6М010300 «Педагогика және психология» мамандығының



Дата24.04.2017
өлшемі230,96 Kb.
#15124

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-16.1.80 /02-2014

ПОӘК

Магистрантқа арналған «Психологияда және білім беруде мәдени-тарихи

және әрекеттік әдістер»

пән бағдарламасы



№4 басылым

«09».06.2016 ж.

№3 басылым

«11».06.2015 ж.

орнына






6М010300 - «Педагогика және психология» мамандығының

2 курс магистранттарына арналған

«Психологияда және білім беруде мәдени-тарихи және әрекеттік әдістер»
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2016

Алғы сөз
1 ҚҰРАСТЫРЫЛҒАН

Құрастырушы: ___________ 25.05.2016 ж. Джумажанова Г.К., псх.ғ.к., доцент, кафедра «Психология»


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 Кафедра мәжілісінде «Психология»

Хаттама №10 «06» 06. 2016 ж.

Кафедра меңгерушісі _______________ Джумажанова Г.К.


2.2 Факультеттің оқу-әдістемелік бюросының отырысында қарастырылды

Хаттама №6 «06» 06. 2016 ж.


Төрайымы _________________ Абишева Ш.Ш.

3 БЕКІТІЛГЕН

Университеттің оқу-әдістемелік кеңес мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылды

Хаттама № 6 «09» 06. 2016 ж.


Төрайымы ________________ Искакова Г.К.

4 «09» 06. 2016 ж. шыққан ПОӘК-нің №4 БАСЫЛЫМЫ «11».06.2015 жылғы №3 басылым орнына



Мазмұны:


  1. Жалпы ережелер

  2. Сабақ түрлері бойынша пәннің мазмұны және сағаттарын бөлу

  3. Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар

  4. Пәннің форматы

  5. Пәннің саясаты

  6. Баға қою саясаты

  7. Әдебиеттер


1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Джумажанова Гульжанар Какимжановна - псх.ғ.к., доцент

Кафедра «Психология»

Байланыс ақпарат – тел: 32-17-82, оқу ғимараты №3, кабинет №101

Сабақ өткізу орны – дәрісхана №102в

Пән бойынша кредит саны аталуы – 2

1.2 Пәннің мазмұнының қысқаша сипаты:

ХХ ғасырдың басында әлемдік және отандық психологиялық ғылымның әлеуметтік жағдайдағы дамуы субъективті-эмпирикалық психологияда қанағаттанарлықсыз дәрежесі жаңа зерттеу объектілерін іздестіру, ғылымның методологиялық негзіндегі өзгерістердің және әртүрлі мектептер мен бағыттардың пайда болуына әкеп соқтырды. Қазіргі кезде білім беру мен психологияда іс-әрекет түрлеріне әлеуметті бейімделу және жекелік-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, оның потенциалды мүмкіндіктерін максималды дамыту қазіргі кезеңдегі әлеуметті-экономикалық жағдайдың талабы. Пәнді оқытуда психикалық ерекшеліктердің ғылыми синтезі, психикалық категорияларының психологиялық мазмұнын ашу, адамның психикалық жағдайында қарастыру – негіз болып табылады. Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов, П.Я. Гальпериннің тұжырымдары білім беру мен психологияда өзіндік орнымен ерекшеленеді.

1.3. Пәнді оқытудың мақсаты:

Оқу пәнінің мақсаты – әрекеттік және мәдени-тарихи мазмұнды қамтитын методологиялық принциптерінің мағынасын түсіну, психикалық механизмдер мен түсініктерін дамыту, сонымен қатар психологиялық теорияларды білім беру мен психологияда қолдану мүмкіндігін арттыру

1.4 Пәнді оқытудың міндеттері:



  • Теориялық және практикалық ойлауды дамытып, қалыптастыру;

  • Пәнге қызығушылықтарын қалыптастыру;

  • Пән бойынша алынған білімдер жүйесін тәжірибеде қолдану;

  • іскерліктерін дамыту.

1.5 Білімді алу нәтижесі:

Пәнді оқу нәтижесінде білімалушы міндетті:

білу:


  • қазіргі білім беруді дамытудың әлеуметтік-тарихи факторларын;

  • классикалық емес ғылымилық көзқарастарға негізделе отырып, теориялық-әдістемелік мәселелерді шешеудегі мәдени-тарихи және әрекеттік тұжырымдардың ерекшеліктерін;

  • білім беру тәжірибесінде мәдени-тарихи және әрекеттік тұжырымдарды қолдану ееркшеліктерін;

  • Эльконин-Давыдов және Гальперин бойынша дамыта оқытудың оқыту технологиясы мен принциптерін.

игеру:

  • оқытудың шынайы жағдайын әлеуметтік және мәдени ортадағы ерекшеліктерін бағалай білу;

  • тәжірибедегі оқытуды дамытуды, мазмұнды талдау жасап, оны дәлелдей білуді;

  • дамыту оқыту теориясы мен мәдени-тарихи теориялар негізінде педагогтармен кеңес беру және ағартушылық жұмыстарын жоспарлай, жүргізе білуі.

ұғып алу:

  • мәдени-тарихи және әрекеттік тұжырымдар негізінде теориялық және тәжірибелік мүмкіндіктерді негіздеу;

  • мәдени-тарихи және әрекеттік тұжырымдар аймағында кәсіби квалификацияны жоғарылату мақсатында білім беру процесіндегі инновациялық жетістіктерді қолдану;

  • білім берудегі мәдени-тарихи және әрекеттік тұжырымдарды жүзеге асыруда педагогтармен бірлесе жұмыс жасауды жоспарлаудың тәсілдерін меңгеру.

1.6 Курс пререквизиттері:

1.6.1 Психология

1.6.2 Педагогика

1.6.3 Қазіргі психологияның тарихы, жағдайы және тенденциясы

1.7 Курстың постреквизиті:

1.7.1 Магистрлік диссертация дайындау әдісі


2 ПӘН МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАРДЫҢ РЕТТЕЛУІ
1 кесте




Тақырыптар

Сағаттар саны

Әдебиеттер

Дәріс

Лаб.

сағат


Прак.

сағат


БОӨЖ

БӨЖ




1

2

3

4

5

6

7

8

1

Психикалық әрекет және объективті шындық. Сана мәселелері

1

1




1

3

7.1.1, 7.1.2

7.2.1


2

Сана – психиканың жоғары формасы ретінде

1

1




1

3

7.1.3, 7.1.4

3

Тарихтағы, ғылымдағы және мәдениеттегі «даму» категориясы.

1

1




1

3

7.1.4, 7.2.1

4

Психикалық дамуды зерттеудегі негізгі парадигмалар.

1

1




1

3

7.1.5, 7.2.1

5

Психикалық құбылыстар-дың детермина-циясы. Психикалық дамудың әлеуметтік және генотиптік мәселелері

1

1




1

3

7.1.6, 7.2.2

6

Психикалық дамудың негізгі заңдары мен қозғаушы күштері

1

1




1

3

7.1.7, 7.1.8

7

Адамның психикасы-ның даму заңдылықтар-ының әлеуметтік табиғаты. Психология-дағы дамыту, тәрбие және оқыту сәйкестілік-терінің мәселелері

1

1




1

3

7.1.8, 7.1.9,

7.2.2


8

Әлеуметтік тәжірибені меңгерудегі зерттеу заңдылық-тарының альтернативті тұжырымдар

1

1




1

3

7.1.10, 7.1.11

7.2.2


9

Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи теориясы және оның психология-дағы орны.

1

1




1

3

7.1.11, 7.1.12

7.2.3


10

Жоғары психикалық функциялар түсінігі, құрылымы және дамуы.

1

1




1

3

7.1.13, 7.1.14

11

Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамуды зерттеудің адекватты әдістерінің мәселелері

1

1




1

3

7.1.1, 7.1.3

7.1.5, 7.2.3



12

Мәдени-тарихи тұжырымдар контексіндегі психикалық дамудың негізгі концепция-лары.

1

1




1

3

7.1.5, 7.1.7,

7.2.2


13

Психология-дағы «іс-әрекет» категориясы: жалпы және нақты-психологиялық қолдау

1

1




1

3

7.1.7, 7.1.9

7.2.2


14

Жалпыпсихологиялық іс-әрекет теориясындағы негізгі бағыттар мен мәселелер

1

1




1

3

7.1.8, 7.1.12

7.2.3


15

Жасерекшелік кезеңнің пайда болуының тарихи мәселелері.

1

1




1

3

7.1.10, 7.1.11

7.2.3





Барлығы:

15

15

-

15

45





3 ПӘНДІ ОҚУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Магистрант аталған курс бойынша мынадай теориялық және практикалық мәселелерді игеруі керек. Оқу жоспарының көшірмесінде бөлініп берілген әр сабақ түрлері сағатқа шағылған, пәннің қысқаша мазмұны, мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. ОӘК оқу пәнін меңгерудің барлық талаптарына сай келеді. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі бар. Оқытушылар мен магистранттарға арналған жұмыс бағдарламасы берілген. Магистрантқа арналған жүмыс бағдарламасында оқылуға тиісті тақырыптар мен жүмыс түрлерінің тізімі әдебиеттердің көрсетілуімен айқындалған. Әр дәріс сабағы бойынша қысқаша мәлімет берілген. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары және әр тақырыпта қарастырылатын мәселелер жоспар түрінде нақты көрсетілген. БӨЖ тапсырмаларын өткізудің мерзімі, тақырыптары және әдебиеттері жазылған. Магистранттардың білімін бағалау әдістемесі бар.



Дәрісті тыңдап, жазуға әдістемелік нұсқаулар.

Мақсаты: магистранттарды курс бойынша тиісті теориялық біліммен қаруландыру.

Міндеттері:

- әр тақырыпты меңгерту мақсатымен жүйелі білім беру;

- әр тақырып бойынша негізгі түсініктермен таныстыру және меңгерту;

- пәнге қызығушылығын тудыру және ары қарай өздігінен жұмыс істей білуге үйрету;

- курс бойынша тиісті білімді меңгеру үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.

Жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының бірі - дәріс болып табылады. Ол магистранттарға олар үшін күрделі және жаңа ақпараттарды беруге тиімді. Дәріс магистранттарда пәнге қызығушылық тудырады, алынған білімді практикалық міндеттерді шешуде қолдануға көмектеседі, тақырыптың және қарастырылып отырған материалдың теориялық жақтарын ашып көрсетеді.

Дәріс – магистранттарда өздігінен терең білім алуға ізденіс туғызады. Дәрісті тыңдау – бұл өзара бір-бірімен байланысқан танымдық үрдістердің (зейін, түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау) бірлігі.

Сіздің курс бойынша жан-жақты білім алуыңыз дәріс сабақтарын толық тыңдауыңызға байланысты екенін еш ұмытпаңыз. Сондықтан бағдарлама мазмұнында берілген дәріс сабақтарын алдын-ала қарастырып жүріңіз. Сіздің білімініңізің деңгейі тек өзіңіздің жауапкершілігіңіз және өздігіңізден жұмыс жасау қабілетіңізге тікелей байланысты болады.

Дәріс сабағын тыңдау және жазуға даярлық: сабаққа кешікпеңіз; дәріс дәптеріңіз және қаламыңызды ұмытпаңыз; дәріс барысында мәтінді қалмай жазып отыруға талпыныңыз, ол тәжірибелік сабақтарға, өздік жұмыстарға даярлануда негіз болады.

Білім алушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын орындауға әдістемелік нұсқаулар

Мақсаты: магистранттардың дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдері негізінде өздігінен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру.

Міндеттері:


  • дәріс және тәжірибелік сабақтарында алған білімдерін тереңдету;

  • теорияны практикамен байланыстыру;

  • библиографиямен жұмыс істеу іскерлігі мен дағдыларын жетілдіру;

  • алынған білімі негізінде мәселелік сұрақтарды өздігінен шешу;

  • психологиялық-педагогикалық бақылау жүргізудің практикалық дағдыларын жетілдіру;

  • зерттеушілік, ізденушілік іскерліктерін жетілдіру;

  • өздігінен жұмыс істеу іскерліктері мен дағдыларын дамыту;

  • ойын еркін жеткізе білуге және оны қорғай білуге үйрету.

Өздігіңізден орындайтын өздік жұмысыңыз Сіздің курс бойынша меңгеретін біліміңізге және рейтинг бойынша жинайтын ұпайыңызға айтарлықтай ықпал жасайтынын ұмытпаңыз, сол себепті әрбір өздік жұмыс тапсырмасын өзіңіз дербес орындаңыз, тапсырманы орындауға мұқият қараңыз, әрі жауапты болыңыз. Өздік жұмыс тапсырмаларын орындау барысында басқадан көшіргеніңіз немесе басқаға көшірткеніңіз үшін жұмысыңыз мүлдем есептелінбеуі немесе бағасы төмендетілуі мүмкін.

Өздік жұмысын орындау формалары әр түрлі: кесте, таблица құру, реферат, коллоквиум, сөзжұмбақ, пікірталас, конспект бойынша талдау, аннотация жазу және т.б. Оларды орындау үшін оқу әдістемелік кешеннің мазмұнында жалпы әдістемелік нұсқаулар берілген.



Білім алушылардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер:

  1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

  2. Біліммен нәтижелі шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында даялануға дағдылану.

  3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

  4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі оқытушылардан, кітапхана қызметкерлерінен ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

  5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

  6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

  7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Өздік жұмыс түрлері: ауызша; жазбаша; практикалық; теориялық; шығармашылық.

Өздік жұмысты орындау барысында ерік қалыптасады, жұмысқа қабілет, зейін, оқу еңбегі, тәртібі тәрбиеленеді.



Өздік жұмыс формалары: реферат орындау; конспектілеу; аннотация жазу; тезис орындау; ғылыми баяндамалар жазу және т.б.

Конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау.

Берілген тақырыпты конспектілеуге қойылатын негізгі талаптар:



  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазылуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Сілтеме – бұл белгілі бір автордың ой-пікірін өз жұмысымызда пайдалансақ, онда оған сілтеме келтіреді, яғни ол әдебиеттің тізімін пайдаланғаны бойынша ретімен жазу.

Тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау.

Цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шыққан жылы, беттері көрсетіледі.

Аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау.

Рецензиялау - оқу материалы, кітап (жұмыс) туралы өз ойын қысқа жазу.

Ғылыми баяндамалар – аудиторияда оқылатын немесе мақала ретінде жарияланатын ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік –эксперимент жұмысының мазмұнын баяндайтын ғылыми құжат.

Эссе дегеніміз - философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Эссе жазу барысында сақталынуы тиіс талаптар:

  • Жеке көзқарастың көрінісі;

  • Фактілі дәлелдер (аргументтер);  

  • Теоретикалық негіздеме;  

  • Цитаталарды келтіру;

  • Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

  • Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

  • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

  • Сауаттылыққа мән беру.

Әдебиеттермен жұмыс істеу әдістемесі

Кітаппен (негізгі әдебиетпен жұмыс жасағанда) жұмыс жасауда басты назар аударылады:

1. Кітаптың сыртқы мұқабасымен танысу (кітаптың аталуы, авторы, шыққан жылы, баспаның аты, кітаптың редакторы, алғы сөздің немесе кіріспе сөздің авторы); оның тұтастай көлеміне;

2. Мазмұны арқылы кітаптың жоспарымен (бөлім, тарауларымен) және қандай жүйеде жазылғанымен танысу;

3. Кітаптың алғы сөзімен, кіріспесімен мазмұнын, мақсатын түсіну үшін үстірт танысып шығу;

4. Негізгі мәтіннің құрылымымен (жеке тарауларға; мәтіннің жеке бөліктерге бөлінуіне (тақырыптарға, параграфтарға) танысу;

5. Безендірілу сипатына;

6. Қайталауға берілген сұрақтарға;

7. Қолданылған әдебиеттер тізіміне және т.б.

Келесі кезекте назарды қосымша әдебиеттерге аударған дұрыс.


4 ПӘННІҢ ТҮРІ (ФОРМАТЫ)

Семинарға дайындық кезінде магистрант мұғалімнің дәрісін назарға ұстай отырып, біршама ізденіс жұмыстарын жасау қажет. Ғылыми мақалалар мен монографиялар, сондай-ақ интернет желісінен алынған материалдардағы керекті деректер конспектіленіп алынады. Семинар магистранттардың ізденіс жұмысы болғандықтан, бір емес бірнеше дереккөздерді пайдалануға тиісті. Курс бойынша білуге тиісті терминдер мен шартты ұғымдарды оқытушы қамтып, түсіндіреді. БӨЖ тақырыптары берілген сұрақтарды қамти отырып, жазбаша және ауызша жұмыс түрінде орындалады. БӨЖ-ді конспект түрінде дәптерге жазып өткізу қажет. Сабақ барысында магистранттардың теориялық білімі, белсенділігі, ынтасы және шығармашылық шешім таба білу дағдысы бағаланады.


5 ПӘН САЯСАТЫ

Курсты оқу барысында алынған ұпай жинақталып, жалпы саны шығарылады. Жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырманы орындауы, сабаққа қатысуы, БӨЖ, БӨЖО тапсырмаларын, тиісті жаттығу жұмыстарын орындағаны жөніндегі ұпай жиынтығы, кезеңдік, қорытынды бақылау нәтижелері т.б. түгел ескеріледі. Курсты оқу барысында алынған барлық ұпайлар жинақталып, бір-біріне қосылады. Осы курстан алған жиынтық бағаны шығару үшін әрбір тапсырама мен рейтинг бақылауынан алынған баға және емтихан бағаларының қорытындысы бойынша орташа балл есептеледі. Барлық тапсырмаларды көрсетілген уақытында өткізу қажет. Барлық тапсырмаларды қабылдап алу емтиханға 7 күн қалғанда аяқталады. Барлық тапсырманы өткізбеген магистранттар емтиханға кіргізілмейді. Жұмысты кеш тапсырсаңыз: қосымша тапсырма беру арқылы жұмыс көлемін ұлғайтылады; Тапсырмалар оқытушы тағайындаған уақытта қабылданады. Емтиханға келмесеңіз: орынды себеп болса, бұрынғы орындалған жұмыстарыңыз есепке алынады; орынсыз себеп болса, тапсырманы орындауыңыз қажет және осы мәселеге қатысты университет саясаты есепке алынады. Әрбір тақырыпты қайталау және өтеу міндетті. Өтілген материалды меңгеру деңгейі тест арқылы тексеріледі. Тест алдын ала ескертілмей өткізіледі. Аудиториялық сабақтарды босатпау, кешікпеу міндетті. Себепсіз сабақтан қалсаңыз: қосымша шығармашылылық жұмыс беріледі (реферат, көркем мәтінге талдау т.б.); Сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақ босатылғанға теңгеріледі. Оқу үрдісіне белсенді түрде қатысу қажет.



6 БАҒА ҚОЮ САЯСАТЫ

Апта және бақылау түрлері бойынша баллдардың реттелуі кестеде келтірілген



«Психологияда және білім беруде мәдени-тарихи және әрекеттік әдістер» пән бойынша баллдардың реттелуі
2 кесте


Апта

Бақылау түрі

Жалпы балл

Ескерту

1

2

3

4




1-7 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30



3


Семинар

30




БӨЖ

20




4

Семинар

10




5


Семинар

30




БӨЖ

30



6


Семинар

30




БӨЖ

30




7

Семинар

0




Межелік бақылау 1

90




1-7 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




11

8-15 апта арасында дәрісханалық сабақтарға қатысу

30



9


Семинар

30




БӨЖ

20



11


Семинар

30




БӨЖ

30




13

Семинар

40




БӨЖ

30




15

Межелік бақылау 2

90




8-15 апта оқу нәтижесі бойынша жалпы балл

300




Емтихан үшін жалпы балл

400




Академиялық кезең бойынша жалпы балл

1000





7 ӘДЕБИЕТТЕР

7.1. Негізгі әдебиеттер:

7.1.1 Андреева, Г.М.. Социальная психология: учебник для высших учебных заведений/ Г.М. Андреева. - 5-е изд., испр. и доп.. - М.: Аспект Пресс, 2008.

7.1.2 Ананьев, Б.Г.. Избранные труды по психологии: сборник. Т. 2: Развитие и воспитание личности/ Б.Г. Ананьев. - СПб.: Изд-во С.-Петерб. ун-та, 2007.

7.1.3 Василькова, Т.А.. Социальная педагогика: учебное пособие/ Т.А.Василькова, Ю.В. Василькова. - М.: КноРус, 2010.

7.1.4 Журавлев, А.Л.. Социальная психология: учебное пособие/ А.Л.Журавлев, В. А. Соснин, М.А. Красников. - 2-е изд., перераб. и доп.. - М.: ФОРУМ, 2011.

7.1.5 Зимняя, И.А.. Педагогическая психология: учебник для вузов/ И.А.Зимняя. - 2-е изд., испр. и доп. и перераб.. - М.: Университетская книга: Логос, 2008.

7.1.6 Леонтьев А.Н. Избранные психологические произведения.-М., 2009.

7.1.7 Сухов, А.Н.. Социальная психология: учебное пособие/ А.Н. Сухов, А.А.Бодалев, В.Н. Казанцев. - 6-е изд., стереотип.. - М.: Академия, 2008.

7.1.8 История педагогики и образования. От зарождения воспитания в первобытном обществе до конца ХХ века: учебное пособие/ Ред. А.И. Пискунов. - 3-е изд., испр. и доп.. - М.: Сфера, 2009.

7.1.9 Гулевич, О.А.. Психология коммуникаций: учебное пособие/ О.А.Гулевич. - М.: МПСИ, 2008.

7.1.10 Гамезо, М.В.. Возрастная и педагогическая психология: учебное пособие/ М.В. Гамезо, Е.А. Петрова, Л.М. Орлова. - 2-е изд.. - М.: Педагогическое общество России, 2009

7.1.11 Горянина, В.А.. Психология общения: учебное пособие/ В.А.Горянина. - 5-е изд., стер.. - М.: Академия, 2008.

7.1.12 Воробьева С.В. Основы управления образовательными системами: учебное пособие/ С.В. Воробьева. - М.: Академия, 2008. - 208 с.

7.1.13 Новые педагогические и информационные технологии в системе образования: учебное пособие/ ред. Е.С. Полат. - 3-е изд., испр. и доп.. - М.: Academia, 2008.

7.1.14 Жарикбаев, К.Б Психологическая наука в Казахстане: (История и этапы развития в ХХ в.). - А., 2002.

7.2. Қосымша әдебиеттер:

7.2.1 Жарықпаев, Калиев Қазақ тәлім-тәрбиесі – А., Санат, 2005



7.2.2 Донских О.А., Кочеркин А.Н. Античная философия. Мифология в зеркале рефлексии – М., 2003

7.2.3 Якунин В.Я. История психологии – М., 2001
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет