерттеу негіздері. Типологиялық зерттеу объективтік-аналитикалық зерттеу принциптері. Тарихи-қызметтік (историко-функциональная) зерттеу. Телелогиялық методология және оған қажетті әдіс-тәсілдер.
11. Әдебиеттану мәселелерін тарихи-диалектикалық методология негізінде зерттеу тәсілдері.

Тарихи-генетикалық талдау және оның эволюциялық тегі. Хроникалы талдау және диахронды зерттеу қырлары жүйелі кешенді зерттеулер және синхронды факторлар.


12. Дәстүр және жаңашылдық.

Дәстүрге айналған жаңалық және дәстүрлі бұзған жаңалық қатынастары. Таланттың қалыптасуына қажетті өмірлік шығармашылық факторлар. Жазушыны өмірді поэтикалық тұрғыдан көре білу ерекшелігі. Қазіргі кезеңдегі әдебиеттану проблемасы. Жазушының өмір құбылыстарын жинақтап бейнелеуі, көркемдік шеберліктің үлкен үлесі екендігі. Прототип пен қиялдау элементтерінің маңызы туралы.


13. Жанр жүйесі.

Қазақ эпикалық жанрының бастаулары. Қазақ поэмасының даму кезеңдері. Эпикалық туындылардың жанрлық сипаты. Қазіргі қазақ поэмасының тақырыптық, идеялық ерекшеліктері. Қазіргі әлем әдебиетіндегі эпикалық жанрдың тоқыраушылық сипаты. Поэма және оқырман мәселесі.

Повесть жанрының қазақ әдебиетінде қалыптасуы мен дамуы туралы жазылған ғылыми еңбектер. Қазіргі қазақ повесінің тақырыптық-идеялық негізі. Повесть жанрының болашағы туралы жаңаша пайымдаулар. Қазақ пьесаларының жанрлық тұрғыдан даму, жетілу тенденциялары. Әлемдік драматургия мен қазақ драматургиясы арасындағы байланыстар мен ерекшеліктер.
14. Мифопэтика және архопоэтика.

Әлемдік әдебиеттанудағы аталған ұғымдар туралы пайымдаулар мен пікір қайшылықтары. Қазақ әдебиеті және оның әлем әдебиетімен байланысы. Әлемдік әдебиеттану ғылымының бүгінгі таңдағы даму сипаты. Батыс елдердегі әдебиеттану ғылымы және қазақ әдебиеті. Қазіргі әдеби-эстетикалық танымдардағы «Батысшылдық» теориясының ықпалы. Шығыс халықтарының эстетикалық ұстанымдары және қазақ әдебиеті.


15. Қазақ әдебиетіндегі әдеби-эстетикалық пайымдаулар.

Қазақ әдебиетіндегі эстетика мәселесінің зерттелу деңгейі. Философия және эстетика. Тіл білімі және әдебиеттану, психология және образ жасау мәселесі. Тарих және көркем бейнелеу. Әдебиеттің эстетикалық болмысы. Оның философиялық негіздері. Көркем шығармашылықтағы характер және психология ғылымы. Әдебиеттің танымдық мәні тарапындағы ерекшеліктері. Әдебиеттің тәрбиелік қызметін арттырудың жаңа жолдары мен тәсілдері. Ұлттық сананы жаңаша тәрбиелеудің, өзгертудің амалдары. Құлдық психологиядан арылту мен отаншылдық рухты көтерудегі әдебиеттің орны.


«Көркем әдебиеттегі психологизм» пәні
1. Психологизм өнердің тектік белгісі.

Психологизм өнердің тектік белгісі. Психологизм және көркемдік шындық пен өмірлік шындықтың байланысы. Адам санасы аясымен өзара байланыстағы өнердің психологиясы. Әдебиеттің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі және әдебиеттің өнер сипатындағы ерекшеліктерімен байланыста психологизм ролінің артуы. Психологизм және әдеби тектер.


2. Психологизмнің эстетикалық категориялармен сәйкестігі.

Психологизм және көркемдік. Психологизм және эстетикалық мұрат. Образдағы сана және сана астары сәйкестігі. Шындықтың және ойдан шығарудың эстетикалық категориялары және олардың психологизммен сәйкестігі. Мінез ашудағы диалогтың экспрессивті-семантикалық функциясы. Диалогтың эстетикалық-құрылымдық қажеттілігі.


3. Әдебиеттану көркем психологизмнің табиғаты туралы.

Психологиялық романның мазмұны мен құрылымындағы психологизм табиғаты. Психологизм түрлері, психологиялық мінездемелер. Психологиялық талдау тәсілдері мен негізгі принциптері. «Орыс классикалық әдебиетіндегі психологизм». Психологизм табиғаты концепциялары.


4. Психологизмнің түрлері.

Динамикалық психологизм. Баяндау динамикасы және оқиғалар, олардың кейіпкер ішкі әлемімен байланысы. Ішкі әлемді интроспективті қарастырудағы психологизм принциптері.

Синтетикалық психологизм. Аналитикалық психологизм.
5. Мифопоэтиканың психологиялық негізі.

Психологизм мифопоэтика құралы сипатында. Миф ұжымдық бейсаналылық концепциясында. Көркем шығармашылық генезисі мен көркем шығармашылық және Фрейд іліміндегі өнердің компенсаторлық функциясы. Архетип ілімі және психологизм. Р. Смиттің ғұрыптық-мифологиялық мектебі, Дж. Фрейзер және қасиетті жазудың психологиялық тамырлары. Психологизм мифологема сипатында.


6. Фольклордың бейнелеу жүйесі және психологиялық параллелизм.

А. Веселовскийдің фольклор теориясындағы психологиялық параллелизм. Фольклордағы психологиялық параллелизмнің интонациялық деңгейі. Психологиялық параллелизм, эпитет және троптар. Психологиялық параллелизм сюжет деңгейінде. Психологиялық пейзаждық параллелизм.


7. Ой және психологиялық акт.

З. Фрейдтің, К. Юнгтің ұжымдық бейсаналылық концепциялары. Лотман және Минц концепциялары: шығармашылық психологиялық акт образдармен-мифологемалармен саналы ойын сипатында. Р. Барт концепциясы адам санасының құрылымдылығы туралы. Тіл мен ойлау. Структурализм концепциясындағы бейсаналылық құрылымы. Гуманитарлық білім саласындағы қосарлы оппозиция. Мәтін концепциясы мен ой және оның психологиялық актімен байланысы. Автордың өлімі концепциясы. Психоаналитикалық әдіс және структурализм сыны.


8. Фольклор мен әдебиеттегі түс көрудің ролі.

З. Фрейдтің түс көру теориясы. Әдебиеттегі түс көрудің қызметі. Түс көру өңдеуден өтеді: ойлар көзге көрінетін бейнелерге айналады; қоюланады; тоғысады; екінші өңдеуден өтеді; символдармен алмасады.


9. Көркем пейзаж және психологизм.

Пейзаж психологиялық талдаудың бір түрі сипатында. Пейзаж кейіпкердің ішкі әлемін ашудың түрі сипатында. Пейзаж сюжет дамуындағы психологиялық фон ретінде. Кейіпкер қабылдауындағы пейзаж. Пейзаж автор қатысуының түрі сипатында.


10. Психологиялық портреттің түрлері.

Портрет – кейіпкердің психологиялық мінездемесін құрайтын бөліктердің бірі. Портреттік бейнелердің поэтикасы. А.Белецкий анықтаған жорамал портрет. Образ жасау үдерісіндегі портрет. Портреттегі субъективизм мен объективизм. Жеке және көпшілік портрет. Детальдың портреттегі ролі. Портреттік мінездеме берудегі фольклорлық дәстүрлер.


11. Баяндаудың психологиялық функциясы.

Нарратив және баяндау. Автор баяндаушы және нарратив типологиясындағы әңгімеші мәселесі. Нарративтің композициялық-сөздік түрлері. Диалог пен монологтың психологиялық функциялары. Романның нарративтік жүйесі. Модернизм прозасындағы «сана ағыны» принципі және Анна Каренинаның ішкі монологі. Нарратив – наратология ғылымы зерттеуінің нысаны.


«Көркем мәтін теориясы» пәні
1. Көркем мәтінді оқып үйренудің негізгі бағыттары мен әдістері. Құрылымдық-функциональдық әдіс және оның негізгі ұғымдары. Телеологиялық әдіс Көркем мәтінді оқып үйренудегі әдебиеттану әдістері және тарихи-әлеуметтік бағыт. Мәдени-психологиялық бағыт. Әдеби герменевтика рецептивтік теориясы. Әдебиеттанудағы формализм. Мәтінді оқып үйренудің семиотикалық әдісі және структурализм. Деконструктивизм және оның көркем мәтінді зерттеуінің негізгі тәсілдері. Когнитивтік бағыт және оның мәтін танудағы ролі. Лингвистикалық әдіс.
2. Көркем мәтіннің функциональді-прагматикалық теориясы.

Мәтін прагматикасы мәтіннің коммуникативтік моделінің және әдеби үдеріс субъектілерінің (автор, оқырман), тіл мен шындықтың бөлігі болып табылады. Көркем мәтіннің функциональді-прагматикалық теориясының пәні мен міндеттері. Мәтіннің негізгі деңгейлері. Әдеби мәтіннің функциялары: мифопоэтикалық, интенсиальдық, экспрессивтік, репрезентивтік, бағалаушы-интерпретациялық.


3. Көркем мәтіннің эпистемиялық аспектілері.

Көркем мәтіндегі референция. Лингвистикалық салыстырмалық гипотезасы және оның мәтін мен шындық қатынасын түсінудегі ролі. Ф.де Соссюрдің лингвистикалық теориясы. Семиозис ұғымы (Ч. Пирс, У. Эко концепциялары). «Адресаттан» модальдылықтары және оның көркем мәтіндегі ролі. Мәтіндегі фактуальдық, фабульдық, метафоралық баяндау.

Көркемдік мәтіннің көпфункциональді табиғатының көрінісі екендігі. Болуы мүмкін әлем теориясы. Көркем жинақтаудың негізгі сатылары: генерализация және мифологизация. Фабульдық және мифологиялық мәтіндер, олардың ерекшеліктері.
4. Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері.

Көркем мәтіннің фабулалық кеңістігі. Іс-әрекеттік күрделі мәтіндік таңбаларды жасау мен тудыру құралы. Әдебиетте іс-әрекетті көрсетудің метонимиялық принципі. Түзу сызықты және циклдық іс-әрекет және олардың шығарма оқиғасына көшуі. Аффектілі сюжеттік бірліктер (У. Ленерт) теориясы және оның көркем туындылардағы іс-әрекеттерді айқындаудағы ролі. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Көркем және шынайы хронотоп. Көркем шығармадағы сюжет пен фабула.


5. Көркем мәтіннің мазмұны мен түрі.

Әлеуметтік және мәдени феномендердің тілге ұқсастығы туралы болжамдардан туатын ой-болжамдар мен негізгі принциптер (Ю.М. Лотман, К. Леви-Стросс, Р. Барт). Әдебиеттің «екінші кодтық жүйе» (Ю.М. Лотман теориясы) екендігі. Көркем мәтінді «үшінші кодтық жүйе» ретінде ұғыну.

Көркем мәтін лингвистикасы. Бейнелік мәтін.
6. Әдеби шығармашылық табиғаты.

Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты. Шығармашылық және шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер. Классицизм және романтизм дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым. Позитивистер (О. Конта, И. Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары. Әдеби ықпал ұғымы. Шығармашылық тұлға туралы Ю. Кристева мен Ч. Ломброзоның интертекстуальдылық теориясы. Әдебиеттанудағы фрейдшілдік бағыт. Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А. Маслоудың холистикалық әдісі.


7. Көркем мәтіндегі автор бейнесі.

Әдебиетті оқып үйренудегі өмірбаяндық әдіс. Автор және баяндаушы, олардың бейнелерінің жақындығы. Көркем шығарма мазмұнында жазушының өмірбаяндық деректерінің көрініс табуы.

Авторлық баяндау түрлері. Мәтіндерді «мәтін – автор» мәселесі қырынан жіктеу: баяндау мәтіні, репрезентивті бағытты мәтін. Баяндаушының жоспары және оның қазіргі әдебиет туындыларында көрініс табуы.
8. Әдебиет қарым-қатынастар мен көңіл-күйлерді білдіруші.

Әдебиет белгілі бір идеологияны таратушы. Сыншыл реализмдегі және романтиктердің әдебиет жайлы ұғымы. Әдебиеттің экспрессивтік қызметі.

Автордың рухани әлемін көркем бейнелеудің тәсілдері. Сезім ырғағы және оның көркем мәтін құрылымында көрініс табуы. Қарым-қатынас және көңіл-күй, олардың әдебиет туындыларында бейнелену тәсілдері. Әдеби стилистика. Көркем мәтіндегі юмор мен ирония, олардың функциональдық мәні. Әдебиет туындыларындағы комизм.
9. Баяндаушы жоспары мен персонаждар жоспары көркемдік әлемді таныту формасы.

Баяндаушы жоспары, оның ерекшеліктері. Нарратив баяндаушы жоспарының басты элементі. Әдеби-сыншыл дискурстағы баяндау үрдісі. Әңгімеші мен лирикалық кейіпкер, олардың айырмашылығы. Атаулы және атаусыз баяндау, олардың шығармада көрініс табу формалары. Кейіпкерлер жоспары. «Бөгде сөз». Көркем шығарма құрылымында бөгде сөздің ұйысу тәсілдері. Төл сөз. Авторлық баяндау мен бөгде сөздің өзара ықпалы көркем мәтіннің экспрессивті және репрезентивті функцияларының өзара ықпалы екендігі. Төлеу сөз. Өзгелік төл сөз. Олардың стилистикалық айырмашылықтары. Көркем мәтіннің полифониялық құрылымы. Сана тасқыны, сана тасқынындағы баяндаушы жоспары мен кейіпкерлер жоспарының бейнелену ерекшеліктері.


10. Көркем мәтін адресаты.

Көркем мәтіннің мәнін ұғынудың алғышарттары. Әдеби компетенция ұғымы. Шынайы және мінсіз оқырман. Оқырманның әдеби компетенциясының компоненттері. Қабылдаушының субъектіні бетке алуы.


11. Көркем мәтін интерпритациясының принциптері.

«Мәтін» мен «оқырман» арасындағы қарым-қатынастың сипаты. Көркем мәтінді оқырман қабылдауының табиғаты. Н. Фрайша көркем шығарманы “түсінудің” типтері. Көркем мәтіннің интерпретациясы және оның контекстуализациясы. Көркем мәтін таксономиялық құрылым сипатында. Әдеби туындыны әлемнің моделі сипатында қабылдау. Көркем мәтін интерпретациясының негізгі әдістері: этикалық, рецептивті. Көркем мәтін интерпретациясының негізгі процедуралары.


«Әдебиет және фольклора» пәні
1. Әдебиет және фольклор: ғылыми амал-тәсілдердің ерекшелігі мен жалпылық сипаты.

Әдебиет пен фольклор туралы қазіргі ғылым. Фольклордың ауызша- поэтикалық өнер ретіндегі болмысы. Фольклор мен әдебиеттанудың сөз өнерінің түрлері ретіндегі жүйелі байланыстарының заңдылықтары мен өзіндік бітімі, түп төркіні. Әдебиеттану мен фольклор, дін, этнография, этнология, философия, тарих.


2. Әдебиет және мәдениет.

Әлеуметтік кеңістіктегі әдебиет және мәдени коммуникация заңдары. Халықаралық әдеби-мәдени байланыстар ұлттық әдебиеттің қорын молайтатын маңызды дерек көздері. Әдебиет пен мәдениеттегі типологиялық ұқсастықтар мен конвергенциялар. Әдеби мәтін мәдени бет-перде. Әлемнің көркемдік келбеті мәдениеттердің дүниетанымдық концепцияларының әдеби айнасы.


3. Қазіргі мәдениеттің түрлі саласындағы фольклордың мән-жайы.

Мәдениеттегі дәстүр және халық шығармашылығының салалары. Фольклорлық және әдеби поэтика шеңберіндегі мифтің қызметі. Әдебиет, фольклор және халықтың көркем мәдениеті. Әдебиет пен фольклордың халықтардың мәдени – тарихи даму жолдары мен этникалық ерекшеліктерін анықтайтын ұлттық және діни сипаты.


4. Әдебиетт мен фольклор әдістемелік мәселелері.

Әдебиеттану мен фольклористиканың қолданбалы қырлары, әдістемелік табыстары мен жаңа технологиялары. Мәтінді жазып, аудардудың түрлі жолдары. Мәтінді қысқарту мен мазмұндау. Әдеби стилистика.


«Әдебиеттанудың өзекті мәселелері» пәні
1. Әдебиет теориясы – ғылым.

Әдебиет теориясының негiзгi міндеттерi. Әдебиеттiң тарихы және әдебиет теориясы. Әдебиет теориясы және әдеби сын. Әдебиеттанудың даму және қалыптасу тарихы.


2. Әдебиеттанудың қазiргi жағдайы және даму беталысы.

Қазiргi әдебиеттанудың әдiстемелiк аппараты. Әдеби өнердi зерттеудің жолдары мен көркем шығарманың игерудің негiзгi формалары. Әдебиеттанудың негiзгi мектептері.


3. Көркем шығарманың сюжетi.

Сюжет элементтерi. Сюжет түрлерi. Көркем шығармадағы сюжеттiң рөлi мен орын. Сюжет және фабула. Қимыл, іс-әрекет – көркемдік әлем ерекшелiгін анықтайтын факторлар. Лирикалық шығармалардағы сюжет. Сюжетсiз шығармалар. «Психологиялық» оқиғалар мен мотивтер. Әдеби компаративистикадағы сюжеттер және мотивтер мәселесі. Көркем шығарманың компазициясы туралы. Сюжет пен композиция бірлігі. Композицияның негізгі компоненттері. Шығарма композициясы және образдар композициясы.


4. Көркем сөйлеудің ерекшелігі.

Көркем шығармадағы троптың (құбылту) түрлері және олардың рөлі. Кереғарлық және төлеу сөз. Стиль, пародия, ертегі. Реминисценция. Автор тілі және әрекетшіл жақтың тілі. Автор тілі мен әрекетшіл жақ тіліндегі типтеу және жекелеу. Көркем шығарманың тілі және жанрлық ерекшелігі. Поэтикалық синтаксистің маңызы. Поэтикалық тілдегі фигураның (айшықтау) түрлері. Көркем шығарма әлемі және жазушының көркемдік әлемі. Қазірі әдебиеттанудағы хронотоп ұғымы. М. М. Бахтин теориясы. Көркемдік уақыт-кеңістіктің әдебиеттегі қызметі. Шығарма композициясының поэтикасы. Әдеби шығармалардағы психологизм. Шығарма, цикл, фрагмент. Әдеби шығарманың құрамы.

5. Әдеби сын жанрлары.

Әдеби сын міндеттері. Әдеби сын шығармаларының мәні. Әдеби сыншы және жазушы. Әдеби сыншы және оқырман. Әдеби сын шығармаларының негізгі жанрлары. Әдеби компаративистиканың міндеттері. Қазіргі компаративискадағы жаңа парадигмалар. Көркем шығармаларды салыстырмалы түрде зерттеу. Қазіргі әдеби компаративистиканың теориялық және тарихи поэтикасы. Салыстырмалы әдебиеттану мен салыстырмалы-тарихи әдебиеттану.


«Әдебиеттану және фольклористика» пәні


  1. Фольклордың ерекшеліктері. Фольклор – ұжымдық сананың жемісі. Фольклордың өзгермелілігі. Ауыз әдебиетінің қоғамдық әлеуметтік мән-маңызы мен идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері. Фольклордың өміршеңдігі.


2. Қазақ фольклорының қалыптасып, даму кезеңдері. Қазақ фольклорының қалыптасуы өте ұзақ та күрделі процесс. Рулық қоғамдағы фольклор үлігілеріне миф, еретегі, аңыз, әпсана, бақсы сарыны, арбау, байлау өлеңдері т.б. жанрларды жатқызамыз. Бұл дәуірде қалыптасқан халық қазынасы халықтық дүниетанмның ең ерте дәуірлерінегі зороастризм, шаманизм, анимизм, тотемизмге байланысты туып қалыптасқан. Қазақ эпостарының осы күнгі бастамалары ерте замандардағы патриархалдық рулық құрылыс кезінде қалыптасқан. Эпос жанрының ішінде көне эпос дәл осы дәуірдің көркем мұрасы. Феодалдық қоғамдағы фольклор үлгілеріне батырлық эпос, ғашықтық эпос, ертегі, аңыз, әпсана жанрлары жатады. Түркі қағанаты, орта ғасыр, қазақ хандығы кезіндегі ауыз әдебиетінің дамуы.
3. Аңыздық проза. Аңыз, жылнама, миф, шежіре қай елде болса да, бар. Қазақ халық ауыз әдебиеті аңыз, миф, әңгімелерге аса бай. Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары өзінің табиғаты мен мүддесіне қарай баяндап отырған оқиғаларын шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болды деп хабарлайды. 1. Аңыз, әпсана, миф, хикая мен әңгімедегі баяндалған оқиға шын болып көрінуге тиіс, өйтпегенде ол шығармалардың тыңдаушы үшін құны болмайды. 2. Аңыздық прорзада қиял саналы түрде пайдаланылмайды. 3. Баяндаушы аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті – қажетті мәліметті, оқиғаны хабарлау. 4. Танымдық қызметі басым

(ғибрат, білім беру). Миф – дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстар мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар.


4. Эпостық жырлар. Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы-эпостық жырлар. Эпос деп оқиғасы ел өмірінен алынып, образдары ірі әрі кемелді түрде жасалып, батырлық немесе ғашықтық сюжетке құрылған үлкен-үлкен эпикалық жыр-дастандарды айтамыз. Қазақ эпосының түрлері: 1. Көне эпос; 2 Батырлық эпос; 3.Ғашықтық эпос; 4.Тарихи эпос. Қазақтың көне эпостарына: «Құламерген, Жоямерген», «Таласбай мерген», «Дотан батыр», «Құбығұл», «Мұңлық-Зарлық» жатады.
5. Балалар фольклоры. Балалар фольклоры деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиетінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Балалар фольклорының арнайы сала болып бөліну себебі оның өзіне тән көптеген ерекшеліктерінің болуында. Халқымыздың балалар фольклоры жанрлық құрамы жағынан сан салалы, олардың атқаратын қызметі де түрліше. Зерттеу еңбектерде оларды үлкендердің балаларға арнап шығарған, бірақ негізінен балалардың репертуарында сақталған шығармалар және балалардың өздері таратқан өлең-жырлар деп екіге бөлу қалыптасқан. Балалар фольклорының халық педагогикасымен тығыз байланысты. Балалар фольклорының үлкен бір саласы - ойын өлеңдері

«Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті» пәні
1.Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетінің даму жолдары мен басты мәселелері туралы түсінік. Әдеби процесс пен дамудағы ұлттық әдебиеттің алатын орны. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиетінің зерттелу деңгейі. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының даму ерекшеліктері. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ поэзиясының аяқ алысын бағамдау үшін Мұхтар Шаханов, Есенбай Дүйсенбайұлы, Темірхан Медетбек, Иранбек Оразбаев, Шөмішбай Сариев, Ұлықбек Есдәулет, Есенғали Раушановтардың шығармашылығына талдау жасау.
2. Қазақтың ақын қыздарының қазіргі поэзияға қосып жүрген үлесі. Ұлттық поэзиядағы Марфуға Айтхожина, Фариза Оңғарсынова, Ақұштап Бақтыгереева, Күләш Ахметовалардың шығармашылығы. Қазіргі қазақ поэмасының жай-күйі. Нұрлан Оразалин, Жәркен Бөдешұлы, Асқар Егеубай, Несіпбек Айтұлы поэмаларының басты ерекшеліктері мен қазіргі поэмадағы көркемдік ізденістер.
3. Қазіргі қазақ романы: тарихи романдарға шолу жасау арқылы қазіргі қазақ прозасының ерекшелігі. .Әкім Тарази, Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев, Дүкенбай Досжандардың тарихи романдарына әдеби талдау. Қазіргі қазақ романы: заманауи тақырыптардағы замандас бейнесінің сомдалу ерекшеліктері.
4. Желтоқсан шындығы қазақ әдебиетінде. Қазіргі проза мен ұлттық поэзиядағы тарихи шындық пен көркем шындық. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ повестеріндегі тарихи шындық пен көркем шындық. Нұрдәулет Ақыш, Әлібек Асқаров, Төлек Тілеуханов, М.Қаназ, Т.Ахметжан повестеріндегі тарихи шындық және авторлық ұстаным.
5. Заманауи повестердегі кейіпкер бейнесін сомдау шеберліктері. Қазақтың жазушы қыздарының романдары мен повестеріндегі замана шындығы және қаламгерлік таным. Қазіргі қазақ әңгімесіндегі мазмұндық, түрлік ізденістер. Тәуелсіздік тұсындағы қазақ драматургиясы.
«Organization and planning of scientific researches»
1 The general concept of the scientific research methodology, its aspects and functions. The notion of scientific research methodology. The main features and functions of scientific research methodology. The main concepts of scientific research methodology. The process of the scientific research. The aim of scientific research. The procedure of the scientific research. The main stages of scientific research.

2. The main features of scientific prose style .The main forms and functions of scientific prose style. Lexical features of scientific prose style. Grammatical features of scientific prose style. Stylistic features of scientific prose style. The basic structure and types of scientific writings. The types and main characteristics of scientific papers. The structure of different scientific papers. The steps of writing scientific papers.

3. Writing a scientific research article and report. The main features of a scientific article. The main features of a scientific report. The structure of scientific article and report. The steps of writing scientific article and report. The main stages and features of scientific project work. The notion of a project work. The main functions and features of a project work. The process of preparing s project.

4. The criteria for scientific research works. The main criteria for writing scientific research works. The steps of presenting a research work. The methods and techniques of scientific research. Methods of research on the theoretical level. The structure of dissertation work. The features of dissertation. Structural units and components of dissertation. The importance of results of dissertation.

5. Forming the structure of dissertation. The object and the subject of the dissertation. The topicality of the object and subject of study. The scientific problems, goals and objectives. Procedural model of dissertation. Obtaining and studying the results of the dissertation work. The methods of obtaining the results of research work. The ways of analyzing the results of research work. Presenting the research results in dissertation. The main order and of scientific dissertation defense.
5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

  1. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. – Алматы, 2010.

  2. Бахтин М.М. Вопросы литературы и эстетики. – М., 2005.

  3. Бахтин М.М. Литературно-теоретические исследования. – М., 2003.

  4. Борев Ю. Эстетика. В 2-х томах. – М., 2005

  5. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М., 2000.

  6. Дәдебаев Ж. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы, 1991.

  7. Джуанышбеков Н.О. Темирболат А.Б. Теория литературы. Учебное пособие. – Алматы, 2009.

  8. Джуанышбеков Н.О. Проблемы современного сравнительного литературоведения. – Алматы, 2000.

  9. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы, 1999.

  10. Жұмалиев Қ. Стиль – өнер ерекшелігі. – Алматы, 2000.

  11. Зенкин С.Н. Введение в литературоведение: Теория литературы: Учебное пособие. – М., 2000.

  12. Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы, 2002.

  13. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. – Алматы, 1994.

  14. Қирабаев С. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы, 2002.

  15. Лотман Ю.М. Анализ поэтического текста: структура стиха. – СПб, 2002.

  16. Майтанов Б.К. Психологизм в художественной литературе. Учебное пособие. – Алматы, 2004.

  17. Мелетинский Е.М. Теория литературы. Основные проблемы в историческом освещении. Роды и жанры литературы. – В 2-х томах. – М., 1999.

  18. Савельева В.В. Художественный текст и художественный мир. – Алматы, 2003.

  19. Темирболат А.Б. Поэтика литературы. Учебное пособие. – Алматы, 2011.

  20. Теория литературы. В 2-х томах. / Под ред. Н.Д.Тамарченко. – М., 2007.

  21. Теория литературы. В 4-х томах. / Под ред. Ю.Борева. – М., 2000.

  22. Теоретическая поэтика. / Под ред. Н.Д. Тамарченко. – М., 2001.

  23. Томашевский Б.В. Теория литературы. Поэтика. – М., 2001.

  24. Хализев В.Н. Теория литературы. – М., 2000.


Қосымша әдебиет:

  1. Аверинцев С.С., Андреев М.Л., Гаспаров М.Л., Гринцер П.А., Михайлов А.В. Категории поэтики в смене литературных эпох // Историческая поэтика. Литературные эпохи и типы художественного сознания. Сб. статей. – М., 1994.

  2. Әбдезұлы Қ. Дүниетаным көкжиегі. – Алматы, 2010.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 2006.

  4. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы, 1979.

  5. Выготский Л.С. Психология искусства. – М., 2006.

  6. Бушмин А.С. Методологические вопросы литературоведческих исследований. – СПб, 2005.

  7. Джуанышбеков Н.О. Проблемы сравнительно-типологического изучения литературы. – Алматы, 2001.

  8. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы, 1992.

  9. Жолковский А.К., Щеглов Ю.К. Работы по поэтике выразительности. – М., 1996.

  10. Зарубежная эстетика и теория литературы ХIX-XX вв.: Трактаты, статьи, эссе. – М., 1987.

  11. Косиков Г.К. История зарубежной критики и литературоведения. - М., 2001.

  12. Литературный энциклопедический словарь. – М., 2003.

  13. Лотман Ю.М. Избранные статьи. В 3-х томах. – Таллин, 2002.

  14. Майтанов Б. М.Әуезов және ұлттық әдеби үдерістер. – Алматы, 2009.

  15. Нургалиев Р.Н. Поэтика драмы. – Алматы, 2010.

  16. Нұрғалиев Р. Айдын. – Алматы, 2005.

  17. Проблемы теории литературной критики.// Под ред. П.А.Николаева, Л.А Чернец. – М., 2000.

  18. Современное зарубежное литературоведение. – М., 1996.

  19. Темирболат А.Б. Категории хронотопа и темпорального ритма в литературе. – Алматы, 2009.

  20. Фрейденберг О.М. Поэтика сюжета и жанра. – М., 1997.

  21. Холшевников В.Е. Стиховедение и поэзия. – Л., 1991.

  22. Эко У. Отсутствующая структура. Введение в семиологию. – М., 2007.

  23. Эткинд Е.Г. Психопоэтика. – М., 2000.

  24. Ыбыраев Ш. Эпос әлемі. – Алматы, 1996.

  25. Хрестоматия по теории литературы: В 2-х томах. / Под ред. Н.Д. Тамарченко. – М., 2007.


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

  1. . Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. А., 2004-2008

  2. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. Екі томдық. А., 2008

  3. Елеукенов Ш. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. Алматы, 1997.

  4. Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Астана, 2003.

  5. Винокур Г. Филологические исследования. М., 2005

  6. Потебня А. Эстетика и поэтика. М., 1998

  7. Эпштейн М. Постмодерн в русской литературе. М., 2005

  8. Литературный энциклопедический словарь. М., 1987

  9. Мировое литературоведение. 1-3 т. А., 2009

  10. Хализев В. Теория литературы. М., 1999.

  11. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. Алматы, 1986.

  12. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. Алматы, 1979.

  13. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы, 2005.

  14. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., 2003

  15. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. А., 1995

  16. Нұрғали Р.Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2003

  17. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. А., 1986

  18. Қасқабасов С. Казахское несказочнаяпроза. А., 1990

  19. Сатпаева Ш. Қазахская литература и Восток. А., 2009.

  20. Қасқабасов С. Жаназық. Астана, 2005.

  21. Нұрғали Р. Сөз өнерінің эстетикасы. Алматы, 2002.

  22. ХХІ ғасыр әдебиеті. Алматы, 2010.

  23. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. А., 1996

  24. Келімбетов Н. Жазба әдеби ескерткіштер. Астана, 2001

  25. Алпысбаев Қ. Көркем шығарманы талдау жолдары. А., 1995

  26. Тюпа В. Введение в литературоведческий анализ. М., 2001

  27. Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. А., 2005

  28. Серікқалдиев З. Сын кітабы. Алматы, 1997.

  29. Талжанов С. Аударма және қазақ тілінің мәселелері. Алматы, 1974

  30. Жетписбаева Б. Образные мифы Магжана Жумабаева. А., 2008

  31. Қанарбаева Б. Қазақ әдебиетіндегі модернизм. А., 2011

  32. Аймұхамбет Ж. Мифтің поэтикадағы қызметі. А., 2010

  33. Жарылғапов Ж. Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер. Қ., 2009

  34. Уақыт және қаламгер. 1-14 кітаптар. Алматы, 1973-1988

  35. Әшімбаев С. Ақиқатқа іңкәрлік. Алматы, 1997.

  36. Белый А. На рубеже двух столетие. Москва, 1989.

  37. Елеукенов Ш.Мағжан. Алматы, 1995.

  38. Затонский Д.В. Постмодернизм: гипотезы возникновения// Вопросы литературы. №2, Москва, 1996.

  39. Сакулин П.Н. Филология и культурология. Москва, 1990.

  40. Постмодернизм. Энциклопедия. Москва, 2007.

  41. Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. Москва, 1975.

  42. Бахтин М. Эстетика словесного творчества. Москва, 1979

  43. Жирмунский В.М. Избранные труды. Теория литературы. Поэтика. Стилистика. Ленинград, 1977.

  44. Веселовский А. Историческая поэтика. Москва, 1989.

  45. Юнг К. Архетип и символ. Москва, 1991.

  46. Фрейденберг О.М. Поэтика сюжет а и жанра. Москва, 1997.

  47. Теория литературы. В двух томах. Москва, 2004.

  48. Смағұлов Ж. Ұлттық әдебиеттану әлемі. Қарағанды, 2005.

  49. Қасқабасов С. Елзерде. Алматы, 2008

  50. Қасқабасов С. Ой-өріс. Алматы, 2009

  51. Қасқабасов С. Абай. Алматы, 2010.

  52. Қасқабасов С. Алтын жылға. Алматы, 2010

  53. Нұрғали Р. Драма өнері. Алматы, 2004.

  54. Нұрғали Р. Толғауы тоқсан қызыл тіл. Алматы, 2010.


Қосымша әдебиет:


  1. Аверинцев С.С., Андреев М.Л., Гаспаров М.Л., Гринцер П.А., Михайлов А.В. Категории поэтики в смене литературных эпох // Историческая поэтика. Литературные эпохи и типы художественного сознания. Сб. статей. – М., 1994.

  2. Әбдезұлы Қ. Дүниетаным көкжиегі. – Алматы, 2010.

  3. Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы, 2006.

  4. Выготский Л.С. Психология искусства. – М., 2006.

  5. Джуанышбеков Н.О. Проблемы сравнительно-типологического изучения литературы. – Алматы, 2001.

  6. Елеукенов Ш. Әдебиет және ұлт тағдыры. – Алматы, 1992.

  7. Зарубежная эстетика и теория литературы ХIX-XX вв.: Трактаты, статьи, эссе. – М., 1987.

  8. Косиков Г.К. История зарубежной критики и литературоведения. – М., 2001.

  9. Литературный энциклопедический словарь. – М., 2003.

  10. Лотман Ю.М. Избранные статьи. В 3-х томах. – Таллин, 2002.

  11. Майтанов Б. М.Әуезов және ұлттық әдеби үдерістер. – Алматы, 2009.

  12. Нургалиев Р.Н. Поэтика драмы. – Алматы, 2010.

  13. Нұрғалиев Р. Айдын. – Алматы, 2005.

  14. Проблемы теории литературной критики.// Под ред. П.А.Николаева,

  15. Л.А Чернец. – М., 2000.

  16. Современное зарубежное литературоведение. – М., 1996.

  17. Темирболат А.Б. Категории хронотопа и темпорального ритма в литературе. – Алматы, 2009.

  18. Холшевников В.Е. Стиховедение и поэзия. – Л., 1991.

  19. Эко У. Отсутствующая структура. Введение в семиологию. – М., 2007.



7. Емтихан билеттерінің сұрақтары бойынша жауаптарды сараптау шәкілі:


Әріптік жүйе бойынша бағалау

Балдардың сандық эквиваленті

% мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз



Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет